Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дидактика каз лек.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
624.5 Кб
Скачать

2.7. Оқушы мен оқытушының оқудың әртүрлі моделъдеріндегі әрекеттері

Оқытудың және оқудың ұйымдастыру әрекеттері, оқу материалының құрылу ерекшклігіне, қолданылатын жетекші әдістеріні мен оқыту құралдарына байланысты. Бұл оқу барысында мұғалім мен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерге, мұғалім ұйымдастыратын оқушының ойлау әрекетіне, оқу материалын түсіндіру тәсіліне, оны ұғу жолын тексеруге әсерін тигізеді. Осыған байланысты дидактикада оқыту моделдерін үшке бөледі: түсіндірмелі - көрнекті, мәселелік, бағдарламаланған. Бұл мектеп практикасында ең кең таралған моделдер. Кейде оны "оқыту түрлері" деп атайды. Бұлармен катар, мектеп практикасында аз пайдаланылатын түрлері де бар, мысалы «блоктік оқыту», «модульдік оқыту», «дистанциондық оқыту» және т.б. "Оқыту моделі" түсінігінің мәні, бар жағынан оқушылар меңгеруге тиіс мазмұнды моделдеу, ал басқа жағынан - толыққанды оқытуды қамтамасыз ету мақсатындағы педагогикалық және оқу-танымдық әрекетті моделдеу деп түсініледі.

Оқыту моделдері оқыту және оқу әрекеттерімен, оқытудың дидактикалық жаңартуымен, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесу сипатымен, білім мазмұнын құрумен, дидактикалық өндеумен, оқыту әдістері.

Әртүрлі оқыту моделдеріндегі әрекеттің екі түрінің сипаттамасына тоқталып, оқу материалының мазмұнын құру ерекшелігін атап өтейік. Бұл әрекет түрлерін Ю.К.Бабанскийдің анықтамасына сүйеніп қайталайық.

Түсіндірмелі -суретті оқыту

Оқытушы мен оқушының қызметі түсіндірмелі - суретті оқытуда келесі жолмен ұйымдастырылады:

Мұғалім

Оқушы

Оқушыларға білімнің жаңа элементтері және іскерліктер туралы көрнекілік білімдерді құралдар арқылы жеткізу

Оқу ақпаратын жаңғыртады

Ең маңызды нәрселерді түсіндіреді.

Ең маңызды мәселені жалпы түрде түсініп, материалдарды түсінудің бастапқы кезеңін байқайды

Оқу акпаратын түсінуді ұйымдастырады

Ұғынудың түрлі жолдарын пайдаланып, оқу материалының тусінігін тереңдетеді.

Білімді қорытуды ұйымдастырады.

Ұғылғын материалды қорытады.

Оқу материалының қайталау күрделі мәселесін түсіндіру, бақылау арқылы бекітуін ұйымдастырады

Оқылған материалды әртүрлі есте сақтау жолдарын пайдалану арқылы бекітеді.

Білімді іс жүзінде пайдалануды практикалық міндеттер, жаттығулар, еңбек тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырады

Алған білімді тапсырмаларды орындаудың өмірлік ситуацияларды талдауда пайдалаиады.

Түсіндірмелі - суретті оқыту мұғалімнің білімді өңделген күйде беруімен ерекшеленеді. Мұғалімнің қызметі - ақпаратты сөзбен ғана түсіндіріп қоймай, бейнелер, көрнекілік құралдар арқылы жеткізу.

Хабар маманы окытудың жақсы жақтары бар: білімді беру мен ұғу жүйелі түрде, тез және көп оқушыға бірден беріледі. Алайда, мұндай әдістемеде кемшіліктер

де бар: оқушылардың әрекеті ақпаратты үғу мен оны жаңғыртуда, сондай-ақ оқушылардың акыл-ой қабілеті, яғни мәселені көру, сұрақ қоя білу, фактілерді талдай және салыстыра алу, басқа да акыл-ой дағдылары дамымайды. Басқаша айтқанда, хабарламашы оқыту ойлауды дамытпайды.

Сондықтан XX ғасырды дидактикада сыни ойлауды, шығармашылық ойды дамытатын моделдер ізделінді. Осылайша мәселелік оқыту пайда болды.

