- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •1.1. Дидактика туралы жалпы түйін.
- •1.2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
- •1.3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері
- •1.4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.
- •1.5. Қазіргі заман дидактикасы жүйесінің қалыптасуы.
- •2.1. Оқытудың мәні және түсінігі
- •2.2. Тұтас жүйелік оқыту үрдісінің сипаттамасы
- •2.3. Оқыту үрдісінің циклдігі (кезеңдері)
- •2.4 Оқытудың қызметтері
- •2.5 Оқытудың әрекет ретіндегі пәндік сипаттамасы
- •2.6. Оқыту үрдісіндегі окушыныц таньшдыц әрекеті
- •2.7. Оқушы мен оқытушының оқудың әртүрлі моделъдеріндегі әрекеттері
- •2.8. Окушының оқыту барысында дербестігінің қалыптасуы
- •3.1. Оқытудың заңдылықтары
- •3.2. Дидактиканың ұғымдары ретіндегі оқыту ұстанымдары
- •3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тақырып 4. Жалпы білім мазмұны
- •4.1. Білім мазмұнының түсінігі және мәні
- •4.2. Мектептік білім мазмұнының қалыптасу көздерімен факторлары
- •4.3. Жалпы білім беретін мектептерде білім беру стандарттарын енгзу мәселесі
- •4.4. Жалпы орта білім беретін мектептің оку жоспары
- •4.5. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдары мен оқулықтардың сипаттамасы
- •4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы
- •Тақырып 5. Мектептеп оқыту әдістері
- •5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы
- •5.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі
- •5.3. Оқу әдістерін таңдау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары және тапсырмалары
- •6.1. Оқу құралдары туралы түсінік
- •6.2. Қарым-қатынас құралдары
- •6.3. Оқу әрекетінің құралдары
- •6.4. Оқу кабинетін жабдықтау
- •6.5. Техникалық оқыту құралдары (тоқ)
- •7.1. Оқыту ұйымдастыру формалары және оларды жіктеудің негіздері туралы түсінік
- •7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.
- •8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі.
- •8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік.
- •8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы
- •8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы
- •8.5.Тақырып бойынша сабақтар жүйесі
- •8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары.
- •Мектеп оқушысының үй жұмысы.
- •8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы
- •8.8. Өз сабағын талдау және бағалау
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар мен тапсырмалар
- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар
- •9.3 Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау үрдісі
- •9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері
- •Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі
- •Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі
- •Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің анықталуы
- •9.5 Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы
- •9.6 Оқушының төмен үлгермеушілігі
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •10.1 Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістің түсінігі және мәні
- •10.2 Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығы
- •10.3 Инновацияның жіктелуі
- •10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері
- •10.5. Инновациялық оқу орындары
1.2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
Жоғарыдағы дидактика объектісіне байланысты әр-түрлі анықтамалар келтірілді. Бірақ көпшілігі мақұлдаған, дидактикалық талдаудың басты салаларының ұғымы –оұытудың мазмұны менпроцесі (әдістері, ұйымдастыру тәртіптері). Қайткенмен оқытуды тусіну де бір мағынада емес.
Ал дидактика пәні туралы пікірлердің көптігі сонша, зорға есепке алынады. Сонымен қатар көбінесе ғылым объектісі мен құралы ажыратылмайды.
Кейбір анықтамаларды келтірейік. Біреулер дидактиканың объектісі ретінде оқытуды, білім мен тәрбиелеу құралы ретінде қарастырса; екіншілері –оқытудың заңдылықтарымен ұстанымдрын, олардың мақсатын, білім мазмұнының ғылыми негіздерін, әдістерін, формаларын оқыту құралдарын; үшіншілері –бірге оқытудың және білім алудың өзара әрекетін; төртіншілері –жалпы дидактиканың пәні деп тек оқыту –процесі ғана емес, дамуына сәйкес жағдайлар (мазмұны, ұйымы, құралы, т.б.) да, сонымен қатар бұл жағдайларды жүзеге асыратын әр-түрлі тұрақты нәтижелер деп есептейді.
