- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •1.1. Дидактика туралы жалпы түйін.
- •1.2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
- •1.3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері
- •1.4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.
- •1.5. Қазіргі заман дидактикасы жүйесінің қалыптасуы.
- •2.1. Оқытудың мәні және түсінігі
- •2.2. Тұтас жүйелік оқыту үрдісінің сипаттамасы
- •2.3. Оқыту үрдісінің циклдігі (кезеңдері)
- •2.4 Оқытудың қызметтері
- •2.5 Оқытудың әрекет ретіндегі пәндік сипаттамасы
- •2.6. Оқыту үрдісіндегі окушыныц таньшдыц әрекеті
- •2.7. Оқушы мен оқытушының оқудың әртүрлі моделъдеріндегі әрекеттері
- •2.8. Окушының оқыту барысында дербестігінің қалыптасуы
- •3.1. Оқытудың заңдылықтары
- •3.2. Дидактиканың ұғымдары ретіндегі оқыту ұстанымдары
- •3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тақырып 4. Жалпы білім мазмұны
- •4.1. Білім мазмұнының түсінігі және мәні
- •4.2. Мектептік білім мазмұнының қалыптасу көздерімен факторлары
- •4.3. Жалпы білім беретін мектептерде білім беру стандарттарын енгзу мәселесі
- •4.4. Жалпы орта білім беретін мектептің оку жоспары
- •4.5. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдары мен оқулықтардың сипаттамасы
- •4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы
- •Тақырып 5. Мектептеп оқыту әдістері
- •5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы
- •5.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі
- •5.3. Оқу әдістерін таңдау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары және тапсырмалары
- •6.1. Оқу құралдары туралы түсінік
- •6.2. Қарым-қатынас құралдары
- •6.3. Оқу әрекетінің құралдары
- •6.4. Оқу кабинетін жабдықтау
- •6.5. Техникалық оқыту құралдары (тоқ)
- •7.1. Оқыту ұйымдастыру формалары және оларды жіктеудің негіздері туралы түсінік
- •7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.
- •8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі.
- •8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік.
- •8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы
- •8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы
- •8.5.Тақырып бойынша сабақтар жүйесі
- •8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары.
- •Мектеп оқушысының үй жұмысы.
- •8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы
- •8.8. Өз сабағын талдау және бағалау
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар мен тапсырмалар
- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар
- •9.3 Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау үрдісі
- •9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері
- •Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі
- •Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі
- •Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің анықталуы
- •9.5 Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы
- •9.6 Оқушының төмен үлгермеушілігі
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •10.1 Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістің түсінігі және мәні
- •10.2 Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығы
- •10.3 Инновацияның жіктелуі
- •10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері
- •10.5. Инновациялық оқу орындары
6.4. Оқу кабинетін жабдықтау
Оқу мағлұматтарын игеруге қажетті материалдық құралдар оқу бағдарламасынан туындайтын жүйені құрайды. Ол келесі ұстанымдарға сәйкес құрылады.
Жабдықтау барысында маңыздысын көрнекілеп, түсінуге оңай және эстетикалық мәні бар оқу үрдісінің басқа да элементтеріне қойылатын педагогикалық талаптар толығымен қанағаттандырылуы тиіс.
Атқарушы жұмыстары бірдей барлық құралдар (күштік өткізгіштер, түзегіштер, кабелдер, электр сым тетіктері және т.б.) көрсету қондырғыларымен сәйкес болуы керек.
Оқыту құралдарының түрлері мен сандары оқу бағдарламасы жүйесіндегі материалдық қажеттілікті толығымен қамтамасыз етуі қажет.
Оқыту құралдары жергілікті тұрғындар сұраныстарына, мектеп жұмысының бар жағдайына сай болуы тиіс.
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту құралдар Оқу жүйесін ұйымдастырудың ең оңтайлы түрі - кабинеттік
кабинеттері жүйе. Бұл жүйеде арнайы бір пәннің барлық құралдары
(немесе бір мұғалім қолданатын) тек бір кабинетте орналасуы тиіс, қажет жағдайда басқа да орындар: лаборанттық, зертханалық, жөндеу шеберханасы қосылады. Оқу кабинеттері теориялық білім мен жаттығулар (семинарлар, есеп шығару, бақылау жұмыстар, тәжірибе сабақтар) өткізуге арналған. Оқу зертханалық дәрісханаларда тәжірибе жұмыстары жүргізіледі, нәтижесінде оқушыларда түрлі техникалық, кәсіптік, еңбек, зерттеу және басқа дағдылар қалыптасады. Кабинеттің жанында қосалқы бөлмелер болуы керек. Зертханада тәжірибелер және басқа көрсетілімдер даярланады, көрнекі құралдар, үлестірмелі материал, зертханалық жұмыс құралдары сақталады. Кейде зертханаға басқа да бөлмелерді қосып, құралдар қоятын, жөндеу жұмысына қажет үстел, оқытушылар үшін үстелдер қояды. Бір бөлменің барлық жұмыстарына қажет болуы сабақтарға даярланатын уақыттың жалпы көлемін азайтады. Егер кабинеттен оқушылардың көптеген ағыпы өтетін болса, бір бөлмеде бірнеше мұғалімнің жұмысының шығарлануы қақтығысқа алып келеді. Бұл жағдайда жұмыстың әрбір түріне бір бөлмеден бөлген дұрыс.
