
- •Жаратылыстану-техникалық факультеті География және экология кафедрасы
- •Пән:Экология және тұрақты даму
- •Құзіреттілік түйіндері
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж сабағына әдістемелік нұсқау
- •Глоссарии
- •Дәрістерге қысқаша конспектілер
- •1.Экологияның бөлімдері: Аутэкология, Демэкология, Синэкология, Ғаламдық экология.
- •2.Орнықты даму» терминінің пайда болу тарихы
- •3.Экологиялық проблемалар, олардың осы заманғы экономикалық және саяси үрдістерді алатын орны мен рөлі.
- •1. Популяция туралы түсінік.
- •2. Популяцияның статикалық сипаттамасы
- •3. Популяцияның динамикалық сипаттамасы
- •Бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді.
- •Экожүйедегі энергия ағысы Биосферадағы биогеохимиялық айналым
- •XX ғасырдың соңындағы орнықты даму
- •Әлемдік экологиялық проблемалар қүрылысы
- •1.Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдары.
- •2.Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізетін зардаптары.
- •3.Қазақстандағы экологиялық проблемалары.
- •Топырақтын ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші
- •Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Оқытудың сырттай формасы үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Экология және тұрақты даму пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •1. «Рим клубының» негізін салған қайраткер:
- •2. Экожүйелердің құрылысын, қызметі мен дамуын зерттейтін сала:
- •3. Адаптация дегеніміз, бұл:
- •5. Берілген организмдер жұптарының қайсына "жыртқыш-жемтік"қарым-қатынасы тән:
- •6. В.И.Вернадский Жердің қандай аймағын Биосфера деп түсінген?
- •10. Ормандық экожүйенің бірінші қоректік деңгейін қандай организмдер иеленеді:
- •11. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы бәсекелестік құбылысын түр аралық қатынастар тұрғысынан қарағанда неғұрлым дәл және толық сипаттайды?
- •1. Синэкология нені зерттейді:
- •2. Экология ғылымының “экологиялық болжам” деп аталатын бөлімі немен шұғылданады?
- •1. Демэкология нені зерттейді:
- •8.Популяция саны бірнеше жыл бойы тұрақты болуы мүмкін, егер:
- •1. «Адамның қоршаған ортасы» ұғымы қандай, бір-бірімен байланысты, екі бөлімнен (компонеттен) құралады:
- •1. Өнеркәсіптің экологиялық принциптері мен стратегиясы дамудың қандай жолдарын қарастырады:
- •2. В.Шелфордтың "толеранттық" заңына сәйкес :
- •3. Экологиялық факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер қалай аталады:
- •4. Популяцияның статикалық сипаттамаларына не жатады:
- •5. Экологиядағы 10% ережесіне сәйкес:
- •1. Биосфераның орнықтылығы неге тәуелді:
- •2. Ю.Либихтың минимум ережесі мен в.Шелфордтың толеранттық заңының арасында айырмашылық бар ма?
- •1. Экология ғылымының “демэкология” деп аталатын бөлімі мынадай мәселені зерттейді:
- •2. Экологияның қолданбалы маңызы неден білінеді?
- •3. Мұхиттың терең қабаттарына тіршіліктің таралуын абиотикалық факторлардың қайсысының шектеу ықтималылығы жоғарылау?
- •4. Туылым мен өлім-жітім көрсеткіштері қандай өлшем бірліктері арқылы өрнектеледі?
- •5. Өсімдіктер экожүйеде қандай қызмет атқарады?
- •1. Қауымдастық құрамындағы табиғи популяциялардың құрылымы мен санын зерттейтін экологияның бөлімі:
- •2. Экологияның міндеттерінің бірі:
- •3. Келтірілген экологиялық фактолардың қайсысы тропикалық ормандағы шөптесін өсімдіктердің тіршілігін шектейді?
- •4. Популяцияның максималды туылымы дегеніміз, бұл:
- •5. Табиғи экожүйелердің орнықтылығы неге байланысты емес:
- •6. Биосфералық қорықтар құрудың мақсаты:
- •6. Табиғатты қорғау дегеніміз – бұл:
1. «Рим клубының» негізін салған қайраткер:
1. А. Печчеи
2. В.И.Вернадский
3. В. Шелфорд
4. А. Тенсли
5. Ю. Либих
2. Экожүйелердің құрылысын, қызметі мен дамуын зерттейтін сала:
1. синэкология;
2. геология;
3. аутэкология;
4. демэкология;
5. геоэкология
3. Адаптация дегеніміз, бұл:
1. қоршаған орта жағдайлары өзгерген кездерде организмнің функционалдық тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретін реакциялардың жиынтығы;
2. экологиялық факторлардың әсеріне организм төзімділігінің шегі;
3. организмнің өсіп-өркендеуі үшін қажетті экологиялық факторлардың жиынтығы;
4. қоршаған ортаның белгілі бір ресурстарына деген организмнің мұқтаждығы;
5. организмнің тәулік мезгілін анықтау қасиеті.
4. Дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер қандай топқа жатады:
1. автотрофтарға;
2. гетеротрофтарға;
3. фототрофтарға;
4. продуценттерге;
5. хемотрофтарға.
5. Жабысқақ балық акуланың денесіне жабысып алып акуламен бірге жүзіп жүреді және оның олжасының қалдықтарымен қоректенеді. Дегенмен акулаға бұдан келер зиян жоқ. Түр аралық қатынастың осындай түрі қалай деп аталады?
1. бәсекелестік;
2. комменсализм;
3. протокооперация (ынтымақтастық);
4. жыртқыштық;
5. паразитизм.
6. Сандар пирамидасы ережесіне сәйкес, қоректік тізбектерге қатысатын дара организмдердің саны бір буыннан келесі буынға өткен сайын:
1. артып отырады;
2. кеміп отырады;
3. артуы мен кемуінде периодтылық байқалмайды;
4. өзгермейді;
5. синусоидты график бойынша (циклды түрде) өзгереді.
7. Төменде аталғандардың қайсысы табиғи биоценоз болып табылады?
1. астықты алқап;
2. саяжай танабы (дача);
3. бақ;
4. аралас орман;
5. саябақ (парк).
8. Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатады?
1. мұхиттың биологиялық ресурстары;
2. атмосфераның жекелеген компоненттері (оттегі, азот);
3. жер ресурстары;
4. күн радиациясы;
5. құрлықтың биологиялық ресурстары.
9.Популяция анықтамасы үшін маңызды критерий болып табылады?
1. тіршілік әрекеттерін түнде атқаруы;
2. организмдер арасындағы қарым-қатынастардың типі (түрі);
3. абиотикалық факторлар кешені (комплексі);
4. панмиксияға (еркін шағылысуға) қабілеттілігі;
5. биотикалық факторлар кешені (комплексі).
10.Бактериялар мен саңырауқұлақтар биоценозда қандай функционалдық топқа жатады?
1. консументтерге;
2. редуценттерге;
3. продуценттерге;
4. жыртқыштарға;
5. фототрофтарға.
11. Төменде келтірілгендердің қайсысы продуцент:
1. шөптесін өсімдік;
2. саңырауқұлақ;
3. жыртқыш балықтар;
4. шөпқоректі жануарлар;
5. паразит құрттар.
12. Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда ең таза болып есептеледі?
1. жылу электр станциялары;
2. су электр станциялары;
3. атом электр станциялары;
4. жел энергиясын пайдалану;
5. жоғарыда келтірілген энергия көздерінің құндылығы шамалас.
13. Қоректік тізбектер экожүйеде ненің тасымалдануын сипаттайды:
1. генетикалық информацияның;
2. қоректік заттар мен энергияның;
3. тұқым қуалаушылық информациясының;
4. фенотиптік белгілердің;
5. адаптациялық белгілердің.
14. Демографиялық жарылыстың нәтижесі мынадай болуы мүмкін емес:
1. табиғи ортаның ластануының күшеюі;
2. табиғи ресурстардың азаюы;
3. күн активтілігінің артуы;
4. биологиялық әралуандылықтың азаюы;
5. егістік жерлердің азаюы;
15. Биосфераға түсетін күн энергиясы ақырында энергияның қандай түріне айналады:
1.электр энергиясына;
2.механикалық энергияға;
3.химиялық энергияға;
4.жылу энергиясына;
5.дыбыс энергиясына.
2 - вариант
1. «Рим клубы» деп аталатын Халықаралық зерттеу орталығының бірінші баяндамасы қалай аталады:
1. Өсу шектері;
2. Ғаламдық тепетеңдік;
3. Биосфера-2;
4. Биосфера-3;
5. Адамзат және қоршаған орта.
2. Экологияның қай бөлімі экожүйелердің өнімділігін зерттеумен айналысады?
1. аутэкология;
2. демэкология;
3. синэкология;
4. экотоксикология;
5. әлеуметтік экология.
3. Автотрофты организмдер сулық экожүйелерде қандай систематикалық топ түрінде кездеседі:
1. моллюскалар;
2. шаян тәрізділер;
3. су құстары;
4. су балдырлары;
5. зоопланктон.
