Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKOLOGIYa_Zh_1240_NE_T_1200_RA_1178_TY_DAMU_SIL...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.81 Mб
Скачать

XX ғасырдың соңындағы орнықты даму

Орнықты даму XX ғасырдың соңындағы жаңа бағдарларды тереңдету арқылы мүмкіндікке ие болды. Американдықтар Д. Нэсбитт пен П. Эбурдинолардың арасында мыналарды атап өтеді: а) 90-шы жылдардың барысындағы экономикалық жедел даму және жаңа технологиялар;

ә) әлеуметтік реттеу элементтерін ерікті нарықпен үйлесімді қосу;

б) әмбебап өмір салты және мәдени ұлтжандылық;

в) приваттық (жекеше) және мемлекеттік дәулеттілік тенденцияларын үйлесімді қосу;

г) өнердің, көркем мәдени еттің қайта жаңғыруы;

ғ) діни өркендеу;

д) тұлға салтанаты.

Барлық осы бағдарлар негізінен дамыған елдерге тән, сондықтан орнықты даму концепцияларында әр елдің даму деңгейін еске алған жөн. Мәселені зерттеушілердің атап өткеніндей, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтық әлемдік өркениеттің түрақтылығына қауіп тудырады. Сондықтан Рио-92 декларациясында нашар дамыған елдердің жалпы кешеуілдеуін тоқтатуға үлкен көңіл бөлінді. Әлем барған сайын жалпы ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Жоғарыда аталған құжатта орнықты дамудың мынадай басты алғышарттары аталып өтеді:

— адамдық — «үздіксіз дамудың түйінінде адамдар тұруы қажет»;

— экологиялық — «қоршаған ортаны қазіргі және келешек ұрпақтар үшін сақтау міндет»;

— экономикалық — «даму, тұтыну үшін мұқтаждық»;

— әлеуметтік — «кедейлік пен қайыршылықты жеңу»;

— құқықтық — «қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдар жүйесін жасау»;

— халықаралық ынтымақтастық пен әріптестік — «мемлекеттер мен халықтар арасындағы сүхбатты жаңа деңгейге көтеру» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 35).

Осы сәтке «дағдарыс» анықтамасы көбірек тән болғанымен, қазақстандық қоғам үшін орнықты даму концепциясының маңызы зор. Аталған дағдарыстан шығу үшін Қазақстан орнықты даму жолына шығуы қажет. Белгілі болғандай, Қазақстан экологиялық қауіпті және төтенше елдер қатарына жатады. Осы мәселені зерттеуші В.Н. Василенконың сараптауы бойынша, «Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға арналған ең төмен шығындарды жұмсай отырып (Еуразия елдерінің арасында), планетадағы ең жоғары техногендік биосфераға бағытталған қысымды басынан ұшыратып отыр. Белгілі экологиялық SAIC фирмасының деректері бойынша, Қазақстандағы экологиялық қаржылау жылына бір адамға 20 центті және әр шаршы шақырымға 1.21 АҚШ долларын құрастырады. Неше түрлі азық-түлік, энергетикалық және басқа да мұқтаждықтарды өтеу үшін, әлемдік базарларға шығу мақсатында Қазақстан жыл сайын бір адамға шаққанда 50 тонна табиғат затын өндіреді және технологиялық өңдеуден өткізеді. Олардың арасында қалдықтар 95 пайызын құрастырады және Қазақстан жерінде 19 миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар қалған әр қазақстандыққа 1 тоннадан артық келеді. Әсіресе қауіпті жағдай елдің демографиялық жағдайында қалыптасқан — халықтың едәуір бөлігін экологиялық себептерден туындаған дерттер қамтыған және — осының салдарынан өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші төмендеп келеді. 1990—1995 жылдар арасында ол 68.6-дан 66.1-ге дейін төмендеген» (Ноосфера — Жербесік. — Алматы, 1996, № 1. - 334-бет). Егер жоғарыда аталған факторларға Қазақстандағы экологиялық зардап шеккен төтенше аймақтарын (Арал маңы, Семей полигоны, Байқоңыр космодромы аймағы, далалардың шөлденуі ж.т.б.) қоссақ, онда еліміздегі экологиялық жағдайдың аса қауіптілігі күмән туғызбайды. Сонымен қоса патерналистік ұстанымдағы тоталитарлық ділдің қалдықтарын да ескеру керек. Экологиялық апат себебін тек ғылыми-техникалық прогресс пен халық кедейлігінен іздемей, адамдардың санасындағы мәдени-ізгілік құлдырауды да экономикалық - экологиялық қиындықтарды тудыратынын ұмытпаған жөн. «Ноосфера — Жербесік: Орнықты даму» экологиялық аймағында осыған байланысты төмендегідей пікір айтылады: «Көптеген саясаткерлер, әлеуметтанушылар, заңгерлер мен экономистер, психологтар мен реформаларға қатысты сарапшылардың ортасында, елдің ұлттық мүдделері мен басым бағыттарына қайшы келетін мынадай стереотиптер мен мифтер кездеседі:

— Қазақстанның табиғи ресурстарының арзан және таусылмайтындығы туралы;

— биосфераның экологиялық заңдылықтарын елемесе де болады;

— саясаттағы, құқықтағы, экономикадағы және табиғатты пайдалану технологияларындағы экономикалық талаптарды орындауды кейінге қалдыруға болады;

— экологиялық зандар жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық приоритетті бөлігіне жатпайды;

— қоршаған ортаны қорғауға көп қаржы бөлу — бай және қаржылы елдердің үлесі;

— халықтың экологиялық талаптарын мемлекеттік шешім қабылдағанда, онша елемесе де болады» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 334—335).

