- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •1.1. Дидактика туралы жалпы түйін.
- •1.2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
- •1.3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері
- •1.4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.
- •1.5. Қазіргі заман дидактикасы жүйесінің қалыптасуы.
- •2.1. Оқытудың мәні және түсінігі
- •2.2. Тұтас жүйелік оқыту үрдісінің сипаттамасы
- •2.3. Оқыту үрдісінің циклдігі (кезеңдері)
- •2.4 Оқытудың қызметтері
- •2.5 Оқытудың әрекет ретіндегі пәндік сипаттамасы
- •2.6. Оқыту үрдісіндегі окушыныц таньшдыц әрекеті
- •2.7. Оқушы мен оқытушының оқудың әртүрлі моделъдеріндегі әрекеттері
- •2.8. Окушының оқыту барысында дербестігінің қалыптасуы
- •3.1. Оқытудың заңдылықтары
- •3.2. Дидактиканың ұғымдары ретіндегі оқыту ұстанымдары
- •3.3. Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Тақырып 4. Жалпы білім мазмұны
- •4.1. Білім мазмұнының түсінігі және мәні
- •4.2. Мектептік білім мазмұнының қалыптасу көздерімен факторлары
- •4.3. Жалпы білім беретін мектептерде білім беру стандарттарын енгзу мәселесі
- •4.4. Жалпы орта білім беретін мектептің оку жоспары
- •4.5. Оқу бағдарламаларының, оқу құралдары мен оқулықтардың сипаттамасы
- •4.6. Ресейдегі вариативті білім берудің даму стратегиясы
- •Тақырып 5. Мектептеп оқыту әдістері
- •5.1. Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мәнімен ұғымы
- •5.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі
- •5.3. Оқу әдістерін таңдау
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары және тапсырмалары
- •6.1. Оқу құралдары туралы түсінік
- •6.2. Қарым-қатынас құралдары
- •6.3. Оқу әрекетінің құралдары
- •6.4. Оқу кабинетін жабдықтау
- •6.5. Техникалық оқыту құралдары (тоқ)
- •7.1. Оқыту ұйымдастыру формалары және оларды жіктеудің негіздері туралы түсінік
- •7.2. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикадағы дамуы
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары
- •Тақырып 8. Сабақ - қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі.
- •8.1. Сабақ біртұтас жүйе ретінде оқытудын сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық үрдістің аяқталған бөлігі.
- •8.2.Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақ құрылымы туралы түсінік.
- •8.3. Оқушылардың сабақ оқыту барысындағы оқу әрекеттің ұйымдастырылуы
- •8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы
- •8.5.Тақырып бойынша сабақтар жүйесі
- •8.6 Оқытуды ұйымдастырудың басқа да формалары.
- •Мектеп оқушысының үй жұмысы.
- •8.7 Мұғалімнің сабаққа дайындығы
- •8.8. Өз сабағын талдау және бағалау
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар мен тапсырмалар
- •9.1. Оқытумен орны үрдісіндегі білімдерді бағалау және тексеру қызметтері
- •9.2. Оқушылар білімін әділ тексеру мен бағалауға әсер ететін факторлар
- •9.3 Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау үрдісі
- •9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері
- •Оқыту нәтижелелері тексерудің жинақталған әдісі
- •Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі
- •Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің анықталуы
- •9.5 Оқытудың бағалау жүйесінің дамуы
- •9.6 Оқушының төмен үлгермеушілігі
- •10 Тақырып. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер
- •10.1 Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістің түсінігі және мәні
- •10.2 Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығы
- •10.3 Инновацияның жіктелуі
- •10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері
- •10.5. Инновациялық оқу орындары
3.1. Оқытудың заңдылықтары
Алдыңғы тарауда оқыту үрдісінің мәні, оның құрылымы, қызметтері, мұғалім мен оқушылардың оқытудың түрлеріндегі әрекеттері, ақыл-ой әрекеттері кезеңдік қалыптастыру және дамыта оқыту теориялары мәні қарастырылған болатын. Бұл тарауда дидактикада оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары деп аталатын оқу үрдісінің ұйымдастырудың жалпы нормалары қарастырылады.
Олар мектептің алдында тұрған оқытудың мақсаттары мен міндеттерін қалай шешуді, мұғалімге қандай нормативтік тәртіптерді нұскау етіп алуды керек екенін айқындайды.
