Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shporakaztarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.46 Mб
Скачать
  • Каспий жағалауында өмір сүрген сақ тайпалары: Каспиилер (гирканилер).

    • Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

    1. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы: Әскери демократия.

    • Алғашқы қауым кезінде, сарматтарда қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен.

    1. Сарматтардың әскери-демократия заманында қауымның ішкі, сыртқы мәселелерін шешетін: Әскербасшылары мен қолбасшылары

    2. Сарматтарда әйелдердің қоғамдағы рөлі, орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды.

    3. Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығын дәлелдейтін: Археологиялық ескерткіштер.

    4. Сарматтар шыныдан жасалған ыдыстарды: Шығыс елдерінен алғызған.

    5. Сарматтардың өздері жасамай, шығыс елдерінен алғызған заттары: Шыны ыдыстар.

    6. Сарматтардың торсық, саба сияқты ыдыстары жасалынған материал: Тері.

    7. Сарматтардың негізгі шаруашылығы: Көшпелі мал шаруашылығы.

    8. Сарматтарда көп өсірілген мал түрі: Жылқы, қой.

    9. Сарматтар негізінен күш-көлікке пайдаланды: Түйе мен өгіз.

    10. Егіншілікпен айналысқан сарматтардың мекендеген өңірі: Жайық бойы, Қара теңіз жағалауы.

    11. Сарматтардың өмірінде қосымша кәсіп, сейіл құру қызметін атқарған: Аңшылық.

    • Сармат ескерткіштері

    1. Батыс Қазақстан аймағында кездесетін ескерткіштер Сарматтардікі.

    2. Батыс Қазақстандағы савромат ескерткіштерінің өзіндік ерекшелігі:

      • Обалардың ішкі құрылымы көбінесе ағаштан жасалған.

      • Әр түрлі пішінді қабірлер көп кездеседі.

    3. Бесоба қорымында жерленген: Абыз әйелдер.

    4. Бесоба қорымынан табылған ерекше зат: Қасқыр бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта және моншақ.

    5. Бесоба қорымына жерленген абыз әйелдердің басы қаратылған тұс: Оңтүстік-батыс.

    6. Үш савромат жауынгері жерленген қорым: Сынтас.

    7. Сынтас қорымынан табылған ерекше зат: Жануарлардың басы бейнеленген сүйек қасықтар.

    8. Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылыой ауданынан табылған ескерткіші: Аралтөбе.

      • Обада сарматтар қоғамында қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен оның әйелі жерленген. Сонымен қатар көсемнің екі аты қоса жерленген. Мәйітті қабірге басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған.

    9. Аралтөбе ескерткішінен табылған: Көсемнің қару-жарағы, абыз асатаяғының бөліктері.

    10. Үстіртте зерттелген сармат ескерткіштері: Бәйте, Терең.

    1. Үстірттегі археологиялық ескерткіштерді қазған кезде табылды: Мінәжат жасайтын орындар (мінәжат жасау үшін салынған ғибадатханалар).

      • Олардың ішінен тас төселген, дөңгелектеп салынған дуал құрылыстары, құрбандық шалатын тас үстелдер бар. Ғибадатханалардан от жағылған орындардың белгісі көп кездеседі.

    2. Зерттеушілер пікірінше дай-массагеттерде болған рәсім түрі: Отқа табыну.

    Орталық Қазақстан

    1. Қазақтың даласын шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі: Сарыарқа.

    2. Сарыарқаның батысын қоршаған ойпат: Торғай, шығысын – Тарбағатай.

    3. Геродот шығармаларында Орталық Қазақстанды мекендеген ежелгі тұрғындар: Аргиппей, исседондар.

    4. Сарыарқаның орталығын мекендеген: Исседондар.

      • Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысын мекендеген: Аргиппейлер.

      • Сарыарқаның шығысында тұрған: Аримаспылар.

    5. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі.

    6. Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған өңір: Павлодар облысы, Екібастұз ауданы Тасмола өңірі.

    7. Тасмола мәдениетіне тән ескерткіштер: «Мұртты обалар».

    1. «Мұртты обалар» екі жерлеу орнынан тұрады:

      • Үлкендеу қорғанына адамды жерлеген, кішілеу қорғанына: Мініс атын.

    2. «Мұртты қорғандар» көрсететін бағыт: Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс.

      • «Мұртты қорғандар», белгілі бір бұрышпен салынған және төрт бағытты көрсетеді.

    3. Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» далада: Бағдаршам рөлін атқарған.

    4. «Мұртты» обалардың төрт түрі кездеседі.