Орнықты даму қалпына түсу үшін Қазақстанның өзіндік тағы бір күрделі мәселесі қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларының өтпелі түрде болуы жатады. Егер дамыған елдер орнықты жеделдеудің 3—4 басым міндеттерін шешетін болса, онда посткеңестік мемлекеттер барлығын қайтадан бастап, түгелдей шешуі керек. Қазақстан жағдайында орнықты дамуды қалыптастыру міндеттеріне мемлекеттің өзінің тікелей қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қолдау, оның территориялық тұтастығын сақтау, этносаралық келісімділікті нығайту, экономиканы қайта құру , демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру, рухани жаңғыру ж.т.б. жатады. Орнықты дамуға көшу қоғамдық өзгерістерді, дәстүршілік пен модернизацияны рационалды түрде үйлестіруді талап етеді. Қазіргі тұтас әлемде тек этноорталықтық үлгілерді негізге ала отырып, табысқа жету мүмкін емес. Әсіресе дәстүршілдік, тек өзінің қуаттарына ғана сену, елдің ерекшелігін баса айту бір елді де көркейткен жоқ. Егер бұрынғы жаңғыртулық, модернизациялық бағдарламаларда басты назар ішкі факторларға ғана аударылса және модернизацияны білімді элитаның шығармашылығының нәтижесінде бұқара халық оны дайын күйінде қабылдайды деп түсінілсе (бұқара халық инертті болып келеді және дәстүрлі құндылықтарынан айырылғысы келмейді делінеді), онда қазіргі жағдайда жоғарыдағыға қосымша мынадай факторлар маңызды болып есептеледі: әлемдік геосаяси жағдай, адам құндылықтарының мемлекет егемендігінен кем болмауы, сыртқы экономикалық және қаржылық көмек, халықаралық базарлар мен ақпараттардың ашық болуы, гуманистік құндылық бағдарларының үстемдік етуі. Тек қана элита емес, сонымен бірге әлемдегі озық үлгілермен бұқаралық ақпарат құралдары және жеке сұхбат арқылы таныс қарапайым адамдар да өз өмір қалыптарын заманға сай өзгерткісі келеді. Қазақстанда соңғы жылдары орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған. Олардың арасындағы елеулілері: «Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясы», «Экономикасы өтпелі кезендегі елдерде табиғатты пайдалану әрекеттерін жүйелі басқарудың басшылыққа алатын принциптері», XXI ғасырға арналған күн тәртібі: «Өркендеу үшін және Отанды орнықты дамыту». Бұл құжаттарда Қазақстанның жаңа мыңжылдықта демократиялық және гуманистік негіздерде, барлық халықтардың рухани, этикалық, мәдени және басқа да құндылықтарын сақтай отырып, туған табиғатпен үйлесімді болатын орнықты экономикалық жәйе адамдық даму кеңістігіне енгісі келетіндігі жарияланды. Орнықты даму принципі тек экономикалық және экологиялық мәселелермен шектелмейді. Орнықты даму қазіргі әлем мәдениетінің ажырамас маңызды бөлігіне айналып отыр. ЮНЕСКО-ның Париж қаласында 1998 жылы қабылданған құжатында, даму құқығы және оның жүзеге асуы әлем мәдениетін жетілдіруге бағытталған және адам құқықтарын одан қарай тереңдетуге арналған салалардың арасында ерекше орын алады деп атап өтілген.

  1. 1992 жылы Рио – де Жанейро БҰҰ қоршаған орта және дамуы бағытында Конференция өткізді оған әлемнің 179 елінің басшылары мен экспертттері, және үкіметтікемес ұйымдардың көптеген өкілдері ғалымдар және іске адамдар қатысты.

Конферненция мазмұны қазіргі уақытттағы ғаламдық экологиялық кризис әлеуметтік проблемалар туындатуда. Сондықтан өркениетті халық пен табиғат арасында бірегей үндестіктің халықаралық стратегиясын жасау қажеттігі алға қойылды. Бұл стратегйя 1992 жылы Рио – де Жанейрода БҰҰ қоршаған орта және дамуы деп өңделіп, жасалып қабылданды.

Бұл тұрақты дамудың стратегиясы қазіргі уақыттты және болашақ ұрпақ мүмкіндігін қатерге тікпей олардың жеке бас қажеттілігін қанағаттандыру. Бұл бірнеше кешенді міндеттерді атқарады

  • Саяси әлеуметтік жоспарда – бұл мемлекеттер арасындағы үйлесімді қарым – қатынас, әлеуметтік топтар, кластар, соғыстан бас тарту, келісім, сөз әдістері арқылы конфликтілерді тәжікелесуді шешу.

  • Экономикалық жоспарда – халықтың өнім кірісінің бірқалыпты өсуі, жұмыссыздықты жою, аштық, өнімнің қауіпсіздігі.

  • Экологиялық жоспарда – биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, шығынсыз энергия көздерін пайдалану, өндірісорындарын және ауылшаруашылығын экологияландыру , қалдықзаттарды проблемасын шешу.

  • Этикалық жоспарда – демократияны дамыту, адам құқығын сақтау, адамдардың мәдениеті мен кәсібилік деңгейін көтеру , экологиялық көзқарастар қалыптастыру, биосфералық этика

Тұрақты даму жолымен жүре келе қоғам биосфераның дамуы кезеңіне яғни оны академик В.И.Вернадский (сфера разума) парасат аумағына жақындайды.

Орнықты даму тұжырымдамасы. «Орнықты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.» (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)

Орнықты даму принциптері

XXI ғасыр күн тәртібі  — әрекеттер жоспары

1992 жылы БҰҰ Қоршаған орта және даму комиссия эгидасымен өткен Әлемдік жер Саммитінде Планетаның орнықты даму проблемалары талқыланды. Әлемнің  179 елдерінің басшыларымен XXI ғасыр күн тәртібі қабылданды, ол теңдесі жоқ орнықты даму мүддесін қолдаудың ғаламдықжоспары болып табылады және біркелкі стратегия негізінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды кешенді қарау тұрғысынан алғанда ірі жетістік болып табылады. XXI ғасыр күн тәртібі 2500 астам ұсынымдардан тұрады, оның ішінде тиімсіз тұтыну құрылымдарды өту әдістеріне, кедейшілікпен күрес, атмосфераны, мұхиттарды және билогиялық әркелкілікті   қорғау және орнықты ауыл шаруашылығын қолдау.

XXI ғасыр күн тәртібі баяндалған ұсыныстар БҰҰ халықты орналастыру, әлеуметтік даму, қалалар және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бірнеше ірі конференцияларында, атап айтқанда  2002 жылы Йоханесбургте өткен Әлемдік орнықты даму бойынша саммитте толықтырылды және жетілдірілді.

Орнықты  даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Орнықты даму өмір салтын қалыптастыру бойынша күш салу үш басты саладағы қызметке кещенді әдісті қоладануды болжайды:

Экономикалық өсім және әділеттілік – ұзақ мерзімді экономиклық өсімді ынталандыруда кешенді әдістерді қолдану.

Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау – ресурстарды тұтынудың азайту проблемаларын экономикалық тұрғыда қабылданатын шешімдерін іздеу, қоршаған ортаны ластауды тоқтату және өмір сүру ортасын сақтау.