Сократ, (469-399) та өзінің тыңдаушыларын логикалық ойлауға, Мәселелік ойлана отырып шыңдықты табуға үйреткен болатын, содан барып

оқыту оқыту әдісі - сократтық әңгіме, зерттеушілік, эвристикалық деп аталып

отыр. Руссо (1712-1778) оқушы білімді танып не тауып алуы үшін оны танымдық ізденіске итермелейтін арнайы жағдайлар жасау керектігін айтып кеткен. Песталоцци, Дистервег және басқа педагогтар оқушы тек білімді алып қана қоймай, білімді іздейтін етіп оқытқан. Дегенмен, мәселелік оқыту Д.Дьюи (1859-1952) және XX ғасырдың басқа да ғалымдарының педагогикасынан ғана толық көрініс тапты. Дьюи баланың әрекет пен танымды есепке алмайтын, балаға даяр білім беретін сөздік, кітаби мектепті сынға алды. Ол оқушы пайда болған мәселелерді шешуге және қажет білімдерді ала білуге, шешім таба білуге, алынған білімдерді қолдана білуге үйрететіндей етіп балалардың әрекетін мұғалім ұйымдастыратын оқыту моделін ұсынды. Ол бұны жасау арқылы, кейінірек зерттеу арқылы окыту деп атады. Зерттеу арқылы оқыту мәселелерін Дж Брунер (АҚШ), Ресейде - И.Я.Лернер, Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов және басқалар зерттеді.

Проблемалық оқытуда оқушылардың өз бетінше іздену әрекегтері іске асады, бұл ізденіс барысында олар жаңа білімдерді ұғып, жалпы қабілеттіліктер дамиды. Оқыту мен оқу хабар беруші оқытумен салыстырғанда басқа: оқушылар шағын-зерттеулер, шығармашылық практикалық жұмыс істейді. Осы жұмыс барысында жаңа білім қалыптасады: фактілер, ережелер, заңдылықтар, ұстанымдар, теориялар, алгоритмдер. Бұл ретте оқыту үрдісінің кұрылымы төмендегідей:

  1. Мәселелік жағдаят құру, мәселе қою.

  2. Болжамдарды ұсынып, мәселені шешу жолдарын қарастырып, олардың біреуін таңдау.

3. Қабылданған болжамдарды жаратылыстану - математикалық циклдегі пәндік сабақтарда тексеру және гуманитарлық ғылымдарда дәлелдеу үшін деректерді іздеу.

4. Нәтижелерді қорыту: жаңа материалды оқушылардың бар біліміне қосу және оларды бекіту.

Мәселелік оқытуда оқушы мен мұғалімнің қызметі былай іске асады:

Мұғалім

Оқушы

Мәселелік тапсырмаыы оқушыларға сұрақ, немесе тәжірибе ретінде қояды

Тапсырманы кабылдап, оның мүмкін болатын шешу жолдарын ұғады.

Оқушылардың қойылған міндеттерді ойлануын ұйымдастырады.

Осы тапсырманың мүмкін болатын шешімдерін ұсынады.

Ұсынылған шешімнің дұрыстығын дәлелдеуді үсынады.

Тапсырманың шешімінің дұрыстығын дәлелдейді

Егер оқушының болжамы дұрыс болса, одан алған жаңа білімдерін қорытуды талап етеді.

АЛҒАН ЖАҢА БІЛІМДЕРІН ҚОРЫТАДЫ

Егер оқушының болжамы дұрыс емес болса, қатесін табуды ұсынып, дұрыс жауапқа бағыттайды.

Тапсырманың дұрыс шешімін іздейді

Ұғынған материалды бекіту мақсатымен сұрак қояды

Сұракқа жауап беру арқылы алған білімді бекітеді

Оқушының тапсырманы шешу жолын

Тақырып бойынша кең көлемдегі

қорытады, жетістігін мадақтаиды немесе дәл емес шешімді көрсетіп, мәселені ойлау жолын жетілдіру мақсатын қояды.

Дәстүрден тыс жағдайларда практикада білімдерді қолдану жаттығуларын ұсынады.

қорытуларды меңгереді.

Дәстүрден тыс міндеттерді шешу мақсатында алынғаы білімдерді қолдану жаттығуларын ұсынады.

