Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дидактика каз лек.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
624.5 Кб
Скачать

5.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі

Қазіргі кездегі дидактиканың өткір мәселесінің бірі - Оқыту әдістерін оқыту әдістерін жіктеу. Дәл қазір бұл мәселе туралы

жіктеудің негізгі тәсілдері нақты бір жақты көзқарас жоқ, бұрынғы кездегі

жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне /әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме/ және оқушылардың жұмыс әдісіне /жаттығулар, өздік жұмыс/ т.б. бөлген.

Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:

а/ ауызша эдіс /білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады/;

б/ көрнекілік әдіс /көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар/;

в/ практикалық әдіс / оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім

алады, біліктілігі артады/.

Оқытудың ауызша әдісі - оқыту әдістері жүйесінде жетекші орын Оқытудың алады. Бір кездері бұл әдіс білім берудің бірден-бір тәсілі болған.

ауызша әдістері Прогресшіл педагогтер Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. ол

әдістерді ғана мойындауға қарсы болған, көрнекілік және практикалық әдістермен толықтыру қажеттілігін дәлелдеген. Қазіргі кезде оларды ескірген, "белсенді емес" деп жиі айтылып жүр. Ауызша әдіс аз уақытта көлемі жағынан үлкен, көп ақпарат беруге мүмкіндік жасайды. Мұғалім сөз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы балалардың санасына жеткізеді. Сөз оқушының ойын, есте сақтау қабілетін, сезімін жандандырады.

Ауызша әдістің мынандай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, пікірталас, лекция, оқулықпен жұмыс.

Әңгіме. Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жеткізеді. Бұл әдіс мектептегі оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады, тек әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді.

Әңгіме жаңа білімді баяндау әдісі сияқты әдетте педагогтық бірқатар талаптардан тұрады. Әңгіме:

- тек анық фактілерден тұру керек

- айтылатын ой-тұжырымның дұрыстығын растайтын сенімді де айқын мысалдар

жеткілікті түрде болу керек;

- баяндау нақты ойға құрылу керек;

- сезімдік күші болу керек;

- қарапайым, түсінікті тілмен баяндау керек;

- баяндалған фактілер мен оқиғаларға деген оқытушының жеке бағасы мен

көзқарасының элементтерін көрсетуі керек;

Түсіндіру. Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну керек.

Түсіндіру - бұл баяндаудың монологтік формасы. Түсіндіру көбінесе әр түрлі ғылымдардың теориялық материалдарын игеруде, химиялық, физикалық, математикалық есептерді, теорамаларды шешуде, табиғат пен қоғам өміріндегі құбылыстардың себептері мен салдарын ашуда қолданылады.

Түсіндіру әдісі мыналарды қажет етеді:

  • есептер, мән-жайлар, мәселелер,сауалдарды нақты әрі дәл қалыптастыру;

  • себеп-салдарлы байланыстарды, айғақтар мен дәлелдерді жүйелі түрде ашуды;

  • салыстыруларды, теңестірулер мен ұқсастарды пайдалануды;

  • айқын мысалдарды келтіруді;

  • мінсіз, таза баяндауды.

Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мектеп жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиімдірек.

Әңгіме. Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінуіне немесе өтілген материалды қаншалықты игергенгенін тексеруде мұғалімнің алдын-ала ойластырылған сұрақтар жүйесі жолымен шешкен оқытудың диалогті әдісі.

Әңгіме дидактикалык жұмыстың ең көне әдісіне жатады. Оны Сократ шеберлікпен қолдана білген. «Сократтық әңгіме» деген ұғым осыдан қалған. Орта ғасырларда оқулық бойынша сұрақтар мен жауаптарды тудыруға жетелейтін катехизикалық дейтін әңгіме кеңінен тараған. Қазіргі кезде мұндай әңгіме мектепте қолданылмайды.

Оқу материалының мазмұны мен нақты міндеттеріне оқушылардың

шығармашылық, танымдық қызметтері мен дидактикалық үрдістегі әңгіме орнына байланысты әңгіменің әр түрі бар: кіріспе немесе бастама әңгіме; ұйымдастырылатын әңгіме; хабарлама-әңгіме немесе жаңа білімді ашу және қалыптастыру (сократтық, эвристикалық); синтездеу (топтау), жүйелейтін немесе бекітетін әңгіме.

