
- •Палеолит
- •Пиктография
- •Мезолит (б.З.Б. 12 – 5 мың жыл)
- •Неолит (б.З.Б. 5 – 3 мың жыл)
- •Қыш құмыра
- •Энеолит (мыс-тас ғасыры)
- •Тас пен мыстан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылған кезең.
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Ерте темір дәуіріндегі қазақстан
- •Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
- •Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
- •Парсы деректері (Авеста, Бехистун)
- •Тиграхауда сақтары парсыларға салық төлеуде. Персопольдағы Ксеркс сарайынан көрініс
- •Абыздар.
- •Қауым мүшлері (малшылар мен егіншілер).
- •Темір дәуіріндегі қазақстан өңірі
- •Сарматтар (Батыс Қазақстан). Орталық Қазақстан
- •Солтүстік Қазақстан. Шығыс Қазақстан
- •Сарматтар (Батыс Қазақстан)
- •Орталық Қазақстан
- •Солтүстік Қазақстан
- •Шығыс Қазақстан
- •Берел қорымындағы № 11 оба
- •Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.
- •Темір дәуіріндегі мемлекеттер
- •Үйсіндер
- •Қаңлылар
- •Жетіасар
- •Аттила бейнеленген медальон
- •Орта ғасырлардағы қазақстан
- •Бірінші кезең – ерте ортағасырлық кезең: VI – IX ғ.
- •Екінші кезең – дамыған ортағасырлық кезең: X – XIV ғ.
- •Үшінші кезең – біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі: XV – XVII ғ. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер Түрік қағанаты
- •Батыс-Түрік қағанаты
- •Шығыс-Түрік қағанаты
- •Түргеш қағанаты
- •Қарлұқ қағанаты
- •Оғыз мемлекеті (iх ғасырдың аяғы – хi ғасырдың басы)
- •Қимақ қағанаты (іх ғасырдың соңы – хі ғасырдың басы)
- •Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер Қарахан мемлекеті
- •Қарақытайлар
- •Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар
- •Наймандар
- •Керейіттер
- •Жалайырлар
- •Қыпшақ хандығы (хі ғ. Бас кезі – хііі ғ. Басы)
- •Түріктердің рухани мәдениеті
- •Ұлы Жібек жолы
- •Түріктердің рухани мәдениеті
- •Ұлы Жібек жолы
- •IX ғасырдың екінші жартысы – хііі ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
- •Орта ғасырлардағы қазақстан
- •XIII–XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан Монғол шапқыншылығы
- •Алтын Орда (XIII ғ. Ортасы – XV ғ. Ортасы)
- •Ақ Орда (XIII – XV ғ. Басы)
- •Моғолстан (XIV ғасырдың ортасы–XVI ғасырдың басы )
- •Әмір Темірдің жорықтары
- •Ноғай Ордасы
- •XIII-XV ғасырлардағы Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір
- •Әбілқайыр хандығы
- •XIII–XV ғғ. Қазақстан аумағындағы хандықтардың мемлекеттік-әкімшілік құрылысы
- •Материалдық мәдениет
- •Рухани мәдениет
- •Діни наным–сенімдер
- •Қазақ хандығының басқару жүйесі
- •Қазақ халқының қалыптасуы
- •Қазақ халқының қалыптасуы
- •«Қазақ» атауының шығуы
- •«Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы
- •Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы
- •XVII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы
- •Қазақ хандығының әлсіреуі. Жәңгір хан
- •Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •Сібір хандығымен қарым-қатынасы
- •Жаңа замандағы қазақстан
- •XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы
- •Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
- •Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
- •XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан
- •XVIII ғасырдың ортасындағы Кіші жүздегі жағдай
- •XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер
- •Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі
- •Xіх ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
- •Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •Хіх ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық көтерілістер
- •1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •1836-1838 Жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
- •1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
- •Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: Билік ханның өз қолында болды.
- •1836-1838 Жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
- •Хіх ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері
- •1858 Жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •1858 Жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Қазақстан – Ресей империясының отары
- •Ұлы Жүздің Ресейге қосылуы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •1867–1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформалар
- •Хіх ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі
- •1868-1869 Жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер
- •Қазақстанның экономикалық дамуы
- •Қазақ-қытай сауда қатынастары
- •Хіх ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы
- •1886-1891 Жылғы «Ережелер»
- •Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару
- •XVIII–хіх ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
- •XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •Хіх ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан
- •Қазіргі замандағы қазақстан
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан
- •Қазақстан Қазан төңкерісі кезінде
- •1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар
- •Қазақстан Қазан төңкерісі кезінде
- •Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы
- •Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918 – 1920 жж.)
- •Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдары
- •Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
- •1920 Жылдардың алғашқы жартысындағы Қазақстан
- •ҚазАкср-нің құрылуы
- •Республикадағы қоғамдық-саяси өмір
- •Жаңа экономикалық саясат
- •Хх ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдарындағы Қазақстанның дамуы
- •Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
- •Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде
- •Қазақстанның экономикалық қуатының артуы
- •Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
- •Кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстанның мәдениеті
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым мен мәдениет
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстанның мәдениеті
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым мен мәдениет
- •1940 Жылдардың екінші жартысынан
- •1960 Жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан
- •Қоғамдық-саяси өмір
- •Республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы
- •Республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы
- •1940-1950 Жылдардағы Қазақстанның мәдениеті
- •Ғылымның дамуы
- •Көркем әдебиет
- •1950-1980 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті
- •Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
- •Қоғамдық-саяси дамудың қайшылықтары
- •Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы
- •Экологиялық дағдарыс және оның салдары
- •Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде
- •Демократияландыру үрдісінің одан әрі жалғасуы
- •Тәуелсіз Қазақстан
Ертедегі түріктердің отқа табынуының дәлелі: Жерлеу орындары.
Түріктердің отқа табыну салты түрік қағанына Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың арасынан өткізіп барып кіргізуінен көрінеді.
Түрік садақтары құрамалы болған.
Батыс-Түрік қағанаты
(603 – 704 ж.)
Батыс-Түрік қағанатының жер аумағы
Батыс-Түрік қағанатының құрылған уақыты: 603 жыл.
Батыс-Түрік қағанатының солтүстік-батыс шекарасы жетті: Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін.
оңтүстік-шығысында Іле, Шу өзендері дейін жетті.
солтүстік-шығыста Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығы.
оңтүстік-батыста Тарым, Әмудария өзендері.
Батыс-Түрік қағанатының орталығы Шу өзенінің бойындағы: Суяб.
Батыс-Түрік қағанатының жазғы ордасы: Мыңбұлақ (Жамбыл облысы).
Батыс-Түрік қағанатының негізгі этникалық-саяси ұйытқысы: Қаратаудың шығысынан Жоңғарияға дейінгі жерді мекендеген «он тайпа».
Батыс Түрік қағанатына енген тайпалар Дулулар, нушебилер.
Батыс-Түрік қағанатының өзге атауы: «Он тайпа» мемлекеті.
Қағанаттың саяси жағдайы
Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі: Тардуш (Дато) қаған.
Тардуш қаған шығыс түріктерді басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысты.
Батыс-Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі: Шегу (610-618 ж.) мен Тон (618-630 ж.) қағандарының билік құрған мезгілі.
Шегу қаған мемлекеттің шығыстағы шекарасын Алтайға дейін, батыста Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді.
Батыс-Түрік қағанатының билеушісі Тон қаған: Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды.
Тон қағанның Батыс-Түрік қағанатында салық жинауға бекітілген жергілікті адамдарға берген атағы: селиф.
Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,оларға «селиф» деген атақ берген қаған: Тон.
Батыс-Түрік қағанатындағы селифтер: салық жинаушылар.
Батыс Түрік қанатында селифтер есеп беріп отырды: Жасауылдарға.
Батыс-Түрік қағанатының Иранға қарсы одақтасы: Византия.
Батыс-Түрік қағанатының халықаралық жағдайдағы саяси беделін көтерген жағдай: 627 жылы Византияға әскери көмек беруі.
634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен билік басына келген: Ешбар Елтеріс (634 – 659 ж.).
Батыс Түрік қағаны Ешбар Елтерістің енгізген басқару жүйесі: «Он оқ бұдұн».
640-657 жылдары Батыс Түрік қағанатында билік үшін таласқан тайпалар: Дулу мен нушеби.
Батыс-Түрік қағанатының әлсірегендігін пайдаланып, 659 жылы Жетісуға басып кірген: Қытай мемлекеті.
VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында Үшліктің Тан империясына қарсы жүргізген соғыстарының нәтижелі болуы, түргеш тайпасының беделін көтерді.
Қағанаттың әлеуметтік жағдайы
Ерте түрік феодалдық мемлекеттердің атауы: қағанат (қағандық).
Қағанның билігі шексіз және мұрагерлік жолымен берілді. Түрік қағандары Ашина руынан шыққан.
Қағаннан кейінгі билік қаған сайлаған ұлыққа берілді.
Батыс-Түрік қағанатында яғбу, шад, елтебер атағы берілді: қаған руынан шыққандарға.
Батыс-Түрік қағанатында сот қызметін атқарушылар: бұрықтар мен тархандар.
Батыс-Түрік қағанының жергілікті жерлердегі негізгі тірегі: бектер.
Батыс-Түрік қағанатындағы «қара бұдундар»: Қарапайым халық.
Батыс-Түрік қағанатында алым-салық төлейтін, ауырпалықты көп көтерген: «қара бұдундар».
Батыс-Түрік қағанатындағы «тат» сөзінің мағынасы: Құл.
Салықтың «қанмен өтелетін» түрі дегеніміз: Тәуелді тайпалардың адамдары майдан шебінің алдыңғы қатарында жүрген.
Шаруашылығы
Батыс Түрік қағанаты шаруашылығының негізін құраған: Маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы.
Түріктер жаппай отырықшылана бастаған кезең: VII ғасырдың бас кезі.
Ерте орта ғасыр кезінде Қазақстанда қала мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарған: Соғдылықтар.
Батыс-Түрік қағанаты жерінде жібек саудасының дамығандығы туралы жазған қытай монахы: Сюань Цзянь (629–630 ж.).
Ол: «Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, оның жанында жүрген нөкерлері де қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс», - деп таңданады.
Шығыс-Түрік қағанаты
(682–744 ж.)
682 жылы Қытаймен жүргізген соғыстың нәтижесінде өз мемлекетін қалпына келтірген: Шығыс түріктері.
682 жылы шығыс түріктері өз мемлекетін қалпына келтірді: Монғолияда.
682–744 жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатқан мемлекет: Шығыс Түрік қағанаты.
Шығыс-Түрік қағанатының алғашқы қағаны: Елтеріс атанған Құтлық.
Шығыс-Түрік қағанатының (түркі халқының) жауынгерлік даңқын асқақтатқан даңқты қолбасшы: Төныкөк.
Шығыс-Түрік қағанатының күшейген кезі: Білге қаған мен Күлтегін билік жүргізген мезгіл.
742 жылы қарлұқтар басмыл және ұйғырлармен бірігіп Шығыс-Түрік қағанатын жеңеді. Нәтижесінде Моңғолияда құрылған жаңа мемлекет: Ұйғыр қағанаты (745-840 жж.).
Түргеш қағанаты
(704-756 жж.)
Жер аумағы мен халқы
Түргештер туралы алғашқы деректер кездеседі: қытай жазба деректерінде және «Күлтегін» ескерткішінде.
VI ғасырда түргеш тайпаларының мекендеген аймағы: Шу, Іле өзендері аралығы.
Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген, адам саны жағынан көп болған тайпа: Түргештер.
Әл Идрисидің айтуынша «түргеш» сөзінің мағынасы: «Нағыз түрік».
Қағанаттың жер аумағы – Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралық.
Түргеш қағанатының астанасы (орталығы): Суяб.
Қағандық халқының негізгі құрамы түргештерден тұратын. Басқа түркі тілдес тайпалардың көпшілігі осы түргештерге бағынған. Түргештердің өзі екі топқа бөлінді:
Сары түргештер – ордасы Суяб қаласы.
Қара түргештер – ордасы Тараз қаласы.
Қағанаттың ішкі және сыртқы саяси жағдайы
Түргеш қағанатының негізін қалаушы және алғашқы қағаны: Үшлік (704-706 жж.).
Үшлік қаған өзінің негізгі тайпаларын бөлді: Екі ордаға.
Түргеш қағанатының Үлкен ордасы: Суяб.
Түргеш қағанатының Кіші ордасы: Іле бойындағы Күнгіт қаласы.
Күнгіт қаласын және оның аймағын мекендеген тайпа: күнгіт.
Түргеш қағанаты бөлінген әкімшілік аймақ саны: 20.
Соғыс жағдайында әр аймақ 7 мыңнан әскер жинады.
706 жылы Үшлік қаған қаза болғаннан кейін билік басына келген: Сақал қаған (706-711 жж.).
708 жылы басталған сары және қара түргештер арасындағы билік үшін талас-тартысты пайдаланып, Түргеш қағанатына шабуыл жасаған Шығыс Түрік қағаны: Қапаған.
Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды: VIII ғасырдың басында.
709 жылы Бұхараны соғыссыз алған, 714 жылы Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасаған араб қолбасшысы: Кутейба ибн Муслим.
715 жылы билік үшін тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, билікке келген: Сұлу қаған.
Сұлу қағанның билік құрған жылдары: 715-738 жылдар.
Сұлу қаған кезінде Түргеш қағанатының орталығы болған қала: Талас (Тараз).
Сұлу қаған Түргеш мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрес жүргізді: үш жақта:
Батыста – араб шапқыншылығы.
Шығыста – Қытай мемлекеті.
Солтүстік-шығыста – Шығыс Түрік қағанаты.
717 жылы Сұлу қағанның барып қайтқан елі: Тан империясы.
Сұлу қағанға шығыстағы саяси жағдайын түбегейлі жақсатуға мүмкіндік берді: Шығыс Түрік қағанымен, Тибет патшасымен құдаласуы.
Сұлу қаған шығыстағы саяси жағдайын дұрыс жолға қоюға тырысқан: Құдандалық арқылы.
Сұлу қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың (Самарқан, Бұқара, Шаш, Ферғана тұрғындары) күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты.
720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен Сұлудың әскербасы: Күли шор.
737 жылы Тоқарыстанда Сұлу қағанмен бірігіп арабтарға ойсырата соққы берді: қарлұқтар.
738 жылы Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болды.
Арабтардың Сұлу қағанға берген атағы (атауы): «Сүзеген», «мүйізді қаған» («Әбу Музахим»).
Сұлудан кейін қаған болған оның баласы: Тұқарсан Құтшар.
Оның қағандық құрған мезгілі бір-екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасында талас-тартыс ушығып кетті. Ішкі талас-тартыстан қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсірейді.
Қытай әскерлері Суябты жаулап алды: 748 жылы.
751 жылы Атлах қаласының жанында арасында үлкен шайқас болды: Арабтар мен қытайлар арасында.
Атлах шайқасының үлкен тарихи маңызы болды, себебі Қытай әскерлері Жетісу жерін тастап кетуге мәжбүр болды.
749-753 жылдары қағандықты өз қолына алған қара түргештердің тарханы Жыпыр.
Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймайды.
Түргеш қағанатының әлсіреу себебі: Қара және сары түргештердің билік үшін таласы.
756 жылы Түргеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа: Қарлұқ.
Шаруашылығы
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашлығы, жартылай отырықшы егіншілік. Ел сауда, қолөнер де айналысты.
Аң аулау – бай-шонжарлар үшін көңіл көтеріп, сауық құру, кедейлер үшін күн көру мен жан бағу көзі болды.
Шұрайлы жер қағанның жеке меншігінде болған. Көкорай-шалғын жерлерді ақсүйектер иеленді.
704-766 жылдар арасында соғылған, «Түргеш қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған қала: Тараз.
Сауда дамуының басты себептері:
Қағанат жерінің Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы.
Суяб, Баласағұн, Тараз, Испиджаб сияқты қалалар әсер етті.
Жетісудағы соғдылар
Соғдылар – Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық.
Ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған.
VII ғасырдың басында Жетісуда болып, соғдылар туралы жазған қытай саяхатшысы: Сюань Цзянь.
Өзінің күнделігінде: «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар. Шу өзенінен Кушанияға дейінгі бүкіл ел Сули (Соғды) болып аталып келген. Тұрғындарының жартысы егіншілікпен, жартысы саудамен шұғылданған» деп жазады.
Қытай саяхатшысы Сюань Цзяннің деректері бойынша соғдылардың негізгі кәсібі: сауда мен егіншілік.
VI-VII ғасырларда соғдылықтарды жаулап алған: Түрік қағандығы.
Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы үш пікір бар:
Сауда арқылы келіп қоныстанған.
Соғды диқандары мен саудагерлеріне Бұқараның әмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым көрсетуі.
Араб шапқыншылығы.
Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші: В.В.Бартольд.
Соғдылықтар Жетісуға ағыла бастаған кезең: VI-VIII ғғ.
Соғдылардың Жетісуға қоныстануы дамытты: Егіншілік пен қала мәдениетін.
«Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазған ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым: М. Қашғари.
Соғдылар мен түріктердің әдет-ғұрпы, тілі, киім кию салты бір-біріне өте ұқсас екендігін жазған: Махмуд Қашғари.
Қарлұқ қағанаты
(756-940 жж.)
Қарлұқ қағанатының құрылуы, құрамы және жер аумағы
V ғасырдағы жазба деректерде қарлұқтар тирек (теле) тайпаларының құрамында кездеседі.
Қытай деректеріндегі Алтай тауының баурайын мекендеген қарлұқтардың руы: «бұлақ».
VIІ ғасырдың басындағы қытайдың «Таньшу» хроникасында көрсетілген қарлұқтардың құрамындағы тайпалар: бұлақ, жікіл, ташлық.
Араб тарихшысы әл-Марвазидің хабарлауынша қарлұқтардың құрамына кірген тайпалардың саны: 9 (тоғыз)
Үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси (лазана мен фаракия рулары да аталған).
Араб-парсы деректері бойынша қарлұқтар: Ежелгі түріктер.
Қарлұқтардың негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық.
Әл-Марвази өзінің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис (Алтай) тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды» деп жазады.
742 жылы қарлұқтар басмыл және ұйғырлармен бірігіп Шығыс Түрік қағанатын жеңеді. Нәтижесінде Моңғолияда Ұйғыр қағанаты (745-840 жж.) құрылды.
746 жылы (VIII ғасырдың ортасы) қарлұқтардың Жетісуға қоныс аудару себебі: Ұйғыр қағанатынан жеңілуі.
Қарлұқтар Түргеш қағанатының әлсірегенін пайдаланып, өздерінің мемлекетін құрды: 756 жылы.
Қарлұқ қағанатының орталығы – Суяб.
«Қарлұқ жерін шығыстан батысқа қарай жүріп өту үшін 30 (отыз) күн керек» деп көрсеткен: Ибн Хаукаль (Х ғ.).
Қарлұқ қағанатының жоғарғы билеушісі – жабғу, бірақ 840 жылдан бастап қаған.
Қағанаттың саяси жағдайы
Қарлұқтар Қытайдан төнген қауіпті жою үшін, жаулап алды: Қашқарияны 766–775 жылдары.
ІХ ғасырдың басында қарлұқтар жеңіліс тауып, осы елге тәуелді болды: Ұйғыр қағанаты.
840 жылы қарлұқтар Ұйғыр қағанатын талқандады қырғыздармен бірге.
Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы жиырма жылға жуық уақытқа созылған күресі: жеңіспен аяқталды.
Ұйғыр қағанатын жеңгеннен кейін өзін «қаған» жария еткен Испиджаб қаласының билеушісі: Білге Күл Қадыр-хан.
ІХ ғасырдың ортасында қарлұқтарға қарсы «ғазауат соғыс» жариялаған: Самани әулеті (820-1005 жж.).
«Ғазауат соғыс» жариялаған, саманилердің басып алған Қарлұқ қағанатының қалалары: Испиджаб, Тараз.
Саманилер Таразда мешіт салдырды, ал қала билеушісі Оғұлшақ қаған уақытша Қашқар қаласына кетуге мәжбүр болды.
Саманилерге қарсы күресті жүргізген Білге Құл-Қадырханның ұлдары: Базар Арслан мен Оғұлшақ.
Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі созылды: екі ғасырға жуық мерзімге.
Бұл мезгілді екі үлкен кезеңге бөлуге болады:
712-713 – 756 жж. Соғды, Шаш, ферғаналықтармен бірігіп жүргізген күрес кезеңі.
VIII ғ. екінші жартысы – IX ғ. аяғы қарлұқтардың арабтардан жиі жеңіліс тапқан кезеңі. Оның себебі, арабтар ислам дінін идеялық қару ретінде қолданады.
Қарлұқтардың қиын жағдайын пайдаланып, Баласағұн қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын талқандаған: 940 жылы Қашғардың түрік билеушілері.
Қарлұқ қағанаты Жетісуда үстемдік етті: екі жүз жыл.
Шаруашылығы
Қағанаттың шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта болды:
Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы.
Отырықшы мал шаруашылығы.
Қосалқы шаруашылық – аң аулау. Кедейлер өзен-көлдерден балық аулаған.
Қарлұқтардың (түріктердің) балық аулаумен айналысқандықтарын дәлелдейтін балық аулауға қажетті құрал-саймандардың атаулары кездеседі: «Диуани лұғат ат-түрік» және «Араб-қыпшақ» сөздіктерінде.
«Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар. Олардың ішінде: Құлан, Мирки, Атлах, Балық, Барсхан, Талғар сияқты атақтылары бар» деп хабарлаған қолжазба: «Худуд әл-алам».
Қарлұқтар тұсында Шу және Талас өзендері маңында пайда болған қалалар: Құлан, Мерке, Қойлық.
«Қаған қаласының халқы көп, бекінісі мықты, әскері және қару-жарағы мол» деп жазған: Әл-Идриси.
Мәдениеті
Қарлұқтар ата-баба әруағына табынып, оларға құрмет көрсеткен.
Аталар зиратының басына қойылған тастан жасалған мүсіндер: балбал.
Зират басына құлпытас орнату, оған жазу жазып қою әдеті дами бастады: VII-VIII ғғ.
Көне түрік жазуының алғашқы даму кезеңі: Б.з.б. V ғасыр.
Дәлел: Жетісуда табылған, мәйіттің жанына қойылған күміс зереннің түбіндегі жазу.
Оғыз мемлекеті (iх ғасырдың аяғы – хi ғасырдың басы)
Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы
Ғалымдардың «уыз» сөзінен шықты деген тұжырымы мына тайпаға қатысты: Оғыз.
Оғыздардың Жетісу және Ыстықкөл мен Шу аралығын мекендегені туралы жазған: М. Қашғари.
VII ғасырда Түрік қағанатының құрамында болған оғыз тайпаларының мекендеген өңірі: Батыс Жетісу.
VIII ғасырдың ортасында оғыздардың Жетісудан Сырдария бойына ығысуына ықпал еткен себеп: Қарлұқ қанатының құрылуы.
Бұл аймақта жергілікті кангар – печенегтердің қарсылығына тап болды.
Оғыздармен болған ұзақ жылдарға созылған күрес нәтижесінде жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған: кангар-печенегтер.
ІХ ғасырдың басында оғыздар қимақтармен бірлесіп кангар–печенегтерді талқандап Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын жаулап алды.
Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды ІХ ғ. аяғы – Х ғ. басында.
Оғыз мемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби (ІХ ғ.) жазбасында берілген.
Оғыз мемлекетінің орталығы: Янгикент (Жаңа Гузия, Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан).
Батыста Хазарияға дейінгі жерді, солтүстік Каспий маңын, орталық, оңтүстік-шығыс Қарақұм және Қызылқұм аймағын алып жатқан «Мафазат-әл-Гуз» (оғыз даласы).
Оғыздардың тайпалық құрамы
Тілі жағынан түркілене бастаған, арғы тегі финн-угорлар, үнді-еуропалық тайпалар құрамына енген мемлекет: Оғыз.
Қытай деректері бойынша оғыздардың құрамына кірген тайпалар: байандұр, имур, қайлар.
М.Қашғаридің мәліметі бойынша оғыздардағы тайпалар саны: 24.
Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде жазады (12 тайпаға түскен кезі-ол тайпалардың бір-біріне қосылып, халықтық дәрежеге көтеріле батаған мезгілі).
Оғыздардағы тайпалық және рулық бөлімшелер атауы: «бой», «оба», «көк».
Бұған қоса оғыздар ұрықтар мен аймақтарға бөлінген. Ұрық атауымен рулық атақты тұқымдар, әулеттер аталған.
Оғыздардағы тайпалық одақтар атауы: Ел.
«Оғызнама» дерегі бойынша Оғыз мемлекеті бөлінді: 12 аймаққа.
Қоғамдық құрылысы
Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы: Әскери демократия.
Оғыз мемлекетінің жоғарғы билеушісі: Жабғу (ябғу).
Жоғарғы билік мұрагерлік арқылы қалып отырды.
Оғыз мемлекетіндегі тақ мұрагерлері: Инал
Жабғудың «инал» атты мұрагерін тәрбиелеуші: Атабек.
Жағбу кеңесшілері: Күл-еркіндер.
Оғыз қоғамында маңызды рөл атқарған әскербасының лауазымы: Сюбашы
Сарай маңындағы өмірде маңызды рөл атқарған, жабғу әйелдерінің атағы: «хатун» (қатын).
Оғыздарда халық жиналысы шақырылды: Жылына 1(бір) рет.
Оғыздарда күл-еркін тарапынан шақырылған шонжарлар кеңесі: Қанқаш.
«Оғызнама» дастаны бойынша оғыз дәулетінің біртіндеп дамуына байланысты, ел басқарудың ең жоғарғы орны болған: Ұлы және кіші құрылтай.
Ұлы құрылтайда жабғу өз ұлдарын боз оқ (бұзұқтар) оң жағына, ақсүйектерді үш оқ (ұшұқтар) деп сол жағына отырғызған.
Оғыздарда жабғуды сайлағанда артықшылыққа ие болғандар: Боз оқтар.
Саяси жағдайы
ІХ ғасырдың аяғында оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірлесе отырып өздеріне бағындырды: Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді.
Печенегтердің оғыздардан ойсырай жеңілгендерін баяндайтын әдеби шығарма: «Оғызнама».
Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатындағы басты мақсаттарының бірі: Қара теңіз, Дон өзенінің бойына жету.
Орыс қалаларымен сауда жасауды да ойластырды. Бұған орыс мемлекеті де мүдделі еді.
Оғыздардың Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жайылымды жаулап алуларына бөгет болған мемлекет: Хазар қағанаты.
965 жылы оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: Киев Русімен.
«Оғызнама» дастаны: «Ұрысбек оғлы Сақлаппен келісім жасалған» дейді. Мұндағы «Ұрысбек оғлы Сақлап» деп отырғаны – орыстың кінәзі Святослав.
Оғыздар Киев кінәзі Владимирмен одақтасып, бұлғарларға жорық жасады: 985 жылы.
Орыс жылнамаларындағы оғыздардың атауы: Торктар.
Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. басында Әли ханның кезінде мемлекет жағдайының күрт нашарлауының және халық көтерілістерінің жиілеуінің басты себебі: Шектен тыс алынатын алым-салық.
Оғыз мемлекетіндегі саяси тұрақсыздықты пайдаланып, Жент қаласын басып алған: Салжұқтар.
Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан билеуші: Шахмәлік.
Оғыздардың соңғы жабғуы Шахмәлік Хорезмді жаулап алды: 1041 жылы.
Алайда 1043 жылы ол көтеріліске шыққан салжұқтардың қолынан қаза тапты.
ХІ ғасырдың 40-шы жылдары Хорезмді жаулап алған мемлекет: Оғыз мемлекеті.
ХІ ғасырда оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырған: Қыпшақтар.
Оғыз мемлекеті біржола құлады: ХІ ғасырдың басында.
Шаруашылығы
Оғыздар жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысты.
Оғыздардың күз айларында Хорезм шекарасына дейін, ал кейбір бөліктерінің Ұлытау баурайына дейін көшіп жүргенің айтқан ғұлама: Әл-Бируни.
Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін (қаракөл) қойларды өсіретінін жазған: Ибн Хаукәл.
Көршілес жатқан Орта Азия, Қытай сияқты елдермен айырбас сауданың шикізат көзі ретінде пайдаланылған: Мал өнімдері.
Оғыздар айналысқан егіншілік түрі: Суармалы егіншілік.
Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалар: Жанкент, Жент, Жуара. Махмуд Қашғари Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы жазған.
«Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп оғыздар мен қимақтар туралы жазған әл-Идриси.
«Түріктер қолөнердің барлық түрін істейді, ... қару, жебе, ер-тұрман, қорамсақ, найза жасайды» деп жазған араб жазушысы: әл-Жахиз.
Қимақ қағанаты (іх ғасырдың соңы – хі ғасырдың басы)
Қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы
Ерте қытай деректеріндегі қимақтардың атауы: Яньмо.
VII ғасырдың басында қимақтар мекендеген аймақ: Монғолияның солтүстік-батысы.
Сыма Цяннің жазуы бойынша, Монғол жерінің солтүстігінде өмір кешкен қимақтардың ішінде қыпшақтар да болған.
VII ғасырдың ортасына қарай қимақтар Монғолияның солтүстік-батысынан көшті Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне.
Осы мемлекеттің ыдыраған кезінде қимақтар өз алдына тайпа ретінде көріне бастады: Батыс Түрік қағанаты.
766-840 жылдары қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанады.
840 жылы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар: эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажларлар, имек, қыпшақ тайпалары қимақ бірлестігіне енеді. Осы жеті тайпа негізінде Қимақ қағанаты қалыптасады.
«Қимақ елінің құрамында 7 (жеті) тайпа болған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар»-деп жазған парсы тарихшысы: Гардизи.
Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа: Қыпшақтар.
Қимақ қағанаты құрылды ІХ ғасырдың соңында.
Қимақ қағанатының аумағы: Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтары.
Қимақ қағанатының орталығы: Имақия қаласы.
Қимақ қағанатының оратлығы орналасты: Ертіс бойында.
Қимақ қағанатының екінші астанасы: Карантия.
Қимақтардың екінші астанасы Карантия қаласы орналасқан көлдің жағасы: Алакөл.
Қағанаттың қоғамдық құрылысы
Қимақ қағанатының жоғарғы билеушісі: Қаған.
Өкіметтің барлық билігі қағанның қолында болған. Ол кіші қағанды, ябғу, шад-түтіктерді өзі тағайынды.
Бұл атақтан екі саты төменгі атақ: ябғу.
«Имек байғу» немесе «қимақ ябғу»: бірнеше тайпа көсемдерінің атағы.
Қимақтарда жеке тайпа көсемінің атағы: «Шад-түтік».
Қимақтарда қағанның жанындағы он бір іс басқарушының үлестік биліктері, жерлері: мұрагерлік жолымен берілді.
Қимақ қағанатының саяси өмірінде беделі күшті болған топ: әскери қызметкерлер.
Оларға көрсеткен қызметтері үшін үлестік жерлер берілді.
Махмұд Қашғаридің малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндіктері жоқтарға берген атауы: «жатақтар».
Қағанаттың саяси жағдайы
Қимақтар «тоғыз-ғұздар» жерінің бір бөлігін қол астына қаратты: ІХ ғасырда.
Х ғасырдың басында қимақтар басып алған тоғыз-ғұздардың Шығыс Түркістандағы шекаралық қаласы: Жамлекес.
Х ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет: Қарахан мемлекеті.
ХІ ғасырда қарахандықтардың жорықтары жиілей түсті. Осындай жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастайды.
Қимақ қағанатының құлауының себебі:
Атақты қыпшақ тайпа көсемдерінің билік үшін таласуы.
Сыртқы қайшылық. Шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастаған түрік тілдес тайпаларының әсері.
Қимақ қағанаты ыдырады: ХІ ғасырдың басында.
Шаруашылығы. Мәдениеті
Қимақтарда басым болған шаруашылық: мал шаруашылығы.
Гардизи: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты, ...қысқа арнап олар (қимақтар) өздерінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады» деп жазады.
Темір қорытудың нағыз мамандары, садақтың жебесін жасаудың хас шеберлері болған: Қимақтар.
Ат әбзелдерін жасауда оларға ешкім жетпеген.
Қимақтардың басқа елдермен саудасында ең басты рөл атқарған: Бағалы аң терілері.
Қимақ тайпасы басқа түркі тілдес тайпалар сияқты сыйынған: ата-баба аруағына, Тәңірге.
Х ғасырда қимақ шонжарлары қабылдай бастаған дін: Ислам.
Қимақтардың қолданған жазуы: Ежелгі түрік жазуы.
Жазба деректердегі мағлұматтарда (Әбу Дулаф) қимақтар қамыс қаламмен жазған.
ІХ-Х ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғандығын дәлелдейтін айғақ: қола айналардағы жазулар.
ІХ–ХІ ғасырлардағы қимақтар мемлекеті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар, қалыптасқан, алғашқы патриархалдық–феодалдық мемлекет болған.
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер Қарахан мемлекеті
(942 – 1212 жж.)
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Х ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде құрылған мемлекет: Қарахан мемлекеті.
Қарахан мемлекетінің негізін салушы: Сатұқ Боғра хан.
Сатұқ Боғра хан өмір сүрді: 915-955 жж.
Сатұқ Боғра ханға өзінің туысы Оғұлшақты жеңу кезінде қолдау берген ел: Саманилер.
Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа: қарлұқ.
Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына кірген түркі тілдес тайпалар: жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін және т.б.
Қарахан мемлекетінің негізгі билеушілері шығып отырған тайпа: яғма тайпасы.
Яғма тайпасының тотемі: Бура.
Яғма тайпасынан шыққан хандардың атауы: Боғра-хан.
Жікіл тайпасының тотемі: Арыстан.
Жікіл тайпасынан шыққан хандардың атауы: Арслан хан.
Қарахан мемлекетінің орталығы: Баласағұн.
Қоғамдық құрылысы
Қарахан мемлекетінің жоғарғы билеушісі: Қаған (хан).
Жоғарғы билеуші билігінің берілу жүйесі: мұрагерлік.
Билік иелері қатарына жататын ханның ұрпақтары: Тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер.
Ханның кеңесшісі қызметін атқарған: Уәзірлер.
Ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін орны: Орда.
Билеуші тарапынан феодалдарға шартты түрде берілетін жер үлесінің атауы: иқта.
Иқтаны иеленушілердің лауазымы: «иқтадар», арабша «мұқта».
Иқтадарлардың міндеті: Қарапайым халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет ету.
Иқта заңды түрде, түпкілікті бекітіліп берілмеген.
Дінбасылардың, діни мекемелердің жер иелігі: Вақфтық жерлер.
Вақфтық жерлерден салық алынбады.
Қарахан мемлекетіндегі жерді үлеске алған шаруалардың атауы: Барзигар, музари.
Қарахан мемлекетінде әлсіз адамның өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына беруі: Коммендация.
Жеке басын қорғағаны үшін феодалдың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқаруы. Кейбір шаруалар жауынгерлік қызмет үшін адам берсе, енді біреулері өздерін қорғаушылардың жұмысын тегін істеп берген.
Саяси жағдайы
955 жылы Сатұқ Боғра хан қайтыс болғаннан кейін билік басына келген: Мұса.
Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады.
Мемлекеттің орталығын Қашғар қаласына ауыстырды. Себебі Сатұқ Боғра ханның екінші баласы Сүлейман ілік өзін қаған жария етіп, Баласағұн қаласында билік жүргізді.
Алғаш рет ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жария еткен мемлекет: Қарахан мемлекеті.
Мұса қаза болғаннан кейін орнына хан болған: Әли Арслан (960 – 990 жж.).
Әли Арслан ханның тұсындағы мемлекеттің орталығы: Қашғар.
Осы кезден бастап Сатұқ Боғра ханның екі баласы – Хасан Боғра-хан мен Әли Арсланның ұрпақтары арасында билік алма-кезек ауысып тұрды.
Қарахан мемлекетінің қақтығысқа түскен елдердің алғашқысы: Самани.
Х ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекетінің билеушісі Хасан Боғра хан басып алған Самани әулетінің астанасы: Бұхара.
Испиджаб және Самарқан қалаларын да басып алды. Бірақ Жент аймағындағы тайпалардың шабуыл жасау қаупінен қорыққан Хасан Боғра хан Жетісуға оралды. Қошқарбасы деген жерде қаза тапты.
Қарахандықтардың бүкіл Сырдария бойына билігін мойындаған: Газнеуилер.
992 жылы Хасан Боғра ханның баласы Жүсіп Хотанды басып алса, Әли Арсланның баласы Насыр ибн Әли 996 жылы Мәуараннахрға жорыққа аттанды.
999 жылы (Х ғасырдың соңында) Қарахан мемлекеті (Насыр ибн Әли) басып алды: Самани әулетінің астанасы Бұқара қаласын.
Х ғасырдың соңында Қарахан мемлекеті біржолата бағындырды: Мауараннахрды.
Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды:
Шығыс хандық - Жетісу мен Шығыс Түркістан. Орталығы – Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (Қара Орда немесе Күз Орда), кейін Қашғар қаласы.
Батыс хандық – Мауараннахр. Орталығы – Үзкент, кейін Самарқан.
Дәстүр бойынша Шығыс хандығы мемлекеттің негізгі бөлігі саналды.
Қарахандықтар мемлекетінің Батыс бөлігіндегі хандықтың астанасы Самарқан.
Екі хандық арасындағы шартты шекара қызметін атқарған өзен: Сырдария.
Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлінді ХІ ғасырдың 40 жылдары.
1089 жылы Батыс хандықты (қарахандарды) басып алған: Салжұқ сұлтаны Мәлік шах.
ХІІ ғасырдың 30-жылдарында шығыстан Жетісу жеріне басып кірген қарақытайлар.
Қарахан мемлекетінің шығыс шекарасын қорғаған: қарақытайлар.
1137 жылы Ходжент жанында Қарахан әскерлеріне ойсырата соққы берген мемлекет: Қарақытай.
1141 жылы Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында болған шайқаста қарақытайлардан жеңіліс тапқан: Салжұқтар мен қарахан әскерлері.
Қарахан мемлекеті қарақытайларға толық тәуелділікке түсті.
ХІІ ғасырдың 40-жылдарынан бастап Қарахан мемлекетінің Орталық Азиядағы жерлерін басып ала бастаған мемлекет: Қарақытай.
Қарахан мемлекетін (Батыс иелікті) құлатқан: Хорезм шахы Мұхамед 1212 жылы.
Шығыс хандықты басып алған: Найман ханы Күшлік.
Шаруашылығы. Мәдениеті
Қарахандықтардың мал шаруашылығында жетекші орын алған: Жылқы шаруашылығы.
Түріктердің (қарахандардың) жылқы малына ерекше көңіл бөлетінін айтқан ғұлама: Жүсіп Баласағұни.
Қарахан мемлекетінің кезінде қалалар мен қала халқының саны өсті: кедейленген малшылар мен егіншілер есебінен.
Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде жариялануы қала келбетінде, құрылыс жүйелеріне тың өзгерістер енгізді:
Күмбездеп салынған мешіттер пайда болды.
Шығыс моншасы құрылыстарының салынуы.
Қарахан дәуірінің сәулет ескерткіштері: Қарахан, Айша-бибі, Бабаджа-қатын кесенелері.
Айша бибі және Қарахан кесенелері орналасқан облыс аумағы Жамбыл.
Қарахандар төл ақшаларын шығарған қалалар: Самарқан, Үзкент.
Қарақытайлар
(1125-1212 ж.)
Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы
Қидандардың б.з.б. уақытта өмір сүрген аумағы: Қытайдың солтүстігі (Орталық Азия (Солтүстік Монғолия), Маньчжурия, Уссури өлкесі (қытай деректері)).
Х ғасырда Батысқа қарай жылжыған қидандардың бір бөлігінің мұсылман деректеріндегі атауы: «қарақытайлар».
Қидан тайпаларының этникалық тегі мен тілі туралы пайымдаулар әр түрлі:
Қидандар тұнғұс-монғол тілдес халық.
Араб, парсы деректерінде, олар түркі тілдес.
924 жылы қидандар тарапынан құрылған мемлекет: Алтайдан Тынық мұқитқа дейінгі аумақты алып жатқан Ляо мемлекеті.
Жетісуға қарақытайлардың келіп орналасуына негізінен екі себептің әсері болды:
Орталық Азиядан батысқа қарай жылжыған түрік тілдес тайпалардың қарақытай жерлерін жаулап алуы.
Қарахан мемлекетінің әлсіреуі. Қарахан билеушісі қарақытайларға шығыстағы шекарасын қорғау қызметін тапсырды. Олар қызметтері үшін үлесті жер алып отырған.
1125 жылы Ляо мемлекеті құлағаннан кейін, Жетісуға келіп қоныстанған 40 мың түтін қиданға басшылық еткен: Елюй Даши
1125 жылы қарақытай әскерлері Жетісудың орталық аудандарына кіріп, Баласағұн қаласын басып алды.
Қарақытай мемлекетін құрған орталық-азиялық тайпа: Қидандар.
Қарақытай мемлекетінің негізін қалаған: Елюй Даши.
Қарақытай мемлекетінің орталығы – Баласағұн қаласына жақын жердегі Ғұз орда.
Қарақытай билеушісінің лауазымы: гурхан.
Саяси жағдайы
1137 жылы Ходжент жанында қарақытайлар ойсырата соққы берді: Қарахан әскеріне.
1141 жылы Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында қарақытайлардан жеңіліс тапқан: қарахан-салжұқ әскерлері.
Қарақытайлар Мауараннахрдың орталық бөлігін басып алады.
Қарахандар қарақытайлардың вассалы болып, алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болған.
Хорезмшахының қарақытайларға жылына төлеген салық мөлшері: 3000 алтын динар.
Қарақытайлар батысында Әмударияның төменгі ағысын толығымен, шығыста Гансу жеріндегі ұйғырларды, оңтүстікте Балх пен Хотан жерлерін бағындырады. Солтүстік-шығысы наймандармен шекаралас жатты.
1171-1172 жылдары қарақытайлардың Хорезмге қайтадан жорық жасау себебі: Хорезм шахының салық төлеуден бас таруы.
Осы кезде Хорезм шахы әл-Арслан қаза болып, оның балаларының арасында билік үшін талас туады. Тақ үшін таласта Текеш қарақытайлардың көмегімен ел билігін өз қолына алады.
1198-1204 жылдары қарақытайлардың Хорезм шахымен бірігіп соғысқан Ауғанстан жеріндегі тайпа: Гурид.
Текештен кейінгі Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан сұлтанымен келісімге келіп, қарақытайларға қарсы шығады. Өз одақтасынан айрылған қарақытайлар гурид тайпаларымен соғыста ауыр жеңіліске ұшырайды.
1208 жылы қарақытайларды шығыста жеңген: наймандар.
Қарақытай мемлекеті біржолата құлады: 1212 жылы.
Соңғы гурхан найман ханы Күшліктің қолына түсіп, оның жерлері біржола наймандардың иелігіне айналады.
Қарақытай мемлекетін құлатқан мемлекеттер: Хорезм, Найман.
Қоғамдық құрылысы
Елюй Даши кезінде бір әскери басшының қол астынадағы жауынгер саны: 100.
Қарақытайлардағы мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі: әйел адамдар да мұрагер бола алған.
Әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті еді.
Елюй Дашы 1143 жылы қаза болған соң билікті қолына алған: әйелі Табуян.
1150 жылдан кейін ел басқарған, ержеткен Елюй Дашидің баласы: Иле.
Оның тұсында халық санағы жүргізілді.
Алғаш рет халық санағы жүргізілген орта ғасырлық мемлекет: Қарақытай.
1155 жылы Иле қаза болған соң, ел билеген Елюй Дашидің қызы Бұсұған.
Алым-салық жүйесі
Қарақытайлар өздері жаулап алған қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпаған. Сондықтан да жергілікті халық оларға онша қарсылық көрсетпеді.
Қарақытай мемлекетіндегі салық жинау жүйесі: Түтін басына.
Әрбір үйден (шаңырақтан) жиналған салық мөлшері: 1 (бір) динар.
Егістік жерлер халыққа беріліп, тиісті салығы арнайы адамдар арқылы жинастырылған.
Отырар, Тараз қалаларында алым-салықты гурханның арнайы жіберген адамдары жинап отырды. Ал басқа аймақтардан салық жинау, оны қарақытайлардың орталығына жеткізу жергілікті феодалдарға жүктелген.
Жетісудың егіншілікпен айналысатын тұрғындары билеушіге төлеген: өнімнің оннан бір үлесін.
Ірі қалалар әкімдерінің гурханға жыл сайын төлеп отырған салығы: Харадж.
Қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейтіп, ашық тонауға көшті: ХІІ ғасырдың екінші жартысы.
Осыған байланысты қарақытайларға қарсы халық көтерілістері жиілей бастады.
Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар
Найман, керейіт және жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жерлері: Монғолияның орта және батыс аудандары.
Х ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастайды.
Наймандар
VIII ғасырдағы жазба деректерде наймандар өмір сүрген өңір: Орхон өзені мен Алтай тауының аралығы.
«Найман» сөзінің монғол тіліндегі мағынасы: «Сегіз».
Найман тайпалық одағы құрамына 8 тайпа кірген.
Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез: ХІІ ғасырдың екінші жартысы.
Найман мемлекетінің орталығы – Орхон өзенінің бойындағы Балықты қаласы.
Найман мемлекеті дами бастады: Наркеш Дайын хан (1160-1203 ж.) кезінде.
Егін шаруашылығы дамып, отырықшы қалалық өмір салты орын алды.
Наркеш Дайын ханның інісі Инанч-білге:
Халықты өз төңірегінде топтастыра білген ол елді өнерге, бейбіт өмір салтына тартады.
Наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылады.
Басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға көңіл бөледі.
Найман одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді.
Наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылды Білге ханның тұсында.
Инанч-білгеге халықтың «Білге хан» деген атақ беру себебі: Бейбіт өмірге тартқаны үшін.
Білге хан қайтыс болғаннан кейін билік үшін таласқан ханның екі ұлы: Бұйрық пен Даян1.
Нәтижесінде найман хандыығы екіге бөлінді:
Даян хан далалық өлкеде билік етті.
Бұйрық хан Алтайдың Қара Ертісіндегі Орүнгу маңын мекендейді.
Найман мемлекетіне қарсы одақтасқан елдер: Монғолдар мен керейлер.
1199 жылы Алтай өңіріндегі Үліңгір көлінің маңында Шыңғыс хан мен керейіттер ханы Ван Бұйрықты жеңеді. Бұйрық хан Енисей қырғыздарына қарай қашады.
1201 жылы Шыңғысханға қарсы одақ құрған тайпалар: Қырғыз, меркіт, найман.
1201 жылы одақтас күш Шыңғысхан мен Ван хан әскерлерінен ойсырай жеңіліске ұшыраған жер: Соғақ суаты.
1201 жылы Шыңғысханнан жеңіліс тапқан Бұйрық хан жылжыды: Алтайдың оңтүстігіне.
Шыңғысхан әскері оны қолға түсіріп, жазалайды.
Монғолдар Даян ханды біржола жеңді: 1204 жылы.
Найман ханы Даянның ұлы: Күшлік.
1204 жылы Шыңғысханнан біржола жеңіліс тапқан наймандар, Күшліктің басшылығымен Жетісуға қоныс аударды.
1208 жылы Шыңғысхан Ертіс жағасында наймандар мен меркіттердің бірлескен күшін тас-талқан қылады. Одан кейін Күшлік бастаған бұл тайпалар Жетісуға қарай босады.
Наймандар Жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды: 1212 жылы.
1218 жылы Шыңғыс хан Күшлікке қарсы әйгілі қолбасшысы Жебе ноян басқарған күшті әскерін жіберді. Жебе ноян Қарақытай еліне жетісімен, баршаға дін, сенім бостандығын жариялады. Бұған дейін де өзіне мұсылмандарды қарсы қойып алған Күшлік шайқастарда шыңдалып келген моңғол әскерлерінің екпініне төтеп бере алмады. Тас-талқан болып жеңіліп, Алтай тауларына қарай қашты. Бірақ Жебе ноян оны қоймай қуалап жүріп, ақыры Сарыкөл маңында қолға түсіріп, өлтіріп тынады.