    5. «Мұртты обалар» көп тараған аймақ: Орталық Қазақстан

    6. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуіріне тән ескерткіштері: «Мұртты обалар».

    7. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа: Исседондар.

    8. «Мұртты» қорғандардың шығысқа қарай бағытталуы бұл ескерткіштерді салған жұрттың Күнге табынғандығын білдіреді.

    9. Ерте темір дәуірінде ерекше сыйлы, ақсүйек адамдардың басына тұрғызылған ескерткіштер: «Мұртты обалар».

    10. Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениеттің қалыптасуына ықпал еткен: Тасмола мәдениеті.

    Солтүстік Қазақстан

    1. Геродоттың айтуынша, савроматтардың «биік таулардың бауырында» тұрған көршілері: Аргиппейлер.

    2. «Аргиппей» сөзінің латын тілінен аудармасы: «Ақ жалды жүйрік аттардың иелері»

    3. Аргиппейлердің шығыстағы көршілері: Исседондар.

    4. Исседондардың шығыстағы көршілері: Аримаспылар.

    5. Геродот жазбаларында «Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып, соның астына паналайды. Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді. Олар өкпелескен көршілерін татуластырады, егер біреу өздеріне қорған іздеп қашып келсе, оны ешкім ренжітпейді,...» деп жазғандарға жататын: Аргиппейлер.

    6. Ежелгі сақ тайпасы аргиппей жөнінде жазған: Геродот.

    7. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауысқан уақыты: Б.з.б. І мың жылдық.

      • Жұт дегеніміз жаппай малдың қырылуы. Жұт 6-8, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрды.

    8. Солтүстік Қазақстаннан табылған өнер үлгілері жатады: «Аң стиліне».

      • Солтүстік Қазақстан халқының мәдениеті еліміздің оңтүстігінде мекенлеген сақтардың мәдениетіне ұқсайды.

    9. Аргиппейлерге тән Тасмола мәдениетіне ұқсас ескерткіштер табылған жер: Ұлыбай.

      • Тасмолалықтар сияқты олар да «мұртты» обаларға иесімен бірге атын қоса көмді.

    10. Солтүстік Қазақстанның ерте темір дәуірі мәдениеті: Ұлыбай – Тасмола.

    11. Солтүстік Қазақстанда зерттелген сақтар заманының обалары: Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз.

    12. Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын Солтүстік Қазақстандағы үш қоныс: Бөркі, Қарлыға, Кеңөткел.

    13. Ерте темір дәуіріне жататын Ақтау бекініс қалашығы орналасқан жер: Есіл өзенінің оң жағалауы.

    Шығыс Қазақстан

    1. Шығыс Қазақстан аумағын ерте темір дәуірінде мекендеген: Аримаспылар.

    2. «Аримаспы» атауының шығуы байланысты: Алтайда алтынның мол болуына.

    3. Сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан Шығыс Қазақстандағы аудан: Зайсан.

    4. Зайсан ауданында патша қорғандарының ең көп шоғырланған жері: Шілікті қорымы.

    5. Шілікті қорымындағы обалар саны: 51 оба.

      • Шілікті қорымындағы алып қорғандардың диаметрі 100 м., биіктігі 8 – 10 м.

    6. 1960 жылы Шілікті қорымында зерттелген: «Алтын қорған».

      • Қабірде екі адам жерленген: 40-50 шамасындағы ер адам, 50-60 жастағы әйел.

    7. 13 қола жебе, қорамсақтың жұрнағы табылған қорған: Шілікті.

    8. Шіліктідегі «Алтын қорғанның» салынған уақыты: Б.з.б. 7-6 ғасырлар.

    9. Қазақстан аумағындағы ең көне б.з.б. VIII ғасырға жататын патша жерлеу орны ескерткіштері: Шілікті.

      • Обаның биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метрге жуық. Ол үш қабаттан тұрады. Осындай алып обада бір ғана ер адам жерленген.

    10. Шіліктінің №1 обасынан Әбдеш Төлеубаев тарапынан ашылған патша жерлеу орны Қазақстан тарихы ғылымында танымал болып отыр: «үшінші алтын киімді адамды» ретінде.

      • «Үшінші алтын адамның» киіміндегі алтын қаптырма-түймешіктерінің саны: 4325 дана.

    11. Үлкен Шілікті қорғанынан табылған ежелде биліктің белгісі болып саналған зат: Алтын бесжұлдыз.

    12. Қабірхана ішінен майлы бояумен бұғының суреттері салынған тақтай қалдықтары табылған сақ обасы: Шілікті.

      • Зерттеушілер бұл патша отыратын тақтың сақталып қалған бөлшектері деп есептейді.