Кестеде көрсетілгендей, мәселелік оқыту барысында окушы бірнеше кезеңдік әрекет жасайды: мәселені көру және оны құрастыру; және белгіліні белгісізден ажырату нәтижесі болатын жағдаятты талдау; болжам ұсыну және оны шешу жоспарын таңдау; шешім жоспарын іске асыру және әрекеттің және орындалған шешім нәтижелерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін іздестіру. Мұғалім әрбір кезеңде жетекші, ұйымдастырушы ролін атқарады. Оны әрекеті келесідей болып ұйымдастырылады: мәселелік жағдаятты құру тәсілін табу; оқушының мәселені қарастыруын бақылау; шешім жоспарын таңдауға көмек; кеңес беру; жеке қателерді талдау немесе мәселе шешілуін жалпы талқылау. Мұғалімнің оқушының ізденістеріне араласуы мәселенің күрделілігіне қарай, оқушының дайындығы мен дамуына қарай ажыратылады.

Мәселелік оқытуды меңгеру үшін оқушы басты түсініктерді сезіну керек: мәселелік ситуация, мәселе, мәселелік тапсырма, болжам.

Мәселелік жағдай бұл қиындықтың психологиялык ахуалы. Ол мәселелік тапсырма, баспасөз материалы, сауал, тетікті тәжірибені көрсету, препарат, түрінде болуы мүмкін. Мысалдар. Археологтар өзара араласқан ертедегі орыс мекендерін зерделеп, оның бірінен христиандық табыну іздерін тапқан, ал басқасында олар жоқ. Бұны немен түсіндіруге болады? (И.Я.Лернер). Неге Н.Гоголь 1-томның соңында Үштік-Орыс жерін басқа халықтарды және мемлекеттерден озып кеткен деп көрсеткен деген сұрақ туындайды. Себебі, осы кітапқа помещиктер мен чиновниктердің жағымсыз кескіндері берілген және авантюрист Чичиков күймеде келе жатыр деп тағы қосқан? Неге суға салған кішкентай шеге батады да, алмас неге батпайды? Мынау "писал-написал", "решал-решил", деген етістіктерді қандай белгілері арқылы ажыратуға болады екен? Осы мысалдардан мәселелік сұрак, тапсырма мен мәселесіз сұрақ арасындағы айырмашылықты көруге болады.

Мәселе - бұл талдауды керек етеін теориялық немесе практикаиық сұрақ. Мәселені құру қойылған сұрақтың өзінен не берілген мәлім және нені шешу керек екені көрініп тұрады, дегенді білдіреді.

Болжам – мәселеде түйінделген, қайшылықтың фактілер мен құбылыстардың, бақыланып отырғанның себептері туралы білім негізінде шешілу мүмкіндігі туралы болжам. Болжам ұсынуға оқушының сабақ үстінде тәжірибе мен әдебиет арқылы материалды жақсы білу, және жаңа ақпаратты алуы тиімді әсер етеді. Сонымен бірге бұл жерде эвристикалық, шығармашылық сияқты табиғаты күрделі қабілеттер үлкен рөл атқарады. Бірақ шығармашылыққа үйретудің тәсілдері мен ережелері эвристикада (Альтшуллер) және жаңа идеялар жасау үшін салыстыруларды, бейнелерді ұқсастықтарды, бір-бірінен алшақтағыларды қосу үшін қолданылатын синектикада (В.Гордон) бар.

Болжамның шынайылығын тексеру үшін мұғалім оқушыларға қосымша ақпарат береді, олардың ақпаратты қайдан алатынын көрсетеді, тәжірибе, практикалық жұмыс, пікір-сайыс, материалмен ерекше әрекеттер (көркем мәтінді талдау, грамматикалык талдау, зертханалық жұмыс) ұйымдастырады. Окушылар соңғы кезеңде өздері алған Заңдар, ұстанымдар, ережелер, ғылыми фактілер, түсініктер сияқты білімдерін ұғынып, қалыптастыруға ұмтылады. Жаратылыстану ғылымдарында, ғалымдардың пайымдауынша, әртүрлі болжамдар болғанмен олар бір шешімге келеді деп есептейді. Ал гуманитарлық, техникалық ғылымдар және көркемдік өнер саласы пәндеріндегі мәселелр бірін бірі жоқка шығармайтын, бірін бірі толықтыратын шешімдер болуы мүмкін.

