- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •1.1. Дидактика туралы жалпы түйін.
- •1.2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
- •1.3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері
- •1.4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.
- •1.5. Қазіргі заман дидактикасы жүйесінің қалыптасуы.
- •2.1. Оқытудың мәні және түсінігі
- •2.2. Тұтас жүйелік оқыту үрдісінің сипаттамасы
- •2.3. Оқыту үрдісінің циклдігі (кезеңдері)
- •2.4 Оқытудың қызметтері
- •2.5 Оқытудың әрекет ретіндегі пәндік сипаттамасы
- •2.6. Оқыту үрдісіндегі окушыныц таньшдыц әрекеті
- •2.7. Оқушы мен оқытушының оқудың әртүрлі моделъдеріндегі әрекеттері
- •2.8. Окушының оқыту барысында дербестігінің қалыптасуы
- •3.1. Оқытудың заңдылықтары
- •3.2. Дидактиканың ұғымдары ретіндегі оқыту ұстанымдары
- •3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тақырып 4. Жалпы білім мазмұны
- •4.1. Білім мазмұнының түсінігі және мәні
- •4.2. Мектептік білім мазмұнының қалыптасу көздерімен факторлары
- •4.3. Жалпы білім беретін мектептерде білім беру стандарттарын енгзу мәселесі
- •4.4. Жалпы орта білім беретін мектептің оку жоспары
- •4.5. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдары мен оқулықтардың сипаттамасы
- •4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы
- •Тақырып 5. Мектептеп оқыту әдістері
- •5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы
- •5.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі
- •5.3. Оқу әдістерін таңдау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары және тапсырмалары
- •6.1. Оқу құралдары туралы түсінік
- •6.2. Қарым-қатынас құралдары
- •6.3. Оқу әрекетінің құралдары
- •6.4. Оқу кабинетін жабдықтау
- •6.5. Техникалық оқыту құралдары (тоқ)
- •7.1. Оқыту ұйымдастыру формалары және оларды жіктеудің негіздері туралы түсінік
- •7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.
- •8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі.
- •8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік.
- •8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы
- •8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы
- •8.5.Тақырып бойынша сабақтар жүйесі
- •8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары.
- •Мектеп оқушысының үй жұмысы.
- •8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы
- •8.8. Өз сабағын талдау және бағалау
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар мен тапсырмалар
- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар
- •9.3 Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау үрдісі
- •9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері
- •Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі
- •Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі
- •Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің анықталуы
- •9.5 Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы
- •9.6 Оқушының төмен үлгермеушілігі
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •10.1 Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістің түсінігі және мәні
- •10.2 Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығы
- •10.3 Инновацияның жіктелуі
- •10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері
- •10.5. Инновациялық оқу орындары
6.1. Оқу құралдары туралы түсінік
Оқу қүралы дегеніміз-бұл жаңа білімді түсіну үшін Оқу қүралдары оқытушы мен оқушының үрдісінен бөлек болады
туралы түсінік және және оқу үрдісінде қабылдау пәні ретінде немесе
оларды жіктеу басқа қызмет ретінде қатысады. Оқу құралдары мен
әдістері бір-бірімен тығыз байланыста болады, бір-бірімен үйлесімділікке қолданылады, сондықтан олар білім беру теориясында бірыңғай тұжырымдаманы құрайды. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы белсенділіктерінің әрекеттесуінде, әрдайым қарым-қатынастар және субъектердің әрекеттері байланысады және соның нәтижесінде әдістер мен құралдар оқушылардың оқуына жағымды әсер ету үшін қарым-қатынас және әрекет әдістері мен құралдарына бөлінеді.
Оқыту әдістері оқушылардың білім алудың мақсаты биік шыңдарға жету жолдары болып табылады. Мұғалім нақты түрде жаттықтырушының рөлін атқарады, ол өзінің жұмысын жақсы біледі және оқушыларды жақсы нәтижеге әкеледі. Оқыту құралдарына (мысалы) компас, карта, құрал-жабдықтар, биік шыңдарға жету жолында және "ой еңбегі, қауіпсіздік техникасының түрлі жол бағдарлары", "ырымдар", ауа райы, өсімдіктер және жануарлар туралы ережелер кездесуі мүмкін. Биік шыңдарға шығу үрдісінде әрдайым жолды және жол табу құралдарын айыру мүмкін емес, сол жолда орналасқан, бұл керек емес те, өйткені бұл үрдісте басқа да қажетті әдістер мен тәсілдер қолданылады.
