Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKOLOGIYa_Zh_1240_NE_T_1200_RA_1178_TY_DAMU_SIL...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.81 Mб
Скачать

1. Биосфераның орнықтылығы неге тәуелді:

1. Түр әралуандылығына;

2. Планета радиусының ұзындығына;

3. Температураның маусымдық ауытқуларына;

4. Жер рельефіне;

5.Құрлық тақталарының қозғалуына.

2. Ю.Либихтың минимум ережесі мен в.Шелфордтың толеранттық заңының арасында айырмашылық бар ма?

1. жоқ, бұлар бір ғана табиғи құбылыстың әртүрлі баяндалуы;

2. иә, "минимум ережесі" организмдердің кейбір кластарына қатысты ғана қолданыла алады;

3. иә, "минимум ережесі" экологиялық факторлардың кейбір кластарына қатысты ғана қолданыла алады;

4. иә, себебі "минимум ережесі" "толеранттық заңының" жекелеген бір көрінісі ғана;

5. иә, себебі "толеранттық заңы" "минимум ережесінің " жекелеген бір көрінісі ғана.

3. Тропикалық орман басқа аймақтардың ормандарына қарағанда түрлерге әлдеқайда бай, себебі:

1. тропикалық ормандарда түр ішіндік бәсекелестік болмайды;

2. тропикалық ормандарда қатаң түр аралық бәсекелестік болмайды;

3. тропикалық ормандар антропогендік ықпалға ұшырамаған;

4. тропикалық ормандарда абиотикалық факторлардың мөлшері өте қолайлы үйлескен;

5. тропикалық ормандарда жыртқыштар жоқ.

4. Популяциядағы уақыт бірлігі ішінде пайда болған дара организмдер саны қалай аталады:

1. популяция саны;

2. популяция тығыздығы;

3. популяцияның туылымы;

4. популяцияның өлім-жітімі;

5. популяцияның экологиялық қуысы.

5. Бір трофикалық деңгейден келесі трофикалық деңгейге берілетін энергия, ілгерілеу тұрған деңгейдегі энергияның қанша пайызын құрайды?

1. шамамен 1%;

2. шамамен 5%;

3. шамамен 10%;

4. шамамен 15%;

5. шамамен 50%.

6.Төменде келтірілгендердің қайсысы Биосфераның жанды затына жатпайды:

1. жануарлар;

2. минералдық тау жыныстарының кені;

3. саңырауқұлақ споралары;

4. бұталар;

5. мүктер мен қыналар.

7. Құрлықтық экожүйелерге төменде келтірілгендердің қайсы жатады:

1. өзендер мен көлдер;

2. ашық мұхит;

3. қылқанды орман (тайга);

4. жағалауға жақын шығанақтар;

5. су қоймалары.

8.Экологиялық қуыс дегеніміз - бұл:

1. азықтық ресурстар үшін бәсекелестік болмайтын аймақ;

2. организмдер өсіп-өнетін (төлдейтін) жер;

3.организмнің қоршаған орта жағдайларына қояр талаптарының жиынтығы;

4. жыл құстарының ұя басатын орны;

5. бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жері.

9. Төменде келтірілген қауымдастықтардың қайсына ең төмен биологиялық өнімділік тән ?

1. тропикалық орман;

2. тайга (қылқанды орман);

3. тундра;

4. дала;

5. төгілмелі жапырақты орман.

10. 10% ережесіне сәйкес ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі шөптесін өсімдіктердің еншісіне жинақталған күн энергиясының қанша пайызы тиеді:

1. 0, 1%;

2. 100 %;

3. 5 %;

4. 10%;

5. 0,01 %.

11. Ғалымдар ескертіп отырған Жер климатының жылынуы негізінен атмосфераға қандай заттың шығарылуымен байланыстырылады:

1. Көмірқышқыл газының;

2. Фреондардың;

3. Шаңның;

4. Күкір қосындыларының;

5. Азот тотықтарының.

12. Биотоп ненің құрамдас бөлігі:

1. фитоценоздың;

2. фитопланктонның;

3. экожүйенің;

4. зоопланктонның;

5. жер магнитосферасының.

13. Ғаламдық (глобалдық) экология қандай заңдылықтарды зерттейді:

1. тірі организмдердің кеңістік бойынша таралуын;

2. тірі организмдердің уақыт бойынша таралуын;

3. тірі организмдердің сандарының реттелуін;

4. биосфераның қызмет атқаруын;

5. сулық экожүйедегі заттар айналымын.

14. Биоценоздың бір территорияда кезектесіп алмасуы қалай аталады:

1. демографиялық жарылыс;

2. экологиялық сукцессия;

3. урбандалу;

4. шөлдену;

5. экологиялық қуыс.

15. Биотикалық потенциал дегеніміз – бұл:

1. Популяцияның антропогендік факторлардың әсерімен өзінің туылымын арттыруға қабілеттілігі;

2. Түрдің қоршаған ортаның жағымсыз факторларына бейімделуге қабілеттілігі;

3. Репродуктивті кезеңде бір аналық бере алатын ұрпақтардың максималды мөлшері;

4. Түрдің тіршілік үшін қолайлы орындарды іздеп табуға қабілеттілігі;

5. Түрдің жаңа игерілген территориялар есебінен өз арөалын кеңейтуге қабілеттілігі.

16-вариант

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]