Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дидактика каз лек.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
624.5 Кб
Скачать

Тақырып 5. Мектептеп оқыту әдістері

5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы

Мұғалім мен мектеп жұмысының нәтижелі, табысты «Оқыту әдісі» болуы оқыту әдісіне байланысты, оған бірнеше ондаған

ұғымын анықтаудың жылдар бойы педагогика теориясы мен жекелеген

негізгі тәсілдері пәндерді оқытуда іргелі зерттеулер жүргізіліп келеді.

Осыған карамастан, оқыту әдісінің мәселесі өзекті болып қала бермек және педагогикалық басылымдарда өткір пікірталастар туғызып келеді. Бұл пікірталастар теориялық қағидаларды жасаушы педагогтардың әдістердің жеке топтарын эмпирикалық жазып көрсетуден оқыту әдістерінің ғылыми жүйесін негіздеуіне көшу және оқыту әдісінің табиғатын ашу арқылы оның мәнін түсіндіру төңірегінде жүріп жатыр. Оқыту әдістерінің пайда болуы мен даму тарихының өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог-ғалымдар мектептегі оқу үрдісін бақылау барысында сабақтағы мұғалім мен оқушы

қызметінің әр түрлілігіне назар аударған. Олар мұндай әрекет түрлерін оқыту әдістері деп атаған. Мысалы, мұғалім жаңа материалды түсіндіреді - ол түсіндіру әдісін қолданады, оқушылар материалды өз бетінше оқып үйренеді - бұл өздік жұмыс әдісі; оқушы практикалық тапсырманы орындайды - бұл практикалық жұмыс әдісі, мүғалім сабақта көрнекілік материал қолданады - бұл иллюстрация әдісі т .с.с. оқыту әдістерін осылайша қарастыру түрлі авторларға көптеген оқыту әдістерін бөліп көрсетіп, олардың аттарын белгілеуіне себеп болды.

Е.И.Перовский, Н.М.Верзилин, Е.Я.Голант оқытудың сөздік, түсіндіру, көрнекілік және практикалық әдістерін көрсетсе, М.А.Данилов, Б.П.Есипов оқыту әдістерін білім алу әдісі, білік пен дағдыларын қалыптастыру, білім, білік дағдысын тексеру, бекіту әдістерін, Е.Я.Голант әдістерінің 2 тобын бөліп көрсетуді ұсынды: активті /белсенді/ және пассивті оқыту әдістері. Танымдық әрекет сипатына қарап, бұл екі әдіс әртүрлі іске асырылуы мүмкін. Жеке дидактар мен әдіскерлердің бұл түсінікке түрлі анықтамалар бергеніне қарамастан, көртеген авторлар оқыту әдісін оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі деп қарастыруда.

«Метод» /әдіс/ термині - гректің «methodos» деген сөзінен Оқыту әдісінің шыққан, ол шындыққа жақындау, күткен нәтижеге жету

мәні мен түсінігі жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық

практикада мұғалімнің сабақ беру тәсілі мен оқушы қызметінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі.

Оқыту эдісі үш белгісімен сипатталады: оқыту мақсаты, меңгеру тэсілі мен оқыту субъектісінің өзара эрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің түсінігі бойынша:

  1. Мүғалім қызметінің оқыту тэсілі мен оқушы эрекетінің оқу тәсілі жэне олардың өзара байланысы.

  1. Окытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі.

Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушының бірлесе отырып оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуге бағытталған әрекет тәсілдері, әдістің бұл анықтамасы оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын бейнелейді. Дегенмен, "реттелген тәсіл" дегеннің не екені анықталмай қалады. Демек осы жағдайда қайталауға орын беріліп тұр. Сөздіктерде "әдіс" "тәсіл", ал тәсіл әдіс ретінде анықталады. Егер кезкелген әрекет тәсілін әдіс деп есептесек, теориялық деңгейде "әдіс" ғылыми ұғым ретінде өз мағынасын жоғалтады. Егер біз "оқыту әдісі" түсінігін дидактиканың, яғни оқытудың педагогикалық теориясының құрамына еңгізгіміз келсе, онда біз әдістің оқу-әрекетінің түрлі формаларында іске асатын мәнімен байланыстыратын анықтаманы қабылдауымыз керек. Бұл ретте "оқыту" әдісін білім алушылардың білім мазмұнының белгілі бір бөлігін меңгеруге бағытталған сабақ оқыту мен білім алудың бірыңғай әрекетінің моделінің оқу жұмысының нақты формаларында көрініс табады нормативтің логикалық түріне жатқызуға және оған мынадай анықтама беруге болады. Бұл анықтама моделдеуді моделдік көрсету (көрсетілім моделдер) үлкен рөл ойнайтын теориялық білімді қалыптастырудың ажырамас бөлігі деп түсінетін бағытта алуға сүйенеді.

«Модель» /үлгі/ сөзін «жалпы теориялық түсінік» үғымымен алмастырсақ, онда әдіс дегеніміз - мұғалім мен оқушының бірлесе отырып оқыту мақсатын, яғни дидактикалық мақсаттарды шешуге бағытталған бірыңғай әрекеті туралы жалпы теориялық түсінік болып табылады. Осы көзқарастағы әдіс білім берудің белгілі бір мақсатын іске асырудың тиімді құралдарының педагогикалық ойластырылған түрі болады.

Әдістер педагогикалық практикада түрлі формада жүзеге асырылады: Оқыту нақты әрекеттерде, тәсілдерде, ұйымдастыру формаларында т.б.

тәсілдері бұнда әдістер мен тәсілдер бір-бірімен тығыз байланыста емес.

Мысалы әңгіме немесе кітаппен жұмыс тәсілдерінде оқытудың түрлі әдістерін табуға болады. Әңгіме эвристикалық болуы мүмкін немесе есте сақтау мен бекітуге бағытталып және тиісті әдісті жүзеге асыру репродуктивті сипатқа ие болуы да мүмкін. Оқулықпен жұмыс туралы да осыны айтуға болады. Мысалы әңгіме немесе оқулықпен жұмысты бір жіктеме бойынша тәсілге, басқа жағынан әдіске де жатқызуға болады. Тәсілдер саны оқу материалының мазмұнына, мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты шексіз ұлғайып отыруы мүмкін. Көптеген тәсілдердің үйлесім табуы сабақ беру әдістемесін құрайды.

Педагогикалық шыңдықта оқыту әдістері оқыту тәсілдері сияқты, оқытудың түрлі құралдарымен іске асады, оған материалдық және идеалдық объектілерде оқушылардың оқу әрекетін тиімді ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Әдіс-тәсілдер оқытудың түрлі жолдары мен оқыту құралдары арқылы жүзеге асырылады: әр-түрлі қызмет түрлері арқылы /оқу, ойын, еңбек/, рухани мәдениет туындылары, сөз, сөйлеу т.б.

Әрбір жеке алынған оқыту әдісі белгілі бір логикалық құрылымға Оқыту әдісінің ие, индуктивті, дедуктивті немесе индуктивті-дедуктивті. Онын

құрылымы айғағы ретінде И.Я.Лернердің осы облыстағы зерттеулері дәлел

болады. Оқыту әдісінің логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың оқу әрекетін құруға бағынышты.