Керейіттер
Тайпаның аты Керлин (Керулен) өзенінің бойында қоныстанғандықтан, керілер (керілендіктер) деп аталған.
ХІ-ХІІ ғасырларда Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендірінің бойын мекендеген тайпа: Керейіттер.
Керейіттердің батысындағы көршілері: Наймандар.
Шығысында – татарлар, солтүстігінде – меркіттер, оңтүстігінде – танғұттар.
Керейіт мемлекетінің орталығы: Битөбе жері.
Керейіт мемлекетінің орталығы болған Битөбе орналасқан: Хантәңірі тауының шығысында.
Керейіт ханы Торының (Тоғырыл хан) жайлауы орналасты: Ұлан Батор маңында.
ХІ ғасырдың екінші жартысында Керейіттер хандығының құрамына кірген аймақ саны: 8 (сегіз).
Керей, жиркиы, қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай, қыркун.
Саяси жағдайы
ХІ ғасырдың аяғы – ХІІ ғасыр басында Керейіттер хандығы мен Монғол хандығы арасында жақсы қарым-қатынас болғандығын баяндайтын тарихи шығарма: «Монғолдың құпия шежіресі».
Керейіттермен бейбіт қатынаста болды: Монғол, ұйғыр.
Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі: Маркус пен Құршақұз хандар кезі.
Билігінің алғашқы кезінде Құршақұз хан татарлардан жеңіліп, баласы Торы мен анасы Илма ханым тұтқынға түседі. Осы кезде Құршақұз ханның күйеу баласы Сарық хандықты қолына алып, билік жүргізді. Сарық керейіттердің шет аймақта отырған ханы Хажар ханнан көмек сұрап, татарларды жеңіп, тұтқындарды босатып алды.
Құршақұз хан тұсында Керейіт хандығы бөлінді: Оң, сол, орта бөліктерге.
Құршақұз хан қаза болғаннан кейін құрылтайда бас хан сайланған: Торы.
Торы ханның жастығын пайдаланып билікті өз қолына алуды көздеген өгей әкесі: Елжыйдой.
Торы ханның ордасында болашақ билеушілер мен көсемдер саяси және елшілік істерге тәрбиеленген (Темучин, Жамұқа).
Керейіт мемлекетінің екіге бөлінген уақыты: ХІІ ғасырдың аяғында.
Шыңғысхан керейіттерді бағындырды: 1202 жылы.
Торы хан найман қолбасшысы Көксу Сәуіріктің қолынан қаза тапты.
«Монғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел... Олар тек Шыңғысхан... әсерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған» - деп айтқан тарихшы Рашид ад-Дин.
Керейіттердің пайдаланған жазуы: көне түрік жазуы.
Монғол мемлекеті құрылғанда хатшылары керейіттерден болған.
Жалайырлар
Жалайыр тайпаларының өмір сүрген жерлері: Селенгі, Хилок өзендерінің бойы және Орхон өзенінің жоғарғы ағысы, Қарақорым таулы қыраттары.
Монғол деректері бойынша жалайыр тайпалары: Он бөліктен тұрған.
«Алтын шежіренің» жазуы бойынша Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы болған атақты ақын, шешен, әрі батыр: Мұқылай.
Хан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған «күй үн чінсан тәйжі» (ұлы бек) деген атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан.
Шыңғысханның серттескен ең жақын досы (андасы), кейін қас жауы болған жалайыр тайпасының өкілі: Жамұқа.
Шыңғысхан керейіттер ханы Торымен одақ құрып, Жамұқаны жеңіп, жалайырларды қол астына қаратты: 1201 күзінде.
«Жалайырлар Шыңғысханның қолға түсірген тұтқындары... Олар өздерінің адал қызметтері арқылы монғолдарға сіңісіп кеткен» деп «Түрік шежіресі» атты еңбекте жазған тарихшы: Әбілғазы хан.
Қадырғали Қосымұлы Жалаири: «Шыңғыс хан заманында Сартақ ноян болған. Оның ұлы – Жалайыр Саба. Оның ұрпағы – Жалайыр Тебре бек. Оның ұрпағы – Айтөле бек. Ол атақты адам болған, Ұрұс ханның сол қолын басқарған. Ол Алаш мыңы үш сан ел еді. Олардың ішінде үлкені тарақ таңбалы жалайыр» дейді.
Қазақ халқының құрамына кірген жалайырлардың орналасқан аймағы: Жетісу.
Қоғамдық құрылысы
Әскери басқару ХІІ ғасырдың өзінде ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мыңдық) бөліктерге бөлінген.
Жалайырларда мыңбасылары мен түменбасын сайлаған: Хан.
Ұлыстардың ішкі істерін басқаратын адамдардың лауазымы: Шерби.
Бұл атақ пен лауазым иелерін хан өзі тағайындаған.
Найман мен керейлердің мемлекеттік билік жүйесінде жақсы дамыған: Іс-қағаздарын жүргізу.
Наймандар мен керейіттердегі өсіру басым болған малдың түрі жылқы.
Қыпшақ хандығы (хі ғ. Бас кезі – хііі ғ. Басы)
Қоныстанған жерлері және этникалық құрамы
Қыпшақ тайпаларының тарихы тығыз байланысты: Қимақ тайпаларымен.
ХІ ғасырда жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшкен қағанат жері: Қимақ.
ХІ ғасырда қыпшақтардың алып жатқан жері: шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі жер.
солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақ.
Дешті-Қыпшақ («Қыпшақтар даласы») аумағының қамтыған жерлері: Алтайдан Еділге дейінгі аралық (ХІ ғасырдың екінші ширегі).
Қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу бағыттары туралы жазған араб географы әл-Омари (XIV ғ.).
Қыштардың этникалық құрамы құрыла бастаған кезең: VII-VIII ғасырлар.
Қыпшақтардың этникалық бірлестігі екі бөліктен тұрды:
Батыс бірлестік 11 тайпа: елбөрілі*, тоқсоба («9 тайпалы»), йетиоба («7 тайпа»), дурут («төрт тайпа»), т.б.
Шығыс бірлестік 16 тайпа: 8 негізгі тайпа, 8 ұсақ тайпалық бөлімшелер.
Қыпшақ тайпаларының ішіндегі ең беделдісі: бөрілер.
Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.
Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктерінің шартты шекарасы Еділ (Волга).
Қыпшақ бiрлестiгiне енген ХII ғасырда Арал маңын жайлаған тайпалар Қаңлы, қарлұқ, жікіл.
«Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» - деп айтқан саяхатшы: Плано Карпини2.
Қыпшақ халқының қалыптасуына үлкен нұқсан келтірген: монғол шапқыншылығы.
Қоғамдық құрылысы
Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы тікелей Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысының жалғасы болды.
Хандық биліктің берілу жүйесі: мұрагерлік.
Қыпшақтарда хандар әулетінің тайпасы елбөрілі екенін айтқан тарихшы: Жүзжани.
Хандық биліктің орталығы – орда.
Қыпшақ хандығындағы ақсүйек шонжарлардың аталуы: тархандар, басқақтар, бектер.
Феодал-шонжарлардың баю жолындағы біршама табысы тұтқындарды Орта Азияның базарына сатудан түсетін еді.
Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде «ялангук» деп құлды атаған.
Қыпшақ хандығы әскери басқару жүйесі бойынша бөлінді: Оң және сол қанатқа.
Оң қанаттың* ордасы Сарайшық (Жайық бойында).
Сол қанаттың ордасы Сығанақ (Сырдария бойында).
Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына ие болған: Қыпшақтар.
ХІ ғасырдың басында қыпшақтардың Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңтүстік аудандарына шығуына бөгет болған ел: Оғыз мемлекеті.
XII ғасырдан бастап қыпшақтар билік жүргізген өңір: Арал маңы.
Орыс деректеріндегі қыпшақтардың атауы: «половшылар» - «далалықтар».
Дунай бойына жайғасқан қыпшақтарға венглердің берген атауы: «кундар» немесе «командар».
Отырар, Сығанақ, Арал аумағы үшін қыпшақтар ұзақ жылдар бойы соғысқан ел: Хорезм.
Қыпшақтардың қол астындағы оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл жасаған Хорезм шахы: Атсыз (1127 – 1156 ж.).
1133 жылы ол Дешті Қыпшаққа еніп, қыпшақтарды жеңді. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастаған.
Қыпшақ мемлекетінің хандары: Алып-Дерек (Отырар), Қадыр-Буке (Сығанақ).
1195 жылы Сығанақты басқарып отырған қыпшақ ханы: Қадыр-Буке.
Хорезм билеушілері Текеш3 пен ІІ Мұхаммед4 қыпшақ ханы Буке хан мен оның жиені Алып – Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып, Сығанақты басып алуды ойластырды.
Монғол шапқыншылығы қарсаңында Сырдария бойындағы қалаларға иелік ету үшін күресті: Қыпшақтар мен хорезмдіктер.
Қыпшақтар мен Хорезм елі арасындағы билік үшін шайқас біржола тынды: Монғолдар екі елді жаулап алғаннан кейін.
Шаруашылығы
Қыпшақтар негізі шаруашылығы: мал шаруашылығы.
Ибн Баттута: «Қыпшақтардың жер жағдайы мал өсіруге өте қолайлы, мал жейтін шөптің жұғымдылығы сондай, олар малға арпа сияқты жем бермейді. Ал малдың көпшілігі соншалықты, ондай мал ешбір елде жоқ шығар...Қыпшақтар сиыр малын да өсіреді» деп жазған.
Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартқандығын өз көздерімен көргендігін жазған, ХІІІ ғ. орта кезінде Қазақстанда болған П. Карпини мен В. Рубрук.
Байлықтың негізгі көрсеткіші – жылқы саны.
Қыпшақ жылқылары халықаралық саудада жоғары бағаланған. Ауған, Иран, Египет, Үндістанда қыпшақ жылқылары 100 динардан 500 динарға дейін сатылған.
Өзінің жазбаларында қыпшақтардың тары мен күрішті өсіргендігін, аңды садақпен аулағандығын жазған еврей саяхатшысы: Петахья5.
Қыпшақтар туралы дерек қалдырды: Әл-Омари (XIV ғ.).
«Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні – тары, ал тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады» дейді.
VI–IX ғасырлардағы отырықшы және жартылай көшпелі мәдениет
VI–IX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті
Ұлы Жібек жолы
VI–IX ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті
Ерте орта ғасыр кезінде қалаға айналған: қыстаулар.
VI-IX ғасырларда түріктердің қалалық мәдениеті дамыған аймақ: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу.
VI-IX ғасырларда қалалық мәдениет дамыған, Тараз, Талхир (Талғар), Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан өңір: Жетісу.
VI-IX ғасырларда отырықшылық мәдениет орталығы болған Отырар, Йасы, Сығанақ, Сауран қалалары орналасты:Оңтүстік Қазақстан.
VI–IX ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда болған әлеуметтік–экономикалық өзгерістер:
Мал өсірумен шұғылданатын тұрғындар арасындағы кедейленген топтар егіншілікпен, қолөнермен айналысып, қыстақтар мен қала тұрғындарының санын көбейтті.
Қала мен дала тұрғындарының арасында экономикалық байланыс дамыды.
Орта ғасырлық қалалардың құрылыс жүйесі үш бөліктен жасалған:
Орталық бөлік (цитадель) бай-шонжарлар.
Екінші бөлік (шахристан) тұрмысы орташа қалыптағы тұрғындар, қолөнер шеберлері.
Үшінші бөлік (рабад) егіншілер, кедейлер.
Сайрам қаласының қытай жылнамаларындағы атауы: Испиджаб.
Оңтүстік Қазақстанда маңызды сауда орталығы болған «көпестер» қаласы атанған: Тараз.
Киіз үй туралы деректер кездесетін елдер: Араб, Қытай.
Көшпелілердің материалдық мәдениетінен мәлімет беретін: Қару-жарақтар.
Қолөнер бұйымдарын жасауда түріктер ерекше көңіл бөлген зат: Кісе белдік.
Шонданайда сақталған заттар: қайрақ, шапқы.
Қында сақталған зат: пышақ.
Оқшантайда сақталған зат: мылтықтың оқ-дәрісі.
Түріктер қажетті киімдердің барлығын: өздері тікті.
Қала тұрғындарының арасында қыш құмыра жасау өнерінің жақсы даму себебі: Қала тұрғындары бір жерде тұрақты өмір сүруі, шеберханалардың болуы.
Түріктер кен қорыту ісімен таныс: V ғасырдан.
VIII–IX ғасырларда күміс заттарды шығару өндірістің негізгі түріне айналған аймақ: Жетісу.
Түсті металдар өндірілген аймақтар: Шу, Іле бойлары мен Қаратау.
Сауда мен ақша айналымы
Сауда негізгі үш бағытта жүрген:
Халықаралық сауда.
Қалалардың өз аумағындағы сауда.
Қала мен дала арасындағы сауда.
Ерте орта ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірінде халықаралық сауданың дамуына ықпал етті: Ұлы Жібек жолы.
Сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран, Византия елдеріне елшіліктер жіберіп, байланыс орнатуға ұмтылған түрік қағаны: Иштеми.
Ерте орта ғасырларда Жетісу жерінде теңге шығару ісін дамытқан: Түргештер.
Таразда табылған түргеш теңгелері соғылған кезең: VIII ғасыр.
Кангу Тарбан деген түрік бірлестіктерінің теңгелері табылған: Сырдария бойындағы қалалардан.
Архитектура және өнер (VI – IX ғ.)
Архитектура латынша құрылысшы деген мағына білдіреді. Құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем салынған архитектуралық ғимарат.
VII–VIII ғасырлар арасында басталып, бітпей қалған Тараз қаласынан 40 км жерде орналасқан ғимарат: Ақыртас (Тасақыр).
Ақыртас аталу себебі, құрылыс материалына пайдаланылған тас блоктардың бір жағы ақыр сияқты ойылған.
Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан ортағасырлық сәулет өнері туындыларының бірі: Білеулі ғимараты.
Су сақтау әрі белгі мақсатымен құдықтардың үстіне тұрғызылған күмбезді ескерткіш: Сардоба.
VI–IX ғасырларда қазақ жерінде салынған сардоба: Мырзарабат және Якка.
Екі сардоба да Мырзашөл керуен жолының бойына салынған.
VI–IX ғасырларда салынған Мырзарабат және Якка сардобаларының құрылыс жүйесі және жобасы ұқсас: Киіз үйге.
VI-IX ғасырлар арасында Қазақстанда дами бастаған архитектуралық құрылыстың бір сипаты діни сенімге байланысты.
VIII ғасырда Қарлұқ, Қимақ қағанаттар дәуірінде кең тараған, құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі: Дың ескерткіштері.
Дың қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған, ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрылысының бір түрі.
Дың ескерткіштерінің көп сақталған жерлері: Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау.
VII ғасырдың аяғы және VIII ғасырдың басында Ақбешімде (Суяб) салынған діни құрылыс: Будда ғибадатханалары.
Ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған уақыт: ІХ ғасырдың екінші жартысы.
Баба-Ата мешітінің сыртқы көрінісіндегі жартылай сфера тәрізді күмбездер саны: 5 (бес).
Бейнелеу өнері. Мүсін өнері
Орта ғасырдың басында сәндеудің ең жақсы сақталған түрі – саз сылақтың қалың қабатын қөркемдеп оймыштау.
Құйрықтөбе қамалы (Отырар маңы) – салтанатты жиын өткізетін залдың аркалары мен төбе тақтайларында бедерлеп салынған құдай суреттері болған. Суреттердің сюжеттері діни және мифтік сипатта болған.
Көне түрік дәуіріндегі тас мүсіндердің орхон жазуындағы атауы: «Балбық».
Бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас: Балбал тас.
Қазақстандағы түрік дәуірінде кең тараған балбал мүсіндері негізінен жасалды: Тастан.
«Күлтегін» жазуының авторы: Йолығ-тегін
Ол әкесі Білге қағанға ескерткіш орнатқанда: «Әкем қағанға балбық тіктім» деп жазған.
Түріктердің ата-баба аруағына табынғандықтарына дәлел: Балбал тастар.
Балшықтан жасалып, үстінен лай қабаты жағылып, бет-әлпеті қызыл сырмен боялған будда мүсіндері табылған: Жетісудағы қалалардан.
Жартастарға салынған суреттер мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді:
Салт аттылар (түрік қағанаттарының әскери-саяси сипатын танытады. Олардың қолында ту бейнеленген), қаумалап аң аулау, көшіп-қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер.
Аңдардың бейнлері.
Түріктердің рухани мәдениеті
Көне түріктердің жазба мәдениеті
Көне түрік әліпбиіндегі әріптер саны: 35
Түріктердің әліпбиі жасалған: өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде.
Көне руналық жазу («руна» - «ескі», «көне») – түріктердің төл жазуы.
Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты: б.з.б. І мың жыл.
Көне түрік жазуының бүкіл халық игілігіне айнала бастаған уақыты: VIII – IX ғғ.
Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді қалдырған византия тарихшысы: Менандр Протектор.
Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылған ежелгі түрік жазуларына берілген атау: «Талас» жазуы.
Ерте орта ғасырда түрік жазуымен қатар ел ішінде кең түрде қолданылған жазу: Соғды жазуы.
Әсіресе бұл жазу қаған сарайында маңызды рөл атқарған.
VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі: Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы.
Жазба деректердегі мағлұматтарда олардың қамыс қаламмен және IX-X ғасырларда ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді: Қимақтар.
Көне түріктердің жазба әдебиеті
Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны: 200-ден астам.
Түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келген кезең: VIII ғасыр.
Түрік сына жазуының көне ескерткіштері: «Күлтегін» және «Тоныкок» – тарихи дастандар.
Мұнда Түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген.
VIII-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар: «Қорқыт ата» мен «Оғызнама».
«Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастанының қағазға түсе бастаған уақыты: ХІ ғасыр.
«Қорқыт ата» кітабы 12 жырдан тұрады.
Аты аңызға айналған атақты ақын, қобызшы Қорқыт атаның туған жері: Қазақстан.
Қорқыт атаның шешесі қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы деген атасынан.
Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.
«Оғызнама» - ІІ ғасырдағы тарихи оқиғаларға байланысты туған әдеби шығарма. VI ғасырда парсы тіліне, ІХ ғасырда араб тіліне аударылған.
«Оғызнаманың» ескі нұсқасын ХІІІ ғасырда бірінші жазып қалдырған тарихшы: Рашид ад-Дин.
«Оғызнама» дастаның XVII ғасырда толық жазып қалдырған: Әбілғазы хан.
Ежелгі түріктердің наным-сенімдері мен діні
Ежелгі түріктер табынған: отқа, табиғатқа,көкке (Тәңірге).
Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынған: «Ұмай анаға».
Жетісу қазақтарының да Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым: Ш. Уәлиханов.
Ежелгі түріктер Көк бөріге табынған.
Қазақтарда бөріге табынудың белгісі – оның қасқыр атын атамауы.
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының пайда болуы және халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәлімет қытай монахы Сюань Цзяннің қолжазбаларында кездеседі.
(Б.з.б.)* 138 жылы Қытай императоры У-Дидің Батыс елдеріне аттандырған елшілігі қайтып оралды: 13 жылдан кейін.
Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі: б.з.б. ІІ ғ. ортасында.
Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: б.з.б. І ғасырдың ортасы.
Б.з.б. ІІ–І ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған: Үйсін мемлекеті.
Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген: Жібек.
Жібек матаны алғаш өндірген халық: Қытай.
Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер сыйлық ретінде жіберілді: Иран шахына.
Жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі: VI ғасыр.
Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі: кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырды.
Сауда жолына байланысты 568 жылы дипломатиялық келісім жасасқан елдер: Түрік қағанаты мен Византия.
568 жылы Түрік қағанаты мен Византия мемлекеті одақ құрды: Иранға қарсы.
Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел: Соғды.
Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың сауда отарлары болған.
Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония.
Соғдылардың жібек сататын орындары болған Жапонияның ертедегі астанасы: Нарға.
Жапонияның ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындары болған. Дәлел: ондағы ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.
Жібек жолы арқылы асыл тұқымды жылқылар тасылған өңір: Орта Азия.
Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсықтар, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстан (қаршыға, бүркіт).
Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі: қытай немесе болгар бұрышы.
Жібек жолы арқылы соғдылар түріктерден үйренді: мал өсіруді.
Жібек жолы бойындағы мәдени байланыста ерекше байқалған рухани мәдени сала: Музыкалық мәдениет.
Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері
Жібек жолының басы басталатын аймақ: Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені
Жібек жолының батысқа шығу үшін оңтүстік және солтүстік бағыттары тармақталған жер: Іле, Ыстықкөл.
Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын оңтүстіктегі бағыты: Ферғана, Иран, Ирак, Сирия мен Жерорта теңізі.
Солтүстік бағыт: Оңтүстік Қазақстандығы Испиджаб қаласына келіп екі тармаққа бөлінген:
Орта Азияға қарай.
Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен Батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағын айналып, Еуропаға қарай өткен.
Қазақстанның Оңтүстік-Шығысындағы Шығысқа шығатын керуен жолының негізгі қақпасы: Жетісу.
Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді.
Жетісу аймағының орта ғасыр қалалары мен қыстаулары негізінен орналасқан: Жібек жолы бойында.
Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы оңтүстік-батыс Жетісудан өткен бағыты: Тараз, Алматы, Жаркент.
Екінші солтүстік-шығыс бағыты: Алматы, Қойлық, Жоңғар қақпасы.
Үшінші бағыт Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға бет алды.
Жібек жолының Қазақстандағы солтүстік–шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке ханға барып қайтқан елші: В.Рубрук.
Атақты елші, саяхатшы Рубруктың Монғолияға барып қайтқан бағыты: Құлан, Хантау, Балатопар, Айнабұлақ.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстандағы сауданың басты орталықтары болған қалалар: Тараз, Испиджаб.
Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала: Тараз.
Қытайдың әдемі фарфордан жасаған ыдыстары табылған ортағасырлық қалалар: Талғар, Испиджаб, Отырар.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, діни мешіт-медреселердің орындары табылған Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Испиджаб, Тараз, Баласағұн.
Испиджаб қаласында Жібек жолы бөлінді: 2 (екі) тармаққа.
Испиджабтан Жібек жолының оңтүстік-батыс бағыты бет алды: Шаш қаласына.
Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан Отырардан шыққан керуеннің Сырдария арқылы жеткен қаласы: Васидж.
Одан әрі шыққан жол Сырдың бойымен жоғары өрлеп, Сүткент қаласы арқылы Шашқа, төмен қарай Жент қаласына жеткен.
Сығанақ қаласынан Ақсүмбе қаласы арқылы Жібек жолының бір тармағы бағытталды: Орталық Қазақстанға.
Жібек жолы арқылы асыл тұқымды жылқыларды осы елден әкелді: Орта Азия.
XIII-XIV ғғ. Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға: Монғол шапқыншылығы.
ХVІІ ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға: Теңіз жолдарының ашылуы.
IX ғасырдың екінші жартысы – хііі ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Қалалық мәдениеттің дамуы
Отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген кезең: Х – ХІІ ғғ.
Бұрын Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі зерттеулер бойынша, қалалардың саны: 37
Жазба деректерде алғашқы кезеңде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.
Орта ғасырда қалалардың топтаса орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан (Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары).
Кенже аймағы – Арыстың орта ағысы, орталығы Осбаникет қаласы.
Фараб аймағы – Арыстың Сырдарияға құяр жері, орталығы Отырар қаласы.
Шауғар (Йасы) аймағы – Қарнақ, Қарашық, Шур (Сури), Шағылжан қалалары.
Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері: Жетісу.
Оңтүстік-батыс Жетісудың қалалық отырықшылық мәдениетінің орталығы: Тараз.
Бұл аймақтан 36 қала жұрты табылды.
Солтүстік-шығыс Жетісудың қалалық отырықшылық мәдениетінің орталығы – Лабан, Алматы, Талхир.
Бұл аймақтан 70 қала жұрты ашылған.
Қалалар көлемі, экономикалық жағынан негізінен 3 топқа бөлінеді:
30 га асатын қала жұрттары: Испиджаб6, Отырар7, Сауран8, Тараз9, Баласағұн10.
10 га – 30 га дейінгі қалалар: Бурух, Хурлуг, т.б.
10 га жетпейтін қалалар: Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан, т.б.
Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан аумағында көлемі жағынан ірі қалалар: Испиджаб, Отырар.
Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарында отырықшылық мәдениеттің дами бастаған кезі: Х-ХІІ ғ.
Х-ХІІ ғасырларда Ұлытау етегіндегі ортағасырлық қалалар: Басқамыр, Аяққамыр.
Х-ХІІ ғасырларда Кеңгір өзенінің бойындағы ортағасырлық қалалар: Сарайлы, Торайлы.
Х-ХІІ ғасырларда Қазақстанда сәулетті ірі құрылыстардың көптеп салынуына ықпал еткен жағдай: Ислам дінінің нығая бастауы.
Х–ХІІ ғ. қала құрылысының жүйесіндегі басты бір жаңалық, мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған: Мешіттер.
Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі: шығыс моншасы.
Ең ертедегі мешіттің орны табылған қала: Құйрықтөбе.
Х-ХI ғасырлар аралығында Боран мұнарасы салынған аймақ Жетісу.
X-XII ғасырларда Тараз қаласының маңындағы (18 шақырым) сәулет өнерінің тамаша туындысы: Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері.
Бабаджа қатын кесенесінің шамамен салынған мерзімі: Х-ХІ ғасырлар.
Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі кесенесінің салынған уақыты ХІ-ХІІ ғасырлар.
Отырар қаласынан табылған екі шығыс моншалары жатады: ХІ-ХІІ ғасырларға.
Отырар моншалары құдық суын пайдаланған.
Қазір мұражайға айналдырылған, ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін жұмыс істеген шығыс моншасы орналасқан қала: Түркістан.
Шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы орналасқан: Алматыда.
XI–XII ғасырларға жататын «қоржын үй» табылған қала: Құйрықтөбе.
«Қоржын үй» - қатар жасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлер.
ХІІ ғасырда пайда болған, қалалардағы тұрғын үйлерде орнатылған, қолданылған суды сыртқа шығаратын құбыр (жуынды су ағатын құдық): ташнау.
Терракота: ғимараттарды сәндеу үшін қолданылатын оюланған кірпіш.
Сәулет өнерінде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланыла бастады: ХІ ғ.
Сәулет өнерінде терракоталар кеңінен қолданылған ғасырлар: ХІ–ХІІ ғғ.
Арыстан бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылды: Қызылөзен қаласынан.
Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы: Ғаныш.
Қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
Х–ХІІ ғасырларда қыш құмыралар әрі сәнді, әрі мықты және әр түрлі қалыпта жасалынған. Қалалардан табылған ыдыс түрлерінің тағы бір ерекшелігі, олардың іші-сырты жылтырап тұратын түрлі түсті әйнек тәрізді сырмен (бояумен) сырланған. Ондай сырмен сырланған ыдыстардың бояуы өшпей, ешбір химиялық өзгеріске ұшырамай сол алғашқы түсін сақтап қалған.
Х–ХІІ ғасырларда Қазақстандағы қыш құмырашылардың жетістігі: Шыны (әйнек) бұйымдар жасау.
Шыны ыдыстарды үрлеу тәсілімен жасаған.
X ғасырға жататын шыны ыдыстар табылған қала: Йасы, Отырар, Тараз.
Отырар, Тараз, Түркістаннан табылған шыны ыдыстар жатады: Х ғасырға.
Х-ХІ ғасырларда әйнек жасау кәсібі дамыған қала: Отырар, Тараз.
Орта ғасырда ұсталықтағы шеберліктің жетісітігі: зергерлік кәсіп.
Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптерінің бірі – сүйек ұқсату. Сүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіндері мүйізден жасалған әшекейлер.
Сүйектен жасалған түйреуіштер, шахмат тастары табылған қала: Талғар.
Кесілген сүйектер, сүйектен жасалған қалалақшалар табылды: Құйрықтөбе.
Алматы қаласының оңтүстік-батысындағы түрік дәуірінің зиратынан табылған: сүйекпен қаптап жасалған садақ.
Халықтар арасында сауда байланысы болғандығына мысал бола алатын сирек кездесетін құнды жәдігер табылды: Отырардағы күміс көмбеден.
Ортағасырлық Қазақстан қалаларындағы мата сатуға арналған керуен сарайлардағы арнайы бөлмелер: Тимдер.
1210 және 1217-1218 жылдарда Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар.
ХІ ғасырда Тараздағы және Испиджабтағы теңге сарайларында шыға бастаған ақшалық бірлік: Күміс дирхемдер.
Отырарда соғылған, мыстан жасалып ұсақ тиындар қызметін атқарған ақша: Фельстер.
ХІІІ ғасырдың ортасында Қазақстан м ен Орта Азияда теңгенің дәстүрлі үш түрін (динар, дирхем, фельс) шығарған жалғыз қала: Отырар.
Шаштан басқа елдерге сүйекпен қаптап, күміс жалатқан ерлер, жебе салатын қорамсақтар, шатырлар шығарылса, ал мұнда түріктердің былғарысы, бағалы терілері әкелінген әл Макдисидің хабарлауынша.
X-XII ғасырларда ірі және кіші қалалардың Сырдария, Шу, Талас өзендерін жағалай орналасуы осы саланың дамығанын көрсетеді: Егіншіліктің.
Отырар қаласы аймағындағы егіндік жерлердің 60–70%-ға жуығы Х–ХІІ ғғ. игерілген.
XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында Шу аңғарында өңделетін жердің жалпы көлемі 700 мың шаршы метр.
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім: Тотемизм.
Оғыздар өздерінің шыққан тегін байланыстырып, қорғаушысы ретінде табынған жануар: Қой.
Түрлі халықтарда соңғы кезге дейін береке-байлық, денсаулық, сонымен қатар, қаскөй күштерден үй ішін қорғаушы рөлін атқарып келген: Фарн.
Орта ғасырлық (қырғыз халқында) отқа табыну қасиетін байланыстырды: «қасиетті Ұмай анамен».
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда, ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ: Жетісу.
Орта Азияда будда дінің (манихейлік) таратуда маңызды роль атқарған: соғдылар.
Орта ғасырлық Қазақстанда буддизм таралған аймақ: Оңтүстік Қазақстан.
Христиандық крестің таңбасы салынған кірпіштер қолданылған шарап ашытатын орын табылды: Ақтөбе қала жұртынан.
Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады: Арабтардың келуімен.
Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты: 633 ж.
714 жылы Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасаған араб қолбасшысы: Кутейба ибн Муслим.
«Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 жж.
Х ғасырда ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет: Қарахан.
Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса Боғра исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған жыл: 960 ж.
Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастаған уақыт: Х ғасыр.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазған ғұлама: Әл-Макдиси.
Ғылым мен білімнің дамуы
Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін: ислам.
Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл: араб.
Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалымдардың бірі ретінде танылған: Әл-Фараби.
«Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Наср әл-Фарабидің өмір сүрген уақыты: 870 – 950 жж.
IХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан, Шығыстың атақты ғалымы: Әл-Фараби.
Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген қала: Фараб аймағындағы Отырар қаласы.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің Отырар қаласында білім алған тілі: қыпшақ.
Әбу Наср әл-Фараби өз шығармаларын жазған тіл: Араб.
Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама: Махмұд Қашғари.
Махмұд Қашғаридің өмір сүрген жылдары: 1030 – 1090 жж.
М. Қашғари – түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған орта ғасырлық энциклопедист ғалым.
М. Қашғари қалдырған үш (3) кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра: «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк»).
Махмұд Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк») еңбегін жазудан бұрын түгелге жуық аралап шықты: Түріктердің елі мен жерін.
«Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат-түрк»):
ХІ ғасырдағы түркі әдебиетінің жазу тілінің үлгілері көрініс тапты.
Түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы болып табылатын еңбек.
Түрік тілдес тайпалардың тілі, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұмат беретін еңбек.
Махмұд Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды деген пікірді айтқан: Н.А.Баскаков.
Орыс ғалымы А.Н.Кононов айтуы бойынша М.Қашғаридің өз еңбегін жазудағы басты мақсаты: түрік тілінің мәртебесін көтеру, оның араб тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу.
Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында дүниеге келген ғұлама: Жүсіп Баласағұни.
Жүсіп Баласағұнидің өмір сүрген жылдары: 1021–1075
Жүсіп Баласағұнидің, алғаш рет түрік тілінде жазылған еңбегі: «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік»).
ХІ ғасырда түркі тілдес халықтардың алғашқы ақсүйектер әдебиетінің ескерткіші.
ХІ ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған ғылыми еңбек.
«Сөздің көркі – мақал», «Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деген қазақ мақал-мәтелі кездеседі.
Түрік тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрып, наным-сенімдері туралы мағлұматтар көптеп кездеседі.
Ж.Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, аяқтаған қаласы: Қашғар.
Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы: Ұлы хас – хажип.
«Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл – біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, араб, парсы сияқты жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама: Ж. Баласағұни.
Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан, көзінің тірі кезінде-ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп атанған ақын: Ахмет Иүгінеки.
Орта ғасырлық ақын Ахмет Иүгінекидің түрік тілінде жазған кітабы: «Ақиқат сыйы».
Халықты инабатты болуға, адал өмір сүріп, арамдықтан аулақ болуға шақырған Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған дастан.
Орта ғасырлық ақын, исламның сопылық бағытының негізін салушы, насихаттаушы: Қожа Ахмет Йасауи.
Ахмет Йасауи дүниеге келген қала: Сайрам.
Ахмет Йасауи әкесі Ибраһим: атақты ғұлама адам.
Шешесі – Мұса шайқының қызы Айша (бір деректерде Қарашаш).
Жастай жетім қалған Ахмет Йасауиді тәрбиелеп өсірген: әпкесі Гауһар-Шаһназ.
Белгілі орта ғасырлық ақын және исламды таратушы Йасауидің ұстазы: Арыстан баб.
Ахмет Йасауидің Бұхара қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама: Жүсіп Хамадани.
Ахмет Йасауидің түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған еңбегі: «Диуан-и хикмет».
Адамды адалдыққа, имандылыққа, даналыққа, кішіпейілділікке шақырады.
Ахмет Йасауидің шәкірті, ислам дінін уағыздаушы, орта ғасырлық белгілі ақын, ел ішінде Хакім ата атанған: Сүлеймен Бақырғани.
ХШ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең түрде етек жая бастауына байланысты жарық көрген «Жүсіп-Зылиқа» атты поэманың авторы: Әли.
Поэма махаббаттағы адалдықты жырлаған, діни сарында жазылған.
Орта ғасырлардағы қазақстан
XIII–XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан Монғол шапқыншылығы
Монғол империясының құрылуы
Монғол империясының негізін қалаған Шыңғысханның туған жылы: 1155 (1162)жыл.
Шыңғысханның бала кезіндегі аты: Темүжін.
Шыңғысхан Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толғанда әкесі татарлар қолынан қаза табады.
Монғол ханы Шыңғысханды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген керей ханы: Торы.
Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасында жақсы қарым-қатынас орнағандығы туралы айтылған тарихи еңбек: «Монғолдың құпия шежіресі».
Шыңғысхан алғаш бағындырған түркі тілдес хандықтар: Найман, керей.
1206 жылы монғол шонжарларының құрылтайында ұлы хан болып Шыңғысхан сайланып Монғол мемлекеті құрылды.
Жеке дара билікке жету үшін Шыңғысхан 20 (жиырма) жыл күрес жүргізді.
Монғол империясының негізін қалаған: Шыңғысхан.
Монғол империясының құрылған жылы: 1206 жыл.
Шыңғысхан әскери-феодалдық Монғол мемлекетін құрды: ХІІІ ғасырдың басында.
Шыңғыс ханның ел билеуі: 1206-1227 жж.
Шыңғысханның тұсындағы Монғол империясының астанасы: Қарақорым.
Қоғамдық құрылысы
Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болған.
Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы бөлінді: үш әскери әкімшілік аймаққа.
Оң қанат – Барунгар. Орталық қанат – Кул. Сол қанат – Жоңғар.
Монғол империясындағы (үш қанат) әкімшілік түмендер саны: 95
Түмендер аймаққа бөлінді.
Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскердің саны 10 000 жауынгер.
Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл: Кешіктен.
Монғол мемлекетінің басты заңы: «Жасақ» (Яса) екі бөлімнен тұрды.
«Жасақ» заңының бірінші бөлімінде қарастырылған: Шыңғысханның нақыл сөздері.
Екінші бөлімде: Әскери, азаматтық істердегі орындаудағы жалпы заңдар және жазалаудың түрлі ережелері.
«Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы: Құрылтай.
Шынғысханның «Жасақ» заңы бойынша құрылтай жылына: Бір рет, жаз айында шақырылды.
Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын бағындырған Шыңғысхан баласы: Жошы 1207–1208 жылдары.
Шыңғысхан танғұттардың мемлекетін, Тұрфан кінәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырды: 1207–1209 жж.
Шыңғыс хан әскерінің Қытайды басып алған уақыты: 1211–1215 жж.
Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді: Соғыс техникаларын.
Шыңғысхан 1217 жылы Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға аттандырды: Жебе ноянды.
Жебе ноян бастаған монғол әскері Жетісу халқын өзіне тарту үшін: Діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды.
Монғолдар Жетісу жерін бағындырды: 1218 жылы.
Монғол шапқыншылығынан кейін Жетісудағы 200-ден астам елді мекеннен қалғаны: 20-ға жуық.
«Жуас қала» атанған қала: Баласағұн.
Шыңғысханның Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жорық жасауына түркі болған оқиға: «Отырар опаты».
«Отырар опаты» – 1218 жылы Отырар билеушісі Ғайыр ханның бұйрығымен Шыңғысхан жіберген саудагерлердің өлтірілуі.
Монғол шапқыншылығы қарсаңында Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы ірі (күшті) мемлекет: Хорезмшахтар мемлекеті.
Шыңғысхан 150 мыңға жуық қолымен Ертістен Сырдарияға қарай бет алды: 1219 жылы.
1219 жылы Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер қоршауға алған қала: Отырар.
Бұхарға беттеген Шыңғыс хан Отырарды алу жүктеді:Шағатай мен Үгедейге.
1219 жылы Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды басып алуға аттанған: Жошы.
1219 жылы Бұқара қаласына бет алған Шыңғысханның кіші баласы: Төле.
Отырар қаласы монғол әскеріне берілмей қарсылық көрсетті: Алты ай бойы.
Отырар билеушісі Ғайыр ханның монғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: Жақтастарының (Қараша-хажибтің) сатқындығы.
Шыңғысхан әскеріне үш ай бойы қарсылық көрсеткен қала: Сығанақ.
Шыңғысхан әскеріне 15 күндей берілмеген қала: Ашнас.
Монғол әскеріне қатты қарсылық көрсеткен қалалар: Сыр бойындағы қалалар.
Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне өткен уақыты: 1219–1220 жж.
Қазақстан аумағы толығымен Шыңғысхан империясының құрамына кірді: 1224 жылы.
Ұлыстардың құрылуы
Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды. Қазақстан жері Шыңғысханның үш баласының қол астына қарады.
Шыңғысханның үлкен баласының ұлысы – Жошы ұлысы: Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейін. Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығыс бөліктері.
Шыңғысханның екінші баласының ұлысы – Шағатай ұлысы: Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Орта Азия.
Шағатай ұлысының орталығы: Алмалық.
Шағатайдың жазғы ордасы орналасқан жер: Іле бойындағы Құяш.
Шыңғысханның үшінші баласының ұлысы – Үгедей ұлысы: Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы.
Үгедей ұлысы жойылған жыл: 1251
Ұлы хан атағын алғаннан кейін Үгедей тұрған қала: Қарақорым.
Шыңғысханның кіші баласының ұлысы – Төле ұлысы: Монғолия жері.
Шыңғысхан қайтыс болды: 1227 жылы.
1259 жылы ұлы хан Мөңке қайтыс болғаннан кейін, Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас шиеленісе бастады.
Монғол империясы бірнеше дербес ұлыстарға бөлінді: 1260 жылы.
Алтын Орда (XIII ғ. Ортасы – XV ғ. Ортасы)
Алтын Орданың құрылуы
1235 жылғы бүкілмонғолдық құрылтайда қабылданған шешім: Батысқа (Еуропаға) жорық жасау.
Еуропаға жорықты бастаған монғол ханы: Батый.
Батысқа жасалған жорықтың жылдары: 1236 – 1242 жж.
Батысқа жасалған жорық созылды: 7 (жеті) жылға.
1236–1242 жылдардағы жорықтар нәтижесінде Солтүстік Кавказ, Қырым бойы, Орыс кінәздәктері, Шығыс Еуропа елдері өздерінің Алтын Ордаға тәуелділігін мойындап мәбүрленді: алым-салық төлеп отыруға.
Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет: Алтын Орда.
Шығыс деректеріндегі Алтын Орданың атауы: Жошы ұлысы.
«Алтын Орда» атауы орыс деректерінде пайда болды: XVI ғасырдың аяғында.
Алтын Орданың астанасы: Еділ бойындағы Сарай-Бату.
кейін Сарай-Берке.
Алтын Орданының негізін қалаған: Батый хан.
Батый ханның Алтын Орданы билеген жылдары: 1227 – 1255 жж.
Батый ханның кезінде Алтын Орданың аумағы: Алтай тауынан Дунай өзеніне дейін.
Батый ханнын әділдігі туралы дерек қалдырған парсы тарихшысы: Жувейни.
«Оның ордасында саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарлар алып келді. Ол (Батый хан) тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».
Орыс жылнамалары бойынша Батый хан Алтын Орданың экономикалық қуатын арттыру үшін ерекше көңіл бөлген: Қалалық өмірдің жандануына.
Алтын Орданың күшейуі
Батый ханнан кейін Алтын Ордада билік басына келген: Берке хан (1255–1266 жж.).
Алтын Орданың Батыйдан кейінгі Беркенің тұсындағы жағдайы: Монғол империясынан бөлініп, тәуелсіз мемлекетке айналды.
Берке хан ислам дінін қолданды: мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту мақсатында.
1262 жылы Алтын Орда Берке ханмен өзара достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберген: Мысыр сұлтаны Бейбарыс.
1266 жылы Кавказ жеріне жорықта Берке хан қаза тапқаннан кейін оның орнына хан тағына отырған: Меңгу-Темір (1266–1280 жж.).
Алтын Орда Меңгу-Темір хан тұсында: Өз ақшасын шығара бастады.
XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда мен Египет арасындағы байланысқа кедергі болуға тырысқан мемлекет: Византия.
1271 жылы Меңгу-Темір Византияға қарсы жорыққа шығады. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келеді. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартты.
1290-1312 жылдары Алтын Орда билік жүргізген хан: Тохты.
Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырып, Мысыр мәмлүктерімен тығыз қарым-қатынаста болған. Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосты.
Алтын Орданың гүлденген кезі:
Өзбек ханның билік құрған жылдары: 1312 – 1342 жж.
Жәнібек ханның билік құрған жылдары: 1342 – 1357 жж.
Өзбек хан 1312 жылы Алтын Ордада ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады.
Алтын Орда мемлекеті мұсылмандық мемлекетке айнала бастады: XIV ғ.
Алтын Орданың әлсіреуі
Алтын Орда ішінде алауыздық күшейген кезең: XIV ғасырдың екінші жартысы.
1357–1380 жылдар аралығы Алтын Ордадағы «Ұлы дүрбелен» кезеңі.
1357–1380 жылдар арасында жиырмадан (20) астам адам хан болды.
Куликово шайқасы болған жыл: 1380 жылы 8 қыркүйек.
Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңілген Алтын Орда әскеріне қолбасшылық еткен: Мамай.
Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Мамай ордасын басып алды: 1380 жылы.
Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыс хан Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеді: 1382 ж.
Мамайдан кейін Алтын Ордадағы билікті басып алып, 1382 жылы Мәскеуге жорық жасаған Жошының ұрпағы: Тоқтамыс.
XV ғасырдың ортасында Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттер: Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары.
1502 жылы қайтыс болған Алтын Орданың соңғы билеушісі: Шейх Ахмед.
Қоғамдық құрылысы
Алтын Ордада атқарушы биліктің орталық органы: Диуан.
Алтын Ордада әскери істерге басшылық еткен: беклербек.
Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала: азаматтық істер.
Алтын Ордада салық жинаумен, сонымен қатар халық санағын өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын ұйымдастыру жұмыстарын атқарған: Даруғалар.
Алтын Ордада жергілікті халықты басқару қызметін атқарумен қатар, әскери бақылау жүргізген, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысқан: Басқақтар.
Алтын Ордада салық жинаумен айналысқандар: Даруғалар, басқақтар.
Алтын Ордада жергілікті атқару билігін жүзеге асырған түрік әулеттерінен шыққан әкімдер: мәліктер.
Алтын Ордадағы іс-қағаздарын жазушылар атауы: Білікшілер (хатшылар).
Алтын Ордада ислам діні қабылданғаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен, дәлірек айтқанда, орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізген.
Ақ Орда (XIII – XV ғ. Басы)
Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы
Қазақстан аумағындағы монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет: Ақ Орда.
Ақ Орданың этникалық негізі бірыңғай жергілікті түрік тілдес ру-тайпалары.
ХІІІ ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген мемлекет: Ақ Орда.
Ақ Орданың аумағы қамтыған жерлер: Орда Ежен мен Шайбан хандарының жері.
Ақ Орда мемлекетінің аумағы: Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығы.
Ақ Орда мемлекетінің астанасы: Сығанақ.
Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы
Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы бөлінеді: 3 (үш) кезеңге.
Ақ Орда билеушілерінің Алтын Ордадан бөлініп, жеке мемлекет болу үшін күрес жүргізуі.
Ақ Орда хандарының Алтын Орданың ішкі істеріне белсене араласуы.
Ұрұс ханның және оның ұрпақтарының Әмір Темірге қарсы күрес жүргізуі.
Ақ Орданың негізін қалаған: Орда Ежен.
Орда Ежен билік құрған мемлекет: Ақ Орда.
Ақ Орданың алғашқы ханы: Сасы Бұға (1309-1315 ж.).
Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған уақыты: XIV ғасырдың екінші ширегі.
Ерзен ханның (1315-1320 жж.) тұсында:
Ақ Орданың қалалық мәдениеті дамиды.
Сығанақ Орта Азия мен Шығыс Дешті Қыпшақтың арасындағы басты сауда орталығына айналды.
Ақ Орданың ханы Мүбәрак (1320-1344 жж.):
1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырды.
Алтын Орданың ханы Өзбек пен Мүбәрак ханның арасындағы күресте Мүбәрак жеңіліске ұшырап, қырғыздар жері мен Алтайға қарай кетуге мәжбүр болды.
Ақ Орданың күш-қуатын нығайтқан хан: Ұрұс хан (1361-1376 жж.)
Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп тәуелсіз хандық болды.
1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге шығарады.
1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады.
Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның Еділ бойынан Сыр бойындағы иелігіне оралуының себебі: Орта Азияда Әмір Темірдің күшеюі.
Ұрұс хан жол бойында өзіне көмектесуден бас тартқан Маңғыстау билеушісі Түй-Қожаны жазалайды. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды.
Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы түпкі мақсаты: Ақ Орданы да, Алтын Орданы да басып алу.
1376 жылы қайтыс болған Ақ Орда ханы: Ұрұс хан.
1379 жылы Тоқтамыстың Темір-Мәлікті (Ұрұс ханның екінші баласы) жеңіп басып алған қаласы: Сығанақ.
Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Мамай ордасын басып алды: 1380 жылы.
Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған Әмір Темір 1395 жылы Ақ Орда тағына отырғызды: Қойыршақ оғланды.
Ақ Ордадағы оғлан – ұлыс билеушісі.
Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ (1423-1428 жж.).
Ақ Орда билеушісі болған Барақтың мақсаты: Сырдария бойындағы қалаларды қайтару.
Әмір Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады.
Ақ Орда мемлекетінің өмір сүруін тоқтатты: XV ғасырдың басында.
Ақ Орданың орнына келген мемлекет: Әбілқайыр хандығы.
Қазақ халқының қалыптасып, мемлекетінің құрылуына зор тарихи рөл атқарған: Ақ Орда.
Моғолстан (XIV ғасырдың ортасы–XVI ғасырдың басы )
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы
Шағатай ұлысының ыдыраған уақыты: XIV ғасырдың ортасы.
