Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optoelektronika_kaz_329.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
67.87 Mб
Скачать

10.8.6. Ftth – үйге арналған талшық

PON технологиялары негізіндегі FTTH шешімін 10.25 – 10.26 суреттерде көрсеткен. Бірінші жағдайда орталық түйіннен абоненттік түйінге дейін ажыратылу көрсетілген, ал екіншісінде коттедж немесе квартира бойынша ажыратылу көрсетілген.

10.25- сурет.

PON технологиялары негізіндегі FTTH шешімі. Орталық түйін

10.26- сурет.

PON технологиялары негізіндегі FTTH шешімі. Коттедж немесе квартира бойынша ажыратылу

Мүмкіндік түйінінен абонентке дейін арақашықтық бірнеше жүздеген метрден (коттеджді құрылыста ) 100м-ге дейін барады (көп этажды үйлерде). Бұл соңғы милянын емес, соңғы жүздеген метрдің мәселелері шешілетінін білдіреді.

Қалалық микроаудандар және коттеджді мекендер үшін СД қызметтерінін қажеттіліктері және шарттары 10.3 кестеде келтірілген. Бұл мәліметтерді желілік шешімді таңдау кезінде ұсынылады.

FTTH желілерінін артықшылықтары:

  • Жоғарғы өткізу жолағы. Бұл FTTH- тың негізгі артақшылығы. Өткізу жолағына заманауи талаптар;

  • Бәсеңделетін ағында 20 …50 Мбит/с, жоғарлайтын ағында 10 Мбит/с айта кететін жайт, 5010 Мбит/с жоғарғы 2HDTV ағыны сәйкес келеді. HDTV хабар таратуынын кең жолақта таралуынын келешекте әрбір отбасы бір уақытта екі ағындық видеоға дейін қолданылатынын есептеу қажет.

  • Құпиялылық. Оптоталшыққа жучок қоюға іс жүзінде мүмкін емес, ал егер оптикалық сигнал GPON сияқты протоколмен тыңдап алу мүмкін емес.

  • Жоғарлатылған сенімділік. ВОК, жезді кабельдерге қарағанда дәнекерлеу жерлерде корозияға ұшырамаған, ал кросстық порттар тотықтандырылмаған, ылғалдылыққа жауап қайтармайды (көшедегі жезді кабельдер үшін кросстар сияқты) және қиылыстық шуылдардың абсолютті түрде болмауымен сипатталады.

  • Активті элементтердің көп емес саны GPON технологиясында мысалы бір орталық құрылғы PON OLT 20км радиуста 1…2000абоненттерге қызмет көрсете алады. Бір тірек 4 OLT –ға дейін сыйғыза алады. Осылайша, екі тіректен тұратын мүмкіндік түйіні 50…100 коттеджді мекендер радиусында 16000 абоненттерге қызмет көрсете алады;

  • Клиенттік қондырғы. Оператор өзінін жауапкершілік зонасынын демаркация нүктесін абонентің үйінін оптикалық панеліндегі порт ретінде көруі мүмкін. Абоненттік қондырғыға қызмет көрсету ADSL және кабельді модемдер үшін сервистік орталықтармен жүзеге асуы мүмкін. Бұндай топологиялар және мүмкіндік желілерінін ұйымдастырушылары қызмет көрсету үшін арналған шығынды едәуір төмендетеді.

FTTH желілеріндегі тармақталуды ұйымдастыру. Аймақіші оптикалық магистралінан талшықтарда тармақтау үшін фактылы түрде бір екі үйге бөлек құдық орнату қажет. Бұл кабельді канализыцияның бағасын жоғарылатады. Тармақтау кезінде құдыққа кабель қорынын үлкен орамдарын орнықтыру керек, себебі оптикалық муфтаға құдықтан тыс жерде қызмет көрсету қажет.Бір нұсқа ретінде коттедждердің маңында үлкен емес тармақталған құдықтарды жасауға болады, ал кабельдердің ажыратылуы құдықтарда немесе 6…12 коттедждерге қызмет көрсететін көшелік шкафтарда жүзеге асады.

Бұл мәселе оптикалық микромодульдердің тізбекті пневнопракладкасы бар микроканализация құрылғысымен шешіледі. Осылайша мысалы, 24 микроканалды кабелбдерді қолдану кезінде және көшелік кроссты шкафтан 4 кабельді тармақтау кезінде 96коттеджді 1 кроссқа жалғауға болады.

10.27-сурет, Уй бойынша кабельдің ажыратылуы

10.28- сурет. Пәтер бойынша кабельдің ажыратылуы

Коттеджде кабельден талшықтар емес, микроканалдар ажыратылады. Тармақталу қорабын гронтқа қою арқылы құдықты қолданбауға да болады.

Кабельді микроканализация-диаметрі 45 мм кабельге қойылған, диаметрі 5 мм трубкалардың жиынтығы ( 24 дана). Кабель грунтқа тікелей қойылуы мүмкін. Диаметрі 1,5 мм оптикалық модульдер 12 талшықтан тұруы мүмкін. Диаметрі 10 мм тармақталған кабель аумақ территориясындағы грунтқа қойылып қабырғадағы тесік арқылы үйге кіргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]