Сонымен оқушыларда конвергенттік және дтвергенттік ойлау қалыптасады. Мұғалім өзінің әңгімелер немесе түсіндірулер барысында жаңа білімді оқушының өзіндегі білімдер жүйесіне қосып отырады. Оқушылар білімдер негізінде қалыптаскан іскерліктер деңгейін алынған білімдерін оқу міндеттерін шешкенде және практикалық жұмысты көрсетіп отырады. Ғалымдар мәселелік оқытуды табиғи оқыту деп есептейді: өмірде де біз бір қажеттілікке тап болғанда ғана бір нәрсені білеміз, сол сияқты оқушылар да қайсыбір қиыншылықтарды шешу жолдарын іздестіреді. Бұндағы айырмашылық оқу үрдісі мүғалім дегенмен мәселелік жағдаятпен "кездесуді" ұйымдастырады, әйтсе де кейде балалардың әрекетінде кейде күтпеген жерден де шығуы мүмкін.

Дидактикада классикалық мәселелік оқытудың кейбір түрлері жасалынған: іскерлік және имитациялық ойындар, үрдістерді моделдеу (компьютерде де), нақты жағдаятты талдау әдісі, "мидың шабуылы", эвристикалық әңгіме және басқалар. Бұл әдістердің бәрінің негізінде шешілуге тиісті мәселе жатады. Мұндай кең көлемдегі жұмыс түрлері мүғалімге оқу үрдісіне "мәселеліктің элементі", дидактика тұрғысынан окушылардың таным әрекетін ұйымдастыруды еңгізуге болатынын көрсетеді. Мәселелік оқытудың жетістігіне оқушының белсенді интеллектуалдық және практикалық әрекетке қатысуын жатқызуға болады. Өйткені бұндай сәтте оқушы күшті жағымды сезімдерге (қызығушылық, қанағаттанушылық) бөленеді. Оқушыларды объектіні қабылдау, байқау, қиял, талдау, жіктеу, дәлелдеу және басқа да интеллекуталдық іскерліктер қалыптасады. Оған мәселені көру, сұрақ қоя білу, шешім іздеу сияқты шығармашылық іскерліктер енеді. Эксперименттер мәселелік оқудың терең білімдерге қол жеткізетінін көрсетіп жүр. Оқушылар тек ақпаратты есіне түсіріп жаңғыртып кана қоймай, олардың арасында байланыс орнатады, түсіндіреді, қолданады, бағалайды. Мұның бәрі, бірақ, белгілі бір жағдайларда ғана мүмкін болады. Егер оқушылар өзінің дамуы мен білім деңгейлері жағынан мәселелік оқытуға даяр болмаса, онда бұл оқыту қанағаттандырмайтын нәтижелер мен жағымсыз сезімдер тудырады. Бұл өз кезегінде мүғалімнің жоғары деңгейдегі пәндік және әдістемелік даярлығьш талап етеді, өзінің мәселені кою және шеше алу, оған оқушыны үйрету мүмкіндігі болуы керек. Мәселелік оқыту көп уақытты керек етеді. Сондықтан оны дидактикалық міндеттерге сәйкес және оқытудың хабарлаушы, бағдарламаланған сияқты басқа түрлерімен үйлестіре пайдалану ұсынылады.

Бағдарламаланған оқытуды құруға екі себеп болды: 1 мәселелік Бағдарламаланған оқытуды пайдаланғанда, оқушылар әр түрлі себептермен оқыту мүғалімнің берген тапсырмаларын орындамай, берілгеи білімді

қабылдамайды.

Бұл оқытудың мұғалім оқушылар әрекетін тиімді басқаратын моделін іздестіруге әкеледі. Ал екінші себеп, XX ғ. ортасынан дамып жатырған техника адам әрекетінің барлық саласына, сонымеы қатар білімге де енді. Оқытудың жолдарын өзгертуді талап ететін алғаш машиналар пайда болды. Мысалы, электронды машиналарда ақпарат кәдімгі мәтінді дәстүрлі түрде емес, бағдарламаланған түрде берілу керек: кейінірек -кескіндерде, осыдан барып білім беру мультмедиа, техникалық жағынан күрделі оқытушы жүйелер дамыды.