Шағатай ұлысының ыдырауы нәтижесінде Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында құрылған мемлекет: Моғолстан.
Моғолстан мемлекетінің құрылған уақыты: 1346 жылы.
Шағатай ұлысының батыс бөлігі – Мауараннахрда құрылған мемлекет Әмір Темір мемлекеті.
Моғолстан мемлекетін құруда белді рөл атқарған дулат тайпасының әмірі Поладшы.
Әмір Поладшының хан болуға құқы болмаған. Себебі, Моғол хандығының тағына негізінен Шыңғыс тұқымдары отырған.
Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханы болып сайланған: 1348 жылы Тоғылық-Темір.
Ол Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі.
Моғол хандығында билік еткен әулет: Шағатай.
Моғолстан мемлекетінің құрамына кірген Қазақстанның аймағы: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу.
Моғолстан мемлекетінің аумағы туралы жазылған еңбек: «Тарих-и Рашиди».
Былай деп көрсетілген: «...қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденені 7-8 айшылық жол...».
Моғолстанның орталығы (астанасы): Алмалық.
Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, барлас...
XIV ғасырдың ортасы – XVI ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстік-шығысында өмір сүрген мемлекет: Моғолстан.
Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы
Моғолстан мемлекетінде билік еткен әулеттің негізін қалаған бірінші хан: Тоғылық–Темір (1348 – 1362 жж.)
Тоғылық–Темір мұсылман дінің мемлекеттік дін ретінде қабылдады.
Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстанда Тоғылық–Темір тұсында бір күнде ислам дінін қабылдаған адам саны: 160 мың.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азиядағы билікті қалпына келтіруге әрекет жасады.
Тоғылық-Темірдің Мәуараннахрға жорық жылдары: 1360-1361.
Екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мәуараннахрдың хан тағына отырғызды.
Әмір Темір мен Ілияс-Қожа арасында Ташкент қаласының маңында «Батпақ шайқасы» болды: 1365 жылы 22 маусым.
Кескілескен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған. «Батпақ шайқасынан» кейін Моғол ханы Самарқанды қоршауға алады. Бірақ моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастағандықтан шегінуге мәжбүр болды.
Ілияс-Қожа тұсында билік үшін талас-тартыстар күшейе түсті. Осы кезде Моғол хандығында билік жүргізген дулат тайпасының атақты әмірлері Камар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-дин.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары әскер аттандырды Моғолстанға.
Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қала кірмейді.
1375-1377 жж. екінші жорықта Оңтүстік Қазақстан арқылы Жетісудың Шарын өзеніне дейін жетті.
1377 жылы Қамар ад-дин Әмір Темір әскерлерінен екі рет күйрей жеңілген: 1. Қаратау етегінде 2. Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында.
1371 жылдан 1390 жылға дейін Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтарының саны: Он шақты рет.
1380 жылдың аяғында Әмір Темірге қарсы одақ құруға әрекет жасаған: Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері.
1390 жылдары Әмір Темірге өзінің тәуелділігін мойындауға мәжбүр болған Моғол ханы: Қызыр-Қожа (1380 – 1399 жж.)
Моғолстан Темір әулетінің тәуелділігінен құтыла бастады: Мұхаммед ханның кезінде.
Моғол ханы Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланды. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта, ол Ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жетті.
Моғолстанда Мұхаммед ханның билік құрған жылдары: 1408-1416 жж..
1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасаған Темір ұрпағы: Ұлықбек.
Мұхаммед хан қаза болғаннан кейінгі билік үшін талас-тартысты пайдаланып, Темірдің немересі Ұлықбек, өзін жақтаушы Шер-Мұхаммедтің хан болуына көмектеседі. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Уәйісті (1418-1428 жж.) хан тағына отырғызады.
1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін, билік үшін таласқан балалары: Жүніс пен Есен-бұға.
Моғолстанда дулат әмірлерінің қолдауымен Есен–бұғаның хан тағында отырған уақыты: 1433-1462 жж.
Моғолстан мемлекеті ыдырай бастады: Абд ар-Рашид хан кезінде.
Моғолстанның ыдырауына себеп болған: Хандық билік үшін талас.
Моғолстанның қоғамдық құрылысы
Моғол ханына мемлекет басқаруда көмектескен: Ұлысбектер.
Моғол хандығында мұрагерлерді таққа отырғызу, көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар жасау сияқты мәселелерді шешуде аса маңызды рөл атқарған.
Моғол мемлекетіндегі дулат тайпасының мұралық лауазымы: «Ұлысбек».
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығындағы түрік тайпалары басшаларының атауы: «әмір».
Моғол хандығында алым-салық жинап, тәртіпті қадағалаған: Даруғалар.
Моғол хандығындағы ханның аңшылық ісін басқарушы: Миршикар.
Моғол хандығындағы сарай қызметінің басшысы: Ішік аға басы.
Жиын-той, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрді қадағалап отырған: Жасауылдар.
Моғол мемлекетіндегі хан баласының тәрбиешісі: «Атабек».
«Көкілташ» – мұрагердің «тел бауыры».
Моғол хандығында жастай сайланған ханға ақыл беретін кеңесші: «Наиб».
Әмір Темірдің жорықтары
Тарағай бектің баласы Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары: 1336-1405 жж.
Әмір Темірдің шығу тегі: Түркіленген барлас тайпасы.
Әмір Темір Мәуереннахрды басып алды: 1370 жылы.
Әмір Темір жеке-дара билік жүргізген: 35 жыл бойы.
Әмір Темір мемлекетінің территориясы: Мауараннахр.
Әмір Темірдің Алтын Орданы басып алмас бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеген мақсатына табылған себеп: Ұрұс хан жазалаған Түй–Қожаның ұлы Тоқтамыстың Темірге қашып баруы.
Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы мақсаты: Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алу.
Ақ Орда билеушілерінен Сауран түбінде 1374-1375 жылдары жеңіліске ұшыраған: Тоқтамыс.
Ақ Орданың Әмір Темірден жеңілу себебі: 1376 жылы Ұрұс хан мен оның үлкен ұлы Тоқтақияның қаза болуы.
Ақ Орда ханы Темір Мәлік пен Тоқтамыстың арасында 1377 жылы шайқас өткен жер: Сауран.
1379 жылы Тоқтамыс Темір-Мәлікті жеңіп біржола басып алған қала: Сығанақ.
Әмір Темірдің көмегімен өзін Ақ Орда ханы деп жариялаған: Тоқтамыс.
Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Мамай ордасын басып алды: 1380 ж.
ХІV ғасырдың 90 жылдары Алтын Орда жеріндегі тартыстар: Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында.
Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жерде болған шайқас уақыты: 1391 жылы 18 маусым.
Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы шешуші шайқас болды: 1395 жылы Терек өзенінің жағасында.
Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында көрініс тапты.
1390 жылдардағы жорықтан кейін Темірге толық тәуелділікке түскен: Моғолстан.
Әмір Темір жорықтарының Қазақ жеріне тигізген әсері: Экономикасының, мәдениетінің дамуына адам айтқысыз зардабын тигізді.
Әмір Темір 1405 жылы қаза болған қала: Отырар.
Ноғай Ордасы
Ноғай деген атау қайдан шыққан: Адамның аты.
Ноғай Ордасының аты Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшы болған Ноғайдың есімімен аталған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын жүргізген. Ноғайға қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі атанып кеткен.
Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасының құрылуына себеп болған: Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі.
Ноғай Ордасының алып жатқан жері: Еділ мен Жайық аралығы.
Ноғай Ордасының орталығы: Сарайшық.
Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт: Х ғасыр.
Сарайшық қаласының дәуірлеген кезі: XIII-XIV ғғ.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болған Жайық бойындағы қала: Сарайшық.
Сарайшық қаласы біржолата қирады: 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан.
Ноғай Ордасында саны жағынан ең көп тайпа: Маңғыт.
Ноғай Ордасының екінші аты: Маңғыт елі.
Ноғай Ордасының іргесін қалаған: Едіге.
Ноғай ордасының Алтын Ордадан бөлінуі осы билеушінің тұсында басталды Едіге.
Едігенің Ноғай Ордасында* билік құрған жылдар: 1396-1411 жж.
Едіге Ноғай Ордасын басқарды: 15 жылдай.
Алтын Орданы басқарған Едігенің атағы: «беклер бек», оның билігі шексіз болды.
Маңғыт елі шығарған эпос: «Едіге».
Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөлініп шығып, жеке мемлекет болды: Нұр ад-диннің кезінде (1426-1440 жж).
Ноғай Ордасының ыдырай бастаған уақыты: XV ғасырдың басы.
Ноғай Ордасының бірнеше иеліктерге бөлінуіне себеп болған жағдай: 1550 жылдардың ортасында Қазан, Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуы.
1550 жылдардың ортасында Ресейге қосылған хандықтар: Қазан, Астрахан.
Ноғай Ордасының иеліктері қосылған өңір: Кіші жүз.
Алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған ғалым: Ш.Уәлиханов.
Ноғай Ордасымен шекарасы ортақ емес мемлекет: Моғолстан.
Ноғай Ордасында билеушінің титулы: Хан.
Ноғай Ордасында түрік тайпаларының басшылары: «мырза».
Ноғай Ордасында билік бидің қолында болды, ал қалған мемлекеттерде хандық мұрагерлік жолмен сақталып отырған.
XIII-XV ғасырлардағы Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір
Батыс Сібір жеріндегі туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігінде басты рөл атқарған тайпа: Керейіттер.
Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін, Жошы ұлысының, одан соң Алтын Орда құрамына енгенін жазған парсы тарихшысы Рашид ад-Дин.
Алтын Орданың ханы Батый Сібір жерін Шайбанға сыйға тартқан. Батыс Сібір Шайбани әулетінің жері саналғанмен, елді басқару тайбұғалықтардың қолында болды.
XIV ғасырдың аяғында Тобыл, Тура және Тобда өзендерінің аңғарында шайбаниліктер құрған хандық: Түмен хандығы (Батыс Сібір хандығы).
Батыс Сібір хандығының негізгі жерлері: Тобыл, Тура өзендерінің аңғары.
Батыс Сібір хандығының астанасы Қызыл-Тура.
Қазір ол қаланың орнында орналасқан қала: Тюмень.
Ақ Орда ханы Барақтан жеңілген Шайбани ұрпағы Махмұд-Қожа Батыс Сібірге қашып келіп, ноғайлардың қолдауымен хан болды.
1428 жылы Махмұд-Қожаны жеңіп, Батыс Сібірді өзіне қаратқан: Әбілқайыр хан.
Әбілқайыр хан қаза болғаннан кейін Батыс Сібірде билікті өз қолына алған: Ибақ хан.
Ол қазақ хандары Жәнібек, Кереймен одақтасып, Әбілқайырдың мирасқоры Шайх-Хайдарды өлтірді.
Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым–қатынасын орнатқан хан: Ибақ хан.
1481-1484 жылдары орыс мемлекетіне екі рет елшілік жіберген.
Ибақтың тайбұғалықтарды биліктен шеттетуі жергілікті шонжарлар тобының наразылығын туғызып, олар тайбұғалық Мұхаммедтің басшылығымен 1495 жылы Ибақ ханды өлтіреді.
Әбілқайыр хандығы
(1428 – 1468 жж.)
Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы, этникалық құрамы
Ақ Орданың ыдыраған уақыты: XV ғасырдың 20-жылдарында
Ақ Орда ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталды.
Әбілқайырды екі жүзден астам ақсүйек-шонжарлар (20-дан астам тайпалардың өкілдері) хан сайлады: 1428 жылы.
Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен.
Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілқайыр хандығы құрылды XV ғасырдың басында.
Әбілқайыр ханның билік құрған жылдары: 1428 – 1468 жж.
Тарихи жазба деректердегі Әбілқайыр хан құрған хандықтың атауы: «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы», «Қыпшақ хандығы».
Әбілқайыр хандығының шығысы шектескен жер: Балқаш.
батысында – Жайық.
оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.
солтүстігінде – Тобыл мен Ертіс өзендерінің орта саласы.
XV ғасырда Әбілқайыр хандығы орналасқан аймақ: Шығыс Дешті Қыпшақ.
Әбілқайыр хандығының астаналары: 1428–1431 жылдары Тура.
1431–1446 жылдары Орда-Базар.
1446–1468 жылдары Сығанақ.
Әбілқайыр хандығының астанасы: Сығанақ.
Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан құралған.
Әбілқайыр хандығының халқының басым көпшілігі: қыпшақтар.
Әбілқайыр хандығы негізгі үш халықтан (шайбани, қарақалпақ, қазақ) тұрғандығын және олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар деп айтқан тарихшы: Рузбихан.
Әбілқайыр хандығының саяси тарихы
1431 жылы Тоқа-Темір ұрпақтары мен Әбілқайыр хан арасындағы шайқас болған жер: Екіретүп.
XV ғасырдың 40-жылдарында Әбілқайыр хан Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады.
Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш-жігерін жұмсаған жер Ақ Орданың оңтүстік аудандары – Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары.
Әбілқайыр хан тұсындағы Жәнібек пен Керей сұлтандардың иеліктері: Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары.
Әбілқайыр ханның Самарқанды басып алған жылы: 1446
Әбілқайыр хан Атбасар маңында Мұстафа ханды жеңгеннен кейін Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент сияқты экономикалық жағынан маңызды қалаларды басып алады.
Әбілқайыр Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліс тапты: 1456-1457 жылдары Сығанақ қаласы түбінде.
Әбілқайыр хан өзіне бағынбай, Жетісу аймағына ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалау мақсатымен Моғол хандығына қарсы жорыққа шықты: 1468 жылы.
Әбілқайыр қайтыс болған жер: Алматы маңындағы Аққыстау.
Әбілқайыр хан (XV ғ.) жерленген кесене: Көккесене.
Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айрылды: Қазақ хандығының құрылуымен.
XIII–XV ғғ. Қазақстан аумағындағы хандықтардың мемлекеттік-әкімшілік құрылысы
Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы сияқты басқа да мемлекеттердің әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделді.
Хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны құрылтай жылына бір рет шақырылды.
Қарапайым халыққа берілген атау: «қараша».
Шыңғыс хан тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері: Інжулік жерлер.
Алтын Орда хандарының інжулік жерлері: Еділ бойы.
Шағатай мемлекетінің інжулік жері: Шу, Іле, Талас алқаптары.
Жазба деректерге қарағанда, жер иеленудің төрт түрі болған:
Мемлекеттік жер (тікелей хандардың қарамағындағы жерлер).
Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері.
Вақфтық жерлер.
Шаруалардың мүліктік жерлері.
Орта ғасырлардағы вакфтық деп аталған жерлер: Дін иелерінікі.
Әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер: Сойырғал.
Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық: Тағар.
Жер көлеміне байланысты егіншілерден алынатын салық: Қалан.
Мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық: Құшыр.
Ұшыр, харадж, баж салықтарын төлеген: егіншілер мен қала тұрғындары.
Хан мен сұлтандардың пайдасына шариғатқа негізделіп салынған салық: Зекет.
XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
XIV–XV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
Монғол шапқыншылығынан кейін халықтың ауыл шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмірі қайта жандана бастады: XIII ғ. аяғында.
XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының басты саласы: Мал шаруашылығы.
Көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар: Шығыс Дешті Қыпшақ (Орталық және Солтүстік Қазақстан), Батыс Қазақстан.
Көшпелі мал шаруашылығында көшу бағыттарының қашықтығы: 800-1000 км.
Іле алқабындағы қалалық мәдениет мүлде құрып біткен уақыт: XIV ғасырдың басы.
1269 жылы Талас жағасында өткізілген құрылтайда шығарылған заң бойынша тыйым салынды: отырықшы халық пен қала тұрғындарынан белгіленген алым-салық көлемінен артық алуға.
Орта ғасырларда оңтүстік өңірде қалалық тіршіліктің жандана бастағандығы туралы Монғолияға сапарындағы күнделігінде жазған армян патшасы: І Гетум.
Ақ Ордада қалалық өмірдің қайта өрлеуіне үлкен әсерін тигізген қала: Сығанақ.
Ақ Орда кезінде Сығанақта және оның аймағындағы қалаларда мешіт, медреселер салынып, қоғамдық құрылыстар көбейді: Ерзен ханның кезінде.
Жазба деректердегі Төменарық, Бозғыларық каналдары орналасқан: Сығанақ төңірегінде.
Қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығына дәлел. Егіншілік Қаратаудың күнгей және теріскей жағынан шығатын өзендер мен бұлақ бойларында жүргізілген.
Орта ғасырдың кейінгі кезіндегі (XIV ғ.) қалалық өмірде дамыған кәсіптің басты бір саласы: Қыш ыдыс-аяқ жасау.
Кейінгі орта ғасырдағы Қаратаудың солтүстігіндегі ыдыс жасайтын шеберханалар орны табылған қала: Раң.
Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Күлтөбе, Раң қалаларында ыдыс жасайтын шеберханалар аршылған. Отырарда шеберханалардың аумағы 2 гектарға жуық жерді алып жатқан.
Отырар қаласында ХIII-ХІV ғасырларда жасалған керсендерде салынған суреттер: Құстар мен хайуанаттар.
Отырар, Тараз қалаларында әйнек жасау ісі басталған мерзім: Х-ХІ ғасырлар.
Әйнек жасау кәсібі қайта жандана бастаған кез: XIII ғасырдың аяғы.
XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария бойындағы қалаларда өркендей бастаған кәсіп: Кірпіш күйдіру.
Отырар қаласының оңтүстік-батысынан екі жерден кірпіш күйдіретін шеберхананың орны табылған.
Кейінгі ортағасырлық Отырардан табылған күміс бұйымдар көмбесіндегі сұрау белгісі бар сырғалар зерттеушілер пікірі бойынша: Қыпшақтардікі.
XIV–XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
Материалдық мәдениет
XIV-XV ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі: Мал басынан алынды.
ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, пайдаланылған киіз үйдің түрлері: арба үстіне тігілген, жылжымалы түрі.
Жылжымалы үйлердің ішіндегі ең белгілісі: Күйме.
Орта ғасырларда Қазақстан халықтарының киім-кешектері негізінен жасалған метериал: жүн мен тері.
XIV-XV ғасырларда Қазақстан халықтарының жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған бас киімі: Айыр қалпақтар.
Қыстың суық күнінде елтіріден жасалған бас киімдер киген.
ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазған: Еуропа саяхатшылары.
Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны «айран» деп атайтындарын жазған: В. Рубрук.
Рухани мәдениет
Рухани мәдениет - белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі. Рухани мәдениетке халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады.
XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы: Фольклор.
Ауыз әдебиеті түрік дәуірінен бастау алған.
Ғарыш пен Жердің ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз: «Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы».
Ауыз әдебиетіндегі кең тараған жанрлар: Ертегілер.
XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні өте зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілер: «Жерден шыққан Желім батыр», «Құламерген», «Жоямерген», «Ертөстік», «Керқұла атты Кендебай».
VI-VIII ғасырларда бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністермен толықтырылып, эпостық жырға айнала бастады: XIV-XV ғғ.
XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін эпостық жыр: «Қобыланды батыр».
Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жырлар: «Орақ-Мамай», «Ер Қосай», «Ер Тарғын».
XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзияның өкілдері: Асан Қайғы, Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау.
Шыңғысханмен жыр арқылы сұхбаттасқан (Жошының өлімін хабарлаған): Кетбұға.
Қазақ хандығы құрылған кезде мемлекеттін ұраншысы, насихатшысы, «көшпелілер философы» атанған: Асан Қайғы.
Қазақстан аумағында XIII-XIV ғасырларда халық ауыз әдебиетімен қатар жазбаша әдебиет дамыды: Қыпшақ тілінде.
XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды: «Оғызнама», «Кодекс Куманикус».
XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланылған еңбек: «Кодекс куманикус».
XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы: «Хұсрау мен Шырын».
Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбын арқау еткен Дурбектің поэмасы: «Жүсіп-Зылиха».
XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасы: «Мухаббатнама».
XIII-XV ғасырларда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазып қалдырған: Якуб, Рузбихан, Карпини, Рубрук, Марко Поло.
XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер: «Ескендір», «Шора батыр», «Қамбар батыр».
Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар: «Ақсақ құлан», «Ел айырылған» (Асан Қайғы), «Жошы ханның жортуы», «Сағыныш» (Қазтұған).
Діни наным–сенімдер
Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағандығы туралы жазылған «Ислам діні» мақаласының авторы, қазақтың тұңғыш ғалымы: Ш.Уалиханов.
«Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді» - деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты: «Шыңғыснама».
«Шыңғыснаманың» авторы: Өтеміс қажы.
XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар: Өзбек хан, Тоғылық-Темір хан.
XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан: Тоғылық-Темір хан.
Қазақстанда ислам дінінің тез қанат жая бастауының тағы бір себебі: ислам дінінің суфизм тармағының таралуы.
Себебі суфизмнің кейбір идеялары мен әдет-ғұрыптары шаманизмнің наным-сенімдеріне жақын болған.
Қуаңшылық жылдары, қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының атауы: Тасаттық.
Тіл-көз тиюге қарсы, киелі аң-құстың тісінен, тырнағынан, қауырсынынан жасалып, мойынға тағылған зат: Бойтұмар.
Қазақстанның байырғы тұрғындарының түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы: Көк тәңірі.
Отпен тазарту ырымының атауы: «аластау».
Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі ислам.
Қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды: XVI-XVII ғғ.
XIV-XV ғасырларда Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтар арасында екі діннің наным-сенімдері қатар өмір сүрді. Бұл діндер: Ислам діні мен шаманизм.
Қазақстанның XIV–XV ғасырлардағы сәулет өнері
XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек кесенесі, Тектұрмас.
Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан кесене: Арыстан баб кесенесі.
Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб өмір сүрген уақыт: VII-VIII ғасырларда.
Құлап қалған Арыстан баб күмбезін XIV ғасырда қайта салғызған: Әмір Темір.
Арыстан баб кесенесіндегі бөлмелер саны: 2.
Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын: Қожа Ахмет Йасауи.
Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан қала: Түркістан.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл: 1397 ж.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл: 1399 ж.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі ең негізгі бөлме: Кітапхана.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі басты бөлме: көрхана.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің биіктігі: 37,5 м.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі үлкенді-кішілі бөлмелер саны: 35
XV ғасырдың екінші жартысында салынып жартылай сақталған ескерткіш: Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі.
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіндегі бөлмелер саны: 5 (бес).
Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпы тасы табылған жер: Ахмет Иассауи күмбезінің ішінен.
Рабиға Сұлтан Бегім Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы, 1485 жылы қаза болған.
Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене: Алаша хан кесенесі.
XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш.
Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене.
Алаша хан кесенесінің қабырғалары: Сыртқы жағынан кереге көзді кілем тәрізді.
Ақ Орданың орталығы Сығанақ қаласының маңында, Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене: Көккесене.
Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған кесене: Көккесене.
Көккесенеде Әбілқайыр хан жерленген.
Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы: Жошы хан кесенесі.
Қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған ғимараттар: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Көккесене, Алаша хан.
Жеріміздегі сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғандығының дәлелі: Құрылыс материалдарының жоғары сапалы болуы.
XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер: Ғимаратты күмбез шатырмен жабу.
Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы экономикалық жағдайы
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың төрт кезеңге бөлінген жайылымы: Маусымдық жайылым.
XVI-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының таза малмен айналысатын түрі: Көшпелі.
XVI-XVII ғасырларда түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға таңдалған жер: Қызылқұм шөлі.
Қыста көшіп-қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі: Жұт.
Малға түрлі жұқпалы аурулар тиген: ешкіге–кебенек, қойға–топалаң, сиырға–қарасан, жылқыға–жамандат, түйеге–ақшелек.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар үшін көктем кезіндегі маңызды іс: Мал төлдету.
Көктемгі көштің қозғалуы жас төлдердің жағдайына байланысты ұзақтығы: 8-10 шақырым.
Көктемгі көштің қозғалуы жас төлдердің жағдайына байланысты ұзақтығы күніне 8-10 шақырымнан аспады. Осындай көшке берілген атау: «Қозы көш».
Көктеуден жайлауға көшу басталған мерзім: Мамыр айының басы.
XVI-XVII ғасырларда қазақтар жайлауға көшерде салмақты, көлемді ауыр жүктеді: Көмбеге, қоймаға жасырып тығып кетті.
Маусым айының аяғында тоқтыларды тереңдеу судан айдап өткізу: «тоғыту».
Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл: «Қозы күзем».
Қой мен ешкіден – жүн, түбіт, жылқыдан – қыл, түйеден – шуда алынады.
Көшпелі қазақтар суық басталысымен жайлаудан көшті: Күзеуге.
Күздеудегі малшы ауылдар қыстауға көшуге әзірленді: Қараша айының соңында.
Көшіп-қонуға күш-көлігі жоқ, жайлауға апаратын малы жоқ, егіншілікпен айналысқан кедейлер: Жатақтар.
Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын: шубат.
Қазақ халқының өмірінде ертеден дамыған қолданбалы өнеріне жатпайтын кәсіп: жерді суландыру.
Дешті Қыпшақ үшін «сауда аймағы» болған қала: Сығанақ
Қасым ханның тұсында хандықтың ордасына айналды.
Йасы қаласы Түркістан атанған уақыт: XIV ғасыр.
XVII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының астанасы: Түркістан.
Түркістан қаласы Қазақ хандығына өтті: XVII ғ. екінші жартысы.
Есім хан мен Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенелері орналасқан қала Түркістан.
Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған қала: Сауран.
Сауран қаласы Қазақ хандығына түпкілікті өтті: XVI ғасырда.
Сауран үшін Өбек пен Қазақ хандығының арасында 1 (бір) ғасырға созылған қанды шайқастар болды.
Сайрам қаласының XVI ғасырдың аяғында экономикалық жағынан құлдырау себебі: Жоңғар шапқыншылығы.
Тарихи деректерде VIII ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) атауымен белгілі болған қала: Отырар.
Моңғол шапқыншылығынан кейін қайта жанданып, XVII ғасырға дейін өмір сүрген қала: Отырар.
V-XV ғасырларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда-саттық жүргізіп тұрған орталық болған.
Отырар қаласына жақын жерде А.Йасауидің рухани ұстазы Арыстан бабтың кесенесі орналасқан.
XVII ғасырдың аяғында Қазақстандағы қалалардың құлдырауының себебі: Жоңғар шапқыншылығы мен Орта Азия хандықтарының жорықтары.
XVI–XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті
Материалдық мәдениет. Қоғамның тұрмыс тіршілігі
Қыздардың үйлену тойындағы бас киімі: Сәукеле.
Әйелдердің тұрмысқа шыққан соң бір жылдан кейінгі бас киімі: Желек.
Түйе жүнінен тоқылған ерлердің сырт киімі: Шекпен.
Мардикар дегеніміз қоғамдық жұмыс.
Жұт немесе басқа табиғи апаттарға байланысты малы қырылса, өз туыстарынан көмек сұрау құқығы: Жылу.
Байлардың малын кедейлерге бағу үшін беруі: Сауын.
Жақын адамдардың бір-біріне өте қауырт, қажетті жұмыс кезінде көмекке келуі: Асар.
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
XVI-XVII ғғ. қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізген: Жоңғар шапқыншылығы (феодалдық соғыстар).
Қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды: XV ғасырда.
Тіл ғылымын зерттеушілердің айтуына қарағанда, кердері тілінде тараған шығарма: «Наһжи әл Фарадис».
Керейлер тілінде тараған поэмалар: «Ер Көкше», «Базар батыр».
Дулат-үйсін тілінде тараған: «Талас ескерткіштері».
Қазақ халқының арасында алшындар арқылы тараған жырлар: «Едіге», «Ер Сайын».
XV-XVII ғасырларда – Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде әдеби тіл ретінде қолданылған: көне қыпшақ тілі.
XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Ақтамберді, Шалкиіз т.б.
1490 жылы Азов қаласында туған (1523 жылы Астраханда қайтыс болған) жырау: Доспамбет.
Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы, батыры болған жырау: Жиенбет жырау.
1627 жылы Есім ханға қарсы шыққан Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан жырау: Жиенбет жырау.
Лирикалық-эпостық жырлар: «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Күлшеқыз», «Мақпалқыз».
Қазақтың өлең-жыр өнерінде көп тарағаны: Терме.
Бұл әр алуан ырғақпен, қысқа қайырып айтатын өсиет, насихат түрінде болды. Терменің өлең жолдары көбіне 7-8 буында болып келеді. Ақындар термені суырып салып та айтқан. Жыршы-жыраулар болса эпостық және тарихи поэмаларды, ертегілерді, аңыздарды терме ырғағымен айтқан.
Орта ғасырларда өзінің балапандарын қорғаған құстың тағдырын суреттеген күй: «Бозторғай».
Халық арасында кең тараған, көнеден келе жатқан ысқышпен ойналатын аспап: Қобыз.
Орта ғасырларда қамыстан, кейде ағаштан жасалған музыкалық аспап: Сыбызғы.
Қазақтар үшін астрономиялық сағат ролін атқарған жұлдыз: «Жетіқарақшы».
Меркурийді қазақтар «Таң жұлдызы» немесе «Кіші Шолпан» деп атаған.
Тарихи шығармалар
Мұхаммед Хайдар Дулатидің Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде мол дерек беретін, 1541-1546 жылдары жазған құнды шығармасы: «Тарихи Рашиди».
Шығармада XV-XVI ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық жағдайы, қала, егіншілік мәдениеті, Жетісудың тарихы, географиясы – жалпы орта ғасырдағы Қазақстан жайлы құнды деректер бар.
Шығармада Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылады.
XV-XVI ғасырлардағы Моғолстан, Қазақ хандығы жайында құнды тарихи, географиялық мәлімет беретін шығарма: «Тарихи Рашиди».
Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі жазылған тіл: парсы тілі.
Қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады: XVI-XVII ғ.ғ.
Қадырғали Жалаиридің (1530-1605 жж.) қазақ тілінде араб әліпбиімен жазылған (1600-1602 жж.) еңбегі: «Шежірелер жинағы» (Жами ат-тауарих).
Қадырғали Жалаири өзінің «Шежірелер жинағы» атты еңбегін сыйға тартқан орыс патшасы: Борис Годунов.
1588 жылы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлері тұтқынға алып, Мәскеуге алып кетеді.
XVI-XVII ғасырларда қазақ ханзадасы Ораз Мұхаммедтің даңқын жырлаған туынды: «Жами ат-тауарих».
Қадырғали Жалаиридің «Шежірелер жинағы» баспадан шықты: Қазан қаласында 1854 жылы.
«Тарих-и Абулхайр-хани» кітабының авторы: Масуд ибн Усман Кухистани.
XVI ғасырдың ортасында жазылған «Шыңғыснама» шығармасының авторы: Өтеміс қажы.
XVI ғасырдың ортасында жазылған Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шығармасында баяндалады: Жошы хан әулетінің тарихы.
XVI–XVII ғасырлардағы қазақ-монғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалған «Тарих» атты еңбектің авторы: Шах-Махмұд Шорас.
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан тұрады.
Қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы: Ауыл.
Ауылды басқаратын адам: ауылбасы.
Қазақ хандығында жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралған: Ата-аймақ.
Ата- аймақты басқарған: ақсақал.
Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құралған: Ру.
Руды басқаратын басшы: рубасы.
Бірнеше рудан құралған: Арыс.
Арысты басқаратын адам: би.
Бірнеше арыстан құралған: Ұлыс.
Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі: сұлтан.
Бірнеше ұлыстан құралған, тайпалар негізінде қалыптасқан жүздің билеушісі: хан.
Ұлы жүзге жататын рулар: жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, қаңлы.
Орта жүздің құрамындағы тайпалар: арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ.
Кіші жүзге жататын рулар: 12 ата Байұлы, 6 ата Әлімұлы, жетіру.
Үш жүзден құралған хандықтың әміршісі: Ұлы хан.
Хан сайлаудың басты шарты: Шыңғыстың ұрпағы болуы.
Хан тағына малы көп шонжар-сұлтандар сайланды.
Қазақ хан тағына сайлануға құқылы Шыңғыс тұқымдарын біріктірген «ру»: Төре.
Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың: Атақты, сыйлы шонжарлары қатысты.
Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі: «Ханталапай»
Қазақ ханының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы: Төлеңгіт.
Қазақ ханының тұрақтары әскері болмады.
Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді: Көшіп-қонуға.
Бұл тәртіпті бұзғандар жазаға ұшырады немесе айып төледі.
Руды басқаратын билер мен батырлар хан алдында жауапты болды.
Кейбір жағдайда батырлар мен билер ханның билігіне наразылық білдіріп:басқа ханның билігіне көшіп кетіп отырған.
XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығындағы екі әлеуметтік топ: Феодалдар мен қарапайым халық.
Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы
«Қазақ» атауының шығуы
«Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы
Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақстанда қола дәуірінде өмір сүрген: еуропеоидтық өңдес андрон тайпалары.
Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас болғандығын айтқан антрополог ғалым: О. Смағұлов.
Қазақстанға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуы нәтижесінде монголоидтық белгілер дами түсті.
Монғолоидтық белгілер тереңдей түсті: VI-IX ғғ. (ерте орта ғасырда).
Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған: Моңғол шапқыншылығы.
Қазақстанда антропологиялық процестер жаңа өзгерістерге ұшырады: Монғолдардың жаулап алуынан кейін.
Моңғол шапқыншылығынан кейін қазақ жерінде пайда болған түркіленген жаңа этникалық топтар: Маңғыт, барлас.
Моңғол шапқыншылығынан кейін жергілікті ру-тайпалардағы монғолоидтық тұрпат күшейе түсті.
Монғолдардың жаулап алуы нәтижесінде қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдесі кешеуілдеді: 150-200 жылға.
Этносаяси қауымдастық: белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары.
Олар әлі халықтық дәрежеге жетпеген, жеке-жеке ру-тайпалар бірлестігінен құрылған.
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған: Ақ Орда тайпалары.
Жазбе деректердегі Моғол хандығы халқының атауы: Моғолдар.
Ақ Орда тұрғындарының атауы: «Өзбек», «қазақ-өзбек».
«Өзбек» атауының шығуы Өзбек ханның есімімен байланысты.
Ноғай Ордасының тұрғындары: «Маңғыт», «ноғайлар».
Моғол хандығында этносаяси құрамында үйсіндердің орынына уақытша аталған тайпалар: дулаттар.
Үйсіндердің аты қайтадан тарих сахнасына шыға бастады: Қазақ хандығының құрылуымен.
Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы: Жетісу.
XV ғ. қазақ жеріндегі тайпалар саны: 92
XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғанын жазған: Рузбихан.
Өзбек ұлысында XV ғ. үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі және ержүректері қазақтар екенін жазған: Рузбихан.
Өзбек хан хандық құрған кезде қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған.
Рузбихан дерегі бойынша Өзбек хандығындағы шайбанилерге кіретіндер: түркіленген монғол тұқымдары.
Рузбихан дерегі бойынша Өзбек хандығындағы маңғырттарға жататындар: Қарақалпақтар мен ноғайлар.
Қазақтарға жататындар – қыпшақ және басқа да қазақ тайпалары.
Қазақтың халық болып құрылуын жеделдеткен екі этникалық топ: қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы.
Екі этникалық топтың: қыпшақ тайпалар одағы мен үйсіндер одағының бірігуі нәтижесінде құрылған халық: Қазақ.
XV ғасырдың алғашқы кезінен қыпшақ, жалайыр, арғын, қоңырат, дулат, маңғыт, т.б. қазақ және өзбек рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген аймақ: Түркістан аймағы.
Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан XIV-XVI ғ.ғ. Түркістан деп аталды.
Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы кездегі атауы: «өзбек-қазақтар».
XV ғасырдың басында Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың басқа хандықтардың жеріне ауа көшудегі басты мақсаттары: Барған жерлеріндегі ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін.
Қазақ халқы этникалық жағынан шоғырланып, оның этникалық аумағы кеңейді: XVI ғ. басында.
«Қазақ» атауының шығуы
«Қазақ» сөзінің пайда болған уақыты: Көне түрік дәуірі.
Көне түрік тіліндегі «қазғақ оғлұм» сөзі кездесетін жазба деректер: Орхон, Енисей.
Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы: «мықты», «берік», «алып».
«Қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларды әлеуметтік мағынада қолданылған жер: Шығыс Дешті Қыпшақ.
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы: «Араб-қыпшақ» сөздігі.
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: «Еркін», «кезбе».
«Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді» - деп жазған тарихшы: Б.Е.Көмеков.
Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр: Х ғ.
ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: «Еркін адамдар».
«Қазақ» атауының мағынасы жайлы «өз мемлекетінен, руынан бөлініп, жеке өмір сүруші адам» - деген пікірдің иесі: Рузбихан.
«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: XIV ғасыр.
Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт: XV ғасырдың екінші жартысы.
«Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы
IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны: Алаш.
«Алаш» сөзі шамамен алғаш рет қолданыла бастады: ІХ-Х ғғ.
Кейбір шежірелерде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: Алаш.
Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын білдіретін сөз Алаш.
«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы: «Алаша хан».
Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз: Алаша хан.
«Алаша хан» аңызы бойынша Ұлы жүздің негізін қалаған: Үйсін.
«Алаша хан» аңызы бойынша Орта жүзді иеленген: Болат.
«Алаша хан» аңызы бойынша Кіші жүзді иеленген: Алшын.
Алаша хан күмбезі орналасқан өзен: Қаракеңгір.
«Алаша хан» аңызында айтылатын Алаша хан ордасының орналасқан жері: Жезқазған аймағындағы Жаңғабыл өзені бойында.
«Үш жүз» аңызы бойынша Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас: Таңбалы Нұра.
Талас-тартыс болған жағдайда үш жүз өкілдері осы араға келіп, мәселелерін шешті.
Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі: Өз жерін қорғау үшін (Өзі жерін қорғау қажеттілігінен туды).
«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы: Ш.Уәлиханов.
Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қасым ханның тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі
Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі
Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығының нығая түсуі
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеген өңір: Ұлытаудан Есілге дейін жерлер.
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы қоңыраттар мекендеген өңір: Түркістан мен Қаратау аралығы.
Қазақ хандығы құрылу қарсаңында Тарбағатай, Жетісу, Ертіс, Зайсан көлі маңын мекендеген тайпа: Керейлер.
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында үйсіндер мекендеген өңір: Жетісу.
Арғындар – Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстан.
Дулаттар – Іле, Шу, Талас бойы, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірі.
Қаңлылар – Қаратау бауыры, Сырдария бойы мен Жетісу.
Жалайырлар – Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу.
XV ғасырларда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар ықпал етті: Қазақ халқының ұлттық мемлкет болып құрылуына.
XV ғасырда қазақ жерін мекен еткен тілі, салт-дәстүрі ортақ тайпалардың этникалық, саяси-тарихи бірігуі негізінде: Қазақ хандығы құрылды.
Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып мемлекет етіп құру міндеті тиді: Керей мен Жәнібектің үлесіне.
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы.
Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті: XV ғ.
Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр ханның ел ішіндегі беделін түсірген оқиға: 1456-1457 жж. Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі.
Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық: «Көшпелі өзбек мемлекеті».
Қазақ тайпаларының Жетісуға көшуі, олардың Әбілқайыр ханның адам төзгісіз езгісіне, үсті-үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерлікке, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауыртпалығына деген қарсылығы еді.
Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті Моғолстанның батыс аймағына.
Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы: Есенбұға хан.
Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп берді.
Моғолстан ханы Есен-бұғаның Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдау себебі: Әбілқайыр, Темір ұрпақтарына қарсы одақтас табу.
Ойраттарға қарсы қазақтардың күшін пайдалану.
Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болған жыл: 1462 ж.
«Әбілқайыр ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті...Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма: «Та’рих-и-Рашиди».
Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы: Мұхаммед Хайдар Дулати.
Қазақ хандығының құрылған уақыты: 1465-1466 жж.
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар: Керей мен Жәнібек.
Жәнібек хан Барақ ханның баласы.
Керей хан Болат сұлтанның баласы.
Қазақ хандығының негізін қалаған әулет: Шыңғыс хан әулеті.
Моғолстан жеріне келген Керей мен Жәнібек сұлтандарға Есен-бұғаның берген жері (Қазақ хандығының алғашқы Ордасы): Қозыбасы.
Қазақ хандығының алғашқы территориясы: Шу мен Талас өзендері маңы.
Қазақтың алғашқы ханы: Керей.
Керейдің ақылдасар тірегі болған: Жәнібек сұлтан.
XV ғ. 50-70 жылдары Керей мен Жәнібек хандардың маңына Әбілқайыр хандығынан көшіп келген халықтың саны: 200 мың.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты: Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды.
Қазақ хандығының Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. хандықтарының мемлекеттік құрылымынан негізгі айырмашылығы – Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтижесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық, этникалық негіздерден шықты.
XV ғасырда жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған тарихи міндет: Қазақ тайпаларының басын қосып, этникалық аумағын біріктіру.
XVI ғасырдың басында Орта Азияда Мұхаммед Шайбаниден жеңіліс тапқан әулет: Темір әулеті.
Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған: Сыр бойындағы қалалар.
XV ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары үшін.
XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: Шайбани хан.
XV ғасырдың екінші жартысында Шайбани ханға қарсы соғыста Қазақ хандығымен одақ құрды: Әмір Темір әулеті.
XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандары Шайбани ұрпақтарымен шайқаста одаққа тартты: Жошы ұрпақтарын, Батыс Сібір билеушісін, Ноғай мырзаларын.
XV ғасырда Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына қарсы Шайбани ханмен бірге соғысты: Моғолстан билеушілері.
XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы, Шайбани хан, Темір ұрпақтары, Моғолстан билеушілерінің арасындағы талас-тартыстың негізі: Сыр бойындағы қалалар.
1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала: Түркістан.
1470 жылы Созаққа шабуыл жасаған қазақ ханы: Жәнібек.
1470 жылы Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасаған қазақ қолына басшылық жасады: Керей, Жәнібек.
XV ғасырдың 70-жылдары Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан қашты: Бұқараға.
Қазақ хандары Сырдария мен Қаратау өңірін өздеріне қаратты: XV ғасырдың 70 жылдарында.
XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандары мен Шайбани ханның арасындағы шайқастардың басым бөлігі өтті: Созақ, Сауран, Сығанақ, Отырар қалаларының маңында.
XV ғасырда Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы шайқас созылды: 30 жылға.
XV ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы шайқас аяқталды: Бітімге келумен.
XV ғасырдың соңына қарай Шайбани ханмен болған шайқас нәтижесінде Қазақ хандығына қараған өңір: Түркістан аймағының солтүстігі.
XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар: Созақ, Сығанақ, Сауран.
Мұхаммед Шайбани ханға қарады: Отырар, Йасы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі.
Моғолстан хандығына енген қалалар: Ташкент пен Сайрам.
XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытқан: Сыр бойындағы қалалар.
XV ғасырдың екінші жартысында көптеген саяси процестер негізінде Қазақстан жерінде саяси жағынан нығая түскен мемлекет: Қазақ хандығы.
XV ғасырдың аяғындағы Сырдария бойындағы қалалар үшін болған шайқаста басымдыққа ие болды: Қазақ хандығы.
ХVІ ғасырдың бас кезінде Шайбандықтар бастаған көшпелі өзбектердің бір бөлігі кеткен жақ: Мәуереннахр.
Қасым ханның тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі
Керей мен Жәнібек хандардан кейін хан тағына отырған Керей ханның ұлы Бұрындық.
Бұрындық ханның билік құрған жылдары:1480-1511 жж.
Бұрындық пен Қасымның арасында билік үшін күрес Қасым сұлтанның жеңісімен аяқталды.
Қасым ханның билікке келген жылы: 1511 жыл.
XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы: Қасым хан.
XVI ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақ хандығын билеген хандар: Бұрындық, Қасым.
Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күшін жұмсаған хан: Қасым.
Қасым ханның қазақ тарихында алатын орны: Қазақ жерін кеңейтті.
Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының Батыс Солтүстіктегі шекарасы жетті: Жайық алқабына дейін.
Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының аумағының солтүстігі жетті: Қарқаралыға дейін.
Шығыс Солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып өтті.
Оңтүстікте Сырдария алабы (Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалалар).
Шығыс Оңтүстікте Шу, Талас, Іле өзендерінің аңғары.
Қасым ханның қол астындағы халықың саны: Бір миллионға жуық.
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының бастапқы кездегі саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы: Сығанақ.
Қасым хан тұсында Сығанақ қаласынан кейінгі Қазақ хандығының астанасы: Түркістан.
Қасым тұсында біраз жыл Қазақ хандығының астанасы болған қала: Сарайшық.
Қасым ханның кезінде батыстан Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды: Ноғай Ордасына бағынышты халықтың бір бөлігі.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы мен Моғолстан арасындағы қарым-қатынас: Достық негізінде қалыптасты.
Қасым ханнан шайбандықтарға қарсы күреске көмек сұраған Моғолстан билеушісі: Саид хан.
Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуіне себепші болған оқиға: 1514 жылы Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі.
XVI ғасырда Моғолстанның әлсіреуі Қасым ханның осы өлкедегі билігін нығайта түсті: Жетісудағы.
Қасым ханның билігі жүрген жоқ: Қырғыздарға.
Енисейден көшіп келіп Ыстықкөл алқабына қоныстанған қырғыздар жергілікті түрік тілдес халықтармен араласып, «қырғыз» деген атқа ие болды.
XVI ғасырда Қасым ханның Шайбани ханмен күресіндегі алдына қойған мақсаты (сыртқы саясатының басты бағыты): Сыр бойындағы қалаларды қаратып алу.
Билік жолында қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілхайыр немересі: Мұхаммед Шайбани.
XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан: Мұхаммед Шайбани.
«Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын» деген жарлық шығарған хан: Мұхаммед Шайбани.
Сонымен қатар қазақ саудагерлерінің керуенін тонау туралы бұйрық берді.
XVI ғасырдың басында Шайбани хан Қазақ хандығына экономикалық соққы беру үшін: Екі ел арасындағы сауда байланысын тоқтатуға тырысты.
Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары: 1503, 1505, 1506 жылдар.
Шайбани хан әскерлерінің Сығанақ маңында қазақтарға жеңіліп, Самарқанға қашуы: 1510 жыл.
1510 жылы Шайбани ханның жеңілісінен кейін Қасым ханның билігіне өтті: Түркістан қалаларының көпшілігі.
Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер еткен: 1510 жылы Шайбани ханның Мерв түбінде Иран шахы І Исмаилмен шайқаста қаза болуы.
1510 жылы Шайбани хан қаза тапқан соң, ұрпақтарының арасындағы алауыздықты пайдаланып Қасым хан басып алған қала: Сайрам.
Қасым хан сауда-саттық, дипломатиялық байланыс жасаған елдер: Ресей, Сібір хандығы, Еділ бойындағы елдермен.
Қасым ханның тұсында алғаш рет Ресеймен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.
Мұхаммед Хайдардың деректері бойныша Қасым хан қайтыс болған: 1518 жылы.
XVI ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды: Орта Азия мен Шығыс Еуропаға.
XVІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға: Қасым хан.
Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан қайтыс болған соң: Ішкі саяси дағдарыс Қазақ хандығын әлсіретті.
1523 – 1532 жж. Тахир ханның ел билеуі.
1532 – 1537 жж. Бұйдаш ханның ел билеуі
Хақназар ханның билік құрған жылдары: 1538-1580.
XVI ғасырда Қазақ хандығының тағында ұзақ отырған хан: Хақназар.
XVI ғасырдың ортасында Ноғай Ордасы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Нәтижесінде Ноғай Ордасында қырқысқан екі топ пайда болды. Бір тобы Мәскеуге қосылуды жақтаса, екінші тобы Қазақ хандығына қосылуды жақтады.
XVI ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға: Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы.
Мәскеуге қосылуды жақтаған ноғайларды Хақназар хан ығыстырды: Дон даласына қарай.
XVI ғасырда Хақназар ханның кезінде Кіші жүздің құрамына қосылды: Ноғай Ордасының ұлыстары.
Орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түскен жағдай: Ноғай Ордасының ыдырауы.
XVI ғасырда Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығымен саяси қақтығысқа түскен елдер: Өзбек хандығы, Моғолстан.
