- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •1.1. Дидактика туралы жалпы түйін.
- •1.2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
- •1.3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері
- •1.4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.
- •1.5. Қазіргі заман дидактикасы жүйесінің қалыптасуы.
- •2.1. Оқытудың мәні және түсінігі
- •2.2. Тұтас жүйелік оқыту үрдісінің сипаттамасы
- •2.3. Оқыту үрдісінің циклдігі (кезеңдері)
- •2.4 Оқытудың қызметтері
- •2.5 Оқытудың әрекет ретіндегі пәндік сипаттамасы
- •2.6. Оқыту үрдісіндегі окушыныц таньшдыц әрекеті
- •2.7. Оқушы мен оқытушының оқудың әртүрлі моделъдеріндегі әрекеттері
- •2.8. Окушының оқыту барысында дербестігінің қалыптасуы
- •3.1. Оқытудың заңдылықтары
- •3.2. Дидактиканың ұғымдары ретіндегі оқыту ұстанымдары
- •3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тақырып 4. Жалпы білім мазмұны
- •4.1. Білім мазмұнының түсінігі және мәні
- •4.2. Мектептік білім мазмұнының қалыптасу көздерімен факторлары
- •4.3. Жалпы білім беретін мектептерде білім беру стандарттарын енгзу мәселесі
- •4.4. Жалпы орта білім беретін мектептің оку жоспары
- •4.5. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдары мен оқулықтардың сипаттамасы
- •4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы
- •Тақырып 5. Мектептеп оқыту әдістері
- •5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы
- •5.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі
- •5.3. Оқу әдістерін таңдау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары және тапсырмалары
- •6.1. Оқу құралдары туралы түсінік
- •6.2. Қарым-қатынас құралдары
- •6.3. Оқу әрекетінің құралдары
- •6.4. Оқу кабинетін жабдықтау
- •6.5. Техникалық оқыту құралдары (тоқ)
- •7.1. Оқыту ұйымдастыру формалары және оларды жіктеудің негіздері туралы түсінік
- •7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.
- •8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі.
- •8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік.
- •8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы
- •8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы
- •8.5.Тақырып бойынша сабақтар жүйесі
- •8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары.
- •Мектеп оқушысының үй жұмысы.
- •8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы
- •8.8. Өз сабағын талдау және бағалау
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар мен тапсырмалар
- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар
- •9.3 Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау үрдісі
- •9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері
- •Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі
- •Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі
- •Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің анықталуы
- •9.5 Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы
- •9.6 Оқушының төмен үлгермеушілігі
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •10.1 Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістің түсінігі және мәні
- •10.2 Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығы
- •10.3 Инновацияның жіктелуі
- •10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері
- •10.5. Инновациялық оқу орындары
4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы
Ресей мемлекетінде дәуірлік саяси, мәдени-әлеуметтік, рухани және экономикалық өзгерістер болып жатыр. Енді баршаға бірдей және мәндетті мемлекеттік және бірыңғай идеология жоқ. Әркім өз ойын, пікірін еркін ашыә айта алады. Қоғамның әлеуметтік, рухани және экономикалық саралануы өсті. Мұның бәрі мемлекеттің білім беру саясатына өз әсерін тигізбей қоймайды. Тұлғаның жеке өмірлік мақсаттарын құрған ұжымдық және қоғамдық мақсаттардан біршама мойындап жатыр. Бұның бәрі елдің білім беру саясатына, соңғы жылдары біздің мектептің білім мазмұнына еңгізілген өзгерістерге өз әсерін тигізуде.
Бірыңғай білім берудің бейімделген – тәртіптік үлгісінен вариативті білім берудің тұлғаға бағыт беру үлгісіне көшуде мектепте «Шығармашыл дарындылық», «Дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде әлеуметтік - психологиялық қолдау көрсету», «Жастар мен балаларға әлеуметтік қызмет көмегі» бағдарламалары кұрастырылып енгізілуде. Бұл бағдарламалар бағыты бойынша төмендегі міндеттерді шешуге арналған:
-баланың жеке тұлғасына бағытталуды жаңарту;
-балалардың «бәрі бірдей» деген аңыздың шайқалуы;
-қоғамда білім берудің психологиялық қызметін құру қажеттілігін қалыптастыру.