Әлеуметтік даму –адамдарды жұмыс орындары, азық-түлік, білім, энергия, медициналық көмек, су, және санитария қажеттіктерін қанағаттандыру; бай мәдени және әлеуметтік әрікелкілікке деген ұқыпты қарау және еңбеккерлер құқықтарын сақтау; қоғамның барлық мүшелерінің олардың одан арғы тағдырына әсер ететін шешімдердің қабылдануына қатысу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету.

Қала тұрғысында даму 

Орнықты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалардың орнықты дамуы бойынша Еуропалық конференцияда   атап өтілді, онда «Орнықты даму үшін Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы)» қабылданды. Бұл құжатта «әрбір қала басқа қалаға ұқсас емес болғандықтан, біз бәріміз орнықты дамуға апаратын өз  жолымызды табуымыз керек. Жергілікті саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың принциптеріне негізделген жөн және әрбір нақты қаланың күшті жақтарына сүйене отырып жергілікті орнықты даму стратегияларын әзірлеу керек» делінген [3].

1994 жылғы маусымда өткізілген  Екінші «Қалалар және орнықты даму» проблематикасы бойынша әлемдік самитте (Манчестер, Ұлыбритания) көлік, кедейшілікті жеңу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қаржы және ресурстарды бөлу міндеттерімен  байланысты қалалардың орнықты даму бағыттары талқыланды. Әлем қауымдастығының берілген проблематикаға назар аударуының нәтижесі  БҰҰ елді мекендер орталығы қолдайтын «Қалалардың орнықты дамуы» арнайы бағдарламасының пайда болуы болып табылады.  Бұл бағдарламада әлемнің  80 астам елдері қатысады.

БҰҰ анықтамасы бойынша «орнықты қала, онда қоғамдық, экономикалық және физикалық дамудағы жетістіктер тұрақты болып табылады. Орнықты қала, орнықты дамуы тәуелді болатын  табиғи қазбалармен тұрақты қамтамасыз етілген. Орнықты қала тұрғындарының қауіпсіздігін, соның ішінде табиғи аппаттардан да ұзақ мерзім бойында сақтайды.». Басқа сөздермен айтқанда, қаланың орнықты дамуы оның халқының қауіпсіздігін және жоғарғы өмір сапасын қамтамасыз етеді.

Орнықты даму стратегиясы аясында қалалық деңгейде әртүрі қызмет салаларындағы, жекелеген аудандарғы проблемалар шешіледі.

Орнықты даму бағдарымен жүріп келе жатқан әлемнің барлық қалаларында онда миссия және/немесе қаланың көруі, орта немесе ұзақ мерзімді перспективаға анықталатын  қаланың тіршілігінің  барлық негізгі салаларын дамытудың жалпы тұжырымдамасы айқындалатын стратегияларды (стратегиялық жоспарларды) әзірлеу тәжірибесі қабылданған. Мұнымен бірге, қаланың жалпы жағдайының  ерекшелігі ескеріледі.

Орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың мысалдары:

1. «Оттава - 2020» Өсуді басқару стратегиясы

2. Канберра – 30 жылға арналған қаланы дамыту жоспары, үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады   – Әлеуметтік жоспар, Аумақтық жоспар және Экономикалық даму жоспары

3.2006 жылға дейінгі Праганы дамытудың стратегиялық жоспары

4. Мельбурнды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары

5. Софияның 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Әлемнің  кейбір қалаларындағы онықты дамуды қамтамсыз ету бойынша жобаларды іске асыру мысалдары [4].  

 Қоршаған орта

 Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында,   Осло қаласында  (Норвегия), ол 2003 жылы БҰҰ «Еуропаның орнықты қаласы» болып танылған, 20 ғасырдың 90 –шы жылдардың бойында  атмосфераға  қатты заттардың, күкірт қышқылының, қорғасын және азот оксидінің шығарылыуын төмендету бойынша бағдарлама іске асырылды. Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар арасында   астама және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы қарқынды автомобиль  қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі  қоғамдық көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі – гидроэнергетика). Сондай-ақ жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін  жақсарту үшін, атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық үкіметтен қаржыландыру алады.

Германия жел энергиясын пайдалану бойынша әлемде бірінші орын және күн энергиясын пайдалану бойынша екінші (Жапониядан кейінгі) орын алады. «Жаңаратын энергия туралы» заң әрекет етеді: күн немесе жел көмегімен өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін үкіметі өндірушіге 48 цент төлейді, бұл көмір есебінен өндірілетін энергияның нарықтық бағасынан - 5 цент,  әлде қайда артық. Нәтижесінде қазіргі уақытта елде 14 мың жел және 80 мыңнан астам күндік өндірісітікқондырғылар орналасқан және жыл сайын баламалы энергия көздеріне инвестициялар шамамен  6 млрд. евродан құралады. Геттеборн ауылының маңында  2008 жылға арай әлемдегі ең ірі күн электрстанциясы салынады, қуаттылығы 8,2 МВт құны 35 млн. евро.

Үкімет кіші қуатты күн көзімен су жылытатын қондырғыларға инвестицияларды салуды жалғастыруды жоспарлауда.  Күн көзімен су жылытатын қондырғыларға ие болғысы келетін неміс отбасы  күн колеккторлары орналастырылған әрбір шаршы метр үшін  110 евродан алуы мүмкін. 1999 жылдан бастап ГФР мемлекеттік бюджетінен бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында   2,7 млрд. евро бөлінген.

Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы саладағы жұмыспен қамтылғандардың  саны 4 мың адамға артып, 16 мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша, күн энергетикалық қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады.

Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының арқасында  жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз үлесін қосты.

Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн энергиясының биржасына қатысады. Үлкен сұраныстың арқасында алғашқы биржаның басталуынан кейінгі 20 ай ішінде   жалпы қуаты  365 мың квт.с. болатын 16 жаңа күн қондырғыларын қосу мүмкін болды, осы сияқты жалпы желіге қосулар одан әрі үздіксіз жалғасуда.

Цюрих электростанциясы өзіне жеткізушілер мен клиенттер рарасындағы белсенді делдал ролін алады. Ол күн энергиясын сатып алады, сонан кейін оны қосмыша құнсыз барлық жеткізулердің аралас бағасымен сатады. Күн энергиясын жеткізушілер өз қондырғыларын салады және оларды қала  ішінде саылнған алаңдарда өз қалауы бойынша орналастырады. Бұл үшін электростанция 20 жыл мерзімінде күн энергиясын тұрақты бағамен сатуды кепіл етеді.