Оқыту қызметі мен тәсілдерін атқаратын объектілерді әр түрлі негіздерге байланысты мына түрлерге саралауға болады: қасиеттерімен, іс-әрекеттер субъектілерімен білім деңгейіне әсер етуімен, басқа да қабілеттерді дамытудың түрлі тәсілдерімен, олардың оқудың үрдісіндегі тиімділігімен ажыратылады.
Объектердің құрамына байланысты оқу құралдары материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық оқыту құралдарына - оқулықтар, кестелер, макеттер, бөлмелер, жиһаз, оқу кабинеті жабдықтары, көрнекі құралдары, микроклимат, сабақ кестесі және т.б оқытудың материалдық-техникалық жағдайлары енеді.
Идеалдық оқыту құралдарына - мұғалім мен оқушылардың жаңа білімді алу үшін қолданылатын меңгерілген білімдері мен іскерліктері Л.С.Выготский (Собр. Соч. Т.1.сЛОЗ) оқытудың сөйлеу, жазу, схемалар, өнер туындылары, диаграммалар, еске сақтаудың техникалық жабдықтарын келтіреді. Жалпы жағдайда идеалдық құрал – мәдени мұраны, жаңа мәдени құңдылықтарды меңгеру құралы. Меңгерілген ақпарат білімге айналып оқытудың әдістері мен құралдары "алғашқы арсенал" бола алады. Бұдан оқушы пайымдауларды, дәлелдеулерді, есептерді, есте сақтау мен түсінуді алады.
Жүйелі оқыту барысында алынған білім жаңа білімді алуға көмектеседі, тұлғалардың интеллектуалдық, эмоциялық - еріктік саласын дамытады. Көбінесе олар оқушылардың интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Бұндай интеллектуалдық оқу құралдары оқушылардың ойлау қабілетінің дамуында үлкен рөл атқарады. Олар мұғалім сабақты түсіндіру барысында берілуі мүмкін, бірақ сонымен бірге оқушының өзімен немесе мұғалім мен оқушының бірге жұмыс істеген кезде алынуы мүмкін. Идеалдық әдістер мен құралдар - бұл "ой туралы ойлар" (мысли о мыслях). Мұғалім немесе оқушы оларды жеткізу үшін, оларды дұрыс формада көрсету керек. Ондай формалардың біреуі ретінде - ауызша айтылған сөз. Вербалдау бұл талдауды, дәлелдерді, ойлау құралдарды ауызша жеткізу. Басқа формаға-материалдандыру жатады. Ол бұл құралдарды дерексіз таңбалар түрінде көрсетеді, графиктер, кестелер, схемалар т.б. оған белгілі шебер мұғалім В.Ф.Шаталовтың ойлап тапқан тірек конспектіоері жатады. Шығармашыл мұғалімдер осындай кұралдарды жасайды, оқыту мотивтеріне, тиімділігіне және оқушының
ақыл-ойының дамуына жағымды әсер теді. Материалдық және
идеалдық оқу құралдары бір-бірімен байланысып, бірін-бірі толықтырады. Барлық оқу-құралдарының оқушылардың білім сапасына әсері алуан түрлі: материалдық құралдар көбінесе оқушыларды қызықтыру және олардың көңілін аудару үшін, жаңа білімді түсіну үшін керек, ал идеалдық құралдар пайымдау логикасымен, есте сақтаумен, сөйлеу мәдениетімен т.б. байланысты. Материалдық және идеалдық құралдар арасында нақты шекаралар болмайды. Олардың екеуінің жиынтығы оқушы тұлғасының осы немесе басқа қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді.
Идеалды құралдар алғашында мұғалім мен оқушыларының пәндерді қысқа таңбалық көрініс мағынасы ретінде қолданылады. Мұғалім материалдық құралдармен оқушылар материалдарды түсіну үшін олардың санасына әсер етеді. Сосын оқушылар материалдық құралдарды бірігіп жұмыс істегенде, сөйлегенде, есептерді бірге шығарған кезде қолданады. Материалдық құралдар сонымен бірге вербальдық болады. Одан әрі сөз қысқартылып, автоматтанатын және өз ойға айналатын міндеттерді шешуге бағытталған танымдық әрекет жасалады. Сыртқы, материалдық құралдар интериориаландыру негізінде оқушылардың ойлау кұралдарына айналады. Құралдарды қолданудың тиімділігі олардың мазмұны мен оқу әдістерінің белгілі үйлесімділігі арқасында мүмкін болады. Құралдар мен оқыту әдістерінің байланысы біркелкі емес: оқу құралдары көбінесе әр түрлі әдістермен қолданылу мүмкін және бір әдіске бірнеше сәйкес құралды таңдау мүмкін. Бұл техникалық құралдардың дамуымен, реттелген (біркелкі, көпмақсатты) демонстрациялық эксперимент пен зертханалық практикумдерге арналған қабырғалық суреттемелер.
