Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дидактика каз лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
624.5 Кб
Скачать

1.3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері

Дидактиканың қызметтері: оқу үрдісін және оның орындалу жағдайын сипаттау және түсіндіру, оқу үрдісін жетілдіріп ұйымдастыру, жаңа оқу жүйесін, жаңа оқу технологияларын құрастыру.

Бұл қызметтер жаңа аталып өткендей, дидактика пәнің анықтауда еске алынады: оның алдыңда құрастыру обьектісі ретінде қарастырылады.

Оқыту – зерттеушіге, ол педагогиканың ғылыми – теориялық қызметін орындаған уақытта оқу обьектісі ретінде алынады.

Зерттеу нәтижесінде ол оқыту үрдісінің қалай өтіп жатқаны және оның шын мәнінде орындалған және орындалып жатқаы, оның заңдылықтарының қандай екенін және оның болмысының неден тұратыны жайлы мағұлмат алады.

Мұндай мағұлматтар педагогикалық шындыұты өзінің дәл күйінде көрсетеді. Философиялық терминалогияны қолдана отырып, болмыс жайлы педагогикалық фактілер, педагогикалық үрдіс заңдылықтары мен болмысы жайлы білімдер алынады. Алайда, оқытуд, оған тиесілі байланыстар мен шындықтарды, тек педагогикалық шындықтың бөлімі ретінде қарастыру жеткіліксіз. өзімен - өзі теория өзіндік мақсат емес. Ол практикалық қайраткерліктің негізі болып қызмет етеді және оны бағыттауға, өзгертуге, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ғылым оқытудың бейнелеуінен, оның құрастыруына өткен кезде, ол дидактиканың конструктивті-техникалық функциясын орындайды. Екі функцияның бір-бірімен байланысты екені түсінікті. Конструктивті-техникалық қызметтің негізіне ғылыми-техникалық қызметтің орындалуының нәтижелері салынуы қажет. Екінші жағынан, қайта құрастырылған жоба келесі оқып-үйренудің обьектісі болып табылады.

Өзінің қызметтерінің шешілуінде жалпы дидактика басқа ғылымдардың жетістіктерін қолданады, дәлірек айтсақ; философияның, жалпы психологияның, жастық психологиясының, кейіңгі онжылдықта кибернетиканың мәліметтерін қолданады. Осы

кибнрнетика белгілі дәрежеде дидактикадағы бағдарламалық оқу жоспарын, алгоритмдеуді, жүйелі-құрылымды әдісті мектепте оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруына шартты тәуелді етеді.

Психология мәліметтерін қолданып, дидактика мысалы: оқушылардың жас мөлшерінің ерекшкліктерін есепке алады, сондай-ақ, оқытудың түпкі мақсатын, оқу барысында қол жеткізген қасиеттер: ойлаудың жетекшілігі, оқу дағдыларымен қолдану, креативтілік және т.б. арқылы құрастыру. Психология ғылымына дидактика: еске сақтау, ақыл-ойдың жетілуін, қабылдау үрдістер туралы білімдерді өзіне қолданады. Жастық физиологиясынан бағытталған-әрекеттік оқытудан туындаған тетіік үрдістеріне түсінік береді.

Философия жалпы адам дамуының заңдарына, табиғатқа, қоғамға түсінік береді. Зерттеушінің әлеуметтік функцияларын трактатттағаннан оның білім беру мазмұнын құрастыруға бағытталған жұмысы байланысты болады.

Философиялық көріністерді анықтау жеке –ориентерлік оқытуды құрастыруда тірек қызметін атқарады.

1.4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.

Оқыту процесінің негізі осы жіне басқа психологиялық-

«Педагогикалық жүйе» педагогикалық тұжырымдамалар болып табылады. Оларды

түсінігі тағы дидактикалық жүйелер деп те атайды. Дидактикалық

жүйе – бұл ұйымдастырылған педагогикалық жүйе, оны бір-бірімен байланысты элементтер құрайды, олар: білім беру мақсаттары, оқушылар және олардың тұлғалық сипаттамалары, оқытатын және автоматтандырылған құралдар, оқытушылар мен оқушылардың ортақ еңбегін ұйымдастыру формалары және мақсаттарды орындау тәсілі мен жалпы педагогикалық процесс ретіндегі дидактикалық процесс. Мұнда дидактикалық жүйе педагогикалық жүйеге қарағанда кішігірім жүйе болып табылады. педагогикалық жүйе Т.А.Ильинаның айтуы бойынша «анықталған белгілер негізіндегі көптеген бір-бірімен байланысты элементтер, олар ортақ қызметтік мақсатта қосылған және ортамен әрекеттесетін толық құбылыс». (Ильина Т.А. Системно-структурный подход к организации обучения. М.,1972.-с.16). сонымен қатар жүйе элементтері көп уақытта элементтердің өзінен де маңызды болады.