1954 жылы Б.Ф.Скиннер бағдарламаланған оқыту түжырымдамасы туралы баяндама жасады. Сызықтық бағдарламалауды жасаушы ол оқыту "стимул - реакция -бекіту" деп танитын бихевиористік психологияға сүйенді. Бүл оқушыға материал үсынылады, оқушы онымен әрекеттер жасайды да, сол жерде әрекеттер бағаланады. Бағдарламаланған окыту - ол білімді оқытушы бағдарлама бойынша дербес және тәуелсіз ұғыну. Кәдімгі оқытуда, әдетте оқушы оқулықты түгел оқиды, оны қайталап айтады бұл ретте оқушының жүмысы басқарылмайды, ал бағдарламаланған оқытудың мәні окушының оқу әрекеттерін оқыту бағдарламасы арқылы бағыттауда болып табылады. Бағдарламаланған оқытудың басты түсінігі - оқытатын бағдарлама. Оны әрбір шағын кезеңі білімдер немесе іскерліктердің бірліктерін меңгеруге бағытталған қадамдардың

бірізділігі деп түсінеді. Шағың кезең, бағдарлама адымы, үш бөліктен түрады: оку ақпаратының аяқталған бөлігін беру; тапсырмалар - ақпаратпен және меңгеру үшін әрекеттер, бақылау тапсырмалары (кері байланыс) және жаттығуларды қайталау туралы нұсқаулар.

Оқыту информациясын оқушылар көбінесе мүғалімнен емес, бағдарламаланған оқу құралы немесе компьютер дисплейінен алады. Оқушы мен мұғалімнің әрекеті бағдарламаланған оқытылуда келесі кестедегідей жүзеге асады.

Мұғалім (оқулық, компьютср)

Оқушы

Материалдың 1-ші бөлігі туралы хабарлайды

Материалдың 1 -ші бөлігін қабылдайды

Материалдың 1-ші бөлігін түсіндіреді

Осы бөліктің мазмұнын ұғып, түсінеді

Білімін тексеретін сұрақ қояды

Сауалға жауап береді

Егер жауап дүрыс болса, мүғалім материалдың жаңа бөлігі туралы хабарлайды

Материалдың бірінші бөлігін ұғады

Берілген тақырыптың барлық көлемін ұғынғаннан кейін, оқыту үрдісі былайша

жүреді.

Мұғалім

Оқушы

Білімді бекітуге тапсырма береді

Бекітуге арналған тапсырманы орындайды

Білімін пайдалануға бағытталған тапсырма беріледі

Білімін пайдалануға арналған тапсырманы орындайды

Мектептің практикасында мәселелік оқытудың элсменттерін колданылу бәрібір шектеулі. Бұлар негізінен бірқатар оқу пәндерінде оқушылардың оқу материалын қайталау, бекіту сияқты әрекеттенуі, сондай-ақ олардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тест арқылы тексеруде қолданылды.

Бағдарлама қадамдарына сипатына байланысты оқытушы бағдарламалар түрлері бар. Б.Скиннер жасаған сызықтық бағдарлама оқушының жылжуын мүмкін ететін материалдың аз бөліктерінен құралады. Материалды меңгеру тапсырмасында әдетте, ақпаратты оқып, бос орынды толтыру немесе бірнеше сөздер жазу талап етіледі. Сонан соң жауап жасырын дұрыс жауабымен тексеріледі және дұрыс жауап алынса, материалдың екінші бөлігіне жылжиды немесе егер оқушы дұрыс жауап бермесе, ақпаратқа қайта оралады, тапсырма қайталанады. Оқушы алдыңғы білімді меңгергенде ғана, оқытуда жылжи алады. Білімдегі олқылықты жою мақсатында жауап беру қажеттігі белсендіруші себеп болып табылады.

Скиннер ұсынған оқытудың бұл моделі мынадай ұстанымдарға неғізделген:

  1. Материалды меңгеру жеңіл әрі міндетті болу үшін материалды мүмкіндігінше кіші бөліктерге бөлу ұстанымы;

  2. Жауаптың бағасының жедел бағалану ұстанымы (кері байланыс). Оқушы біліміндегі олқылыкты толықтырады және оны осы арада дұрыс жауаппен салыстырады.

