Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKOLOGIYa_Zh_1240_NE_T_1200_RA_1178_TY_DAMU_SIL...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.81 Mб
Скачать

Әлемдік экологиялық проблемалар қүрылысы

Уытты заттармен ластануьт

Радиоактивті заттармен ластану

Жылу эффектісі

Озонның жұқаруы

Қышкыл жауындар

Фотохимиялык у түтін

Топырактың кұнарсыздануы

Қокыс калдыктар

Орманның кыркылуы

Шөлге айналу

Мұхиттардьщ ластануы

Биосфера құрылымының өзгеруі

Климаттын өзгеруі

Адам экологиясы

Биоәртүрліліктің азаюы

Мүндай улы заттар көбіне тыныс органдарын - өкпе мен қолқаның қызметін бүзады. Егер біз өкпе арқылы тәулігіне 2000 л ауа өткізсек, онда ауаның күрылымындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі. Сондықтан болар Арал, Атырау, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан аймақтарында түрғындардың өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, өкпе ісіктері, ентікпе ауруларына шалдық-қандары басым.

Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік у түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол аркылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер жеміс-жидек аркылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзі-мінен ерте піскен көкөністерде (карбыз, кауын, картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ, т.б.) нитраттар көп болады. Мысалы, май айларында піскен көкөністерде көбінде зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері 2-3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайда-ланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың мөлшері базарларда сан-эпидемиялық лабораториялар арқылы тексеріліп отырады. Экология-лық таза өнімдерге мемлекеттік сапа сертиификаты беріледі.

Соңғы жылдары азық-түлік кұрамына химиялық бояғыш заттардың қолданылуы көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі байқалуда. Сондықтан бояғыш заттардың мөлшері және құрамына катаң бақылау жасалып отыруы керек.

Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік проблема деңгейінде калып отыр. Сынап, кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі. Мысалы, организмде Жапонияда камдий көбейген жағдайда кең тараған итай-итай ауруы болды. Оның негізгі белгілері - бүйрек қызметінің бүзылып, сүйектің майысып, кейде қисайып кетуі де мүмкін. Бүл аурумен бір жылдары Жапонияда 3000 адам ауырғаны тіркелген.

Жапонияның Минамата өзені бойындағы түрғындардың 1956 жылы сынаппен уланғаны белгілі. Соның әсерінен пайда болған ауру түрін жергілікті жердің атымен "минамата" деп аталған. Аурудың белгілері -есту, көру және сөйлеу мүшелері қызметінің бұзылып, адамдардың халінің нашарлап, тіпті өлімге душар болуы. Оның пайда болу себебі -өндіріс қалдықтары арқылы сынаптың өзенге көп мөлшерде түсуінен екендігі анықталғаа

Этилдендірілген бензинді пайдалану кезінде адам организіміне түсетін қорғасын да өте қауіпті.

Қазақстан жағдайында жоғарыдағы ластағыш заттармен қатар радиациялық ластану жиі байқалады. Радиациялык ластану әсіресе уран шикізатын өндірстін орындарда болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқүм мен Созак аудандарында су қүрамында шекті рауалы мөлшерден торий 2-400 есе, радий 30 есе артық екендігі тір-келген. Сол сияқты радионуклеидтердің көбейіп, кетуі Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы уран кенін өндіргенде бөлінстін радиактивті калдық-тардың көп жинакталуынан.

Аталған фактілердің бәрі Қазақстанда экологиялық жағдайдын калыпты емес екендігін көрсетеді. Оның залалдары түрғындардын денсаулығының нашарлауынан көрінеді. Жергілікті жердегі өнеркәсіп орындарынын шоғырлануы, зиянды заттардың шектен тыс көбеюі, атмосфераның ластануы, т.б. экологиялық жағдайларды нашарлатады- Арал теңізінің экологиялық жағдайы мш Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі осы аймақтарда қатерлі ісік, жүқпалы, жүйке, тері, ақыл-естің ауыткуы сияқты ауруларды өршіте түсуде. Ал полигондар болған жердегі халық қан аздық, сәуле ауруларынан және қатерлі ісіктен зардап шегіп отыр.

