Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKOLOGIYa_Zh_1240_NE_T_1200_RA_1178_TY_DAMU_SIL...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.81 Mб
Скачать

Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары

Аймактың қауіптіліп

дозасы, бэр

Облыс, аудан, елді мекендер

1.

Төтенше кауш-катерлі аймак

100

Шығыс Қазакстан облысы: Абай, Бесқарағай, Жаңасемей

2.

Қауіп-катерлі аймак

35-100

Шығыс Қазакстан облысы: Бескарағай, Жаңасемей, Абай, Абралы аудандары. Павлодар облысы, Май ауданы.

3.

Орташа кауш-қатерлі аймак

7-100

Шығыс Қазакстан облысы: Семей, Курчатов каласы, Шүбартау, Аякез ауданы, Бородуллихин, Новошульба. Қарағанды облысы: Егіндібүлак ауданы. Павлодар облысы: Май ауданы. Шығыс-Қазақстан облысы: Өскемен, Лениногор, Глубокин,

Дәріс №13.

Тақырыбы:Тұрақты даму

1. Әлеуметті-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму

2. Тұрақты қоғам моделі, оның іске асу қасиеттері мен принциптері

3. Қазақстан және тұрақты даму проблемасы

4.Әлеуметті-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму

Жалпы теориялық табиғат қорғау пәндерінің блогына: биосфера жайлы ілім, биосфера және географиялық жүйе, қоршаған ортаны қорғау теориясы, жүйелі талдау, табиғат корғау және геоэкология негіздері пәндері жатады. Ресурстық табиғатты пайдалану блогы құрамына: топырақ және жер ресурстар экологиясы, аквальдық жүйе экологиясы, ландшафтар геофизикасы мен геохимиясы, атмосфералык ауаны қорғау, т.б. пәндер кіреді. Аумақтық табиғатты пайдалану блогы жүйесіне әлемдік табиғатты пайдалану географиясы, Қазақстан экологиясы, Қазақстанның экологиялық тұрақсыздық қалпындағы геожүйелері және т.б. пәндер енеді.

Айрықша орынды қолданбалы табиғатты пайдалану блогынын зерттеу пәндері: медициналык география, геоэкологиялык аудандастыру, урбаэкология, геоэкологиялық болжау, табиғатты пайдалану экономикасы т.б. алады. Табиғатты пайдалануды басқару блогының құрамына геоэкологиялық экспертиза, геоэкологиялык картография, геоэкологиялық мониторинг т.б. пәндер кіреді. Енді осы геоэкологиялық білім беру құрылымын жинақтаушы блокқа конструктивті табиғатта пайдалану пәндер: мәдени ландшафтар, табиғи техникалық жүйелерді жобалау, табиғатты пайдалануды оңтайландыру, геожүйелерді экологиялық тұрақтандыру, конструкциялы геоэкология және т.б. жатады.

XX ғасырдың екінші жартысында экология ғылым ретінде ерекше дамыды. Оның себебі, географиялык ортаның антропогендік өзгерістерге ұшырауынан. Бұл өзгерістердің ауқымдылығы адамдардың өздерінің тікелей және жанама әсерін тигізуінен болып отыр. Әсіресе қазба байлықтарды өндіруде, жердің беткі қабаттарына түсетін әсердің сол жердің табиғи кешендерін күрт өзгеретінін есептемеді. Мысал ретінде, Қоңырат кешенінің үлкен көлемді алып жатқан қазан шұңқырын айтуға болады. Сол сияқты адамның әрекетінен пайда болған, жоспарсыз есептелінбей жасалынған жер бетіндегі ірі қопарылыстар, жарылыстар, каналдарды айтуға болады. Академик А. Л. Янщин айтқандай екінші дүние жүзілік соғыстың өзі қоғамға орасан шығын мен қоршаған ортаның өзгеруіне әкеліп соқты. Осының салдарынан экологиялық жағдай түбірімен өзгерді, табиғат деградацияға ұшырады. Халық санының күрт артуы және қазба байлықтарды өндіру, кең алаңдарының көбеюі өсімдік пен жануарлар түрінің, олардың тіршілік ареалының барынша азаюына әкеліп соқты. Сонымен қатар өндірістің, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының жедел дамуы табиғи ортаның күрт өзгеру салдарынан экологиялық нашар аудандарды қалыптастырды.