  3. Оқыту темпін жекелендіру ұстанымы. әрбір оқушы білімді меңгеруге қанша уақытты қажет етсе, сонша уақыт жұмсайды. Сызықтық бағдарламаның бір артықшылығы оқушының материалды кіші адымдар арқылы жылжуы оған оқытудың жалпы мақсатын көруге, қойылған мақсаттарға тез жеткізуге, білім мазмұнын жекелеуге мүмкіндік бермейді деп сынға алушылар да бар. Онан басқа, оқушының өз біліміндегі олқылықты толтыру жауабы, сызықтық бағдарламаларды

сынаушылардың күш-жігерді керек етпейді.

Сызықтық бағдарламаларды сынау бұтақталған бағдарламаның пайда болуына әкелді. Оны жасаушы Н.А.Краудердің есептеуінше, оқу материалының бөліктері

неғұрлым үлкен болу керек, өйткені оны меңгеру кіші адымдармен қатесіз меңгеруге емес, мазмұнды терең және жан-жақты талдауға байланысты. Бұтақталған бағдарламаның бакылаудын жаңа формасындағы екінші ерекшелігі - окушының таңдау жауабында: бірнеше жауаптан оқушы дүрыс жауапты таңдайды, ол жерде дұрыс, толық емес және типтік кателері бар дұрыс емес жауаптар бар. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, ол келесі адымға жылжиды. Егер дұрыс жауап бермесе, оған катенің мәні түсіндіріледі, жіберілген қатеге байланысты бір бағдарламамен жұмыс жасауға немесе алғашқы нүктеге қайта оралуға нұсқау алады. Сонымен, бүтақталған бағдарлама оқушыларды олардың жауаптары мен қателеріне байланысты әртүрлі жолдармен алып жүреді - білім алу адымдарының бұтақталуы. Бірақ мұның да кемшіліктері бар. Бұны сынаушылар бұтақталған бағдарлама оқушыны жауапты оңай ойлап таба салуға, қате жауапты есте сақтап және алып тастауға итермелейді. Сынаушылардың пікірінше, тіпті бұтақталған бағдарламаның өзі де оқушыға тұтас және жүйелі оқу материалын бере алмайды. Ең ақырында, аталған бағдарламалардың кез-келғені бойынша оқыту өте қарапайым және қолдан жасалған сипат алады, ол оқу болса, ол - әрекеттің өте күрделі түрі.

Сондыктан да бағдарламалардың әр түрлері біріктіріледі-

Аралас аралас бағдарламалар пайда болады. Біртіндеп күрделі

бағдарламалау бағдарламалық өнімдер ақпараттың әртүрлі бөліктерін және

түрлерін қамтиды да, мәселелік оқыту және оқытудағы

алгоритмдер, білім алушылар жауабын ендірудің түрлі тәсілдері, оқытуды оқушыныд жеке ерекшеліктеріне бейімдеу, бағдарламамен жеке және топтық жұмыстар пайда болады. Соңғы жолдары бағдарламалау идеясы жаңа техникалық деңгейде іске асырылуда.

Аралас бағдарламаларда материал түрлі көлемдегі адымдарға дидактикалық максаттарына, оқушылар жасына, оқу материалы мен оқыту үрдісі логикасына бағынышты бөлінеді. Оқушылар жауабьшың тәсілдері түрліше болуы ықтимал: әріптестерден және сөздерден жауап қурастыру; жауаптарды шартты белгілермен кодтау; берілген жауаптардан дұрысын таңдау; аралас тәсіл.

Бағдарламаланған оқытудың дамуына байланысты алгоритм Алгоритмдік теориясында және практикасында «алгоритмдік оқу» деген

оқыту түсінік қалыптасты. Дидактикадағы алгоритм дегеніміз - оқу

міндеттерінің шешілуге әкелетін оқу материалының жүйелі түрде орындалуы. Мұғалім алгоритмнің «алгоритмдік оқыту» бағдарламасының негізінде жатқандығын түсіну керек. Мүғалім басқа да оқыту түрлерінде де алгоритмдік оқуды пайдалана алады. Яғни, оқушыларға алгоритм қүрып, ережелердің шығарылуын, жаттығулардың орындалуын, практикалық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ете алады. Мысалы, математикада 2 оң санды табуға алгоритм қолдана алады. Мысалы, синтаксисті карастырғанда, жай сөйлем түрлерін де анықтауға болады. Окушы жүйелі түрде сөйлемді талдау арқылы сұрақтарға жауап беріп отырады. (4 сызбаны қара)

4 - сызба 1. Сөйлемде бастауыш бар мa

ИЯ ЖОҚ

2. Баяндауыш бар ма? 2. Баяндауыш 1 немесе 2 жақтың

етістігімен берілген бе?

