Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕМОРАНДУМ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32.92 Кб
Скачать

2. «Калигрин» атты бірлескен мұнай компаниясының әрекеттері заңды болып табылады.

2007 жылы Калирия мен Гринленд үкіметтері өзара келісімі бойынша құрылған «Калигрин» мұнай компаниясы 2010 жылдың 25 маусымында құрылықтық қайраңының батыс бөлігін игере бастады. Халықаралық құқықта бұл компанияға қатысты келесі прецедентті келтіруге болады: 1978 жылғы Эгей теңізінің құрылықтық қайраңыны туралы істе Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты былай анықтады-«Халықаралық сот бірлескен коммюникені - халықаралық келісім болып табылатындығын мойындамайды және мұндай жағдайлар болған жоқ». Бұл прецеденттен «Калигрин» компанияның құрылуы үшін шарттың керектігі жоқ екенін айқын бақылауға болады.

В) Арния бас полиция басқармасы қызметкерлерінің Марениядағы Гринлендтың елшілігіне қатысты әрекеттері халықаралық құқықтың бұзылуы болып табылады.

1. Марения 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына 2010 жылдың 15 ақпанында қол қойып, оны әлі күнге дейін ратификацияламағаны Маренияны жауапкершіліктен босатпайды.

Біріншіден 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы дипломатиялық қатынастар саласында жалғыз және әмбебап шарт болып табылады. 2010 жылға дейін оны 186 мемлекет ратификациялады. Мұндағы нормаларды халықаралық дәстүрге жатқызуға болады.

Екіншіден бұл істі Солтүстік Теңізінің құрылықтық қайраңы жөніндегі 1969 жылғы Халықаралық соттың шешімі жарық көрген іспен салыстыруға болады. Осы істе Германия Құрылықтық Қайраң туралы 1958 жылғы конвенцияға қол қойып оны ратификацияламады. Алайда, бұл істе Құрылықтық Қайраң туралы 1958 жылғы конвенция қолданылған ал Маренияға қатысты істе біз 1961 Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын қарастырып отырмыз. Оларды салыстырып көрсек екі шарт та өз құқық саласында әмбебап болып келеді, екеуіне де қол қойып оларды ратификациялау қажет. Дәл осы жағдайларды есекере отырып Солтүстік Теңіз туралы прецедентін еске алуымыз қажет.

1969 жылғы іс бойынша Сот өз шешімінде: «Германия 1958 жылғыҚұрылықтық қайраң туралы конвенцияға қол қойып оны ратификацияламаса да, өз әрекеттерімен, яғни бұл құжатқа қол қойып, жария мәлімдемелермен конвенция бойынша келіскені айқын» деп айтты.

Марения және Гринланд ісіне оралсақ, Марения да 1961 Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына қол қойып она ратификацияламады және Гринланд сыртқы істер министрінің Р.Штеин 2010 жылдың 30 маусымында өз мәлімдемесінде: «Марения Республикасы 2010 жылдың 28 маусымында Арния бас полиция басқармасының қызметкерлерінің әрекеттері барлық дипломатиялық құқық нормаларына сай келеді деп санайды» конвенцияға келісіп тұрғаны анық.

Сонымен қатар Халықаралық соттың 1980 жылғы АҚШ-тың Тегерандағы дипломатиялық және конасулдық персоналына қатысты ісінің шешімінің 80-89 пункттерінде былай деген: егер АҚШ дипломатия персоналы Иран Ислам Республикасының территориясында оған қауіп төндіретін немесе қылмыстық әрекеттермен айналысқан болса, сонымен қатар оның барлығы Иранмен дәлелденген болса Иран персоналды нон грата деп жариялау не АҚШ-пен дипломатиялық қатынастарды үзу құқығы болған еді.

Тиісінше Марения да тінту жүргізбей, Гринланд персоналын нон грата деп жариялауға, немесе басқа да халықаралық құқық нормаларына сай әрекеттерді жасауға мүмкіндігі және құқығы болған.