Қазіргі оқыту құралдары көбінесе жаңа оқу әдістерін қолдануды көздейді. Солай, техникалық оқу құралдары құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсету арқылы оқу жұмысының әдістерін елеулі өзгертеді. Олар кітаптарға қарағанда оқушылардың қабылдауын тиімді ұйымдастырады және бағыттайды, оқушылардың қызығушылығын ынталандырады, жұмысқа жауапкершілігін арттырады, оқу ақпараты көздері мен өлшемдері қызметін атқарады. Білімді бақылау мен оқушының өз білімін өзі бақылауына мүмкіндік жасайды.
Компыотерлермен оқу - бұл оқу үрдісінің жаңа түрі болғандықтан оқытудың жаңа құралдары мен әдістері қолданылады, белгілік және графиктік модельдердің қызметіне түрлері пайдаланылады. Субъект қызметіне байланысты оқу құралдарын оқыту құралдары мен білім алу құралдарына бөлуге болады. Айталық, білім беру құралдарына демонстрациялық тәжірибені жабдықтауды жатқызуға болады, ал білім алу құралдарына- лабораториялық практикумды жатқызуға болады. Білім беру құралдарымен көбінесе мұғалім оқу материалын түсіндіру үшін қолданылады. Ал білім алу құралдарын оқушылар жаңа білімді түсіну үшін қолданады. Сонымен қатар кейбір кұралдар білім берумен қатар білім алуда да қолданылады.
Білім берудің құралдары мен әдістері мұғалімнің хабарлаушы және Білім беру басқарушы қызметін іске асырады да, үлкен мәнге ие болады.
құралдары Құралдар оқушылардың танымдық қызығуын қоздыру және
қолдайды, оқу материалдардың көрнекілігін жақсартады, оны түсініктірірек жасайды, зерттеген құбылыс туралы толығырақ және дәлірек ақпарат береді т.б. Оларды жаңа материалды түсіндіру құралдары, бекіту және қайталау құралдары және бақылау құралдары, ұстану құралдарына бөлуге болады. Білім беру құралдары мен әдістерінің атаулары көбінесе бір сөз тіркесіиде болады. Әдістер мен құралдарды қолданудың тиімділігі мұғалімнің сабақ үстіндегі тәртібі және жоспарлаудың жүйелігіне байланысты. Мысалы, логикалық қиын тақырыпты түсіидірген кезде, соңында теорияны көрсететін тәжірибе жасауға болады, технологиялық үрдіс туралы әңгімелер ұйымдастырумен бірге өткізуге болады, мәселелік оқытуда тәжірибе көрсету түсіндіруден бұрын болады: ол танымдық құрал қызметін атқарады да оқушылар тәжірибелерді байқай отырып болжам жасауға тиіс болады. Демонстрация кезінде оқушының көріп қабылдауы
ерекше маңызды. Сондықтан не көрсетілш жатыр, қайсысын бақылау керектігін үнемі нүсқап отыру керек.
Демонстрация кезінде мұғалім жұмысына жоғары талаптар қояды. Ол класқа объектінің жанында немесе артында алдымен тұруы керек. Сонымен қатар ол көрсету, түсіндіру және әр оқушының жұмысы мен тәртіпке бір уакытта қарауы керек. Мұғалімнің бұрыс әрекеттері тәртіптің бұзылуына, материалды дұрыс емес қабылдауына әкеледі, оқушылар санасында бұрыс бейнелер мен түсініктердің қалыптасуына әкеледі.
Әрбір құралдарды қолдану кезінде оқу заңдылығымен белгіленетін тепе-теңдіктер мен шектерді сақтау керек. Көрнекілік құралдарының болмауы немесе тым аз болуы білім саласын төмендетеді. Бірақ өте көп көрсетулер оқушылардың назарын бөледі. Қиын тақырыпта 4-5 көрсету жеткілікті. Көрсетілетін заттар және суреттер тақтадан соңғы орындардан көрінуі керек. Сыныпта бес қатар болғанда тақтадан көрсетілетіндердің үзындығы 5 см және ені 1см болуы керек. Егер объектілер кіші көлемді болса, оның көлеңкесін көрсету, немесе оның оптикалық көрінісін үлкейту, немесе үлестірмелі материал беру, немесе оқушыларды бірінше үстелдерге отырғызу қажет.
