Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дидактика каз лек.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
624.5 Кб
Скачать

6.5. Техникалық оқыту құралдары (тоқ)

Техникалық оқыту құралдары - бұл мұғалімге оқушыларды оқу мағлұматтарымен қамтамасыз етуге, еске сақтауға, білімді түсінуге және қолдануға, оқыту нәтижелерін бақылауға алуға көмектесетін қондырғылар. Оларда арнайы ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарламалар құруға және сақтауға болады.

ТОҚ-тың келесі түрлері бар: ақпараттық, ТОҚ бағдарламаландырылған оқыту, білімді қадағалау,

түрлері жаттықтырушылар мен аралас құралдар. Оларға

кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар,

графопроекторлар, бейнефильмдер, телевизиялық кешендер, дербес компьютерлер және компьютер жүйелері (сыныптар) жатады. Олар әрдайым жетілдіріліп отырады, мектептегі белгілі бір уақытта жаңа, ТОҚ-ты жалпы қолдануға арналған, сонымен қатар мамандандырылған: шет тілін үйренуге арналған лингафон кабинеттері, физика, математика және басқа пәндерді оқуға арналған кешендер тұрады.

Мектептерде кез келген пәнді оқытуда оқу дербес компьютерлері кеңінен қолданылуда. Олар оқушылардың есептік, арифметикалық, жазу, алгебра, физика есептерін шығару, сызу, дисплей экранында сурет салу, нота үйрену мен музыка шығару, шығарма жазу, жаттау, грамматика мен басқа ережелерді игеруді қалыптастыруды басқару бағдарламаларымен жарақталған. Бұл бағдарламалар оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне қарай бейімделген. Кейбір дербес компьютерлер сағаттармен жарақталып, емтихан алушы, репетитор жұмыстарын атқарып, қателерді өз бетінше тауып, талдай алады, дағдыны қалыптастыру үшін жаттығулар ұсына алады.

Дербес компьютерлер сабақта оқыту әдісі мен мақсаттарына қарай жүйелі, және кейде қолданыла алады.

Дербес электрондық-есептеу машиналар өздерінің техникалық сипаттамасына байланысты қазіргі заманғы және моралдық ескіргеи болып екіге бөлінеді. Қазіргі заманғы дербес компыотерлер сұйық және қатты кристалды экрандармен қамтамасыздандырылып, электр батареялардан, аккумулятордан қуат алып, ең аз мөлшердегі қуатты тұтынып, кез келген желденетін шаң-тозаңсыз орындарда қондырылады.

Ескі дербес компьютерлердің көзге зиянды электронды-сәулелі түтікшесі болады, тізбектегі ауыспалы тоқтан қуат алады және тоқтың жиілігі мен күшінің өзгеруіне сезімтал, сонымен қатар аз қуат тұтынып, көп жылу шығарады. Сондықтан арнайы желдеткіші мен жасанды желдеткіші бар дәрісханаларда қондырылады.

Қазіргі заманғы дербес компьютерлер қосымша қондырғылармен жарақталып, мәтінді сызба, мультиплпкация, дыбыспен (сөз және музыка) үйлестіріп, жабдықтауды мультимедиа деп атайды. Барлық қосымша қондырғылар ЭЕМ корпусының ішінде (микропроцессорлар) бекітіледі. Сондықтан да мультимедиалық дербес компыотерлерден ерекшеленбейді.

Дербес компьютерлер оқытудың басқа құралы мен әдісі жүйесінде қолданылады; сондықтан оларды қолдануға сабақтың жартысы (5-15 минуттық) жіберіледі; бұл үшін үлкен емес, көбінесе стандартты бағдарламалар қажет. Компьютерлерді жүйелі қолдануда оқудың негізгі бөлігін қамтылып, ол ұзақ сабақтар бойы жұмыс істейді; осы сабақтар үшін сақтау әдістері ( көбінесе дискеттерде), ақпарат беру (теледидар немесе дисплей экрандарында), оқушылардың танымдық қызметін басқару, бүкіл сыныптың және әрбір жеке оқушының оқу үлгерімін бағалау мен қателерді талдау қарастырылған арнайы үлкен бағдарламалар жасалынады.