Моғолстан ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстықкөлдің маңындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады: XVI ғасырдың 50-60 жылдары.
XVI ғасырдың 50-60 жылдары Моғолстан ханы Абд ар-Рашидке қарсы Хақназар хан пайдаланды: қазақ-қырғыз одағының әскерлерін.
XVI ғасырдың екінші жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға: Ойраттардың тонаушылық жорықтары.
Моғолстан ханына қарсы соғыстарда Хақназардың айырылып қалған жерлері: Жетісудың біраз жерінен.
1570 жылдардың аяғында Моғолстаннан Қазақ хандығына өткен жерлер 1570 жылдардың аяғында Хақназар ханның билігінде қалды: Жетісудың батыс бөлігі Шу, Талас өңірі.
XVI ғасырда Хақназар хан мен Моғолстан билеушілері арасындағы шайқастың негізгі себебі: Жетісу өлкесі үшін.
Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті: Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары.
XVI ғасырда Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақ еліне жасаған шабуылына тойтарыс беру мақсатында Хақназар одақ құрды: Шайбани әулетімен.
XVI ғасырдың ортасында Шайбани әулетімен қатынас орнатуға ұмтылған Хақназар хан осы қаланы басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты: Ташкент.
«Қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасқан хандар: Хақназар хан мен Бұхар ханы ІІ Абдаллах.
Осы кезде Ташкент маңының билеушісі Баба сұлтан Бұхар ханы Абдаллахқа қарсы шығып, соғыс ашты. Мақсаты Бұхар хандығынан бөлініп, тәуелсіз билік құру.
Қазақ ханы Хақназардың Өзбек билеушісі Абдаллахпен одақтасу себебі: Сыртқы шапқыншылықтан қорғану.
XVI ғасырда Хақназар ханмен саяси қатынас жасаған өзбек билеушілері: Абдаллах, Баба сұлтан.
XVI ғасырда Хақназар хан Өзбек билеушілерімен саяси қатынас орнату нәтижесінде: Сыр бойындағы бірнеше қалаларды өзіне қаратты.
1579 жылы Хақназар хан қолдау білдірген Өзбек ханы: ІІ Абдаллах.
Баба сұлтанға қарсы күресінде қолдау бергені үшін Абдаллах ханның Хақназар ханға сыйға берген жері: Түркістан аймағындағы бірнеше қала.
Қазақ сұлтандарын өзіне тарту үшін Баба сұлтанның Қазақ хандығына сыйға берген қалалары: Түркістан, Сауран.
Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл: 1580
XVI ғасырда Қасым ханнан кейін әлсіреп кеткен Қазақ хандығының жағдайын қалыпқа келтіруге үлес қосқан хан: Хақназар.
XVI ғасырда Моғолстанмен, Сібір хандығымен, Ноғай ордасымен және Шайбан әулетімен әскери-саяси қатынасқа түсіп, Қазақ хандығының аумағын кеңейтті: Хақназар хан.
Батыс елдері Қазақ елі туралы алғаш рет білді: Хақназар тұсында.
Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығының нығая түсуі
Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген: Шығай хан.
Шығай ханның билік құрған жылдары: 1580-1582
Абдаллах ханның Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған даңқты жорығында қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға сыйға берген жері: Ходжент.
Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл: 1582 ж.
1582 жылы маусым айында Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзін өлтірді: Түркістан түбінде.
Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты: Тәуекел ханға.
Қас жауын Баба сұлтанды жойғанына ризашылығы ретінде. Сыр бойындағы қалалар Абдаллах ханның иелігінде қалды.
Тәуекел хан билік құрды: 1582-1598 жж.
Тәуекел билік құрған кезден бастап оңтүстік өңірлердің есебінен Қазақ хандығының іргесін кеңейтуді ойластырды.
Тәуекел ханның кезінде қатты шиеленісті: Қазақ-өзбек қатынасы.
1583 жылы Тәуекел хан «ант беріскен шартты» бұзып, Абдаллах хандығына шабуыл жасап басып алған қалалар: Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам.
Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттырған жеңіс: Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханды талқандауы.
1597-1598 жылдары Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін талқандаған жері: Ташкент қаласының түбінде.
Абдаллах өлген соң Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл: 1598 ж.
Абдаллах хан өлгеннен соң, хан тағына жаңадан отырған баласын бүлікші әмірлер өлтіріп, Өзбек хандығында билік үшін талас-тартыс өрши түсті.
1598 жылы Өзбек хандығымен шайқаста Тәуекел хан басып алған қалалар: Ташкент, Самарқан, Ақши, Искандер, Мұнши.
Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанда қалдырды.
Тәуекел хан осы қаланың түбіндегі шайқаста ауыр жараланды: Бұхара.
Тәуекел ханның қалың қолы Бұхара қаласын 20 күн қоршауда ұстады.
1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар: Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы.
1598 жылы Шайбани әулетінің орнына келген әулет: Аштархани.
Жаңа әулет пен қазақ әміршілерінің арасында Қазақ хандығына қосылған жерлерді заңдастыру шарты жасалды.
Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі: Ташкент Қазақ хандығына қосылды.
XVI ғасырдың аяғында Бұхар хандығымен ұзақ жылдар бойы жүргізген күрестің нәтижесінде Қазақ хандығы: Қуатты мемлекетке айналды.
Шайбани әулеті мен Қазақ хандығы арасындағы ұзаққа созылған соғыстар өлкенің шаруашылық жағдайына, қала өмірінің жай-күйіне ауыр зардабын тигізді.
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Есім ханның билік құрған жылдары: 1598-1628
Есім ханның басты мақсаты: Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құру.
Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.
Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға айрықша көңіл бөлген Есім хан: Сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.
Қазақ хандығында феодалдық талас-тартыстар кең өріс алды XVIІ ғасырдың басында.
XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан: Есім, Тұрсын.
XVII ғасырдың басында Жаркентте дара билік жүргізген: Абақ; Ташкентте – Келді-Мұхамед; Әндіжанда – Абылай сұлтан; Тұрфанда – Әбд-ар-Рахым.
Тұрсын сұлтан (Жалым сұлтанның ұлы) өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл: 1613.
Тұрсын ханның сенімді тірегі: Саны көп қатаған руы.
Тұрсын хан тәуелсіздіктің белгісі ретінде шығарды: Ақша.
XVIІ ғасырдың басында Есім ханға бағынбай жеке хандық құрды: Тұрсын.
Есім хан бұл оқиғаға айрықша сабырлылық, төзімділік танытады. Есім хан қазақ арасындағы қан төгіске жол бермеу үшін Тұрсын ханды тең дәрежелі әмірші ретінде мойындады.
Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты: 1627
Тұрсын ханның бүлігі: «Қатаған қырғыны».
Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі.
«Қатаған қырғыны» қатысты: Тұрсын хан.
Есім ханның кезінде Қазақ хандығының ішкі жағдайын пайдаланып, Бұхар ханының қайтарып алуды көздеген қалалары: Ташкент, Сайрам, Андижан.
Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.
Қазақ-бұхар соғысы болған жылдар: 1603-1624 жылдар.
1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер: Айғыржар.
1613 жылы Есім хан басып кірген қала: Самарқан.
1620–1621 жылдары болған 4-ші, 5-ші, 6-шы қазақ-бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін басқарған: Тұрсын хан.
1603-1624 жылдары болған қазақ-бұхар шайқасында қазақ қолына негізінен басшылық еткен хандар: Есім, Тұрсын.
1627 жылы* қазақ-бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жеткізді: Ұтымды соғыс тәсілі.
Қазақ-бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі: Қорғанысты шайқас.
Жиырма жылдан астам уақытқа созылған қазақ-бұхар соғысының нәтижесі: Бұхар ханы Имамкули жеңілісті мойындады.
Есім тұсында 200 жыл қазақ хандығының құрамына енген қала: Ташкент.
ХVI ғасырда Моғолстанның ішкі-сыртқы істерінде үлкен ықпалды болған қазақ сұлтаны Ескендір.
Есім ханың тұсында жасалған далалық заңдар: «Есім ханның ескі жолы».
XVII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының әлсіреуі. Жәңгір хан
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сібір хандығымен қарым-қатынасы
Қазақ хандығының әлсіреуі. Жәңгір хан
XVII ғасырда қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаттағы беделінің әлсіреуіне себеп болған: Кіші хандардың дара билікке ұмтылуы.
XVII ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ.
1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы: Жәңгір.
Жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы: Салқам Жәңгір.
Жәңгір хан жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығын тойтарыс беру үшін Бұхара хандығы, Жаркент хандығы, қырғыз елімен одақтастық қарым-қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады.
Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас: Орбұлақ
Орбұлақ шайқасы болған жыл: 1643
1643 жылы жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан: Жәңгір.
Орбұлақ шайқасында жоңғар әскерлерінің ту сыртынан 20 мың қолмен шабуыл жасаған батыр: Алшын Жалаңтөс.
Жоңғарлар Сібірдің орыстар тұрған қамалдарынан қару-жарақ, зеңбірек алып, қырғыздардан ат-көлік жинап 1652 жылы қазақ жеріне баса-көктеп кірді.
1652 жылы майданда қаза тапқан хан: Жәңгір.
XVII ғасырда Батыр қоңтайшыға қарсы шайқасқан Қазақ ханы: Жәңгір.
ХVІІ ғасырдың 70 жылдары Жоңғар хандығының экономикалық қуатын арттырған жағдай: Шығыс Түркістанның Жоңғар хандығының құрамына кіруі.
ХVІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны: тоғыз.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Жәңгір қайтыс болғаннан кейін билік құрған хан: Тәуке.
Тәуке ханның билік құрған жылдары: 1680-1715
ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттеген хан: Тәуке хан.
Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатында сұлтандардың билігін шектеп, арқа сүйеді: Билерге.
Тәуке ханның қасындағы кеңесте негізгі рөл атқарған: билер.
Тәуке хан тұсында билердің атқарған рөлі: Сот билігі, атқарушы өкімет билігі.
Тәуке ханның тұсында хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешетін: Билер.
Тәуке ханның тұсындағы астана: Түркістан.
Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізілген жер: Күлтөбе.
Тәуке ханның заңдар жинағы: «Жеті Жарғы».
«Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
«Жеті жарғы» бойынша рулар арасындағы жерлерді бөліп беруде ең соңғы шешімді қабылдаған: Хан.
«Жеті жарғы» бойынша заң шығару құқы және барлық қазақ қоғамындағы мүшелеріне бұйрық беруге міндетті: Хан.
«Жеті жарғы» бойынша басқа елдермен келісім жасауға, сыртқы саясатты билеуге құқылы: Хан.
«Жеті жарғы» бойынша хан: Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы.
«Жеті жарғы» бойынша қазақ елінің ру-тайпа басшыларына жүктелген міндет: жылына бір рет, күз айларында құрылтайға жиналу.
«Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылған: Қарусыз келгендер.
«Жеті жарғы» бойынша қылмыстық жауапқа тартылмады: 13 жасқа толмағандар.
Екіқабат әйелдер кісі өлтіргені үшін жауапқа тартылмаған.
Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы бойынша некеге тұру жасы: 13 жас.
Шарттардың бірі - болашақ жұбайлардың жеті атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы. Жеті атаға дейін қыз алыспау туыстар арасында қанның араласпауын болдырмай, дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатынан тұған.
«Жеті Жарғыда» қарастырылмаған мәселе: Дінге сену бостандығы (діни еркіндік).
«Жеті Жарғыдағы» қылмысты істер қатарына енгізілгендер: кісі өлтіру, ұрлық жасау, бүлік шығару, денеге зақым келтіру, әйелді еріксіз алып қашу, христиан дініне өту...
Тәуке ханның кезінде қазақ елінің бірігуіне жағдай жасаған: «Жеті жарғы».
Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты: Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату.
Тәуке хан Бұхар хандығымен : Бейбітшілік қарым-қатынаста болуға тырысты.
Тәуке ханның тұсында жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдеткен жағдай: Тәуке ханның қырғыз,қарақалпақтармен одақтас болуы.
Тәуке хан Қоқым Қарашор би арқылы басқарды: Қырғыздарды.
Тәуке хан Сасық би арқылы басқарды: Қарақалпақтарды.
1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала: Түркістан.
1680 жылы жоңғарлар шабуылынан Түркістан қаласының аман қалу себебі: Тәуке хан әскерімен қалада болды.
XVII ғасырдың 80-жылдары Жоңғар әскерінің бір бөлігі жетті: Сарысу өзеніне дейін.
Екінші бір бөлігі Орта жүздің солтүстік-шығыс аудандарына басып кірді.
1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі: Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру.
Қазақ хандығының Сібір хандығымен қарым-қатынасы
Сібір атауы түркі тілдес тайпалармен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған осы этникалық тобының атауынан шықты: «Сыпыра».
Сібірдің байырғы тұрғындары: хантылар мен мансылар.
Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін, Жошы ұлысының, одан соң Алтын Орда құрамына енгенін жазған парсы тарихшысы: Рашид ад-Дин.
Сібір хандығының астанасы: Искер.
1555 жылы қазақтар мен ноғайлардың жасақтарын басқарып, тайбұғалықтарды жеңген: Көшім хан.
Көшім Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар» жинағындағы дерек бойынша осы әулеттің ұрпағы: Шайбани.
Тарихшы Әбілғазы да «Түрік шежіресінде» соны растайды.
Н.Карамзин, А.Левшин, Ш.Уәлиханов Көшімді қазақ ақсүйегіне жатқызады.
Орыс жылнамашысы Есипов Көшімнің Сібірге «Қазақ ордасынан» келгенін ашып жазған.
Көшім хан Батыс Сібірдің жергілікті халқына тарата бастаған дін: Ислам.
Әлемдік саудада жоғары бағаланатын Сібірдің басты қазынасы: бағалы аң терілері мен қыран құстар.
Ресейден Сібірге аттанған Ермак жасағы Қарашы түбінде Көшім ханның жасағын талқандап, Искерді басып алды: 1582 ж.
Көшім жасақтарының ең осал жері: дәрімен атылатын қарудың жоқтығы.
1584 жылы ұрыста Ермакты жеңген батыр: Сәтбек.
Патша өкіметінің Сібір ханы Көшімді талқандап, Сібір хандығын жаулап алған жыл: 1598
Қазақ-орыс қатынастары
XVI ғасырда Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындады. Бұл жағдай қазақ хандарының Ресеймен сауда байланыстарын орнатуға мүмкіндік жасады.
Орыс көпестеріне қазақтармен баж салығынсыз сауда жасауға рұқсат еткен патша: IV Иван.
Қазақ-орыс сауда қатынастары, деректемелер бойынша басталған мерзім: XV ғасырдың 90 жж.
1569 жылы Қазақ хандығына келген орыс елшілігін бастаған: Семен Мальцев.
Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігінің Қазақ хандығымен одақ жасасу үшін келген жылы: 1573.
1594 жылы Мәскеуге Федор патшаға достық келісім жасау үшін Тәуекел ханның елшілігін басқарып келген: Құл-Мұхаммед.
1595 жылы Тәуекел ханға келген орыс елшілігін басқарған: В. Степанов
1640 жылы салынған бекініс: Гурьев.
1694 жылы Тәуке хан I Петрмен елші Аталықов арқылы келісім жасады Сауда байланысын күшейту.
Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша: І Петр
1716 жылы Омбы, Жәміш.
1716 жылы Железинск.
1718 жылы Семипалатинск
Жаңа замандағы қазақстан
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Жоңғар хандығының құрылуы: 1635 ж.
Жоңғар хандығының жоғарғы билеушісінің лауазымы: Қонтайшы.
XVII ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш-қуатын біршама арттырған қонтайшы: Батыр.
Батыр қонтайшының тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында шайқастар өткен жылдар: 1635, 1643, 1652.
XVII ғасырда Батыр қонтайшыға қарсы шайқасқан Қазақ ханы: Жәңгір.
XVII ғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: Жоңғар хандығы.
1653 жылы Батыр қонтайшы қайтыс болып, таққа отырған: Қалдан Бошоқты (1653-1670 жж.).
1653-1670 жылдары Жоңғар тағына отырған қонтайшы: Қалдан Бошоқты.
XVII ғасырда қазақ хандары ноғайлармен одақтаса отырып жоңғарларды ығыстырды Тобыл өзеніне дейін.
XVII ғасырдың 80-жылдарында қазақ жеріне шабуыл ұйымдастырған жоңғар қонтайшысы: Қалдан-Бошоқты.
XVII ғасырдың 80 жылдары жоңғар әскерлері жетті: Сарысу өзеніне дейін.
Қазақ жеріне жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату.
1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм.
Осы кеңестің шешіміне сай жоңғарларға қарсы біріккен халық жасағы құрылды.
Бас қолбасшы болып сайланған: Бөгенбай батыр.
Жоңғар қонтайшысы Себан-Рабданның қазақ жеріне жасаған жорықтары сәтсіздікпен аяқталды: 1711 және 1713
1715 жылы күзінде Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып.
Ол хандықты әлсіретіп алды. Келесі басқарушылардың бағытының бірдей болмауынан (Кіші жүзді Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Күшік, Ұлы жүзді Жолбарыс басқарған кезде) үш жүздің бірлігі әлсіреді.
1716 жылы жоңғар әскері Іле өзенінен бағыт алды: Аягөзге.
Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл: 1718 ж.
1718 жылы Аякөз өзенінің бойында қазақ қолына басшылық еткен: Қабанбай мен Жауғашар батыр.
1718 жылы Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңілу себебі: Әбілқайыр мен Қайып сұлтанның соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеуі.
Аягөз маңындағы шайқастан кейін, 1718 жылы жоңғар әскерлері екінші рет жеңіске жетті: Арыс бойында.
Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек жоңғар шабуылдары ғана емес. Солтүстік-батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары, оңтүстіктен Қоқан, Хиуа мемлекеттері қазақтардың қиын жағдайын пайдаланып қалуға тырысты.
Қазақ даласын әйгілі «Ақ мешін» жұты шарпқан жыл: 1723
1723 жылы Жоңғарияның барлық күш–қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі: Цин императоры Кансидың өлімі.
Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан баса көктеп кірген жыл: 1723 жылы.
1723 жылы қазақ жеріне басып кірген жоңғар әскерінің саны: 70 мың.
1723 жылы қазақ жеріне басып кірген жоңғар әскеріне басшылық еткен: Шона Доба.
Ол 70 мың әскерін жеті шепке бөліп, олардың бір мезгілде шапшаң да қаймықпай шабуылға шығуына жарлық береді.
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары: 1723-1727 жж.
Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»: XVIII ғ. 20 жылдары.
Жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ойысқан өңір: Самарқанға.
Ұлы жүздің көпшілік рулары мен Орта жүздің бірқатар рулары ауа көшті: Ходжентке қарай.
Кіші жүз Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне қарай ығысты.
Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-1725 жылы.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән: «Елім-ай».
Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу.
Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры: Қаңжығалы Бөгенбай.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр: қаракерей Қабанбай.
1726 (1728) жылы қазақ жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соққы берген жер: Бұланты.
Қазақтардың жоңғар әскерін жеңген Бұланты өзенінің жағасы кейіннен аталды: «Қалмақ қырылған».
1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған».
1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді.
Бұланты шайқасынан кейін қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күресті күшейту жөнінде шешім қабылдаған жер (Қазақстанның оңтүстігіндегі тау): Ордабасы.
Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған: Әбілқайыр хан.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегінде қазақ жасақтарының жиналуының себебі: Бұл жер Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді.
Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтары Ордабасы тауында ұйымдастырылды: жүздік негізде.
Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр хан.
Балқаш көлінің маңында Аңырақай жерінде (қалмақтардың аңырауы, боздауы) жоңғарларға күйрете соққы берген жыл: 1729
Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.
Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларды толығымен талқандауға кесірін тигізген жағдай: Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейінгі аға хандыққа таласуы.
Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр.
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Орыс мемлекеті орта-азиялық хандықтармен сауда-экономикалық және дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, XVI ғасырдың соңы – XVII ғасырдың басында Қазақстанға қызығушылығы арта түсті.
Орал аймағын игергісі келген, көршілермен қауіпсіздік байланысты сақтауға тырысқан Мәскеу үкіметі, Қазақстанмен шекарада қорғаныс бекіністерін салуға кірісті.
1585 жылы негізі қаланған қалашық: Обск.
1586 – Түмен,1587 – Тобыл, 1594 – Тара, 1604 – Томск.
«Шашыранды алтын құм» туралы көптеген аңыздар тараған қала: Еркет (Яркенд).
1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің жоғары ағысында патша өкіметі тұрғызған бекіністер: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск.
1718 жылы Жоғарғы Ертіс бойында салынған бекініс: Семипалатинск.
1720 жылы – Павлодар, Өскемен.
1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
1716 жылы қазақ ханы Сібір губернаторы М.П.Гагаринге елші жіберіп, қалмақтарға қарсы күресте көмек көрсетуін сұрады.
XVIII ғасырдың басында Ресейдің қазақ-жоңғар тартысына араласа алмауының себебі: Ресей Швециямен соғысып жатты.
1717 жылы І Петрге мәңгілік бейбітшілік пен келісімде болуға ұсыныс грамотасын жіберген хан: Қайып.
XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Ресей Қазақ хандығымен кең байланыс жасауға ұмтылды: Солтүстік соғыста Швецияны жеңгеннен кейін.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: Әбілқайыр хан.
Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: 1680-1748 жж.
Әбілқайыр ханның Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру.
Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, Қазақстандағы өз қарсыластарын сағын сындыру.
1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы Ресеймен әскери одақ құруды жүктеді.
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.
Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна.
Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсыныспен жіберген елшілерін Анна Иоанновна қабыл алды: 1731 жылы ақпан айының 19-ы.
Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731 жылы.
Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген сыртқы істер коллегиясының тілмашы, қабылетті елші: А.И.Тевкелев.
1731 жылы қазан айында Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын.
Кіші жүз «ақсүйектерінің» өзара қырқысын шебер пайдаланған патша үкіметі әкімшілік және саяси шаралармен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды жеделдетті.
1734 жылы орыс үкіметі тарапынан жабдықталған «қырғыз-қайсақ» экспедициясын басқарған Сенаттың бас хатшысы: И.К.Кириллов.
Экспедицияның негізгі мақсаты: Ор бойында бекініс тұрғызу, табиғат байлықтарын игеру, Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту, Сырдария бойында қала тұрғызып, біртіндеп өзен флотилиясын ұйымдастыру.
1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде Ор өзені бойында салынған бекініс: Ор.
Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды: 1735-1737 жылдары.
1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50000.
1738 жылы тамыз айында Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.Н.Татищев.
Патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейілінше қысып ұстауға тырысу себебі: 1740 жылғы башқұрт халқының екінші көтерілісі.
Орта жүздің билеушілері Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет хан Ресейге ант берді: 1740 жылы.
Олардың мақсаты Ресеймен жақындасып, Орта жүзге қарсы жоңғар шабуылдарын әлсірету.
1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген: Парсы әміршісі Нәдір шах.
Өзінің зардабы жағынан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің шапқынышылықтары болған жылдар: 1741-1742 жыл.
1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенатының қабылдаған Жарлығы: Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы.
1742 жылы қыркүйектің 2-сінде Қалдан-Серенге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысымды тоқтатуды талап еткен Орынбор комиссиясының төрағасы: И.Н.Неплюев.
Орынбор қаласының негізі қаланды: 1743 ж.
И.И.Неплюев 1735 жылы негізі қаланған Орск қалашығын жаңа жерге көшірді.
1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған: Батыр сұлтанның ұлы Қайып сұлтан.
1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен соң Әбілқайырдың Хиуа өңіріндегі әсерін әлсіреткен жағдай: Хиуа тағына Қайыптың сайлануы
Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ сұлтан.
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан
XVIII ғасырдың ортасындағы Кіші жүздегі жағдай
XVIII ғасырда Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірген жыл: 1748
Әбілқайыр ханның басты тірегі болған ру: шекті.
Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде екі хандық құрылды:
Кіші жүздің солтүстік-батысында Нұралы.
Кіші жүздің оңтүстік-шығыс өңірінде Батыр сұлтан.
1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50 000.
Қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат берген Орынбор губернаторы: И.И.Неплюев.
Жоңғарияның құлауы
Қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болған жыл: 1745
Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрынғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған Алтайдағы тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады: 1747 жылы.
1755 жылы Жоңғарияда таққа таласушылардың бірі Әмірсананы Цин императоры Цянь-Лун пайдаланып Жоңғарияны жаулап алды. 1755 жылы 19 шілдеде император жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды.
XVIII ғасырдың ортасында Жоңғарияда билікке таласып, Цинь империясына қарсы шыққан және Абылай мен Әбілпайызға арқа сүйеге тырысқан: Әмірсана.
Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалды: 1758 жылы.
Бұрынғы жоңғар жерінде 1761 жылы құрылған империялық әкімшілік бірлестігі: Шыңжан (жаңа шекара).
Қазақ-орыс қатынастары
XVIII ғасырдың 40-50 жылдары үш әскери бекініс шептері орналасқан өңір: солтүстік-шығыс Қазақстан.
XVIII ғасырдың 50 жылдары Өскемен бекінісінен Кузнецк шебіне дейін созылған, ұзындығы 723 верста болатын әскери шеп: Колыван шебі.
Сібір редутынан Омбыға дейін созылған, ұзындығы 553 верста болатын әскери шеп: Горькая шебі.
Омбы бекінісінен Кіші Нарын бекінісіне дейін созылған, ұзындығы 1684 верста болатын әскери шеп: Ертіс шебі.
Жаңа Есіл шебіндегі ең ірі бекініс: Петропавл (1752 жыл).
1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны: 1 млн сом.
XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ–орыс саудасының белгілі орталықтары: Семей, Өскемен, Бұқтырма.
1761 жылы негізі қаланған бекініс: Бұқтырма.
Қазақ–орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі: XVIII ғасырдың 60 жылдары.
Шығыс Қазақстандағы бекіністер біртіндеп әскери сипатын жоғалтып, сауда орталықтарына айнала бастады. Әсіресе Жоңғария құлағаннан кейін.
1766 жылы Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі: Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу.
XVIII ғасырларда көшпенділердің күнделікті қажеттерін қатамасыз ететін басты орыс тауарлары: Шойын қазан, шұға, қант.
Патша үкіметі шетелдік көпестерге Ресей құрамындағы қазақ жерлерінде сатуға, айырбастауға тыйым салды: Ресейдің өзінде жеткілікті мөлшерде шығарылатын заттарды.
Тек қана Орта Азия көпестері келетін сауда орталығы емес, сонымен қатар Екатеринбург, Түмен, Тара, Курск т.б. қалалардан келетін көпестердің ірі сауда-саттық орталығына айналған: Қызылжар (Петропавл).
1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына алғаш рет шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға.
1757 жылғы желтоқсанның аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуге тыйым салынды.
Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлаулауда пайдаланды: Нұралы хан мен Батыр сұлтанның арасындағы алауыздығын.
1757-1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен А.И.Тевкелев қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді: Аманат алу арқылы.
Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды: Казактарды.
Патша үкіметі Ертістің оң жағасындағы Ресей бекіністерінен алғашында 10 шақырым, кейіннен 50 шақырымға дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салды.
1799 жылы қараша айында Орта жүз қазақтарына (45 000 отбасы) Ертістің оң жағасына қайтадан қоныс аударуға рұқсат еткен император: I Павел.
Абылай хан
Абылай ханның өмір сүрген жылдары: 1711-1781ж.ж.
Абылай ханның шын аты: Әбілмансұр.
Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: «Сабалақ».
Абылай ханның атасының есімі. Абылай.
Абылайдың атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала: Түркістан.
Сабалақ атанған Абылай келіп қосылған әкесімен ағайындас Орта жүздің ханы: Әбілмәмбет.
Абылайдың жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатыса бастады: 15 жасынан.
Орынбор комиссиясының төрағасы князь В.А.Урусовтың мақсаты: Бүкіл Орта жүзді Ресейдің құрамына қабылдау.
Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындаған жыл: 1740 ж.
1741-1743 жылдары Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның.
Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына дәмелілердің бірі: Әмірсана.
Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірді: 1757 жылдың маусым айында.
Қытайлар (Цин үкіметі) мол қолмен қазақ шекарасына басып кірді: Абылайдың тұсында.
Цин әскерлерінің Қазақстанға мол қолмен басып кіру себебі: Абылайдың Әмірсананы ұстап беруден бас тартқаны үшін.
Цин әулетімен әскери-саяси тартыстың қазақ елі үшін қауіптілігін түсінген Абылай хан, Әбілмәмбет, Әбілпайыз ақылдаса келе, Қытаймен арадағы кикілжіңді келіссөзбен шешуге бел байлайды. Сөйтіп XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтағы жерлер дипломатиялық жолмен қайтарылып алынды.
Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы: 1757 ж.
Абылайдың аманат ретінде Қытайға жіберген баласы: Әділ.
XVIII ғасырдың 70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп , салық төлеуге мәжбүр еткен қала: Ташкент, Ходжент.
Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған жыл: 1771 жыл
1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз.
Үш жүздің өкілдері Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады: 1771 жылы.
II Екатерина Абылай ханды: 1778 жылдың 24 мамырында Орта жүздің ханы етіп бекітті.
Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс: Хан билігі шексіз болды.
«Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай: мойындамады.
Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне шек қойды.
Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын іске асырды.
Қазақстандағы шұрайлы, құнарлы жерлерді Абылай ханның атынан бақылаған: Төлеңгіттер.
Абылайдың қыстақтары орналасты: Ертіс өңірінде.
Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы: Егіншілік.
Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір: Ертіс бойы.
Абылай ханның 1761 жылы ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап хат жазды: Елизавета Петровна (ІІ Екатерина).
Абылайдың өте бір ұнатқан ақыны: Тәтіқара.
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам: Бұқар жырау.
Абылай хан жерленген қала: Түркістан.
Абылайдың бас мирасқоры: Уәли.
Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан: Абылай.
XVIII ғасырда қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан: Абылай.
XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер
Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Соғыстың алғышарттары
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысының болған жылдары: 1773-1775 жж.
Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған: Жер мәселесі.
Патша үкіметінің Жайық бойында мал жаюға тыйым салған үкімі жарық көрген жыл: 1742 жылы қазан.
Осы үкімді негізге алған Жайық казак әскері және әскери шеп бекіністерінің коменданттары Жайық қаласы мен орыс-казак шаруалары қоныс тепкен өңірлерге қазақтарды жібермеген.
1756 жылы императрица Елизавета Петровна қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға рұқсат беруі себебі: Қазақтардың башқұрт көтерілісін жаншуға көмектескені үшін.
Қазақ сұлтандары мен патша үкіметі арасындағы жерге байланысты қайшылықтарды өршітіп отырған Орынбор казак әскері құрылды: XVIII ғасырдың II (екінші) жартысында.
Патша үкіметінің қазақтардың Жайықтың оң жағасына көшіп-қонуға тыйым салған үкімі шықты: 1756 жылы.
Жайық пен Еділ өзендері бойындағы қазақтар мен қалмақтардың арақатынасы күрделенді: 1770 дейін.
Емельян Пугачев соғысына ат салысқан қазақ жүздері: Кіші және Орта жүз.
Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы
Кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуы бөлінеді: 3 кезеңге.
1-ші кезең – 1773 ж. қыркүйек-1774 ж. наурыз Пугачев үндеулері Кіші жүзде жиі тарап, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта тартыла бастауы.
2-ші кезең – 1774 ж. наурыз-қарашаның соңы қазақтардың көтеріліске қатысуының кең етек алуы.
3-ші кезең – 1775 ж. қыркүйек-1776 ж. ақпан қозғалыстың біртіндеп басыла бастауы.
Емельян Пугачев соғысына қатысқан Кіші жүздің ақсүйектері: Ералы, Досалы, Айшуақ.
1773 жылдың қыркүйек айының 20-сында Пугачев арнайы үндеу жолдады: Нұралы ханға.
Жер мен суды, астық пен тұзды, өзен мен шөпті беруге аянбаймын деп уәде берді.
1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысы кезінде ІІ Екатерина Нұралы ханға арнайы «грамота» жіберіп, талап етті: Е.Пугачевті өзіне жақындатпауын.
1773 жылғы қараша айының 17-сінен 18-іне қараған түнінде Усиха өзені маңында Е.Пугачевқа жолыққан Нұралы ханның сенімді өкілі: Зәбір молда.
Нұралы ханның соғысқа қатысушыларға көмек беруге асықпауына себепші болған: Жайық бекінісін қоршаудағы Е.Пугачевтің сәтсіздігі.
Е.Пугачевті ашық қолдап, оған көмек ретінде қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны: Досалы.
Сұлтан қарулы топқа бас етіп өзінің ұлы Сейдалыны жөнелтті.
Е.Пугачев соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар: Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға.
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында осы бекіністі алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды: Кулагин.
Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборды қоршауға қатысқан қазақтар саны: 200-ге жуық.
Шаруалар соғысының біртіндеп бәсеңдеуі, қазақ даласына жазалау отрядтарының жақындауы би-сұлтандарының опасыздығын тездетті.
Пугачев қимылынан үрейленген Нұралы хан: Жайық бойындағы бекіністерге жақын көшіп барды.
Патша үкіметінің алдында Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуын Нұралы хан: Кіші жүз қазақтары маған бағынбады деп ақталып, өзінің екі ұшты қимылын жуып-шаюға тырысты.
Орта жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы
Орта жүз қазақтарын ашындырып, шаруалар соғысына қатыстырған: патша үкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясаты.
Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуы бөлінеді: 3 кезеңге.
1-ші кезең – 1773 ж. қыркүйек-1774 ж. сәуір Пугачев шабармандарының Орта жүзді кезіп, ауылдарды көтеріліске белсене қатысуға шақыруы.
2-ші кезең – 1774 ж. сәуір-маусым Орта жүз жасақтарының Жоғарғы Жайық және Ой бекіністері төңірегінде Пугачев күштерін қолдауы.
3-ші кезең – 1774 ж. жазы-1776 ж. Орта жүз қазақтарының Ертіс және Оңтүстік Сібірдегі әскери шептерге қауіп төндіруі.
Е.Пугачевтің үндеуімен танысып, өзіне жақын старшындармен келісіп, оны қолдауға шешім қабылдаған Орта жүздің биі: Дәуітбай.
Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында бекіністерге шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі: Пресногорьковск.
1774 жылдың жазында қазақтар топтасқан бекініс: Звериноголовск.
Е.Пугачев соғысы кезінде жазалаушы топтармен ашық қақтығыспай, қыр көрсетумен шектелген Торғай өзенінің төменгі бойында шоғырланған шаруаларға басшылық еткен старшындар: Құдайменді мен Тайыр.
Пугачев көтерілісі кезінде Ертіс өзенінің жоғарғы ағысындағы бекіністердің қорғаныс қабілетін арттырған Сібір губернаторы: Чичерин.
1774-1775 жылдары үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскердің саны: 3 500 адам.
1775 жылдың соңында бекіністердегі қызмеке қосымша 626 адам алынды.
1774 жылдың күзінде қазақтар патшаның тұрақты әскерінің қысымымен Сырдария бойына ауып кетіп, Бұхар хандығына дейін жетті.
Е.Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы: А.В.Суворов.
Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан байбақты руынан шыққан батыр: Сырым Датұлы.
1775 жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы біртіндеп әлсірей бастаса, керісінше, қазақ жеріндегі қозғалыс жалғасты: 1776 жылға дейін.
1776 жылы сәуір айында генерал Н.А.Рейнсдорп үкіметке жолдаған арнайы хатында «тыныштық» орнағанын хабарлады.
1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақтардың белсене қатысуы – орыс-қазақ байланысындағы маңызды оқиға.
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі
XVIII ғасырдың 70-80 жылдарының басында Кіші жүзде екі хан арасындағы күрес жаңа тарихи жағдайда да бәсеңдемеді, Кіші жүздің көп бөлігі Нұралы ханды, бір бөлігі Батыр сұлтанды қолдады.
XVIII ғасырдың 70-жылдары Нұралы хан бағытының әлсірегенін көресетген оқиға: Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қатысуы.
Орынбор губерниясы таратылды (құрылды): 1744 жылы.
Кіші жіздің көпшілік бөлігі Сібір және Уфа басқармасына бағындырылды.
Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақылау үшін құрылған ұйым: Орал шекаралық басқармасы.
Сырым Датұлы старшын болған Кіші жүз руы: байбақты.
Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырым Датұлының балалары қайтыс болған жыл: 1778 ж.
Сырым Датұлының Орал казак әскерлерімен алғашқы ашық қақтығысы болды: 1783 жылдың күзінде.
1784 жылы көктемде Сырым Датұлыны казактардың тұтқынынан босаттырған: Нұралы хан.
Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды: 1784 жылдың маусым айы.
Көтерілісшілердің негізгі күші Төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты.
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы: Кіші жүз.
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған жылдар: 1783–1797 жж.
Сырым Датұлы басшылығымен болған Кіші жүздегі көтеріліс созылды: 14 жылға.
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары.
1784 жылдың қарашасында Сағыз өзенінде Сырым Датұлының басты күштері топтасқанда, оған қарсылық ретінде Нұралы хан: Орал казак әскерлері орналасқан бекіністерге жақындап, ығысты.
1785 жылы генерал-майор Смирновтың әскері көтерілісті басуға жіберілді: 17 ақпан
1785 жылы 17 ақпанда көтерілісті басуға аттандырылған Смирнов тобының мақсатына жете алмауына кедергі болған: Қыстың бораны.
1785 жылдың көктемінде Сахарная бекінісін алу кезінде майор Назаровтың қолына тұтқынға түскен сұлтан: Айшуақ.
1785 жылы ұрыс даласында қаза болған Айшуақ сұлтанның баласы: Атақ сұлтан.
1785 жылдың жазында Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім: Нұралыны тақтан тайдыру туралы.
1785 жылғы съезде Нұралы ханды тағынан тайдыру туралы шешімді қолдаған Кіші жүз руларының саны: 20-ға жуық.
1786 жылы Нұралы хан жер аударылды: Уфаға.
Кіші жүзде хандық билікті жойып, оны отарлауды жүзеге асыру туралы реформасының жобасын дайындаған: барон О.Игельстром.
О.И.Игельстромның жобасы бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билік берілді: Шекаралық сотқа.
Шекаралық сот патша шенеуніктерінен және жергілікті топ өкілдерінен құралуы көзделді.
Кіші жүздегі Игельстромның жобасы бойынша Шекаралық сот тікелей бағындырылды: Генерал-губернаторға.
Сырым Датұлының көздегені жоғарғы әкімшілік басқаруды билер қолына беру.
Орынборда шекаралық комиссия құрылды: 1786 жылы.
«Қырғыз-қайсақ» қарақшыларын Жем (Ембі) өзеніне дейін ығыстыруға бұйрық берген әскери коллегияның президенті: Г.А.Потемкин.
Сырым бастаған көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің старшындары Колпаков пен Пономарев бастаған топ жорыққа шықты: 1787 жылғы наурызда.
Нұралы хан қайтыс болды: 1790 жылы Уфада.
1791 жылы Орск қаласы маңайында Кіші жүздің ханы болып сайланған: Ералы.
Сырымды табаңды түрде қолдаған Айшуақ сұлтанның баласы: Жантөре.
Сырымның көтеріліске Орта жүзбен шекаралас аймақтардағы қазақтарды тарту туралы ойын іске асыртпаған: Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында біртіндеп бекіністер тұрғыза бастуы.
1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін, 1795 жылы Кіші жүзде хан болып сайланған: Есім.
Сырым Датұлы көтерілісі кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан қысқы жұт болды: 1796-1797 жж.
1797 жылдың наурыз айының 17-сінде Сырым тобы тұтқиылдан шабуыл жасады: Хан сарайына.
1797 жылы наурыз айының 17-сінде С.Датұлы тобы тарапынан өлтірілген Кіші жүз ханы: Есім.
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы: Есім.
О.А.Игельстром Кіші жүздегі басқаруды (билікті) беруді көздеді: Хандық кеңеске.
Патша үкіметі Сырымды өзіне жақындату үшін: Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды.
«Хан кеңесі» төрт адамнан тұрды және оның құрамына Нұралы ханның бірде-бір ұрпағы енгізілмеді.
Патша үкіметінің О.А.Игельстромның реформасын тоқтатып, хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге себебші болған оқиға: Францияда король билігінің құлатылуы Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық тудыруы.
1797 жылдың күзінде барон О.А.Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі Кіші жүздің ханы етіп бекіткен сұлтан: Айшуақ.
1797 жылы Сырым Датұлын өкшелей қудалаған Кіші жүздің сұлтаны: Қаратай.
Белгісіз себептермен Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802 жылы Хиуа хандығы.
XVIII ғасырда Башқұрт көтерілісінен кейінгі Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс: Сырым Датұлы көтерілісі.
Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісінің басты нәтижесі: 1801 жылдың 11 наурызында патша үкіметінің қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуіне, малын жаюына рұқсат беруі.
Xіх ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
Наполеон орнатқан континенттік блокада қысымын әлсіретуде маңызы зор болған жағдай: Қазақтардың мал және мал шаруашылығы шикізаттарын Орынбор өлкесіндегі сауда орталықтарына өткізіп отыруы.
1812 жылғы Ресей халқы үшін Наполеонмен арадағы соғыс атауы: Отан соғысы.
1804-1815 жылдары атты әскер үшін Бөкей ордасынан сатып алынған жылқы саны: 48 мыңға жуық.
Кіші жүз қазақтарынан сатылып алынған жылқы саны: 1 мыңнан астам.
1812 жылғы Отан соғысы қарсаңында Орынбор губерниясында құрылған кавалериялық полктің саны: 40.
Оның ішінде 28 башқұрт, 5 орынборлық, 2 тептяр полкі, т.б.
Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер: Атты әскер.
1812 жылы шілденің 6-ы күні Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқаны туралы манифест-үндеу қабылдаған: І Александр.
1812 жылы шілденің 6-сы күні Наполеонмен соғыс қаупі туралы І Александрдың манифест-үндеуі мен Орынбор губернаторының соғыс басталғандығы туралы хабары қазақ ауылдарына жетті: 1812 жылы қазан-қараша айларында.
1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын: Байсақал Тілекұлы.
1812 жылғы Отан соғысы кезінде тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі: 22 мың сом.
1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндірушілерінің батыс майданға жөнелткен тұз мөлшері: Бір миллион пұт.
1812 жылғы соғыс кезінде Риддер, Зыряновск, Белоусовка кеніштері қазақстарының майдан қажетіне өндірген шикізат түрі: Мыс, қорғасын.
1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қатысқан құрама: Башқұрт полкі.
1812 жылы Ертіс шебінің полктері қатысқан қанды шайқас: Бородино түбіндегі.
1812 жылы Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері: Майлыбайұлы.
1812 жылы Бородино шайқасындағы ерлігі үшін көгілдір ленталы медальмен марапатталған 1-тептяр полкінің старшыны: Қарынбай Зындағұлұлы.
1812 жылғы Малаево Болото және Левия деревнялары түбіндегі шайқастарда айрықша көзге түсіп, «хорунжий» атағын алған жауынгерлер: Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы
1812 жылғы Отан соғысы кезінде Рамоново деген жерде болған шайқаста ерлікпен шайқасқан атты әскер жауынгерлері: Боранбай Шаушбайұлы, Ықсан Әубәкірұлы.
1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы марапатталды: 3-дәрежелі «Қасиетті Анна» орденімен Вязьма түбегіндегі ерлігі үшін.
1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің кавалері аталған: Нарынбай Жанжігітұлы.
1812 жылғы Отан соғысында Башқұрт полкі құрамында шайқасқан қазақ: Нарынбай Жанжігітұлы.
1812 жылғы Отан соғысына, 1853 жылы Орынбор губернаторы В.А.Перовскийдің қоқандықтарға қарсы жорығына, Ақмешітті алуға қатысқан: Әмен Байбатырұлы.
1812 жылғы Отан соғысы кезінде Башқұрт полкі құрамында қатысқан Әмен Байбатырұлы: жауынгер ақын.
Башқұрт полкі құрамында Веймар, Ганау және Майндағы Франкфурт (Глогау және Лейпциг) қалалары түбінде болған ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерлері: Жанжігітұлы мен Байбатырұлы.
1812 жылғы соғыстың басты оқиғаларына белсене қатысқан, «шоқынған» қазақ: Яков Беляков.
1830 жылы Орынбор өлкесінің билеушісі П.Эссенге жазған өтінішінде өзінің ұлты қазақ екенін, орыс әскеріне өз еркімен кіргенін, көп жылдар оған адал қызмет атап көрсетіп, денсаулық жағдайына байланысты әскер қатарынан босатуды, туған аулына қайтуды өтінген.
1837 жылы Александр княздің қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Нарынбай Жанжігітұлы.
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
Хандық биліктің жойылуының алғышарттары
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс: Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты.
Ертіс, Жайық өзендері, Каспий теңізі, Зайсан көлі маңайындағы қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс аудандарындағы тұзды көлдерінен тұз өндіру және оны сату жолға қойыла бастады.
Қазақстанда бірнеше кен орындары ашылып, су және жел диірмені, ұста дүкені, кен және май, былғары зауыттары іске қосылған кезең: ХІХ ғасырдың І жартысы.
Оларда жылына 70 мыңнан астам сомның тауары өндірілді.
Ауылдағы әлеуметтік жіктелудің барысында кедейленген, жалдамалы еңбекпен күн көрген топтар: жатақтар.
Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды: жатақтар.
Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға рұқсат берілді.
ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде тұңғыш ресми жәрмеңке ашылған өңір: Ішкі Орда.
1855 жылы екі қалалық жәрмеңке ашылған қала: Семей.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда осы қалаға тең келетін елді мекен болмады: Петропавл.
«Сібір қазақтары туралы Жарғы»
1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің тағына отырғызылған: Уәли.
Орта жүзге Уәли ханға қосарлап екінші хан етіп тағайындалған: Бөкей 1815 жылы.
1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін патша үкіметінің Орта жүзде басқару жүйесін өзгерту туралы шешімі: Хандық басқару жүйесін жою.
«Сібір қазақтарының Жарғысы» қабылданды: 1822 жылы.
1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы: Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский.
«Сібір қазақтары туралы Жарғының» дайындалуына белсене қатысқан болашақ желтоқсаншы: Г.С. Батеньков.
1822 жылғы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты: Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.
1822 жылғы Ереже бойынша Орта жүз аумағының атауы: «Сібір қазақтарының облысы».
1822 жылғы Ереже бойынша Орта жүз территориясы (сонымен қатар Омбы, Тобыл, Том облыстары) құрамына кірген генерал-губернаторлық: Батыс Сібір генерал-губернаторлығы.
Батыс Сібір генерал-губернаторлының орталығы Тобыл, ал 1839 жылдан бастап: Омбы.
«Жарғы» бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге бөлінді.
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді.
1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша Орта жүзде құрылған әкімшілік жүйесі: Үш буынды (ауыл, болыс, округ).
Ауыл 50-70 шаңырақтан құралды.
Болыс 10-12 ауылдан құралды.
Округ 15-20 болыстан құралды.
1822 жылғы Ереже бойынша округтерді басқарған аға сұлтандар.
Аға сұлтандарды сайлаған: тек ғана сұлтандар.
Аға сұлтандар сайланды: 3 (үш) жылға.
Аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: Дворян.
«Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша ежелгі дәстүрді сақтай отырып, хан сияқты ақ киізбен көтерілген: Аға сұлтан.
«Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша патша өкіметі енгізген алқалы тәртіппен істі қарау: Аға сұлтандарының рөлін төмендетті.
«Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша болыстарды билеген болыс сұлтандары.
Болыстық билік мұрагерлік жолмен берілді.
Болыс сұлтандары Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша теңелді: 12-класқа жататын шенеуніктерге.
Ауылдарды басқарған ауыл старшындары.
Ауыл старшындары сайланды: 3 (үш) жылғы.
Старшындар құқықтары жөнінен теңестірілді Ресейдегі селолық старосталармен.
«Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша сот істері 3-ке (үшке) бөлінді:
Қылмыстық істер.
Талап ету.
Болыстық басқармаға шағым айту.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказ.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша билердің шешімін қайта қарауға құқылы болған: Округтік приказ.
