- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •1.1. Дидактика туралы жалпы түйін.
- •1.2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
- •1.3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері
- •1.4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.
- •1.5. Қазіргі заман дидактикасы жүйесінің қалыптасуы.
- •2.1. Оқытудың мәні және түсінігі
- •2.2. Тұтас жүйелік оқыту үрдісінің сипаттамасы
- •2.3. Оқыту үрдісінің циклдігі (кезеңдері)
- •2.4 Оқытудың қызметтері
- •2.5 Оқытудың әрекет ретіндегі пәндік сипаттамасы
- •2.6. Оқыту үрдісіндегі окушыныц таньшдыц әрекеті
- •2.7. Оқушы мен оқытушының оқудың әртүрлі моделъдеріндегі әрекеттері
- •2.8. Окушының оқыту барысында дербестігінің қалыптасуы
- •3.1. Оқытудың заңдылықтары
- •3.2. Дидактиканың ұғымдары ретіндегі оқыту ұстанымдары
- •3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тақырып 4. Жалпы білім мазмұны
- •4.1. Білім мазмұнының түсінігі және мәні
- •4.2. Мектептік білім мазмұнының қалыптасу көздерімен факторлары
- •4.3. Жалпы білім беретін мектептерде білім беру стандарттарын енгзу мәселесі
- •4.4. Жалпы орта білім беретін мектептің оку жоспары
- •4.5. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдары мен оқулықтардың сипаттамасы
- •4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы
- •Тақырып 5. Мектептеп оқыту әдістері
- •5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы
- •5.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі
- •5.3. Оқу әдістерін таңдау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары және тапсырмалары
- •6.1. Оқу құралдары туралы түсінік
- •6.2. Қарым-қатынас құралдары
- •6.3. Оқу әрекетінің құралдары
- •6.4. Оқу кабинетін жабдықтау
- •6.5. Техникалық оқыту құралдары (тоқ)
- •7.1. Оқыту ұйымдастыру формалары және оларды жіктеудің негіздері туралы түсінік
- •7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.
- •8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі.
- •8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік.
- •8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы
- •8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы
- •8.5.Тақырып бойынша сабақтар жүйесі
- •8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары.
- •Мектеп оқушысының үй жұмысы.
- •8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы
- •8.8. Өз сабағын талдау және бағалау
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар мен тапсырмалар
- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар
- •9.3 Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау үрдісі
- •9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері
- •Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі
- •Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі
- •Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің анықталуы
- •9.5 Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы
- •9.6 Оқушының төмен үлгермеушілігі
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •10.1 Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістің түсінігі және мәні
- •10.2 Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығы
- •10.3 Инновацияның жіктелуі
- •10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері
- •10.5. Инновациялық оқу орындары
3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы
Жоғарыда аталып кеткендей, оқыту ұстанымдары ол - жетекші
Оқыту идеялар, дидактикалық жүйені ұйымдастырушы және жүргізуге деген
ұстанымдары нормалық талаптар. Олар, оқыту үрдістерін реттейтін ортақ жуйесі нұсқаулар, ережелер, нормалар сипатында болады.
Негізінде, құстанымдар оқытуды ғылыми талдау негізінде пайда болады және де ол дидактика арқылы айқындалған оқыту жүйесінің заңдылықтарымен байланысады.
Сонымен қатар, ұстанымдар қабылданған дидактикалық тұжырымдамаға да байланысты болады.
Қазіргі күнге дидактикада бұрыннан келе жатқан классикалық және де ғылым мен пркатиканың даму барысында пайда болған ұстанымдар жүйесі бар.
Ұстанымдар жүйесінің бөліну негізіне Ю.К.Бабанскийдің, В.И.Загвязинскийдің, М.Н.Скаткиннің еңбектерінде бейнеленген (сипатталған) жеке әрекеттік және басқару тәсілдері кіреді. Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық және практикалық әрекеті мен педагогикалық басқару циклдерінің қалыптасу және кезеңдеріне жүзеге асыру байланысты және де әр қатысушы, яғни , оқытылушының бойында жеке түлғаны тәрбиелеп шығару мақсатын ескере отырып, мынандай оқыту ұстанымдарының жүйесі ерекшеленеді.
Оқыту және тәрбиелеудің өзара шартты байланыстылығы ұстанымы.
Дидактикалык үрдістің тұтастығы мен бірлігі ұстанымы.
Оқытудың тәрбиелік, білімдік және дамыту қызметтерінің бірлігі ұстанымы.
