Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕМОРАНДУМ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32.92 Кб
Скачать

МЕМОРАНДУМ

МАРЕНИЯ VS ГРИНЛАНД

ГРИНЛАНД ЖАҒЫ

Орындағандар: Кокжалов Рамазан МПК-201

Болат Жалғас МПК-203

Қабаева Дина МПК-201

Булатова Айдана МПК-203

МАЗМҰНЫ:

А) Марения мемлекет болып табылмайды, және соған орай осы дауды шешуде Соттың юрисдикциясы жоқ:

  1. Бір мемлекеттің территориялдық біртұтастығының бұзылуы салдарынан жаңа мемлекеттің құрылуына жол берілмейді.

  2. Халықаралық Сотқа шағымданар кезде Марения мемлекет болып табылмады.

  3. 2010 жылдың 22 шілдеде қабылданған Халықаралық Соттың Косово ісіне қатысты консультативті қортындысы прецедентінің осы іске қатысты жарамсыз.

  4. Гринлендтің Маренияны мемлекет деп тануын қайтару халықаралық құқыққа сай әрекет.

Б) Марения құрылықтық қайраңының батыс жағын, бірлескен «Калигрин» компаниясының игеру жұмыстарының басында айқын көрініс тапқан Гринленд әрекеттері, халықаралық құқықты бұзу болып табылмайды;

  1. Ұсынысқа берілген Марения құрылықтық қайраңының бастыс жағы Калирияға қайтарылған, және оның иелігінде.

  2. «Калигрин» атты бірлескен мұнай компаниясының әрекеттері заңды болып табылады.

В) Арния бас полиция басқармасы қызметкерлерінің Марениядағы Гринлендтың елшілігіне қатысты әрекеттері халықаралық құқықтың бұзылуы болып табылады.

  1. Марения 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына 2010 жылдың 15 ақпанында қол қойып, оны әлі күнге дейін ратификацияламағаны Маренияны жауапкершіліктен босатпайды.

  2. Марения полиция қызметкерлерінің әрекеттері халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді.

А) Марения мемлекет болып табылмайды, және соған орай осы дауды шешуде Соттың юрисдикциясы жоқ:

1.Бір мемлекеттің территориялдық біртұтастығының бұзылуы салдарынан жаңа мемлекеттің құрылуына жол берілмейді.

2010 жылдың 21 қаңтарында Калирия құрамында болған Марения мемлекеті өз тәуелсіздік Декларациясын жариялай отырып, халықаралық құқықтың территориалдық біртұтастық қағидасын бұзды. Себебі, аталмыш мемлекет егеменді Калирияның тарихи қалыптасқан территориясының Арния және оның маңындағы аймақтарды заңсыз түрде иеленіп алды. 1970 жыл 24 қазанында қабылданған БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасында бейбітшілік қатынастар және ынтымақтастық мәселелеріне қатысты Халықаралық құқық қағидалары туралы Декларациясына сай, «әр мемлекет кез келген басқа мемлекеттің немесе елдің ішінара немесе толық ұлттық бірлігін және территориялдық біртұтастығын бұзуға бағытталған кез келген әрекеттерден тыйылуы тиіс». Дәл осы халықаралық құқықтық актіде өз әрекеттерінде тең құқықтық және халықтардың өзін-өзі анықтау қағидасын ұстанушы егеменді және тәуелсіз мемлекеттердің саяси бірлігін және территориалдық біртұтастығының ішінара немесе толық бұзылуына әкеліп соқтыратын кез келген әрекеттер санкцияландыратын немесе ынталандырушы деп түсіндірілмеуі міндетті деп бекітілген. Демек, жоғарыда көрсетіліп кеткен территориалдық біртұтастық қағидасын, өз жерінде өмір сүріп жатқан халықтарға тең құқықтық пен өзін-өзі анықтауға еркіндік беретін мемлекеттердің территориялық біртұтастығы бұзылмауы тиіс деп қорытындылауға болады.

2010 жылдың 2-ақпанында Гринланд Сыртқы Істер Министрі Д. Оливер БАҚ алдында мәлімдеме жасай отырып, өз сөзінде: «егер барлық жерде мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидасы бұзыла берсе, бұл халықаралық құқықтың мызғымастығының да бұзылуын білдіреді»,- деп айтып кеткен. Яғни бұл орайда Гринланд Сыртқы Істер Министрі Д. Оливер Калирияның мемлекеттік тұтастығы бұзылғандығын мойындап тұрғанын сонымен қатар Маренияның халықаралық құқық қағидасын бұзғанын білдіреді.

2.Халықаралық Сотқа шағымданар кезде Марения мемлекет болып табылмады.

2010 жылдың 20 наурызында Калириямен ұйымдастырылған «Маренияның қайтарылуы» операциясы нәтижесінде Калирия әскери контингенті Арния қаласында орналасқан Маренияның Парламенті мен Үкімет үйін басып алып, оның мемелекет атану құқығын айырады.

Калирия мемлекеті өзінің бұрыннан келе жатқан, тарихи қалыптасқан, территориясын қайтару және өзін-өзі қорғауға ажырамас құқығын қорғау мақсатымен, өзін тек біржақты таныған Марениямен отарланған өз жеріне әскери контингетті кіргізе отырып Марения Парламенті мен Үкімет үйін басып алады. Сәйкесінше Калирияның бұл әрекеті Маренияның мемлекет болу құқығынан айырады. Мәселен, Марения 1933 жылғы мемлекеттердің құқытары мен міндеттері туралы Монтевидео конвенциясында бекітілген мемлекет атанудың төрт белгісінің екеуіне қайшы келіп тұр: билік және территория. Монтевидео конвенциясының билік белгісіне қайшы келу себебі, біріншіден Арния Маренияның бас қаласы болуы және Маренияның оның жартысынан көбіне биліктің таралмауы осы қалаға билігінен дәрменсіздігін білдіреді. Мұндағы қаланың батыс жағы Калирия билігіне өтті және қаланың қалған бөлігінде буферлік зона Біріккен Ұлттар Ұйымымен орнатылды. Екіншіден Марения Парламенті мен Үкіметі үйлерінің жаулап алынуы олардың қалыпты жұмыс жасауына нұсқан келтіріп тиісінше бұл екі негізгі билік тармақтарының дәрменсіздігіне әкеліп соқтырады. Үшіншіден Монтевидео Конвенциясындағы территориалдық белгісіне сәйкес Марения Арния қаласының 2/3 территориясынан айырылды.