Раухалахти (Финляндия) қаласында мақсаты жылу мен электр тоғын стандартты (көмір, газ) және баламалы (торф, биомасса, өнірістік қалдықтар) көздерді пайдалан отырып өндіру әдістерін біріктіру болып табылатын жоба  іске асырылды. Жоба  целлюлоз-қағаз өнеркәсібі және басқа да өңдеуші өнеркәсіп өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті билік органының қатысумен іске асырылды. Кәсіпорындардың шығыс тесіктеріне қойылған фильтрлер атфмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін екі есеге азайтуға көмектесті. Жоба жылу көзі ретінде өндірістікжәнеқаланың тіршілік әрекеті қалдықтарын қолданудың негіздемесін растады. Азғана инвестицияларға қарамастан, мұндай кәсіпорындар  рентабелді және үздіксіз энергия өндіру тұрғысында сенімді болып шықты.

Әлеуметтік сала  

Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қызметтер көрсетеді;   яслилері бар; ата-аналармен оқу сабақтарын жүргізеді, балалардың мектеп өміріне белсенді қатысады және белсенді және мүдделі ата-аналарды балаларға блім беру және тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша мәселелерді шешуге тартады.

Сондай-ақ мектеп ғимараттарын (және бірқатар басқа мекемелер) салуға және жабдықтауға қойылатын талаптар әзірленген.   Мысалы, көп қабатты мектептерде әрбір қабат ойындарға арналған құралдар мен орын-жайлармен жабдықталуы тиіс.

Халық саны 1,3 млн. тұрғынды құрайтын, Ресифе (Бразилия) қаласында қаладағы жұмыспен қамту санының өсуіне көмектескен қатты қалдықтарды жинау және жою бйоынша жоба іске асырылды. Жоба бойынша жауапты тұлға тазалақыты сақтауды қамтамасыз ететін және қала инфрақұрылымына қызмет көрсететін   Urban Cleaning and Maintenance коммуналық ұйымы тағайындалды.

Жобаны әзірлеу және іске асыурдың себебі, үй шаруашылықтарының өз тіршілік әрекетінің қалдықтарымен  өзен бассейндарын ластаудың жоғарғы деңгейі  болды. Жоба мақсатына адамдардың қоршаған ортаға қатынасын өзгерту,  жергілікті жерлерде қалдықтарды бөлуді ұйымдастыру, оларды одан әрі жою болып табылды. Жобаны іске асырудың екі жылынан кейін өңделетін материалдардың   көлемі ұлғайды, өзендік су қоймаларына түсірілетін қатты қалдытар көлемі азайды, өз кезегінде бұл ауыз су сапасының жақсаруына әсер етті.

Халықты экологиялық және гигиеналық оқыту нәтижесінде адамдар қалдықтарды бөлуді үйренді, кейбіреулер үшін бұл табыс көзіне айналды (жинап алып, өңдеуші кәсіпорындарға сату).

Қалалық жоспарлау және даму 

Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары  қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар және т.б. жөнінде шешім қабылдауға қатысудың кең мүмкіншіліктерін ұсынады. Атап айтқанда, Ванкуверде және Канаданың басқа қалаларында олардың ойы бойынша олар тұратынауданның пролемаларын шешетін жерглікті жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін  қала тұрғындарына ақшалай қаражат бөлу тәжірибесі қолданылады.

Финляндиияда пәтерлерге арналған мемлекеттік жәрдемақылардың екі түрі бар. Біріншілеріне табысы жоғары емес адамдар үміт арта алады. Бұл жәрдемақы пәтерді жалдау шығындарын жабуға арналған. Екінші жәрдемақы түрі пәтерді сатып немесе салу үшін ұсынылады. Ол банк несиесінің пайыздары бойынша жеңілдіктер болып табылады. Егер  финн мұндай жәрдемақы түрін пайдалануды шешсе, ол онда өзіне ірі пәтер алуға мүмкіншілігі болмайды. Сонымен бірге ол өз жанұясы үшін сатып алатын немесе салатын, сонымен бірге несие бойынша жеңілдіктерді пайдалануды шешкен адам үшін  пәтер көлемін банк белгілдейді. Мемлекет сондай-ақ пәтерді алғашқы рет сатып алатын жастарды несиелік пайыздар бойынша жеңілдіктермен қолдайды.

Бүгін көппәтері үйлерді қайта жаңарту бойынша жобалар ел бойынша іске асырылуда, кейбір кездерге қайта жаңартылуға бүкіл шағын аудандар қойылады.Тұрғын-үй қорын жаңартуға мемлекетте қатысады. Оның көмегі ол банктегі несие бойынша кепіл болып табылады. Үйді күрделі жөндеу үшін жөндеуге қажет шығындардың  80% мөлшерде жеңілдетілген  несие алыға болады. Мемлекет қолдануының арқасында 16 жылдық мезімге алуға болатын мұндай несиенің пайыздық өлшемі  жылына 3,5% аспайды.

Берлин – автомобильдер емес,  тұрғындар мен қонақтар үшін қала, бірақ замануи коммуникациялармен. Берлиннің қала құрылсы тұжырымдамасы (бұрыңғы шығыс германия аумағында) өз күшін дәстүрлі еуропалық қалаларға тән деңгейге дейін құрылыс тығыздығынжоғарлату арқылы «қысқа жолдар қаласын»  құруға талпынуда. Бұл кең автотрассаларды «кері салуды» қажет етеді және өмір деңгейі мен қала орталығында болу сапасын   арттырады.  Бұл тұжырымдаманы іске асырудың мысалы жүздеген жылдар бойында Потсдам алаңы мен Александерплатцты қосатын торап болып саналған   Шпителльмаркт ауданын жаңарту боып табылады.

Шпителльмаркт ауданындағы  біріккен Берлинге мұраға қалған сегіз жолақтық автокөлік қозғалысын «кері салу» арқылы қысқарту жөнінде шешім қабылданды. Бұл қалалық алаң  қала тұрғындары мен қонақтары үшін коммуналдық торап болды.

Біріккен қаланың жүк және жолаушылар тасымалындағы қажеттіктерін қанағатандыру үшін төрт көлік құралын бірыңғай желіге біріктіруге шешім қабылданды: бағдарларының ұзындығы 300 км  электричка; желілерінің ұзындығы 167 км болатын  метро; ұзындығы 411 км болатын  трамвай жолдары, автобус бағдарлары  (1855 км). Қайта жаңарту және бағдарлар желілерін кеңейту арқасында Берлин орталығындағы жолаушылар тасымалы  80% муниципалды жолаушы көлігімен, ал  20% -  автомобильде іске асырылуы тиіс берлин Сенатының қаулысын іске асыру мүмкін болды. Техникалық инновация ретінде аспалы магнитті  «Трансрапид» жолын салу болады (федералды өкімет  2 млрд. евро қаржы бөлді), оны салу 2005 жылы аяқтаулы тиіс. Бұл жол  Гамбург және Берлинді қосады, жол уақыты бір сағаттан кем болады.

