Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKOLOGIYa_Zh_1240_NE_T_1200_RA_1178_TY_DAMU_SIL...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.81 Mб
Скачать

1. Демэкология нені зерттейді:

1. ауыр өнеркәсіп мекемелерінің түтіндерінің химиялық құрамын;

2. мұнай өңдеу заводынан шығатын түтіндердің осы ауданда тіршілік ететін торғайлардың популяциясының санына әсерін;

3. шайынды сулардың өзен гидробионттары (мекендеушілері) қауымдастығының түр құрамына әсерін;

4. шайынды сулардың химиялық компоненттерінің (қоспаларының) зоопланктонның зат алмасуына әсерін;

5. шайынды сулардағы әртүрлі қоспалардың су организмдерінің тұқым қуалаушылығына әсерін.

2. В.И. Вернадский қандай ғылыми бағыттың авторы:

1. табиғи сұрыпталу теориясының;

2. биосфера туралы ілімнің;

3. Жерде тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы теориясының;

4. “минимум” ережесінің;

5. толеранттық заңының.

3. Бейорганикалық қосындылардан органикалық зат түзе алмайтын организмдер қандай топқа жатады?

1. продуценттерге;

2. автотрофтарға;

3. гетеротрофтарға;

4. хемотрофтарға;

5. фототрофтарға.

4. Қандай популяцияларда пострепродуктивтік жастағы организмдер популяцияның басым бөлігін құрайды:

1. шапшаң өсіп келе жатқан популяцияларда;

2. саны біршама тұрақталған популяцияларда;

3. саны кеміп келе жатқан популяцияларда;

4. санының өзгеруінде айқын заңдылық байқалмайтын популяцияларда;

5. өсу жылдамдығы нольге тең популяцияларда.

5. Ыстық климат жағдайында егістік жерлерді шамадан тыс суарудың салдары қандай болады:

1. Топырақты сор басады;

2. Атмосферадағы СО2 мөлшері өзгереді;

3. Атмосферадағы оттегінің мөлшері артады;

4. Қазба байлықтардық қоры жинақталады;

5. Топырақ құнарлығы артады.

6. Ноосфера дегеніміз – бұл:

1. организмдердің Жердегі тіршілік ету сферасы;

2. жағымсыз антропогендік әсердің сферасы;

3. адамның саналы әрекетінің сферасы;

4. Жердегі өткен дәуірлердегі тіршіліктің сферасы;

5. адамның тіршілік ету сферасы.

7. Синэкология нені зерттейді:

1. климаттық факторлардың орман қауымдастығының түр құрамына ықпалын;

2. температураның табиғаттағы заттар айналымына әсерін;

3. күн ұзақтығының жануарлардың азықты қажет етуіне әсерін;

4. жеке бір организмнің зат алмасу қарқынына ауаның химиялық құрамының әсерін;

5. сүтқоректі жануарлардың терісінің құрылыс ерекшеліктерін.

8.Экологиялық өлім-жітім дегеніміз -бұл:

1. дара организмдердің ең қолайлы (идеалды) жағдайларда опат болуы;

2. организмдердің өздерінің физиологиялық жағдайының нәтижесінде ғана опат болуы;

3. организмдердің ортаның нақты жағдайларында опат болуы;

4. организмдердің ортаның экстремалды (төтенше) жағдайларында ғана опат болуы;

5. организмдердің табиғи апаттар нәтижесінде қаза болуы.

9. Жыл сайын миллиондаған уылдырық шашатын бекіре тұқымдас балықтарға тірі қалу қисық сызықтарының қандай пішіні (формасы) тән?

1. ойық;

2. дөңес;

3. тік көлбеу сызық;

4. сатылы;

5. аталғандардың қисық сызық формаларының бірі де сәйкес келмейді.

10. Ормандық экожүйенің екінші қоректік деңгейін қандай организмдер иеленеді:

1. еліктер;

2. шөптесін өсімдіктер;

3. бұта тәріздес өсімдіктер;

4. ағаштар;

5. жыртқыш аңдар.

11.Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы симбиоз құбылысын түр аралық қатынастар тұрғысынан қарағанда неғұрлым дәл және толық сипаттайды?

1. бір түр екіншісін азық көзі ретінде пайдаланатын түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі).