Білім берудің вариативті
мазмүнын дамытудың стратегиялық бағыты
Білім берудің вариативті мазмұнын дамытудың стратегиялық бағытына төмендегілер жатады: 1. Мектептегі білім мазмұны мәселелерімен шұғылданатын жеке баламалы ғылыми педагогикалық мектептерден дамудың мәдени тарихи педагогикасы аясындағы вариативті инновациялық технологиялар жүйесіне көшу. Вариативті білім беру дамуында авторлық мектептер маңызды рөл атқарады. Авторлық мектептер екі түрге бөлінеді: инструменталдық және мәдениеттанушылық.
Инструменталдық мектептерде жаңашыл — педагог талантының іс-тәжірибесі арқасында табылған нақты әдіс ескеріледі, ал мәдениеттанушылық авторлық мектептер дүние танымдық тұжырымдардың инновациялық технологиялармен түйісуі нәтижесінде пайда болды. Мысалы, Вальдорф педагогикасы өзіне тән білім беру мазмұнымен Р.Штайнер философиясынан туындайды. Мынандай мәдениеттанушылық авторлық мектептерге ерекше көңіл аудару керек, олар Л.В.Занковтың оқытудың дидактикалық жүйесі, Эльконин - Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, Библердің мәдени диалог мектебі.
2. Мемлекеттік білім берудің басымдығынан, мемлекеттік, мемлекеттік емес білім беру мен отбасылық тәрбие мазмұнының мемлекеттік білім стандарты өзіне тән ерекшеліктері бойынша есепке алынып ынтымақтастыққа көшу.
3. Ресейде бірыңғай нормативті құжаттармен жұмыс істейтін унитарлық мектептерден жалпы білім беру жүйесіндегі білім беру мазмұнын саралауға қарай көшу.
Ресей Федерациясы жалпы білім беру мекемелерінің базистік оқу жоспары түрлі этностар балаларын мәдениетке тарту мүмкіндігіне жол ашады. М.Ю.Новицкаяның бастауыш мектепке арналған «Халықтануға кіріспе» курсының бағдарламасы жүйелі мәдениеттанулық бағдарламаның айқын үлгісі болып табылады.
Пәнге табыну ағымынан білім берудің мәдениеттану тұжырымдамасына қарай өтуде және оны қалыптастыруда "тар білімдік" тәсілді жеңу.
«Жалпы білім беру мекемелерінің «таза» сызығының даму типінен жалпы білім беру мекемелерінің «аралас» сызығының даму түріне қарай өту». Оның көрсеткіші ретінде мектептің бала бақшамен, мектептердің жоғары оқу орындарымен араласуы дәлел болады. Мәскеу мен басқа қалаларда «гибрид мектептер», ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен «мектеп - зертханалар», «ғылыми-оқу әдістемелік кешендер» пайда болды.
7. Мектеп міндетті оқулықтан вариативті оқулықтарға қарай ілгерлеу жолында, сондай-ақ жеке қызметтік техникалық оқу құралдарынан көп қызметті құралдарға және ақпараттық технологияларға көшуде. Жекелеген құралдар мен көрнекіліктер шағын зертханаларға, есептеу машиналарымен алмастырылуда, сонымен техникалық оқу құралдарын өзгерту біртіндеп жүзеге асырылуда.
Өзіңді-өзің тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Берілген мәтін бөлімінен білім беру мазмұнын іріктеудің факторларын, ұстанымдарын және негізгі түсініктерін теріп жазыңыз.
2. Бұдан мына үлгі бойынша логикалық сызба құрыңыз:
БІЛІМБЕРУ
БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ
мазмұнды іріктеудің ұстанымдары мазмұнды іріктеудің факторлары мазмұнның көрініс табатын құжаттары оқу жоспары
3. Жалпы орта білім беру мазмұнының қалыптасу ұстанымдарының жалпы мазмұнын ашыңыз.
4. Әріптестеріңізбен сараланған білім беру мазмұнының мәселесін талқылаңыз.
5. Айталық, сіз әріптестеріңізбен мектеп құрып, оның оку жоспарын ққрастырып жатырсыз. Ол жоспар цандай болмақ? Оның бағдарламасын жасаңыз.
6. Өнім шығаруды стандарттау бүкіл әлемде қабылданған деп есептелінеді. Білім беру саласында стандарттауды қолдану мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