Оқыту мазмұны мен әдістерінің ғылымилығы ұстанымы.
Оқушылардың ғылым, мәдениет, әрекет тәжірибесін меңгерудегі жүйелілік пен бірізділік ұстанымы.
Мұғалімнің жетекші рөліндеғі оқушының дербестік, саналылық және шығармашылық белсенділік ұстанымы.
Кешенді тәсіл көрінісі ретіндегі дерексіз және нақтылының, рационалды (орынды, ұтымды) және эмоционалдының, репродуктивті және өнімділік біртұтастығы көрнекілігі ұстанымы.
♦ Оқытудың тиімділігі ұстанымы.
Оқыту нәтижелерінің және оқушылардың танымын дамытудың беріктігі ұстанымы.
Оқытудың өмірімен, демократиялық қоғамды құру практикасымен байланысы ұстанымы.
Оқу жұмысының ұжымдық және жеке формалары мен тәсілдерін ұтымды үйлестіру ұстанымы.
Жоғарыда аталған ұстанымдардың барлығының олардың
Оқыту сипаттамасына сай маңыздары бірдей емес екендігі хақ. Бүл
ұстанымдарының ұсынылған жүйеде олардың бәрі жетекші ұстанымға, яғни,
сипаттамасы оқытудың тәрбиелік және білім беру міндетінің біртұтастық
ұстанымына бағынады. Ол білім беру барысында мүғалімнің
жұмысына оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға үйрету, баулу туралы бағыт береді..
Окытудың тәрбиелік, дамытушылық және білімдік кызметтерінің бірлігі ұстанымы, оқыту жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, жеке тұлға бойына тек кана шеберлік пен білімді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар өнегелі және эстетикалық қасиеттерді де қалыптастыру мақсаттарына бағытталғанын көрсетеді. Олардың барлығы өмірлік идеалдық және әлеуметтік мінез-құлықты таңдаудың негізі болып қызмет етеді. Бұл ұстаным мұғалімнен тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттерін оқыту барысында жүзеге асыру талап етіледі.
Оқытудың және тәрбиелеудің өзара шартты байланыстылық ұстанымы педагогикалық басқару мен оқушының өзіндік белсенді дамуының арақатынасын білдіреді, әрі оқытуды ұйымдастырудың тәсілі мен оның нәтижелері арасындағы қатынасты ашады.
Оқыту үрдісінін біртұтастығы және бір ізділігі ұстанымы оқу үрдісіндегі бүтін және бөлшек арақатынасын ашады. Оқыту үрдісінде орынды, эмоционалды, хабар берушілік пен ізденісті, маңызды және эмоционалды бөліктерді мазмұн үйлесімділігін талап етеді.
Оқу үрдісінің мазмұны мен әдістерінің ғылыми ұстанымы қоғамның демократиялық кұрылымының практикасы мен қазіргі ғылыми білімнің арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Ол оқытудың маңызы объективті ғылыми фактілерге, зандарға, яғни, қазіргі ғылымның жағдайына қарсы келмеуін алдын — ала айтады. Бұл ұстаным оқу бағдарламаларында, оқулықтарда, оқу материалын іріктеуде және де оқушыларды ғылыми ізденіс элементтеріне және ғылымының тәсілдеріне үйретуде жүзеге асады.
Ғылымилық ұстаным мұғалімге оқушылардың оку әрекетін ұйымдастыруда мәселелі жағдайларды қолдануға, оқушыларды зерттеліп жатқаи кұбылыстар мен үрдістерді жан-жақты бақылауға еліктіруде, ғылыми сайыстарға түсуде, өздері жүргізген зерттеулерінің нәтижесіне талдау бере білуде, шығарған тұжырымдарын және өз көзқарастарын дәлелдеу үшін қосымша ғылыми мәліметтерді іздеуде бағыт береді.
Ғылымилық ұстаным мұғалімнің әрекетінде бірқатар ережелер арқылы жүзеге асады, мысалы ешбір жағдайда оқу барысында оқушыларды жаңа идеялармен таныстырудың қажеті жоқ; оқушылардың алдында ғылыми білімнің генезисін, шындықтың эмбриологиясын, ғылыми танымның қиындықтары мен тәсілдерін әшкерелеу керек; оқушының зерттеу жұмысын мадақтау қажет.