    13. Ш

      Берел қорымындағы № 11 оба

      іліктінің №5 обасынан табылған алтын бұйымдардың саны: 500-ден астам.

    14. Шығыс Қазақстанда сақ дәуіріне жататын тамаша олжалар табылған қорған: Шілікті.

    15. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі б.з.б. 5-4 ғасырлар аралығын қамтитын кезеңі: Берел.

    16. Берел қорымының орналасқан жері: ШҚО, Катонқарағай ауданы.

    17. Берел қорымынан табылған обалар саны: 40-тан астам.

    18. Берел мәдениетінің бір ерекшелігі: Жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы.

    19. Берел қорымындағы № 11 обаны 1998 – 1999 жылдары ашып зерттеген археолог-ғалым: З.Самашев.

    20. Берел қорымының № 11 обасына жерленген: 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел.

      • Ғалымдардың пайымдауынша мәйіттердің жерленген уақыты: Б.з.б. 294 жылы.

    21. Берел қорымындағы № 11 обадан табылған: 13 (он үш) жирен жылқы.

      • Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.

    22. Темір дәуірінде кең тараған салт-дәстүр: Аттарын бірге көму.

    Жетісу

    1. Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан: Бесшатыр қорымы.

    2. Бесшатыр қорымындағы обалар саны: 31.

    3. Үлкен Бесшатыр обасына ғалымдардың берген атауы: «Патша қорғандары».

    4. Бесшатыр қорымының мерзімі: б.з.б. 5-4 ғғ.

    5. Алматының шығысында, Іле Алатауының баурайындағы диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр болған белгілі сақ обасы: Есік.

    6. Есік қорымындағы обалар жиынтығы: 40-тан астам оба.

    7. Антропологтардың пайымдауынша, Есік обасында жерленген сақ ханзадасының жас шамасы: 17-18 жас шамасында.

    8. Есік обасынан табылған бұйымдар саны: 4000-нан астам.

    9. Қ.Ақышевтың пікірінше сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейтін, қабірден шыққан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша.

    10. Сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты: Саркофаг.

    11. Сақтар обасының іргесінен сағанаға жер астымен келетін арнайы жол: Дромос.

    12. Жетісуды мекендеген сақтардың обалары көлемі жағынан бөлінеді: үш түрге.

    13. Сақ дәуірінің негізгі кездесетін археологиялық ескерткіштері: Обалар.

    Темір дәуіріндегі мемлекеттер

    1. Үйсіндер

    2. Қаңлылар

    3. Ғұндар

    Үйсіндер

    (Б.з.б. 3 ғ. – б.з. 4 ғ.)

    • Үйсіндер туралы жазба деректер. Орналасқан жері

    1. Үйсіндер алғашында тәуелді болған: Ғұндарға.

    • Деректерде: «Алғашқыда олар (үйсіндер) ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады...».

    1. Б.з.б. 160 жылы (б.з.б. ІІ ғасырда) үйсіндер Орталық Азиядан Жетісуға қоныс аударды.

    2. Кейінгі темір дәуірінде Жетісу жерін мекендегендер: Үйсіндер.

    3. Үйсін тайпаларының мекендеген жері: Жетісу.

    • Үйсіндердің шығыс шегі Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен.

    1. Жазба деректердегі үйсіндердің шығысындағы көршілері: Ғұндар.

    2. Үйсіндердің солтүстік батысындағы көршісі: Қаңлы.

    • Батысындағы көршісі  Дауания.

    1. Үйсіндер өзімен көрші жатқан осы елмен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған: Қытай.

    2. Хань хроникасындағы жазуға қарағанда, үйсін гуньмосының қытай ханшайымына үйлену уақыты: Б.з.б. 107 ж.

    3. Үйсін атауы қытай жазбаларында кездеседі: Б.з.б. 2 ғ. бастап.

    4. Үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп бейнелеген: Қытай жазбалары.

    • Үйсіндер антропологиялық жағынан еуропеоидтер. Бірақ олардың бет пішіндерінде монғолоидтық белгілер барлығы да анықталған.

    1. Жетісу жеріндегі ежелгі үйсіндердің бас мүсінін жасаған: М.М.Герасимов.

    2. Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет жазып қалдырған тарихшы: Сыма Цянь.

    3. Үйсіндердің тілі мен жазуы жөнінде толық дерек жоқ.

    4. Деректердің мағлұматы бойынша үйсін халқының саны: 630 мың.

    5. Қытай деректеріндегі үйсіндердің әскер саны: 188 800 жауынгер.