2. Тұрақты қоғам моделі, оның іске асу қасиеттері мен принциптері

Экология мен табиғат корғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Ал табиғат қорғау ғылымы - экология ғылымының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе қоғамдық игі істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді әрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Сондықтан "табиғат қорғау" ұғымының мәні зор. "Табиғат қорғау" ұғымына жақын "қоршаған ортаны қорғау" ұғымы да жиі қолданылады. Ол адам баласының қоршаған табиғи ортаны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қорғаудың жиынтығы. Адам баласы табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдалану жүйесі бойынша жұмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдалану - табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетудің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.

Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғи экожүйедегі рөлін білуі тиіс.

2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде коқсықтар көбеюде.

3. Заттардағы барлык өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.

4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін. Осыған орай, табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:

Табиғат міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын ала ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анықталады.

Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат объектілерін анықтап, оны корғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.

Дәріс №14.

Тақыорыбы: Қазақстан және тұрақты даму проблемасы

1.Қазақстанның адами дамуы.

  1. Қазақстан адами даму тұжырымдамасын таратудағы БҰҰ Даму бағдарламасының рөлі. Қазақстандағы адами дамуы жөніндегі Ұлттыық есептерді даярлау.

  2. Адами даму деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер және олардың Қазақстандағы динамикасы.

Адам даму мен орнықты даму арасындағы байланыстылық. 1987 жылы БҰҰ – ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылы өз баяндамасында қаратуғам шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әуелетінің дамуы : даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жариялаған баяндаманың жобасы түрінде К.Гриффин дайындаған еді. Кейін К.Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «дамуды жоспарлау журналының » арнайы нөмерінде басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылады.

Адам әуелетінің дамуын қазіргі заманға сай ұғынуға принципті әсерін 1989 жылы « Мүмкіндіктерді кеңейту ретінде дамыту » жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобел сыйлығының лауреаты Амартьи сеннің теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материялдық немесе экономикалық әл ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмікіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктерді, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, қөп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын тағылар ретінде қарады. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың мақсаты ретінде ЖҰӨ өсуін емес, адамның өзінің даму, оның таңдау еркіндігін кеңейту мүмкіндіктерін қойды.

БҰҰ Даму бағдарламасының рөлі

БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылар тобы әзірлеген адам дамуының тұжырымдамалық тәсілдемесі, алғаш рет бірінші бүкіл дүниежүзілік 1990 жылы адамның дамуы туралы баяндамада жарияланды. Бұл баяндамада адамның дамуы «адамның таңдауын кеңейту процесі қалай болса, адамдардың әл ауқатының жеткен деңгейі де солай» деген тұрғыда анықталды. Мұндай таңдаулардың біреуі ғана табыс болып табылады, бірақ денсаулықтың, білімнің, тұратын ортасының, іс әрекет еркіндігі мен сөз бостандығының да маңыздылығы кем емес. Баяндама әлеуметтік экономикалық прогресті : күтілетін өмір сүру ұзақтығын, ересек тұрғындардың білім алу деңгейі мен табысын өзіне біріктіретін адам дамуының индекісін өлшеу үшін жаңа аспапты берді.

Қазақстандағы адами даму жөніндегі ұлыттық есептерді даярлау

Адам дамуының мұндай анықтамасы адам дамуын бағалауға және талдауға мүмкіндік туғызатын стртегиялық көрсеткіштердің кең және тармақтанған жүйесін алдын ала айқындайды. Адамның дамуын көрсететін стратегиялық көрсеткіштердің жалпы жіктелуі көрсеткіштердің мынадай үш тобымен берілуі мүмкін:

1.Адам дамуының жалпы бағасын беретін интегралдық көрсеткіштер.

2. Адам дамуының негізгі интегралдық құрамдауыштарын сипаттайтын базалық көрсеткіштер.

3. Адам дамуының өзгеде аспектілерін сипаттайтын басқа көрсеткіштер.

Адами даму деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер және олардың қазастандағы динамикасы Адам дамуының базалық және интегралдық көрсеткіштері Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентіне көп жасау, білімділік жәен тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді.Т ұтас алғанда адам дамуының осы компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтилы. Мәселен, көп жасау ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді, білімділік білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына, қоғам өміріне қатысу үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді.

Адам дамуының осы үш копонементі үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынады. Бұл ретте базалық көрсеткштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады.

Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және « өлім кестесі» аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады.

Туу кезінде күтілетінөмір сүру ұзақтығы ұрпақтың бүкіл өміріңнің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамыныңалда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны.

