Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
43.48 Кб
Скачать

1. Аменореяға салғырт қарауға болмайды

Біздегі кейбір аналардың кемшілігі – уақтылы келіп жүр ме, келмей жүр ме, қадағаламайды. Қызының алғашқы етеккірі келді ме, келмеді ме, соны сұрамайтын аналар да кездеседі. 11-14 жас аралығында қыз баланың мінез-құлқына, организміндегі өзгерістерге мұқият қараған жөн. Өйткені, бұл кезең – қыз баланың жыныстық жетілу кезеңі. Осы уақыт аралығында қыздардың етеккірі көрінуі тиіс. 15-16 жасқа келсе де, етеккірі келмеген қыздар бар. 16 жасқа дейін етеккір белгісі байқалмаған қызды міндетті түрде гинекологқа апарып көрсету қажет. Өйткені, 16 жасқа дейін етеккірдің келмеуі – жыныстық жетілудің тежелуінің көрінісі. Етеккірдің тежелуін медицина тілінде аменорея дейді. Аменорея – етеккірдің 6 айдан және одан көп уақыт келмеуі. Аменорея – етеккір қызметі патологиясының ауыр формасы. Патологиялық аменорея – гинекологиялық немесе экстрагениталдық аурудың симптомы, ол біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік аменорея – қыз бала 16 жасқа келсе де, етеккірінің болмауы. Ал екіншілік аменорея – бұрын етеккірі келген қыздарда етеккірдің 6 айға дейін келмеуі. Егер етеккірі дұрыс келмей жүрген немесе 16 жасқа толса да, әлі етеккірі көрінбеген қыздар болса, акушер-гинекологтың қабылдауында болғаны жөн. Өйткені, жасөспірім қыздардағы аменорея жыныстық жетілуді тежейді, тіпті қыз баланың жыныстық дамуын ауытқытып жіберуі де мүмкін. Фармакологиялық аменорея деген де бар. Бұл дәрілік препараттармен (гонадатропиндердің агонистері, антиэстрогенді препараттар) емделген кезде етеккірдің келмей қалуы. Ол уақытша болады. Нейроэндокринді жүйенің зақымдалу деңгейіне байланысты аменореяның гипоталамды, гипофизарлы, аналық бездік және жатырлық түрі кездеседі. Аменорея бүйрек үсті, қалқанша бездердің патологиясымен, экстрагениталдық аурулармен байланысты да болады. Сондықтан етеккірі келмеген қыздар анасына жасырмай айтып, аменореяның алдын алуы қажет. Қыз бала – ертең ұрпақ әкелетін ана. Жыныстық жетілу кезіндегі денсаулықта болған кінәраттың ертең зардабы көп болады. Сондықтан қандай аурудың болсын ерте бастан алдын алған дұрыс.

2. Етеккір кезінде моншаға түспеген дұрыс

Етеккір кезінде ауыр зат көтеруге, ауыр жұмыс істеуге болмайды. Бұл күндері ыстық моншаға түсу де дұрыс емес. Ыстық монша қан кетуді ұлғайтады. Өйткені, белден төменгі ағзаларды қанмен қамтамасыз етіп тұрған тамырларға ыстықтың әсерінен қанның құйылуы көбейеді де, артық мөлшерде қан кетеді. Етеккір кезінде моншаға түскеннен жыныс жолдарына инфекция жұқтырып алу қаупі де жоғары. Өйткені, етеккір күндері жыныс мүшелері кез келген инфекцияға әлсіз келеді. Бұл күндері душқа да ұзақ түсуге де болмайды. Себебі, су тигеннен денедегі тіндер, жүйке жүйелері тітіркеніп, жатырдың функциясы бұзылады. Осының әсерінен етеккір тоқтап қалады. Етеккір дегеніміз – жалпақ тілмен айтқанда, бір ай бойы ағзада жиналған қажет емес зат. Қажет емес заттың организмде қалмай, уақтылы сыртқа шыққаны дұрыс.

3. Менструальды күнтізбе жүргізу қажет

Қыз балаларға менструальды күнтізбе жүргізген дұрыс. Қыздардың кейбірі: «Жыныстық қатынаста болмасам, ер азаматпен жақындаспасам, күнтізбенің қажеті не?» – деп ойлауы мүмкін. Қателеседі… Күнтізбе жүктілікті жоспарлау үшін ғана емес, етеккір циклінің дұрыс-бұрыстығын білу үшін де керек. Етеккір циклі деп – етеккірдің бірінші күнінен келесі етеккірдің алғашқы күніне дейінгі аралықты айтамыз. Осы аралықты есептеп, күнтізбеге жазып қойған абзал. Етеккір қызметі нейроэндокрин жүйесімен реттеледі. Етеккір циклі әр адамда әртүрлі, 21– 36 күн, 28 күн, кейбір қыздарда 21-27 күн, кейде тіпті 30-36 күн. Денсаулығы қалыпты қыз баланың етеккір аралығы 28 күн болады. Етеккір мерзімі кешеуілдесе, ай аралап келсе, тіпті 2-3 айға дейін тежелсе, гинеколог-эндокринолог маманға барып көріну керек. Етеккір циклінің бұзылуына қабыну, яғни суық тию әсер етуі мүмкін. Қыз бала уайымға салынса, қатты күйзеліп, бір дағдарысқа ұрынса, сосын бір қаладан екінші қалаға көшіп, климат ауыстырса да, етеккір бұзылады. Жыныс мүшесінде ісік пайда болса да, етеккір циклінде ауытқушылық болады. Гинекологиялық және эндокриндік аурулардан, дұрыс, қажетті мөлшерде тамақтанбағандықтан, артық салмақтан, гормоналдық фонның бұзылуынан және анемиямен байланысты да етеккір циклі бұзылуы мүмкін. Етеккірдің алғашқы күндерінде іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы байқалады. Көп қыздар осы ауырсынуға шыдай алмай, төсектен тұрмай жатып қалады. Бұл ауру емес, іштің төменгі бөлігі жатыр бұлшықеттерінің жиырылуының нәтижесінде ауырады. Етеккір келерден бұрын да іштің төменгі бөлігінде ауырсынулар болуы мүмкін. Бұл күндері көңіл-күйдің болмауы, бастың ауруы, кеуде бездерінің тығыздалуы да қалыпты жағдай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]