Ұлыбританиядағы орнықты және қауіпсіз ғимаратар жөніндегі 2004 жылғы Актіге сәйкес ғимараттар орнықты даму талаптарына сәйкес боуы тиіс, атап айтқанда ғимараттарды салу кезінде экологиялық нормалар сақталуы тиіс, энергия мен суды аз пайдалануға көмектесетін материалдар қолданылуы тиіс.

Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану

1. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы

2. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы.

3. Табиғатты тиімді пайдалану

Тірек сөздер: табиғи биоценоз, қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, табиғат қорғау мәселелері; халықаралық, мемлекеттік деңгей, ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.

  1. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы. Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

2. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы. Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және калпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте үқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.

Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекеттінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола құрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, құлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте үзақ -мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, қосымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антро-погендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.

3. Табиғатты тиімді пайдалану.Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.

1. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде казіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.

2. Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі кадағалау.

3. Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. объектілерді салуда экологиялық сараптама жасау.

4. Табиғи биоценоздарды сақтап қалу үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, т.б. ұйымдастыру.

5. Табиғат қорғау мәселелері бойынша халықаралық, мемлекеттік деңгейлерде ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру.

6. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.

7. Табиғат корғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт-насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.

8. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.

Көрнекі құралдар: тақырып бойынша электрондық слайдтар, суреттер, кестелер

8 дәріс

Тақырыбы: Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану

1.Қорғалатын территориялар қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде.

2.Генетикалық әртүрлілікті қорғау. Биосфералық резерваттар. Биосфералық резерваттарды дамытудағы Севиль стратегиясы. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың кұжаттары.

3. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы

4. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы.

5.Жердің табиғи қорларының сипаттамасы: литосфера, гидросфера және атмосфера. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы.

  1. Қоршаған ортаны оңтайлы пайдалану – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негіздері. Жердің табиғи ресурстардың сипаттамалары. Литосфера, гидросфера. Атмосфера Табиғи ресурстардың классификациясысарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін және келмейтін Биологиялық ресурстар және азық – түлік қауіпсіздігі.

Ресурстар (фран. ressourse құрал-жабдық, мүмкіндік) , босалқы қорлар-табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері. Негізгі түрлері: ақпараттық ресурстар-әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың сондай-ақ ғылыми-техниканың ақпараттық жиынтығы.

Материалдық ресурстар – еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын аяқталмаған өндіріс және қалдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер.

Табиғат ресурстарына – жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи экономикалық өндірістік.

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурстарынан ерекшелігі-олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.

Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын тек табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.

Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.

Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы-ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайта энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.

Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит, құрылық, атмосфера) немесе түрлі болуы мүмкін.

Ресурстық дағдарыс бүгінгі таңда қоршаған ортаның өзекті мәселесі болып отыр. Қоршаған ортаның ластануы, табиғат ресурстарының дағдарысы барлығы Қазақстанда кең етек жаюда. Ресурстық дағдарыстың негізгі салдары, қоршаған ортаның ластануы. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

  • шығу тегі бойынша; табиғи және жасанды

  • пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;

ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орын), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін.)

-қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.,);

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30 %-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 С-қа артады. Ал бұмның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қоршаған ортаға әсер ететін әсер-ықпалды бағалау. Қоршаған орта – барлық тіршілік иелерінің негізгі мекені. Халық денсаулығының жай-күйі мен мекен ортасының өзгерістерінбағалаудың критерийлері. Табиғи ортаның өзгерістерінен болатын зардаптарды бағалау. Өндіріс көздерінің экологиялық критерийлері және Қоршаған ортаның анықтаушылық маңызы. Шикізатты қазып шығарудың жаңа әдіс-амалдары және жаңа энергия түрлері.

Өндіріс көздерінің табиғи ортаға тигізетін қауіпті әсерлер деңгейін азайтып, төмендету мүмкіндіктері.

Кері әсерлер деңгейін төмендетудің негізгі бағыттары. Қалдықсыз өндіріс концепциялары. Қалдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялардың негізгі бағыттары. Қалдық, шайынды сулар бөлініп шықпайтын өндіріс көздері. Өндіріс шайынды суларды тазарту. Өндіріс көздерінің ластаушы газ тәріздес, сұйық, қатты заттар түрлерінің мөлшерін азайту, жою шаралары, сонымен қатар автотранспорттан бөлінетін зиянды заттарды төмендету жолдары.

Дәріс № 9.

Тақырыбы: Табиғи ортаның әлемдік ластануы.

1.Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері.

2.Ауылшаруашылық, өңдірістің даму нәтижесінде пайда болған экологиялық мәселелер. Ауа, топырақ, Әлемдік мұхиттың ластануы.

3.Қоршаған ортаның ластануының тірі организмдерге әсері.

4..Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері: климаттық өзгерістер, озон қабатының әзгеруі, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әртүрліліктің азаюы.

5.Пестицидтерді пайдаланудың экологиялық салдары. Ауылшаруашылыққа зиян тигізетін, улы химикаттарға тұрақты түрлердің пайда болуы.

Гидросфераға жасалған антропогендiк ықпал.Әлемдiк Мұхиттың ластануы. Биосфера құрамындағы гидросфера.

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бүл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;

  • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи қүрамын бүлдіретіндер;

  • физикалық ластану: жылу-қызу, электрмагнитті өріс, радиактивті заттар.

Судың сапасы, ластану денгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың қүрамындағы химиялык коспалар, түздық қүрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бүған жол беретіндері:

  • түрғын үй коммуналдық шаруашылықтар;

  • өнеркәсіп орындары;

  • ауыл шаруашылығын химияландыру;

  • халық шаруашылығының баска да салалары.

Ағын суларға күйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтіқ коллоидты, еритіндер), лас сулар (мине-ралдык, органикалык, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде түрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58 %, минералдық заттар 42 %-тей болады. Өнеркәсіпте пайда-ланатын сулар мен синтетикальщ жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бүл заттар - химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кен етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бүрынғы Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофло расы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, қүстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организіміне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен лас-танып отыр.