Мұндай ғылыми пәннің зерттеу пәнін шашымды әдіснамалық котигориялар ғылым объектіс мен пәні бөлінбегенін түсіндіреді. Көбінесе дидактикалық талдаудың алдына тускендер белгіленеді, яғни зерттеудің әр-түрлі объектілері ерекшеленеді. Егер бүкіл осы анықтамаларды жинақтасақ, онда дидактиканың мақсаттары, мазмұнды, заңдылықтары, әдістері және оқыту принциптері зерттелетінің мойындалады. Бұл жалпы анықтамаларды зерттеуге, дидактиканың мақсаттары, мазмұнды, заңдылықтары, әдістері және оқыту принциптері зерттелетіні мойындалды. Бұл жалпы анықтамаларды зерттеуге дидактиканың объектіге ықпалының әсері анықталады. Ол дидактиканың немен айналысатыны туралы елес береді. Дидактика білімнің жалпы мақсатын оқыту жағдайына қолданатын педагогика тіліне аударды. Бірақ мұндай мақсаттардың анықталуы мен қалыптасуына тек дидактика ғана қатыспайды, басқа да ғылымдар қатысады: философия, социология, психология және т.б.
Ары қарай, оқытуда тек дидактикалық заңдылықтар ғана емес, басқалары да әрекеттенеді, мысалы, психологиялық және физиологиялық. Ақпараттың айналымының жалпы заңдылықтарын көбінесе информатика, кибернетика, синергетика зерттейді. Оқыту ұстанымдары көптеген ғылымдардың құбылыстарды зерттеуі нәтижесінде белгіленеді.
Егер біз тек дидактиканың немен айналысатының көрсеткіміз келсе, онда ары қарай жүру қажет. Бұл ғылым пән түсіну үшін құрамындағы оқыту объектіснің үлкен және зор бөлшектері өздерінің бірлігінде, өзара байланысында және дидактикалық көзқарас жағынан қарастыру қажет. Соған қоса педагогикадан жиналған бүкіл оқыту туралы білімді ескерген жөн және дидактиканың қазіргі ғылыми деңгейін, жүйелерін, мүмкіндіктерін, әсіресе ең бастысы –оқыту практикасының ғылыми дәйектемесінің мақсатын, яғни мұғалімдрдің практикалық қызметтерін анықтау қажет. Онда дидактика пәні туралы (зерттеу жұмысы) бір уақытта педагогикалық ғылымды байытып та және педагогикалық тәжірбиені дұрыс ұйымдастырып зерттеу жұмысын бір арнаға қарататыны туралы түсінік туады.
Қазіргі уақытта ғылым әдіснамасы мамандары «ғылым объектісі» мен «ғылым пәні» түсініктерін ажырата алса болғаны, соның өзі жеткілікті деп есептейміз.
Обьект -дегеніміз зертеушінің танымды қызметіне бағытталған шындық облысы, ал пән –дегеніміз зерттеудің ғылыми тұрғыдағы зерттеу субьектісімен обьектісі арасындағы буын. |
Әр –түрлі ғылым өкілдері бір ғана обьектіні басқаша түсініктер жүйесінде көреді және әр ғылымға тән, оның ішінде турлі жақтарын, байланыстарын мен қарым-қатынастарын ерекшелейді. Оқыту дидактың да, әдіскердің де, психологтың да ақпарат теориясы маманының да, кибернетиктің де зерттеу обьектісі бола алады. Бірақ әр-қайсысы бұл обьектіні зерттеуде өздерінің мақсаттарымен зерттеу нәтижелерін әр-түрлі ерекшелейді. Бұл дегеніміз олардың әр-қайсысы өздерінің зерттеу пәндерінде жұмыс істейді. Бұл мамандар мысалы, сабаққа бірге келе алады. Олар бір ғана құралды көреді, бірақ, әр-қайсысы болып жатқанды өздерінің ғылымдары мүддесінен өткізеді. Дидакт мұғалімнің қандай жалпы дидактикалық әдістер қолданып және қандай жалпы ұстанымдарды іске асырып жатқандығы туралы ойлайды. Әдіскер сабақ беру әдісі мен мектепте сол құралмен оқыту мақсатына байланысты оқу материалы мазмұнына мән береді. Псиологті жалпы игеру заңдылығына байланысты оқушылардың материалды игеру ерекшелігі қызықтыруы мүмкін, ал кибернетиктің алдында оқыту тура және кері байланыс басқару жүйесі ретінде көрінуі мүмкін.
Қазіргі уақытта білім теориясы мен практикасындағы қиын мәселелрер шешу үшін, әртүрлі мамандықтан ғылымдардың біріккен күші керек. Сондықтан да бұл іске қатынасушы өздерінің пәндерінің ерекшеліктерін анық білу және жалпы жұмыста өздерінің орнын дұрыс анықтауы бізге өте қажет.