Алдыңғы тарауларда айтылып кеткендей, дидактика ғылым ретінде өзінің қызметтерінің бірі - оқыту процесін танып білуіне ие. Бұл танып білудің нәтижесі объективті бар заңдар мен оқыту үрдісі заңдылықтары болып табылады. Бұл жағдай соңғы жылдардағы дидактикалық жұмыстарда педагогикалық заңдар мен заңдылықтардың саны едәуір көп жасалғанын көрнекі растайды. Алайда, олардың катаң жүйесі туралы айтуға болмайды, өйткені, біріншіден, біздің ойымызша, кейбір атап көрсетілғен ережелерді заңдар мәртебесіне кіргізуге болмайды, өйткені олар ішкі емес, сыртқы, тұрақты емес, балама байланыстарды білдіреді.
Осы, не басқа дидактиканың жағдайын оқытудың ұстанымдарына жатқызу үшін қандай зандар мен заңдылыктар педагогикалық ғылымның негізі болып табылады екен? Біз тек көптеген ғалымдардың көрсетіп жатқан заңдардың мазмұнына сүйенуімен шектелеміз. (Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин және т.б.)
Оқыту мақсаттарының, мазмұнының және әдістерінің әлеуметтік, Оқыту шарттылық заңы. Ол қоғамдық қатынастын, әлеуметтік құрылымның
заңдары барлық тәрбиелеу мен оқыту әлементтерінің қальштасуына әсерін
айқындайтын объективті үрдісті ашады. Әнгіме, берілген заңды қолдана отырып, әлеуметтік тапсырысты толық және оңтайлы педагогикалық кұралдар мен әдістердің деңгейіне өткізу туралы болып жатыр.
Оқытудағы теория мен тәжірибенің арасындағы өзара байланыс туралы заң. Жеке және топтық оқу қызметін ұйымдастыру туралы заң. Жекв және топтың оқу әрекетін ұйымдастырудың өзара шартты байланысы туралы заң.
Нақты жағдайларда заңдардың көрінісі ретінде қарастырылатын Оқыту оқыту заңдылыльщтары деп — окыту үрдісінің кұрамдық
заңдылықтары бөліктерінің, арасындағы объективті, мәнді,
тұрақты, қайталанатын байланыстарды атайды. Бұл байланыстар
оқыту үрдісі бөліктеріне байланысты айрыкша ықтималды-статистикалық сипатқа ие болғандықтан, дидактикада «заңдылықтар» ұғымының ерекшелігі болып табылады. Қатысушылардың істері мен процестің шарттарына тәуелсіз, олардың бір бөлігі әрдайым іс барысында, мысалы оқыту мақсаты мен мазмұны коғамның жеке адамның білім деңгейінің талабына байланысты. Заңдылықтардың көп бөлігі тенденция ретінде көрінеді, демек әрбір бөлек жағдайда емес, көп жағдайда статистикалық қатарда болады. Бұл барлық қоғамдық үрдістерге тән, оқыту үрдісіне де тән; өйткені ол саналы түрдегі мұғалім мен оқушының әрекетіне, мәдени, материалдық шарттарына және т.б. көптеген факторларға тәуелді.
Көптеген оқыту заңдылықтары тәжірибелі, эмпирикалық жолмен табылады, демек оқыту тәжірибе негізінде құрыла алады. Алайда, нәтижелі оқыту жүйесін құру, оқыту үрдісін жаңа дидактикалық кұралдарын енгізуімен қиындату оқыту үрдісіндегі заңдар туралы теориялық білім қажет етеді.
Оқыту үрдісінің ішкі және сыртқы заңдылыктары ерекшеленеді. Алғашқылары оқытудың коғамдық үрдістер мен жағдайларына: әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайға, мәдени деңгейге, қоғамның белгілі түрдегі жеке адам типіне және оның білім деңгейінің мұқтаждылығына тәуелділігін сипаттайды.
Оқыту үрдісінің ішкі заңдылықтарына бөліктерінің мақсаттарының, мазмұндарының, тәсілдерінін, әдістерінің, формаларының арасындағы байланыстар жатады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл сабақ берудің, оқыту және оқылатын материалдың арасындағы тәуелділік. Педагогикалық ғылымда мұндай заңдылықтар өте көп белгіленген, айтылып кеткендей, олардың көпшілігі оқытудың міндетті шарттарын орындағанда ғана іске асырылады. Олардың кейбіреуін көрсетіп жіберейік.
Оқыту мен тәрбиелеу арасында заңдылы байланыс бар: мүғалімнің оқыту ісі айрықша тәрбиелеу сипатына ие. Оның тәрбиелеу ықпалы оқу барысында өтетін бірнеше шарттарға тәуелді. Бұл шарттарды мазмұндау көрсетілғен заңдылықтардың жеке байқалуларын сипаттайды.
