Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
43.48 Кб
Скачать

Гигиена туралы жалпы түсінік

    Гигиена грек сөзі – Gugieinos  емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен  әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.

Гигиена – аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігімен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге, биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.

Бір сөзбен айтқанда, адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді.

Дене тазалығы – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі. Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе, кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны  белгілі.

Қолдағы барлық бактериялардың 90%-ы тырнақ астында жиналады, оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұру қажет. Бет пен мойынды таңертең, ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды да пайдаланса тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі.

Шаш ерекше күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс.  Шашты жылы суға жуып, белгілі бір сусабынды пайдалану керек. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Сусабынмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шаяды. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ды сірке қышқылын қосып, шашты шаяды. Шашты тарағанда тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.

Тырнақ күтімі. Аяқ және қол саусақтардың тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақты күту – гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.

Тіс және ауыз гигиенасы. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:

  • Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отыру керек;

  • Қызыл иекті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;

  • Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.

  • Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың  әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;

  • Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған дұрыс.

  • § Тіс пасталары мен ұнтақтарының құрамында гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций-хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтары) бар. Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етеді.  Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шаю керек.

  • Біздер етеккір жөнінде жалпылама білсек те, оның кейбір қыр-сырларын біле бермейміз.  Сол себепті сіздерге Қ.Бағашардың “Исламдағы тазалық” атты кітабынан осы мақаланы ұсынып отырмын.

Әдетте әйелдер төрт аптада бір мәрте етеккір циклін өткізеді. Бұл орташа алғанда бір аптаға созылады. Етеккірдің физиологиялық мақсаты белгілі, айда бір мәрте ана болудан үміткер әйелдің жұмыртқалық жасушасы жатырға келіп түседі. Жұмыртқа жасушасы ұрықтанған жағдайда жүктілік жалғасады. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасы жатырдың шырышты қабықшасында түзілген тінмен бірге етеккірмен сыртқы шығарылады. Сосын жатырдың ішастары кезекті жұмыртқалық жасуша үшін жағдай жасауға әзірлікті бастайды. Әр ай үзбей қайталанатын бұл жайт жатырдың қалыпты қызметі үшін өте қажет. Ана құрсағының бұл қасиеті сәбидің мүлтіксіз дамып жетілуіне бар мүмкіндіктің жасалғанын көрсетеді. Машақаты көп бұл күйдің әйелдердің денсаулығы үшін де пайдасы орасан.

Етеккір — жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстың кезеңге дейін созылады. Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін қыз балаға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—4 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін оны міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсеткен жөн. Етеккірдің келуі көпшілік әйелдердің жалпы жағдайының өзгеруіне әсер етпейді. Кейбір әйелдер етеккірі келген кезде ашушаң, күйгелек болады, іші бұзылып, жүрегі айниды, белі ауырады. Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы организмдегі кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілен отырғаны жөн. Некеде тұрған әйелдерге мұндай календарь қай кезде жүкті болғанын неғұрлым дәл есептеуге көмектеседі. Етеккір келген кезде әйел қатты ауырсынып, қан көп кеткен болса, дәрігерге қаралғаны дұрыс. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып, тырнақ қысқа етіп алынғаны жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін. Дәкеден жасалған гигиеналық төсемдерді пайдаланған тиімді. Бұл күндер де жыныстық қатынас жасауға, ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, тек қана душта жуыну керек. Етеккірі келген уақытта қанның көп бөлінуіне себеп болатын спиртті ішімдіктерді, ащы тұздықтарды пайдалану дұрыс емес. Бұл кезде әйел организмінің түрлі ауруларға қарсыласу қасиеті әлсірейтіндіктен ішек қызметін қадағалан, салқын тигізуден, қатты шаршаудан, жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен араласудан сақтанған жөн. Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық жасушалардың біреуі пісіп жетіліп, аналық безде өнеді. Овуляция деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей уақыт калғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналы жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Етеккір мерзімі деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығындағы мерзімді атайды. Етеккір мерзімінің ұзақтылығы үш аптадан бастап, 41 күнге дейін баруы мүмкін. Менструация кезінде тазалық төсемдер мен тампондарды, яғни мата тығындарын қолдануға болады. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандытан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Гормондық өзгерістер көңіл күйге өз әсерін тигізеді. Кейде, овуляция барысында, өзіңізді жігерлі сезінсеңіз, етеккірдің алдында кейде жыламсырап, қит етсе ашуланып, не ызаланып алуыңыз да мүмкін. Емшегіңіз ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығатын да уақыт болады. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, менопауза деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқау қабаттасса, немесе сол адамды басқа да мәселелер алаңдатса, дәрігермен, әлде Жанұяны Жоспарлау Қауымдастығы өкілімен ақылдасқан абзал.

Гигиена немесе тазалық шарттары

Жасөсіпірім қыз баланың жалпы тазалығымен бірге жыныс ағзаларының, әсіресе етеккір кезіндегі тазалығы аса маңызды. Жыныс мүшелері гигиенасы – жыныс мүшелерінің дұрыс қызмет етуінің және аурулардың алдын алудың алғышарты. Жыныс мүшелерін күнделікті тазалап жуу шарт. Бұл жердің терісі тым нәзік, сондықтан оны қабыну мен қозуға жол бермеу үшін ақырын, мұқият жуу керек.