Экологиялык жағдайы нашар аумақтардағы халыктың денсаулығы туралы деректер

Аймақтар

Ауру түрлері

1 Арал өңірі (Қызылорда, Оңтүстік

Қазакстан облыстары)

Жүрек, қан кысымы, жүкпалы аурулар,

жүйке аурулары, тері аурулары

2 Семей ядролык полигоны аймағы (Шығыс Қазакстан, Павлодар, Қараганды облыстары)

Қатерлі ісік, каназдык, сөулелік, жүйке,

сезім, мүшелері, өкпе-тыныс жолы

аурулары, акыл-естің ауысуы

3. Солтүстік Қазакстан

Жүкпалы аурулар, жүйке аурулары, кан

қысымы, өкпе-тыныс жолдары аурулары

4. Жамбыл, Оңтүстік Қазакстан

облыстары

Жұкпалы аурулар, жүйке аурулары, түсік

тастау, сүйек, бұлшық ет, туа біткен кемістік

5. Атырау, Маңғыстау облыстары

Жүкпалы өкпе-тыныс жолдары аурулары,

тері жаралары, кембағал балалардың тууы

Республикамызда адам денсаулығын жақсарту мақсатымен қор-шаған ортаның сапасына көңіл бөлініп, көптеген шаралар жүргізілуде. Ең алдымен, ауаның, судың және азық-түліктің сапасына бақылау жасауды күшейту іс-шараларынан мемлекеттік мониторинг жүйесі жүмыс істеуде. Оның мақсаты - адамға қатысты барлык заттардың қүрамын, сапасын анықтап, баға беріп, бақылау жасау.

Демографиялық қысым, урбанизация, олардың табиғи жүйелерге әсері. 1. 1.Ресурстық дағдарыс және олардың салдары.

2.Ортаңғы жалпы агрессивті деңгейдің артуы.

3.Мутациялық процестер.

4.Адамның тұқым қуалаушылық қаситеттеріне қоршаған орта факторының мутагендің әсерінің кешеуілдеп білінетін зардаптарын бағалау жүйесі.

5.Және қоршаған орта мутагендерінен қорғау.

6..Генофондты қорғауға конпенсациялық көзқарас проблемасындағы антимутагенез.

  1. Жербетіндегі адамдардың соңғы төр жүз жылдықтағы өсімі жоғары деңгейге жеткен. 20 ғасырда ол «демографиялық жарылыс » сипатын алды. Яғни жер бетіндегі адамдардың дамуқарқыны 4 есеге көбейді.

20 ғасырдың екніші жартысындағы әр бір онжылдықта халықтың көбеюі шамамен 1 милллионға жеттті. 1960 жылдары жылына орта есепппен 2,2 пайызға көбейсе, 1820 жылдары Жер бетіндегі халық алғашқы милллиардқа жеткен болатын оған 500 000 жыл уақыт қажет болды. Жер бетінде халықтың 2 милллиардқа жету үшін 107 жыл қажет болды. 19820 жылдан 1927 жылға дейін 32 жылда 3 миллиард, осыдан кейін 4 миллиардқа дейін 15 жыл уақыт кетсе (1974), 5 миллиардқа 13 жыл, 1987 жылы, 6 миллиардқа – 12 жыл 1999жылы жеткен.

Десе де жоғары сүт қоректілерден қоғамда еш ауытқушылық байқалмайды. Олардың түрлік сипатын табиғатқа әсер ету қарқыны тұрақтылық деңгейін көрсетуде. Демографиялық жарылыс құбылысы 20 ғасырда көп теген мемлекетттерде өлім факторлары туу факторының алдына шықты әрі ол дамыған елдерде көрініс тапты.

Жаңа қоғамға өндірісте және пайдалану орындарында көп мөлшердегі энергия мен қажетті заттарды тұтынуы адамның биологиялық қажеттігінен жүздеген есе асып түсті.

Қазіргі экологиялық кризис салдары табиғатқа өз мөлшерінен шамадан тыс антропогендік (техногендік) жағдайлардың әсері деп есептейді.

Урбанизация( латын тілінен алғанда urbanus- қалалық) бұл адам өміріндегі қалалық өмірдіғ рөлінің жоғарылауы. Қалалық ерекше қарым - қатынас адамдардың өмір сүру образы, өндіріс орындарының орналасуы және халықтың орналасуы әлеуметттік- кәсібилік және демографиялық құрылымнан тұрады.