Кіріспе әңгіменің мақсаты - бұрынғы алынған білімді көкейкесті ету, оқушылардың интелектуалды, потенциалды және нақты мүмкіндіктерін, назарларын олардың алдында тұрған міндеттерді шешуде оқу-танымдық іс-әрекеттерін күшейтуге аудару. Осындай әңгіме барысында оқушылардың жаңаны танудағы жаңа іс-әрекеттеріне дайындығы мен түсіну деңгейі анықталады.

Хабарлама - әңгіме (эвристикалық әңгіме) оқушының өзін жаңа білімді игеру үрдісіне енуіне, білімді алу тәсілдерін іздеуіне, мұғалімнің қойған сұрағына өзінің жеке жауаптарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Эвристикалық әңгіме барысында мұгалім білімі мен практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оларды жаңа білімді игеру мен түсінуге, ережелер мен қортындыларды қалыптастыруға апарады. Оқушылардың осындай біріккен іс-әрекетінің нәтижесінде өзіндік күш жұмсау мен ойлау арқылы жаңа білімді игереді.

Синтездік немесе бекітетін әңгіме оқушыларды бұрыннан бар теориялық білімдері жүйелеуге, оларды жалпыға бірдей емес жағдайларда қолдану тәсілдерін және олардың шешулерін жаңа оқулық және пәнаралық негіздегі ғылыми мәселелерге аударуға бағытталған.

Әңгіме барысында сұрақ бір оқушыға (жеке сүхбат) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай әңгіме) қойылуы мүмкін.

Әңгіме тағы бір түріне әңгімелесу жатады. Ол тұтас сыныппен де, оқушылардың жеке топтарымен де өткізілуі мүмкін. Әсіресе, әңгімелесуді жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізген пайдалы. Себебі жоғарғы сынып оқушыларының өзіндік пікірлері болады, олар маңызды сұрақтарды қоя біледі, мұгалімнің талдауына қойған тақырыбына өз ойларын да айта алады.

Әңгіменің табысты өтуі көбінесе сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Мүғалім барлық оқушылар жауапқа дайындалуы үшін сұрақты сыныпқа қояды.

Оқушының санасын ояту үшін сұрақтар қысқа, нақты, мағыналы құрастырылған болуы керек. Жауапты табуға итермелейтін немесе жауапты табуға көмектесетін қосарланған сұрақ қоюға болмайды. «иэ» немесе «жоқ» деген екі бірдей жауапты қажет ететін қарама-қарсы сұрақты қоюға болмайды.

Тұтастай алғанда әңгіме әдісінің мынадай артықшылықтары бар:

  • оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіреді;

  • есте сақтау мен ауызекі сөйлеуін дамыту;

  • оқушылардың білімін ашық етуге көмектеседі;

  • үлкен тәрбиелік мәні бар;

  • жақсы бақылау (диагностика) құралы болып табылады; Әңгіме әдісінің кемшіліктері:

-көп уақытты қажет етеді;

-қауіптің элементтері бар (оқушы басқа оқушылардың қабылдап алулары

мен олардың есінде қалып қоятын дұрыс емес жауап беруі мүмкін);

- білімнің қосымша қоры болуы керек;

Оқу пікірталасы. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың сөздік әдістерінің ішінде дискусиялық оқыту ерекше орын алады. Оқыту үрдісіндегі оның ең басты бағыты -оқушыларды нақты немесе басқа да мәселелерді әр түрлі көзқараста белсенді түрде талқылауға тартуда олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, бөтеннің және өз бағытының дәлелдеріне әр түрлі көзқарасты ойлауды тудыру. Бірақ бұл үшін оқушылардың алдын-ала немесе нақты мазмұнда және формалды дайындығынан бұрын талқыланып отырған мәселеге ең аз дегенде екі қарама-қарсы пікірі болуы керек. Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама-қайшылыкты, шашыраңқы, алдымен сынаушыларды сендіруге айналады. (И.П Подласый. Педагогика.М., 1996). Бір жағынан дискусиялық оқыту оқушылардың өз ойларын ашық әрі нақты айтуға, дәлелді айғақтар жүйесін құруға жетелесе, ал екінші жағынан оларды ойлауға, пікір таластыруға, өзінің дұрыстығын дәлелдеуге үйретеді. Осындай жағдайда әрине, мұғалім оқушылар алдында өзін үлгі етіп көрсетіп, оқушылардың өз ойларын тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамыта алуы керек.

Оқу пікірталасы негізгі мектептердің жоғарғы сыныптары мен толық орта мектептердің сыныптарында жиі қолдануға болады.