Көрсеткіш тұтас алғанда екі жыныс де, еркек пен әйел үшін жеке жеке де есептеледі.

Тұрғындардың қайыршылық индекісін есептеу кезінде пайдаланатын және ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың бес жасқа дейінгі өлім жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін ананың өлім жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.

Адам дамуының индекісі

Адам даму мен орнықты даму арасындағы байланыстылық

Адам дамуының индекісі басқа үш индекістің: туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы, білім алу және жан басына табыс деңгеиінің орташа арифметикалык шамасы ретінде есептелінеді. Білім алу деңгеиінің индекісі сауаттылық деңгейінің және білім алудың қол жетімділік индекістерін негізінде есептеледі.

АДИ ды пайдалану оны кішірейту арқылы жақсаруы мүмкін.елдің жалпы индекісі адамдар әртүрлі топтары елдің ішінде, мейлі айырмашылық өңірлерге, жынысқа немесе жердің тұрпатына байланысты болсын адам дамуының әртүрлі деңгейіне ие бола алатын сол фактіні жасыра алады.

Орнықты даму адамдардың жалпы тұрмыс тіршілігіне қатысты. Олардың өмір сүруіне жағдай жасайдыікөп жасау ұзақ өмі сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білімдерді , қоғам өміріне қатысуды, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына байланысты.

  1. Қазақстанның табиғат қорғау заңдары.

Тірек сөздер: биосфера тұрақтылығын сақтау, экологиялық ағарту, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат

Экологиялық білім берудін қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары, БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде (1968) қаралды. Одан соң Стокгольм (1970), Тбилиси (1972) қалаларында өткен халықаралық конференцияларда жалғасын тапты. Ал, Рио-де-Жанейрода (1992) өткен дүниежүзілік конференция экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Олар - биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихатты күшейту.

Экологиялық білім берудің нормалыкреттеуші құжаттары "Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда" (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сактау концепциясында" (1997), "Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасында" (1999) қарастырылған.

Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпактың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады.

Дәріс № 15.

Тақырыбы:Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы

  1. Қазақстан Республикасының экология саласындағы мемлекеттік саясатты

  2. Қазақстан Республикасының экология саласындағы бағдарламалары

Осы қүжаттың ережелерін іске асыру республикалық деңгейде іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен үтымды табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік қолдау және реттеу шараларын әзірлеуді және іске асыруды көздейді.

Осы қүжаттың ережелерін қоғам мен мемлекет қызметінің жекелеген салаларына және экология саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу ерекшеліктеріне катысты нақтылау Қазақстан Республикасынын мемлекеттік өңірлік және салалық бағдарламаларын әзірлеу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірінші кезеңде (2004-2007 жылдар) Қоршаған ортаны корғаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, іске асыры-латын қоршаған ортаны қорғау, экологиялык сақтандыру, өндіріс және түтыну қалдьщтары, экологиялық аудит туралы мәселерді реттеуге бағытталған заң актілері әзірленетін, қоршаған орта мен табиғи ресурс-тар мониторингінің бірыңғай жүйесі қүрылатын болады.

Бұдан басқа келесі бағдарламалар:

төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған;

2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі; су үнемдеу жөніндегі; шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдар; халықтың ішкі көші-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылық мақсатқа пайдалану; байырғы ластануларды жою жөніндегі; өнеркәсіп және түрмыстық қалдыктарды басқаруды жетілдіру жөніндегі; әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондары аумағының экологиялык жай-күйінің мониторингі жөніндегі бағдарламаларды іске асыру жоспарлануда. Мүның бәрі бірінші кезенде қоршаған ортаға төгінділер мен шыға-рындыларды түрақты деңгейде сақтауға және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинақтауға мүмкіндік береді.

Екінші кезенде (2008-2010 жылдар) қоршаған ортаны қорғаудьщ 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жолымен түрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін және қоршаған ортаның жай-күйін сапалы жақсартудың үшінші кезеңінің басталуын қамта-масыз ететін қоршаған ортаны қорғаудың жүйесін күру процесі толық аяқталуы тиіс.

Үшінші кезенде (2011-2015 жылдар) барлық белгіленген бағдар-ламаларды аяқтау нәтижесінде қоршаған орта объектілері сапасының нормативтік көрсеткіштері және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізілуі, коршаған ортаға әсерді азайту қамтамасыз етілуі, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесінің қалыптастырылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]