Оқытудың практикамен байланыс ұстанымы оқыту үрдісінде оқушының өз көзқарасын ұстана отырып, практикалық мәселелерді шешуде, болмысты (шындыкты) талдауда алған білімін қолдануға ынталандыруы керек деп есептейді. Бұл үшін шын өмірден алынған мысалдар мен әр түрлі жағдайлар талдауы кеңінен қолданылады;
оқушыларды қоғамдық институттармен, өндіріспен таныстырады, сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда жергілікті өлкетану материалдары кеңінен қолданылады.
Оқытудың практикамен және өмірмен байланыс ұстанымын жүзеге асырудың тағы бір жолы оқушыларды мектептегі және мектептен тыс жерлердегі пайдалы әрекетке баулу; айналадағы болмысты шындықты білім көзі ретінде пайдалануға оқушыларды қолдарынан келетін әр түрлі әрекетке тарту.
Жүйелілік және бірізділік ұстанымы білім беру және білім алу белгілі бір тәртіп пен жүйеде болуын қамтиды. Ол бірқатар ережелерде атальш өткендей, оқыту үрдісінің және мазмұнының логикалық түрде құрылуын талап етеді. Мысалы, бірінші - оқылатын материал логикалық бөлімдерге, - онымен жұмыстың тәртібі мен әдістемесін қамтитын тақырыптарға бөлінеді, екінші - әр тақырыптың мазмұнын тауып, негізгі идея, ұғымдарды бөліп алып, сабақ материалының құрылымын анықтау керектігін көрсетеді, үшінші -курсты оқу барысында теория, заң, фактілердің арасында ішкі және сыртқы байланыстар орнатылатыны белгіленеді.
Оқытудағы жүйелілік және бірізділіктің талаптары оқытудың үрдістік және мағыналы жақтарының сабақтастығын сақтауға бағытталған. Ол талаптар бойынша әр сабақ — оқу материалының мазмұны және сипаттамасы бойынша алдыңғы сабақтың логикалық жалғасы. Осы жағдайларға сүйене отырып, бастапқы ұғымдар бірінші зерттеледі де, ал жаттығатын жаттығулар, ереже бойынша, теорияны зерттеғеннен кейін қаралады.
Мәдениет, ғылым жетістіктерін, әрекет тәжірибесін меңгерудегі жүйелілік және бірізділік ұстанымы оқушының практикалық шеберлігіне (ептілігіне), теориялық біліміне, оқу әрекетінің жүйелік сипаттамасын береді.
Оқытудың қолайлылығы ұстанымы оқушылардың даму ерекшеліктерінің есепке алынуын талап етеді; мүмкіндіктерінше олардың көзқарастарымен материалды талдауды талап етеді; окушылар ешқандай интеллектуалды, моралды және денесі жағынан қиын жүктеме болмайтын оқыту ұйымдастыруды талап етеді. Кезінде Я.А.Коменский осы ұстанымның бірнеше ережелерін берген:
оқуда өзіңе жақыннан бастап (өз өлкеңнің тарихы) алысқа (жалпы тарих) көшу керек:
жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу.
Оқушылардың жасына және дайындалу деңгейіне сәйкес келмейтін оқу материалы олардың тез жалығуына, оқуға деген мотивациялық көңілдерінің жұмыс қабілеттерінің төмендеуіне, ерік-жігерінің жоғалуына әкеліп соғады. Нәтижесінде оқшының жұмысқа ынтасы жоғалады. Бірақ оқу құралдарын, жаттығуды тым жеңілдету оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді, дамуын тоқтатады. Бұл В.В.Давыдов, Л.В.Занковтың дидактикалык жүйелерінде экспериментті және теориялық тұрғыдан дәлелденген. В.В. Давыдов мынандай тұжырымға келді: бастауыш мектептен бастап-ақ оқытудың жақын және жеңіл жолын таңдамау керек, керісінше, жалпыдан және ең негізгіден бастау керек.
Л.В. Званков ең қиын деңгейдегі оқыту ұстанымын енгізді. Бірақ ол да қолайлылық ұстанымына сәйкес, себебі жақындағы даму аймағында оқыту және үлкеннің басқаруымен қолы жеткен деңгейде оқыту арқылы окушы жакын аумақтағы дамуға мүмкіндік алады.
Қорыта келгенде, оқушының әр түрлі жаттығуларды орындау барысында ұшырасатын қиындықтар мен қолайсыздықтар оқу құралының мазмұнының қиындығына, оның тәсілдік құрылымына, сипаттамасына, мүғалім арқылы ұйымдастырылған оқушылар әрекетінің құрылымына байланысты.
