Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.14 Mб
Скачать

8. Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар.

Сабақтың мақсаты: 1. Аңдар туралы түсінік беру 2. Экологиялық тәрбие беру.

3. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру. 1. Оқушыларды түгендеу 2. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Бағдаршам дегеніміз не?-Көше тәртібі туралы не білесің?

-Әуе жолы көліктерін ата.-Жолда жүретін көліктерді ата.-Су жолы көліктерін ата.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Жануарлар туралы түсінік беру.ә) Жануарлар екіге бөлінеді.

1. Үй жануарлары. 2. Жабайы жануарлар.

ә) Жабайы жануарларды көрнекілік көмегімен атау.б) Аң: жираф,арыстан , жолбарыс, сөзін бынға бөлу.

Ү. Жаңа білімді бекіту:-Жабайы жануарлар туралы не білесіңдер?-Үй жануарлары неге үй жануарлары деп аталады?в) Бір-бір жануарларды ата, сол сөзді буынға бөл.А-рыс-тан, түл-кі, қас-қыр, жол-ба-рыс г) Бұл сөздерде неше дауысты дыбыс бар?

Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.Сергіту сәтін өткізу.

д) Дәптермен жұмыс

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен жабайы жануарлар туралы білдік

9. Сабақтың тақырыбы: Құстар .

Сабақтың мақсаты: 1. Құстар туралы түсінік беру. 2. Экологиялық тәрбие беру.

3. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу 2. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?-Жабайы жануарларды атаңдар?-Үй құстары деп қандай құстарды айтамыз? Атаңдар.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Құстар туралы түсінік беру.ә) Құстар екіге бөлінеді:1. Үй құстары.2. Жабайы құстар.б) Үй құстарын көрнекілік көмегімен атау.

Ү. Жаңа білімді бекіту: -Қандай үй құстарын білесіңдер?-Қандай құстар жабайы құстар деп аталады? б) Үй құстарына дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар?

Қаз,әтеш,тауық,үйрек, балапан,үндік. в) Бір құсты ата, сол сөзді буынға бөл.

Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Сергіту сәтін өткізу.

д) Дәптермен жұмыс

ҮІ .Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.

Жұмбақ шешу.

10. Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары. Дыбыстық талдау.

Сабақтың мақсаты: 1. Үй жануарларын таныстыра отырып, түсіндіру.2. Еңбек етуге баулу.3. Малдың қасиеттері, пайдасы, оларды күту,туралы түсініктерін кеңейте түсу. Үй жануарларын танып білу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру. 1. Оқушыларды түгендеу 2. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабақты еске түсіру: -Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?-Жабайы жануарларды атаңдар?- Үй жануарлары деп қандай жануарларды айтамыз? Атаңдар.-Үй құстарын ата.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Үй жануарлары туралы түсінік беру.ә) Үй жануарларының атын атап, дауысты дыбыстарды анықтау.Сергіту сәті.. « Төлдер» 1.Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

(-деп әнімен айтып тұрып, алақандарын жайып, арттарына,жан-жағына қарап қозыны іздеп тұрған кейіп көрсетеді)

Бұлтиып тұр бүйірің,

(екі бүйірлерін қолмен томпайтып көрсетіп)

Қай өрістен тойдың?

(алақандарын жайып, бастарын жан-жағына бұрып қарайды)

2.Секең-секең,ей лақ,

(екі қолдарын алдарына қосып ұстап, аяқтың ұшымен секіреді).

Жүрмін саған кейіп-ақ.

(қабағын түйіп, саусағын безейді)

Тыным тапсаң болмай ма?

(екі қолын біріктіріп алдына ұстап,бастарын қисайтып,ұйықтаған кейіп көрсетеді)

Секірмей-ақ, бір уақ!

(аяқтың ұшымен 4 рет секіреді)

3.Ботақаны нардың

(тербетіліп тұрады)

Жарға неге бардың?

(сұқ саусағын безейді 4 рет)

Тілерсегің дірілдеп,

(тізелерін қосып, отырып тұрады)

Секіре алмай қалдың.

(екі қолдарың алдына қосып ұстап, аяқтың ұшымен секіреді 4 рет)

4.Томпаң-томпаң, торай,

(екі қолдарың бүйіріне қойып,екі жағымен кезек-кезек теңселеді)

Дауысыңның зоры-ай

(даустарын жуандатып ауыздарын шошайтып айтады)

Дөкей бола қаласың,

(екі қолдарын жоғары көтереді).

Толысымен он ай

(қолдарын алдына созып, саусақтарын жазып, 10 санын көрсетеді)

1-сынып оқушыларына жаңа әнді үйренгенше, аспаптың сүйемелдеуінсіз үйреткен дұрыс. Әнді, ырғақты түсінген соң, аспаппен сүйемелдеу керек.

-Ендеше аталарымыз бен әжелерімізден естіп жүрген тыйым сөздер бар екен:

«Малды басынан ұрма»,

«Малды теппе,ақты төкпе»,

«Малға теріс мінбе» т.б-деп ескерткен, ендеше біз төлдерге, жануарларға қамқор боламыз ба?

Ү. Жаңа білімді бекіту:-Үй жануарларының пайдасы.-Үй жануарлары деп аталу себебі не? б) Дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар? Жылқы, Түйе. Сиыр.Қой. Ешкі. д) Дәптермен жұмыс

ҮІ .Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.

Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.»М...с...қ, ...т. б...т... , қ...з... , қ...л...н, л..қ, б...з...у.