    6. Үйсіндердің астанасы: Қызыл Аңғар (Чигучен), Ыстықкөл жағалауында орналасқан.

    • Қоғамдық құрылысы

    1. Үйсіндерге қатысты «Усунго», «Синго» ұғымы: Көшпелі мемлекет.

    • Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар.

    1. Үйсіндер басшысының лауазымы: Гуньмо.

    2. Үйсін билеушісіне бағынған тайпа көсемдері мен ұсақ рубасыларының атауы: Бек.

    • Әр түрлі заттарға салынған таңбалар үйсін қоғамында жеке меншіктің болғанын дәлелдейді.

    1. Үйсін қоғамындағы билеушілер мен әскербасыларының мөрлері жасалды: Алтын және мыстан.

    2. Үйсін қоғамындағы қатардағы адамдардың таңба-мөрлері жасалды балшық пен тастан.

    3. Бай үйсіндер иемденген жылқы саны: 4 – 5 мың.

    4. Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе тігілді: Жібектен және биязы жүннен.

    5. Құлдар көбінесе тұтқындардан құралды. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды.

    6. Үйсіндерде жеке меншік тараған: Малға, жер-суға.

    • Көсемдер: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны жолатпайтын.

    1. Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін: жерлеу орындары.

    • Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

    1. Үйсіндердің тұрмысында маңызы зор болған шаруашылық түрі: Мал шаруашылығы.

    • Үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктемгі, күзгі жайылымдарында отырып қалатын.

    1. Үйсіндер айналысқан егіншілік түрі: суармалы және тәлімді егіншілік.

    2. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін деректер кездескен қоныс: Ақтас.

    • Бұл қоныстан аумағы 60-150 м2 өңделген шағын егіс танабының орны анықталған.

    1. Үйсіндер өсірген дәнді дақылдар: Арпа, тары.

    2. Үйсіндердің тұрақты үйлері орналасқан жер: тау бөктерлерінде.

    3. Үйсіндер өз баспаналарын тақтатастан және балшықтан тұрғызды.

    4. Үйсіндерде әулеттің зираты орналасқан жер: Қонысқа жақын жерлерде.

    5. Үйсіндердің сұйық тағамға арналған негізгі ыдыстары: былғарыдан жасалды.

    6. Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп: тері өңдеу.

    • Одан күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыстар жасап, аяқ киім, тері шалбар киім-кешектер тікті.

    1. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқан: Әйелдер.

    • Ыдыстарды арнайы ұршықшамен, сондай-ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру арқылы да жасай білген.

    1. Зергерлік бұйымдар табылған үйсін қорымы: Ақтас.

    • Зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері өркендеді.

    • Үйсін мәдениетіне жататын әйел адамның бас тәжісі (диадема) табылған жер: Қарғалы.

    • Діни нанымдары

    1. Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштердің негізгі шоғырланған өңірі: Жетісу.

    2. Жетісу өңіріндегі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері: Б.з.б. 3 ғ. – б.з. 4 ғ.

    3. Ежелгі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері 700 жылдай.

    4. Ежелгі үйсін обаларының сыртқы құрылымы Топырақ үйіндісі болып жатады.

    5. Үйсін обаларының ең биігі 2 метрге жуық.

    • Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі 20 метрге дейін жеткен.

    1. Үйсіндерде жерленген адамның басы қаратылған тұс: Батыс.

    2. Ертедегі үйсіндердің құрбандықтары арналды: жаратушы күшке.

    3. Үйсіндердің қыш заттары мен ыдыстарындағы салынған сурет: күннің суреті.

    4. Жетісудағы үйсін мәдениетіне ұқсас ескерткіштер табылған өңір: Тарбағатай теріскейі.

    Қаңлылар

    (Б.з.б. 3-2 ғ. – б.з. 5 ғ.)

    • Қаңлылар туралы деректер

    1. Б.з.б 138 жылы Қытай билеушісінің «Батыс елдеріне» жіберген елшілігі оралды: 13 жылдан кейін.

    2. Қаңлылар туралы «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған кітап: Авеста.

    3. Қаңлылар туралы айтылатын қытай дерегі: «Тарих жазбалары».

    4. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы: Сыма Цянь.

    5. Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, шекарасы туралы айтылатын маңызды тарихи дерек: «Цянь Ханьшу».

    6. Қаңлы мемлекетінде жазу болғандығын дәлелдейтін: Қытай елшілері.

    • Қаңлы ханының сарайында жазылған Заң жарғыларын көргенін келтіреді.

    1. Қытай деректері бойынша ежелгі қаңлылар саны: 600 мың.

    • Жауынгерлер саны: 120 мың.

