
11.4. Жұмыста орындау тәртібі
Өлшеулерді жүргізу тәртіптері:
11.4.1. Тоқ көзі мен вольтметрді қосыңыз. Мультиметрде 20В өлшеу шегін орнатыңыз.
11.4.2. Кіріс және шығыс саңылауларын 0.25 мм I жағдайғда орнатыңыз.
11.4.3. Сәулелену қабылдағышының жылу режимі тұрақтануы үшін 5 мин күте тұрыңыз.
11.4.4. Оптикалық жүйенің калибрвкасын жүргізіңіз. Бұл үшін кюветті бөлімнің тубусы бос кезінде, мультиметрдің көрсеткіштерінің толқын ұзындығынан тәуелділігін 370 тен 830 нм толқын λ диапазонында 5нм қадаммен өлшеу керек. Қажет болса мультиметрдің өлшеу шектерін ауыстырып қосыңыз.(20В, 2В , 200 мВ).
11.4.5. Кюветті бөлімнің тубусына кезектесіп берілген жарықфильтрлерін орнатыңыз және сол толқын ұзіндығының диапазонында әр жарықфильтрі үшін мультиметр көрсеткіщтерінің (U1) λ-дан сәйкес тәуелділігін алаңыз (толқын ұзындығын 4 пункте берілген қадаммен орнатқан жөн).
11.4.6. Тоқ көзі мен вольтметрді өшіріңіз.
Егер вольтметрмен өлшенген кернеу 0.1В-ден кем болса , ені үлкен саңылауларды орнатқан жөн немесе саңылуды сәулелену көзінен шешу керек.
Жарық ағындарының жоғары ағындары кезінде сәулелену қабылдағышының шамадан асып кетуі мүмкін. Бұл кезде қызыл жылпылдайтын қайта қосу индикаторы қосылып, дыбыс сигналы шығады. Бұл жағдайда сигналды өңдеу блогында қосқышты 0 жағдайына қою арқылы сәулелену көзінің қуаттылығын төмендету қажет.
Сәулелену қабылдағышы мен сигналды өңдеу блогы қатты ауыспалы электромагнитті өріске сезімтал болады, сондықтан РМСті радиобергіш құрылғыларға жақын орналастырудан аулақ болу қажет (сонымен қатар ұялы телефондардан)-бұл өлшеулердің қателіктеріне әкелуі мүмкін.
11.4.7. Сәулелену жарықфильтірінің өткізу коэфициентінің толқын ұзындығынан I(λ) тәуелділік графиктерін тұрғызыңыз:
T=U1/U0.
11.4.8. Cәйкес физикалық қорытындыларды жасаңдар, алынған спектральды сипаттама негізінде фильтр түсін сипаттандар.
Қосымша тапсырма ретінде жұтылу коэфициентінің және оптикалық тығыздықтың толқын ұзындығынан тәуелділігін есептеп, графикті тұрғызу берілген. Есептеуді оңайлату үшін, жарықфильтірінің кіріс және шығыс шектерінде шағылу жоғалуын ̴3% ке тең және толқын ұзындығынан тәуелсіз деп алу керек. Жарықфильтірінің қалыңдығын 2 м деп аламыз.
11.5. Әдебиет
11.5.1. Ландсберг Г.С.. Оптика: Учеб. пособ. для вузов.- 5-изд., перераб. и доп.. - М.: Наука, 1976,- 929 с.
11.5.2. Трофимова Т.И. Курс физики: Учеб. пособ. для вузов.- 6-изд., стереотип. - М.: Высш. шк., 1999. - 544 с.
11.5.3. Калитеевский Н.И. Волновая оптика: Учеб. пособ. для вузов.- 3-изд., перераб. и доп.. - М.: Высш. шк., 1995. -463 с.
11.5.4. Лебедева В.В. Экспериментальная оптика: Оптические материалы. Источники, приемники, фильтрация оптического излучения: Учеб. для вузов. - М., Изд-во Моск. ун-та, 1994. - 364 с.
11.5.5. Цветное оптическое стекло и особые стекла. Каталог. Под. ред Г.Т.Петровского. - М.: Дом оптики, 1990. - 227 с.
11.6. Қосымша
Қызыл жарықфильтірінің өткізу спектрі
11.2-Қосымша Сары жарықфильтірінің өткізу спектрі
11.3-Қосымша Жасыл жарық фильтірінің өткізу спектрі
11.4-Қосымша Түсті шынылардың өткізу спектрлері
11.5-Қосымша