Сонымен дидактиканың пәнін анықтау үшін, дидактиканың жәй ғана басқа ғылымдармен бірігіп нені зерттейтіні туралы нұсқаумен шектеу мүмкін емес. Тым болмаса мынадай сұрақтарға жауап беру қажет: дидактиканың алдыңда оның қазіргі қалпіндегі оқыту –обьектісі қандай түрде көрсетіледі? Қазір дидактика анық оқыту құбылысын көрсең де қандай ғылыми құралдар қолданады? Практиканың ғылыми дәйектемесі сипаттамасын қолдана отырып өз обьектісін қалай көрсету тиіс? Басқаша айтқанда, дидактика пәнін оның қызметін есептемей, обьектісі мен танымдық құралдарын талдамай анықтау мүмкін емес.
Дидактика оқытуды әлеуметтік тәжірбие беру құралы ретінде қарастырады. Оқыту нәтижесінде білім мазмұнына кіретін және оқытудың мазмұндық жағын құрайтын тәжірбие бөлшегі оқушының дәулеті болып саналады. Оқытудың көмегімен жастарды өмірге дайындау іске асады.
Дидактика көп жағдайда теоретикалық пән ретінде қалыптасуда. Бұған ғылымның дамуы, ғылыми таным құралының дамуы әсер етеді. Теориялық зерттеу әдістері модельдеу, идеалдау көбірек қолданыс табуда. Жүйелік тәсілді қолданғанда білімнің мазмұны мен оқыту процесін бір тұтастық ретінде қарастыруға болады. Дидактика деңгейінің өсуіне байланысты дидактика практикаға тиімді әсер етуге, оны дамытуға және өзгертуге мүмкіндік алады.
Дидактика құралын анықтау жолындағы келесі қадам оқытудың педагогикалық анықтамасын болжайды. Дидактика-теориялық ғылым, ал теория пән зерттеушілерге қатынас жүйесі ретінде танылғандықтан, оқыту үшін ең басты ерекше қатынасты ашу қажет. Жалпы оқыту қызметінде пайда болатын қатынас әр алуан: мұғалім-оқушы, оқушы-оқу материалы, оқушы-басқа оқушылар. Педагогикалық әдебиетте дидактика үшін қайсысы ең басты болып саналатын туралы әртүрлі пікірлер кездестіруге болады. Ең басты қатынас – оқушының оқу материалына қатынасы, яғни танымдық қатынас деген көзқарастар көп таралған.
Шынымен де, оқу танымы-оқыту процесінің маңызды сипаттамасы. Егер оқытуды психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, яғни негізінен оқушының құралды қалай меңгеріп-игеруі көңіл бөлсек, басты қатынас болып саналады. Бірақ оқытуды педагогикалық оқыту жағынан қарастырсақ, онда бұл қызметке басты және ерекшелік ретінде басқа қатынас болады: екі қызмет арасындағы қатынас – оқу және оқыту. Оқыту-оқытатын адамның қызметі, ал оқу - оқитын адамның қызметі.
Танымдық оқудан тыс іске асуы мүмкін, ал өзара байланысқан оқыту мен оқу қызметі тек оқытуда ғана болады. Олар бірігіп бүкіл дидактикалық қатынас жүйесін, әсіресе танымдық жүйесін, анықтап, қйымдастырады. Осылайша дидактика пәні сипатталады. Оқыту құбылысын зерттеу кезінде, расында үш обьект арасындағы тіуелділікті есептеу керек: мұғалім, оқушы әне оқк материалы арасында.
Дидактика пәнінің басқа сипаттамасы –оқытуды тәрбиемен біріктіру туралы қарастыру қажеттілігі. Оқытудың тәрбиелеу қызметі тек оқушының білімді игеруінен ғана тұрмайды. Оның адам болуына жағдай жасап, белгілі бір адамгершілік сапасы мен мінез-құлқын қалыптастыру керек. Оқытудың тәрбиелеу аспектісі білім мазмұнында қарастырылады, оны дидактикалық талдау еске алу қажет.
Білім мазмұнының оқыту процесінде шынымен бар екеніне көңіл бөлуіміз керек. Бұл процестің әр бөлшегінде білім мазмұнының бөлшегі болады. Сабақтың әр минутында оқушылар білім мазмұны құрайтын білімдер, іскерліктер, дағдылар, қарым-қатынастар игереді.
