Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебно-методический комплекс по итоговой госуда...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать
  1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде

Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері. Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі. Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есептін нышандары және ақпараттық база ретінде маңызы. Бухгалтерлік ақпарат жәнебасқарушылық шешім қабылдау. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметі және огның міндеттері. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі. Бухгалтерлік есептегі этика. Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар. Халықаралық бухгалтерлік есеп және оның Қазақстандағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына ықпалы. Ұйымдардың түрлері.

  1. Бухгалтерлік есептің концепциялары

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Бухгалтерлік есептің негізін құраушы қағидалар: екіжақтылық қағидасы, ақшалай өлшеу қағидасы, үздіксіздік қағидасы, өзіндік құн қағидасы, материалдық қағидасы, тарату қағидасы, салыстырмалық қағидасы, дәйектілік қағидасы, толассыздық қағидасы. Есеп қағидаларының жалпы сипаттамасы. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Актив, міндеттеме, капита, ұйымның кірістері мен шығыстары туралы түсінік.

  1. Екіжақтылық қағидасы және баланстық тендік

Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы. Негізгі бухгалтерлік тендік. Үздіксіздік қағидасы. Есептеу қағидасы. Бухгалтерлік баланстың құрымы мен құрылымы. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері. Бухгалтерлік баланстың негізі баптары. Активтердің құрымы және сипаттамасы. Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және оның эквиваленттері, қаржылық инвестициялар, қорлар, дебиторлық борыштар. Ұзақ мерзімд активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар және оның эквиваленттері. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы. Қапиталдың құрымы және сипаттамасы. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

  1. Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп шоттары

«Шаруашылық операциялары» туралы түсінік. Екі жақты жазудың мәні. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты. Бухгалтерлік есеп шоттарың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б) жүйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі бухгалтерлік жазулар. Топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық(синтетикалық) есеп. Айналым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік шоттарды жабу процесі. Сынақ баланс.

  1. Есепті кезең және қаржылық есептілікті дайындау

Есепті кезең. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі. Айналым ведомомтары. Алғашқы есеп құжаттары туралытүсінік. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарды қолданудың қажеттілігі және оның ролі мен атқаратын қызметі. Есеп құжаттарындағы міндетті реквизиттер. Алғашкы есеп құжаттарының жіктелінуі. Құжат айналымы. «Бухгалтерлік есеп регистрлері» туралы түсінік. Бухгалтерлік есеп регистрлерінің формалары және жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Есеп саясаты.