Жер бетіндегі 35 жылда екі еселенсе көптеген ірі қалаларда екі есеге 11 жылда көбейеді. 19 ғасырдың дүние жүзі қалаларында 29,3 млн адам болса, 1900 жылы 224,4 млн ға жеттті 1950 жылдары 729 млн 1980 жылдары 1821 млн жеткен. Еуропадағы қалалықтар саны дүние жүзі бойынша 69 пайызды, Азия 38 пайызды, Орталық Америка 75 пайызды, Латын Америкасы 65 пайыз, Австралия 76 пайыз. Дамыған мемлекеттерде АҚШта 75. Францияда 78, Германия85, Ұлыбритания91 пайызды құрайды. Қалалықтанудың оңтайлы әрі кері жақтары да көріне бастайды. Ғылыми индустрализациялану кезеңдерінде қалада жаңа экологиялық орта және өте жоғары деңгейдегі антропогендік факторлар қалыптасады. Олардың біріне атмосфералық ауаның ластануы, өте жоғары шу мен дірілді ырғақтар , электромагнитттік сәулеленудің туындауы жатады. Бұдан басқа халықтың тығыз орналасуы, көлік қозғалысының көбеюі. Миграциялық процестер т.б.

Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Халық санының өсуі және оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі. Туылым мөлшеріне әсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау әдістері. Урбандалу проблемалары. Кедейшілік және табыстың әділетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары. Әлемдік азық-түлік проблемасы, шешілу жолдары. Ресурстық дағдарыс, себептері мен салдарлары, шешілу жолдары. Жер генофондарының өзгеруі, ортаның агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге көрсетілетін әсерлердің жаңа түрлері. Соғыстар және лаңкестік: экологиялық зардаптары. Әскери өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы.

Мутациялық процестер. Мутация (лат. мutation-өзгеру) табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдардың өзгеруі. Соның нәтижесінде организмнің белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 жылы голланд ғалымы Х.Фриз енгізген болатын. Генетикалық аппаратының өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.

Геномдық мутация-клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар 1) полиплаидия-хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі: 2) анеуплоидия-хромосома жиынтығының еселенбей өсуі. 3) гаплоидия-диплоидты 2 еселенген хроосома жиынтығының кемуі.

Хромосомалық мутация-микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымдағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына(делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына байланысты .

Гендік немесе нүктелік мутация деп ДНҚ моекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. О молекулалық деңгейде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде биохимиялық, физиологиялық өзгерістерг ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден немесе бірақ уақыттан кейін біртіндеп байқала бастайды.

Полиплоидты мутанттардың клеткалары мен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қабілеті сақталады, ал тақ болса бұл қабілеті үлкен өзгеріске ұшырайды. Кейде бір генінің бірнеше белгі-қасиеттері өзгереді. Гендік мутация доминантты, жартылай доминантты және рецессивті болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келеді. Бұл өзгерістер организмге әр түрлі химиялық, физикалық факторлардың-мутагендердің әсер етуінен пайда болады. М: радий сәулелерінің саңырауқұлақта тұқым қуалайтын өзгеріс тудыратындығын 1925 жылы орыс ғалымы Г.С. Филлипов ашты. 1927 жылы АҚШ ғалымы Г.Меллер (1890- 1967 ) жасанды мутацияның рентген сәулелерінің әсерінен болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Мутация процессі көбінесе организм үшін зиянды болып келеді. Түрлі тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктерді тудырып, кейде тіпті өлімге душар етеді. Сонымен қатар кейбір мутациялар организмге пайдалы өзгерістер де алып келеді. Мысалы гендік мутация өсімдіктер, жануарлар және микроорганиздерді сұрыптау жолымен жаңа түрін алғанда кейбір қасиеттерін жақсартады.

Дәріс №11

Тақырыбы:Табиғатты қорғау және тұрақты даму.

1.Қоршаған ортаны қорғаудың принціптері мен әдістері.

2.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.

3. Генетикалық алуандықты қорғау. Биосфералық резерваттар.

4.Қызыл кітап және оның биологиялық алуандықты сақтаудағы рөлі.

5.Экологиялық білім экологиялық сауттылықы.

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік - жер шарының "өкпесі" деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамьшғысы біркелкі таралмаған.

Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар - сексеуіл қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бүталар.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрылықтың 62 млн. км2 жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын түрактан-дырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алкаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен қүстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.

Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни, ауаның күрамын толықтырып отырады.

Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды кажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сактап калу мақсатымен 1981 жылы "Қызыл кітап" шығарылды. Оның мақсаты қүрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекетгік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі - сиреп бара жатқан өсімдіктер өскен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорык, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жүмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жаткан өсімдіктерді қалпына келтіру жүмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді корғау ересектермен қатар мектеп оқушыла-рының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен "Жас орманшылар", "Жасыл патрулыпілер", "Жас экологтер", "Жас натуралистер" атты үйірмелер үйымдастырылған. Олар - еліміздегі орман шаруашылығыны? белді көмекшілері.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мың-жапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктер медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, Шымкент қаласында осындай дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жүмыс істейді.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Сондықтан болар Қаратау өсімдіктердің "Меккесі" деп аталады. Табиғаптың.әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу * салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан кызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле үшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнәр, алмүрт- -шөп, сарытүңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім, т.б. бірте-бірте жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойын-Қүм, Тауқүм, Сарыесікатырау, Жалпаккүм, Қызылқүм сияқты ерекше қүм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, түнып түрған өсімдіктер ортасы болса, екішіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына үшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған орай, біз шүрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.

Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрьшыс материалы үшін пайдалануды азайту керск. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т.б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарьш кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты -жасанды жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орхман шаруа-шылығы мыңдаған тұп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтурі жүзеге асады. Орманды корғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы қажет.

Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе - өрт. Өрт көбінесе адамдардың жіберген ағаттыныған болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Яғни, сіріңкені, темекі қалдығын өшірмей тастаудан болатын орман өрті өте қауіпті. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар өртін сөнідру қиынға соғады. Кейде орман өртін басуға ұзақ уақыт қажет болады. Жыл сайын адамдардың ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранды. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97 %-ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалык ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп-қатер туғызады. Сондықтан орман ережелерін сақтау баршаның міндеті.

Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар - орман зиянкестері -кемірушілер, үсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырау-қүлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен қүрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45 %-ы сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүздеген гектар ормандардағы зиянкес-термен үзбей күресуге тура келеді. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін үқыптылықты қажет етеді.

Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы

Қазакстан бойынша орман қоры аумағының алып жатқан жер көлемі 25,6 миллион гектар болып, республика жерінің 9,7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгінсек, бүл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде 647 орман өрті болып, әрбір өрттің зардап шектірген жерінің ауқымы 18,9 га болып келеді. 1997-2000 жылдар ішінде болған орман өрттерінен кем дегенде 300 мың га орман алқаптары бүлінді.

Бүгінгі күнге Қазақстан бойынша сексеуіл орман қорының көлемі 5,4 млн. га болып отыр. Кейінгі 10 жылда сексеуіл екпе ағаштарының жалпы ауданы 591,2 мың гектарға көбейді. Бүл негізінен сексеуіл ормандары аумағында ағашы кесілген жерлерде сексеуілдің табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздігінен жетілу барысына түрақты тексеру, бақылау жүмыстарын жолға қойғандыктан болса, ормандану дәрежесінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында орман қоры жерлерінде сексеуіл түқымдарын себу арқылы оның көлемін артгыру іске асады. Сексеуіл ормандарының молаюына Қазақстан Үкіметініц 1999 жылғы 29 сәуірдегі "Сексеуіл ормандарын сақтау туралы" қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуіл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстік Қазакстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орна-ластыру жүмыстары жүргізілуде.

1997-1999 жылдардағы Семей өңірі мен Павлодар облысындағы болған орман өрттері салдарынан Ертіс жағасындағы қарағайлы ормав-дардың 230 мыңнан астам гектары күрып кетті.

Ғарыштық және жер беті зерттеулерінің нәтижелеріне жүгінсек, бүл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестері мен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шекті.

Оның үстіне кейінгі жылдары орманның санитарлық жағдайларын жақсарту және өртенген жерлерді тазалау мақсатында бүл аймақтарда өз бетінше ағаш дайындаушылар жүмылдырылған еді. Осының сал-дарынан заңсыз ағаш кесу көбейіп кетті. Ағаш дайындаушылар алаңсыз ағаш кесу үшін өртенген аймақ болып есептелсін деп әдейі өрт жіберу жағдайлары да кездесті. Ағашқа сүраныстың күрт көбеюіне тағы бір негізгі себеп Қытай мемлекетінде 20 жылға ағаш кесу жүмыстарының доғарылғаны да болып отыр.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін орман, балык және аңшылық шаруашылығы комитеті бүл аймақтарда ағаш кесудің барлық түрлеріне тыйым салды. Енді осы аймақтағы ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жаткызуға Үкімет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орманды күзету ерекше режим бойынша жүргізіледі.

Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңірі мен Павлодар облысында толық түрде орналастыру жүмыстары жүргізіледі.

Жоғарыда атап өтілгендей, орман өрттерінің көбеюіне байланысты ағашты рүқсатсыз кесу де белен алуда.