Кейін Сібір қазақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Ал Шекаралық басқарма Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынды. Шекаралық басқарманың төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығы берілді Шекаралық басқарманың төрағасына.
1822 жылғы «Жарғы» бойынша қазақ даласында сатуға тыйым салынған зат: Шарап.
Жалпы алғанда, 1822 жылғы «Жарғы» Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында терең із қалдырды.
Кіші жүздегі реформа
Хандық билікті қолында сақтауға талпынғандардың бірі Кіші жүз сұлтаны Арынғазы Әбілғазыұлы.
«Орынбор қазақтары туралы Жарғының» авторы: Орынбор губернаторы П.К. Эссен
Жарғы 1822 жылы дайындалды. Бірақ Жарғы бұл жылы бекітілмеді. Жарғы бойынша Кіші жүз жеріне 3 (үш) хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады.
«Орынбор қазақтарының Жарғысы» қабылданды: 1824 жылы.
Кіші жүзде хандық билік жойылды: 1824 жылы.
Кіші жүздің соңғы ханы: Шерғазы.
1824 жылы Орынбор губернаторы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынборға шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктік қызметке тағайындады.
1824 жылғы «Орынбор қазақтарының Жарғысына» сәйкес:
Кіші жүз 3-ке (үшке) бөлінді. Әр бөлігінің басында аға сұлтан (сұлтан-правитель) отырды.
Кіші жүз территориясында 54 арақашықтық жасалды.
1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші жүздегі лауазымды қызметтерді тағайындаған: Орынбор генерал-губернаторы.
1801 жылы құрылған Бөкей Ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.
1822 және1824 жылдардағы «Ережелердің» Орта және Кіші жүз қазақтары үшін басты зардабы: Саяси өзін-өзі басқару еркіндігінен айыру.
Хіх ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық көтерілістер
1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
1836-1838 Жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
1837-1847 Жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
ХІХ ғасырдың 20-жылдарына қарай Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірінің бір жағында билік еткен: Қоқан бектері.
ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған: Хиуа хандығы.
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болған: Патша үкіметінің Жаңа Елек өзені бойында әскери шеп тұрғыза бастауы.
Патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылық білдіріп қырық мың шаңырақ жақтастарымен Көкшетау бойынан Қоқан хандығының шекарасына қарай көшіп кеткен: Қасым төре.
Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары: 1802-1847
Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен: әкесі Қасым төре.
Кенесары Қасымұлының атасы: Абылай хан.
Кенесары туған ағасы Саржанның көтерілісіне қатынасты: 1824 жылдан бастап.
Қоқандықтардың қолынан зұлымдықпен қаза тапқан Қасым сұлтанның ұлы: Саржан.
Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген: 1836 жылы Қоқан ханы.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар: 1837-1847 жылдар.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.
Кенесары Қасымұылының көтерілісі қамтыды: Бүкіл Қазақстанды. (Үш жүзді).
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары.
Патша үкіметінің сот-жазалау мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда, К.Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны: 80-нен астам.
Көтерілісшілердің саны кейбір жағдайда жетті: жиырма мыңға дейін жетті.
Сұлтан Кенесары басқарған көтеріліске 80 сұлтан мен байлар қатысқан аймақтар мен аудандар: Құсмұрын, Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Ақмола.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты: Ресей империясының қазақ жерін отарлауды тежеу және округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған Амангелді Имановтың атасы: Иман батыр.
Кенесары әскерінің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал, Жеке, Байсейіт.
Кенесары Қасымұлының сенімді серігі, інісі, көтеріліске қатысушылардың бірі: Наурызбай батыр.
Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезіндегі Ресей императоры: І Николай.
Кенесары патша үкіметіне алғаш рет қарулы қарсылық білдірді: 1837 жылы қараша айында Петропавлдан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарының тобына шабуыл жасады.
1838 жылы мамыр айында Кенесары сарбаздары: Ақмола бекінісін басып алып өртеп жіберді.
Кенесары көтерілісі Кіші жүзге тарады: 1838 жылы.
1838 жылы Кенесары көтерілісіне өз жақтастарымен келіп қосылған Кіші жүздің белді биі, батыр: Жоламан Тіленшіұлы.
1841 жылы Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзеге аспау себебі: Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.
1841 жылы Кенесары көтерілісшілері басып алған қоқан әскерлері орналасқан бекіністер: Жаңақорған, Созақ, Ақмешіт және Жүлек.
Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған: Қоқан ханы.
1843 жылы І Николай патша келісім беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберді: Старшина Лебедев басқарған отрядті.
1844 жылы шілде айының 20-сынан 21-іне қараған түнде болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны: 44.
Патша үкіметінің старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі: Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін.
Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр еткен жағдай: 1844 жылғы күрес нәтижелері көтерілісшілердің рухын көтерді, Кенесары туы астына жаңа қазақ ауылдарының тездеп шоғырлануы.
1838 жылы желтоқсан айында Ақбұлақ округтік приказы төңірегінде Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковқа және І Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға жіберген Кенесарының бес өкілі: тұтқынға алынып, жазаға тартылды.
1844 жылдың аяғында Кенесарымен келіссөз жүргізген Орынбор шекаралық комиссияның өкілі би: Баймұханбет Жаманшин.
1845 жылы Кенесарының ауылына келген патша елшілері: Долгов, Герн елшілігі.
Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі: Екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады.
Кенесарыны Орта жүздің аумағынан ығыстыру үшін патша үкіметі: Ұлытау, Ырғыз және Торғай бойында бекіністер тұрғызды.
Кенесары көтерілісі кезінде: Қытайдан көмек сұрау мәселесі талқыланды.
1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге.
Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алуының себебі: Қоқан езгісіндегі қазақ руларын көмек көрсетіп, өзіне тірек жасау.
Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ: Қоқан мен Бұқара.
Кенесарының жағдайын қиындатқан: Бұхар мен Қоқан хандықтарының бірігіп күресу келісімі.
Кенесарыны және оның Қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы.
Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға: Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы.
Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтарға қарсы бірігіп күресу ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы.
Кенесары көтерілісінің отаршылдық езгіге қарсы бастапқы сипатын өзгерткен: Қырғыз жеріне басып кіруі.
Кенесарының қырғыздардың қолынан қаза тапты: 1847 жылы Майтөбе.
Кенесары хандық билікті қолына алды: 1841 жылы.
Кенесары құрған хандық сипаты жағынан: феодалдық мемлекет.
Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: Билік ханның өз қолында болды.
Хандық билікті қолға алған Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: Хандық сотты.
Опасыздық жасағандарға қолданылған жаза: Өлім жазасы.
Кенесары Қасымұлының шаруашылық саласында көңіл бөлді: Егіншілікке.
1836-1838 Жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
Ішкі Орда хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі: Патша үкіметінің саясатын қолдау мақсатында.
Бөкей Ордасы құрылған жыл: 1801 жыл.
Бөкей Ордасының территориясы: Еділ мен Жайық аралығы.
ХІХ ғасырдағы Кіші жүздің алып жатқан территориясы: 850000 мың шақырым.
1801 жылы 11 наурызда Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берген император: І Павел.
Патша үкіметінің Кіші жүз руларыныдағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдеткен шешімі: Жайық пен Еділ арасында қайта қоныстануға рұқсат беруі.
Бөкей Ордасының патша үкіметінің қаржысына хан сарайын салған жер: Жасқұс.
Бөкей ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды: 1827 жылы.
Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылған «Хандық кеңестің» құрамына кірген билер саны: 12 би.
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай: 1833 жылы Жәңгір хан қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий өңіріне билеуші етіп тағайындауы.
Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болды: 1836-1838 жылдары.
Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болған кезең: ХІХ ғасырдың І жартысында.
Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс созылды: екі жылға.
1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліс: Үш кезеңге бөлінді.
1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші: Қазақ шаруалары.
1836 жылы Исатай Тайманұлының серіктері: Тінәлі Тайсойғанұлы, Ұса Төлегенұлы (Сарт Еділұлы, Иманбай Қандыбайұлы).
Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: Махамбеттің өлеңдерінде.
Бөкей хан Исатай Тайманұлын беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындады: 1812 жылы.
1814 жылы Орынбор Шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы старшын болған ру: Беріш.
Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары: 1817-1823 жылдар.
Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды: 1836 жылы 17 наурыз.
1837 жылғы қазан айының 15-інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы: Балқы Құдайбергенұлы.
1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер саны: Екі мың.
Исатай бастаған көтерілісшілердің жалпы саны екі мыңға жеткен уақыт: 1837 жылы қазан.
Исатайдың подполковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен Тастөбе түбіндегі қанды шайқасы болды: 1837 жылы қараша.
700 казак әскерінен, 400-ден астам хан-сұлтан жасақтарынан құралған жазалаушылар тобы Исатай бастаған 3 мыңнан астам көтерілісшілерге қарсы тұрды.
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы көтерілістің кейінгі барысына әсер еткен оқиға: Исатайлың Тастөбе түбіндегі жеңілісі.
Көтерілісшілер қатары азайып, Исатайдың төңірегінде оңдаған өзіне берілген серіктері қалды. Гекенің жазалаушы топтарының қуғындауынан титықтаған қазақ шаруалары өз руларына тарап кетті.
Патша үкіметінің Исатайды тірідей ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом.
Батырдың басын алғанға 500 сом тігілсе де, Ордада бірде-бір қазақ губернатордың ұсынысын қабылдамады.
Исатай Тайманұлы Жаманқала бекінісіне жақын жерде жазалаушылардың тобын тобын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп үлгерді: 1837 жылғы 13 желтоқсанда.
Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай: Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.
Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланыста болған Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің етек алуы.
Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің жеңілген жер: Ақбұлақ.
Исатай Тайманұлы қаза тапты: 1838 жылғы 12 шілдеде.
1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.
1836-1838 жылдардағы көтеріліс кезінде көтерілісшілерден тартып алынған мал: Гекенің нұсқауымен Жәңгірге жақын феодалдар арасында таратылды.
Махамбет Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы.
1836-1838 жылдардағы Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару тапсырылды: Гекеге.
1836-1838 жылдардағы көтеріліс басшыларына И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жаңашырлық білдірген орыс жазушысы: В.И.Даль.
Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордададағы 1842 жылғы шаруалар көтерілісін басқарды: Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы.
1842 жылғы Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы бастаған көтерілістің негізгі сипаты: Антифеодалдық.
Сотник Бородин және Ішкі Орда сұлтандары Аббас пен Лаубайды тұтқынға алып, Орал қаласында әскери сотқа берді: 1844 жылы наурызда.
Бөкей Ордасындағы 1842-1844 жылдарындағы көтерілістің басшыларының бірі Лаубай Мантайұлы түрмеде қайтыс болды: 1847 жылы.
Аббас Қошайұлы сот үкімімен Лифляндия инженер корпусының қарамағына қара жұмысқа айдалды.
Хіх ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері
1858 Жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі
Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері
ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Сыр бойындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болған: Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рақым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында көптеген қамал тұрғызуы.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843 ж.
Жанқожаның қолы Қуандария бойындағы талқандалған бекіністі қалпына келтіруге жіберілген екі мыңдай хиуалықты жеңді: 1845 ж.
Райым бекінісі салынған жыл: 1847 жылы.
Райым бекінісінің қазіргі атауы: Қазалы.
1856-1857 жж. төменгі Сыр бойы қазақтарының көтерілісіне себеп болған жағдай: Бекіністерді салуға қазақтарды күшпен тарту.
1856-1857 жылдары Жанқожа батыр бастаған көтерілістің ошағы (орталығы): Жаңақала.
1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1 500 адам, 1857 жылы 5 000 адамға дейін жетті.
1856 жылы желтоқсанның аяғында Жанқожа қоршаған бекініс: Қазалы порты.
Патша үкіметі Жанқожа батыр мен Есет Көтібарұлының күштерін біріктірмеу үшін: генерал-майор Фитингоф басқарған ірі топты қарсы жіберді.
1857 жылы 9 қантарда Жанқожа батыр мен генерал-майор Фитингофтың әскері арасындағы шешуші шайқас болған жер: Арықбалық.
ХІХ ғасырдағы Жанқожа көтерілісі жаншылды: 1860 жылы.
XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған: Есет Көтібарұлы.
Орынбор губерниясының әкімшілігі Есет Көтібарұлын ұстауды жүктеді: Арыстан Жантөринге.
1855 жылы 8 шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш: сұлтан Жантөрин.
XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі: 1858 жылдың қыркүйегінде жазалаушылардың қыспағымен Есет батыр көтерілісті тоқтатып, Орынборға барып патша билігін мойындады.
1858 Жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі
ХІХ ғасырдың 50-жылдары Оңтүстік Қазақстан және Жетісу тәуелді болды: Қоқан хандығына.
ХІХ ғасырдың 50-жылдары Ташкент билеушісі Мырза Ахмет енгізген қосымша салық жиналды: қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерден.
1858 жылдың наурыз айында Қоқан езгісінде қарсы ең ірі көтеріліс болды: Әулиеата маңында.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші: қазақ, қырғыз шаруалары.
ХІХ ортасында тегеуірінділігі мен ұйымшылдығы жағынан ерекшеленген көтеріліс аймағы: Шымкенттен Мерке және Пішпекке дейінгі аймақ.
1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жер: Пішпек түбінде.
Көтерілісшілер ауылдарын Ресей бақылауындағы өңірлерге көшуге мәжбүр еткен: Қоқан әскерлерінің жақындауы.
Көтерілісті басуға жіберілген әскери топтардың бірін басқарған Кенесарының ұлы: Тайшық сұлтан.
1858 жылғы халық қозғалысының тегеуірінен сескенген қазақ феодалдары: Қоқан билеушілерімен ымыраға барды.
Қазақ феодалдары Қоқан ханы Худиярмен жасаған ымыра: Қоқан ханы ішінара жеңілдіктерге келісім берді.
Мырза Ахмет орнына Ташкент билеушісі болып Худияр ханның інісі Мұрат-аталық келді.
Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты: Қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы.
1858 жылғы қазақ шаруаларының Қоқан езгісіне азаттық күресінің тарихи маңызы: Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады. Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруінің алғышарты пісіп-жетілді.
Қазақстан – Ресей империясының отары
Ұлы Жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы
Ұлы Жүздің Ресейге қосылуы
Осы елдің жасырын қолдауына сүйенген Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтары Каспий теңізінің жағалауынан Жетісуға дейін шабуыл жасады: Ағылшын үкіметінің.
Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның он мыңдық әскерімен қазақтарға жасаған жойқын шабуылы болған жыл: 1820 жыл.
Хиуа ханы Мұхаммед Рақым қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны: Екі мыңға жуық
1821 жылы Орта Азия хандықтарының озбырлығына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған: Тентектөре.
1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстың сипаты: Азаттық.
1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстағы көтерілісшілер саны: 10 мың.
ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы.
ХІХ ғасырдың ортасында (ХІХ ғасырдың 20-30 жж.) болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көтерілістер бағытталды: Қоқан үстемдігіне қарсы.
1817 жылы Сүйік сұлтан Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі: Өзінің қарамағындағы рулармен Ресей құрамына кіру.
Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған 66 мың қазағы бар Ұлы жүздің руы: Жалайыр.
1825 жылы жаңа әкімшілік билікті мойындап, өзі жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім білдірген Ұлы Жүздің руы (50 мың адамы бар болыс): Үйсін.
Ресейдің сыртқы істер министрлігі жанындағы «Азия комитетінің» құрылған уақыты: ХІХ ғ. 20-30 жж.
Патша үкіметі Қазақстанда саяси бағыттағы бірқатар әскери шараларды іске асырды: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.
Жетісуда орыс билігінің шын орнай бастауы: 1831 жылы 17 шілдеде Аякөз округтік приказының салынуымен басталады.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары Хиуа мен Қоқан хандары: Қазақстанның оңтүстігі мен қырғыз жерінің Ресей иелігіне өтуіне кедергі жасауға тырысты.
ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында салынған Ресей әскери бекіністері: Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі.
Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы.
Ұлы Жүзді басқаратын ресейлік пристав тағайындалған жыл: 1848 жыл.
1848 жылы Ұлы жүзге тағайындалған ресейлік билік: Пристав.
ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай алдымен көз тіккен аймақтар: Жетісу және Іле өңірі.
Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын біраз уақытқа дейін билігінде ұстады: Қоқан хандығы.
Ұлы жүздегі Қоқан хандығының тірегі болған Қаскелең өзені бойындағы бекініс. Таушүбек.
Орыс әскерлеріне Таушүбек бекінісі қантөгіссөз берілді: 1851 жылы 7 шілде.
1853 жылы Ресейдің қоластына қараған бекініс: Ақмешіт.
Ақмешіт бекінісін басып алған Орынбор генерал-губернаторы: В.А.Перовский.
Сырдария мен Сібір әскери шептерін ұштастыру туралы ұсыныс жасаған Батыс Сібір генерал-губернаторы: Г.Гасфорт.
1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін тұрғызды: М.Д.Перемышельскийдің отряды.
Верный бекінісінің негізі қаланды: 1854 жылы.
1854 жылы көктемде құрылған бекініс: Верный.
Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған: М.Д.Перемышельский.
Верный бекінісі салынған жердің ертедегі атауы: Алматы.
Верный кейін Іле қонысы деп аталды.
Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл: 1855 жыл.
Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж.
Татар слободкасы маңайында Верныйдағы тұңғыш су диірмені салынды: 1857 ж.
1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп: Сыра зауыты.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уәлиханов.
Верный бекінісі ХІХ ғасырдың 50 жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресей қол астына қарауын тездетті.
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы кезеңінде Ресейдің күшін қоқандықтар озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алып, қошемет көрсеткен: Сұраншы батыр, Шаян батыр, Жайнақ би.
1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс: Кәстек.
Орыс әскерлерінің Шу аңғары арқылы Қоқан бекіністеріне қарай ілгерілеуі осы жерден басталды.
ХІХ ғасырдың ортасында Қоқан ханы Жетісуды өз қолына ұстап алуы үшін әскери күш-қуатын нығайту шараларын жүргізген бекіністер: Әулиеата, Мерке, Пішпек, (Тоқмақ).
Орыс әскерлері 1860 жылы 26 тамызда басып алған қоқандықтардың бекінісі: Тоқмақ.
1860 жылы қыркүйекте бес күндік қоршаудан кейін құлаған Қоқанның Жетісудағы тіректерінің бірі: Пішпек.
Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы: Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты.
Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Ресей әскеріне қарсы.
Жетісудың Ресейге қосылуының аяқталуы кезеңіндегі Алатау округінің билеушісі: Г.А.Колпаковский.
1860 жылы орыс әскерлері мен Қоқан әскерінің арасында үш күндік шайқас болған жер: Ұзынағаш.
Ұзынағаш жеріндегі орыс әскерлерінінің Қоқан әскерін жеңген шайқас болған уақыт: 1860 жылы қазан айының 19-21 күндері.
1860 жылғы Ұзынағаш шайқасындағы екі жақтың шығыны: Қоқандықтар – 400, орыс – 2 адам.
1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы: Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті.
1863 жылы Ресейдің құрамына енген бестаңбалы руының саны: 5 мың шаңырақ.
Қоңырат руының саны: 4 мың шаңырақ.
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі: Англия.
Ресей үкіметінің Әулиеата, Түркістан, Мерке бекіністерін басып алды: 1864 жылы көктемде.
22 қыркүйекте М.Черняев пен подполковник Лерхенің әскери топтары басып кірді: Шымкентке.
Орыс әскерлеріне қарсы Хиуа, Бұхар хандықтарымен одақ жасауға тырысқан Қоқан билеушісі: Әлімқұл.
Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы: 1865 ж.
1865 жылы орыс әскерлері басып алған қала: Ташкент.
1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы: Бұхар хандығы.
Бұхар хандығының иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.
1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады: Ресейдің.
1868 жылы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер бағындырылды: Түркістан генерал-губернаторлығына.
Хиуа хандығы орыс әскерлерінен жеңіліс тапты: 1873 жылы.
1860-1870 жылдары Ресей құрамына өткен мемлекеттер: Хиуа, Қоқан, Бұхар.
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы: ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары.
Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды: Бір жарым ғасырға.
Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
1867–1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Реформаны дайындау
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған комиссия басшысы: статс-хатшы И.И.Бутков.
XIX ғасырдың 60-жылдарында И.И.Бутков басқарған комиссия ұсынған жоба бойынша қазақ даласын бөлу көзделді: 2 облысқа Батыс және Шығыс.
Батыс облыстың орталығы – Торғай өңірі.
Шығыс облыстың орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.
А.П.Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына Орынбор генерал-губернаторы болып Н.А.Крыжановский тағайындалды: 1865 жылы.
Жаңа губернатор И.И.Бутков комиссиясының пікірлері мен ұсыныстарын қабылдамады.
1865 жылы Қазақ өлкесін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі: Гирс.
Қазақ даласын басқару жөніндегі «Ереженің» жобасын дайындайтын «Дала комиссиясы құрылды: XIX ғасырдың 60 жылдары.
«Дала комиссиясының» құрамындағылар: Бас штабтан – полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал–губрнаторлығынан капитан А.П.Проценко.
1865 жылы 5 маусымда ІІ Александр патшаның бұйрығымен жүзеге асырылған: Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау.
XIX ғасырдың 60 жылдары әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ғалымы: Ш.Уәлиханов.
XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір: Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті.
ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1867 жылы 11 шілде.
ІІ Александр патша «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1868 жылы 21 қазан.
1867-1868 жылдардағы реформа тұстас келді: Ресейде басыбайлылық құқығының жойылуымен.
Реформаның мазмұны, мәні
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша бүкіл қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: Үш генерал-губернаторлыққа.
1867-1868 жылдардағы реформаға дейін қазақ даласы бөлінді: екі генерал-губернаторлыққа.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша құрылған генерал-губернаторлықтар: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары.
Орынбор генерал-губернаторлығына қараған облыстар: Орынбор (Орал), Торғай.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей.
Түркістан генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Сырдария, Жетісу.
1867-1868 жылдардағы реформа негізінде 1872 жылдан бастап Бөкей хандығының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахан губерниясына.
1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен енгізілді: Закаспий облысына.
1867-1868 жылдардағы реформа генерал-губернатордың қолында шоғырланған билік: Әскери және азаматтық билік.
1867-1868 жылдардағы «Ереженің» басты қағидасы (түйінді жері): Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді: Түркістан генерал-губернаторлығына.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер жасауға рұқсат етілген елдер: Қытай, Иран.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облысты басқарған: Әскери губернатор.
Сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған (наказной) атаманы болып есептелді.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үш бөлімнен тұрды: Шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру.
1867-1868 жылдардағы реформа облыстық басқарма істерін қадағалаған: вице-губернатор.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысына енген уездер: Көкшетау, Омбы, Петропавл.
Семей облысы: Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейіннен Павлодар, Өскемен).
Сырдария облысы: Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жизақ.
Жетісу облысы: Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ.
Торғай облысы: Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай.
Батыс Қазақстан (Орал): Орал, Атырау, Калмыков, Жем (Темір).
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындаған: Генерал-губернатор.
Уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уездер аймақтық принципке негізделіп бөлінген әкімшілік буыны: Болыс.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны: 100-200 шаңырақ.
1867-1868 жылдардағы «Ережеге» сәйкес басқарудың ең төменгі екі сатысындағы болыстар мен ауылнайлар іріктеліп сайланды: Жергілікті ірі ақсүйектерден.
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілген: Шыңғыс тұқымдары – сұлтандар.
1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар кезінде өкімет билігінен шеттетілген билеуші сұлтандар мен аға сұлтандарға тағайындалды: Өмірлік зейнетақылар.
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария.
1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Сырдария облысының отырықшы елді мекендерінің басқару билігі берілді: Ақсақалдарға.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарында сайланды: үш жылға.
1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралына айналған, ашық таптық сипаты бар сот мекемелері.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны: Билер мен қазылар соты.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекіткен: Әскери губернатор.
1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған облыс: Сырдария.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында сақталған сот: Қазылар сот.
1867-1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды.
1867-1868 жылдардағы реформаларды өз шығармаларында сыңға алған алдыңғы қатарлы ойшылдар: Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарыұлы.
Хіх ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі
1868-1869 Жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер
1867-1868 жж. «Уақытша Ережеге» сәйкес енгізілген барлығына міндетті салық түрі (ауқаттыларды қоспағанда): Шаңырақ салығы.
XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері өсірілді: 1 сомнан 3 сомға дейін.
Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға өстті.
1867-1868 жылдардағы «Ережелердің» көшпенділер үшін ең басты ауыртпалығы: Қазақ жерінің патша үкіметінің меншігі деп жариялануы.
1868 жылдың желтоқсан – 1869 жылдың қазан аралығындағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар: Орал, Торғай.
1868-1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар: Жеңілдіктерінен айырылған ру басылар.
1868-1869 жылдары Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің басшылары: Сейіл Түркібайұлы, Беркін Оспанұлы.
1868-1869 жылдары Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің жеке құрамаларына басшылық есткен сұлтан: Ханғали Арсланұлы.
Билер – Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы.
Молдалар – Рысқұлұлы, Досұлы.
1869 жылы мамырдың 6-ы күні фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасаған жер: Жамансай көлі маңы.
1869 жылы мамырдың 6-ы күні Жамансай жеріндегі фон Штемпельдің құрамында 200 атты және бір рота жаяу әскерінің кейін шегіну себебі: Жемшөбі мен азық-түлігі таусылды.
1868-1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысының сипаты: антифеодалдық.
1869 жылдың наурыз, маусым айларында көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: 41.
1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 мың.
1869 жылы Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға аттанған генерал-губернатор: Н.А.Веревкин.
Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс
1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері: 160 мың сом.
«Уақытша Ереже» енгізілгеннен кейін Маңғыстау түбіндегі адайларда қатты шиеленіскен мәселе: Салық.
1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліске түрткі болған: патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы.
1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.
1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға: подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы.
1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқастың нәтижесі: Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді.
1870 жылы 5 сәуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады.
1870 жылы мамыр айында Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша әскери құрама әкелінді: Кавказдан.
1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген әскери министр: Милютин.
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына өтіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны: 3 000-ға жуық.
1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі: Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды.
ХІХ ғасырдың 60-70 жылдардағы барлық көтерілістердің ішінде антифеодалдық сипаты әлсіз болды: Маңғыстаудағы көтерілісте.
1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі: қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы.
Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке өткізуге міндетті болған мал саны: 90 мың қой.
Кавказ әкімшілігінің талабымен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды.
Қазақстанның экономикалық дамуы
Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару
1861 жылдың 19 ақпанындағы «Ереже» Ресейдің бірде-бір аграрлық мәселесін аяғына дейін шеше алмады. Осындай жағдайда Ресей үкіметі орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудара бастады.
Біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін.
Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталған уақыт: ХІХ ғасырдың 60-жылдардың ортасы.
«Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасаған: Герасим Алексеевич Колпаковский.
Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысына сай «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868.
1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ережесіне сай жан басына берілген жер көлемі: 30 десятина.
1868 жылы қабылданған «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже өз күшін сақтады: 1883 жылға дейін.
1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: салық пен міндеткерліктен үш жылға босатылды.
1883 жылдан бастап жаңадан қоныс аударушылардың жан басына берілетін жер көлемі: 10 десятина.
1889 жылы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды.
1891 жылғы «Уақытша ереже» бойынша жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді: Бұрын қоныстанған шаруаларға.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған аймақ: Жетісу өлкесі.
ХІХ ғасырда қоныстандыру саясаты түгелге жуық қамтыған облыс: Сырдария.
1884-1892 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде орыс, украин шаруалары құрған қоныстар саны: 37.
1855-1893 жылдары Ақмола облысы қазақтарынан 250 мыңнан астам десятина жер тартып алынып, 24 село ұйымдастырылды.
ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтар арасында отырықшылықтың кең таралуына себепші болған: Орыс, украин шаруаларын көптеп қоныстандыру.
Капитализмнің дамуы. Сауда және қала
Қазақ даласында капиталистік қатынастардың дами бастаған мерзім: ХІХ ғасырдың ортасы.
ХІХ ғасырда ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгермеген тобына жататын: жатақтар.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап кедейленген қазақтар күнкөріс көзін табу мақсатымен тау-кен орындарына, ірілі-ұсақты кәсіпорындарға тартыла бастады.
ХІХ ғасырда Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері ашылған қалалар: Орал (1876 ж.), Петропавл (1881 ж.), Семей (1887 ж.), Омбы (1895 ж.), Верный (1912 ж.).
ХХ ғасырдың басында филиалдары саны жағынан Қазақстанның шаруашылық өмірінде белгілі орын алған банк: «Орыстың сауда өнеркәсіптік банкі».
Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытуда ерекше орын алған: жәрмеңкелер.
1832 жылы қазақ жерінде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Бөкей (Ішкі) ордасында.
Бөкей ордасында қазақ жеріндегі тұңғыш жәрмеңке ашылған жыл: 1832 жыл.
ХІХ ғасырдың 80-жылдары Шығыс Қазақстандағы ірілі-ұсақты қалалық, далалық жәрмеңкелер саны: 70-тен астам.
ХІХ ғасырдағы Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі: Ақмола облысы.
Облыстағы ірі жәрмеңкелер: Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновка (Еленецкая), Петровка (Атбасар станицасында).
1848 жылы Қарқара уезінде ірі жәрмеңке ашылған жер: Талды-Қоянды.
Қарқара уезіндегі жәрмеңке Варкав Ботовтың есімімен аталды.
ХІХ ғасырдағы Қазақстанның Ресеймен саудасындағы негізгі тауар: Мал.
ХІХ ғасырдың аяғына қарай бір саудагердің қазақтарды алдап, «қасиетті от» деп сатқан заты: Сіріңке.
Кейіннен байып алған көпестердің біреуі қатып қалған тас кәмпитті қазақтарға «Мұхаммедтің тұзы» деп сатқан.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде пайда болған қалалар саны: 19.
Ресейде тұңғыш халық санағы өткізілді: 1897 жылы.
1897 жылғы халық санағы бойынша ең көп қоныстанған ірі қалалар: Орал – 36 446, Верный – 22 744, Семей – 20 216, Қостанай – 14 175.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы: тау-кен өнеркәсібі.
ХІХ ғасырдың соңында аталған салада 19 мыңдай жұмысшы болса, ол 1902 жылға қарай 30 мыңға жуық болды.
Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысшылардың басым көпшілігі: қазақтар.
Қазақ-қытай сауда қатынастары
ХІХ ғасырдың басында ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасаған: Пекин сарайының басқа елдерден оқшаулану саясатын өзгерпеуі.
Ресей Қытаймен сауда-саттық жасау үшін Қазақстанды транзиттік аумақ ретінде пайдаланды.
1805-1806 жылдары Ресей үкіметі сауда байланыстарын реттеу үшін Ю.Головкиннің елшілігін аттандырды: Қытайға.
Ю.А.Головкин бастаған елшілік Пекинге жіберілмей, қайтып оралуға мәжбүр болды: Ургадан (Ұлан-Батордан).
ХІХ ғасырдың басында Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстың орталығына айналған Қазақстан қалалары: Семей, Петропавл.
Орта жүздің бура-найман руының белді сұлтаны Құдаймендінің Петербургке ұлы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты: Жәміш бекінісінен Шыңжаңға сауда керуендерін аттандыруға ресми рұқсат алу (Қытаймен сауданы тұрақтандыру үшін).
ХІХ ғасырдың басында қытай көпестерінің жиі сауда жасайтын орталықтарының бірі: Бұқтырма.
1811 жылы Ресей үкіметінің шекаралық ауданға ерекше өкілдікпен жіберілген тілмашы Н.Г.Путимцевке жүктелген міндет: Қытайлықтардың Бұқтырма арқылы саудасының мүмкіндіктерін анықтау.
1809 ж. Бұқтырманы басып өтіп, Шәуешек қаласында тауарларын сатып оралған көпес: Нерпин.
1812 ж. құны бір миллион сомға жуық тауарын Құлжа базарларында тиімді сатып, пайдамен оралған Ташкент көпестері: Мирқұрбан Ниязов пен Ахмадий Аширов.
ХІХ ғасырдың басында Қытайға баратын саудагерлерді қорғау мақсатында үкімет қабылдаған шешім: Қарулы казактар бөлінді.
1824 ж. Құлжа мен Қытайдың қалаларында сауда-саттық жүргізіп, Қазақстан арқылы Цин империясымен сауда жүргізудің пайдалығына жергілікті басқарушылардың көзін жеткізуге тырысқан Ташкент көпесі: Муминов.
ХІХ ғасырдың басында Ресейдің Шыңжаң базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары: Өнеркәсіптік дайын бұйымдар, матаның кейбір түрлері.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үкіметі осы елмен Қазақстан арқылы байланыс отнатуға мән берді: Тибетпен.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үкіметінің Тибетпен Қазақстан арқылы байланыс орнату бастамасын іске асыруға тырысқан: Генерал-лейтенант Г.Глазенап.
Ресей бодандығындағы бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: Семен Мадатов.
Кашмирде болып, Ресейде кең таралған 250 кашмир шәлісін тұңғыш рет Қазақстанға жеткізген грузин көпесі: Семен Мадатов.
Қазақ бұйымдарын Тибетке сатып, көрген-білгендерін Сібір шекаралық комиссиясына қызықты хабарын әкелген, Семейден Қашқарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынған ауған көпесі: Мехти Рафаил.
Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім: ХІХ ғасырдың 30-жылдары.
Салық төлеуден қашып, шекаралық өңірдегі белгіленген керуен жодарынан ауытқыған көпестерге қолданылған жаза: Көпестердің бұйымдары ресейлік заңдар негізінде тәркіленді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына кедергі болған жағдай: Мемлекетаралық келісімдердің жоқтығы.
Шекаралық өңірде арнайы жәрмеңкелердің болмауы.
1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арсындағы сауда-экономикалық байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды: Кяхта.
Ресей мен Қытай үкіметінің арасында Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы 25 шілде.
Құлжа келісімінен кейінгі бірнеше жылдың ішінде Қазақстан арқылы іске асырылатын орыс-қытай саудасы төрт есеге ұлғайды.
1855 жылы Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі: Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындардың талан-таражға салуы.
Шәуешек қайшылығынан кейін Ресей көпестерінің саудасы осы қаламен шектелді: Құлжа.
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында Ресей-Қытай сауда қатынасының Жетісу бағытындағы негізгі сауда-саттық нүктелері: Қапал, Верный.
Қазақстан арқылы дамыған орыс-қытай сауда байланыстарының құлдырау кезеңі: ХІХ ғасырдың 60-жылдарының екініші жартысы.
Қырғыз елі мен Жетісу бойын Цин империясы Ресейдің иелігі ретінде ресми түрде таныды: 1864 жылғы Шәуешек хаттамасы негізінде.
1881 жылы 12 ақпандағы Ресей мен Қытай арасында қол қойылған келісім: Петербург шарты.
Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланысына кең жол ашқан келісім: Петербург шарты.
1881 жылы Петербург шарты бойынша Қытаймен сауда мәселесі шешілген аймақ: Іле.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Шыңжаң қалаларынан Қазақстанға шығарылатын басты тауар: Шәй.
1881 жылғы Петербург шартына сай орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта рұқсат берілді: Шайды баж салығынсыз сатуға.
ХІХ ғасырдың соңында бүкіл Шығыс Түркістан сауда әлеміне есімдері белгілі болған қазақ көпестері: Шаянбайұлы, Жандыбайұлы, Жақыпұлы, Жетікұлы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле су жолының ашылуы.
1882 жылы Англиядан кеме алдырып, Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес: Вали Ахун Юлдашев.
1882 жылы Г.А.Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан ірі су кемесін сатып алған инженер: Поклевский.
1883 жылы мамыр айының 4-інде Вали Ахун Юлдашевтің астық тиеген кемесі жеткен Қытай бекінісі: Сүйдін бекінісі.
Орыс-қытай қарым-қатынасындағы белді оқиғалардың бірі болған Іле су жолы ашылды: 1883 жылы.
ХІХ ғасырдағы Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі: Сүйдін бекінісі.
Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке: Қарқара.
1890 жылы маусым айында Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін құрылған сауда округі: Семей сауда округі.
Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерген Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы 30 тамыз.
Хіх ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы
1886-1891 Жылғы «Ережелер»
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды: Жиырма жылдан астам уақытқа.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастырудың жиырма жылдан артық уақытқа созылу себебі: Қазақ шаруаларының көтерілістері.
«Түркістан өлкесін басқару және онда жер, салық өзгерістерін енгізу туралы» Ереже бекітілді: 1886 жылы 2 маусымда.
1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінің басқару орталығы: Ташкент.
1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесіне енген облыстар: Сырдария, Ферғана және Самарқан.
1886 жылғы Ереже бойынша Ферғана облысына енген уезд саны: 5
Сыдария облысына енген уезд саны: 5 және Әмудария бөлімі.
Самарқан облысына енген уезд саны: 4.
1886 жылғы «Ережеге» сай Қазалы, Перовск, Шымкент, Алматы*(Әулиеата) және Ташкент уездері кірген облыс: Сырдария.
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ереже бойынша құрылған: Дала генерал-губернаторлығы.
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Дала генерал- губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей және Жетісу.
1891 жылғы «Ережеге» сай Дала генерал-губернаторлығына кірген үш облыстың орталығы болған қала: Омбы.
1891 жылғы «Ереже» бойынша Жетісу облысына енген уезд саны:6
Семей, Ақмола облыстарыына енген уезд саны: 5
Торғай, Орал облыстарына енген уезд саны: 4
Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары осы өңірлердегі үкімет тағайындаған: казак әскерінің атаманы болып есептелді.
1891 жылғы «Ережеге» сай Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді Қазақстандағы облыстық басқармалар.
1886-1891 жылғы «Ереже» бойынша сайланған болыс басқарушылары мен ауыл старшындарын бекіткен: облыстық әскери губернатор.
1886-1891 жылғы «Ережеге» сай мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: «Халық соты».
1886-1891 жылғы «Ережеге» сай уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны: Соттардың төтенше съезі.
Соттардың төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсаты бойынша шақырылатын.
1886 жылғы Ереже бойынша облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғайтын сот: бітістіруші сот.
Жұмысшы қозғалысының басталуы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өндіріс орындарында жұмыс істеген қазақтардың үлесі: 60-70%.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында алтын өнеркәсібіндегі әйелдердің үлесі: 1-4 %.
1873 жылы Қазақстан кен орындарында жұмыс істейтін әйелдердің үлесі: 12%.
1893 жылы Қазақстан кен орындарында жұмыс істейтін әйелдердің үлесі: 17,8%.
Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастады: ХІХ ғ. 90 жылдары.
ХІХ ғасырдың 90-жылдарындағы кен орнындағы 16 жасқа дейінгі балалардың үлесі: 14%.
ХІХ ғасырдың аяғында жұмысшылардың Қазақстан жағдайындағы таптық қарсыластарының бірі: Өндіріс орнын тастап кетуі.
ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: Үш айға дейін абақтыға қамау.
Қашқын жұмысшыларды ұстап бергендер тіпті арнайы сыйлық алатын.
Қазақстанда қолданылған таптық қарсылықтың бір түрі: ереуіл.
1849 жылы жұмысшылардың алғашқы бас көтеруі өткен жер: Көкшетау кен округінде.
Өскемен кен өндірісінде ереуіл өткен жыл: 1888.
1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі: Жұмысшылардың жалақысы артты.
Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішіндегі ереуіл ұйымдасқан түрде өтті: 1891 жылы.
Ереуілге басшылық еткен Қазақстандағы алғашқы жергілікті халықтан шыққан жұмысшы өкілдері: И.Жағалтайұлы, У.Жанғазин, У.Төлегенұлы.
1893, 1895 және 1899 жылдары ереуілге шыққан: Батыс Сібір темір жол торабының жұмысшылары, Омбы темір жолшылары.
ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: Өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы.
Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару
1862-1877 жылдары Цинь империясының өктемдігіне қарсы күреске шыққан: ұйғыр, дүнген.
1862-1877 жылдардағы ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресі бағытталған әулет: Маньчжур-Цин әулеті.
1864 жылы Шыңжандағы көтеріліс барысында Қашғарияда құрылған мұсылман (ұйғыр) мемлекеті: Жетішар.
Іле өлкесінде құрылған: Іле сұлтандығы.
Жетішар мемлекетінің негізін қалаған Қоқан әскери басшысы: Якуб бек.
Патша (орыс) әскерінің Іле өлкесіне енгізілуі: 1871 жылы.
XIX ғасырдың екінші жартысында Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы: Шыңжаң.
ХІХ ғасырдағы ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуының басты себебі: Цинь үкіметінің қысым көрсетуі.
1881 жылғы Петербург шарты бойынша Іле өлкесінің тұрғындарына қатысты айтылды: Қытай немесе Ресей азаматтығын қабылдау.
1881 жылдың күзінен-1884 жылға дейін Шыңжаңдағы ұйғырлар мен дүнгендердің басты қоныс тепкен өлкесі: Жетісу мен Солтүстік қырғыз өңірі.
1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар саны: 45 мыңнан астам.
1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны: 5 мың.
ХІХ ғасырдың аяғында Алматы облысында ұйымдастырылған ұйғыр болысының саны: Алты.
Верный уезінің Жаркент болысындағы ауқатты ұйғыр көпесі: Вали Ахун Юлдашев.
ХІХ ғасырдың соңында қоныс аударған әрбір дүнгенге берілген жер көлемі: Үш десятина.
Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: «Он екі мұқам».
1905 жылы Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі «Он екі мұқам» басылып шыққан қала: Қазан.
Ұйғыр халқының тамаша музыка өнері, ән мен биі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салған ғалым-саяхатшылар: Ш.Уәлиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Прежевальский.
XVIII–хіх ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі
XVIII ғасырда Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болған алғашқы ірі экспедицияға басшылық еткен: Александр Бекович-Черкасский.
Экспедиция саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталып, Хиуаны бағындыруға аттандырған әскери бөлім түгелге жуық қырылды.
Жоңғария шапқыншылығынан қазақтарды қорғауда елеулі орын алған Ресейдің әскери барлау экспедициялары: подполковник И.Д.Бухгольцтың басшылығындағы.
І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша «Азияға жол іздеу» талабымен құрылған әскери экспедиция.
«Жоңғария картасын» жасаған орыс экспедициясы құрамында болған тұтқындағы швед офицері: И.Г.Ренат.
ХІХ ғасырдың 80-жылдары Жоңғария картасын алғаш рет орыс география қоғамы жазбаларында жариялаған: В.В.Веселовский.
Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін Сібір тарихының атасы атанған: Герард Фридрих Миллер (1705-1798).
Г.Ф.Миллердің «Сібір тарихы» еңбегі құнды мәліметтер береді Орта жүз рулары туралы.
«Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы (1730-1750 жж.)» атты терең зерттеу еңбектерінің авторы: П.И.Рычков.
Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған: П.И.Рычков.
Әбілқайыр ханның сол кезде әлі де жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған және Қазақстан тарихының топографиясы туралы сирек кездесетін мәліметтер қалдырған: Н.П.Рычков.
1771 жылы Н.П.Рычковтың Орынборда жазып қалдырған еңбегі: «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар».
Алғаш рет Еділ қалмақтарының қазақ даласы арқылы Қытайға қашуы туралы құнды мәліметтер бар.
Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған: К.Миллер.
«Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат» еңбегінің авторы неміс саяхатшысы, натуралист: Петр Симон Паллас (1741-1811).
Еңбекте халықтың жағдайын, орналасуын, әскери бекіністердің салынуын, олардың өздеріне тән белгілерін дәл суреттеген.
Қазақ әдебиеті
XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі: Ақтамберді жырау
Ақтамберді жыраудың өмір сүрген жылдары: 1675-1768 жылдар.
Ақтамберді жыраудың жерленген жері: Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы.
Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта Жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIIІ ғасырдың екінші жартысындағы танымал ақын: Тәтіқара.
Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғасырда өмір сүрген белгілі жырау: Үмбетей жырау.
Бұқар жыраумен замандас Қанжығалы қарт Бөгенбайды жоқтау және оның өлімін Абылайға естірту сияқты жырлары бар атақты жырау: Үмбетей.
Үмбетей жыраудың өмір сүрген жылдары: 1706-1778 жылдар.
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі, Абылай ханның кеңесшісі болған жырау: Бұхар жырау.
Бұхар жыраудың өмір сүрген жылдары: 1684-1781 жылдар.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, XVIIІ ғасырдың суырып салма ақындардың бірі: Жанақ ақын.
Жанақ ақынның өмір сүрген жылдары: 1775-1846 жылдар.
Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі, қазірге дейін сақталған поэма: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
Атақты ақын Орынбаймен айтысқан: Жанақ.
Хіх ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Ағарту ісінің жағдайы
Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениетінің жаңа бағыт алуына да барынша әсер етті.
ХІХ ғасырдың бас кезінде медреселерде оқытылған тіл: Араб тілі.
ХІХ ғасырдың басында мектептерде оқытылған діни білімдер: «Әптиек» (Құранның жетіден бір бөлігі), «Шариғат-ұл-иман» («Мұсылман дінінің ережелері»).
ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын жіберді: Бұхар, Ташкент, Хиуа мен Самарқанға.
Қазақ жерінде тілмаштар дайындайтын «Азиялық училище» ашылған жыл: 1789 жылы.
1789 жылы ашылған Азиялық училищесінде оқытып үйретілген тілдер: монғол, қытай, парсы, маньчжур.
Басқа да Азия халықтары тілін оқып-үйренген мектеп түлектері – алғашқы сауатты мамандар болып шықты.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда ашылған әскери училищелерде даярланған мамандар: Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер.
1813 жылы Омбыда ашылған әскери училище 1837 жылы: Сібір кадет корпусы болып қайта құрылды.
1825 жылы Орынборда ашылған әскери училище 1844 жылы: Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды.
1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала: Орынбор.
1831 жылы қыркүйек айының 18-і күні орысша білім беретін училище ашылған қала: Семей.
1836 жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала: Өскемен.
1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық: Кіші (Ішкі) Орда.
Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп қазақ жастарының білімін тереңдетуді ғана емес, хан және Орынбор губерниялық кеңсесі үшін отаршылдық әкімшілікке берілген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен.
1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектепті ұйымдастырушы: Жәңгір хан.
ХІХ ғасырда теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп ашылған қала: Атырау.
Орынборда шекаралық комиссияның жанынан қазақтарға орысша білім беретін бірнеше мектептер ашылған мерзім: 1850 жылы.
Қазақстандағы саяси жер аударылғандар
Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық козғалыс өкілдерінің Ресей империясына қараған шеткі аймақтар өкілімен танысуына себепші болды. Декабристер ісі бойынша жауапқа тартылған 579 адамның 108-і Сібірге, соның ішінде Ертіс бойындағы бекіністерге, Орынбор шебіне айдалды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім», - деп жазған декабрист: М.И.Муравьев-Апостол.
Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені, Мәскеу университетінің түлегі, этикалық-саяси ғылымдар магистрі: С.Семенов.
Немістің атақты саяхатшы-ғалымдары Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, қазақ елін, жерін аралады, тұрлықты халықтың өмірімен танысты.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысқан, «Кіші жүз руларының картасын» жасаған декабрист: В.Вольховский.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге арналған экспедицияға қатысқан: Г.Карелин.
1848-1849 жылдары Арал теңізіне жасалған экспедицияны басқарған: А.И.Бутаков.
1867 жылы Мәскеуде жарық көрген «Батыс Сібірді сипаттау» атты еңбектің авторы, қазақ халқы тарихымен айналысқан зерттеуші: И.Завалишин.
«Іле бекінісіне бару» деген очеркінде қазақ жері, оның шексіз даласы, байлығы туралы тамаша пікірлер айтқан: А.Коровков.
1849 жылы М.Петрашевский бойынша ісі тұтқындалып, «Белинскийдің идеясын» таратқаны үшін Сібірге жер аударылған, кейін солдат болып Семейге ауыстырылған: Ф.М.Достоевский.
Жазушының өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлуінің көрінісі: Археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысуы.
А.Бутковтың басшылығымен ұйымдастырылған Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін, көшпелі қазақтардың ауыр жағдайын суреттеген, белгілі шығыстанушы: А.Макшеев.