2. қандай-да бір шектеулі ресурс үшін бір түр екінші түрмен бәсекелестікке түсетін түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі);

3. бір түр екіншісін өлтіріп, азық көзі ретінде пайдаланатын түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі);

4. әсерлесуден екі түр де пайда көретін түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі);

5. бір түр екінші түрдің ықпалына еш жауап қайтармайтын түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі).

12. Биоценоз ненің құрамдас бөлігі:

1. жердің озон қабатының;

2. экожүйенің;

3. химия өндірісінің;

4. автомибильдер шығатын газдардың;

5. минеральды тыңайтқыштардың.

13. Биосфераның тірі затының жинақтаушылық (концентрациялаушы) қызметінің арқасында:

1. химиялық элементтер организмдерден босап шығады;

2. органикалық заттардың құрамындағы энергия босап шығады;

3. жерге жауын-шашын түседі;

4. шөгінді тау жыныстарының кендері түзіледі;

5. фотопериодизм құбылысы іске асады.

14. Биосферадағы ең өнімділігі жоғары экожүйе болып табылатын:

1.шөл;

2.тундра;

3.тропикалық орман;

4.тайга;

5.жартылай шөл.

15. Биосферадағы тірі заттың қызметін анықтаған:

1.А.Гумбольт;

2.Э.Зюсс;

3.В.И.Вернадский;

4.Дж.Бернал;

5.А.Тенсли.

10 –вариант

1. Төменде өкрсетілгендердің қайсысы дәстүрлі энергия көздеріне жатпайды:

1. Мұхиттың толысу және қайту энергиясы

2. Мұнай және газ;

3. Таскөмір және ағаш отын;

4. Жел энергиясы және таскөмір;

5. Күн энергиясы және газ;

2. “Экожүйе” терминін алғаш енгізген:

1. А.Тенсли;

2. Ю.Либих;

3. Ч.Дарвин;

4. Э.Геккель;

5. В.Сукачев.

3. Стенобионттарға қандай организмдер жатады:

1. судың тұздылығына толеранттылық ауқымы тар организмдер;

2. судың тұздылығына толеранттылық ауқымы кең организмдер;

3. ауа температурасына толеранттылық ауқымы тар организмдер;

4. ауа температурасына толеранттылық ауқымы кең организмдер;

5. барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

4. Қандай популяцияларда репродуктивтік жастағы организмдер популяцияның басым бөлігін құрайды:

1. шапшаң өсіп келе жатқан популяцияларда;

2. саны біршама тұрақталған популяцияларда;

3. саны кеміп келе жатқан популяцияларда;

4. санының өзгеруінде айқын заңдылық байқалмайтын популяцияларда;

5. өсу жылдамдығы нольге тең популяцияларда.

5. Бір популяция немесе организм пайда табатын, ал екінші популяция бұдан пайда да таппайтын, зиян да шекпейтін популяция аралық қарым-қатынас түрі қалай аталады?

1. комменсализм;

2. мутуализм;

3. бәсекелестік;

4. протокооперация;

5. паразитизм.

6. Адамның саналы еңбегі біздің планетамыздың дамуының басты (анықтаушы) факторына айналатын Биосфераның даму сатысы қалай деп аталады?

1. техносфера;

2. антропосфера;

3. витасфера;

4. ноосфера;

5. экосфера.

7. Демэкология нені зерттейді:

1. бауырымен жорғалаушылардың эпителий ұлпаларының құрылысындағы ерекшеліктерді;

2. амфибиялардың ми жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін;

3. популяциялардың жастық және жыныстық құрамын;

4. кеміргіштердің жекелеген дараларының жыныстық пісіп-жетілу мерзімін;

5. сүтқоректілер мен омыртқасыз жануарлардың зат алмасуындағы айырмашылықтарды.

8.Популяция санын шектеуші факторлардың қайсысының популяция тығыздығына тәуелді болуы мүмкін емес?

1. паразитизм;

2. жыртқыштық;

3. тіршілік қалдықтарының жиналып қалуы;

4. жер сілкіністері;

5. бәсекелестік.

9. Ірі сүтқоректі жануарлардың төлдерінің өлім-жітімі төмен болуының себебі неде:

1.тіршілік жағдайларының қолайлы болуында;

2.абиотикалық факторлардың деңгейі оңтайлы болуында;

3.биотикалық факторлардың деңгейі оңтайлы болуында;

4.төлдеріне көрсетілетін қамқорлықта;

5.азықтық ресурстардың мол болуында.