Әсіресе жаңа жыл қарсаңызда жаппай рүқсатсыз ағаш кесушілер саны көбейіп, соның салдарынан шырша, самырсын, қарағай түр-лерінің жас ағаштары қүрып барады. Қаражаттың тапшылығынанқосымша ағаш отырғызуға мүмкіндік жоқ кезде бұл ерекше кері әсерін тигізуде.

Қазакстан аз орманды елдер қатарына жататындықтан, әр ағаштың бағалы екендігі белгілі. Осы жағдайларды ескере отырып, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі тәжірибе ретінде бір жылға жаңа жыл шыршаларын дайындауға тыйым салды. Облыс әкімдерінің тапсырыстары бойынша жаппай жаңа жылдық шаралар өткізу ұшін шыршалар министрліктің рұқсатымен ғана бөлінеді.

Орман шаураушылығы және еліміздің жалпы экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шаралар мен жоспарлар көп жағдайларда барша халыққа жария етіле бермегендіктен, осы және алдағы жоспарланған кейбір жұмыстарды көпшілік біле бермейді.

Соңғы он жыл бойы өтпелі кезеннің өзінде аталмыш комитет орман шаруашылығы салаларын ерекше биік сатыға көтере алмаса да колдан келгенді аямай, барды сақтауға толық күшін салды.

Қазір ел экономикасының дамуы айтарлықтай дәрежеге көтерілуіне байланысты бұл жұмыстар болашақта өз кемеліне келіп, дүрыс жолға қойьшуына күмән келтіруге болмайды. Оған орман шаруашылығының мамандары, қызметкерлері бар білімін, ынта-жігеріқ мүмкіншіліктерін жүмсайтын болады.

Жануарлар экологиясы

Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан-жануарлардың 1,5 млн. түрі бар деп есептелген. Бірақ жьш сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.

Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуаи. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ак жабайы аң мен қүстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен қүстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойы-луына себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, қүстардың 94 түрінін жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен.

Олардың қатарына - дроит, кезеген кептер, канатсыз гагарка, лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқүзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады (5.5-кесте).

5.5-кесте

Аты

Салмағы, кг

Биіктігі, м.

Тіршілік аймағы

Жойылуы, жыл

Африка пілі

5700

3,2

Африка

1936

Керік

5,86

Кения

1930

Жолбарыс

313

Трансвал

1936

Канна антилопасы

1000

1,78

Бат.Африка

Ергежейлі антилопа

3,6

31

Бат.Африка

-

Африка түйеқұсы

156

2,74

Африка

-

Қазакстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, кұлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 қазақ аңшысы атып алған. Бүдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты кдуіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазак жерінің кең даласында аң мен қүстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің - 155, қүстардың -481, бауырымен жорғалаушылардын - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 140 түрі тіршілік етеді. Бүлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшіқ адам өмірі үшін маңызы зор.

Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге үшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар.

Кең-байтак жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді. Кейбір жануарлар саны біртіндеп қүрып бара жатыр. Айталық, қазақтың кең даласында каптап жүрген қүландар казір жоқтың қасы. Оның басты себебі есепсіз аулау.

Қазақстанда біраз аң мен қүстар біржола қүрып кетудің аз алдында түр. Олардың қатарына - қар барысы, қүдыр, қызыл касқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қаракүйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, кұндыз, қаракел, сабаншы, т.б. жатады. Ал қүстардан үлар, дуадақ, безгелдек, саңырау күр, бүл-Дырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала сарыала қаз, шалшықшы т-б. атауға болады.

Қазакстанның інжу-маржаны атанған Балкаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл, т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен тартылып, көп өзгерістерге ұшырап отыр. Әсіресе кәсіптік балық аулау төмендеп кетті. Ал Каспий мен Арал теңізінің экологиялык жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі 17 м төмендеп отыр. Теңіздің тұз-дылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы да ауыр. Әсіресе Каспий мұнайын игеру өскен сайын теңіздің бальщтары мен құстар әлемі, итбалық сияқты сүтқоректілер зардап шегуде.

Республикамыздын үлкенді-кішілі өзендерінің экологиялық жайы сын көтермейді. Әсіресе Ертіс, Іле, Жайык, Шу, Талас, Тобыл, Нұра, Есіл, Ақсу т.б. өзендер шаруашылық пен өндірістің карқындап дамуына байланысты ластанып немесе сулары тартыла бастады. Кейінгі жыл-дары өзен бойындағы тоғайлар мен жайылымдардың тозуы, өртке шалдығуы жиі байқалып, ол фауна мен флораға кері әсерін тигізіп отыр.