1831 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған мұражай арналған: осы өлкенің тұрмысын, тарихын сипаттауға арналған.
Қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізген: Петрашевшілдер.
Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттей бастуы
В.И.Дальдің Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттаған шығармасы: «Бөкей мен Мәулен» повесі.
В.И.Дальдің осы көтеріліс басшыларына жанашырлық білдірді: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына.
В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенеунік қызметін атқарған.
Қазақ жерінде болған А.С.Пушкин шығармашылығына арқау болған көтерліс: 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысы.
А.С.Пушкиннің Орынборда (Қазақстанда) болған жылы: 1833 жыл.
А.С.Пушкиннің Орынбор қаласында жинаған тарихи материалдары негізінде жазылған еңбегі: «Пугачев бүлігінің тарихы».
А.С.Пушкиннің Оралда қағазға түсірген поэмасы: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында көшпелі қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін зерттеген белгілі орыс ғалымы: А.Левшин.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы: А.Левшин.
Қазақ әдебиеті
Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары: 1804-1846 жылдар.
1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор.
Жәңгір хан Махамбетті өз ұлы Зұлқарнайынның тәрбиешісі ретінде қосып оқуға жіберген.
Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін Калмыков бекінісінде қамауда отырған жылы: 1829 жыл.
Халық мүддесіне мейілінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі негізгі тақырып: 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.
Махамбеттің Бөкей Ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі: Баймағамбет сұлтанға арнаған өлеңі.
Поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен ақын: Махамбет.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын: Шернияз (1807-1867 жж.).
ХІХ ғасырдыі бірінші жартысында Шернияз Жарылғасұлының әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: Суырыпсалмалық өнерді жетілдірді.
1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліске қатысқан, ақындық талабы ерте оянған ақын: Шернияз Жарылғасұлы.
Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күнкөріс болған ақын: Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж).
Әйгілі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын: Шөже.
Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған: Ш.Уәлиханов.
1822-1895 жылдары өмір сүрген халық ақыны: Сүйінбай Аронұлы.
Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер: Қаракәстек.
Хіх ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Орыс демократиялық мәдениеті
Орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі: ХІХ ғасырдың екінші жартысы.
Дүние жүзіне белгілі ғалым, «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты еңбектердің авторы: П.П.Семенов-Тяньшанский (1827-1914 жж).
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, өлкені жан-жақты зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғында Іле алқабын, Жетісуды зерттеп, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик: В.В.Радлов (1837-1918 жж).
«Орынбор ведомствасындағы қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: Л.Мейер.
«Сібір қырғыздарының облысы» атты еңбектің авторы: М.Красовский.
«Торғай облысы. Тарихи очерк» атты еңбектің авторы, қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген: А.Добросмыслов.
ХІХ ғасырда қазақ халқы тақырыбы шығармашылығында белгілі орын алған украин халқының ұлы ақыны: Т.Г.Шевченко.
Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған жылдары: 1847-1857 жылдар.
Т.Г.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым».
Т.Г.Шевченконың тұрмыстың шындық жақтарын бейнелеген суреттері: «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар».
Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл: 1845 жылы.
Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығының тамаша бір көрінісі: Абай мен Е.П.Михаэлистің қарым-қатынасы.
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары: 1835-1865
Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхаммед-Қанапия.
Шоқан Уәлихановтың ата-тегі: Ақсүйек Шыңғыс тұқымы.
Шоқан Уәлихановтың туған жері: Құсмұрын бекінісі.
Шоқанның атамекені Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір: Сырымбет.
Шоқанның сана-сезімінің ерте оянуына ықпал еткен: Әжесі Айғаным.
Шоқан Уәлихановтың оқыған Омбы қаласындағы оқу орны: Сібір кадет корпусы.
Декабрист И.Завалишиннің бағасы бойынша, бұл оқу орны – «ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы».
Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусында білім алған жылдары: 1847-1853 жылдар.
Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусын бітірген кездегі жасы: Он сегіз.
1853 жылы Сібір кадет корпусын бітірген Шоқанның әскери шені: корнет.
Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ: П.П.Семенов-Тяньшанский.
Шоқан Уәлихановтың Құлжаға барған жылы: 1856 жыл.
Шоқан Қытаймен екі ел арасындағы сауда байланысын жақсартуға үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізді.
Шоқан Уәлиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма: «Манас».
1856 жылы Шоқан Уәлихановтың топографиялық және картографиялық деректерде сипаттаған көлі: Ыстықкөл.
Шоқан Уәлиханов орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды: 1857 ж. 27 ақпан.
Шоқанды әлемге әйгілі еткен сапары: 1858-1859 ж. Қашқар саяхаты.
Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашғар сапарынан туған еңбегі.
Шоқанның Петербургте болған жылдары: 1859-1861 жж.
Шоқанның досы, аса көрнекті орыс жазушысы: Ф.М.Достоевский.
1864 жылы Шоқан Уәлихановтың генерал Н.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында басып алуға қатысқан бекініс: Әулиеата.
Әулиеата бекінісіндегі алудағы генерал М.Г.Черняевтың әділетсіздігіне налыған Шоқан Уәлихановтың Верныйға қайтқан жылы: 1864 жыл.
Ш.Уәлихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы «Русский инвалид» газетінде ақырғы еңбегі жарияланған жыл: 1865 жыл.
Шоқан Уәлиханов қайтыс болған жер: Алтын Емел.
Қазақстандағы халық ағарту ісі
Түркістан статистикалық комитеті құрылған жыл: 1868 жыл.
Семей облыстық статистикалық комитеті ашылған жыл: 1878 жылы
1878 жылы ашылған Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшесінің бірі: Абай Құнанбайұлы.
1883 жылы қоғамдық кітапхана ашылған облыс: Семей.
Алғашында кітап қоры 260 томнан тұрды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ақысыз пайдаланатын қоғымдық кітапханалар ашылған қалалар: Торғай, Орынбор.
ХІХ ғасырдың аяғында жер аударылғандар бастамасымен кітапханалар ашылды: Орал, Верный, Семей, Омбы.
1861 жылы орыс-қазақ мектебі ашылған қала: Троицк.
1867-1868 жылғы Уақытша Ережеге сай ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға берілген құқық: Өз еріктерімен қаржы жинауға.
Мұсылман дін өкілдері ауылдарда мешіт жанында мектептер ашу үшін уездік басқармадан ерекше рұқсат алуы қажет болды.
Ісламдік мектептерге шек қоюға бағытталған Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» жарияланған жыл: 1867 жылы.
1883 жылы тұңғыш қазақ мұғалімдік мектеп ашылған қала: Орск.
Ресей империясындағы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде бекітілді: 1870 жылы 26 наурыз.
Ережеге сай мешіттердің жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту міндетті деп табылды.
1870 жылы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы: 16-ға дейін.
1870 жылғы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медреселердің оқу жылы осы айлар аралығында болды: Мамыр- тамыз.
Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар: Бұхара мен Ташкент.
Түркістан генерал-губернаторы Розебахтың мәліметі бойынша 1888 жылы өлкедегі медресе саны: 206 медресе.
3 660 мектеп, 4 000 мұғалім, 49 мыңдай оқушы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған: Түркістан генерал-губернаторлығына.
Орал мен Торғай облыстарындағы оқу орындары бағындырылды: Орынбор оқу округіне.
Семей мен Ақмола облыстарындағы оқу орындары қарады: Батыс Сібір оқу округіне.
1896 жылы Торғай облысынан Ресейдің әр түрлі оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің саны: 50-ге жуық.
Петербург университетінің заң факультетін бітірген, Семей облысынан шыққан алғашқы кәсіпқой қазақ заңгері: Жақып Ақбаев.
1897 жылғы қазақ халқының арасында сауатты қазақтардың үлесі: 10%.
Кеңес заманында отарлық кезінде қазақтардың сауаттылығы екі пайыздан (2%) аспады деген жалған қорытынды көрсеткен.
ХІХ ғасырда Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп: Білімді ұстаздардың жетіспеуі.
Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландырумен жұмыс істеді: 1910 жылға дейін.
Ыбырай Алтынсарыұлы және Абай Құнанбайұлы
Ыбырай Алынсариннің өмір сүрген жылдары: 1841-1889 жылдар.
Ыбырай Алтынсарыұлы ХІХ ғ. ІІ жартысындағы көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог.
1844 жылы әкесінен айрылған Ыбырай Алтынсарин қамқорлығында болды: Атасы Балқожа бидің.
Ы.Алтынсарыұлы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген: 1857 ж.
Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В.В.Григорьевпен жақындасты.
Ыбырай Алтынсарыұлы Орынбор бекінісінде қазақ мектебін ашты: 1864 жылы.
1879 жылы Ыбырай Алтынсарыұлы мектеп инспекторлғына тағайындалған облыс: Торғай облысы.
Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ұйымдастырған қала: Ырғыз.
Ыбырай – қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы.
Ыбырай Алтынсаринның орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған оқу құралы: «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық», «Қырғыз хрестоматиясы».
Ы.Алтынсарыұлының бұл оқу құралдары құрастырылған: Орыс алфавиті негізінде.
Ы.Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарасына әсерін тигізген Сібірде, Орта Азияда және Қазақстанда миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы: Н.И.Ильминский.
Ыбырай Алтынсарыұлы «Қыпшақ Сейтқұл» атты әңгімесі арқылы уағыздаған шаруашылық түрі: Егіншілік.
Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары: 1845-1904 жылдар.
Абайдың дүниеге келген жері: Семей облысының Шыңғыстау өңірінде.
Абайдың шын есімі: Ибраһим.
Абайдың шыққан руы: тобықты.
Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінде алатын орны: Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
Абайдың Семейде оқыған оқу орны: Ахмет Риза медресесі
Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі: Ел билеу ісіне тартқысы келді.
Абайдың ұлы Әбдрахманның Петербургте бітірген оқу орны: Петербургте Михайлов артиллерия училищесі.
Абайдың нақыл сөздері берілген шығармасы: «Ғақлиялар».
А.Құнанбайұлы тоғыз жыл басқарған болыс: Шыңғыс болысы.
Білімді де талантты Әбдірахманның (1895 жылы), одан кейінгі сүйікті баласы Мағауияның (1904 жылы) құрт ауруынан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақынның өзі қайтыс болды.
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
«Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы: В.Верещагин.
Суретші Н.Хлудовтың шығармалары: «Көш», «Мал айдау», «Отынға бару».
1896 жылы жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдардың көрмесі өткен қала: Петропавл, Көкшетау.
Париждегі дүниежүзілік көрмеге қазақ зергерлерінің заттары, ұлттық киімдер қойылған жыл: 1868
1872 жылы қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала: Мәскеу.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы – көрнекті халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез.
ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 жж.).
Алғаш домбыра тартуды үйренген: әкесінің інісі Әлиден.
Тәттімбеттің шығарған күйлерінің саны: 40-тан астам.
Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді сынауға арналған күйі: «Бестөре».
1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы.
ХІХ ғасырдағы аса көрнекті күйші, сазгер, аспаптық музыканың (күйдің) классигі: Құрманғазы Сағырбайұлы.
Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген жылдары: 1818-1889 жж.
Құрманғазы Сағырбайұлының дүниеге келген жері: Бөкей ордасының Жиделі деген жері.
Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы: Ханбазар.
Құрманғазының орындаушылық шеберлігінің шыңдалуына ықпал еткен: Байбақты, Байжұма, Баламайсаң, (Соқыр Есжан, Шеркеш).
Құрманғазының шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған күйі: «Кішкентай».
Құрманғазы Сағырбайұлының туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын күйі: «Сарыарқа».
Құрманғазының би күйі: «Балбырауын», «Қызыл қайын».
Құрманғазының бізге дейін жеткен күйлерінің саны: 60
Құрманғазы Сағырбайұлының шәкірттері: Дина, Сүгірәлі, Шора, Көкбала (Ерғали Есжанұлы, Меңдіғали Сүлейменұлы).
Күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы: Дәулеткерей Шығайұлы.
Дәулеткерей Шығайұлының өмір сүрген жылдары: 1820-1887
Дәулеткерей ақсүйектер тобынан шықты.
Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен азаттық күрес: 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліс.
Дәулеткерейдің орыс музыкасындағы әскери марштар әсерімен шығарған күйлері: «Ващенко», «Қос ішек», «Топан», «Қоңыр».
Дәулеткерейдің қырыққа жуық күйі сақталған.
1834-1897 жылдары өмір сүрген атақты сазгер, әнші, ақын: Біржан Қожағұлұлы.
Біржанның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер еткен: 1865 жылғы Абаймен кездесуі.
Біржанның алғашқы әндерінің бірі: «Біржан сал».
Біржанның ыза-кекке толы, өз заманының азулы өкілдерін сынауға арналған өлеңі «Жанбота».
Біржанның бізге жеткен әндерінің саны: 40-қа жуық.
Біржанның Сарамен айтысы – Біржанның суырыпсалма ақындық талантын елге танытты.
Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер, ақын-публицист: Жаяу Мұса (1835-1929 жж).
Өзі шығарған 70-ке жуық әннің барлығының сөздерін өзі жазған.
Жаяу Мұса Байжанұлының әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына әсер етті: Декабристер мен петрашевшілдер тарихы.
1860 жылы Жаяу Мұса Шорман балаларының жаласымен: Тобылға жер аударылды.
Екі жылдан кейін өз еркімен әскерге алынды. Генерал М.Г.Черняев отрядының құрамында Шымкент, Әулиеата жорықтарына қатысты. Генералдың қазақ-өзбектерге жасаған озбырлығына шыдамай, еліне қашады.
1843-1913 жылдары өмір сүрген ақын, сазгер, дарынды күйші: Ақан сері Қорамсаұлы.
Ақан серінің әндері: «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша».
1843-1916 жылдары өмір сүрген күйші, сазгер, қазақтың көне аспабы қылқобызда ойнаудың асқан шебері: Ықылас Дүкенұлы.
Ықылас Дүкенұлының тәкаппар патша шенеуніктерін мен менменсіген байларды сынап шығарған күйі: «Жарым патша».
Ықыластың баласы Жүсіпбек оның «Қорқыт» сияқты туындыларын кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізді.
ХІХ ғасырдағы аса үздік сазгер-сыбызғышы: Сармалай.
Ресей азаттық қозғалысының өкілдері Қазақстанда
1863-1864 жылдардағы Польшадағы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандар жер аударылған аймақ: Сібір.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында поляктардың көп бөлігі жер аударылған өлке: Орынбор.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақ жеріне айдалған поляктардың құрамындағы 50 құрайтын әлеуметтік топ: Дворяндар.
Мещандар – 20%, шаруалар – 21%.
ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің поэмасы: «Қырғыз» («Қазақ»).
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түскені: С.С.Гросс.
Польша азаттық күресінің Семей жерінде болған белгілі өкілі: С.С.Гросс.
С.Гросс Семей облыстық статистикалық комитеті арқылы «Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар» деген тақырыпта құнды зерттеу дайындады.
ХІХ ғасырдың 40 жылдары Абайдың әкесі Құнанбаймен жүзбе-жүз кездескен поляк: Адольф Янушкевич.
Абай Құнанбайұлымен және оның туыстарымен жақын таныс болған поляктар: С.С.Гросс, А.Янушкевич.
Польша азаттық күресінің өкілі Адам Бяловский Семей облысында айналысты: Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанға жер аударылған революционерлер: Э.Сташинский, Б.Шварц, Ц.И.Тэраевич, (М.Д.Муравский, Л.Мурашкин, А.В.Пржегодский).
Азаттықты аңсаған Ресейдің және шетелдердегі оқу орындарында білім алған, саяси көзқарастары жағынан патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күрескен әскери немесе басқа да қоғамдық ұйымдардың белді мүшелері болатын.
Қазақстанның Далалық губернаторларына саяси жер аударуды тарату туралы арнайы шешім шықты: 1881 жыл 29 тамыз.
«Халықшыларды» Қазақстанға жер аудару жаппай етек алған кез: ХІХ ғасырдың 80-жылдарында.
Халықшыларды Қазақстанға жер аудару «ұйқыда жатқан» өлкенің қоғамдық өмірін бірқатар жандандырды.
ХІХ ғасырдың аяғында саяси жер аударудың басты орталығы болған қалалар: Семей және Ақмола.
ХІХ ғасырдың соңында Ресейден саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі: Шығыс және Орталық Қазақстан.
Қазақстанда өлкені зерттеуде ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер құрылды: ХІХ ғасырдың 80-жылдарында.
1884 жылы саяси жер аударылғандардың ұсынысы бойынша Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болып сайланған: Абай Құнанбайұлы.
Абайдың 1900 жылы статистикалық комитеттің басылымында жарияланған «Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар» еңбегінде көтерген мәселе: Семей облысы қазақтарының рулық құрамын анықтау.
Семей облысы қазақтарының рулық құрамын анықтау мәселелсін тұңғыш көтерген: Абай Құнанбайұлы.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда тұңғыш өлкелік баспасөздің қалыптасуына қол ұшын бергендер: Саяси жер аударылғандар.
ХІХ ғасырдың аяғында жергілікті баспа ісін алға бастыруда талмай еңбек еткен азаттық қозғалыс қайраткері: Н.Я.Коншин.
Қазақстанды зерттеу үшін құрылған экспедицияны басқарған статист әрі азаттық қозғалыстың өкілі: Федор Андреевич Щербин.
1898 жылы алғашқы томы жарық көрген «Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» атты еңбектің негізін құрастыруда қажетті деректерді жинап, мәтінін жазуға белсене қатысқан белгілі қазақ ғалымы: Ә.Бөкейханов.
Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген (Ертіс пен Алтай зерттеушісі): Е.П.Михаэлис.
Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зертеп, карта дайындаған оқымысты: Е.П.Михаэлис.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті
ХХ ғасырдың басында (1905-1910 жж.) қазақ ауылдарының саяси сауаттылығының дамуында маңызды рөл атқарды: Баспа жұмысының басталуы.
ХХ ғасырдың басында қазақ кітаптары негізінен басылып шыққан қала: Қазан.
ХХ ғасырдың басында кітап басып шығару қолға алынған қалалар: Орал, Омбы, Орынбор, (Семей).
ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал: «Айқап».
ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда белгілі орын алған газет (баспа): «Степной край».
«Қазақ» газеті, «Кирнизская степная газета», сонымен қатар Қазақстанмен іргелес қалаларда басылып шыққан «Сибирская жизнь» газеті.
Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының ресми баспадан шықты: 1909 жылы.
«Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Адасқан өмір» өлеңдерінің авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров.
С.Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған тамаша туындысы: «Қамар сұлу».
«Шұғаның белгісі» – Бейімбет Майлин,
«Қалың мал» – Спандияр Көбеев.
Қазақ тілі мен әдебиетін дамытуда шығармашылық мұрасы ерекше орын алатын тұлға: А.Байтұрсынұлы.
1911 жылы Орынборда басылған Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдер және аударма, мысалдар жинағы: «Маса».
«Қазақ» газеті шығып тұрған мерзім: 1913-1917 жылдардың аралығында.
1913-1917 жылдар аралығында «Қазақ» апталық газетінің редакторы болған: А.Байтұрсынұлы.
«Қазақ» газеті «Алаш» партиясының ресми басылымына айналған уақыт: 1917 жыл шілде.
КСРО дәуірінде кертартпа ұлтшыл буржуазияшыл басылым ретінде сипатталып келген басылым: «Қазақ» газеті.
XX ғасырдың басында демократияшыл, ағартушылық, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылған: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж).
Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып сайланған.
Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған, аса дарынды шәкірті: Шәкәрім.
Ш.Құдайбердіұлының ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан кітабы: «Мұсылмандық шарты».
ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының шығармасы: «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі».
Ш.Құдайбердіұлының ғашықтық жыры: «Еңлік – Кебек».
Ш.Құдайбердіұлының шығармаларының қатарына жатпайтын еңбек: «Қазақ салты».
Ауыз әдебиетінің алыбы, суырып салма ақын: Жамбыл Жабаев.
Халық дастандарын ел арасында уағыздауға, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытуға үлкен үлес қосқан қазақ халқының ұлы ақыны: Нұрпейіс Байғанин.
ХХ ғасырдың басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала: Музыка мәдениеті.
ХХ ғасырдың басында «қазақтың бұлбұлы» атанған әнші: Майра Шамсутдинова.
ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы: Естай.
ХХ ғасырдың басындағы «Гәкку» әнінің авторы: Үкілі Ыбырай.
«Көңілашар» күйінің авторы: Дина Нұрпейісова.
1906 жылы патша үкіметі қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелерінің Қазақстанға әсері: Орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады.
Хх ғасырдың басындағы Қазақстан
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда негізінен дамыған өндіріс: Кен өндірісі.
1893-1895 жылдары салынған, Қазақстан шекарасының біраз жерін басып өткен темір жол: Сібір темір жолы.
1893-1897 жылдары салынған, біраз жері Қазақстанның батыс аудандарын басып өткен темір жол: Рязань-Орал темір жолы.
XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы: Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы.
XX ғасырдың басында Ресей әкімшілігі Орта Азияны экономикалық орталықпен байланыстыру мақсатында салған шойын жол: Орынбор-Ташкент.
Ұзындығы 1656 шақырым Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалануға берілді: 1906 жылы қантар.
1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент шойын жолында жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мың.
ХХ ғасырдың басында бірнеше шойын жолдарының пайдалануға берілуі Ресейдің шаруашылық жүйесіне Қазақстанның белсене тартылуын тездетті.
1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция қарсаңындағы 300-400 жұмысшы шоғырланған ірі кәсіпорындар: Успен кеніші, Қарағанды көмір шахтасы, Риддер түсті металлургия өнеркәсібі, Спасск мыс қорыту зауыты.
1905-1907 жылдардағы революцияға алғышарт болған мәселелердің бірі: патша үкіметінің аграрлық саясаты.
ХХ ғасырдың басында қоныстану қоры айналысты: Қазақтардың жерін тартып алумен.
1853-1905 жылдар аралығында қазақтардан тартып алынып, қоныс аударған шаруаларға бөлініп берілген жер көлемі: 4 миллион десятина.
1906–1907 жылдар жылдар арасында қазақтардан тартып алынған жер көлемі: 17 млн десятина.
ХХ ғасырдың басында 15 десятинаға дейін жері барлар жатқызылды: Ауқатты орта шаруаға.
ХХ ғасырдың басында егістік жері 15 десятинадан асатын егістік жері бар топ: Кулак.
1 десятина егістік жері бар – батырақ, 4 десятинаға дейін – өте кедей шаруа, 5-8 десятина – кедей, 10 десятинаға дейін – шамалы орта шаруа.
ХХ ғасырдың басында Жетісу өңіріндегі орыс шаруаларының арасындағы кулактардың үлесі: 25%.
Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде
XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы патша үкіметінің ұлттық езуі мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптастырған оқиға: 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалар.
1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылған қала: Орынбор.
М.В.Фрунзенің, В.В.Куйбышевтің революциялық қызметі Қазақстанда жалғасты.
Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» әсер еткен оқиға: 1905 жылы 9 қаңтарда болған «Қанды жексенбі».
1905 жылы Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси ереуілге белсене қатысқан ақын: Міржақып Дулатұлы.
1905 жылы 17 қазандағы патша манифесіне қазақтың ұлттық-демократиялық зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы: Әшкереледі.
1905 жылы қазан айының 17-де жарияланған патша манифесін әшкереледі: Алаш қозғалысының өкілдері.
1905 жылы 18-19 қазанда саяси шеру өткен қала: Орынбор.
Шеру «Демократиялық республика жасасын!», «Самодержавие жойылсын» деген айқын саяси ұрандарға ұласты.
Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірген Омбыдағы саяси бой көрсету өтті: 1905 ж. 25 қазан.
1905 ж. қазан айында орыс және қазақ жұмысшыларының интернационалдық сипат алған саяси демонстрациясы (бірлескен қарсылығының көрінісі) болған қала: Перовск.
1905 жылы Семей облысы губернаторының Қарқаралыдан әскери күш шақыртуына себеп болған (қараша айының 16-18 аралығындағы) оқиға: Пошта-телеграф қызметкерлері ереуілі.
1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер: Жаркент.
1905 жылғы 6-7 қарашада Верныйдағы Батыс Сібір батольоны.
1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция кезіндегі қазақ-орыс еңбекшілерінің біріккен интернационалдық ірі бой көрсетуі болған жер: Успен (Нілді) кеніші.
Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі болып саналатын, іс басқарушысы – ағылшын Фелль. Жалақының тапшылығы, жұмыс істеу шарттарының аса ауырлығы, шетел капиталистерінің, әсіресе ағылшын инженерлері Мессен, Гиббердің қатыгездігі, т.б. жайттар ереуілге себеп болды.
1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым: «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы».
1905 жылы 2 желтоқсанда Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымының атауы: «Орыс-қырғыз одағы».
Ұйымның қойған басты талаптары: азық-түлікке бағаны төмендету, жалақыны арттыру, жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету, үш сыныптан тұратын орыс-қазақ училищесін ашу, кебір мекеме қызметкерлерін жұмыстан алыстату.
Оралдағы жұмысшылар қозғалысына қатысып, пролетарлық сыннан өткен, Успен кенішіндегі ереуілді ұйымдастырушалардың бірі: П.Топорнин.
Успен (Нілді) кенішіндегі ереуілдің нәтижесі: Кеніш иелері жұмысшылардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды.
Ереуіл 12 күнге созылды, 360 қазақ және орыс жұмысшылары қатысты.
XX ғасырдың басындағы өлкедегі революциялық оқиғалардың ішінен ерекше көзге түскен интернационалдық бой көрсету: Успен (Нілді) кенішіндегі оқиға.
1905 жылы 13-желтоқсанда жұмысшылар ереуілі өткен жер: Павлодар.
Батыс-Сібір серіктестігінің Ертіс бөлімінің жұмысшылары митинг өткізді.
1906 жылы қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Семей облысындағы уезд: Қарқаралы.
Жетісу облысының Жаркент уезінде, Сырдария облысының Әулиеата мен Шымкент уездерінде.
Ішкі істер министрі Дурнов қазақ өлкесіндегі қарсылықтарды жаншуға арнайы тапсырма берді: 1906 жылы қаңтар айының 10-ы.
1906 жылғы шілде айында болған, Қазақстандағы басты саяси оқиға ретінде саналған ереуіл өткен жер: Семей.
Алғашында 300, кейіннен ереуілге қатысушылар саны 500-ге жеткен, бұл ереуілдің басты талаптары экономикалық мазмұнда болды. Жергілікті құпия большевиктік топ мүшелері Брудневский, Солодовников ереуілшілердің күшін топтастыруға күш салды.
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық қарасында ІІ Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған: Ш.Қосшығұлов.
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған федералист: М.Тынышпайұлы.
Оралдан сайланған: кадет А.Бірімжанұлы.
Семейден сайланған: Х.Д.Нұрекенұлы.
«Түземдік халық» арасынан Патшалық Ресейдің Думасына мүше болған қазақтар: Ш.Қосшығұлов, А.Бірімжанұлы, М.Тынышпайұлы.
Семей облысынан Мемлекеттік Думаға сайланған, кейіннен сайлаушылар мүддесінен ауытқып кеткен тұлға («Семипалатинский листок» газетінің редакторы): Н.Я.Коншин.
Ақмола облысынан большевик А.Виноградов; Торгай облысынан Космодемьянский; Жетісу облысынан М.Гаврилов.
Қазақстан саяси реакция жылдарында
1906 жылғы қараша және 1910 жылы Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат бағытталды: Революцияны тұншықтыруға.
Қоныстанушылар арасынан жер саясатын тереңдету үшін кулак топтары арқылы тірек алуды ойластырды.
XIX ғасырдың аяғы, XX басында Қазақстан жеріне қоныс аударған шаруалардың басым көпшілігі: Ресейден.
1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңында жергілікті халықтан тартып алған жер көлемі: 45 миллион десятина.
1914 жылы Қазақстанда қоныстанған әр тілдес халықтар саны көтерілді: 211 есеге.
1914 жылы Қазақстанға қоныстанған әр тілдес халықтардың санының бірден 211 есеге көтерілуінің себебі: Ресейден қоныс аударған шаруалардың есебінен.
Столыпин аграрлық саясаты нәтижесінде Ақмола облысындағы қазақтардың үлесі: 36,6% (1897 ж. – 61,1%).
Семейде – 73% (87,9%), Сырдарияда – 62,3% (64,4), Жетісуда – 60,5% (80,4), Торғайда – 58,7 (90,6), Оралда – 56,9% (71,3).
Қазақстанда ереуілдің кең шарпуына әсер еткен («Туркестанский курьер», «Омский вестник» газеттері хабарлаған) Лена қырғыны.
І дүние жүзілік соғыс қарсаңында Өскемендегі алтын өндіретін «Николай» және «Основательный» кеніштерінде болған жұмысшылардың ереуілінің қатты болғаны соншалықты, кеніш иелері мәжбүр болды: Талаптарды тақлылау үшін арнайы комиссия құруға.
«Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі өтті: 1911 жылы мамыр.
Жалпыресейлік саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылатын 1912 жылғы 2-6 қазанда болған ереуіл: Байқоңыр көмір өндірісінде.
Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссордағы ереуіл.
1915 жылғы мамыр айында кеншілер ереуілі болды: Екібастұз көмір кенішінде.
Талаптары жағынан саяси ереуіл болды.
1916 жылғы тамыз айындағы саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болған ереуіл: Қарсақбай мыс кенішіндегі ереуіл.
Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның шикі зат көзі ретіндегі маңызын арттырған: Бірінші дүниежүзілік соғысы.
1915 жылы маусым айының 25-інде үкімет бекіткен Ереже: «Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі».
Бірінші дүниежүзілік соғыстың бірінші жылында соғыс қажетіне отыз төрт миллион сомның өнімін жіберді: Жетісу облысы.
1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды: Мақта, ет, жылқы, түйе.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі.
1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының көлемі: 600 мың сом.
1917 жылға қарай қазақтардан жиналған шаңырақ салығының мөлшері: 1 млн 200 сом.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы: 12-14 сағат.
ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге (12-14 жастағы балаларға) күніне төленетін еңбек ақысы: 20 тиын.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі: 50%.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әскери тұтқындардың алғашқы топтары әкеліне бастады: 1914 жылдың тамыз айынан бастап.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан жеріне әкелінген тұтқындар: Австрия-Венгрия тұтқындары.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әкелінген әскери тұтқындардың арасында негізінен басым болды: Славян тектестер.
1914 жылдың тамыз айында тек қана Омбы облысына әкелінген соғыс тұтқындарының саны: 20 000
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары әскери тұтқындар көптеп жіберілген өңір: Қазақстанның солтүстік-шығыс және оңтүстік аудандары.
Ақмола облысында 14 мың тұтқын ауыл шаруашылығында пайдаланылды.
1915 жылы Автрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер: Риддер кен байыту орны.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өміріне белсене араласқан өкілдерінің бірі: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937).
Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылға дейін: Қарқаралыда мұғалім болды.
1909 жылы шілді айында А. Байтұрсынұлы патша үкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін: Семей түрмесіне қамалды.
Ахмет Байтұрсынұлының Орынборда тұрған уақыты: 1910-1917 жылдары.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңі: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы».
1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқан ақын: Міржақып Дулатұлы.
1913 жылы Орынборда жарық көрген М.Дулатұлының өлеңдер жинағы: «Азамат».
Міржақып Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген әдеби-публицистикалық туындысы: «Терме».
1910 жылы Қазанда «Бақытсыз Жамал».
1909 жылы Уфада, 1911 ж. Орынборда «Оян, қазақ!».
Қазіргі замандағы қазақстан
1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері және басталуы
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
Торғайдағы көтеріліс орталығы
Қозғалыстың қорытындылары
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері және басталуы
1907-1912 жылдары Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен қоныстандырылған адамдардың саны: 2 млн 400 мың.
1917 жылға қарай Қазақстанда қазақтардан тартып алынған жердің көлемі: 45 миллионнан астам десятина.
«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды», – деп жазды: Т.Рысқұлов.
1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», – деп жазған: А.Байтұрсынов.
Столыпин реформасының бас кезінде «Санкт-Петербургские ведомости» газеті: «Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ...» – деп жазған болатын.
Бәсекелес әскери-саяси блоктар - Үштік одақ пен Антанта тартысы әкеліп соқтырды: Бірінші дүниежүзілік соғысқа.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттер саны: 38
«Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: Әлихан Бөкейханов.
Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?» - деп жазды.
1914-1918 жылдардағы Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі ролі осы оқиғаға байланысты күшейді: Бірінші дүниежүзілік соғыс.
Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатылып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді (негізінен, азықты) темір жол станциясына тасуға мәжбүр болды.
1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген жаңа салық түрі: Әр үйден алынатын соғыс салығы.
1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі: Ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа желеу болған себеп: 19- дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы.
1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа алынатын адамдардың жасы: 19-43.
1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиіс адамдар саны: 500 мыңнан астам.
1916 жылғы патша жарлығына байланысты «...жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылды» - деп айтқан: Мыржақып Дұлатұлы.
1916 жылғы қозғалыстың қамтыған аумағы: бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір, Кавказдың бір бөлігі.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: Халық бұқарасы.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты: Отаршылдыққа қарсы.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың идеясы: Ұлттық тәуелсіздік.
1916 жылғы 23-тамыздағы үстем тап өкілдерін қара жұмысқа алудан босату туралы құпия жарлық шығарған генерал-губернатор: А.Куропаткин.
Жергілікті әкімшілік, байлар мен мұсылман дінбасыларының балалары босатылды: Патша үкіметіне тыл жұмыстарына адамдар алуға көмектескені үшін.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан халықтың ең бірінші жасаған іс-әрекеті: Отарлауға дейінгі дәстүрлі басқару жүйесін қалпына келтірді.
Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны : 9.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Шерубай-Нұра болысында хан болып сайланған: Нұрлан Қияшев.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Қарашақ болысында хан болып жарияланған: Оспан Шоңов.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Верный уездінің Жайымтал болысының ханы болып сайланған: Бекболат Әшекеев.
Болыстық басқару жүйесі қалпына келтірілді, ел бегі – әкім.
Жасақшы – сот алқасы.
Қазынашы – қазына билеуші.
Сардарбек – қолбасшы.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына байлар мен ауыл старшындарының ұстанған бағыты: Жарлықты жақтап шықты.
1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», – деп жазғандар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына қазақтың либерал–демократиялық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) көзқарасы: парасатты ымыраластық тәсілін жүргізді.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бірінші орында ұстады: халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын.
Олар: «қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады» деп қауіптенді.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ымыраластық тактикасын ұстану арқылы халықты қан төгістен аман сақтауға тырысқан зиялылар өкілі: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына революцияшыл–демократияшыл зиялылардың (Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов) ұстанған бағыты: ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты.
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы: Жетісу.
1916 жылғы 20 шілдеде А.Куропаткин генерал–губернаторы болып тағайындалған өлке: Түркістан.
Ол: «Қандай амал болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға» нұсқау берді.
Жергілікті казактардан жазалау отрядын ұйымдастыру үшін казак станицаларын асығыс түрде қару жарақпен қамтамасыз еткен Жетісудың генерал-губернаторы: М.А.Фольбаум.
1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Жетісу көтерілісшілері күш біріктірді: Қырғыз, ұйғыр шаруаларымен.
1916 жылғы Верный уезіндегі көтерілістің басшыларының бірі: Бекболат Әшекеев.
1916 жылғы Мерке ауданындағы Құрақты болысындағы көтерілісті басқарған: Ақкөз Қосанов.
1916 жылы 10 мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері қоршаған елдімекен: Тоқмақ.
1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: Қарқара.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Қарқара ошағының басшыларының бірі, болыс, батыр: Ұзақ Саурықов.
Қарқарадаєы көтерілістің жетекшілерінің бірі: Жәменке Мәмбетов.
1916 жылы Жетісуда орыс шаруаларының ішінен көтерілістің Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі: Е.Е.Курев.
Патша үкіметі көтерілістің 12 басшысын азаптап өлтірді, ал Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған көтеріліс басшы: Б.Әшекеев.
Қарқара түрмесінде азапталып өлтірілген, 1916 жылғы көтеріліс жетекшілерінің бірі: Жәменке Мәмбетов.
Патша жазалаушылар қолынан қаза тапқан 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс басшылары: Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов.
1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны: Екі жүз отыз сегіз мың
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандарды жазалау кезінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды: Түркістан өлкесінде.
Торғайдағы көтеріліс орталығы
1916 жылы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді: Бір орталыққа бағындырылған басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен.
Әскери іс мәселеріне назар аударып отырған: Әскери Кеңес.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары хан етіп сайлады: Әбділғафар Жанбосыновты.
Торғайдағы көтерілістің сардарбегі: Амангелді Иманов.
Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген: Кейкі батыр.
Торғайдағы көтерілісшілер саны: 20 мың.
Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшы: А.Иманов
Қазан айының соңында Торғайды 15 мың көтерлісшісімен қоршаған сардарбек: А.Иманов.
Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып: партизандық күрес әдісіне көшті.
1916 жылғы Торғайдағы көтерілісті талқандау үшін жіберілген экпедициялық корпусқа басшылық еткен: Лаврентьев.
А. Иманов (40) сарбаздары үшін қайғылы аяқталған ұрыс: Доғал-Үрпекте.
Торғайда көтерілісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үйретіп, жазалаушыларға қарсы шайқаста қаза тапқан: Никита Кротов.
Қозғалыстың қорытындылары
Қоныстандыру саясаты қарқын алған орыс-украин қоныстары мен казак станицалары пайда болған аймақтардағы көтеріліс: орыстарға қарсы сипат алды.
IV Мемлекеттік Думаның мінберінен жазалаушыларды әшкерелеп, патша үкіметін сынға алған: А.Керенский.
«Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазын шығарған, Қостанай социал-демократиялық ұйымдардың құрушылардың бірі: С.Ужгин.
Көтерілісшілер жағында шайқасқан кәсіпкер қызы: Софья Вербицкая.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: Жарты миллионға жуық.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа байланыста «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды» деп жазды: ӘлиханБөкейханов
ХХ ғасырдағы Ресей патша өкіметіне қарсы шыққан қазақ халқының ең соңғы көтерілісі: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі
тұсындағы Қазақстан
Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан
Қазақстан Қазан төңкерісі кезінде
Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы
тұсындағы Қазақстан
Ақпан революциясының Қазақстанға әсері
1917 жылғы 27-ақпанда Ресейде болған революцияның сипаты: Буржуазиялық-демократияық.
Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің нәтижесі: Монархия құлатылды.
Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, ұлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды.
«Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен әділдік жолында күресіндер!...» - деп сәлем жолдаған майдан шатбы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы: Ә.Бөкейханов Минскіден.
Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
Ақпан революциясынан кейін бүкіл елдегі сияқты, Қазақстанда да қос өкімет орнады: Кеңестер мен Уақытша үкімет.
Уақытша үкімет көбінесе буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүддесін қорғады.
Жұмысшы мен солдат депутаттарының Кеңестері құрылған мерзім: 1917 жылғы наурыз, сәуір.
Жекелеген қалаларда (Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде, Әулиеатада) қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды.
Уақытша үкіметтің Ресей жерінде ұлттық келісім орнатуға бағытталған шешімінің бірі: 1917 жылғы 20-наурыздағы азаматтардың дін ұстануына немесе ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеудің күшін жою туралы шешім.
Империялық саясатты қайта қарау жағдайындағы Уақытша үкіметтің шаралары: «Қара жұмысқа» алынған жұмысшыларды қайтару.
1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар
Қазақстанда көп партиялы жүйе қалыптасқан кезең: Ақпан төңкерісінен кейін.
Тыл жұмысшыларының саяси санасының өсуіне зор ықпал еткен: Орыс жұмысшыларымен, солдаттарымен қатынаста болуы.
Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналған: Тыл жұмысшылары.
Тыл жұмысынан оралғандар «Қара жұмысшылар одағын» құрған қала: Верный.
Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» құрылған жыл: 1917 жылы шілде.
«Қара жұмысшылар одағын» басқарған: Ж.Бабаев.
800 майдангер солдаттар мен «тыл жұмысына» алынған қазақтар «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» ұйымдастырды: Сергиопольде.
Тыл жұмыстарына Петропавлдан алынғандар қайтып келген соң құрған ұйым: «Жас арбакештер одағы».
1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезд қабылдаған шешім: «Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет».
«Босқындарды Қытайдан қайтару мәселесі» арнайы қаралды.
XX ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық санасын оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған: Ә.Бөкейханов.
1905 жылы бой көрсеткен алаш қозғалысы қайта жанданды: Ақпан революциясынан кейін.
1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Жалпықазақ съезі өткен қала: Орынбор.
Қарастырылған мәселелері: қазақ облыстары автономиясы, жер мәселесі, құрылтай жиналысына дайындық, қазақтың «Алаш» саяси партиясын құру.
«Алаш» партиясы құрылды: 1917 ж.
Жалпықазақ съезі қабылдаған шешім бойынша Ресейдегі «мемлекеттік басқару формасы»: «Демократияшыл федерациялық парламенттік республика».
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланған газет: «Қазақ».
«Алаш» партиясының бағдарламасы тұрды он бөлімнен.
Мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі болды: 1917 жылы мамырда.
«Соғысқа көзқарас» мәселесі бойынша съезд өзінің ұранын «Еуропа, Азия мен Африка халықтарының өзін-өзі билеуі негізінде аннексиясыз және контрибуциясыз бітім» деп мәлімдеді.
Мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде әйелдерге еркектермен тең құқық беруге қарсы шыққан молдалардың саны: 250 молда.
Съезд көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсы шықты.
1917 жылғы қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы: Түркістан федералистер партиясы.
1917 жылы «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды: Әулиеата мен Меркеде.
Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағын» құрған: Т.Рысқұлов.
1917 жылы «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеген қала: Ақмола.
Бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны, қоныстандыру саясатын жақтаған партия: Кадеттер.
1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның солтүстік батыс облыстарында кадеттер ұйымының шығарып тұрған газеті: «Свободная речь».
Кадет партиясының «Свободная речь» газеті шығарылған қала: Семей.
1917 жылдың көктемінде пайда болған эсерлердің уақытша табысқа жетуін қамтамасыз еткен ұрандары: «Жер – бүкіл халықтың меншігі», «Жер оны өңдейтіндерге берілсін».
Жұмысшы депуттары Кеңестерінің бастамасы бойынша Петропавлдың, Семейдің, Оралдың, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді: 1917 жылы жазда.
Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған қазақ еңбекшілері аграрлық мәселені өз бетімен шеше бастады: Болыстар мен ауыл старшындарының жері мен малын күштеп тартып алды.
1917 жылы (Семей облысындағы) Даубай кенішіндегі ереуіл өткен ай: Мамыр.
1917 жылы солдатқа алынғандардың әйелдерінің жаппай манифестациясы өткен қала: Перовск.
Қазақстан Қазан төңкерісі кезінде
Мұсылман үкіметінің құрылуы
1917 жылы қарашада мұсылмандардың зор манифесті өтті: Қоқанда.
Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезд ашылды: 1917 жылы 22 қарашада.
Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезді ашқан: Мұстафа Шоқай.
Съездің Түркістан халықтарына Үндеуінде: «...Қазір бұғаудан азат болған Түркістанға өз жерінің қожайыны болып өз тарихын өзі жасайтын күн туып отыр», – делінді.
1917 жылы 22 қарашада Бүкілтүркістандық Төтенше IV съездің шешімімен құрылған жаңа мемлекеттік құрылым: «Туркестони мухтариат» («Түркістан автономиясы»).
«Түркістан автономиясының » орталығы: Қоқан.
Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезд құрған Түркістан үкіметі: Уақытша Кеңес.
«Түркістан Автономиясында» министр-төраға және ішкі істер министрі болған: М.Тынышбаев
«Түркістан Автономиясында» министр-төраға және ішкі істер министрі болған М.Тынышбаевты алмастырған: М.Шоқай.
«Түркістан Автономиясында» мемлекеттік деп танылған дін: Ислам.
1918 жылы қантарда Кеңестердің Өлкелік IV съезінде Түркістан автономиясының жариялануы мезгілсіз деп табылды.
Ташкент Кеңесінің шешімімен «Түркістан автономиясының» орталығы Қоқан шабуылмен алынды: 1918 жылы 5 ақпанда.
Алашорда үкіметінің құрылуы
ІІ Жалпықазақ съезі Орынборда өтті: 1917 жылы 5-13 желтоқсанда.
1917 жылдың желтоқсанында қазақ облыстарының автономиясына берілген атау: Алаш.
Алашорданың орналасқан жері: Семей.
Алашорда үкіметінің құрылған жылы: 1917 ж.
«Алашорда» үкіметінде төраға болып сайланған: Ә.Бөкейханов.
Алашорда Уақытша Халық Кеңесінде қазақтар арасында тұратын орыс және басқа халықтарға берілген орын саны: 10.
Алаш партиясының Семей уезінде ие болған дауыс үлесі: 85,6%.
Алаш партиясының Торғай, Орал губернияларында ие болған дауыс үлесі: 75%.
Алаш партиясының Жетісу губерниясында ие болған дауыс үлесі: 57,5%.
1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қантары аралығында өткен сайлау нәтижесі: қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтының көрсетті.
Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы
Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен орнады: Теміржол бойындағы қалаларда.
Қазақстанда кеңестер билігі ең алғаш орнаған қала: Перовск.
Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды: 1917 жыл 30 қазан.
Кескілескен ұрыс нәтижесінде Ташкентте Кеңес үкіметі орнады: 1917 жылы 1 қарашада.
Ташкентте өткен өлкелік съезі жаңа өкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнағанын жариялады: 1917 жылы 15-22 қарашада.
Халық Комиссарлары Кеңесінің 14 адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер: Ақгвардияшылар мен Алашорда.
Бөкей ордасында Кеңес өкіметі жарияланды: 1917 жылғы желтоқсанда.
Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі жеңіп шықты: 1918 жылдың басында.
Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды: 1918 жылғы қаңтар.
Кеңес өкіметі Оралда біржола орнатылды: Азамат соғысы жылдарында.
Павлодар Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды: 1918 жылғы қаңтар.
Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті: 1918 жылғы 16-17 ақпан.
1918 жылғы наурыздың 2–3-іне қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес өкіметі орнаған қала: Верный.
Жетісу облысының барлық жерінде Кеңес өкіметі жеңді: 1918 жылғы наурыз.
Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңуіне байланысты Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды.
Іріткі салу және ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін құрылған: Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК) органдары.
Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық І съезі Қызыл армия бөлімдерін құру туралы шешім қабылдады: 1918 жылғы наурыз, сәуір.
1918 жылдың көктеміндегі Кеңес өкіметінің Алашордаға қарсы күресі басталды: «Қазақ» газетін жабумен.
Қазақ депутаттары (С.Сейфуллин, А.Асылбеков) Кеңестерінің Ақмола уездік съезі Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады: 1918 жылғы наурыз.
РКФСР-дің ажырағысыз бөлігі ретінде Түркістан АКСР-і жарияланды: 1918 жылғы сәуір.
Кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым: Түркістан АКСР-і.
1918 жылы сәуірде Ташкентте құрылған Түркістан автономиялық КСР-ң құрамына кірген облыстар: Жетісу, Сырдария.
1917-1918 жылдары қазақ, ұйғыр, орыс еңбекшілері арасындағы қатынастарды жақсартуға үлес қосқан қайраткер: Абдолла Розыбакиев.
1917 жылы басталған Қазақ АКСР-н құру жөніндегі жұмыстың уақытша тоқтап қалу себебі: Азамат соғысының басталуы.
Қазақстандағы ірі кәсіпорындарының біразын мемлекет қарамағына алу туралы декреттер қабылданды: 1918 жылдың көктемінде.
Кеңес өкіметі кедей шаруаларға капиталистер мен патша шенеуніктерінен қайтарып берген жердің көлемі: 3,5 млн. десятина.
1918 жылдың көктемінде Семей, Ақмола облыстарында көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері берілді: азық комитетіне.
Ресейде Кеңес өкіметі орнады: 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурыздың басына дейін.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918 – 1920 жж.)
Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдары
Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдары
Азамат соғысы – ол: Мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы.
Азамат соғысы болған жылдар: 1918-1920 жылдар.