Негізгі ластаушы көздері мыналар:

  • өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

  • химиялық заттар және тыңайтқыштар;

  • түрмыстық қалдықтар;

  • жер асты суымен жалғанатын қүбырлар;

  • ірі қүрылыс учаскелері;

  • сүзгі аландар, бүрғы-скважиналар болып табылады.

Жер асты суларында әр түрлі жүқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мүнай-газ өндіретін жер-лерде жаппай сипат алуда.

Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен корғасын-мырыш ком-бинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су қүрамында корғасын, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөл-шерден асып кетуі жиі байқалады.

Іле-Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мүндағы ластағыш заттар - ауыр металдар, мүнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, "Балкашмыс" өндірістік бірлестігі, "Балқаш балық өнеркәсібі", "Сарышаған ракета полигондары", т.б. кен рудаларын байыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары "Акдала, Шарын массивтері" және Шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылуына байланысты сапалык қүрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мүнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды үшықтыра түсуде.

Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу өзен-дерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

Соңғы жылдары Каспий теңізінде мүнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялык тыныс-тіршілігін шиеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мүнай бұрғы-скважиналарын, мүнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бүл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, тенізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ және Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре түқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың қүстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші - биоиндикаторы болса керек. Қазір Каспий мүнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвестрлер теңіз кара алтынын" игеруге 9мтылуда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызып отыр.

Атырау, Маңқыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі коршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың калындығы 10 метрге жетіп жер асты суына косылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. мұнай қалдығы, 40 мың т. көмірсутегі жинақталған.

Ақтөбе облысындағы су айдындарының да экологиялык жәйі нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда.

Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, Алакөл, Зайсан көлдерінің экологиялық жағдайы біршама тәуірлеу деп есептелінеді. Десе де су айдындары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазакстандағы өнеркәсіп орындары, полигондар есебінен ластануда.

Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы "Карбид" өндірістік бірлестігінен шықкан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқынды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам, Сайрам кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.

Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазакстанда жиірск үшырасуда.

Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және корғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.

Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфераға жасалған антропогендiк ықпал. Озон қабатының бұзылуы. Жылыжай эффектiсi.

Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңге-рілмейтін биосфераның күрамдас бөлігі. Оның массасы 5,157*1015 т. тең. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан түрады. Әрбір кабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық қүрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, трофосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бүрынғы кезден нашарлауда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның іс-әрекетінен болатын әр түрлі газдардың шығарылуы. Оларды біз ауаны ластағыш заттар дейміз.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера - бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тір-шілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көміркышқыл газы, аргон т.б.) байытады және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

Бірақта адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге үшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты күрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.

Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен үшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа қүрамындағы компоненттерінің катысуымен химиялык немесе фотохимиялық өзгерістерге үшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, қүрылыс материалдарын бүлдіреді.

Атмосфера қүрамындағы оттегі мен көмірқышкыл газының түрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе-тендігіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі организмдер үшін тыныс алуды камтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар түншыға бастайды. Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа қүрамындағы негізгі екі газдың тепе-тендік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа үшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекетгер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр.

Біздің республикамызда атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Қазгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп "Ақпараттық экологиялык бюллетень" журналы арқылы көпшілікке хабардар етеді.

Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең кеп ластанатын қалаларға (Лениногор, Зырян, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Павлодар, Екібастүз, Теміртау, Алматы қалалары жатады. Әрине бүл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Өйткені аталған қалалардағы өнеркіәсіптің т.б. ластану көздерінің жүмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мәселен, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2000 жылдары Лениногор мен Өскемен шығып отыр. Бүл жерде қара және түсті металлургия кәсіп-орындарынан шығатын коқыс көп. Алматы мен Зырян қалалары негізінен зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсьіз болып отыр.

Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптердің техникалық жағынан мамандануы нашар. Яғни, ескірген технология-лық процестер нәтижесінде күрамында қатты және сүйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті сутегі, аммиак және әр түрлі Қатты және сүйық заттар.

Түрақты көздерден атмосфераға жылына шығатын зиянды заттардың мөлшері: Павлодарда 763,0 мың т., Қарағандыда 601,6 мың т., Шығыс Қазақстан қалаларында 170,0 мың т., Қостанайда 170,0 мың т., Ақмолада 120,0 мың т., Атырауда 90,0 мың т. болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлүргия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған. Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы коршаған ортаны ластап жатыр. Казгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір километріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.

Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр. Мәселен, автокөліктерден бөлінетін қоқыс заттар калалар бойынша: Қостанайда 119,4 мың т., Оңтүстік Қазақстанда 87,3 мың т., Алматыда 85,0 ^ың т., Павлодарда 74,7 мың т., Көкшетауда 53,6 мың т. көрсеткішке жетіп отыр. Автокөліктерден бөлінетін көміртегі оксиді барлык шығарылатын заттардың 70-80 % құрайды.

Соңғы 2000 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты деңгейден 1-4 РЗШ-ға жетіп отыр. Сол сияқты ауаның лас-тануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегидтің 3 есе көбейгені Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері Теміртауда 2,3 РЗШ, Петропавлда 3 РЗШ-ке жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 РЗШ мөлшерін көрсетуде.

Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Оның үстіне үнемі соғатын күшті желдер біркелкі емес. Мәселен, Алматы, Шымкент, Лениногор, Зырян қалаларының ауа бассейндерінде табиғи ауа ағыс-тары болмайды, соның есебінен қалалар үнемі қалың зиянды улы түмшамен оранып жатады.

Ауа бассейнінің құрамында ауыр металдардың болуы да өте қауіпті. Әсіресе, қорғасын, мырыш, сынап мөлшері үнемі бакылауға алынады. Ауыр металдармен ауаның ластануы республика бойынша жоғары болмағанымен жекелеген калалар бойынша жағдай мәз емес. Мәселен, қорғасьш көрсеткіші Лениногорде - 17 РЗШ, Балкашта - 8, Шымкентге -6 есе болып отыр. Бүл көрсеткіштер кейбір жылдары 17-81 РЗШ-ға жететіні қауіпті болса да шындық.

Қазақстанның ауа бассейнінің ластануы көршілес мемлекеттердін ауаға шығарылатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі. Өйткені, ауа бассейнінің бәрімізге ортақ екенін айтқанбыз. Төмен-

дегідей кызыкты мәлімет осыны дәлелдейді. Мәселен, Қазақстанның өз ластану көздерінен түскен (1) және шекаралас ауа (2) арқьшы епскт заттардың үлесі төмендегідей болған:

1. Күкірт - 46 % немесе 380000 т.