    1. Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері Қытай деректері.

    • «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Олардың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады».

    • Қаңлылардың орналасуы

    1. Қаңлы тайпалық бірлестігінің аумағы: Оңтүстік Қазақстан, Сырдария алқабы мен Қаратау жотасы.

    2. Ежелгі қаңлылардың негізгі атамекені: Сырдарияның орта ағысы.

    • Қаңлы мемлекетінің шекаралары Ташкент қаласы тұрған жерден асып, бір шеті Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.

    1. Қаңлылардың жазғы және қысқы астаналары болғандығын хабарлаған: Қытай хроникасы.

    2. Қаңлы елінің астанасы: Битянь (Түркістан қаласының маңы).

    3. Ежелгі қаңлылардың астанасы қазіргі заманғы Түркістан қаласының маңында болды, ал кейбір жазба деректерде Тараздың маңында.

    4. Қаңлылардың солтүстігіндегі көршілері: Сарматтар мен аландар.

    5. Қытай деректері бойынша, Қаңлы мемлекетінің гүлденуі кезінде сарматтар мен аландар қаңлыларға тәуелді болды.

    6. Қаңлы мемлекетінің оңтүстігіндегі көршісі: Үйсін және Қытай.

    7. Қаңлылардың экономикалық, мәдени, саяси, байланыс жасаған елдері: Қытай, Рим, Кушан.

    • Қоғамдық құрылысы

    1. Қаңлы билеушісінің титулы: Хан.

    2. Ел басқару ісінде ханға көмектескен: үш орынбасары – уәзірі.

    3. Қаңлы елі өз ішінде бөлінген иелік саны: Бес.

    4. Қаңлы елі ішіндегі әр иелікті басқарғандар: Кіші хандар.

    • Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарды. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен берілген.

    • Құл еңбегінің қолданылған жері ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеумен шектелді.

    • Археологиялық ескерткіштері және мәдениеті

    1. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері үш мәдениеттен тұрады:

    • Қауыншы мәдениеті Ташкент төңірегі.

    • Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдың орта ағысы, Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралық.

    • Жетіасар мәдениеті Қуаңдария, Жаңадария аңғарлары.

    1. Арыс өзенінің сол жағалауындағы қаңлы қаласының орны: Көк-Мардан.

    • Қала шағын және тұйық көшелерден тұрған. Бір-екі бөлмелі үйлер кездеседі. Үйге көше жақтан баспалдақ арқылы кірген. Есіктің қарсы алдында, үйдің ортасына жақын тік бұрышты жер ошақ болған. Екі бөлмелі үйдің екінші бөлмесі қойма болған.

    1. Қ

      Жетіасар

      аңлылардың Пұшық-Мардан қаласы маңындағы зерттелген қонысы: Қостөбе.

    2. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұрты: Алтынасар.

    3. Қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына жатқызуға болады.

    4. Қаңлыларда қайтыс болған адамды киімімен жерлеу Қауыншы мәдениетіне жататын аймақтарға тән.

    • Қаңлылар күнге, айға, жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сыйынған.

    1. Қытай деректері бойынша қаңлылар арасында жақсы дамыды: Ән-күй, би өнері.

    • Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғы-сырнайлары болған.

    1. Кейбір көрші елдер той жасағанда, жоғары мәртебелі қонақтардың алдында өнер көрсету үшін қаңлы музыканттары мен бишілерін шақыртқан. Сондай көрші елдердің бір ақыны қаңлы бишілеріне риза болып, шығарған өлеңі: «Биші бикеш».

    • Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы

    1. Қаңлылар жайлауының шегі Орталық Қазақстан далаларына дейін.

    • Қаңлылардың маңызды шаруашылығының бірі мал өсіру. Олар жылқы, қой, ешкі, сиыр сияқты үй малдарын өсірді.

    1. Қаңлыларда отырықшылық дамыған өңір: Арал маңы, Ташкент төңірегі.

    • Бұл өңірлерде ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады.

    1. Қаңлыларда дәнді және бау-бақша дақылдары өсірілген аймақ: Сырдария аңғары.

    • Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді.

    1. Қаңлыларда басым болған егіншілік түрі: Тәлімді егіншілік.

    2. Шыршық өзенінің оң жағында қазылған канал: Зах.

    3. Шыршық өзенінің сол жағасындағы қаңлы каналы: Ханарық.

    4. Шыршық өзенінің оң жағында қазылған Зах каналының ұзындығы 20 шақырым.

    5. Қаңлылардағы шаруашылықтың қосымша түрі: Аң аулау.

    6. Қаңлылар әйелдері арасында жақсы дамыған қолөнер түрі: Жүн өңдеу.