10. Тундралық экожүйелердің үшінші қоректік деңгейін қандай организмдер иеленеді:

1. поляр жапалақтары;

2. бұғылар;

3. бұталар;

4. қояндар;

5. мүктер

11. «Жылыжай эффектінің» пайда болу себебі:

1. Атмосферадағы СО2 концентрациясының артуы;

2. Атмосферадағы фреондардың концентрациясының артуы;

3. «Озон тесіктерінің» пайда болуы;

4. Территориялардың шөлденуі;

5. Атмосферадағы СО2 концентрациясының төмендеуі.

12. Биосферада органикалық заттарды ыдырату функциясын нелер атқарады:

1. консументер;

2. продуценттер;

3. редуценттер;

4. шөгінді тау жыныстары;

5. энергетикалық қазбалар.

13. Заттардың биосферадағы биотикалық айналымын қандай әселесулер қамтамасыз етеді:

1. продуценттер, консументтер және редуценттердің әсерлесуі;

2. консументтер мен редуценттердің әсерлесуі;

3. консументтер мен продуценттердің әсерлесуі;

4. редуцент мен продуценттердің әсерлесуі;

5. тек қана гетеротрофтардың өзара әсерлесуі.

14. Тіршіліктің жердегі тұрақтылығын ұстап тұратын жағдай:

1.биологиялық алуан түрлілік максималды сақталған жағдайда;

2.адамның шаруашылық салаларының барлығы қарқынды дамыған жағдайда;

3.планетаның жылдық орташа температурасы төмендеген жағдайда;

4.шөлдену процесі жылдамдаған жағдайда;

5.атмосферадағы СО2 мөлшері артқан жағдайда.

15. Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметінің нәтижесінде атмосферада газдардың белгілі бір құрамы түзіді, оның құрамында:

1. 70% СО2;

2. 21 % О2;

3. 95 % инертті газдар;

4. 1 % N2;

5. СО2 , CO, О2 , N2 - әрқайсысы 1% дан.

11-вариант

1. Адамның шаруашылық іс-әрекеті қоршаған ортаға қандай жағымсыз ықпал етуі мүмкін:

1. Биологиялық әралуандылық артады;

2. Құрлықтық экожүйелердің өнімділігі артады;

3. Сулық экожүйелердің өнімділігі артады;

5. Энергетикалық ресурстарды пайдалану қарқыны артады.

2. “Биосфера” терминін алғаш енгізген ғалым:

1. А.Тенсли;

2. Ю.Либих;

3. Ч.Дарвин;

4. Э.Зюсс;

5. В.Сукачев.

3. Стенобионттарға қандай организмдер жатады:

1. тек құрлықтық экожүйелерде тіршілік ететін организмдер;

2. барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер;

3. әртүрлі климаттық аймақтарда кеңінен таралған организмдер;

4. тек сулық ортада тіршілік ететін организмдер;

5. әртүрлі экологиялық фактолар бойынша толеранттық ауқымы кең организмдер;

4. Аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы дара организмдердің орташа саны нені көрсетеді:

1. түр әралуандылығын;

2. популяцияның өсімталдығын;

3. популяция тығыздығын;

4. популяция санын;

5. популяцияның өсу жылдамдығын.

5. Шөпқоректі жануарларға жататын тиін мен бұлан, бір орманда тіршілік еткенімен іс жүзінде бір-біріне еш қатынасы болмайды. Популяция аралық қарым-қатынастардың осындай түрі қалай аталады?

1. комменсализм;

2. протокооперация;

3. нейтрализм;

4. мутуализм;

5. жыртқыштық.

6. Тіршіліктің литосферадағы таралуының физикалық шегі қандай тереңдікте орналасқан?

1. 1 м;

2. 3 км;

3. 50 км;

4. 100 км;

5. 6000 км.

7. Аутэкология нені зерттейді:

1. қоршаған орта температурасының жекелеген организмнің зат алмасуына әсерін;

2. көлдің температуралық режимінің гидробионттардың (көлді мекендеуші организмдердің) түр құрамына әсерін;

3. климаттық факторлардың жануарлар әлемінің түрүр байлығына әсерін;

4. эдафикалық (топырақ) факторлардың өсімдіктер әлемінің түр байлығына әсерін;

5. өнеркәсіп мекемелерінің ауаға шығаратын заттарының Жер климатына әсерін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]