Азот (тотыққан) - 19 % немесе 46400 т.

Азот (тотықсызданған) - 51 % немесе 11300 т.

2. Күкірт - 54. %

Азот (тотыққан) - 81 %.

Азот (тотықсызданған) - 49 %.

Әрине, өз кезегінде Қазақстанның ауа бассейнінен де Ресей, Қырғыз, Өзбек республикаларына да күкірт пен азот қосылыстары ауысып отырады.

Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялык элементтен түрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек. Оның негізгі көзі -автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумляторы. Жапония, Ирак т.б. елдерде осы заттармен адамдардың улануы жиі болатын-дықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтык оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.

Сондықтан, ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, техно-логияны жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдыкты техноло гияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы

Адамдардың шаруашылык қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын енеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бүл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнер-кәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бүл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен. Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардын қысқа мерзімде болса да адамға әсері - адамның басын айналдырады, қүскысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялык және мүнайды қайта ендейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мүржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бүл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа косындылар түзеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкіртгің қос тотығы (80,) коксхимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-кағаз өнеркәсіптерінің жүмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Қүрамында күкірт кышқылы бар түман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап кана қоймайды, сонымен катар адамдардың жүйке ауруларын туғызады. Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азык-түліктің күрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды қүстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады. Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Қүрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының калдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына кауіп төнуі мүмкін.Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ен алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді. Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал келеді. Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға үшырайды. Оның басты белгілері - адамнын тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап түратыны, сезімі, үйқы басуы немесе үйқысының қашуы, бейжайлық, үмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химия-лық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам үрығының дамуына, жас нәрестенін ауру болып тууына әкеліп соғады. Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, катерлі ісік ауруларының болуы гал аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен қатар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары - канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда катерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың катерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда. Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуык химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар колқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нәрестелерінің организмінде улы газ сәби бойындағы қан қүрамында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық бензин, желім, бензин, эфир, еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға көтеріледі. Егер осы зат-тардың буы көп мөлшерде организмге түссе жүйкені, миды, асқазанды және өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мүмкін.

Қазіргі кезде бізді қоршаган ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз: 1. Физикалык ластану - радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер. 2. Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы косылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар. 3. Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, күрттар, карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. 4. Эстетикалық зиян - табиғаттың қайталанбас сүлу ландшаф-тарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.

Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз: - ластаушы заттардың таралуы; - ластағыштардың биомассаға енуі; - ластағыш заттардың биологиялык топтануы немесе корлануы. Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды кабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардын одан әрі оргинизмде көбейе түсуі денсау-лыкты бүзып, ауруға шалдықтырады. Қоршаған ортанын химиялық ластануының кейбір түрлері казіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған "Жылу эффектісі", "Озонның жүқаруы", "Қышкыл жауындар", "Фотохимиялық түмшалар" және осылардың әсерінен туындайтын аурулар. Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейіні) ауасының ластану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның лас-тануына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлык зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сүйық немесе коспа түрінде топырақ, суға косылып, одан адам организіміне түседі. Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалындығы 10-18 км. қашықтықты (қалыңдықты) қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне жөне коршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз. Көміртегі оксиді (СО2) және монооксид (СО). Жалпы отын жакқан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді - улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның канындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады. Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтиже-сінде, кеміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ад жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мүхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кдуіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін үзын толкынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқылы газдарының кызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір Қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029 % болса, ал 90-жылдары - 0,035 %-ке жетіп, 20 %-ке көбейіп отыр. Бүл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30 %-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа, ал 2005 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компью-терлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температу-расының өсуі жақын жылдары 1,5-4,5°С-қа жетуі әбден ықтимал. Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мүхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда "топан су" каупін туғызары сөзсіз. Мүхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін кауіпті проблема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн. "Озонның жұқаруы". XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жүқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида түсында байкалып озонның мөлшері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км2 аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка түсында байқалған.Осыған байланысты БҮ¥ жанынан ғылыми кеңес қүрылып "озонның жүқару" себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі - хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға үшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жүқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) үйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның 1 %-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жүқпалы ауру-лардың мендеп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданды. Оның мақсаты - озон қабатын бүлдіретін заттарды шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар үжымы еңбек етуде. Қышқыл жауындар - атмосфераға байланысты қазіргі кезендегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид (SО2) пен азот тотығы (NO, азот қос тотығы NО2), және азот тетраоксиді (Sі2О4).Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаккан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышкылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар түмандыктар жауын түрінде биосфераға түсіп кауіпті зиян келтіре бастайды. Сол сияқты отынды жаққан кезде де күкірт қышқылы түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріп отырады. Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе орман-дардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинакталады. Жалпы атмосфераға азот кышқылының 95 % көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40 % автокөлік, 30 % электростанциялар, 20 % өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн. тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нит-раттарға айналып, одан жауын қүрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе-тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді. "Смог" (улы тұман). Смог ағылшын сөзі, түтін деген мағынаны білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Түманның 2 типі бар. Лондондық түман типі - негізгі көзі көмір мен мазутты пайдалан-ғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бүл қүбылыс Лондон қаласының ауа бассейінінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде (үстінде) улы қара тұмандық (смог) 2 жүма бойы түрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон түрғындары 1873, 1882, 1891, 1948, т.б. жылдары зардап шекті. Фотохимиялық тұман. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға үшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық түманнан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдарды күрап күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық түман алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бүл қүбылыс Нью-Йорк, Токиң Сеул, Афин, т.б. Қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім. Жоғарыдағы фактілер қоршаған ортаның химиялық ластануы түрінде сипат алып, бүкіладамзат қауымын алаңдатып отыр.

Қоршаған ортаның радиациялық ластануы

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын түрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бүзады, сонын нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы адамның сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.

Сәуле ауруын дәрежесіне, алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар көтере алмайды. Адамдар 50 рентген сәуле алса сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне карай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде алса үзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

Қабылданған мөлшеріне қарай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең - сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бүл кезеңді латентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бүл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, үйқысының бүзылуы байқалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан қүйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бүзылады да жүкпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия, іш өту, қанның бүзылуы, т.б.). Төртінші кезең - сәуле ауруынын жеңіл түрі, бүл осы кезенде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезенде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан қысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байқалады.