Азамат соғысының басталуына себеп болған: Большевиктердің демократияға қарсы саясаты.
1918-1920 жылдары азамат соғысында большевиктерге қарсы шыққан топ: Ақтар.
Азамат соғысы жылдарында ақгвардияшылармен бір топта болған: Алашорда.
Ақгвардиялық «Сібір үкіметін» ресми түрде таныған: Алашорда үкіметі.
Азамат соғысының басталуында үлкен рөл атқарған бүлік: Чехославак корпусының бүлігі.
Азамат соғысы басталған кезде ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер: Ағылшын әскерлері.
Петропавлды ақ легионерлер басып алды: 1918 жылы мамырда.
1918 жылы маусымда атаман А.Дутов басып алған қала: Орынбор.
1918 жылы маусымда Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп тастаған әскери қолбасшы: А.Дутов.
Ақ легионерлер Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Қостанайды басып алды: 1918 жылы маусымда.
1918 жылы қараша айында «Сібір армиясының» Екінші Жеке Дала корпусы Жетісу майданына атаман Аннековтың дивизиясын жіберудегі мақсаты: Ташкентті басып алу.
Кеңестердің Түркістан мен Қазақстанда құрған әскери бөлімдердің атауы: «Мұсылман бөлімдері».
1918 жылы алғашқы кеңестік үлгілі қазақ кавалеристік полкі құрылды: Бөкей Ордасында.
Қазақстан жерінде ротадан ірі емес әскери бөлімдер құру туралы шешім қабылданды.
Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау көрініс берді: 1920 жылы.
1920 жылдың соңына қарай Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей ордасында, Орал және Торғайда құрған әскери бөлімшелер саны: 37.
1920 жылы (Азамат соғысы жылдарында) Дала өлкесінің төтенше комиссары: Ә.Жангелдин.
Азамат соғысы жылдарында Торғай уезінің әскери комиссары: Амангелді Иманов.
Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі: Біржан Қаратаев.
Лениннің тапсыруымен Ақтөбе майданына қару жеткізу экспедициясын басқарған: Әлибі Жангелдин.
Қызыл армия Орынбор мен Оралды басып алды: 1919 жылғы қантар айында.
Азамат соғысы жылдарында Кеңарал болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан тұлға: Өтеп Ыбыраев.
Ой болысында партизан жұмысын басқарған: Кәкімжан Саркин.
Қостанай уезінде астыртын жұмысты ұйымдастырған үш революцияға қатысушы, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы: И.Эльбе.
Мәскеудегі Қазан қарулы төңкерісіне қатысушы М.Г.Летунов, Қара теңіз әскери флотының бұрынғы матросы Г.И.Муляр, Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К.М.Иноземцев, әскерден қайтқан А.Жиляев.
Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарған: Черкасск қорғанысы (1918 жылғы маусым–1919 жылғы қазан).
1919 жылғы тамызда Черкасск қаласын қорғауға көмектесу кезінде қаза тапқан әскери қолбасшы: Емелев.
Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді: Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау.
Колчак әскерлерін талқандау міндеті жүктелген Шығыс майданының Оңтүстік тобының қолбасшысы: М.В.Фрунзе.
1919 жылғы маусымда Уфаны азат еткен: М.В.Фрунзе басқарған әскери топ.
1919 жылғы шілдеде Оралды азат етуге 25-Чапаев дивизиясымен бірге қатысқан: Қазақ атты әскер бригадасы.
1920 жылғы 5 қантарда Түркістан майданының әскерлері азат еткен қала: Атырау.
Орал майданы жойылды: 1920 жылғы 5 қантарда.
Азамат соғысы жылдарында атаман Аннековтың бұйрығымен «Монғол» кемесінде тірідей өртелген Өскемен уездік Кеңесінің тұңғыш төрағасы: Яков Ушанов.
1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданның 5-армиясының қолбасшысы: М.Н.Тухачевский.
1920 жылғы наурызда Семей облысының солтүстігінің ақгвардияшылардан азат етілуі нәтижесінде жойылған майдан: Жетісу майданы.
Азамат соғысының кескілескен қырғынында қаза тапқан адамдар саны: 8 млн.
Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
«Әскери коммунизм» саясаты жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосып, біртұтас қазына құрудан, ұсақ және майдагерлік өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді.
Азамат соғысы кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын Орталық Ресеймен байланыстырған темір жол: Александров-Гай – Ембі темір желісі (1919 жылғы желтоқсан).
Азамат соғысы барысында азық-түлік салғырты енгізілді: 1919 жылғы қантар.
«Әскери коммунизм» кезеңінің бір іс-шарасы: Еңбек армияларын құру.
1920-1921 жылдары қазақ өлкесіндегі еңбек армиясының қатарында болған адамдар саны: 6 мыңға жуық.
Азамат соғысы кезінде Қазақстанда мұнай өндіру 1913 жылмен салыстырғанда қысқарды: 4 есе.
Қарағандыда көмір өндіру қысқарды: 5 есе.
Азамат соғысы жылдарында бір өзі ғана мемлекетке 6 млн. пұтқа жуық астық тапсырды: Қостанай уезі, Ақмола, Семей облыстары.
1921 жылдың ақпан айында 25 мың адамнан тұратын отряд Кеңес өкіметіне наразылық білдірді: Петропавлда.
1921 жылдың наурыз айында Сапожков отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті: Орал губерниясында.
Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді: Кеңестер алаш қатарындағы буржуазиялық мамандарды өзіне тарқысы келді.
Азамат соғысының барысында алаш зиялыларының Кеңес өкіметі тарапына өтуіне ықпал еткен: Контрреволюция мен интервенция тарапынан қатыгездік пен зорлықтың күшейтілуі.
БОАК 1919 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы: «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық «Алашорда» үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауға тиіс».
БОАК 1919 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы бойынша «Алашорда» үкіметінің мүшелеріне амнистия жарияланды.
1919 жылы «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазған қазақ зиялысы: А.Байтұрсынов.
1920 Жылдардың алғашқы жартысындағы Қазақстан
ҚазАкср-нің құрылуы
Республикадағы қоғамдық-саяси өмір
Жаңа экономикалық саясат
ҚазАКСР-нің құрылуы
Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеті құрылды: 1919 жылы 10-шілде.
1919-1920 жылдары Қазревком Қазақстанда қолына алған билік: Әскери-азаматтық билікті.
Қазақ Революциялық Комитетінің басшысы болып тағайындалған, ұлты поляк, 1902 жылдан Компартия мүшесі: С.Пестковский.
Қазақ Революциялық Комитетінің органы болған баспасөз: «Ұшқын» газеті.
Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің міндеттерінің бірі: Қазақ автономиясын құруға дайындық.
1920 жылы 9 наурызда қабылданған шешім «Алашорданы» тарату туралы.
1920 жылдың наурыз айында өз жақындағылардың үлкен тобымен кеңес билігі жағына өткен Алаш-Орда жетекшілерінің бірі: А.Байтұрсынұлы.
Қазақ АКСР-н құру туралы декрет шықты: 1920 жылы 20-тамыз.
Қазақ АКСР-ның құрылғанын жариялаған құжат: «Қазақ АКСР-ның құрылуы жөніндегі» декрет.
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды: Орынбор қаласында 1920 жылы 4 қазанда.
Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы: С.Меңдешев.
Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы: В.Радус-Зенькович.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезінде қабылданған құжат: «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы».
Декларация Қазақ АКСР-інің конституциялық жолмен жарияланғаны аталды. «Әрбір ұлттың, - деп жарияланды Декларацияда, - ана тілін пайдалануға бірдей құқығы бар және оған толық мүмкіндік қамтамасыз етуге тиіс».
Қазақ АКСР-інің тұңғыш астанасы: Орынбор (1920-1924 жж.).
А.Байтұрсынов пен М.Сералин өз жазбаларында Қазақстанға қосу қажет деп дәлелдеген аймақ: Қостанай.
Қазақ жерлерін біріктіруде Қазақстан мүддесін жақтаған тұлға: В.И.Ленин.
Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-іне берілді: 1921 жылы.
1926 жылғы Қазақ АКСР-і құрамына қазақ жерлерінің бірігуі нәтижесінде республика аумағы: 2,7 млн км2 жетті.
1926 жылғы Қазақ АКСР-інің халық саны: 5 миллион 230 мың.
1926 жылғы Қазақстандағы қазақ халқының үлес салмағы: 61,3%.
1924 жылы Қазақстан астанасы көшірілген қала: Қызылорда.
1929 жылы Қазақстан астанасы көшірілген қала: Алматы.
Республикадағы қоғамдық-саяси өмір
Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін «Алдағы уақыттарда қырғыз-қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады: 1925 жылы.
1925 жылы ақпан айында Қырғыз облыстық партия ұйымы өзгертілді: Өлкелік партия ұйымы деп.
Қазақстан комсомолының І съезі өтті: 1921 жылғы шілдеде Орынборда.
Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы: Ғани Мұратбаев.
Ғани Мұратбаевтың өмір сүрген жылдары: 1902-1924 жж.
ХХ ғасырдың 20-ші жылдары әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері: А.Оразбаева, Н.Құлжанова, С.Есова, Ш.Иманбаева.
Ауылдардағы ағарту жұмысының орталықтары: «Қызыл отаулар».
Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декрет қабылдады: 1921 жылғы қантарда.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдады: 1923 жылғы 22 қарашада.
1921 жылдың жазында республиканың едәуір бөлігін қуаншылық жайлады, республика халқының аштыққа ұшыраған бөлігі: 1/3 бөлігін.
1922 жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулардың үлесі (саны): 82%.
Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында аштық апаттардың салдарынан ғана болып қойған жоқ. Астық мол болған Семей және Ақмола губернияларында орталықтың азық отрядтары ауыл шаруашылығы өнімдерінің «артығын» алып кетті.
1921 жылғы аштыққа қарсы күрес шараларының бірі: БОАК-інің декретімен республиканың егін шықпаған аудандарының халқы азық салығынан босатылды.
1921 жылы 14 маусымда енгізілген «Нақты ет салығы туралы» декреті бойынша көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары ет салығынан босатылды.
Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпау салдарынан зардап шеккен шаруаларға қаражат бөлді: мал сатып алу үшін.
1921 жылғы жер-су реформасының негізгі мақсаты: Патша өкіметі тартып алған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару.
Патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлеріне берген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет шығарылды: 1921 жылғы сәуір.
Жер-су реформасын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарған кедейлер ұйымы: «Қосшы одағы».
Кедейлер ұйымы «Қосшы одағы» құрылды: 1921 жылы.
Жер-су реформасы кезінде Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін құрылған жер қорының көлемі: 1 млн десятинадан астам.
Жаңа экономикалық саясат
Кеңестік биліктің 1921 жылы наурыз айында РК(б)П-ның Х съезінде енгізген экономикалық саясаты: Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
1921 жылғы наурызда азық салғырты алмастырылды: Азық салығымен.
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді: Жерді жалға беруге және алуға, жалдама еңбекті қолдануға, ұсақ кәсіпорындарының жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілуіне.
Жаңа экономикалық саясат кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді: Жеке саудаға.
1927 жылы республикадағы жәрмеңкелердің құраған сауда айналымының мөлшері: 30 млн сом.
1927 республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеді.
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды: еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру.
ЖЭС енгізілгеннен кейін мал өсірумен айналысатын, ірі қарасы алтыға жетпейтін қожалықтар салықтан босатылды.
1924 жылдың 1 қантарынан бастап үкіметтің шешіміне сәйкес енгізілген салықтың түрі: Тек ақшалай.
1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген ақшалай үдемелі салығының негізгі қиындығы түсті: Кулак пен байларға.
Жаңа экономикалық саясат жылдарында кеңінен дамыған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында құрылған қоғам: «Қосшы одағы».
«Қосшы одағының» 1930 жылдан кейінгі атауы: «Кедей одағы».
Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру үшін құрылған: ауыл шаруашылығы несие қоғамы.
1924 жылдың 4 тамыздағы қаулы бойынша ҚазАКСР-іне ауыл шаруашылық машиналары мен құралдар сатып алуға 25 млн сом бөлінді.
1924-1925 жылдан бастап республикаға әкеліне бастаған ауылшаруашылық техникасы: тракторлар.
Оларды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.
Қазақ АСКР-інің егіс көлемі 1928 жылы 1913 жылғы деңгейіне жетті: 4,4 млн га.
ЖЭС кезеңіндегі мал шаруашылығындағы өзгерістер: мал басының өсуі.
1928 жылғы Қазақ АКСР-дегі мал саны: 41 млн.
1924 жылғы мал саны 24,8 млн.
1920 жылы пайдалануға берілген Шымкенттегі зауыт: Шымкент сантонин (дермене) зауыты.
Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінген өнеркәсіп саласы: Түсті металлургия.
Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы: Кенді Алтай.
Жаңа экономикалық саясат жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40%-ын берген өнеркәсіп: Риддер қорғасын зауыты.
1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат: Қарсақбай комбинаты.
Хх ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысы мен 30-жылдарындағы Қазақстанның дамуы
Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
Ф.И.Голощекин Қазақстанда билік басында болған жылдар: 1925-1933 жж.
Ф.И.Голощекинның насихаттаған идеясы: «Кіші Қазан».
Ф.И.Голощекин: «Ауыл Қазан төңкерісінің лебін сезінген жоқ», «1925 жылдың күзіне дейін бізде болған жағдайларды Қазақстан оның партия ұйымдары тарихының алғы шарттары деп атауға болатындығын», дәлелдеді.
И.В.Сталин: «Голощекиннің ұсынысы «бірден-бір дұрыс саясат», - деп мәлімдеді.
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерлері: С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев.
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан жақтың талабы: Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақын орналастыру.
Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан тұстас келді: Бірінші бесжылдықпен (1928-1932 жж.).
Қазақстанда индустрияландыру ісі басталды: Табиғи байлықтарды зерттеуден.
Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик: И.М.Губкин.
И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір: Орал-Ембі.
Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: Н.С.Курнаков.
Қазақ Республикасы «Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы болып табылады» деген тұжырым жасаған: Курнаков.
Жезқазған мыс кенін зерттеген, жас инженер-геолог: Қ.И.Сәтбаев.
Бірінші бесжылдықтағы халықтық екпінді құрылыстардың бірі: Түрксіб теміржолы.
Түркістан-Сібір темір жолы салына бастады: 1927 жылы.
Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны: 100 мың.
Түрксіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға: Т.Қазыбеков.
Қатардағы жұмысшыдан, Түркісіб темір жолының бастығына дейін көтерілді: Д.Омаров.
Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті: Үш жылда.
Түрксібтің солтүстік және оңтүстік учаскелері 1930 жылғы 28 сәуірде түйіскен станция: Айнабұлақ.
Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді: 1931 жылғы қантар.
Түрксіб темір жолы жалғастырды: Орта Азия мен Сібірді.
Индустрияландыру жылдарында республика индустриясының дамуына үлес салмағы зор болған өңір: Ертіс өңірі.
КСРО-да мырыш, мыс, қорғасын және басқа да стратегиялық металдар өндіру жөнінен жетекші орын алған «үшбұрыш»: Орал – Сібір – Қазақстан.
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынған «Екінші Баку» аталған жаңа мұнай базасы: Эмбі мұнай кәсіпорыны.
Индустрияландыру жылдарында елдің қаржы жүйесін нығайтуға қомақты үлес қосқан: Алтын өндіру.
Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс: Әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару.
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді: Шикізат көздерін игеру.
Республика зауыттары мен фабрикалары дайын өнім шығармады.
Индустрияландыру жылдары білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник мамандар көбінесе әкелінді: Ресей мен Украинадан.
Жергілікті кадрлар әлі де ұзақ жылдар бойы мамандығы жоқ жұмысшылар болып қала берді.
1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны: 375 мың.
Бұл 1926 жылғымен салыстырғанда бес есе көп болуына қарамастан, Қазақстан қалалары одан әрі еуропалық сипат ала берді. Қала халқы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков, Свердловск, Әзірбайжаннан келген жұмысшылар, инженерлер мен техниктер есебінен көбейді.
Соғыс қарсаңында қалаларда және қала үлгісіндегі елді мекендердегі қазақстардың үлесі: 16%.
Индустрияландыру қарсаңында халықтың 90% ауылды жерлерде тұрды.
«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер: С.Садуақасов.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды: 1927 жылғы ХV съезде.
Орталық комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауды белгіледі: 1932 жылдың көктеміне қарай.
Ф.Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» идеясына наразылық білдірген ұлт зиялылары (С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев) тағылған айып: «ұлтшыл».
1928-1929 жылдары астық дайындау барысында жазаланған шаруалар саны: 31 мыңдай.
Ұжымдастыруға дейінгі республикадағы мал саны: 40,5 млн.
Қазақстан ОАК мен ХКК «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды: 1928 жылы.
Олар «өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды» деп саналды.
Жартылай феодалдар байларды тәркілеу заңсыз жүзеге асырылды.
1928 жылы жер аударылған жартылай феодалдар мен байлардың саны: 657
Ұжымдастыру жылдары ірі байлардан алынып, ұжымшарларға берілген ірі қара малдың саны: 145 000.
Қазақстанның мал шаруашылығы аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы: Жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ).
Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы: Ауыл шаруашылық артелі.
Республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды: 1929 жылдың екінші жартысынан бастап.
Алғашқы машина-трактор станциялары (МТС) құрылды: 1929 жылы.
1932 жылдың ақпанында аумағы 150 км жерден көшіріп әкеліп, 400 киіз үйден «қала үлгісіндегі поселке» жасалған аудан: Шу.
Жәнібек ауданында барлық шаруашылықтың 95% ұжымдастырылды.
Абыралы ауданында – 70%, Жымпиты ауданында – 60%.
Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы: 65% ұжымдастырылды.
1931-1932 жылдары малдың 80 пайызын етке өткізген аудан: Шұбартау.
Торғайлық асыра сілтеушілер «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын!» деген ұран тастап, онда млн-ға жуық малдың не бары: 98 мыңы қалды
Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы қалғаны: 4,5 млн.
Ұжымдастыру кезіндегі «Ұлы жұт» жылдары: 1930-1932 ж.ж.
1931-1933 жылдары аштықтан қырылған халық саны: 6,2 млн адам болды, 2,1 млн-ы адам қаза тапты.
1931-1933 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны: 0,4 млн.
1930-1932 жылдары аштықтан,түрлі індеттерден халықтың: 40% қырылды.
Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны: 1 млн аса.
Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ.
Ұжымдастыру кезінде, 1929 жылы жауапқа тартылған шаруалар саны: 56 498
Олардың 34 мыңнан астамы сотталды.
Күшпен ұжымдастыруға қарсы Қазақстанда қарулы қарсылықтар болды: 1929-1931 жж.
1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін күшпен ұжымдастыруға қарсы халық наразылығының ірі ошағына айналған: Семей округі.
«Қазақ өлкелік комитеті бандиттік- басмашы қозғалысының көрінісі», деп бағалаған Торғай шаруаларының көтерілісі: Батпаққара.
Батпаққара көтерілісі 1929 жылы 1 қарашада басталды.
Ұжымдастыруға қарсылық ошағы, Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстаннан 5 мың шаруа біріккен Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған: 8-дивизия басып тастады.
Жаппай ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары кезінде көтерілісшілер басып алған аудан орталығы: Созақ.
Көтеріліс табандалығы мен шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді.
Ұжымдастыру жылдарында халқы Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған аудандар: Маңғыстау, Ойыл, Табын, Жылқосын.
1931 жылдың көктемінде көтеріліс жасаған шаруалар түгелдей қырылып тасталған аудандар: Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау.
1930-1932 жылдары ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы өткен толқулар мен көтерілістер саны: 372
1929-1933 жылдар аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма (БМСБ) өкілдігінің үштігі ату жазасына кескен адамдар саны: 3 386.
3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялық лагерьге қамауға алынғандар саны: 13 151.
1933 жылы Қазақстан Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма (БМСБ) өкілдерінің қамауға алған адамдар саны: 21 мыңнан астам.
1932 жылғы шілдеде БК(б)П өлкелік комитетіне, Ф.Голощекинге жазылған ашық хат: «Бесеудің хаты».
Ашық хат жазғандар: Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев.
1933 жылы наурызда И.В.Сталинге ашық хат жазған қайраткер: Т.Рысқұлов.
Ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылдады: 1932 жылы
Жасанды жолмен құрылған ұжымшарлар таратылды. Астықты аудандарда коммуналардың орнына ауыл шаруашылығы артельдер (еңбек бірлестіктері) ұйымдастырылды, халыққа күштеп қоғамдастырылған мал-мүлкі қайтарылып берілді.
Екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, онда ауыл шаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданды: 1935 жыл ақпан.
Ұжымдастырудан кейін Қазақстанның ұжымшарлары мен кеңшарлары қайта бас көтере бастады: Екінші бесжылдық кезінде.
Қазақтардың көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа көшуі, негізінен аяқталды: Екінші бесжылдық кезінде.
Ұжымдастырудан кезеңінен кейін ауылда өзекті тұлғаға айналған: Механизатор.
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді: Корейлер.
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілген корейлер саны: 100 мыңнан астам адам.
1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударушы корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды Алматы, Қызылорда облыстарында.
1930 Жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипат алуы
Елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады: 1930 жылдарда.
Елде бюрократиялық орталықтандыру орнықты.
Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды.
«Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген теорияның авторы: Сталин.
Бұл «теория» жазалау органдарының қызметінің кеңейіп, мемлекеттік билік органы ретіндегі Кеңестер қызметінің шектелуіне әкеліп соқтырды.
ХХ ғасырдың 30 жылдары тоталитарлық, казармалық жүйені енгізген қайраткер: Сталин.
1930 жылғы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасы қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі: Ж.Аймаутовты атуға үкім шығарды.
Қазақстанда «қызыл астананы» салушылардың «қаскүнемдігі» ашылды: 1928 жылы Қызылорда.
«Қызыл астана» салуда қастандық ұйымдастырды деп сотқа тартылғандар: П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, М.Тынышбаев, С.А.Баграков.
Лаңкестік жаппай сипат алды: 1937 – 1938 жылдары.
1930 жылдары жазалаудың құрбаны болған:
1905 жылдан партия мүшесі, революционер: В.Н.Андроников.
1917 жылдан партия мүшесі: Л.И.Мирзоян.
1917 жылдан партия мүшесі, азамат соғысына қатысушы: К.Я.Рафальский.
Лаңкестік құрбаны болған қазақ тілі білімінің ғылыми-маркстік негізін салушы: А.Байтұрсынов.
Жазалаудың құрбаны болған қазақтың тарихи білімінің негізін салушы: С.Асфендияров.
Лаңкестік құрбаны болған КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі: М.Төлепов.
Жазалаудың құрбаны болған көрнекті тілтанушы ғалым, профессор: Қ.Жұбанов.
Карлагта (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) ұзақ жылдар бойы қамауда болып, азап шеккендер:
Э.Циолковскийдің серігі әрі досы, салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясын жөніндегі бірегей еңбектің авторы, ғалым: А.Л.Чижевский.
Атақты селекционер, академик, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған: В.С.Пустовойт.
Академик С.П.Королевтің серігі, жылу техникасы жөніндегі ірі маман, профессор: В.Л.Пржецлавский.
Кейін радиациялық генетиканың негізін салған: Н.В.Тимофеев-Ресовский.
Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі: Т.М.Людвиг.
1931 жылы Қарағанды облысының, Осакаров ауданында пайда болған обсервациялар саны: 25 қоныс обсервация.
101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары: 27 мыңнан астамы.
1930-1940 жылдары және 1950 жылдарда контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын қараған сот емес органдар: БСМБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасы, «үштіктер» (үш адамнан құралған комиссия).
Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерде (АЛЖИР) осы мемлекет қайраткерінің әйелі мен қызы азап шекті: Т.Рысқұловтың.
Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы
РКФСР құрамында Қазақ АКСР-і дамыған индустриялды-аграрлы республикаға айналды. Соғыс қарсаңында 3,3 млн еңбекке жарамды халықтың 1 млн-ға жуығы қалалар мен жұмысшы поселкелерінің жұмысшылары мен қызметшілері болды.
КСРО конституциясы қабылданды: 1936 жылы 5 желтоқсан VIII съезде.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы деп аталатын федерациялық құрылымға енген, одақтас мәртебесін алған республикалардың саны 11-ге жетті.
Қазақ АКСР-і Одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазақКСР) деп аталды: 1936 жылы желтоқсанда.
Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды: 1937 жылы наурыз Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезде.
1937 жылы желтоқсанда КСРО Жоғары Кеңесіне республикадан сайланған депутаттар саны: 44.
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған шахтер: Т.Күзембаев.
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған мұнайшы: С.Зұрбаев.
1937 жылы КСРО Жоғарғы кеңесіне депутаттыққа сайланған сауыншы: С.Оңғарбаева.
Комбайыншы: И.Логвиненко, паровоз машинисі: Л.Березняк.
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің сайлауы өтіп, сайланған депутат саны: 300 депутат.
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне сайланған депутат-қазақтардың саны: 152.
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне сайланған әйел-депутаттар саны: 60
1938 жылы 15 шілдеде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан: Ж.Жабаев.
Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде
Қазақстанның экономикалық қуатының артуы
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Қазақстанның экономикалық қуатының артуы
1939 жылы Коммунистік партия елдің индустриялық қуатын арттыру, оның қорғаныс қабілетін нығайту бағытына ден қойды.
Соғыс қарсаныңдағы жұмыс уақыты: 8 сағат жұмыс күні.
Мемлкеттік еңбек резервтерінің жүйесі пайда болды: 1940 жылдың соңы.
Әйелдердің жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталған уақыт: 1940 жылдың соңы.
Байшонос мұнай кәсіпшілігінің аға операторы: Б.Досбаева.
Ұңғылау машинасы: М.Д.Рогозина.
Электровоз машинасы: Р.Бүкірова.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында ондаған мың қыздар мен әйелдердің тракторшы мамандығын меңгеруіне бастама жасаған: П.Н.Ангелина.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында халықтық екпінді құрылыс әдісімен Батыс Қазақстанда салынған канал: Жайық-Көшім.
1940 жылы ұзындығы 806 шақырым болатын халықтық екпінді құрылыс ретінде 9 айға толмайтын уақыт ішінде салынған күре жол: Ақмола – Қарталы.
Ақмола – Қарталы күре жолы Қарағандыдан Магнитогорскіге көмір тасуды 500 шақырымға қысқарды.
Одақтағы таңдаулы қорғасын деп танылған: Шымкент қорғасын зауытының қорғасыны (СЧСЗ).
Шымкент қорғасын зауытының ұжымы одақта бірінші орын алып, Ленин орденімен марапатталды: 1939 ж.
Соғыс қарсаныңда Қазақстан Одақ көлемінде қорғасын өндіруден: 1 орын.
1940 жылы ҚазКСР жалпы одақта өңдірілетін қорғасының 87%, мыстың 21% балқытты.
1941–1942 жылдары Қазақстанға көшірілген зауыт пен фабрика, цехтер мен артельдер саны: 220.
Соғыс кезінде Қазақстанда орналастырылған неше зауыттың технологиялық циклін майдан қажетіне лайықтап қайта құру қажет болды: 20.
Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар, негізінен, орналастырылды: Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе.
1943 жылы тары өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған: Ш.Берсиев.
Соғыс жылдарында тылда күріштен мол өнім жинаған атақты күрішші: Ы.Жақаев.
Ұлы Отан соғысы жылдарында әр гектардан 52 ц. тары өсірген звено жетекшісі: А.Дацкова.
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Фашистік Германияның билеушілерінің КСРО-ны талқандап шығыста «өмір кеңістігін» қамтамасыз етуге арналған жоспары (Германияның қауырт соғыс жоспары): «Барбарроса».
Фашистердің «Ғылыми-зерттеу институтының» жобасы бойынша Қазақстан кірген рейхкомиссариат: «Үлкен Түркістан».
Майданға жақын өңірлерден көшіріліп әкелінген 27 әскери оқу орны соғыс жылдары ішінде даярлап шығарды: 16 мың офицер.
Қазақстандықтар А.Наганов, В.Фуров, Қ.Тұрдыев, Ш.Шолтыров отаншылдық пен ерліктің үлгісін көрсетті: Брест қамалы үшін шайқаста.
1941 жылы 20 қырқұйекте үш тәулік бойы күші басым жаумен ұрыс жүргізген 800 жауынгерді басқарған дивизия комиссары, Оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі: Е.П.Рыков.
Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия: 316-атқыштар дивизиясы.
1941 жылы қараша айында 1075-атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі болды: Дубосеково түбінде.
«Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда – Мәскеу»: В.Г.Клочков.
Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, марапатталды: Қызыл Ту орденімен.
8-гвардиялық дивизия (316-атқыштар дивизиясы) Рига қаласын азат етуге қатысқаны үшін марапатталды: 2-ші дәрежелі Суоворов орденімен.
Мәскеу түбінде Б.Момышұлы басқарған әскери бөлімнің түрі: Батальон.
Мәлік Ғабдуллин – ротаның саяси жетекшісі Кеңес Одағының батыр атағын алды: Мәскеу үшін шайқаста.
Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған: Т.Тоқтаров.
Төлеген Тоқтаров Кеңес Одағының батыры атағын, қаза тапқаннан кейін алды: Мәскеу үшін шайқаста.
1998 жылы Н.Назарбаевтың өкімімен, Халық Қаһарманы атағы берілді: Бақытораз Бейсекбаевқа.
Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде, жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты: Сұлтан Баймағамбетов.
Сұлтан Баймағамбетов қаза тапты: Ленинград үшін шайқаста.
Ориенбаум алғы шебінде шайқасқан 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені: Дүйсенбай Шыныбеков.
1941 жылы ленинградтықтарға арнап «Ленинградтықтар өренім» деген жыр жазған қазақ ақыны: Ж.Жабаев.
Ұлы Отан соғысында түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосқан Еділдегі шайқас: Сталинград шайқасы.
Қазақстанға ең жақын майдан: Сталинград майданы.
1942 жылдың күзінде соғыс жағдайы енгізілген өңір: Каспий өңірі.
Өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойған 73-гвардиялық дивизияны басқарған: Ғани Сафиуллин.
Кеңес Одағының батыры, кенді Қарағанды өкілі, ұшқыш: Н.Әбдіров.
Атақты «Павлов үйі» - интернационалдық тобының мүшесі Оңтүстік Қазақстаннан барған жауынгер: Толыбай Мырзаев.
Сталинград түбінде өшпес ерлік жасаған минометші: Қарсыбай Сыпатаев.
Дон және Еділ жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде ерекше көзге түскен 17-гвардиялық танк полкін басқарған қазақстандық подполковник: Т.С.Позолотин.
Сталинград қорғанысының батыры, екі Даңқ орденінің иегері, Кеңес Одағының Батыры: І.Айтықов.
Днепрден алғашқыладың бірі болып өтіп, қарсы шабуылға шыққан дұшпанның жолын бөгеген (фашистердің 5 танкісін, өздігінен жүретін «Фердинанд» зеңбірегін, оқ дәрі тиеген 3 автомашинасын жойды) Кеңес Одағының Батыры: Қойгелді Аухадиев.
Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды: Жәнібек Елеусізов.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны: 3,5 мың адам.
Қаһармандық ерліктерімен тарихта қалған, партизан-жауынгер Халық Қаһарманы: Қ.Қайсенов.
Белоруссияда Лида қаласындағы асыртын партизандық жұмысқа белсенді қатысқан қазақ жауынгері: Д.Сұраншиев.
Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан, Кеңес Одағының Батырлары: А.С.Егоров, З.У.Құсайынов.
Берлин операциясының басталған уақыты: 1945 жылы 16 сәуір.
Кеңес Армиясы Берлинді толық иелігіне алған уақыт: 1945 жылы 2 мамыр.
Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының батыры атағы берілді: Берлин үшін шайқаста.
Рейхстаг терезелерінің біріне жеңіс туын тіккен: Р.Қошқарбаев, Г.Булатов.
Рейхстагка жеңіс туын тіккен қазақстандық Халық Қаһарманы: Р.Қошқарбаев.
1008-атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тіккен Орал өңірінен келген жас офицерлер: Қ.Мәденов пен Р.Қараманов.
Берлинге шабуылға жасауға қандай танк тізбегінің 3 танкісі қатысты: «Қазақстан комсомолы».
Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген,екі мәрте Кеңес Одағының Батыры: Сергей Луганский.
Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болғандар: Талғат Бигельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
Кеңес Одағының Батыры атағына үш мәрте ие болған: И.Кожедуб.
Алғаш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгер: К.А.Семенченко.
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысында шайқасты: Ұшқыш болып.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған қазақ қыздары: пулеметші Мәншүк Мәметова, мерген Әлия Молдағұлова.
Мәншүк Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы: 100-ші.
Әлия Молдағұлова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы: 54-ші.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық Кеңес Одағының батыр атағын алды: 500-ге жуық.
Кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан
1920-1930 Жылдардағы Қазақстанның мәдениеті
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым мен мәдениет
1920-1930 Жылдардағы Қазақстанның мәдениеті
Білім және ғылым
ХХ ғасырдың 20-жылдарында халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында жүргізілген шара: Сауатсыздықты жою.
Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы.
Республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біріңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады: 1926 жылы мамырда.
Мектеп құрылысында бір жылдық және екі жылдық мектептердің үлес салмағын кеміту мен үш жылдық және төртжылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұстаоды.
Республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді: 1931 жылғы желтоқсанда.
Қазақстанда көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді: 1931 жылдың көктемінде.
ХХ ғасырдың 30-жылдары сауатсыздықты жою, білім беру ісіне қамқорлық жасауды мойынына алған: Қазақстан комсомолы.
1928 жылы комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық бастылды.
Мәдени құрылыс үрдісін жеделдетуге ұлттық зиялы қауымның көптеген қайраткерлері елеулі ықпал жасады.
Суретті әліппені жазған: А.Байтұрсынов; қостілдік және ана тілін оқыту әдістемесін жазған: Ж.Аймауытов; география оқулығын жазған: Ә.Бөкейханов; алгебра оқулығын жазған: Қ.Сәтбаев.
1931-1932 жылдары балалар үйіне орналастырған бала санының көп болуының басты себебі: 1931-1932 жылдардағы аштық.
1932 жылдың күзінде балалар үйілеріне орналастырылған балалар саны: 68 мың.
Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдарындағы Қазақстанда маңызды мәдени өзгерістердің бірі Халықты жаппай сауаттандыру.
Соғыс қарсаңында «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағына ие болған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері: С.Көбеев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев.
Қазақстанда ашылған тұңғыш жоғары оқу орны: Қазақ педагогикалық институты.
Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт ашылды: 1928 жылы.
Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт 1928 ашылып, оған кейін: Абайдың есімі берілді.
1931 жылы наурызда ашылған жоғарғы оқу орны: Алматы медицина институты.
Алматы зоотехникалық – малдәрігерлік институты ашылды: 1929 жылы.
Алматы ауылшаруашылық институты ашылды: 1930 жылы.
1929-1931 жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орындары: Ауылшаруашылық және медициналық.
1931-1932 жылдары педагогикалық институттар ашылған Қазақстан қалалары: Орал, Қызылорда.
С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды: 1934 жылы.
Республикада инженер-техник кадрларын даярлауға негіз болған, 30-жылдары негізі қаланған жоғары оқу орны: Қазақ кен-металлургия институты.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының (ЖОО) саны: 20.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы орта арнаулы оқу орындарының саны: 118.
Жалпы оқу орындардағы білім алушылар саны: 40 мыңдай адам.
1930 жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында білім алған қазақстандық жастардың саны: 20 мыңдай.
1939 жылы республикада жалпы халықтың сауаттылығы – 65%, қазақтар арасында – 40%.
Жаппай сауатты қалалар: Риддер, Шымкент, Алма-Аты, Орал, Қарағанды, Әулиеата, Степняк.
ЖОО және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикізат қоры сипатын анық аңғартты.
Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі: 1920–1930 жылдар.
1920-1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам: Қазақстанды зерттеу қоғамы.
Қазақстанның тарихын, этнологиясын, экономикасын зерттеудің және жаратылыстану ғылымының ірі орталығына айналды.
1926 жылы ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалым: М.Е.Массон.
КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы бүкіл Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіді: 1926-1927 жылдары.
КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды: 1932 жылы.
1932 жылы құрылған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасындағы алғашқы ғылыми секторлар: Зоология және ботаника.
КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасына геология және тарих секторлары және құрамында қазақ тілі мен әдебиеті, халық шаруашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық өнер ғылыми зерттеу институты қосылды: 1935 жылы.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик: А.Н.Самойлович.
Қазақстандағы ғылыми дамудың негізі бағыттарын белгілеуге белсене қатысқан КСРО Ғылым академиясының президенті болған: С.Н.Вавилов, В.Л.Комаров.
Қазақстандағы ғылыми дамудың негізі бағыттарын белгілеуге белсене қатысқан аса көрнекті геолог-ғалым, академик: А.Д.Архангельсикий.
1935 жылы бірінші бөлімі жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» еңбегінің авторы: Санжар Асфендияров.
Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде еңбек еткен ғалым саны: 1700-ден астам.
Әдебиет пен өнер
1913 жылы «Шолпан» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген белгілі ақын: Мағжан Жұмабаев.
Мағжан Жұмабаевтың эпостық құлашпен жазылған, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғаны суреттейтін дастаны: «Батыр Баян».
Мағжан Жұмабаевтың дастандары: «Ертегі», «Қолыбайдың қобызы», «Жүсіпхан».
1920-1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы поэзияға серпін берген ақын-жазушы: Сәкен Сейфуллин.
Сәкен Сейфуллиннің қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Ақпан және Қазан төңкерістеріне, Азамат соғысына қатысуын шынайы тұрғыда бейнелеген тарихи романы: «Тар жол, тайғақ кешу».
Сәкен Сейфуллиннің 1927 жылы жарық көрген «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романында қазақтардың қатысуын суреттеген тарихи оқиғалардың бірі: Азамат соғысы.
1920-1930 жылдары қазақ кеңестік әдебиетіне қосылған С.Сейфулиннің үздік шығармасы: «Көкшетау».
С.Мұқанов «Сұлушаш», «Жұмбақ жалау»; І.Жансүгіров «Құлагер»; И.Байзақов «Құралай сұлу»; Б.Майлин «Азамат Азаматыч»; Ж.Аймауытов «Қартқожа»; С.Ерубаев «Менің құрдастарым»; Ғ.Мұстафин «Өмір мен өлім».
1920-1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына қосылған дарынды жастар: Ж.Саин, Қ.Аманжолов, А.Сәрсенбаев, Т.Жароков, А.Жұмағалиев, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, Ж.Сыздықов, Д.Әбілев.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында төңкеріс, кеңестік Отан, бостандық, адамгершілік, махаббат туралы жан тебірентерлік өлеңдер мен дастандар жазған көрнекті қазақ ақыны: Иса Байзақов, Нүрпейіс Байғанин, Жамбыл Жабаев, Шашубай Қошқарбайұлы.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында кеңінен мәлім болған «Ащы өзек» және «Өшпенділік» романдарының авторы: И.П.Шухов.
Гетенің, Гейненің, М.Горькийдің, В.Ивановтың, Д.Мамин-Сибиряктың шығармаларын қазақ тіліне аударған: М.Жұмабаев.
И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударған: А.Байтұрсынов.
М.Ю.Лермонтовтың, А.С.Пушкиннің, Ф.Шиллердің, Ғ.Тоқайдың шығармаларын және пролетарлық әнұран «Интернационалды» қазақ тіліне аударған белгілі ақын: Ж.Аймауытов.
Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы: Ә.Бөкейханов.
1930 жылдары қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор зиянын тигізген қасіретті оқиға: Сталиндік жазалау.
«Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар жариялаған этнограф, сазгер: А.В.Затаевич.
А.В.Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді: 1932 жылы.
Мыңжылдық мәдениетінің аса құнды ескерткіші деп бағаланған «Қазақтың 1000 әні» атты еңбектің авторы кеңестік музыкатанушы ғалым: Б.В.Асафьев.
1922 жылы халық жыршылары бәйгесі өткізілген қала: Қарқаралы.
1925 жылы Париж қаласында өткен дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесінің және 1927 жылы Майндағы Франкфуртте өткен дүниежүзілік музыка көрмесінінің концерттеріне қатысып, ән салған қазақ халқының әйгілі әншісі: Әміре Қашаубаев.
1926 жылы қаңтарда Қызылорда қаласында ашылған мәдени мекеме: Ұлттық қазақ театры.
1926 жылы Қызылорда қаласында ашылған тұңғыш қазақ театрының алғашқы басшысы, дарынды режиссер: Жұмат Шанин.
1926 жылы Қызылордада ашылған ұлттық қазақ театрында алғаш қойылған пьеса: «Еңлік-Кебек» (М.Әуезов).
Ұлттық қазақ театрына көптеген шығармашылық жетістіктері үшін 1937 жылы үкімет тарапынан берілген атақ: Қазақ академиялық драма театры.
1930 жылдары театрлар ашылған Қазақстан қалалары: Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Петропавл.
Алматы қаласында ұйғыр музыкалық-драма театры ашылды: 1933 жылы.
1937 жылы корей театры ұйымдастырылған қала: Қызылорда.
Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды: 1934 жылы қантарда.
1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған белгілі сазгер: Ахмет Жұбанов.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды: 1936 жылы.
1936 жылғы мамыр айында Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген опера: «Қыз Жібек», «Жалбыр».
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде КСРО халық әртісі құрметті атағына ие болған әйгілі әнші: Күляш Байсейітова.
Қазақстан кино өнері бастау алатын кезең: 1930 жылдары.
Қазақстанда хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды: 1934 жылы.
1938 жылы қазақтың алғашқы дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасаған киностудия: «Ленфильм».
1930 жылы республикадағы бұқаралық кітапханалардың саны: 290.
1939 жылы бұқаралық кітапханалардың саны 3 304-ке жетті.
А.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана (қазіргі Ұлттық кітапхана) ашылды: 1939 жылы.
П.Г.Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі, қазақтың белгілі суретшісі: Әбілхан Қастеев.
1920-1930 жылдары мәдениет саласында күрделі, қайшылықтарға толы құбылыстар орын алды. Мәдениетті жасау мен мәдениетке залал келтіру бір мезгілде қатар жүрді. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұқсан келтірді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым мен мәдениет
Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді: 1942 жылы.
Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды: 1946 жылы 1 маусымда.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында ашылған жоғары оқу орны: Шет тілдер институты.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда ашылған жоғары оқу орны: Шымкент технология институты.
Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік педагогика институты, Дене шынықтыру институты ашылды.
Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға Мәскеуден көшіріліп орналастырылған жоғары оқу орны: Авиация институты.
ҰОС кезінде Қазақстанға көшіріліп әкелінген Мәскеу авиация институты, Мәскеу түсті металдар мен алтын институты, Киев және Харьков біріккен мемлекеттік университеті білік кадрлар даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған Сәбит Мұқановтың повесі: «Өмір мектебі».
Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты»; Ғ.Мұстафин «Шығанақ»; Ә.Әбішев «Жас түлектер».
Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушылар саны: 100-ге жуық.
Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте пубилицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер-офицер: Б.Бұлқышев.
ҰОС кезінде көшіріліп әкелінген «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары мен Алматы киностудиясы негізінде көркем фильмдердің біріккен орталық киностудиясы ұйымдастырылды: 1941 жылы.
Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген кино-картина: «Абай әндері».
«8-гвардиялық», «Жауынгер ұлы», «Қазақ киноконцерті - майданға», «Саған, майдан» картиналары түсірілді.
1942-1944 жылдары Қазақстанға майданнан келген делегациялар: 22 делегация.
1940 Жылдардың екінші жартысынан
1960 Жылдардың ортасына дейінгі Қазақстан
Қоғамдық-саяси өмір
Республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы
Қоғамдық-саяси өмір
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғарыдан төмен қарай, иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналған ұйым: Кеңес Одағының Коммунистік партиясы.
Кеңес қоғамында жетекші рөл атқарған: Компартия.
КСРО-да қоғам дамуының барлық мәселелері талқыланды: Компартияның съездері мен пленумдарында.
Партия жиындарында қаулы-қарарлар, шешімдер тек бір ауыздан қабылданды. Онда белгілі бір мәселе төңірегінде адамдардың өзінше пікір айтуына, қарсы шығуына, қалыс қалуына мүмкіндік болмады.
Жұмабай Шаяхметов Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды: 1949 жылы Қазақстан К(б)П IV съезінде.
Жұмабай Шаяхметовтің республиканың партия ұйымын басқарған жылдары: 1949-1954 жылдар аралығы.
1950 жылы республикадағы коммунистердің саны: 58 920 адам.
1960 жылы республикадағы коммунистердің саны: 345 115 адам .
Республиканың жоғарғы мемлекеттік билік органы ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі.
КСРО кезінде жергілікті өкімет билігі қолында болды: Еңбекшілер депутаттарының жергілікті кеңестері атқару комитеттерінің.
1947 жылы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрамында: 300 депутат болды.
Үшінші сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрамында: 400 депутат болды.
1955 жылы төртінші сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрамында: 450 депутат болды.
1940 жылы Қазақстан кәсіпшілер одақтары: 1 млн-нан астам еңбекшілерді біріктірді.
1963 жылы 3 млн 281 мың адамға жетті. Бұл жұмыс істейтіндердің 89% болатын.
Соғыстан кейінгі жылдары санаторийлер мен демалыс үйлері, мәдени мекемелер – кітапханалар мен клубтар берілді: кәсіподақтың қарамағына.
Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті: 1948 жылы.
1950 жылдары Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі: Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты.
Өскемен су электр станциясы, Қазақстан магниткасы, т.б. объектілер.
1951жылдан 1960 жылға дейінгі аралықта республикадағы комсомол мүшелерінің саны: 760 мың жасты біріктірді.
Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы: Пионер ұйымы.
Пионер ұйымының жұмысына бақылау жүргізген: Комсомол.
КСРО Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы мамыр айындағы қаулысы бойынша Одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу тәртібі өзгертілді.
1954-1956 жылдарда одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына өткен кәсіпорындардың саны: 144.
Одақтас республикалар әділет органдарына басшылық жасау, сот құрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық, кодекстерді бекіту істерімен айналыса алатын болды: 1956-1958 жылдардан бастап.
Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы: «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы.
БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы жарық көрді: 1946 жылы.
Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарық көрді: 1947 жылы.
Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің 1947 жылғы «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» қаулысы бойынша зерттеуге шек қойылды: Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы рухани мұрасын.
Мәскеуде «Дәрігерлер ісі», Ленинградта «Ленинград ісі» деп аталатын саяси күйрету шаралары жүріп жатқан кезде, Қазақстанда қолға алынған іс: «Бекмаханов ісі».
1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі: Ермұхан Бекмаханов.
Е.Бекмахановқа «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген монографиясында К.Қасымұлы бастаған қозғалысты ақтау тұрғысынан көрсеткен буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеді деген кінә тағылды.
«ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген Е.Бекмахановтың монографиялық еңбегіндегі көтеріліс басшысы: Кенесары Қасымұлы.
Е.Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болған, 1950 жылдың желтоқсанында «Правда» газетінде жарияланған мақала: «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық».
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е.Бекмаханов бас еркіндігінен айрылды: 25 жылға.
25 жылға бас еркіндігінен айырылып, Мәскеу мен Ленинградтағы ірі ғалымдардың араласуымен Е.Бекмаханов ақталды: 1954 жылы.
1940 және 1950 жылдардың басында әділетсіз саяси айыптауға ұшыраған қазақ зиялылары: А.Жұбанов, Б.Сүлейменов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, І.Кеңесбаев.
1950-ші жылдары көзқарасы ғылымға «жат» деп танылған ірі ғалым: Әлкей Марғұлан.
1950-ші жылдары Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған дарынды жазушы: Ю.Домбровский.
1950-ші жылдары Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған Қазақ КСР Ғылым академиясының перзиденті: Қ.И.Сәтбаев.
Биология,медицина және геология ғылымдары салаларында жемісті еңбек еткен көптеген ғалымдарға тағылған айып: «Космополит».