4. Өсімідік жапырақтарында күн сәулесінің әсерімен қандай процесс жүреді:
1. органиқалық заттардың ыдырауы;
2. тыныс алу;
3. фотосинтез;
4. ақуыздардың синтезі;
5. мутациялар.
5. Екі түр үшін де тиімді түр аралық қарым-қатынас формасы қалай аталады:
1. Паразитизм;
2. Мутуализм;
3. Бәсекелестік;
4. Жыртқыштық;
5. Нейтрализм.
6. Нәтижесінде биотикалық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепетеңдік орнайтын, экожүйенің бағытталған дамуы қалай аталады?
1. конвергенция;
2. климакс;
3. сукцессия;
4. эволюция;
5. морфологиялық адаптация.
7. Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатады?
1. мұхиттың биологиялық ресурстары;
2. атмосфераның жекелеген компоненттері (оттегі, азот);
3. жер ресурстары;
4. атмосфералық жауын-шашындар;
5. құрлықтың биологиялық ресурстары.
8.Климаттық факторлардың біреуінің ғана болса да сандық көрсеткіштері белгілі бір түрге жататын организмдердің төзімділік шектерінен шығып кетсе, онда:
1. түр осы факторға бірден бейімделеді;
2. организмдердің 100% тірі қалады;
3. организмдердің 90% тірі қалады;
4. организмдердің 80%тірі қалады;
5. түрдің сақталуы мүмкін емес.
9.Жануарлар биоценозда қандай функционалдық топқа жатады?
1. консументтерге;
2. редуценттерге;
3. продуценттерге;
4. автотрофтарға;
5. фототрофтарға.
10.Төменде келтірілгендердің қайсысы редуценттерге жатады:
1. жыртқыш балықтар;
2. шөпқоректі жануарлар;
3. ағаштар;
4. шөптесін өсімдіктер;
5. бактериялар.
11. Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда ең қауіпсіз болып есептеледі?
1. тұрмыстық жылыту қазандықтары;
2. гидроэлектростанциялар;
3. теңіз толқындарының энергиясы;
4. атом электр станциялары;
5. жоғарыда келтірілген энергия көздерінің құндылығы шамалас.
12. Жер бетінде пайда болған алғашқы организмдер, мыналар болатын:
1. эукариоттар;
2. жоғарғы сатыдағы өсімдіктер;
3. сүтқоректілер;
4. прокориоттар;
5. тұяқтылар.
13. Тіршіліктің атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралуын мынадай факторлар шектейді:
1. радиация деңгейінің жоғарылығы және оттегінің парциалдық қысымының төмен болуы;
2. метанның және басқа да көмірсутектерінің концентрациясының жоғары болуы;
3. аргонның және басқа да инертті газдардың концентрациясының жоғары болуы;
4. мұз кристалдарының болуы және су буының жоқтығы;
5. көміртегі тотығының (СО) концентрациясының жоғарылығы.
14. Жер халқының тоқтаусыз өсуінің себебі:
1. дамушы мемлекетердегі халықтықтың еш шектеусіз туылымы;
2. әлемдегі көптген жанұялардың материялдық жағдайларының жақсаруы;
3. барлық мемлекеттерде дерлік өлім-жітімнің төмендеуі;
4. барлық мемлекеттерде өлім-жітім мөлшерінің жоғары болуы;
5. Батыс Европа мемлекеттеріндегі депопуляция (халқының сиректеп кетуі) процесі.
15. Төменде келтірілгендердің ішінде биосферада ең көп таралған биогендік элемент:
1.плутоний;
2.стронций;
3.цезий;
4.уран;
5.оттегі;
3-вариант
1. 1992 жылғы Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық конференция қай жерде өтті:
1. Рио-де-Жанейрода;
2. Римде;
3. Нью-Йоркте;
4. Парижде;
5. Москвада.
2. Экология ғылымының қай бөлімі экожүйелердің трофикалық құрылымын зерттеумен шұғылданады?
1. аутэкология;
2. демэкология;
3. синэкология;
4. экотоксикология;
5. әлеуметтік экология.
3. Төменде келтірілгендердің қайсысы автотрофты организмдерге жатады:
1. саңырауқұлақтар;
2. буылтық денелілер (жәндіктер);
3. құстар;
4. адам;
5. жасыл өсімдіктер.
4. Ішкі дене температурасын тұрақты деңгейде ұстап тұра алмайтын, сондықтан дене температурасы қоршаған орта температурасына қарай өзгеріп отыратын, организмдер қай топқа жатады:
1. гомойотермдік (жылы қанды);
2. эврибионттық;
3. пойкилотермдік (суық қанды);
4. суыққа төзімді;
5. стенобионттық.