Жақсы өткізілген дисскусиялық оқытудың зор тәрбиелік және білімділік мәні бар: оқушылардың мәселені терең ойлауына, өз пікірін жақтай алуы мен өзгенің де пікірімен санасуға үйретеді.

Лекция. Лекция - көлемді материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол әдетте жоғарғы сыныптарда қолданылып, бүкіл сабақты қамтиды. Лекцияның артықшылығы: оқу материалының логикалық мазмұндалуы; ақпарат ағынының көптігімен; берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады. Қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа оқу материалын тақырыптар немесе ірі бөлімдер бойынша игеруде лекцияны қолданудың маңыздылыңы барған сайын өсуде.

Мектепте өткізілетін лекция өтілген материалды қайталау кезінде де қолданылуы мүмкін. Мұндай лекцияларды шолу лекциялары дейді. Олар игерілген материалды жүйелеу мен қортындылау үшін бір немесе бірнеше тақырыптарға өткізілерді.

Қазіргі таңдағы мектептердегі оқыту әдістерінде лекцияны қолдану оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға, тақырыптық тапсырмаларды орындауға, оқу-танымдық міндеттерді шешу мәселелінде өзіндік ғылыми ізденістер жасауға ұмтылуға, өзіндік тәжірибе мен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да соңғы кездері жоғарғы сыныптарда лекцияны өткізу кеңінен етек алып келеді.

Кітаппен, оқулықпен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу ең маңызды әдіс болып табылады. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс істеу сабақта мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Ал одан әрі қарай оқушылар кітаппен өз еркімен жұүмыс істеуге үйренеді. Кітаппен жұмыс істеудің бірнеше түрлері бар.Олардың негізгілеріне мыналар жатады:

- конспектілеу - оқылғанды қысқаша баяндау, жазу. Конспектілеуді оқушы өзі немесе үшінші біреу атынан орындайды Конспектілеуді өзі орындау оқушының дербес ойлау қабілетін дамытады;

- мәтіннің жоспарын құру. Жоспар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Жоспар құру үшін тақырыпты оқығаннан кейін оны әр бөлікке бөлу және ат қою керек;

- тезистеу - оқығандағы негізгі ойларды қысқаша баяндау;

- сілтеме жасау - мәтіннен сөзбе-сөз көшіріп алу. Міндетті түрде қайдан алынғандығы туралы деректер көрсетіледі (авторы, шығарманың аты, шыққан орны, баспасы, баспаға шыққан жылы, беті);

- аннотациялау - оқылған материалдың мағынасын өзгертпей қысқаша баяндалуы;

- пікір беру - оқығанына өз көзқарасын білдіре отырып, қысқаша пікірін жазу;

- анықтама құрасту - ізденуден кейінгі бір нәрсе туралы мәлімет; Анықтамалар статистикалық, биографиялық, терминологиялық, географиялық және т.б. болады

- формалды – логикалық моделдерді құру - оқығанның сөздік - сызбалық -үлгілік көрінісі;

- тақырыптық тезаурусты құру - бөлім, тақырып бойынша базалық түсініктің реттелген жиынтығы;

- идеялардың матрицасын құру - әр түрлі авторлар еңбегіндегі құбылыстар мен біріңғай нәрселерге салыстырмалы түрде сипаттама беру;

Оқытудың сөздік әдісінің негізгі түрлеріне қысқаша түсініктемелер осындай. Осы жіктеу бойынша оқыту әдісінің екінші тобына көрнекілік әдісі жатады.

Оқытудың көрнекілік әдісіне оқу материалын игерудегі көрнекі Көрнекілік құралдар мен техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану жатады.

әдістер Көрнекілік әдістер оқытудың сөздік және практикалық

әдістерімен байланысты қолданылады және оқушылардың құбылыстарды, үрдістерді, объектілерді табиғи түрінде кабылдап, немесе барлық мүмкін суреттер, репродукциялар, сұлбалар және т.б арқылы символды көріністермен танысуына арналған. Қазіргі заманғы мектептерде экрандық техникалық құрал-жабдықтар кеңінен қолданылады.

Оқытудың көрнекілік әдісін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация әдісі мен демонстрация әдісі.

Иллюстрация әдісі оқушыларға иллюстративті көрнекіліктерді, плакаттарды, кестелерді, майлы бояу суреттерді, карталарды, тақтадағы суреттемелерді, жалпақ моделдерді және т.б. көрсетуді үсынады.