Бар дидактикалық тұжырымдамалардың барын қарасақ, 3 жүйені атап өтуге болады. Олар дәтүрлі, педоцентристтік және қазіргі заман дидактикасы. Бұлардың әрқайсысы бірнеше бағыттан педагогикалық теориядан тұрады. Тұжырымдама 3 топқа бөлу оқу процесін-дидактиканың обьектісі және пәні негізінде жүзеге асырылады. Оқытудың дәстүрліжүйесінде басыңқы рөлді сабақ беру және мұғалім қызметі атқарады. Оны А.Я.Коменский, И.Пестолоци, И.Гербарттың және неміс классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.

Педоцентристік тұжырымдамада оқытуда басты рөлді оқуға бала қызметіне жібереді. Бұл тәсілдің негізінде Д.Дьюи жүйесі, Г.Керштентейнердің еңбек мектебі, В.Лаяның педагогикадағы 20ғ. басындағы реформаларының теориялар кезіндегі жатыр.

Қазіргі заман дидактикасы, ол 2 жақтың сабақ беру және оқудың оқыту әрекетін құрауынан, ол олардың дидактикалық қарым-қатынастары дидактика пәнінқұрауынан шығады. (В.В.Краевский) Оқытудың қазіргі заманғы тқжырымдамасын бағдарламалау, проблемалы оқыту, дамыта оқыту (П.Гальперин, Л.занков, В.Давыдов), гуманистік психология (К.Роджерс), когнитивті психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология бағыттары және 80ж-ры Ресейдегі жаңашыл мұғалім педагогикалық көзқарастары құрайды. Аталған дидактикалық жүйелердің мазмұндық сипаттамасына қысқаша тоқталайық.

Дәстүрлі дидактикалық жүйені неміс ғалымы И.Ф.Гербарт(1776-Дәстүрлі 1841) атымен байланыстырылады. Ол Я.А.Коменскийдің сыныптық дидактикалық сабақтың жүйесін сын жағынан қайта ойластырады, ғылыми тұрғыда жүйе оқыту жүйесін этика мен психологияның теориялық жетістіктері тұрғысынан құрастырады. Гербарт бойынша оқытудың мақсаты болып интелектуалды шеберлікті, түсініктерді, теориялық білімдерді, елестерді құрастыру. Сонымен бірге Гербарт тәрбиелік оқыту принципін енгізді. Оқытуды ұйымдастыру және оқу мекемесиндегі тәртіптің барлығы моралды мықты тұлғаны қалыптастыруы қажет. Оқу тәрбиелік сипатта жүруі қажет, сонымен бірге білімді сезім дамуымен, жігер мен және бүгінгі тұлғаның мотивациялық – мұқтаждық ортасымен байланысуы қажет. Гербарт бойынша аталған бұл мақсаттарға жету үшін, оқыту процесі, оның құрылымын анықтайтын 4 сатыдан құрылуы қажет:

Айқындылық сатысы: материалды белгілеп алу және оны терендей қарастыру. Бұл сатыда оқушылар кең көлемде көрнекілік құралдар қолдану негізделген жаңа материалмен алғаш рет танысуы орындалады.

Ассоциациялар сатысы: жаңа материалдың өткен білімдермен байланысы. Бұл сатыда дербес сөйлесу процесінде жаңа көрсетілулер мен ескілер арасында байланыс орнату қарастырылады.

Жүйе сатысы: қорытындылар,түсініктер тұжырымын, заңдарды байқау. Бұл сатыдағы оқыту басты жаңа жағдайлардың белгіленген, ережелер қорытындылауын, заңдарын тұжырымдауын керек ететін жаңа материалдың сатылы мазмұндалуынан тұрады.

Әдістеме сатысы: теорияларды түсіну, олардың жаңа құбылыстарға, ситуацияға қолдану. Бұл сатыда оқушылардың оқу процесінде жаңа білімдерді пайдаланып, жаттығулар орындау қарастырылған. Осының нәтижесінде жаңа білімді практикада қолдану машығы қалыптасады. Қазіргі тілмен айтқанда, оқыту құрылымын: мазмұндау, түсіндіру, жалпылау, қолдану құрайды. Олар деңгей мен оқыту пәнінен тәулсіз арнайы ұсынылады. Оқыту процесінің логикасы, сонымен материалды түсіндіруден түсіну мен жалпылауға өту ұозғалысын көрсетілуден құралады. Осыдан көптеген сабақтардың схемасын бүгін де көру қиын емес. Бұл теория оқыту теориясын ретке келтірді, ұйымдастырды және оқытуды жүргізуде мұғалімнің тиімді қызметін жазып көрсетті. Гербарт дидактикасын: басқару, мұғалім жетекшілігі, реттеу, ереже, бұйрық сияқты сөздер бейнеленген. Басқару құралдары – қадағалау, бұйыру және шектеу, жаза, ауыр жазалауға дейн, сонымен бірге баланы жұмысқа баулу шеберлігі.