    • Олар жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.

    1. Қаңлылардағы металл өндірісінің орталығы болған аймақ: Шаш-Илақ.

    2. Қаңлыларда металл өңдеудің ірі орталығы болған ежелгі қала: Құлата.

    3. Қаңлылар жерінен табылған б.з. 3-4 ғ. соғылған теңгелер саны: 1300.

    • Мұндай теңгелердің көбісі табылған аймақ: Сырдария аймағы.

    1. Б.з.б. 2 ғ. бастап пайдаланылған қытай теңгелері табылған Отырар алқабындағы қаңлы қорымы: Мардан.

    2. Қаңлылар жерінен табылған көгілдір фаянстан жасалған ірі моншақтар: Сириянікі.

    • Отырар ескерткіштерінде кездесетін кәріптастан (янтарь) жасалған моншақтар Балтық бойынан әкелінген.

    (Б.з.б. IV ғ. – б.з. III ғ.)

    • Ғұндар тарихының ерте кезеңі

    1. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа: ғұн.

    2. Ғұндар кезеңі қамтитын аралық: Б.з.б. IV ғ. – б.з. III ғ.

    3. Қытай деректерінде «ғұн» атауының пайда болған кезі: Б.з.б. 3 ғасырдың аяғы.

    4. Ғұндар туралы дерек беретін: қытай деректері.

    5. Б.з.б. IV және III ғасырларда ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған аймақ: Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық.

    6. Шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше, Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасы пайда болған мерзім: б.з.б. 209 жылы.

    7. «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі,оны қалай береміз?» - деп айтқан: Мөде.

    • Ғұндар Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген тайпаларды бағындырды (юэчжи, дунху тайпаларын).

    1. Б.з.б. ІІ ғасырда ғұн басшысы Мөде шаньюй Азияда ғұндардың күшті мемлекетін құру үшін әскери реформалар жасады.

    2. Көшпелілерден қорғану үшін Цинь патшалығы Ұлы Қытай қорғанын салды: Б.з.б. III ғасырдың аяғында.

    3. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы: 4 000 шақырым.

    • Биіктігі 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.

    1. Ғұндардан жеңіліс тапқан Хань әулетінің негізін қалаушы: Лю-Бань.

    • Қытай билеушісі Мөде шаньюймен «Тыныштық және туыстық» туралы келісімшарт жасауға мәжбүр болды.

    1. Ғұн мемлекетінің саяси күшейген кезі: Б.з.б. II - I ғғ. аралығы, Мөденің билік жүргізген мезгілі.

    2. Ғұн мемлекетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі: б.з.б. 55 жыл.

    3. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекетінің екіге бөлінуінің нәтижесінде, Хуханье бастаған оңтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздіктерінен айрылып: Хань әулетіне тәуелді болды.

    4. Солтүстіктегі ғұндардың өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін батысқа жылжыған уақыты: Б.з.б. I ғ. аяғында (б.з.б. 47 жылы).

    5. Батысқа қарай жылжыған солтүстік ғұндарға басшылық еткен: Чжи-Чжи.

    6. Б.з.б. І ғасырдың аяғында Қазақстан аумағына келген солтүстік ғұндар бейбіт келісімге келді: қаңлылармен.

    7. Б.з.б.46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы көмек көрсеткен елі: Ғұндар.

    • Б.з.б. 36 жылы Қытай мен үйсіндердің біріккен күші Талас бойындағы Чжи-Чжи тұрғызған қаланы талқандап, Чжи-Чжи мен оның жақындарын өлтірді.

    1. Ғұн тайпаларының Қазақстан аумағына қоныс аударуының екінші толқыны басталды: Б.з. I ғ. (93 жылы).

    2. Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт: 300 жылдан астам.

    3. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа жылжу мерзімі: б.з.б. ІІ ғ. басталып – б.з. IV ғ. дейін созылды.

    • Халықтардың ұлы қоныс аударуы

    • Ғұн тайпаларының батысқа қарай жылжуы басқа да ірі тайпалардың жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген атпен белгілі.

    • 375 – 376 жж. Ғұндар готтарды қиратып, Рим империясының шекараларына жетті.

    1. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған: ғұндар.

    2. Ғұн әскерлерінің негізгі құрамы: Атты әскер.

    3. Ғұндардың еуропа елдеріне жасаған жорықтарына басшылық еткен: Аттила.

    4. Аттиланың өмір сүрген жылдары: 400 – 453 жж.

    5. Ғұн билеушісі Еділ (Аттила) жауынгерлерінің Рим империясына қауіп төндірген мерзімі: V ғасырдың 30-жылдары.