Демонстрация әдісі әдетте құралдарды, тәжірибелерді, техникалық кондырғыларды, кинофильмдерді, диафильмдерді және тағы басқаларды демонстрациялаумен байланысты.

Көрнекіліктерді осындай иллюстрациялы және демонстрациялыларға бөлу шартты болып табылады. Ол көрнекіліктің жеке құралдарын иллюстративті топқа жатқызумен қатар демонстрациялыққа да жатқызуы мүмкін. (Мысалы иллюстрацияны эпидиаскоп

немесе кодоскоп арқылы көрсету). Оқу үрдісіне жаңа техникалық құрал-жабдықтарын ( теледидар, бейнемагнитофон) енгізу оқытудың көрнекілік әдістерін кеңейтеді.

Қазіргі заманға сай көрнекіліктің мұндай түрін қолдануда жеке компьютерлерді қолдануга ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта мектептерде электронды-есептеу кабинеттерін құру, оқу үрдістерінде компьютерлерді пайдалану мәселелері қолға алынуда. Олар оқушыларға оқулықтағы бұрынғы тақырыптан игерілген көптеген үрдістерді қозғалыста (динамикада) көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер белгілі үрдістер мен жағдайларды моделдеуге, белгілі бір өлшемдер бойынша мүмкін болатын шешулердің ең тиімдісін таңдауға, яғни оқу үрдісінде көрнекілік әдістерді кеңейтуге мүмкіндіктер береді.

Оқытудың көрнекілік әдісін пайдаланғанда бірқатар Көрнекілікті тиімді шарттарды орындау қажет:

қолданудың шарттары а) қолданылатын көрнекілік оқушылардың жасына сай

болуы керек;

б) көрнекілікті шамадан тыс қолдануға болмайды және оны өтілетін сабаққа сәйкес бірте-бірте қолдану қажет;

в) бақылау барлық оқушылар демонстрацияланған затты көре алатындай етіп ұйымдастырылуы керек;

г) иллюстрацияны қолданғанда ең маңыздыны, басты нәрсені нақты айқындау керек;

д) кұбылысты демонстрациялау барысында түсіндірудің деталдарын ойластыру керек;

ж) демонстрацияланатын көрнекілік материалдың мазмұнына сәйкес келу керек;

е) көрнекі құралдан немесе демонстрациялық құрылымнан оқушылардың өздерін қызықтыратын ақпараттарын табуына ұмтылдыру керек;

Бұл әдістер оқушылардың практикалық іс-әрекеттеріие Практикалық негізделген. Оларға жаттығулар, зертханалық және практикалық

әдістер жұмыстар жатады.

Жаттығулар. Ол жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалатын оқыту әдісі. Жаттығулар барлық пәндерді игеруде және оқу үрдісінің әр түрлі кезеңдерінде қолданылады. Жаттығулардың түрі мен әдісі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты материалға, жауап берілетін сұраққа және оқушының жасына байланысты.

Жаттығулар түрлеріне қарай: ауызша, жазбаша, графикалыц, және оку-еңбектік болып бөлінеді. Олардың әр қайсысын орындау барысында оқушылар оймен жұмыс істеу мен практикалық жұмысты атқарады.

Оқушылардың дербестік дәрежелері бойынша жатығуларды орындау мынадай түрлерге бөлінеді:

а) қайталау жаттығулары - бұрын қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады;

б) арнаулы жаттығулар- жаңа жағдайларда білімді қолдануға байланысты жаттығулар.

Түсіндірілген жаттығулар - оқушының жаттығуды ішінен немесе естірте айта отырып орындайтын жаттығулары. Бұл мұғалімге оқушының қателіктерін байқап, оны түзетуіне көмектеседі.

Жаттығуларды қолданудағы ерекшеліктерді қарастырайық.

Ауызша жаттығулар логикалық ойлауды, есте сақтауды, тіл мәдениетін және оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Олар жазуға уақытты қажет етпейтін жылдамдығымен ерекшеленеді.

Жазбаша жаттығулар білімді қортындылау мен оларды қолдана білуге үйрену үшін арналады. Оларды қолдану логикалық ойлауды, жазба мәдениетін және өздігінен жұмыс жасай білуге үйретеді. Жазбаша жаттығулар ауызша және графикалық жаттығулармен қатар жүреді.