Кабинетте көрнекі құралдарды көрсетуге барлық Көрнекі құралдар - жағдай жасалынуы керек. Тұрақты және ауыспалы
оқыту құралдарының тоқ көздері, жерлестіру, қараңғылық, жобалық
бір бөлігі аппарат, экрандар, тұғыр және т.б. Әр тақырыпқа
арналған көрнекі құралдар болуы тиіс. Оларды жедел түрде табу үшін карточкаларды тақырып бойынша орналастыратын оқыту құралдар картотекасын жасау керек. Көрнекілікті қолданбау оқушылардың белсенділігі мен оқу сапасына әсер етеді. Сонымен қатар кабинеттерді құралдармен шамадан тыс толтыруға болмайды. Кейбір тақырыптарға түрлі оқыту құралдары арналуы мүмкін: баспа құралдары, кинофильмдер және т.б. Көрсету жабдықтары мен баспа құралдары бір бірін алмастырмағанымен түрлі дидактикалық мақсатта толықтыра алады.
Көрнекі құралдар келесі қызметтерді атқарады:
мектептен тыс үрдістер мен құбылыстармен таныстыру;
объектінің қазіргі түрі мен тарихи дамуының сыртқы келбетімен таныстыру;
объектінің іс-әрекет қағидалары, құрылымы, басқару, техника қауіпсіздігі туралы көрнекілік келтіру;
үрдіс немесе құбылыс сипаттамаларын өлшеу немесе салыстыру туралы көрнекілікті бейнелеу;
қолдану кезеңдерін белгімен бейнелеп, затты жобалау немесе дайындау;
ғылым тарихымен және оның даму алғы шарттарымен танысу.
Көрнекі құралдар үш топқа бөлінеді: 1) көлемді құралдар (аппараттар, коллекциялар, құралдар және т.б.); 2) баспа құралдары (суреттер, плакаттар, портреттер, сызбалар, кестелер және т.б.); 3) жобалық материалдар (кинофильмдер, видеофильмдер, слайдтар және т.б.).
Оқыту барысында коллекциялар мен моделдер Оқу қүралы жүйесіндегі едәуір салмақты рөл атқарады. Мектеп
коллекциялар мен моделдер коллекцияларында жаңа материалды оқу,
сонымен бірге өздік жұмыстарын қайталау үшін қолданылатын, сипаттамасына, қасиеттеріне қарай бөлінген заттар мен пәндердің жиынтығын түсінеді. Ботаника және зоология, сонымен бірге физика, химия, сурет, шеберханалардағы еңбек шеберханаларына коллекиялары кеңінен танылған. Мысалы, пластмасс, түз, оқшаулағыш, резистор, конденсатор, бояу, балға, шұрып және т.б. жиынтықтар. Оқу мақсатында қолданылатын көптеген коллекцияларды мұғалімдер оқушылармен бірігіп жасайды. Жаңа материалды түсіндіру барысында қатырма немесе жұқа ағашта
жасалынған демонстрациялық коллекциялар қолданылады. Коллекциялардағы әрбір зат жіктемей сай, белгімен көрсетілген бір орында бекітілуі тиіс. Заттың астында атауы мен қысқаша түсінік беріледі. Өздік жұмыстарға арналған коллекциялар шағын күйде қораптарда сақталады және үлестірме материал ретінде пайдаланылады.
Баспа құралдары оқыту тәжірибесінде кеңінен қолданылуда. Оларды дайындау қарапайым, әрі арзанға түседі, баспаханаларда басылып шығарылады немесе мұғалім оқушылармен бірігіп жасайды. Оларды табиғи заттармен немесе моделдермен бірге қосымша құрал ретінде қолданған дұрыс. Кестелер мен плакттардың бояуы өңіп, қағаздары құртылмауы үшін күн сәулесі түспейтін, арнайы орында ілінулі қалыпта сақтау қажет.
Моделдердің үш түрі бар. 1. Объект әрекетінің ұстанымын көрсетуге болатын модель. 2. Жұмыс схемасы немесе құрылымы көрсетілген модель. 3. Заттың ішкі түрі көрсетілген модель. Модельдің бірінші түрі тиімдірек болып келеді: оларды көрсету күшті әсер қалдырады, танымдық қызығушылық тудырады, үлгерім мен тәртіптің жақсаруына ықпал жасайды.
Электрлік сызбалар бейнеленген моделдер жұқа ағаштың үлкен қағаздарында, текстолит немесе басқа материалда дайындалады. Алдымен элементтер, индикаторлар жасалады. Моделдің үшінші түрін оқушылар үйірмелерде ірі көлемді объектілердің сыртқы түрін кішірейтіп, немесе керісінше демонстрациялау үшін дайындайды.
Мұнда белгілі бір заттың элементтері арасындағы пропорция (қатынас) сирек сақталады, қажет тетіктер ірі және ашық түспен бірінші қатарда беріледі. Дайындалған сызбаларда тетікті бейнелеу көлемі көру қабілетімен анықталуы тиіс, окушыларға заттың және оның сызбадағы бейнесінің шын мәніндегі көлемі туралы
түсіндіру керек. Типтік мектеп сыныптарында ең кіші тетіктің ұзындығы 5 см, ені 1 см болуы тиіс (жақсы көрінуі үшін).
Қара қоңыр түстес текстолиттегі сызба ақ немесе ашық бояумен сызылуы қажет.
Қара заттар ашық фонда, ал ашықтар қарада бейнеленуі тиіс. Сондықтан әрбір кабинетте (ақ-қара) фондық экрандар болуы қажет.
Көптеген оқу пәндерінде диаграммалар қолданылады, олар сызықша және салыстырмалы сипаттама немесе сандарды салыстыру мақсатында тікүшбұрыш, сектор және басқа да геометриялық фигуралар түрінде қолданылады. Сызықша диаграммалар қызметтік тәуелділікті суреттеу үшін қолданылады.