    • Е

      Аттила бейнеленген медальон

      діл (Аттила) Румыния мен Венгрия елдеріндегі ғұндарды қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтті.

    1. Еділдің (Аттиланың) билік құрған жылдары: 445 – 453 жж.

    • Еділ (Аттила) билігі тұсында ғұндарда әскери-демократиялық құрылыс нығайды.

    1. Еділ (Аттила) жауынгерлерінің Каталаун даласында рим-франктердің біріккен күштерімен шайқасы болды: 451 жылы.

    2. 451 жылы ғұндарға қарсы римдіктер, сарматтар, аландар мен франктер бірігіп шайқасқан жер: Галлия.

    3. Еділ (Аттила) басқарған әскер бірінші рет жеңіліс тапты: Каталаун даласында.

    • 452 жылы Еділ бастаған ғұндар Рим қаласын қоршауға алды.

    1. Еділ (Аттила) жөнінде құнды дерек қалдырған: Прииск.

    2. 448 жылы Аттила сарайында болып қайтқан Прииск айтты: «бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады...».

    • «...Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әоі құлаққа жағымды».

    1. «Атилла» операсын жазған Италияның атақты композиторы: Джузеппе Верди.

    2. Қазақша «Еділ» атымен аталатын өзен: Волга.

    3. Еуропадағы ғұн жорықтары:

    • Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.

    • Құл иеленушілік құрылысының жойылуына ықпал жасады.

    • Орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашты.

    • Қоғамдық құрылысы

    1. Ғұн мемлекетіндегі ру саны: 24

    2. Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша бөлінді: Сол, орталық, оң қанатқа (үш қанатқа).

    3. Қытай деректеріндегі : Шаньюй.

    4. Ғұн мемлекетіндегі шаньюйден кейінгі басты тұлғалар: Түменбасы.

    • Олар 24 руды басқарған. 24 түменбасын шаньюй тағайындаған.

    1. Ғұн мемлекетіндегі «түменбасы» лауазымын иеленген: шаньюйдің жақын туыстары.

    2. Ғұн мемлекетіндегі түменбасы әскерінің құрамы: 10 мың атты әскер.

    3. Ғұндардағы биліктің берілу жүйесі: Мұрагерлік жолымен.

    4. Ғұндардың ру көсемдері: Ақсақалдар.

    5. Құрбандық шалу үшін барлық бекзадалар шаньюйдің алдына ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады: Жылына үш рет.

    6. Ғұндарда ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандарға берілген жаза түрі: Өлім жазасы.

    7. Ғұндарда ұсақ қылмыстар үшін қолданылған жаза айыптының бетін тілген.

    • Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы

    1. Ғұндардың негізгі шаруашылығы: Көшпелі мал шаруашылығы.

    2. Ғұндар өсірген үй малдары Барлық түрін.

    3. Ғұндардың негізгі баспанасы: Киіз үй.

    4. Ғұндардың астық сақтайтын ұралары табылған жерлер: үй-жайлардың іші.

    • Сүт, қымыз, айран сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды.

    • «Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты да қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық суыққа, шөлге үйренген » деп пайымдаған: Аммиан Марцеллин.

    1. Ғұн әміршісінің сарайы туралы сипаттап жазған: Прииск.

    2. 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Приискіні ерекше таңқалдырған аппақ тастан қаланған монша.

    3. Орталық Қазақстанда б.з.б. 7-6 ғасырларда «аң стилімен» қатар дамыған стиль: «Полихром стилі».

    4. Ғұндарда дамыған зергерлік стиль: «Полихромдық стиль».

    • Бұйымның бетін алтын түйіршіктермен дәнекерлеу: Зерлеу.

    • Бұйымға сәндік үшін түрлі түсті заттар жапсыру: Безендіру.

    • Алтын жіптермен кестелеу, алтын жалату: Оқа жүргізу.

    1. Ғұндар бұйымының бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыру стилі «Полихромдық стиль».

    • Бұл зергерлік стиль б.з.б. І мыңжылдықтың басында Алдыңғы Азия мен Шығыс Жерорта теңізі елдерінен тараған.

    1. «Полихромдық стильдің» барынша гүлденген кезеңі: Б.з. III – V ғ.ғ.

    2. Ғұндарда бұйымдарды безендіру үшін қолданылған негізгі бейне: Жабайы аңдар бейнесі.

    3. Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін негізгі дәлел: Ұршық бастары.

    4. Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі тайпалар сыйынған: Көк тәңірге, ата-баба аруағына.

