Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shporakaztarikh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.46 Mб
Скачать
  • Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері: Тұрақтар, зираттар.

    • Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі

    1. Ерте қола дәуірінде (б.з.б. XVIII – XVI ғғ.) мал өсіру, негізінен отырықшылық, бақташылық түрде болды.

      • Андронтықтар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірибесін енгізді.

    2. Мал шаруашылығындағы жайлаулық тәсіл дегеніміз: Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

    3. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір: Қола.

    4. Қола дәуірінде тебіндеп жайылуына байланысты саны артқан мал: Қой мен жылқы.

    5. Тебінді жайылым – бұл малдың қар астынан жем-шөпті аршып жей алуы.

    6. Түйе қолға үйретілді: Б.з.б. ІІ мыңжылдықта.

      • Зерттеу кезінде Орталық, Батыс Қазақстаннан табылған түйе сүйектері айқын дәлел. Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні, Ақсу-Аюлыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылған.

    7. Андроновтықтардың жер өңдеу құралы: тесе.

    8. Андроновтықтар айналысқан егіншілік түрі: Теселі егіншілік.

    9. Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең: Қола.

    10. Андроновтықтардың астықты ору үшін қолданған құралдары: Орақ.

      • Қола және мыс орақтар Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев, Солтүстік Қазақстандағы Степняк қонысында және Жетісудан жерінен табылған.

    11. Көкшетау жерінде қола шалғы табылған қоныс: Шағалалы.

    12. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең өрістеген түрі: Көзе құмыралар жасау.

    13. Андрондықтар сүт өнімдері мен етті сақтау үшін: Еденде арнайы шұңқыр қазған.

    • Андрондықтардың баспанасы

    1. Қола дәуірінің қоныстары көбінесе орналасты: Өзендердің жағасында, кейде көл жағалауларында.

      • Қоныстар, әдетте, 5 – 10, кейде 20 шақты үйден тұрды.

    2. Қола дәуірінің тұрғын үйлері екі түрге бөлді: Жартылай жертөле үйлер, жер бетіне салынған үйлер.

      • Тұрғын үйлердің аумағы 100 м2-ден 300-400 м2-ге дейін жетті.

      • Қола дәуірінің ең көлемді баспаналары табылған Орталық Қазақстандағы мекендер: Бұғылы, Ақбауыр, Кент.

    3. Андрондық жанұяның үйлерінде қасиетті деп санаған орын: Ошақ.

    4. Киіз үйдің шығу тегі байланысты: Андрондықтардың жеңіл баспанасымен.

    • Қоғамдық құрылысы, діни сенімдер

    1. Қола дәуірі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастаған кезеңі.

    2. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі: Тайпа.

    3. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындардың қоғамдық құрылысы: Рулық – тайпалық құрылым.

    4. Қола дәуірінде жеке меншік қалыптасты.

    5. Рулық ұжымдық меншіктің орнына келген меншік түрі: Жеке меншік.

    6. Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі: Қола дәуірі.

    7. Қола дәуірінде қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы: Әлеуметтік теңсіздікті тудырды.

    8. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары: Абыздар.

    9. Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері: Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың орындалуын қадағалау.

    10. Қола дәуірінде әр түрлі жыртқыш аңдардың тістерінен жасады: Тұмарша.

    11. Қола дәуірінде адамдарды жерлегенде басын қаратқан жақ: Батыс немесе Онтүстік-Батыс.

    12. Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылды: Таңбалы, Жасыбай, Хантау.

    13. Петроглифтардың көп шоғырланған Жетісудағы ескерткіші: Таңбалы.

    • Андрондықтардың бет пішіні

    1. Антропологияадамның сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым.

    2. Тарихтың әр кезеңінде белгілі бір аймақта өмір сүрген халықтардың түр-түсіндегі ұқсастық, өзгерістерді зерттейтін ғылым: Тарихи антропология.

    3. Жерімізде ерте заманнан мекендеген адамдардың бет пішіні туралы деректер: Қола дәуірінен басталады.

    4. «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған» - деп андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттаған академик: Валерий Павлович Алексеев.

    5. Қола дәуіріне тән бас сүйегі үлкен, беті кішкене, мұрны таңқылау адам сүйегі табылған Жамбыл облысындағы қорым: Ойжайлау.

    6. Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін жасаған антрополог: М.М.Герасимов.

    7. Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген нәсілдер (андрондықтар): Еуропеоид.

    • Беғазы-Дәндібай мәдениеті

    1. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды: 1946 жылы.

    2. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым: Ә.Х.Марғұлан.

    3. Орталық Қазақстандағы қола дәуірі үш (3) кезеңге бөлінеді:

      • Нұра кезеңі: Б.з.б. XVIII – XVI ғғ.

      • Атасу кезеңі: Б.з.б. XV – XII ғғ.

      • Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Б.з.б. XII – VIII ғғ.

    4. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі: Обалар.

    5. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі: Жерлеу орындары құрылыстарының ірілігі.

      • Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.

      • Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс.

    6. Андрон мәдениетінің археологиялық символы: Самай сырға және алқа.

      • Зергерлік өнері пайда болды: Б.з.б. XVI – XIV ғ.ғ.

    Ерте темір дәуіріндегі қазақстан

    1. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

    2. Сақтар

    Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

    1. Темір дәуірінің қамтитын аралығы: б.з.б. 8 ғасыр – б.з. 6 ғасыры.

      • Ерте темір дәуірі: б.з.б. 8-3 ғасырлар.

      • Кейінгі темір дәуірі: б.з.б. 3 -б.з. 6 ғасыр.

    2. Темір дәуірінің бөліну кезеңі: 2-ге.

    3. Б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасында қазақ даласының шөлді өлкеге айналуы әкелді: Егіншілікпен айналысу тиімсіз болды.

    4. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасты: Көшпелі мал шаруашылығы.

    5. Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық: Үзеңгі мен ауыздық.

    6. Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасқан кезең: Ерте темір дәуірі.

    7. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы: Өнім өндірді.

    • Мал шаруашылығының белгілі аймақтарда бірнеше түрі болды:

    1. Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар: Батыс және Орталық Қазақстан.

    2. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар: Шығыс Қазақстан, Жетісудың таулы аймақтары, Алтай мен Тянь-Шань.

    3. Отырықшы шаруашылық дамыған өңірлер: Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарлары.

    • Дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты қалыптасқан жайылымдар:

    • Көшпелілердің жазда мал жаю орындары: Жайлау.

    • Көшпелілердің күзде мал жаю орындары: Күзеу.

    • Көшпелілердің жылы қоралары бар тұрақтары: Қыстау.

    • Көктемгі жайылым: Көктеу.

  • Малды қыста жаюға байланысты қалыптасқан жайылым: Тебінді.

  • 3 000 жыл бұрын аталып, біздің заманымызға дейін жеткен ежелгі мерекенің бірі: Наурыз.

  • Көшпелілердің әбден жетілген құрылыс үлгісі саналатын баспанасы: Киіз үй.

  • Киіз үй негізгі екі бөліктен құралған: Жабуға арналған киіз және ағаш қаңқа.

  • Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен тұрады: Кереге, уық, шаңырақ.

  • Киіз үйдің негізі: кереге.

  • Ерте көшпелілердің баспаналарында пеш орналасты: Баспананың ортасында.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]