Гербарт дидактикаға маңызды болған мұғалім қызметін ұйымдастырды және жүйелендірді. Бұл үлкен манызға ие болды. Ол оқыту сатыларын психологиялық талдау және білімді қалыптастырудағы психологиялық процестер жайлы оқу, сонымен бірге тұлғалар жайлы философиялық-этикалық көрсетулерге жүгініп құрастырған. Гербарттың бұл көрсетулерінде оқу процессінің елеулі жолдары көрсеьілген, алайда бұл схемаға табыну мен әмбебеаптау оқуды ұйымдастырудағы көзбояушылыққа алып келді. Бұл Гербарттың жолын қуушылары мен оқушыларынан айқын көрініс тапты(Т.Циллер, О.Вильман, В.Рейн және К.Стой).

20ғ басындағы бұл жүйе вербализм, кітаптылығы, интелектуализм, мұқтаждық пен бала қызығушылығынан және өмірден алшақтағаны үшін өткір сынға алды. Дайын білімдерді беру мақсатын қойғаны, баланы ақылдылық белсенділікке тартпайтыны, ойлаудың дамуына жол ашпайтыны үшін, авторитарлығы, оқушының жеке белсенділігін басатыны үшін де қатты сынға алынды, сондықтан 20ғ. басында жаңа әдістемелер туындай бастады.

Олардың ішінде педоцентристік дидактика айын көрігнеді. Оны

Педоцентистік тағы прогрессивтік, реформаторлық деп атайды. Оның пайда болуын

дидактикалық американ педагогы Д.Дьюи (1859-1952) атымен байланыстырады.

жүйе Оның жұмыстары АҚШ мектептерінің оқу-тәрбие жұмыстарының

жалпы бейнесіне, сонымен бірге басқа елдердің, соның ішінде кеңес мектебіне: 20ж-ры кешенді бағдарламада бейнеленді. Педоцентристтік деп атауының себебі, Д.Дьюи оқыту процессінің баланың қызығушылығына, мұқтаждығына, қабілетіне байланысты құру керек деп ойлаған. Оқытудың мақсаты баланың жан-жақты алғырлығын, жалпы және ақылдылық қабілеттіліктерін дамыту болды. Педоцентризм педагогикадағы бағыт болып табылады. Ол баланының ерекшкеліктерінен шығатын оқу мен тәрбиенің мәселелерін құрастырады. Педоцентристтік, реформулалық дидактика 20ғ педагогтардың оқытудың гербартиандық моделіне қарсы реакция болды. Прогресшіл педагогтар оны «оқытудың кітаби мектебі» деп атады, бала дүниесінен алыс және оған «еңбек пен өмір мектебін» қарсы қойды. Батыс ғалымдарының бірі жаңа дидактиканың балаға арнаған бағытында, былай деген: үйрету деген етістігі – екі мағындада қолданылады, ол біреуді үйрету және бірнәрсеге үйрету. Джонды латын тілінде үйрету үшін – Джон өзін және латын тілін білу қажет, ал бұрын оқыту үшін латын тілін білу жеткілікті еді.