Көрнекілік ұстанымы дидактикадағы маңызды және көне ұстанымның бірі. Көрнекілік ұстанымы - ол оқытудың нәтижелілігі сезім мүшелерінің оқу материалын қабылдауға және өңдеуге орынды назар аударғанына байланысты деген мағына береді. Дидактиканың бұл «алтын ережесін» Я.Коменский тұжырымдаған болатын. Балаларды оқыту үрдісінде оларға бакылауға, өлшеуге, тәжірибе жүргізуге мүмкіндік беру керек
және осы арқылы білімдерге жетелеу қажет. Егер педагогикалық үрдіс барлық кезеңдерде пәндерді жүргізуге мүмкіндік болмаса, онда көрнекілік құралдары колданылады: моделдер, суреттер, лабораториялық жабдықтар, т.б.
Көрнекіліктің түрлерін Т.А. Ильинаның тұжырымдамасы бойынша мынандай бөліктерге бөлуге болады:
табиғи көрнекілік (объективті шыңдық заттары);
тәжірибелік көрнекілік (тәжірибелер, эксперименттер);
көлемді көрнекілік (суреттер, мүсіндер);
дыбыстық көрнекілік (магнитофон);
-символдық және графикалық көрнекілік (карта, графиктер, сызбалар, формулалар);
- ішкі көрнекілік (мүғалімнің айтқанынан пайда болған бейнелер);
Бірақ көрнекілікті қолданудың да өз шектері бар. Көрнекілік бастапқы білімнің қалыптасуына және ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі. Заттар мен жұмыс және оларды көрсету дамудың кезектегі сатысына әкеліп, нақты бейнені және көрнекі ойлаудан дерексаіз, сөздік-логикалық ойлауға көшуді қамтамасыз етеді.
Оқытудағы саналылық және белсенділік ұстанымы - қазіргі дидактикалық жүйенің ең басты ұстанымы болып табылады. Оқушылар белсенділік танытқанда, өз бетінше білім алу үрдісіне қосылғанда ғана оқыту үрдісінің нәтижесі байқалады. Бұл окушылардың оқу мақсатын үғынудан, өз жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастырудан өз-өздерін тексере білуден, білімге деген қызығушылық танытудан, мәселе қойып, оның шешімін таба білудеи байқалады.
Оқушылар оқудың маңызын түсінуі керек; оқу жұмыстарының, оқу әрекетінің баламалы жағдайларда білімді қолдана білу тәсілдерін меңгеруі керек.
Оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен саналылығына қол жеткізуге болады, егер:
- оқушылардың кызығушылықтарына сүйене отырып, оқудың себептерін қалыптастыру. Олардың ішіндегі бірінші орында тұрғаны - танымдық ынта мен кәсіби бейімділік;
оқушыларды білімдік және практикалық мәселелерді іздеу және шешу үрдісіне мәселелік жағдайларды шешуге тарту;
дидактикалық ойындар, пікірталастар сияқты оқыту тәсілдерін пайдалану;
ұжымдық жұмыс түріне, оқушының оқуға катынасына (әрекеттестігіне) жағдай жасау.
Осы қаралған ұстанымның жүзеге асуы тек қана балалардың ары қарай дамып, олардың білімінің қалыптасуына ғана емес олардьщ тәрбиесіне және әлеуметтік дамуына мүмкіндік туғызады.
Беріктік ұстанымы білім окушының жадында қалуын, олардың санасының бір бөлігі болуын, мінез-қүлқы мен әдеттерінің негізі болуын талап етеді. Психология есте сақтау мен еске түсіру тек материалға ғана емес, оған деген қарым-қатынасқа да байланысты дейді. Сондықтан да жақсы меңгеру үшін бүл ұстанымның басқа да ережелері бар:
оқушы интеллектуалдық, танымдық, белсенділік көрсетсе білімді терең меңгеруге қол жеткізеді;
оқу материалын берік меңгеру үшін материалды қайталаудың жаттығуларын, оларды өткізу саны мен уақытын дұрыс ұйымдастыру керек, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек;
білімнің беріктігі материалдың ең негізгісін бөліп, логикалық байланыстарын көрсетіп құрылымдағанда қамтамасыз етіледі;
білімнің беріктігі оқытудың нәтижелерін жүйелі бақылау, тексеру және бағалаумен іске асады.
Білімнің беріктігі ұстанымы ең алдымен ойда сақтау, яғни оқытуда оқушының меңгерілген білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын оқушының жеке тәжірибесінің құрылымына еңгізу арқылы бұлардың санада қалып сенімге айналуымен,байланыстырылады.