ИЯ ЖОҚ ИЯ ЖОҚ

Қорытынды : Қорытынды: Қорытынды: 3.Баяндауыш

Толымды сөйлем Атаулы сөйлем Толымды жақты 3-жақтын көпше түр-гі етістікпен н\е

өткен шақ-ң етістігімен берәлген бе?

ЖОҚ ИЯ

Қорытынды : толымсыз (әрі қарай ұқсас талдау жүреді)

жақсыз сөйлем

Алгоритмдерді колдану - окушылардың іс-әрекетін қатаң бақылауға алуға, сол арқылы тиімді нәтижеге жетуге мүмкіндік береді, бірақ оның да белгілі бір шарттары бар. Окушылардың жетістікке жетуі - олардың пәнді жақсы білуіне, ойлау мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Оқушыларға арналган алгоритмнің түрлі деңгейлері бар: біреулері нақты бір материалды игеруге арналған (келтірілген мысалдағыдай), біреулері есептердің шығарылуын қамтамасыз етеді, үшіншілері оқуды меңгерудің ретін көрсетеді. Мұғалімдерге де арналған алгоритмдер бар. Олар мұғалімнің оқу үрдісін реттейді.

Бағдарламапанған оқытудың идеялары қазіргі кезде блоктік Блоктік және модульдік оқытудың тұжырымдамаларында

оқыту қолданылады. Блоктік бағдарлама оқушыларға әр түрлі ақыл-ой

операцияларын және алынған білімдерін тез пайдалануды қамтамасыз етеді. Блоктік оқытудың жасаушысы поляк дидакті Ч.Куписевич, оқыту бағдарламаларын мынандай блоктарға бөлді: ақпараттық блок, тестік-ақпараттык, түзетулік-ақпараттық, мәселелік блок, тексеру және түзету блогі. Сызба түрінде ол былай болады:

5 -сызба

Ақпараттық блок 1

\ /

М әтіндік - ақпараттық блок Түзетулік блок

( тексеру)

М әселелік блок1 |

Мәтіндік-мәселелік блок Түзетулік блок

(тексеру)

Ақпараттық блок 2 және т.б.

Қазіргі коммуникациялық құралдар оқытудың күрделі электронды жүйелерін, телекоммуникациялық желілерді құрастыруға мүмкіндік береді. Жеке алғанда, тдидактикалық қызметтер атқарушы белсенді бағдарламалар оқушыға ақпараттык жүйелермен, мәліметтер базасымен, әксперттік жүйелермен, диалогтық режимде жүмыс жасауды мүмкін етуді эксперты жасалынады. Мүғалімдер мен ғалымдар, әдіскерлер, дидактар компьотерлік, электрондық оқытуға керек әртүрлі оку бағдарламаларын жасауда. Міне сондай өнімдердің типтері: іскерлікті жаттықтыру, оқу жаттығулары, оқу-танымдық ойындары, жаттауға, моделдеуге, түсініктер меңгеруге бағытталган.

Бағдарламалық оқытудың тарихы блоктік оқытудың орта және жоғары мектепте қолайсыз екенін көрсетті. Себебі, оқыту үрдісі тірі адамның қатынасынсыз, тірі мұғалімсіз болуы мүмкін емес, мұны машинамен айырбастауға болмайды. Осы тарауда жазылған "технологияландырылған" әдістер мен тәсілдердің мүмкіндігі шектеулі. Бұлар қашықтан оқыту, мәселелік оқыту аясында іске асуы керек. Модулдік оқыту (блоктік оқытудың дамуы) - оқушының мақсаттық, ақпараттық, операциялық модулдері енгізілген оқу бағдарламасы мен жұмысы, яғни оқыту мақсаттарына жетуге әдістемелік басшылык, білімдерді тексеру типі. Оқытуды бұлайша басқару негізінен жоғары мектеп пен ересектерді оқытуды қолданылады. Сондай-ақ, ол білім беруді ақпараттандыру ұстанымын іске асыру тәсілі де болып табылады. Қазіргі мектеп практикасында түрлі дәрежеде тараған оқыту моделдері осылар екен.