Егер тамақ не су арқылы радиактивті заттар адамның ішкі органдарына түссе, онда адамға 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді немесе 25-30 г балшық суын ішкізеді. Адсорбент радиактивті заттарды қанға өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 лирт су беріп күстырып, асқазанын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, іш айдайтын дәрімен ішек-қарнын тазалатады. Адам баласы сәулемен қатар әр түрлі жарақат алса (күйік, сынық, т.б.) онда ең алдымен жараға әр түрлі микробтар түспейтіндей етт алғашқы көмек көрсетіледі. Қүсқысы келіп, басы аурып, басы аиналғанда этапиразин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле элғанын біле салып 3-4 сағаттан соң тетрациклин, биомицин, сонымен Қатар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де береді. Егер ішіне қан күйылған жағдайда еш қимыл жасатпай 5 % хлорлы кальций ертіндісін 4 сағат сайын бір ас қасықтан беру керек. Сәуле аурумен ауырған адамдарға сорпа, әр түрлі жеміс шырынын немесе көп су ішкізу керек. Аздап түз қосылған су беріп, аз-аздан жиі тамақтандыру керек.

Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен кауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиактивті заттар өте кен қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын немкүрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялык ластану болады. Мысалы, атом каруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары, мүз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір кайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дүрыс жүмыс істегенде қоршаған ортаның радиактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдык энергияны пайдаланатын мекемелерде апат болған кезеңде жағдай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңцаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиакитивтік калдықтарын сақтау мен жою мәселесі түр. Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде.

Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары ураннын ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсатқа пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жүмыс істеу кезінде, адам өміріне кауіпті радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті қалдықтарды теңізге, мүхитқа, өзенге тастауға рүксат етілмейді. Әрине, бүл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлык нормаға дейін радиактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдьщтар баллондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасынын мәселелері миллиондаған адамдарды ойландыруда. Атом электро-станциядағы аппараттарға немқүрайды қарауға болмайды, олардын ойламаған жерден апатка үшырауы - объективтік шындық. Солардын бірі - Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуакытга болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.

Біздің республикамызда Семей ядролык сынақ аймағы жайында токталып кетейік. Мүнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған зат-тардын қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың куатынан бірнеше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-сі атмос-ферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген. Олардың радиактивті қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан баска Қазақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болғанын жасыруға болмайды. Оларға Батыс Қазакстандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондарын жатқызуға болады.

Адам күнделікті түрмыста да түрлі түрмыстық техникалардан, компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор караудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, ком-пьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сәуле алады.

Атмосфераның озон қабатының жүқаруы күн радиациясы сәулесінің жер бетіне өту қаупін туғызуда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.

Дәріс № 10.

Тақырыбы: Кәзiргi экологиялық әлеуметтік дағдарыс және тұрақты дамуы.

1.Халық санының өсуі. Және оның сапалық көрсеткіштерінің өсуі. Туылым мөлшеріне әсер ететін факторлар.

2.Урбандалу проблемалары. Кедейшілікпен табыстың әдіоетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары.

3.Әлемдік азық түлік проблемаларының шешілу жолдары.

4.Әлеуметтік экологияның пәні жөне міндеттері, қалыптасу тарихы

Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері. Эмпирикалық кезең: бақылаулар арқылы алынған мағлұматтарды жинақтау кезеңі; глобалдық мониторинг және планетадағы экологиялық жағдайга баға беру; ДЦТ препаратын қолданудың экологиялық зардаптарына талдау жасау. ДЦТ-ның тірі организмдерге жөне адамға көрсететін қатерлі әсері. Р.Карсонның «Меңіреу көктем» атты кітабы. Ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз зардаптары және планетада қалыптасып отырған күйзелістік жағдай жөніндегі деректерді жинақтау кезеңінің басталуы. Әлеуметтік экологиядағы қоршаған орта ұғымы, қоршаған орта элементтерінің арасалмағы.

Қоршаған ортаның әлеуметтік компоненті — қоғам, қоғамдық қатынастар, мәдениет. Еңбек сферасы – еңбек процесінің материалдық факторлары мен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы – қоршаған ортаның бір бөлігі. Қоршаған орта элементтерінін ара салмағы. Іргелі экологиялық заң – минимум ережесінің өлеуметтік жүйеде әсер етуі. Адамның жасанды тіршілік ету ортасын құруы. «Өмір сүру сапасы» үғымына анықтама беру.

Демографиялық қысым, урбанизация, олардың табиғи жүйелерге әсері. Ресурстық дағдарыс және оның салдарлары. Ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы. Мутациялық процестер. Адамның тұқым қуалаушылық қасиеттеріне, қоршаған орта факторларының мутагендік әсерінің кешеуілдеп білінетін зардапарын бағалау жүйесі жөне қоршаған орта мутагендерінен қорғану. Генофондты қорғауға компенсациялық көзқарас проблемасындағы антимутагенез.

Әлеуметтік-экологиялық мәселелер: халық санының өсуі, ресурсты кризис, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтігінің ұлғаюы, әсерлердің жаңа түрлері. Соғыстар: экологиялық себептері мен салдары. Әскери-өндірістік кешен және тіршілік ортасы. Радиация және өмір. Радиактивті изотоптардың биосферада жылжу жолдары. Қазақстанның экологиялық проблемалары. ҚР табиги ортасының бұзылу процесі оның себеп-салдары. Арал өңірінің әлеуметтік-экологиялық проблемалары. Семей ядролық полигоны. Невада-Семей ядролық жарылысқа қарсы қозғалыс. Ядролық жарытылыстардың адамзатқа тигізетін салдары. Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудың әдістері мен критерийлері, оны ұйымдастыру принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг.

Қазіргі заманда жер шарындағы халық санының еселеп артуы занды қүбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымынын тез көбеюіне колайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекетгерде халык санының өсуі біркелкі емес. Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ен манызды факторлар - қоршаған ортаның сапасы. Бүл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, түрмыс-салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде. Әсіресе әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуі жер шарының көптеген аймақтарында экологиялық дағдарыс, апат әкелуде. Әлемдік экологиялық проблемалардың күрылымы өте күрделеніп, барлық тіршілік орталарын қамти түсуде.

Қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына улы заттар, ауыр металдар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бүл заттар Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шекті рауалы мөлшерден асып кетуде. Кең таралған химиялық заттардың ішінде кан-церогендердің өте қауіптісі - бензапир.ен. Бұл заттармен ластану әсіресе Алматы, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Қаратау қалаларында байқалып отыр. Бүл заттар адам организміне ауаның қүрамы, су және азык-түлік арқылы түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]