Әйел жыныс мүшелерінің тазалығы оның өмірінің әр кезеңінде өзінше ерекшеленеді. Қыз бала қынабының шырышты қабаты өте нәзік, сондықтан жұқпаларға тұрақсыз және тез жарақаттанғыш. Тиісті тазалық шарттары сақталмаған жағдайда, вульвит дамуы мүмкін.

Таңертең және ұйықтар алдында кіші және үлкен дәретке отырған соң жыныс мүшелерін жылы сумен жуу шарт. Таза қолмен, мақтамен немесе дәке шүберекпен қасағадан анусқа қарай жуу керек.

Балаға кішкентайынан кіші және үлкен дәретке дер кезінде, жүйелі түрде баруды үйреткен жөн. Өйткені ішек пен қуық толып қалса, жамбас ағзаларының жұмысына кері әсер етеді. Баланың ішкиімі табиғи матадан тігілуі, жыныс мүшелеріне тым жабысып тұрмауы, қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.

Жыныстық жетілу шағына жеткенде қыз бала тазалықты сақтауға үйретілуі тиіс. Етеккір кезінде жұқпаларға деген сезімталдық артады, сондықтан бұл кезде қыз балаға ауыр дене жаттығуларын жасауға, секіруге, велосипед тебуге, жүзуге болмайды. Етеккір кезінде себілге (душқа) түсіп, жуынған дұрыс, жыныс мүшелерін күніне кем дегенде екі рет жуып, төсемені жиірек ауыстыру керек.

Жалпы, жыныстық жетілу кезінде қыз баланың толыққанды тамақтануына, жеткілікті ұйықтап, демалуына, көңіл-күйіне, жалпы психологиялық ахуалына жіті көңіл бөлген жөн. Әсіресе анасымен сырласу, ой бөлісу, оның кеңестерін тыңдау ол үшін маңызды. Ересек адамның қолдауын, түсіністігін сезінген бала өзіне сенімді болады. Сонда ғана бұл кезең ата-ана үшін де, бала үшін де еш қиындықсыз өтпек».

Дәрігердің жасөспірім қыз баланың табиғаты туралы салиқалы ой-пікірі осындай. Біз енді бала махаббаты жөніндегі кеңестерге назар аударсақ.

  • Етеккір кезінде әйел өз күтіміне мән бергені жөн. Өйткені жатырдың ішкі тіні ажырағанда қан тамырлары кеңейетіндіктен микроб жұқтыру қаупі ұлғаяды.Соңғы жылдары жатыр және ішкі жыныс аймағының лимфа жүйесіне жасалған зерттеулер етеккір кезінде қан тамырларының кеңеюі жатыр және ішкі жыныс мүшелерінің қорғаныс қабілетін (иммундық жүйенің қызметін баяулататынын) бәсеңдететінін анықтаған. Салқын тиюдің, суықтан тоңудың ақыры лимфа жүйесі қызметінің ауытқуы салдарынан жыныстық аурулардың меңдеуіне әкеледі.

  • Әйелдің жыныс аймағына салғырт қарауға жол берілмейді. Мұндағы негізгі мәселенің бірі етеккір кезінде жатыр мен жатыр мойнының шырышты қабатының гармондық өзгерістерге байланысты жасушалық өзгерістерге ұшырауы. Бұл кезең жыныстық бездердің (гармондардың) ерекше белсенді кезеңі. Сол үшін сырттан кез келген килігу, мейлі ол жыныстық қатынасқа түсу болсын, мейлі суық тиюі болсын, жатырдың эпителийінде орны толмас өзгерістер тудырады. Мұндай шалт қимылдың нәтижесі кейін келе көзге түседі.

  • Сондай-ақ, етеккір кезінде әйелдерге салқын немесе ыстық сумен емес,жылы сумен жуыну қажет. Салқын сумен жуынғанда онсыз да әлжуаз ағзаға суық тию қаупі бар, қасағаны салқын сумен тазалағанда әйелдің сыртқы жыныс аймағы қабынып, микроб жұғу қаупі бар. Оның үстіне салқын су етеккірдің уақытынан бұрын шұғыл тыйылуына себепші болады. Ыстық су қан кетуді одан әрі күшейтуі ықтимал.

  • Етеккір кезіндегі гигиена тек әйелдерге қатысты болмауы керек. Тұрмысқа шыға қоймаған жас қыздар да бұған жеткілікті көңіл бөлуі тиіс. Ерте жастан бойын күтіп үйренген қыз баланың денсаулығы да ерте сыр бермесі анық.

  • Етеккір кезінде әйелдер мен жас қыздар шаршап-шалдығудан аулақ болғаны жөн.Жыныс аймағы шаншып ауырса, етеккір қалыпты жағдайдан аз немесе көп келсе, уақыт өткізбей гинеколог-дәрігерге қаралғаны дұрыс. Әйел адам жалпы алғанда етеккір кезінде суық тигізуден, көп жүруден, атқа мінуден немесе вилосипед тебуден, аяқ педалімен тебетін тігін машинасына отырудан, ұйқысыздықтан сақтану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]