Графикалық жаттығуларға оқушылардың сұлбалар, сызбалар, кестелер, технологиялық карталар, альбомдар, плакаттар, қабырға газеттерін дайындауы, зертханалық-практикалық жұмыстарды өткізудегі суреттемелерді орындауы, саяхаттар және т.б. жатады.

Графикалык жаттығулар әдетте жазба жұмыстарымен бірге орындалады жэне біріңғай оқу міндеттерін шешеді. Оларды пайдалану оқушыларға оқу материалдарын жақсы қабылдап, есте сақтауларына көмектеседі. Графикалық жаттығулар оқушылардың өзіндік деңгейлеріне қарай оларды орындау барысында еркін, арнаулы немесе шығармашылық сипатқа ие болуы мүмкін.

Оқу-еңбектік жаттығуларға өндірістік-еңбек бағытына ие оқушылардың практикалық жұмыстары жатады. Бұл жаттығулардың мақсатына оқушылардың теориялық білімдерін еңбекте қолдану болып табылады. Мұндай жаттығулар оқушыларды еңбекке баулуға көмектеседі.

Жаттығулар мынадай бірқатар талаптарды орындағанда ғана тиімді болады: оларды оқушылардың саналы түрде орындаулары; жаттығуларды орындау барысында дидактикалық жуйелілікті сақтауы.

Алдымен оқу материалын жаттауға және есте сақтауға, онан соң - қайталауға -меңгерілгенді қолдануға - оқылған материалды дәстүрден тыс жағдайларға өз бетімен көшіру - жаңа материалды меңгерілген білімдер жүйесіне еңгізуге мүмкіндік беретін шығармашылық деңгейдегі қолдану.

Кей жағдайларда мәселелік-ізденісті жаттығуларды орындау оқушылардың дұрыс болжаулары мен іштей сезінуін дамыту үшін аса қажет.

Зертханалық жұмыстар - оқушылардың құрал-жабдықтарды және басқа да техникалық көрнекіліктерді пайдалана отырып, мұғалімнің тапсырмасы бойынша тәжірибелерді өткізуі, яғни бұл оқушылардың арнайы құралдар арқылы білімді меңгеруі.

Зертханалық зерттеу жұмыстарының әр түрлілігі оқушылардың жеке құбылыстарды ұзақ уақыт бақылаулары да болуы мүмкін, мысалы есімдіктердің өсуін немесе жануарлардың дамуын, табиғат құбылыстарын бақылау. Кейбір мектептерде лабораториялық жұмыстарға оқушылардың өлкетану мұражайларының экспонаттарын немесе мектеп мұражайларын толықтыруы, өз өлкесінің фольклорын зерттеулері т.б жатады. Барлық жағдайда да мұғалім оқушыларға нұсқау береді, ал оқушылар өз зерттеулерінің нәтижелеріы сандық көрсетулер, графиктер, сызбалар мен кестелер ретінде есеп беру үшін жазып отырады. Лабораториялық жұмыстар сабақтың бір бөлігі болып табылады.

Практикалық жұмыстар оқу материалының үлкен бөліктерін игергеннен кейін жүргізіледі және жалпылама қорытушы сипатқа ие болады. Олар тек сыныпта ғана емес, мектептен тыс та жүргізілулері мүмкін (мектеп жанындағы үлестегі жұмыс, жергілікті жердегі өлшеу жұмыстары).

Оқытудың практикалық әдісінің ерекше түріне машиналармен, тренажерлармен және репетиторлармен үйрену жатады.

Білім көздері бойынша оқыту әдістерін жіктеудің қысқаша сипаттамасы осындай. Оны педагогикалық әдебиеттерде бірнеше рет және жеткілікті түрде сынады. Оның басты кемшілігі бұл жіктеудің оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің сипатын көрсетпеуінде деп саналуында. Дегенмен де бұл жіктеу тәжірибелі мұғалімдер мен ғалым-әдіскерлердің арасында кеңінен қолданылып келеді.

Оқыту әдістерін жіктеу авторларының еңбегі мектепте оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану қажеттігінен тұрады - мұғалімнің білімді жүйелі түрде баяндауы, кітаппен жұмыс, ауызша, жазбаша жұмыстар және т.б.