1950 жылдары жындыханаларда жаза тартқан «өзгеше ойлайтын» кеңес азаматтарының саны: 90 мыңнан астам.
Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптаған 1956 жылғы КОКП-ның съезі: ХХ-ші.
КОКП-ның ХХ съезінен кейін ақталған мемлекет қайраткерлері: С.Асфендияров, О.Жандосов, О.Исаев, Л.Мирзоян, С.Меңдешев, М.Масанчи, Н.Нұрмақов, А.Розыбакиев, С.Сейфулин.
Республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы
Республика өнеркәсібін қайта құру
1946-1950 жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамытуға арналған бесжылдық жоспардың басты мақсаты: Ауыр өнеркәсіпті дамыту.
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін (мырышын) берді: 1947 жылы.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері ҒТР дәуіріне енді: 1950 жылдардың екінші жартысы.
1950 жылдар қарсаңында көмір шабу, қопару және оны вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды.
Республика бойынша көмір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейінгі деңгейден 6,5 есе артты.
1950 жылдары республиканы ғана емес, Сібір, Орал және Орта Азияны металмен қамтамасыз еткен: Қарағанды металлургия комбинаты.
Электр станциялары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады: 1950 жылдардың екінші жартысында.
Минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты: 1950 жылдардан бастап.
Соғыстан кейінгі кезеңнен бастап, 1960 жылдардың ортасына дейінгі уақыт аралығында республикада пайда болып, дами бастаған: Химия өнеркәсібі.
Қаратауда кен-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат, Қостанайда жасанды талшықтар зауыттары салынды.
Химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарының негізінен орналасқан аймағы: Оңтүстік Қазақстан.
Соғыстан кейінгі онжылдықтарда ауыл шаруашылығы шикізатының молдығы осы өнеркәсіп салаларының даму қарқынын жоғарлатуға әсерін тигізді: Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Жамбылда, Семейде, Петропавлда, Павлодарда тері илейтін, былғары жасайтын кәсіпорындар, Алматы мен Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда ет комбинаттары, ондаған сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылды.
1950 жылы Ембі мұнай бассейіндегі Мұнайлы кәсіпшілігін іске қосу нәтижесінде мұнай өндіру Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңмен салыстырғанда артты: 52%.
Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және оны орталыққа тасып алу қажеттігі әсер етті: көлік пен байланыс жүйелерін дамытуға.
1950 жылы салынуы аяқталған, ұзындығы 483 км. болатын теміржол желісі: Мойынты-Шу.
1950 жылдары автомобиль жолдарының ұзындығы: 108 мың шақырымға жетті.
1950-1960 жылдары өнеркәсіптің «Б» тобына (тұтыну құралдарын өндіру) қарағанда «А» тобын (өндіріс құралдарын өндіру) жеделдете дамыту бағыты сақталып қалды.
Ауыл шаруашылығының дамуы
Мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды: 1949 жылы.
Республикада 1940 жылдардың соңы – 1950 жылдардың басында ұсақ колхоздарды ірілендірудегі мақсат: Азық-түлік өндіруді арттыру мақстаныда.
Қазақстан ұжымшарларына қайтарылып берілген заңсыз алынған жер көлемі: 540 мың га.
Қазақстан ұжымшарларына қайтарылған түрлі ұйымдардың берешегі: 214 млн сом.
Қазақстан кеңшарлары, негізінен, мал шаруашылығы бағытында болды.
1951 жылы республикадағы ірі қара мал саны төмен тұрды: 1928 жылғы деңгейден.
1954–1958 жылдары мал шаруашылығына жіберілгендердің саны: 52 мың адам.
Семей облысындағы «Қарақол» кеңшарының атақты шопаны: С.Әбжанов.
Қызылорда облысы «Коммунизм» ұжымшырының шопаны: Н.Көкиев.
1950 жылдары өсірген қаракөл қойлары Делидегі, Нью-Йорктегі халықаралық аукциондарға қатысқан, Жамбыл облысы, «Айдарлы» кеңшарының шопаны: Ж.Қуанышбаев.
Қазақстанда егіске күш малын пайдалану орын алды: 1960 жылдарға дейін.
1965 жылғы мал басының жалпы саны: 39 млн.
1956 жылмен салыстырғанда 67,4%-ға көбейді.
1950 жылдары мал шаруашылығының жағдайы ауыр болуының басты себебі: Әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ауыл шаруашылығын жүргізудегі сауатсыз әрекеттерінен.
Кеңес дәуіріндегі ауыл шаруашылығының төмендеу себебі: Шаруалардың өз еңбектеріне ие болмауы.
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды: 1954 жылдың көктемінде.
«Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді» деп санаған Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов орнынан алынып, орталықтың нұсқауымен республика басшысы сайланған: П.К.Пономаренко.
Тың және тыңайған жерлерді игеру игеру өкімет билігінің жоғарғы деңгейіндегілердің идеясы.
1954–1955 жылдары тың жердерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын арттыру көзделді: 13 млн га.
Тың игерудің алғашқы екі жылында (1954-1955 жж.) республикаға 640 мың адам келді. Бірақ олардың ішіндегі ауыл механизаторларының саны: 150 мың.
Тың игерушілер барар жеріне дейін тегін көшірілді және әр отбасына көрсетілген ақшалай көмек мөлшері: 500-1000 сом.
Тың игерушілер отбасының әр мүшесіне көрсетілген бір мезеттік көмек мөлшері: 150-200 сом.
Тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан босатылды: 2 жылдан 5 жылға дейін.
Қазақстан тыңын игеруге ниет білдірген, Ресей жерінде тұратын қазақ жұртының өкілдері ешқандай материалдық көмек ала алмады.
Тың игеру жүргізілген облыстар: Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан,Торғай.
Тың игерудің басым көпшілігі жүзеге асырылған аймақ: Солтүстік Қазақстан.
1954 жылдың көктемінен 1955 жылдың көктеміне дейін тың өлкесінде құрылды: 337 астық кеңшары.
1954 жылы тың көтеру жөніндегі жоспар артығымен орындалып, жыртылған жер көлемі: 6,5 млн га.
1955 жылы жыртылған жер көлемі: 20,6 млн га.
Тың игерушілердің айтарлықтай көрсеткішке жеткен жылы (16 млн т астық жыналды): 1956 жылы.
Мұны коммунистік даңғазалықпен 1 млрд пұт деп ауыз толтыра айтып жүрді.
Күріштен рекордты өнім алуға қол жеткізген, Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі: Ыбырай Жақаев.
Тың игеру жылдары мал жайылымы жерлерін жыртып тастаудың салдары: Мал шаруашылығының арта қалуына әкелді.
1940 – 1950 жылдар ішінде Қазақстанда пайда болған жаңа қалалар саны: 15, 86 қала тұрпатты поселке.
Тың игеру желеуімен 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға қоныс аударған адамдар саны: 2 млн-ға жуық.
Олардың басым көпшілігі славян тектілер.
1959 жылғы республика тұрғындарының саны 9 млн 295 мың адам, жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мың: 29%.
1959 жылғы қала халқының үлесі: 44%.
1939 жылғы қала халқының үлесі – 28%.
1960 жылдардың басына дейін Қытайдан Отанына оралған қазақтардың саны: 200 мың.
Экономикалық реформалар. Халық тұрмысы
Еңбекшілерге өнеркәсіп және азық өнімдерін карточкамен өлшеп беру (карточка жүйесі) жойылды: 1947 жылдың соңы.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ақша реформасы жүргізілді: 1947 жылы.
КСРО кезіндегі барлық Одақтас Республикалардың ақша бірлігі: сом.
Орталықтандырылған салалық министрліктердің орнына аумақтық басқармалар – халық шаруашылығы кеңестері (ХШК) құрылды: 1957 ж.
Партия органдарының өндірістік принцип бойынша құрылуы жүзеге асырылды: 1962 жылы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ашылған мектептер: Еңбек резервтері мектептері мен маман жұмысшылар дайындайтын училищелер.
1945–1948 жылдары аралығында Кеңес әскері қатарынан босатылды: 8,5 млн адам.
1950 жылдарыдың басындағы ұжымшар мүшелерінің орта есеппен айлық жалақысы: 16,4 сом.
1950 жылы жұмысшылар мен қызметшілердің орташа еңбекақысы: 62 сом.
Жұмысшылар мен қызметшілердің айлық орташа еңбекақысы: 1940 жылы – 29,8 сом, 1965 жылы – 97,4 сом.
1950 жылдары жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан маман жұмысшылардың азаюының басты себебі: Жергілікті ұлт өкілдерінің қалалардан жаппай ауылды жерлерге көшуі.
Кейбір қалаларда пәтерлерге газ беріле бастаған жыл: 1958 жылдан бастап.
Алтыншы бесжылдық (1956-1960 жж.) жоспардың көрер көзге жасыру үшін жасалған шара: Жетіжылдық жоспар (1959 – 1965 жж.) енгізілді.
Республика бойынша жалпы өнім өндіруді 70%-ға арттыру көзделгенімен, іс жүзінде: 15%-ға ғана артты.
Теміртаудың металлургия комбинаты жұмысшыларының бас көтерулері болып өтті: 1958 жылы.
1940-1950 Жылдардағы Қазақстанның мәдениеті
Ғылымның дамуы
Көркем әдебиет
Өнер
Ғылымның дамуы
Минералды шикізаттар мен кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілген ғалымдардың бірі: Қ.И.Сәтбаев.
Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылды: 1946 жылы маусым.
1946 жылғы республиканың мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға: Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: Қ.И.Сәтбаев.
Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы: А.М.Панкратова, С.И.Вавилов, И.П.Бардин.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматыдан басқа ірі ғылыми орталықтар бой көтерген қалалар: Өскемен, Қарағанды, Шымкент.
Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін ұсынған зерттеулер мен ұсыныстар саны: 900-ден астам.
1950 ж. соңында Қазақ КСР ҒА-ның жүйесінде болған ғылыми-зерттеу мекемелерінің саны: 50.
Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді: 1950 жылдар ішінде.
1950 жылдары шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастаған ағартушы-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин.
Қазақстанда 1958 жылы құрылған институт: Қазақ КСР ҒА-ның Философия және құқық институты.
Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт: Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары.
«Қазақ КСР тарихының» екі томдығы жарияланды: 1957 – 1959 жж.
Соғыстан кейінгі жылдары rөшпелілердің қола дәуірдегі тарихы мен мәдениетін зерттеген белгілі ғалым: Әлкей Марғұлан.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда барлық жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пән: Партия тарихы.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер: Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер.
«КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті» деген ресми партиялық тұжырым қабылданды: 1950 жылдардың соңында.
Көркем әдебиет
Мұхтар Әуезов «Абай» романың екі кітабын жазып бітірді: 1947 жылы.
Мұхтар Әуезовтың КСРО мемлекеттік сыйлығын алған шығармасы: «Абай».
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы дүниеге келді: 1955 жылы.
М.Әуезовке «Абай жолы» эпопеясы үшін әдебиет пен өнер саласындағы Лениндік сыйлық берілді: 1959 жылы.
1950 жылдардағы ұлттық прозаның жетістігі болған Ғабит Мүсіреповтың романы: «Оянған өлке».
Сәбит Мұқановтың шығармалары: «Сырдария» романы; «Өмір мектебі» трилогиясы.
1949 жылы Мәскеуде өткен Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде әдеби қауымның назарын аударған Ғабиден Мұстафиннің орыс тіліне аударылған повесі: «Шығанақ», «Миллионер».
«Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін» прозалық шығармаларының авторы: Ғабиден Мұстафин.
Қазақ поэзиясы байып, алуан түрлі сипат ала бастаған кезең: 1950 жылдары.
1950 жылдары терең филосовиялық мәні бар «Портреттер», сатиралық «Шайтан» поэмаларын жазған көрнекті қазақ ақыны: Әбділда Тәжібаев.
1950 жылдары қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосылған Ж.Молдағалиевтің шығармасы: «Жыр туралы жыр».
«Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы» поэмаларының авторы: Х.Ерғалиев.
Қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосылған Т.Жароковтың поэмасы: «Жапанды орман жаңғыртты».
Қ.Бекхожиннің «Мариям Жагорқызы» поэмасы.
Одаққа танымал болған «Тың игерушілер» атты очерктер кітабының авторы: И.Шухов.
«Гүлстан» повесінің авторы, ұйғыр жазушысы: Х.Абдуллин.
Сталиндік жазалаудың құрбаны болған, КОКП ХХ съезінен кейін есімдері ақталғандар: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров.
Өнер
Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалының лауреаты атанған шығармашылық ұйым: Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі.
Республика мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға болған, «Біржан–Сара» операсының қойылуы: 1946 жылы.
«Біржан – Сара» операсының қойылымы үшін сазгер М.Төлебаев, қоюшылар мен орындаушылардың бір тобы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегерлері атанды: 1949 жылы.
1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Біржан-Сара» операсының авторы, белгілі сазгер: М.Төлебаев.
1952 жылы Қазақ драма театрында В.Голубович қойған М.Әуезовтің «Абай» драмасы ұсынылды: КСРО Мемлекеттік сыйлығына.
Орыс драма театрын қазіргі заман тақырыптарын игеруге бетбұрыс жасатқан жетекші: Я.С.Штейн.
Театрдың белді актерлері Е.Диордиев, Ю.Померанцев, Н.Трофимова жемісті еңбек етті. В.Б.Харламова КСРО Халық артисі атағын алды.
«Дударай» операсын жазған сазгер: Е.Брусиловский.
Е.Брусиловский мен М.Төлебаевтың бірігіп жазған операсы: «Амангелді».
Қ.Қожамияров жазған тұңғыш ұйғыр операсы: «Назугум».
1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ұйғыр сазгерінің симфониялық поэмасы: «Ризвангүл».
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел туындыларын дүниеге әкелген композиторлар: Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, Қ.Мусин, В.Великанов.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары «Жамал», «Атамекен» сияқты суреттерді дүниеге әкелген жас суретші: Қ.Телжанов.
С.Мәмбеев «Тауда», «Киіз үй қасында», М.Кенбаев «Шопан әні», «Сұхбат».
1950-1980 Жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Халыққа білім беру
Соғыстан кейінгі жылдарда мектептерге қөмек көрсету, қор жасау үшін ұйымдастырылған: Жексенбіліктер.
Соғыстан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанған аудандарда малшы балалары үшін салынды: Мектеп-интернаттар.
КСРО Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР-інде жоғарғы және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары» туралы қаулыны қабылдады: 1947 жылы.
1948 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі балалардың саны: 200 мың.
1955 жылы олардың саны 16 мыңға түсті.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды: 1949 жылы.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім жүйесінде даярлауы басым мамандық: педагогика мамандықтары.
Қазақстанда 1954 жылдан бастап ашыла бастаған оқу орындары: Техникалық училищелер.
1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСР-інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады.
Жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық (8 жылдық) білім беруге көшу көзделді: 1962–1963 оқу жылынан бастап.
1965–1966 оқу жылында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны: 39 (144,7 мың студент оқыды).
1965 жылы республика халық шаруашылығында жұмыс істеген дипломды мамандардың саны: 0,5 млн-нан астам.
Жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды: 1970 жылдар ішінде.
Жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды: 1980 жылдардың басында.
1970 жылдар ішінде жүздеген мектептер жабыла бастады: «болашағы жоқ» елді мекендерде.
1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің көпшілігі: Шағын комплектілі мектептер.
1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің бәрі дерлік: Қазақ тілінде оқытатын мектептер.
1984 жылғы кезекті мектеп реформасы бойынша қарастырылған шара: Алты жастан бастап оқыту.
1980 жылдардың ортасындағы республикадағы жоғары оқу орындарының саны: 55.
1980 жылдардың ортасындағы орта арнаулы оқу орындарының саны: 246-ға жетті.
Республиканың барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 550 мың студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алып шығып жатты.
Тоқырау жылдары қазақтар негізінен меңгерген ғылым салалары: Ауыл шаруашылық, медициналық, гуманитарлық.
Тоқырау жылдарында қазақтардың үлесі тым аз ғылым саласы: Жаратылыстану.
Ғылым
Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды: 1960-1970 жылдары.
1960-1970 жылдары катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білген академик: Д.В.Сокольский.
Республикадағы гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек еткен академик: У.М.Ахметсафин.
1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен академик: М.А.Айтхожин.
Өсімдік клеткаларындағы информосомаларды тапқан, Лениндік сыйлықпен марапатталған генетика мен микробиология саласының ғалымы: М.А.Айтхожин.
1960-1980 жылдары есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалымдар: Е.Букетов, Ә.Марғұлан.
Топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасау бағытында зерттеулер жүргізген Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімінің басшысы: А.И.Бараев.
1970 жылы дүние жүзі тарихшыларының назарын аударған жаңалық: Есік қорғанынан алтын киімді сақ жауынгерінің табылуы.
XX ғасырдың 60-80 жылдары ғылыми еңбектерді бағалау мен оның авторларына ғылыми дәреже беру шешілді: Мәскеуде.
Тоқырау жылдарында Қазақстанда жазылған ғылыми еңбектердің басым көпшілігі жазылды: орыс тілінде.
Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылды: 95%.
Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым саласы: Қоғамдық ғылымдар.
Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы: Қазақстан тарихы.
Әдебиет және өнер
Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі: Ғабит Мүсірепов.
«Қан мен тер» триологиясының авторы: Әбдіжәміл Нұрпейісов.
КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған, майталман ақын: Жұбан Молдағалиев.
Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып жазып, әдебиет тарихындағы батыл қадам жасаған: Ілияс Есенберлин.
Әнуар Әлімжановтың Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазған романы: «Ұстаздың қайтып оралуы».
Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы: Әнуар Әлімжанов.
Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезім ұялата білген жазушы: Әнуар Әлімжанов.
Ұлы Отан тақырыбына жазған шығармалары оқырман көңілінен шыққан жазушы: Бауыржан Момышұлы.
Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы: Олжас Сүлейменов.
Шығармаларының тілі орысша болса да, нағыз ұлттық реңк айқын сезіліп тұратын.
Этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған: Н.Тілендиев.
Тоқырау жылдарында (1970-80 жылдары) есімі әлемге әйгілі болған әнші: Ә.Дінішев.
XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған ансамбль: «Дос-Мұқасан».
XX ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылған әнші: Р.Рымбаева, Н.Есқалиева.
Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильмдер: «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры».
«Атаманның ақыры» кинофильмінің қоюшы-режиссері: Ш.Айманов.
«Қыз Жібек» кинофильмінің қоюшы-режиссері: С.Қожықов.
1960-1970 жылдары Қазақстанда пайда болған баспалар: «Қайнар», «Жалын», «Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы», «Өнер».
12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясын» шығару аяқталды: 1978 жылы.
1978 жылғы республикадағы кітапханалар саны: 19 мыңнан астам.
Республиканың бірыңғай кітап қорында 160 млн-нан астам кітап жинақталды.
1970 жылы туғанына 1100 толған Шығыстың аса ұлы ойшыл-ғалымы: Әбу Насыр әл-Фараби.
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
Қоғамдық-саяси дамудың қайшылықтары
Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы
Экологиялық дағдарыс және оның салдары
Қоғамдық-саяси дамудың қайшылықтары
1960 жылдардың ортасынан бастап 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: «Тоқырау жылдары».
Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі: Югославия, КХДР, Египет.
«Чехословакия – Прага көктемі» оқиғасы болған жыл: 1968 ж.
Бұл елдегі оқиғалар партияны жаңартуға, қатып-семіп бара жатқан қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар үлгісін көрсетті.
1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет: Қытай Халық Республикасы.
1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығында арналған салтанатты мәжілісте Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді: Кемелденген социализм.
1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған: Д.А Қонаев.
1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды.
1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған: Д.А.Қонаев.
КСРО-ның соңғы жаңа Конституциясы қабылданды: 1977 жылы.
1977 жылғы Конституция бойынша «Кеңес қоғамының басты және бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы»: КОКП.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл: 1978 жылғы наурыз.
Қазақстан КП мақұлдауымен, Конституция 1978 жылы 20 сәуірде Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті.
Сталиннің тұсындағы басқару аппараты ұлтына қарамай көзін жою әдісі арқылы билік басында қалуды көздеген болса, хрущевтік-брежневтік әкімшілік «тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын» жасау ниетін көздеді.
Алғашқыда 800 студентті біріктірген «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды: 1960 жылдардың ішінде.
«Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымын құрған осы қалада оқитын жастар: Мәскеу.
«Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының идеялық дем берушісі және басты ұйымдастырушысы: Мұрат Әуезов.
1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары: А.Қадыржанов, Б.Тайжанов.
1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: «Тайшұбар».
1960 жылдары қазақ жастары Қарағандыда құрған ұйым: «Жас қазақ».
1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер: «Дос-Мұқасан», «Гүлдер», «Айгүл».
«Жас тұлпар» ұйымы қазақ жастарының ұлттық санасының өрлеуіне, республикадажәне одан тыс жерлерде де қоғамдық-саяси ойдың өркендеуіне белгілі дәрежеде әсер етті.
Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді: 1975 жылы.
1975 жылы жарық көрген ақын О.Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық кітабында талқыланған жыр: «Игорь жасағы туралы жыр».
«Бұл шығарма славяндық және түркілік этностық әлем шекарасында дүниеге келген және онда екі көрші мәдениеттің шындықтары көрініс тапқан», - деген О.Сүлейменовтың тұжырымы шовинистік өзімшілдік рухта тәрбиеленген (М.Суслов) кейбір орыс зиялыларына ұнамады.
О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабы: «Аз и Я».
1970 жылдары кітабы тауар айналымынан алынып тасталған әйгілі қазақ ақыны: О.Сүлейменов.
1979 жылы 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала: Целиноград.
Целиноград оқиғасы болған жыл: 1979 жылдың 16-19 маусым.
1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі: Неміс автономиясын құруға қарсылық.
Неміс автономиясын құру жөніндегі комитетке басшылық еткен: А.Коркин.
1979 жылғы Қазақстан аумағында құрылуға тиіс неміс автономиясының құрамына аудандары кіруге тиіс облыстар: Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола.
Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша автономияның әкімшілік орталығы: Ерейментау.
1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі: Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы.
Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай. Ауыл шаруашылығы
Жеке адамның ырқымен кету: Волюнтаристік.
КОКП-ның 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті басқарудың тиімсіз деп жариялаған ұстанымы: Аумақтық ұстаным бойынша басқару.
1965 жылғы КОКП-ң қыркүйек пленумында өнеркәсіпті басқару жүйесі өзгертілді: Республикалық және одақтық министрліктер құрылды.
1967 жылдың аяғына қарай жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны: 193.
1970 жылдары жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшкен кәсіпорындар пайызы: 80%.
1960 жылдардың екінші жартысында салынған электр станциясы: Жамбыл.
1972 жылы салынған электр станциясы: Қапшағай.
1984 жылы республикада өндірілген электр қуаты: 74,6 млрд кВт. Сағат (1970 жылы 34,7 млрд кВт. сағат).
1970 жылдар ішінде ашық әдіспен, өзіндік құны арзан көмір өндірілетін кәсіпорын орналасқан: Екібастұзда.
1984 жылы Қазақстанда өндірілген көмір көлемі: 125,5 млн тонна. (Одақ бойынша 17,6%).
1960 жылдардың екінші жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған түбек: Маңғыстау.
Өзен орнынан алғашқы мұнай алынған жыл: 1965 ж.
1960 жылдың екінші жартысында Өзеннен Жетібай арқылы мұнай, газ құбырлары тартылған қала: Ақтау.
1960-1980 жылдары республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығына айналды: Шығыс Қазақстан.
1960 жылы Өскеменде салынған өнеркәсіп орны: Титан-магний комбинаты.
1970-1980 жылдары Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты салынды.
1960 жылдардың екінші жартысында Атырауда салына бастаған зауыт: Мұнай-химия зауыты (Химия-металлургия зауыты).
1960 жылдардың екінші жартысында салынған зауыт: Ертіс химия-металлургия зауыты.
1970 жылдары республика Одақта жетекші орынға шыққан өндіріс: Сары фосфор.
1984 жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі: 24 млн. тонна.
1960 жылы Павлодарда машина жасау зауытының негізінде құралған кәсіпорын: Трактор зауыты.
1960-70 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт: Кабель зауыты.
1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала: Алматы.
Текелі аккумулятор зауыты.
Кентау трансформатор зауыты.
Өскемен Конденсатор зауыты.
Өздері тұрған ортаның тазалығын сақтамай, жергілікті ресурстарды үнемді пайдаланбаған: Әскери өнеркәсіп кешендері.
1960 жылдардың ішінде былғары аяқ-киім фабрикасы салынған қала: Жамбыл.
Мақта-мата комбинаты Алматы.
Костюмдік штапель маталар комбинаты Қостанай.
Аяқкиім және шұлық фабрикалары Қарағанды.
1970 жылға қараған шақта жеңіл өнеркәсіп республиканың жалпы өнеркәсіп өнімінің 16%-ын берді.
1960 жылдардың алғашқы жартысында ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру және шаруашылық есепке көшіру жаңа қарқынмен жүргізілді.
Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді: 1960 жылдардың соңында.
1960 жылдары электрлендіру жұмысы жақсы жүрген облыстар: Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан.
1965 жылдың соңында толық шаруашылық есепке көшкен кеңшар саны: 586
ХХ ғасырдың 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған: И.Худенко.
Әдістемесі «социализмге жат, зиянды», деп танылған Алматы облысындағы кеңшар директоры: И.Худенко.
1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан алған орны: Екінші.
1975 жылғы Қазақстандағы мал саны 34,6 млн.
1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан: Шұбартау.
Компартия Қазақстан жастарының алдына қой санын таяудағы жылдарда 50 млн-ға жеткізуді мақсат етіп қойды. Жастар «50 млн меже емес» деп жауап берді. Қой өсіруші жастар бригадалары алдарына қойылған міндеттерін орындай алмады. Мал басы көбейе қоймады, керісінше, азайып кетті.
1979 жылы республикадағы қазақтардың үлесінің 36% пайызға дейін көбеюінің себебі: Туу көрсеткішінің жоғарылауы.
1971 жылы республикадағы қазақтардың үлесінің 32,6%.
1980 жылдары жоспарлы түрде ұлттық тегіне қарап кенттену саясатын жүргізу нәтижесінде солтүстіктегі өнеркәсіптік қалалардағы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі: 3%-15%.
Республика бойынша өнеркәсіпте істейтін қазақ жұмысшыларының үлесі 12% болып, олардың ішіндегі маманданған жұмысшылардың үлесі 3%-ды ғана құрады. Қалада тұратын қазақтар негізінен мамандықты қажет етпейтін ауыр, «қара жұмыспен» айналысты.
1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар: Қызылорда, Атырау.
1979 жылғы санақ бойынша Алматыдағы қазақтардың үлесі 11%.
Экологиялық дағдарыс және оның салдары
Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл: 1950 жылдардан бастап.
Батыс Қазақстанда жұмыс істеп тұрған атом полигоны: Капустин Яр.
Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл: 1949 ж.
Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында.
1949 жылдан 1963 жылға дейінгі аралықта Семей полигонында ауада жасалған жарылыстардың саны: 113.
1964 жылдан 1989 жылдың қазанына дейінгі аралықта Семей полигонында жасалған жарылыстардың саны: 343.
Кеңес еліндегі ядролық сынақтардың Семей жерінде өткізілгені: 70%
Семей полигонының зардабын шеккен облыстар: Семей, Қарағанды, Павлодар, Өскемен.
Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны: 300
1970 жылдардан бастап суының тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне апат әкелген су айдыны: Арал теңізі.
Басты себеп: Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапқа жол берілуі.
Экологиялық дағдарыс шиеленіскен, ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар: Қарағанды, Шымкент, Өскемен.
Зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарында көп жылдар бойы технологиялық үрдістер жаңартылмады, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді.
Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде
1986 жылғы желтоқсан оқиғалары
Демократияландыру үрдісінің одан әрі жалғасуы
Экономикада қалыптасқан жағдай
1986 жылғы желтоқсан оқиғалары
КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды 1985 жылдың сәуірінде.
КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам жасалды 1987 жылы.
Қырық жылдан астам Қазақстан өкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған: Д.Қонаев
1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады Г.Колбинді.
Г.В.Колбин Ульяновск облыстық партия комитетін басқарған болатын. Бұрынырақ ол Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы болып істеді. Ресейдің әр жерінде түрлі қызметтер атқарған Г.В.Колбин Қазақстанды картадан ғана білетін, республика үшін бөгде адам еді.
1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумын жүргізген КОКП ОК-нің хатшысы: Г.Разумовский.
Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде дені студент және жұмысшы жастар жиналған алаңның қазіргі атауы Республика алаңы
Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар «Бұрқасын-86»
Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар «Ұлтшылдық»
Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломенцовтің нұсқауымен, КСРО-ның барлық бұқаралық ақпарат құралдары желтоқсан оқиғаларын «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді.
Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны 8500-ге жуық
Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан шығарылды: 246 студент.
12 ЖОО-ның ректорлары орнынан түсірілді.
Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендердің саны 2 адам.
Сотталған адамдардың саны: 99
«Жасақшы Савицкийді өлтірді» деп айып тағылған, жас демократ, жалынды ақын Қ.Рысқұлбеков
Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын Қ.Рысқұлбеков
Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов.
Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибеге жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың – экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуінен себепші болды.
Демократияландыру үрдісінің одан әрі жалғасуы
Қайта оралған есімдер және тіл саясаты
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды.
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ Ш.Құдайбердиев
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған жазушы әрі ғалым Ж.Аймауытов
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог М.Жұмабаев
1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған – тіл, әдебиет, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған А.Байтұрсынов
Қазақ және орыс тілдері туралы Қаулылар шықты 1987 ж.
«Қазақ КСР-індегі Тілдер туралы Қазақ КСР-нің Заңы» қабылданды 1989 жылдың қыркүйегінде.
Бұл құжат бойынша егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі.
1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін балбақшаның саны: 482
1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейін бір жылдың ішінде ашылған республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін мектептің саны: 155
Қазақ тілінде тәлім беретін кәсіп-техникалық училищелер саны: 4
Қоғамдық-саяси бірлестіктер
1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс: «Невада-Семей»
«Невада-Семей» антиядролық, экологиялық қозғалысының жетекшісі О.Сүлейменов
Қозғалыс Семей полигонын жаптыру міндетін алдына қойды. Сонымен қатар әлемдегі аса ірі полигондардың бәрін жою, әскери мақсаттағы – ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді.
1990 жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалыс «Азат»
«Азат» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы: Қазақстанның егеменді ел болуы
Қазақстанда тұратын славян текті жұрттар өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетін көздеп құрылған қоғам: «Славян».
1990 жылдары Қазақстандық немістердің құрған қаражаты мол, мүше саны көп ұйымы: «Видергебург» («Қайта өрлеу»).
1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны Жүзден астам
«Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды: 1991 жылдың маусымында.
1989 жылдың маусымында халық бұқарасының ірі бас көтеруі өткен қала Жаңаөзен.
Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруіне себеп болған: әлеуметтік мәселелер.
Жаңаөзен оқиғалары сырттай қарағанда ұлтаралық қақтығыс сипатында өтті.
1989 жылдың шілдесінде жұмысшылардың бас көтеруі өткен қала Қарағанды.
1989 жылдың шілдесінде Қарағандыдағы кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл ұшып келген Қазақстанның басшысы Н.Назарбаев.
Екі жақ орталық ведомстволарының монополиялық биліетеріне наразылықтарын білдіріп, экономикалық дербестікті жақтады.
Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді аяқтады 1989 жылы
Прагада Варшава шарты ұйымының жұмысы тоқтатылды 1991 жылы
Экономикада қалыптасқан жағдай
1988 жылы республикадан сыртқа шығарылған өнімнің бағасы 6,7 млрд.сом
1988 жылы Қазақстанға сырттан әкелінген өнімнің бағасы 13,8 млрд. сом
1990 жылдары Қазақстанның сыртқа шығарған өнімінің негізі: Шикізат және жартылай дайын өнім
1980 жылдардың соңына қарай Қазақстанның сыртқа шығарған өніміндегі шикізаттар мен жартылай дайын өнімдердің үлесі 97 %
1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң: «Казақ КСР-індегі шетел инвестициялар туралы»
«Казақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы»
1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстанда құрылған банк: Сыртқы экономикалық банк.
Сонымен қатар республикалық сыртқы экономикалық байланыс министрлігі құрылды.
Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен банкі құрылды 1990 жылдың қарашасында
1991 жылдың қарашасында құрылған Қазақстанның Сауд Арабиясымен біріккен банкі: «әл-Баракабанк-Қазақстан».
1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы «Самсунг».
1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған әуе қатынасы Алматы-Үрімші
1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ашылған автобус қатынасы Жаркент-Инин
1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген, біріккен кәсіпорындар ашқан елдің саны: 24
1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда ресми тіркелген, шетелдермен біріккен кәсіпорындардың саны: 35
1990 жылдары Қазақстан шетелдер капиталын әкелу үшін сырттан тартылған инвесторды пайда салығынан босатты: 5 жылға дейін
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік жолындағы қадам
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Экономикалық даму
Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени құрылыс
Тәуелсіздік жолындағы қадам
Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады: 1988 жылдан бастап
Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырауы себептерін талдауға талпыныс жасалды: КСРО халық депутаттарының І съезінде.
Жаңадан сайланған КСРО халық депутаттарының I сьезі өтті: 1989 жылы маусымда.
Алғаш рет балама кандидаттардың дауысқа түсу құбылысы көрініс берген, Қазақстанның Жоғары және жергілікті кеңестеріне сайлау өтті: 1989 жылдың күзінде.
1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған: Н.Назарбаев.
1990 жылы кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиген оқиға Ресей Федерациясының өз тәуелсіздігін жариялауы.
Жоғары Кеңестің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды 1990 жылы сәуірде
1990 жылы сәуірде Жоғары Кеңестің мәжілісінде Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланған: Н.Назарбаев
1990 жылы 25 қазанда Жоғары Кеңес қабылдаған құжат «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы»
25 қазан- Республика күні
1990 жылы 20 шілдеде Қазақстан КП ОК-нің кеңейтілген IV пленумі жаңа одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады.
1990 жылдың соңына қарай КОКП қатарындағы Қазақстандағы коммунистердің саны: 800 мыңдай
«Тамыз бүлігі» 1991 жылы 19-21 тамыз бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін «Кеңес басшылығы» деп атап, КСРО-ны қалпына келтіруді мақсат етті. Елді басқару мен төтенше жағдайды жүзеге асыру үшін төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды.
Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді: 1991 жылы 23 тамызда
1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім: Қазақстан Компартиясын тарату
Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы «Социалистік партия»
1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, күшін жойғанын жариялаған шарт: КСРО-ны құру туралы
1991 жылдың желтоқсанындағы ірі саяси оқиғалардың ең бастысы: КСРО-ның ыдырауы
1991 жыл 8 желтоқсан – Минскідегі славян басшыларының кездесуінде Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешім қабылданды.
КСРО өмір сүрген жылдар: 1922-1991 жж.
1991 жыл 13 желтоқсан – Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездесуі болды
1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы: «Біз Ресейді қалай көркейтеміз».
1991 жылы 17 наурызда жүргізілген референдумда, халықтың 94,1% Одақты сақтау қажеттігін жақтап дауыс берген болатын.
Тұңғыш рет Қазақ КСР-ң Президентіне сайлау өтті: 1991 жыл 1 желтоқсан.
Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала: Теміртау.
1973–1977 жж. Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, облыстық партия комитетінде екінші хатшы қызметтерін атқарды.
Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
Н.Назарбаевтың 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызметі: Қазақ КСР-нің Президенті
Қазақстан Республикасы атауы қабылданды 1991 жылы 10 желтоқсанда
1991 жыл 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
1991 жылдың аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін таныған мемлекеттер саны 18
Қазақ халқының Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы патша отаршылдары мен большевиктік шовинистік аппаратқа қарсы болған көтерілістерінің саны: 400-ге жуық
1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз алмастырылды- «Достастық» сөзімен.
1991 жыл 21 желтоқсан- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды
1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойған мемлекеттер: Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
«Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы», «ҚазақстанРеспубликасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер әскерлері туралы» заңдары қабылдады: 1992 жылы шілде.
Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды 1992 жылдың маусымында
Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды 1992 жылдың желтоқсанында
Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қабылданды 1993 жылдың 28 қаңтарда
1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі: Мемлекеттік тіл
1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституция бойынша республикадағы биліктің қайнар көзі: Халық.
Қазақстанда жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады 1993 жылдың күзінде
1993 жылдың 13 желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің таратылғанын ресми түрде жариялаған С.Әбділдин
Қазақстанда Жоғарғы Кеңес ресми түрде таратылды 1993 жылдың 13 желтоқсанында
4 жылға уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен мемлекеттік маңызы бар құжаттарға жолдама берді. Олардың арасында ҚР тәуелсіздігі туралы акт және тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы бар.
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексі (заңы) қабылданған жыл: 1993 жыл 9 желтоқсан.
Жаңа Кодекс бойынша, ҚР Жоғарғы Кеңесінің құрамы 177 депутаттан тұратын болды. Оның 42-сі Президент жасайтын мемлекеттік тізім бойынша сайланды. Сайлауды өткізу 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.
Ірі азаматтық қозғалыс «Азаттың» ықпалымен құрылған партия: Қазақстан Республикалық партиясы.
1993 жылдың ақпанында дүниеге келген қоғамдық қозғалыс: Қазақстан халық бірлігі одағы (ҚХБО).
1993 жылдың ақпан айында дүниеге келген Қазақстан халық бірлігі одағы өзінің жетекшісі ретінде атады: Н.Назарбаевты.
1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялардың саны 3
1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар: Социалистік партия, Қазақстан Халық Конгресі, Қазақстан республикалық партиясы.
1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық саяси бірлестіктердің саны 300-ден астам
1993 жылғы Қазақстандағы ірі ұлттық-мәдени құрылымдар саны: 11
1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың ел арасындағы беделді әрі танымалы «Невада-Семей», «Азат».
1994 жылы сәуірдің 19-ында жұмыс істей бастаған жаңа парламенттің төрағасы болып сайланған: Ә.Кекілбаев.
Кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде таратылды.
1995 жылдың 26 сәуіріндегі референдумға қатысушыларға қойылған сұрақ: «Сіз 1991 жылы бірінші желтоқсанда бүкіл халық сайлаған Президент Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың бірінші желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?».
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды 1995 жылды 30 тамызда.
ҚР Конституциядағы бөлім саны: 9
Олар: Жалпы ережелер; Адам және азамат; Президент; Парламент; Үкімет; Соттар және сот төрелігі; Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер.
ҚР Конституциядағы баптар саны: 98
Қазіргі Конституция бойынша Қазақстандағы басқару формасы: Президенттік.
1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата Сенат пен Мәжіліс
Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады 1996 жылдың 30 қаңтарынан
Президент жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып құрылды 1997 жылы 7 мамырда
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі С.Нұрмағамбетов
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
1992 жыл 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды
ХХ ғасырдың 90-жылдары (1992 жылы 8 шілде) Хельсинкиде жасалған әлемдік қауымдастыққа үлкен қадам жасаған Қазақстан кірді: ЕҚЫҰ (ОБСЕ) қорытынды актісіне қосылды.
Алғашында «Шанхай бестігі» (кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталды) басшыларының алғашқы кездесуі өтті 1996 жылы 26 сәуірде
1996 жылы Шанхайдағы бірінші кездесуде талқыланған мәселе: Әскери сенім.
1997 жылы Мәскеуде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы кездесуінде қол қойылған құжат: Шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы бас қосқан қала Алматы
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кездесті: 1997 (Мәскеу), 1998 (Алматы), 1999 (Бішкек).
Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы көлемі 1000 шаршы шақырым болатын даулы жердің мәселесінің шешімі: 57% -ы Қазақстанға 43 %-ы Қытайға жатады
Қазақстандық студенттер шетелдердің оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алған бағдарлама «Болашақ».
Экономикалық даму
Республика Президенті Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімімен бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шығарды: 1992 жылы 6 қаңтар.
Басты себеп Ресейде бағаның босатылуы.
Еркін бағаны енгізуге байланысты тауарлардың бағасы қымбаттады. Азық-түлік бағасының күрт өсуі халыққа, әсіресе жалақысы төмен азаматтарға және көп балалы отбасыларына ауыр соққы болып тиді.
Республика дихандары астықтан рекордты түсім – 33 млн т өнім жинауға қол жеткізді: 1992 жылы.
КСРО ыдырап кеткеннен кейін, астыққа сұраныстың аздығынан 1994 жылы республикада егіс алаңы қысқарды: 6 млн га.
Алайда астықтан мол өнім алынуының өзі көптеген шаруашылықтардың жағдайын жақсарта алмады. Олардың жалақы төлеуге, техника сатып алуға, жанармай мен қосалқы бөлшектер үшін есеп айырысуға шамалары келмеді.
1993 жыл 15 қараша ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді.
Республика үкіметінің бағдарламасы бойынша жүргізілген жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды: 1993 жылдың соңында.
Қазақстанда жекешелендірудің II кезеңі басталды 1994 жылдың көктемінде
1995-1998 жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған маңызды өзгерістер: Халық шаруашылығындағы жеке меншік сектор үлесі артты.
1998 жылдың аяғында ел экономикасының 90% жеке сектордың қолында болып, 500 мыңға жуық жеке шаруашылық өкілдері – кәсіпкерлер тобы дүниеге келді.
1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң.
Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени құрылыс
«Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1997 жыл жарияланды: «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы».
1998 жыл: «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы».
1999 жыл: «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».
Республика үкіметі «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» мақұлдады: 1995 ж.
1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған жаңа журнал «Отан тарихы».
Тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыруға үлес қосқан әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналы: «Хабаршы».
1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі: «Тарих толқынында».
XX ғасырдың соңында ЮНЕСКО-ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев.
«XX ғасырдың Гомері» атанған ақын: Жамбыл Жабаев.
Жамбыл Жабаевтың жылы деп жарияланған жыл: 1996 ж.
1997 жылы 100 жылдық мерейтойы дүниежүзілік және жоғары интеллектуалдық деңгейде аталып өткен жазушы, ғұлама ғалым: М.Әуезов.
М.Әуезовтың 1997 жылы шыға бастаған шығармалар жинағының көлемі: 50 томдық.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 100 жылдық мерейтойы тойланған ғұлама ғалым Қ.Сәтбаев.
1999 ж. сәуірдің 13 мен 23 аралығында Қ.И.Сәтбаевқа арналған «Қазақстан ғылымы – кешегіден бүгінге» деген тақырыпта көрме жұмыс істеген қала: Париж.
Н.Назарбаевтың жарлығымен ҚР Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып құрылды: 2003 жыл 24 қазан.
2004 жылы 5 томы жарық көрген Ұлттық энциклопедия: «Қазақстан».
Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай екі тілде жарық көрген энциклопедиялық анықтама: «Қазақстан Республикасы».
Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі: «Жазу тілі».
Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы: «Өркениеттің адасуы».
Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы: «Дарабоз».
Ә.Нұрпейісовтың Арал және ондағы адам тағдыры туралы романы: «Соңғы парыз».
Е.Рахмадиевтің (Ә.Кекілбаевтың либреттосы бойынша жазылған) жанр табысы деп танылған операсы: «Абылай хан».
1999 жылы Республика парламенті қабылдаған «Білім туралы заң» бойынша негізгі мектеп 9 сынып көлемінде аяқталды.
Жаңа буын оқулықтары мен оқу-кешен комплекс құралдары енген оқу жылы: 2004-2005
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды: 2004 ж.
ҚР 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасына сәйкес енгізілді: 12 жылдық орта білім беру.
XXI ғасырдың басындағы Республикадағы мектептердің саны 8 мыңнан астам.
Оқушылар саны: 3 млн-нан астам.
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында.
1992 жылы шетелдерде тұрып жатқан қазақ диаспорасының саны: 3 млн. 200 мың.
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында сөз сөйлеген Түркиядан келген қадірменді қария, «Алаш» сыйлығының иегері Халифа Алтай.
1992 жылы 30 қыркүйекте дүние жүзі қазақтарының құрылтайының ресми ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жасаған баяндамасы: «Құшағымыз бауырларға айқара ашық».
1992 жылы қыркүйек пен қазан айларында Алматыда өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайында күн тәртібіне қойылған маңызды мәселе: Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығын құру.
Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып сайланған: Н.Назарбаев.
Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы «Қазақстан 2030».
«Қазақстан 2030» даму стратегиясының қоғамның ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. Экономикалық өрлеу; 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. Энергетика ресурстары; 6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс 7. Кәсіпқой мемлекет.
Ел астанасының Ақмолаға көшетіндігі туралы Республика Президентінің Жарлығы жарық көрді 1995 жылы
Астана Ақмолаға көшірілді: 1997 жылы.
Астананың салтанатты жағдайда тұсаукесері өтті: 1998 жылғы маусымда.
Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы Ақмола.
1998 жылғы Парламент шешімімен Конституцияға енгізілген өзгеріс бойынша Президенттің өкілдік мерзімі: 5 жылдан 7 жылға ұзартылды.
Үміткер жасының 65-тен аспауы керектігін айқындайтын шек алынып тасталды.
1999 жылы ақпан, наурыз айларында өткізілді: Халық санағы.
1989 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны: 16 млн. 199,2 мың адам.
1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны: 14 млн. 952,7 мың адам.
1999 жылғы халық санағы бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі 53,4 %.
Қалалы елді мекендерде тұратындар – 56%, ауыл халқы – 44%.
Еркектер – 48,2%, әйнлдер – 51,8%.
2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар саны 12
2001 жылы үкімет құрамы мен басқа да билік құрылымындағы жас олигархтар ұйымдастырған қоғамдық қозғалыс: «Қазақстанның демократиялық таңдауы».
Кейінірек осы Қозғалыстың негізінде құрылған екі саяси партия: «Ақ жол», «Қазақстанның демократиялық таңдауы».
1 Негізгі есімі Байбұқа. Қидандар оған Дауаң «үлкен әмірші» деген атақ берген, сол сөз келе-келе Таянға айналған
2 Карпини Джованни да Плано (1182-1252) – итальян саяхатшысы, монах. 1245 ж. Лионнан шығып, Еділ сағасының бойымен Киев, Хорезм, Жетісу, тарбағатай арқылы монғол ханының ордасына барған. 1246 ж. Күйік ханның таққа отыру салтанатына қатысқан. Батумен тілдесіп, 1247 ж. еліне оралады. Ол «Либеллус Хисторикус» («П. Карпинидің тарихи шығармасы») атты жолжазбаларында өзі болған қалалар мен сол өңірдің халықтары жөнінде жан-жақты жазады.
3 Хорезм шахы Текеш билік құрған жылдары 1172-1200 ж.
4 Хорезм шахы ІІ Мұхаммед билік құрған жылдары 1200-1220 ж.
5 ХІІ ғ. қыпшақ жерін басып өткен еврей саяхатшысы.
6 Испиджаб – тарихи деректерде VII ғ. (629 ж.) белгілі. ХІ ғ. Сайрам атанған. Шымкент қаласының шығысына қарай Талас Алатауының баурайында орналасқан. Халық саны бойынша ІХ-ХІІ ғ. ең ірі қала (40 мың тұрғын). «Әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі» «Ақ өзен бойындағы қала» атанған.
7 Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық ең ірі қалалардың бірі. Сырдарияның орта алқабында орналасқан. VIII ғ. 30-ж. Отырардың жазба деректемелерде алғаш рет аталуы.VIII ғ. басынан тарихи деректерде Тарбанд (Трабан) атауымен белгілі.
8 Сауран – ортағасырлық қала (ХІ-XVI ғ.). Түркістанның солтүстік-батысына қарай 30 км жерде орналасқан.
9 Тараз - саудагерлер (көпестер) қаласы. Деректерде мұсылмандардың түріктермен сауда орны деп аталған. Қараханидтер мен қарлұқ тұсындағы ең бай қала.
10 Баласағұн (Ақтөбе) – Шу алқабындағы ежелгі қала. Мәдениет пен өнердің өкілдерін өрбіткен жер. Қала XV ғ. дейін өмір сүрген.