Оқыту дидактиканың алдыңда екі қырынан келеді-зерттеу обьектісі мен құрастыру обьектісі ретінде. Мұны ескере отырып – саналы түрде дидактикалық зерттеуді оқыту практикасының дамуына бағыттау, сол үшін зерттемей зерттеудің ойша пайымды, нәтижесіз боларына көңіл бөлуіміз керек. Сол сияқты мектепке арналған теория ұсыныс шығармай, дәйектемесі жеткіліксіз және парасатты жақсарулар әкелмейді.
Айтылғандарды қорыта келсек, дидактика құрылысының келесі сипаттамасын белгілеуге болады.
Дидактика өзінің «оқыту» обьектісін ең алдымен, өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға мәдениетті немесе сол бір мағынадағы әлеуметтік тәжірбиені беру бағытындағы ерекше қызмет түрі ретінде қарастырады. |
Педагогикалық жағынан теориялық талдаудың негізінде жатқан бұл қызметке ерекше қатнас болып, оқыту мен оқу, яғни іс жүзінде мұғаліммен оқушы болып келеді. басқа қатынастар сол қатынаспен қосылғанда дидактикалық болады. Мысалы, кітап оқыту процесіне кіріп және мұғаліммен оқушының құралы болғанда оқулыққа айналады.
Дидактикалық көзқарасқа сай мазмұнды және процесті бірлікте алып оқытуды қарастыру. Мысалы, білім оқшауланып та, өзінен-өзі де оқылмайды, өздерінің игерілуімен, оқыту әдістерімен зерделенеді.
Дидактика оқытуды тәрбиелеумен бірге қарастырады.
Практикалық толық жетілдіру мен өзгерту міндеті бар дидактика оқытуды тек зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ғылыми дайектелген құрастыру ретінде де қарастырады.
Мұнда біз тек дидактика пәнінің негізгі сипаттамасын баяндаймыз. Бұл мінездемені қабылданып саналғанына байланысты оны өте қысқа формада көрсектуге болады: дидактиканың пәні сабақ беру (мұғалім қызметі) мен оқудың байланысы(оқушының танымдық қызметі)және олардың ара-қатынасы болып саналады.
Бұған қоса дидактиканың алдыңдағы оқу процесінің тәрбиелеу ролі, тағыда бір шарт, оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық еңбегі және олардың ойларының дамуына қолайлы болады.
«Дидактика» түсінігі мазмұнын толық түсіну үшін, қысқаша
Дидактиканың ғана бұл пәннің дамуына тарихи шолу берген жөн. Тарихта
дамуын тарихи былай болған, ұзақ уақыттар бойы «педагогика» терминімен
шолу «дидактика» термині сол мағынада қолданылып жүрген. Ең
алғаш рет оны ңылымға неміс педагогі В.Ратке (1571-1635) кіргізген және өзінің лекция курсын «Дидактикадан қысқаша есептеу нәтижесі немесе Ратихия оқыту шеберлігі» деп аталған. Осындай мағынамен ұлы чехтік педагог Ян Амос Коменский да қолданған. Ол 1657ж Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты белгілі еңбегін бастырып шығарды.
«Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «didaktikos»-үйренуші, ал «didasko»-зерттеуші. Я.А.Коменскийдің «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде қарастыру осы сөздер оятқан болар. Оның құрамында ол «жан-жақты моральдікке бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы тәрбиелеу сұрақтарын қарастырады.
Педагогикалық ғылымның дамуында дидактика білім мен оқытуға көңіл бере бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иотон Фридрих Гербард (1776-1841), И.Г.Песталоцци (1746-1827), А.Дистерверг (1790-1816), К.Д,Ушинский (1824-1870), Д.Дьюри (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В.Лай(1862-1926) және т.б. үлкен еңбек сіңірді.
XIX-XXғғ. Аралығында отандық дидактиканың дамуына П.Ф.Каптерев, С.Т.Шатский, П.П.Балконский, А.К.Гастев, А.П.Пинкевич, М.М.Пистрак және т.б. көңіл бөлді. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н.Груздев, М.А.Данилов, Ш.И.Ганелин, Е.Я.Голант, Л.В.Зонко, Б.П.Есипов. М.Н.Скаткин және т.б. жұмыс істейді.
Оқытудың ғылыми түсініктемесіне, обьектісі мен дидактика пәнін анықтауына, педагогикалық емес ғылымдармен байланысын табуына, дидактикалық зерттеудің әдістемесін өңдеуіне, оқыту әдісі мен дидактиканың басқа да өзекті мәселелердің қатарына В.С.Ильин, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый және т.б. маңызды үлес еңгізеді. Олардың дидактикадағы еңбегі, басқа зерттеулерге сияқты, қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәселелерге жауап табады.