ТОҚ пайдаланбас бұрын оқушыларды оларды қалай қолдануын үйрету керек. Бұл жерде оқыту құралдары игеру пәнінің рөлін атқарады. Оқыту техникасымен оқушылар алғаш танысқанда қызығушылығы мен құмарлығы басым болып, қосымша сәттерге көбірек көңіл бөледі және оқу мағұлматын тез игере қоймайды. Сонымен, бірінші рет кинофильмді тамашалағанда олар жүргізушінің мәнерін және киімін еске сақтап, фильмнің мағынасын түсіне қоймайды. Сол сияқты көңілдің сейілуі немесе ұмытшақтық дисплей, басқа да техниканы алғаш оқығанда да кездеседі. Бірінші сабақтың деңгейін көтеру үшін, оқушыларды жаңа құралмен жұмыс істеуге арнайы оқыту қажет, оларды ақпаратты тез қабылдап, еске сақтауға дайындау керек, танымдык тапсырмалар беріп, жұмысқа дайындығын тексеріп, жұмыс мақсатын дұрыс анықтауға, объектіні бағалап, бақылауға үйрету қажет.

ТОҚ жиі қолдану оқу үрдісіне тиімді әсер етеді. Егер ТОҚ сирек қолданылса, оның әрбір қолданылуы оқу материалын қабылдауға кедергі келтіретін болады төтенше жағдай мен эмоция тудырады. Керісінше, оны өте жиі қолдану оқушылардың оган қызығушылығын төмендетеді. ТОҚ сабақта тиімді қолдану үшін окушылардың жасы, оқу пәнінің және оларды қолдану қажеттігіне көңіл бөлу керек. Физика-математикалық пәндерге ТОҚ қолдану жиілігі - 1:8 (15-16 жас аралығындағы оқушыларды оқыту барысында).

ТОҚ қолдану тиімділігі сабақ кезеңіне де байланысты. ТОҚ қолдану сабақта 20 минутқа созылмауы керек: оқушылар шаршап, түсіне алмайды және жана ақпаратты игере алмайды. ТРК басында (5 минутқа) қолдану дайындық кезеңін 0,5 минутқа кемітеді, ал шаршау мен көңілдің сейілуі 5-10 минутқа кешігеді. Ақыл-ой еңбегін эмоциялық толқулармен, көру, есту қабілеттерін демалдыруды кезек ауыстырып тұру керек. Бір құралды бірыңғай қолдана беру 30-минутта оқушыларды үлкен тежеу тудырып ақпаратты қабылдауды нашарлатады. Әр түрлі құралдарды дұрыс алмастырып отыру аталған құбылыстар болдырмайды. Қиын ақыл-ой еңбегінің минуттарын сезімдік, көру және есту, қабылдау жүктемелерімен ауыстырып отырған жөн.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қандай жағдайда пәннің өзі оқыту құралының кызметін атқарады?

  2. Оқыту кұралдары қандай негіздер бойынша жіктеледі?

  3. Оқыту құралдарын тізбектеңіз.

  4. Білім алу құралдарын тізбектеңіз.

  5. Кабинетті жабдықтауға кандай дидактикалық талаптар қойылады?

  6. Дидактикалық құралдарға қандай талаптар қойылады?

  1. Өз пәніңіздің сабақтарында қандай оку карталары немесе кестелері қолданылуы мүмкін?

  2. Оқыту құралдарының оқушылардың ақыл-ойының дамуы қалай байланысады?

  1. Өз пәніңіздің кабинеті қандай ТОҚ қажет?

  2. Қарым-қатынас құралдарын тізбектеңіз.

  3. Мұғалімнің сөйлеу тіліне қандан педагогикалық талаптар қойылады?

  4. Ауызша сөйлеуге қажет оқыту құралдары?

  5. Оқытудың материалдық құралдарын атаңыз?

  6. Сіздің оқу пәніңізге қапдай коллекциялар қолданылуы мүмкін?

  1. Сіздің пәніңізден сабақ бергенде қандай моделдерді қолдануға болады? Көрнекті құралдардың дидактнкалық қызметтері қандай?

Тақырып 7. МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ФОРМАЛАРЫ