Оқытудың беріктігі ұстанымын педагогикалық практикада білімдер, іскерліктер мен дағыларды пайдалануда, пікірталастар мен талқылаударды, уәделер мен дәелді сөйлеулерде іске асыру мүмкін болады.
Оқу жұмысының ұжымдық және жеке формаларын тиімді үйлестіру ұстанымы. Оқыту үрдісінде мұалім оқытудың түрлі формаларын пайдалана алады және қолдану керек: сабақ, экскурсиялар, практикумдар, оқыту үрдісіндегі оқушылардың өзара әрекеттері: жеке жұмыс, тұрақты және аралас қосақтардағы жұмыс.
Көрініп тұрғандай, қазіргі дидактикалық ұстанымдар Оқыту ұстанымдарының өзара тығыз байланысқан жүйе мен бүтін бірлікті өзара байланысы құрайды. Бір ұстанымның жүзеге асуы басқа
ұстанымдардың жүзеге асуымен байланысты: жүйелілік пен белсенділік ұстанымы беріктік ұстанымымен, қолайлық ұстанымы ғылымилық ұстанымымен байланысты т.б. Олардың барлығы қосылып оқыту үрдісінің негізгі ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Олар мүғалімге оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін нұсқаулар жинағын береді.
Жоғарыда қаралған ұстанымдардың барлығы келесі ұстанымның - оқытудың тәрбиелік, білімдік және дамытушылық қызметтері бірлігі ұстанымының - іске асуына бағытталған. Барлық жүйенің дәл осы бағыты жүйенің бірінші интегративтік қасиеті болып табылады. Оның басқа қасиеттеріне келетін болсақ, ол - педагогикалық ықпалдың үйлесімділігіне жетуге арналған бағыт.
Оқыту ұстанымдарының бұл жүйесіне ізгілендіру, ақпараттандыру, оңтайландыру және кешенді тәсілдердің жалпы педагогикалық ұстанымдары кірмейді. Бірақ олардың талаптары дидактикалық ұстанымдардың және білім берудің мазмұнында көрініс табады. Бұның әрекеті ұйымдастырудың жалпы ұстанымдарына да қатысы бар: алдын ала болжау, әдістердің мазмұн мен мақсатқа сәйкес келуі, басқару шешімдерінің нақты шарттардан тәуелділігі және т.б.
Дидактиканың ұстанымдары дидактикалық жүйе ішінде ерекшелікті сақтауы керек, әйтпесе ұстанымдар нақтылығынан айырылып, нақты дидактикалық бағдарлар бере алмайтын жалпы қағидаларға айналуы мүмкін. Айталық кейбір дидактар жасаған оқытудың әдістері мен құралдарының оқыту міндеттерімен сәйкесиігі, үйлесімділігі ұстанымын алсақ, бұл жәйтті анық байқаймыз. "Оқыту" сөзін бұл жерде әрекеттің кез келген түрімен айырбастай салуға болады. Бірақ бұдан ғалым-педагогтардың оқыту ұстанымдары жүйесіне ғылыми негіздеме беруге ұмтылысы өзінің көкейкестілігі мен маңызын жояды деген сөз емес. Бұған Л.В.Занковтың, В.К.Дьяченконың, Л.М.Фридманның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері мен жазылымдары дәлел болмақ.
Осы тараудағы айтылғандарды қорыта отырып, мұғалім үшін келесі қорытындылар мен үсыныстарды жасауға болады:
1. Мұғалім оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен құралдарын ғылыми негіздеу үшін, оқыту үрдісіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында оқытудың жеке ұстанымдарына ғана емес, ол ұстанымдарын жүйесіне сүйенуі керек.
2. Мүғалім әрбір ұстанымда немесе олардың жүйесін қазіргі мектептегі білім беру тұжырымдамасының негізі болып табылатын негізгі заңдар мен стратегиялық идеяларды іске асыруға қажет үсыныс ретінде қарастыруы керек (тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы, оқушының тұлғалық тұғырлар, тәрбие мен оқытудың бірлігі, оқу үрдісін оңтайландыру).
3. Мұғалім педагогикалық үрдістің қарама қарсы жақтарын, әрекеттесуші элементтерін (білімдерді меңгеру және даму, білімдердегі әлементтілік және жүйелілік, дерексіз бен жақтының арақатысы және т.б.) көре білуі және олардың өзара әрекетін реттеп, оқытудың заңдары мен ұстанымдарына сүйенуі педагогикалық үрдістің үйлесімділігіне қол жеткізуі керек.