Бірақ та оқыту әдістері негізіне оқытушы мен оқушы іс-әрекеттерінің сыртқы формалары ала отырып, оқу үрдісіндегі ең маңыздысы - білімді игеру сапасы мен ойлау қабілеттерін дамытатын оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сапасын естен шығарып алды. Соңғы онжылдықтағы педагогтар мен психологтардың теориялық зерттеулерінің нәтижелері білімді игеру мен іс-әрекеттің тәсілдері үш деңгейде өтетінін растайды: саналы түрде кабылдау және сырт пішіні бойынша оку материалын ашудың түп нұсқасына дәл әрі жақын келетін есте сақтау; білімді қодану деңгейі мен үлгі немесе ұқсас жағдайдағы іс-әрекеттің түрлері; білімді шығармашылық деңгейде қолдана білу мен іс-әрекеттің түрлері;

Оқыту әдістері меңгерудің барлық деңгейін қамтамасыз етуге қызмет жасайды. (Ресей педагогикалық энциклопедиясы, Т.І., 1993.567 бет)

Осыдан барып, педагог-ғалымдар жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап-ақ, жоғарыда көрсетілген оқушылардың білімді меңгеру деңгейлері мен іс-әрекеттерінің тәсілдерін ескере отырып, оқытудың әдістерін жіктеу мәселелерінің тәжірибелеріне көбірек көңіл бөле бастады.

XX ғасырдың 60-жылдары білім беруде танымдық ойындар Дидактикалық кеңінен қолданыла бастады. Кейбір ғалымдар оны оқытудың

ойындар - практикалық әдісіне жатқызады, ал басқалары оны ерекше топқа

оқыту әдісі жатқызады.Танымдық ойындарды әдістерден бөліп, ерекше

топқа жатқызу біріншіден, олардың көрнекілік,сөздік және практикалық әдістердің әлементеріи ала отырса да, олардан тыс екендігінде, ал екіншіден, олардың өзіне тән ерекшеліктерінде болып табылады.

Дтдактикалық ойын - оқушылардың өздері шешімдерін табатын, моделдейтін, арнайы ситуациялар құру. Ойынның басқа іс-әрекеттен айырмашылығы оның негізі адам өмірінің іс-әрекеті екендігінде. Дидактикалық ойынның негізі оқу іс-әрекетінің ойынмен жалғасуы және ойын мен оқу іс-әрекеттерінің біріккен сипатына ие.

Дидактикалық ойындар — оку іс-әрекетіне бағытталған әрбір қатысушы және топ тұтастай бір міндетті шешуге біріккен және де жеңіске жетуде өздерін қадағалайтын ұжымдық ойын.

Оқыту мақсатындағы ойынды оқу ойыны деп атауға болады. Оның негізгі элементеріне мыналар жатады:

  • оқу әрекетінің моделденетін объектісі;

  • ойынға қатысушылардың біріккен әрекеті;

  • ойын шарты;

  • өзгерген шарттарда шешімдер қабылдау;

  • қолданылған шешімнің тиімділігі;

Дидактикалық ойынның технологиясы - бұл мәселелік оқытудың нақты технологиясы. Мұнда ойын түріндегі оқу әрекеті мынадай қасиеттерге ие: онда оқушылардың танымдық іс-әрекеті өзіндік әрекет етуге ие және ақпарат іс-әрекеттің өзінің нәтижесі болып табылады.

Дидактикалық ойындар циклі мәселені шешу үрдісінде оқу іс-әрекеттерінің үздіксіз жүйелілігінен тұрады. Бұл үрдіс шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлінеді:

-өзіндік сабақтарға дайындалу;

- басты міндетті қою;

-объектіні имитациялау моделін таңдау;

-оның негізінде міндетті шешу;

-тексеру, түзету;

-оның нәтижелерін бағалау;

-бар тәжірибелермен алынған нәтижелерді талдау мен жинақтау;

- жабық технологиялық цикл бойынша кері байланыс;

Дидактикалық ойындар оқытудың әдісі ретінде оқытудың белсенділігін арттырудың үлкен мүмкіндіктеріне ие. Сонымен бірге мектеп тәжірибесі және өткізілген тәжірибелердің нәтижелері дидактикалық ойындардың оқытуда маңызды рөл атқаратынын көрсетіп отыр.

Оқыту әдістерін жіктеудің М.Н Скаткин мен И.Я.Лернер Оқушылардың ұсынған түрі кеңінен тараған. Олар оқыту әдістерін

танымдық оқытылатын материалдарды игеру үшін жасалатын

әрекеттерінің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай

сипатына түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, мәселелі баяндау,

қарай оқыту жеке-іздестіру мен зерттеуге бөлуді ұсынады. Бұл жіктеу

әдістерін жіктеу жоғарыда көрсетілген әдісті анықтаудың теориялық деңгейіне

сәйкес. Мұнда әдістер саны қатаң шектелген және теориялық білімді сипаттайды: ғылыми танымды осы және басқа объектілерге пайдаланады, шексіз көп қасиетті объектілерді шектеулі белгіленген қасиеттер, байланыстар мен қатынастары бар объектілерге айналдырамыз.

Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс мұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табылады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған білімді қолдана алуға керек іскерлік пен дағдыны қалыптаспайды.

Репродуктивті әдіс оқушылардың оқытудағы икемділігі мен дағдысын қалыптастыру үшін қолданылады. Оның мәні мұғалімнің тапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады.

Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгісінен тұрады, ал оқушының іс-әрекеті үлгі бойынша әрекетті орындаудан тұрады.

Мәселелік әдістің мәні мұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып, өзі соны шешудің жолдарын қарама-қарсылықтарды аша отырып, көрсетуден тұрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін көрсетумен және ғылыми мәселені шешу мәселесінен тұрады.

Оқушылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақындауы мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәлелелі тапсырманы бірнеше бөлікке бөлуінен, ал оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады. Әрбір қадам шығармашылық әрекетті талап етеді, бірақ мәселені тұтастай шешу әзірше мүмкін емес.

Осы мақсатты шешуде оқытудың зерттеу әдісі қолданылады. Ол білімді игеруде шығармашылықты қолдануды ұсынады.Оқушылар ғылыми танымның әдістерін игеріп, зерттеу іс-әрекетітінің тәжірибесін қалыптастырады. Оқыту әдістерінің әртүрлілерін қолданғанда мұғалім мен оқушының әрекетін танымдық әрекеттің деңгейлері бойынша жіктеліп жалпы түрде мына кестедегідей етіп көрсетуге болады.

Әдістің қысқаша мазмұны

МҰҒАЛІМІҢ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ

1.Түсіндірмелі -көрнекілік әдіс (Ақпараттық-рецептивтік)

Әдістің басты бағыты

оқушының ақпаратты оқу құралдарын хабарлау

арқылы игеруін ұйымдастыру және жақсы қабылдауын қамтамасыз ету.

Түсіндірмелі — корнекілік әдіс-оқушыларға адамзаттың жүйелі тәжірибесін берудің бірден-бір үнемді жолы.

1 .Оқу ақпаратын әртүрлі дидактикалық құралдарды қолдану арқылы жеткізу: сөздер, түрлі құралдар, оның ішінде кино және диафильмдер, т.б. Оқушы талқылауды, әңгімелесуді, тәжірибе алмастыруды

кеңінен қолданады

1. Оқушының әрекеті берілген ақпаратты

қабылдауға, оймен

саралауға және есте сақтауға негізделеді

2. Репродуктивтік әдіс

Әдістің басты бағыты — алған білімді қолдану мен

пайдалануды білу және дағдыны қалыптастыру.

2. Әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды

қолдану, құрастыру жэне түрлі құрылымдар мен бағдарламаланған түрде оқытуды пайдалану

2. Оқушы әрекеті әртүрлі тапсырмаларды шешуде олардың белгілі бір жаттығуларды орындау амалдарында ие болуға, практикалық іс-әрекет алгоритмге сүйенуіне тура келеді.

3. Мәселелі әдіс (мәселелі шығарма)

Әдістің негізгі мақсаты -менгеретін оқу материалында әртүрлі мәселелер мен әдістер және олардың шешімдерін ашуды көрсету.

3. Мәселердің жіктелуін оқушы алдына қойып, болжамдық көріністің

тәсілі және оның тексерілуі тиіс. Тәжірибе жүргізу барысында оған мәселе қою, логикалық ой тұжырымдау кіреді. Және де оқушы сөзбен, ой тұжырыммен, тәжірибе көрсеткішімен бақылау, талдау және т.б.

қолданылуы мүмкін.

3. Оқушылардың әрекеті қабылдаумен ғана шектелмейді, дайын ғылыми нәтижені ойлау мен еске сақтау , бірақ дәлелдеудің логикасын бақылау, оқушының ойлау әрекетіндегі (мәселе, болжам, дәлелдеме көрсеткіші немесе қозғалған ұсыныстың жалғандығы т.б)

4. Жеке ізденістегі әдіс немесе эвристикалық әдіс Әдістің негізгі бағыты -оқушының үнемі дайындық үстіндегі мәселені өзіндік қоюы жәэне мәселені шешу.