Жаңа педагогикаңың өкілдерінің ойынша, дидактиканың басты мәселесі , ол оқыту процесіндегі оқушының белсенділігі. Сол үшін оқуды өз бетінше табиғи, спонтанды бейнеде жасау керек болады. Ол үшін оқытуды жеткізу, жаттау және дайын білімді айтып беру ретінде емес, жаңалық ашу оқушылардың спонтанды қызметтері кезінде білім алуы ретінде құруы керек. Осыдан оқу «жасау» арқылы деген атау шыққан, яғни онда бүкіл білім практикалық өзіндік қызметтен және баланың жеке тәжрибесінен алынады. Д.Дьюидің оқыту моделі оқитын пәндердің тізбектелген жүйесі күнделікті бағдарламаны қабыл алмайтын, оған тек баланың өмірлік тәжирбесіне керекті білімдер алынады. Оқыту процесінің құрылымы былай көрінеді: қайраткерлік процесіндегі қиыншылықты сезіну, мәселелер тұжыры мен қиындықтар мәні, мәселелерді шешуге арналған жобаларды шығару және тексеру, қабылданған білімге сәйкес қорытындылар мен жаңа қайраткерлік. Оқыту процесінің кезеңдері зерттеушілік ойлау мен ізденістерді елестетеді. Бұл әдіс оқытудың тәсілдерінде, құрамында, құрастыру формулаларында өзгерістер алып келеді. реформалардың бірі В.Лай оқыту процесінде 3 кезеңді айқындаған: қабылдау, қайта өндеу, лебіз. Ол лебізге ерекше көңіл бөлген, өйткені оны балалардың білім негізіндегі жан-жақты қызметін: шығарма, суреттер, театр, практикалық жұмыстар деп білген. Бұның бәрін ол «педагогикалық әрекет» деп атаған. Сөзсіз, бұл тәсіл танымдық әрекет белсенділігін арттырады, ойлаудың дамуына ықпалдайды, мәселелерді шешуге көмектеседі, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды, оқу процесін қызықты етеді. Алайда оқытудың бұндай моделіне табыну, оның басқа пәндерге оның және деңгейлерге қолданылуы, қарама-қайшылықтар туғызады: балалардың спонтанды әрекетінің асыра бағалануы және оқуда олардың қызығушылығына еріп отыру жүйеліліктің жойылуына алып келеді, материалдардың кездейсоқ алынуына әкеледі, материалдардың жан-жақты қайта өңделуіне жол болмайды. Ол көптеген уақытты қажет етеді. Бұндай оқыту тиімсіз. Бұдан басқа, бұндай тәсілде оқытушы2 кезекке кетеді де, оның оқыту процесіндегі ролі негізінен оқушылардың жеке әрекетінің жетекшілігіне және олардың жан-жақты білушілігін оятуға арналады. Ол кеңесшіге айналады, бұл оқыту деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Осылайша, дидактика дилемма алдында тұр: не жүйелі, іргелі білімді жоғары академиялық деңгейде нұсқаулы оқыту әдістері бойынша беріп-даралықты, психологиялық өзіншілдік пен тқлғаның дамуын жоғалту, не балаға оқытуда ерік ынтаны беріп, тек оның мұқтаждықтарынан шығу, оқытуды жұмыс арқылы қолданып, оқушылар біліміндегі жүйелілікті жоғалту, мектептегі білім деңгейін төмендету, бүгінгі күні АҚШ мектептерінде орын алып отыр.

Дәстүрлі және педоцентристтік тұжырымдамаларда бар мәселелер оларды шешу жолдарын іздеуге әкеліп соқты. XXғ. II-жартысы біздің елде және шетелде дидактикалық ойдың дамуын бейнелейді. Ақырында қазіргі заман дидактикасының контурлары салына бастады. әлі ғылымда бір дидактикалық жүйе болмаса да, ортақ нәрселері бар бірқатар

теориялар болады. Көпшілік тәсілдердің оқыту мақсатында тек қана білімдердің қалыптастырылуы қаралмайды, сонымен бірге оқушылардың жалпы дамуы, интелектуалды, еңбекті және көркем шеберлігі де қарастырылады. Кіші және жоғары сыныптарда интенсивті курстар болғанымен оқыту мазмұны негізінен пәндік болып қарастырылады. Оқыту процесі күйде білім берудің мақсаттары мен құрамына сәйкес жауап беруі қажет және сондықтан ол екі жақты және мұғалім жетекшілігі деп түсіндіріледі. Мұғалім оқушылардың оқу – танымдық қызметін басқарады, оны қйымдастырады және жүргізеді, сонымен бірге оларды өзіндік жұмысқа итермелей отырып оқытудың дәстүрлі және түсіндірмелі және реформистік ізденіс моделінің шеттерінен алшақтай, тек олардың беделін қолданады. Бұған айқын мысал ретінде «жаңалықтар жасау» арқылы оқыту моделі болып табылады. Бұл моделді әйгілі американ педагогы және психологы Джером Брюнер жасаған. Оның тұжырымдамасының мәні: оқушылар білім алу және әлемді тануы қажет, бірақ ол тек мақсаты көзделген жүйені және оқыту процесінде мұғалім жетекшілігімен өзі ашқан жаналықтары арқылы орындалуы қадет. Бұндай оқыту моделінде оқушылардан бүкіл танымдық күштерінің қиыншылықтары жеңу үшін олардың алдында әлі кездеспейтін жинақтауды жеке құрастыру үшін, оқылып жатқан тақырып бойынша заңдылықтарды және дағдыларды түсіну, сонымен бірге оларды практикалық қолдану, тек оқыту процесінде емес, маңызды өмірлік есептерді шешуде де қажет.оқыту процесі жайлы және орыс мектебіндегі қазіргі заман дидактикасының басқа сұрақтары жайлы толықтай төменде атап көрсетеміз.