Адамньгң іс-әрекетінің жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен қүрып кетуі бір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір түр жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бүл қүбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.

Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен қүстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. Ал ауыл шаруашылы-ғының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.

Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі -мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар - атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар, т.б.

Бейбіт жағдайда адам баласы ірі күрылыстар, каналдар, суқоймаларын, өндіріс пен өнеркәсіп, автокөліктер, т.б. шаруашылық салаларын дамыта отырып, тірі организмдерге тікелей әсер еткен.

Адам баласының жануарлар дүниесіне жанама әсері - орманды қырқуда, тың игеруде, батпақтарды қүртуда, суқоймасын салуда, жол қүрылыстарын жөндеуде және жайылымдарды пайдалануда байкалады. Нәтижесінде, адамның іс-әрекетінен табиғи экожүйелер өзгеріп, антро погендік ландшафтарға айналады. Олардьщ негізгі сипаты фауна мен флораның біртіндеп жойылып, қүрып кетуі. Мүндай ландшафтар Қазақстан жерінде баршылық. Олар атом полигондары болған жерлер

(Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, т.б.) немесе Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал өңірі, Сарышаған ракета полигоны және ашық кен орындары.

Тын жерлерді игеру мен жайылымдарды пайдалану көптеген дала күстарының түрақты мекендерін жойып жіберсе, полигондар ірі жануарлардың табиғи түрақтарын жойып, орын ауыстыруға, ақырында түрлі апаттарға алып барады.

Жоғарыда айтылған мәселелер бүкіл дүние жүзіне тән экологиялық жағдайлар. Сондықтан болар жер шары бойынша сүтқоректілердің 120, ал қүстардың 600-ге жуық түрінің біржола жойылып кету қаупі бар.

Осы жағдайларды ескере отырып, барлық адамзат кауымдастығы жер бетіндегі андар мен күстарды және басқа да организмдерді қорғау бағытында халықаралық деңгейде жүмыс жүргізуде. Солардың бірі БҰҰ үйымдастырған (1972) халықаралық "Қызыл кітап".

Біздің республикамызда сирек кездесетін жануарларды қорғау мәселесі жақсы жолға қойылып отыр. Олар - өздеріңе таныс қорықтар үйымдастыру ісі. Бүл бағытта қазақстандық ғалымдардың тәжірибесі мол Мысалы, қазақ жеріндегі 1875-1880 және 1851-1852 жылдардағы жүттар қүландар популяциясын біржола жойғаны тарихтан белгілі. Ал бірлі-жарым қүландар қаскерлердің (бранконьер) қүрбаны болды.

Құлан сияқты түз тағыларын калпына келтіру үшін 1953-1964 жылдар аралығында Түрікменстанның Бадхыз қорығынан 19 бас қүлан әкелініп, Барсакелмес қорығына жерсіндірілді. Адам баласының қамқорлығына алынған түз тағылары айналысы 50 жылдың ішінде көбейіп, өсе бастады. Қазір оның қоры 500-ден асып, байырғы мекен еткен жерлеріне жіберу басталды. Олардың алғашқы жүздеген басы Алматы облысының Кербүлақ ауданына жіберілді. Өздерін еркін сезінген қүландар жыл санап өсе түсуде. Болашақта оларды Үстірт, Бетпақдала, Оңтүстік Балқаш далаларына жіберу жоспарланып отыр.

Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына кслтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бүзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жүмыстары.

Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сеізне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ Ұрпақ алдьшдағы борышын ақтаған болар еді.

Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестесі

Химиялык ластану

түрлері

Табиғи ортаға тигізетін өсері

Адамға тигізетін зардабы

1

Ауыр металдар

Автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар

Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға кыскартады

2

Қышкыл жауындар

Көмір кышқылының көбеюі, оттегінің азаюы

Адам баласына зияны тиеді, сонымен катар өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді

3.

Радиация

Химиялық улы заттардың ауаға жиналуы

Адам баласы сөуле ауруына ұшырайды

4.

Биологиялық, бактерия-лык жолмен ластану

Биологиялық кару сыналған жер (Қазақстанда Арал теңізінде)

Адам биологиялық ластанудан оба, шума, алапес, т.б. ауруларға шалдығады

5.

Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар

Ракеталардың ұшырылуы, атом қаруларын сынау

Озон кабатының жұкаруына байланысты ультракүлгін сәулелер тіршілікті жояды

Дәріс №12.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]