- •№ 4 Ішкі аурулар кафедрасының жиналысында талқыланды.
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.8 Кафедраның орналасуы:
- •2. Бағдарлама:
- •2.2. Пәннің мақсаты:
- •2.3. Пәннің міндеттері:
- •2.4. Оқудың қортынды нәтижелері
- •2.6. Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
- •2.7. Тәжірибелік сабақтарының тақырыптық жоспары
- •2.8. Оқытушы басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (осөж)
- •2.8. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (сөж)
- •2.8. Оқыту әдістері
- •2.9 Білімді бағалау критерилерін жүргізу жолы:
- •Ағымдық бақылау бойынша балл қою:
- •4. Клиникалық диагнозды негіздеу критерилері
- •Ситуациялық есепті бағалау критерилері
- •Алгоритм диагностикасының критерилері
- •Презентацияны бағалау критерийлері
- •Қорытынды бағаны есептеу
- •Пән бойынша студенттің бағасын қорытындау
- •2.9. Әдебиеттер тізімі
- •Дәріс кешені пән: кәсіптік аурулар
- •Тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқамалар пән: кәсіптік аурулар
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқамалар пән: кәсіптік аурулар
- •Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқамалар пән: кәсіптік аурулар
2. Бағдарлама:
2.1. Кіріспе
Кәсіптік аурулар - ол өндіріс орындарындағы қолайсыз факторлардың әсерінен болатын аурулар.
Кәсіптік аурулардың себебі техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі немесе өндіріс орындарында және ауыл шаруашылық жағдайында кейбір қажетті санитарлық-гигиеналық шараларды сақтамау салдарынан пайда болады.
Кәсіптік ауруларды меңгеру кәсіптік аурулар патологиясының дамуында өндірістік факторлардың ролін түсіну үшін, жалпы денсаулық сақтауда бакалаврларды дайындау үшін маңызды.
Кәсіптік ауруларды білу өндіріс факторларының адам ағзасына зиянды әсерін және оның ағзаға зиянды әсерін төмендету немесе алдын алуға көмектеседі.
2.2. Пәннің мақсаты:
Өндіріс ортасының зиянды факторлары әсерлеріне негізделген аурулар жөнінде студенттердің білімін жоғарлату мақсатымен жасалынған
2.3. Пәннің міндеттері:
кәсіптік аурулардың пайда болу жағдайлары және себептері туралы білім беру
қазіргі жағдайдағы кәсіптік аурулардың клиникалық көріністерімен таныстыру
кәсіптік патологияның диагностикалау әдістеріне үйрету
кәсіптік аурулары бар науқастарды емдеу принциптеріне, алдын алу шараларына және медико - әлеуметтік сараптама жасауға оқыту.
2.4. Оқудың қортынды нәтижелері
Студент білуге тиіс:
кәсіптік аурулардың негізгі түрлерін
адам ағзасына өндірістік факторлардың қолайсыз әсер механизмдерін
адам ағзасына өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерлерімен негізделген аурулардың клиникалық көріністерін
- диагностика және емдеу әдістерін
- медико - әлеуметтік сараптау сұрақтарын
- кәсіптік аурулардың алдын – алу шараларын біліп істеуге тиіс:
Студент істей білу керек:
өндіріс ортасының зиянды факторын анықтау
кәсіптік анамнез жинай білу
кәсіптік аурулары бар науқастардың клиникалық жағдайын бағалау
- қажетті лабораторлық және инструменталды диагностика әдістерін іріктеу
- кәсіптік аурулар диагнозын негіздеу
- кәсіптік аурулары бар науқастарды емдеу, алдын – алу шаралары және еңбекке
қабілеттілік жағдайын анықтау
кәсіптік аурушылдықты талдау
өндіріс орындарында алдын алу және кезеңді медициналық бақылауларларын жүргізуді
адам ағзасын өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерлерінен сақтануға қажетті қорғану заттарын таңдауды білу
Дағдыларды игеруге:
Зиянды өндіріс факторларының болуын зерттеу жұмыстарын негізге ала отырып, кәсіптік ауруларының кездесу мүмкіншілігін болжамдау.
2.5. Алғы реквизиттері: жалпы гигиена, қоршаған орта және денсаулық.
2.5. Кейінгі реквизиттері: ішкі аурулар, еңбек гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау.
2.6. Пәннің қысқаша мазмұны
Кәсіптік аурулардың этиологиялық факторлары. Кәсіптік аурулардың жіктелуі. Кәсіптік аурулар клиникасының міндеттері. Қазақстан Республикасында кәсіптік патологиялық қызметті ұйымдастыру.
Өндірістік шаң-тозаң әсерінен туындайын кәсіптік ауруларды зерттеу – пневмокониоздар, кәсіптік бронх демікпесі. Физикалық факторлар әсерінен пайда болатын кәсіптік аурулар: діріл ауруы, шу әсерінен пайда болған патологиялар, электромагнит толқыны әсерінен шақырылатын патологиялар, лазер сәулесі әсерінен шақырылатын патологиялар.
Химиялық заттардың әсерінен шақырылатын өнер-кәсіптік аурулар: бензолдың амино-нитроқосылыстарымен улану, ароматты көмірсутектерімен улану, қорғасын және оның қосылыстарымен улану, фосфор және оның қосылыстарымен улану, сынаппен улану, марганецпен улану,пестицидтермен улану