Басқа заңдылық мұғалім мен оқушының әрекеттестігі және оқытудың нәтижесі арасында тәуелділік бар екені туралы сипатталады. Бұл ереже жиынтығына сәйкес, оқыту үрдісіне қатысушылардың істерінде өзара келісушілік болмаса, оқыту өткізіле алмайды. Бұл заңдылықтың жеке нактылы көрінуі ок\қушының белсенділігі мен оқыту нәтижесі арасындағы байланыс болып табылады: оқушының оқу-танымдық ісі қарқынды, саналы болған сайын, оқыту сапасы жоғары болады. Бұл заңдылыктың жеке көрінуі мұғалім мен оқушының мақсаттарына сәйкес тұрады, олардың мақсаттарының қиыспай қалған жағдайда оқыту нәтижелігі төмендетіледі.
Белгілі бір шарттар бар жағдайда оқытуда байқалатын тағы да бірнеше заңдылықтарды атап кетейік.
Т
араудың
7.1. және 7.3. тармақшаларында, редакциясын
Пидкасистый басқарған, қосалкы автор
В.В.Воронов болып табылатын "Педагогика"
оқу құралының ұқсас материалы қолданылды.
Оку материалын меңгерудіц беріктігі үйренгенді тіке жүйелі және біраз
уақыттан соң қайталауына, оны өткен және жаңа материалға қосуына байланысты.
Оқитындардың ақыл-ой іскерлігі мен дағдыларының дамуы, іздеу тәсілдерін, мәселелі оқытудың және де басқа қабылдаулар мен әдістердің интеллектуалды ісін белсендіретін тәсілдерін қолдануына байланысты.
Егер арнайы елеулі белгілерді, құбылыстарды, объектілерді бөлу туралы, салыстыру мен айыру туралы операциялар, олардың мазмүнын, көлемін жэне т.б. қондыру туралы танымдық әрекет ұйымдастырылатын болса, оқып жатқандардың санасында түсініктерді қалыптастыруға болады.
Көрсетілген заңдылықтар, мәні жеке адамды оқытудың нәтижесі мен тәрбиелеуі оқушы енгізілетін әрекеттің сипатына байланысты екенінде жатқан маңызды бір педагогикалық шындыққа көңіл аударады. Сондықтан бұлар қазіргі педагогикалық оқыту тұжырымдамасының ядросын құрайтын стратегиялық ойлардың жүйесін өндірудің базасы болып табылады. Өз мәнінде бұл тұжырымдама келесі ойларға саяды.
оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жемісті және өнімді іске қабілеті бар жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке адамның дұрыс қасиеттері мен моралға, рухани байлыққа ие жеке адамды, жекелігін қалыптастыруға бағытталған;
оқушының оқу-танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық әрекетін жеке адамды қалыптастырудың шарты ретінде ұйымдастырудың бірлігі;
мазмұнын, тәсілдерін, құралдарын оңтайландыру, уақыт пен еңбектің көп емес мөлшерде кетуі барысында барынша көп нәтиже алып келетін тәсілдерді таңдап алуға бағытталған оңтайландыру.
Қайталайық, дидактиканың міндеті оқыту заңдылықтарын орнату және ол жайлы мұғалімге білім бере отырып, ол үшін оқыту үрдісін айтарлықтай игерімді, жүргізілмелі, нәтижелі ету. Бірақ оқу үрдісі кезінде басқа да - психологиялық, физиологиялық және т.б. сияқты заңдылықтардың іс барысында болатынын ескеру керек. Оларды басты бейнемен мұғалімнің, оқушының және өтіп жатқан материалдың арасындағы байланыстарына тиісті дидактикалық заңдылықтармен шатастырмау керек. Дидактикалық заңдылықтар психологияның және басқа ғылымдардың мәліметтерін ескеріп және сол мәліметтердің негізінде орнатылады, бірақ ол оқыту теориясы жағынан және оның терминологиясы тұрғысынан қарастырылады.
Сонымен, психологиялық және оның басқа да сипаттармен қатар, оқу үрдісі қалай өтетін дидактикалық заңдылықтарды білу ғалымдар мен тәжірибе алып жатқандарға оны әр түрлі белгілі жағдайларда құруға мүмкіндік береді. Заңдар мен заңдылықтар өндіру, оқыту ұстанымдары мен педагогикалық әрекеттің практикалық ережесін құрастыру үшін теориялық негіз болып табылады.