4. Оқушылардың мәселені қалыптастыруды, оларға дәлелдеуді көрсетуді,

келтірілген мәселеге

шешім қабылдатуды,

негіздерге жоспар

құрғызуды үйрету болып табылады. Оқушы

эвристикалық сұхбаттарды кеңінен қолданады, жүйелі түрде өзара байланысты сұрақтарға талап қоятын әр қадамы мәселенің

шешілуіне себеп болады

4. Оқушының әрекеті белсенді эвристикалық сұхбаттарда қалыптасады да мәселе қою және оны шешу жолын табуды меңгеру барысында

оқушы белсенді қатысады және т.б.

5. зерттеушілік әдіс.

әдістің негізгі бағыты ғылыми-таным әдісімен қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық әрекетті оәдағыдай қамтамасыз ету

5. Оқушыларға жаңа мәселелерді ұсыну, зерттеу тапсырмаларын жасауды тапсыру және т.б.

Оқушының әрекеті олардың өз бетімен мәселе қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады.

Осы жіктеуге сәйкес оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының әр түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленеді (Российская педвгогическая энциклопедия. М., 1993. Т.1. с.567).

Сонымен, оқыту әдістерінің осы жіктемесіне сәйкес олар бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының түрлерін меңгергендегі танымдық әрекетінің сипатымен және оқушылардың осы түрлі әрекеттерін ұйымдастыратын мұғалімнің әрекетінің сипатымен ажыратылады.

Оқыту әдістерін жіктеудің басқа да тәсілдері кездеседі. Мысалы Ю.К.Бабанский оқыту үрдісін тұтас негізде мынадай үш топқа бөледі:

1. Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және атқару әдістері:

а) сөздік жөрнекілік және практикалық (оқу ақпаратын беру және қабылдау аспектісі);

б) индуктивті және дедуктивті (логикалық аспект);

в) репродуктивті және мәселелі -ізденістік (ойлау аспектісі);

г) өзіндік жұмыстар және мұғалімнің басшылығымен болатын жұмыстар;

2. Ынталандыру мен мотивация әдістері:

а) оқуға қызығушылық;

б) оқуда міндет пен жауапкершілік.

3. Оқытуда бақылау мен өзіндік бақылау әдістері: а) ауызша, жазбаша, зертханалық-практикалық.

Қазіргі таңда оқыту әдістерін жіктеуге көзқарастың көпшілігі объектіні зерттеудің күрделілігімен және қоғам алдындағы міндеттердің маңыздылығымен айқындалады. Жаңа талаптарға сәйкес ғалымдар мен мұғалімдер осы міндеттерді шешуде оқытудың ең тиімді, жақсы әдістерін іздестіруде. Міне, сондықтан да оқытудың әдістерін жіктеуге барлық көзқарастарды бағалай отырып, көптеген дидактиктер мен әдіскерлердің ізденістері мен ұсыныстарын оқыту үрдістерінде қолдану керектігі бүгінгі таңда дұрыс әрі қажет екендігін айта кету керек. Бұл ізденістер: а) енжар білімдердің белсенді қызметтерін жандандыру; б) жаңа білімдер меңгеруге және оларды практикада қолдануға итермелейді. Бұл ретте оқыту әдістерінің түрліше жіктеу оқушылардың оқытудағы оқу-танымдық әрекетіне септігін тигізетін түрліше мүмкіндіктері бар екені айта керек. Білім көздері бойынша жіктелген әдістер оқушыны оқу міндет деп түсінуге бағыттайды. Танымдық әрекет негізінде жіктелген оқыту әдістері оқушыларды мәселелік - танымдық міндеттерді шешуге, оқу танымында қиындықтарды жеңуге мақсатқа жетуге ұмтылуға, үнемі ізденіс жолында болуға, табыс, қуаныш сияқты сезімдерге итермелейді. Сабақта оқушылардың интеллектуалдық көңіл-күйін қолдау мақсатында түрліше тәсілдер қолданылады. Олардың тәжірибесі мұғалімдердің практикасында көп тараған дарын атайтын болсақ, олар мыналар: сезімдік-адамгершілік жағдаят туғызу, ойындық-қызығушылық жағдаят келтіру, табысқа жету жағдаятын жасау, таңқалу тәсілдерін, тәжірибелерді кейбір табиғи құбылыстарды ғылыми және тұрмыстық талқылауларды қарсыластыруды оқу үрдісіне еңгізу және басқалар.