5. Берілген организмдер жұптарының қайсына паразиттік қарым-қатынас тән:
1. тиін - сусар;
2. бұқпа шаян - актиния;
3. қоян - түлкі;
4. акула - жабысқақ балық;
5. аскарида - адам.
6. Экожүйенің дамуының кемеліне жеткен және біршама тұрақты сатысы қалай деп аталады :
1. сукцессия;
2. флуктуация;
3. климакс;
4. пирамида;
5. эволюция.
7. Табиғи ресурстардың қай түрі сарқылатын (таусылатын) ресурстар қатарына жатады?
1. атмосфералық жауын-шашындар;
2. Жердің су ресурстары;
3. ғарыштық радиация;
4. жердің өсімдік ресурстары;
5. жел.
8. Төменде келтірілгендердің қайсысы популяцияның статикалық көрсеткіштеріне жатады?
1. популяцияның құрамы мен құрылымы;
2. популяция санының өсуі;
3. туылымы;
4. өлім-жітімі;
5. тірі қалу мөлшері.
9.Биоценоздарда өсімдіктер қандай қызмет атқарады:
1. 1-ші кезектегі консументтер қызметін;
2. редуценттер қызметін;
3. продуценттер қызметін;
4. 2-ші кезектегі консументтер қызметін;
5. детритофагтар қызметін.
10. 1-ші кезектегі консументтер қандай организмдер:
1. жыртқыштар;
2. шөпқорекі жануарлар;
3. өлексемен қоректенуші жануарлар;
4. жасыл балдырлар;
5. гүлді өсімдіктер.
11. Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда қауіпті болып есептеледі?
1. жылу электр станциялары;
2. теңіз толқындарының энергиясы;
3. жел қуаты;
4. күн радиациясы;
5. жоғарыда келтірілген энергия көздерінің құндылығы шамалас.
12. Алғашқы тірі организмдер тек сулы ортада пайда бола алатын еді, себебі атмосферада мына зат болмаған:
1. СО2;
2. инетррі газдар;
3. озон;
4. метан;
5. су буы.
13. Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметінің нәтижесінде жердің географиялық қабықшасында пайда болған маңызды өзгеріс:
1. Алғашқы мұхит суларының және атмосфераның химиялық құрамы өзгерді;
2. күн энергиясының ағыны күшейді;
3. жанартаулардың саны көбейді;
4. жердің экватариальдық радиусы кішірейді;
5. Әлемдік Мұхиттың ауданы өсті.
14. Соңғы есептеулер бойынша жер шарындағы халықтың саны қанша:
1. 1 млрд;
2. 10 млрд;
3. 15 млрд;
4. 6 млрд;
5. 500 млрд.
15. Биосфераның тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор:
1.биологиялық алуантүрлілік;
2.Әлемдік Мұхит көлемі;
3.атмосфераның химиялық құрамы;
4.литосфераның химиялық құрамы;
5.судың химиялық құрамы.
4 – вариант
1. Бүкіл планетадағы экологиялық жағдай бойынша тұрақты бақылаулар жүргізу және мағлұмат жинау қалай аталады:
1. Глобалдық мониторинг;
2. Химиялық мониторинг;
3. Физикалық мониторинг;
4. Биологиялық мониторинг
5. Әлеуметтік мониторинг.
2. Экология ғылымының қай бөлімі экологиялық сукцессияларды зерттеумен шұғылданады?
1. аутэкология;
2. демэкология;
3. инженерлік экология;
4. әлеуметтік экология.
5. синэкология;
3. Автотрофтылар деп мынадай қасиеттері бар организмдер аталады:
1.бейорганикалық қосындылардан өздері органикалық заттар синтездей алатын;
2.тіршілік процесі барысында дайын органикалық заттарды пайдаланатын;
3. өлі органикалық заттарды ыдырататын;
4. өсімдік тектес азықпен қоректенетін;
5. жануар тектес азықпен қоректенетін.
4. Толеранттық заңына сәйкес:
1. негізгі экологиялық факторлардың мөлшері организм қажеттігінің минималды мөлшеріне тең болған жағдайда организм тіршілік ете алмайды;
2. негізгі экологиялық факторлардың мөлшері организм қажеттігінің минималды мөлшеріне тең болған жағдайда организм өсіп-өркендейді;
3. барлық экологиялық факторлардың мөлшері организм қажеттігінің оптималды мөлшеріне тең болған жағдайда ғана организмдер тіршілік ете алады;
4. барлық экологиялық факторлардың мөлшері организм қажеттігінің максималды мөлшеріне тең болған жағдайда ғана организмдер тіршілік ете алады;
5. организмдер, әсер етуші экологиялық факторлар мөлшерінің белгілі бір аралықтарында ғана тіршілік ете алады.