    Орта ғасырлардағы қазақстан

    • Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы негізінен үш кезеңнен тұрады:

    1. Бірінші кезең – ерте ортағасырлық кезең: VI – IX ғ.

    2. Екінші кезең – дамыған ортағасырлық кезең: X – XIV ғ.

    3. Үшінші кезең – біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі: XV – XVII ғ. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер Түрік қағанаты

    (552 – 603 жж.)

    • Түрік қағанатының саяси тарихы, жер аумағы

    1. «Түрік» этнонимі бірінші рет кездеседі: 542 жылы қытай жылнамаларында.

    2. 545 жылы түрік қолбасшысына бейбіт қарым-қатынас орнату үшін келген: Қытай елшісі.

    3. 552 жылға дейін түріктер Жужан қағандығына тәуелді болып, салық ретінде темір төлеген.

    4. 552 жылы Жужан қағаны Анағұйды жеңіп, «елхан» деген атақ алған, Түрік қағанатының негізін салушы: Бумын қаған.

    5. 552 жылы Бумыннан жеңіліс тапқан Жужан қағаны: Анағұй.

    6. Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды: Жужан қағанын жеңгеннен кейін.

    7. Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет: Түрік қағанаты (552 – 603 ж.)

    8. 552 жылы Бумын қаза болғаннан кейін Түрік қағаны болған: Қара–Еске.

    9. Қара-Еске қаған аварларды (жужандарды) екінші рет жеңді: Букрат тауларында (Орхонның жоғарғы жағында).

    10. 552–554 жылдары (553 жылы) жужандар мүлде бас көтерместей болып жеңілді: Мұқан қағанның кезінде.

    11. Түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды: Жужан қағанатын біржола жеңгеннен кейін.

    12. VI ғасырда 10 түмен қол бастап, түріктердің Батыс жорығын бастаған Бумын қағанның інісі: Иштеми.

    • 555 жылы түріктер жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмей, Арал теңізіне дейін жетті.

    1. Орта Азияда түріктерге қатты қарсылық көрсеткен: Эфталиттер.

    2. VI ғасырдың ортасында Түрік қағанаты жаулап алған эфталиттердің өмір сүрген жері: Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жер.

    3. 561–563 жылдары түріктердің эфталиттерге қарсы одақ құрған елі: Иран.

    4. Түрік қағанатының эфталиттермен соғыс жылдары: 563–567 жылдар.

    5. 10 түмен қол бастаған Иштемидің бағындарған елі: Соғдылықтар (ху елі).

    • 568 жылы Константинопольге барған Түрік қағанатының елшілігін басқарған: соғды көпесі Маниах.

    1. 568 жылы Түрік қағанаты Византия мемлекетімен әскери одақ құрды: Иранға қарсы.

    2. Түрік қағанатының үстемдігі Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін жеткен кезең: VI ғасырдың 70-жылдары.

    • Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, оларға өзінің саяси жағынан ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.

    1. 570–580 жылдары Түрік қағанатының шығыстағы саяси ықпалының күшті болғанын көрсететін жағдай: Қытай мемлекеттерінің түріктерге салық төлеуі.

    2. Қытай елінің билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырды: Мұқан қағаның кезінде.

    • Қытайлардың бір жағының өзі түріктерге жылына 100 мың тең жібек матасын төлеген.

    1. Түрік қағанатында Мұқан қағаннан кейін билікке келді: Тобо (Арслан).

    2. 581 жылы (Тобо қаған қаза болғаннан кейін) Түрік қағанатында болған оқиға: Қағанат ішінде өзара соғыс болды.

    3. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінген уақыты: 603 жыл.

    • Халқы

    1. Түрік қағанаты халықының негізгі құрамы болған тайпа: теле.

    • Түрік қағанатының құрамында отыздан (30) аса теле тайпасы болған.

    1. Теле – көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы.

    2. «Теле» сөзінің мағынасы түрік.

    • Шаруашылығы мен мәдениеті

    1. Түрік қағанаты халқының айналысқан шаруашылығы: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

    2. Түріктердің басты көлігі: жылқы.

    • Түріктердің Жетісу мен Орта Азия жерлеріндегі қалалық өмірмен танысып, кейбір бөліктерінің отырықшылыққа көше бастағанын көрсетеді:

    • Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда түріктердің тұрақты үй-жайлары, Тараз маңайынан қыстақ-кенттер табылды.

    • «Күлтегін» ескерткішінде қала туралы сөздер кездеседі.

  • Ең алғашқы кезеңдерде (V-VII ғ.) түріктердің жерлеу рәсіміне тән: Мәйітті өртеу.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]