Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optoelektronika_kaz_329.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
67.87 Mб
Скачать

Логикалық функцияларды орындау үшін оптрондардың қолданылуы

Оптрондардың сандық және импульстік құрылғыларда қолданылуы шығысында төмен деңгейлі сигналдың қалпынан немесе шығысында жоғары қалпынан тез ауысуына байланысты.Мысал ретінде сандық жүйе құрылғыларындағы негізгі логикалық функцияларды орындауғы мүмкіндік беретін оптоэлектронды элементтер жатады.

9.7 сурет Операцияны орындаудағы логикалық оптоэлетронды элементтер

а-және;б-немесе;в-және-немесе;г-немесе-емес.

9.8 Сурет Операцияны орындауға арналған оптрондық логикалық элементтер;

а-және-емес;б-немесе-емес.

9.7 а суретте көрсетілген схемада,ол логикалық көбейту (және),ал 9.7 б суретте логикалық қосу(немесе) көрсетеді.Оптрондар басқа да көптеген логикалық операцияларды модельдеуге қолданылады,әсіресе ЖӘНЕ-ЕМЕС (9.7 в сур) және НЕМЕСЕ-ЕМЕС (9.7 г сур).

Тағы бір мысал ретінде оптрондардыңсандық құрылғыларда қолданылатынын келтіруге болады,ол 249ЛП1 сериядағы оптроэлектронды микросхема 9.8 суретте көрсетілген.Арсенид-галий светодиодындағы номиналды кіріс тоғы фотоқабылдағышқа ағылса,онда фотоқабылдағыш (кремний фотодиоды) тізбегінде фототоқ пайда болады,қатарынан ол VT1транзисторы үшін базалы болады.Эмиттерлі ток VT1 транзисторы VT3транзистор базасына түседі және ол қанығу режиміне әкеледі.Сонымен микросхеманың шығысындағы кернеу қаныққан транзистордың (шамамен 0.3В) құлау кернеуіне тең болады.Егер де оптронның кірісіндегі тоқ номиналдыдан аз болса,онда оның фотоқабылдағышы арқылы аз қараңғы тоқ ағылады және VT1транзисторы жабық болып қалады.Бұл жағдайда R2 резисторы арқылы VT2 транзисторының базалық тоғы ағады,VT2 транзисторы қанығу режимінде қала береді.Нәтижеге келгенде оптопардың шығысындағы кернеу потенциалдық логикалық “1”сәйкес келеді.

9.4.

Оптрондардың электрорадиокомпоненттердің аналогы ретінде қолданылуы

Оптрондар қазіргі таңда электроника облысында,сандық техникада,автоматикада кеңінен таралып отыр.

Элементарлы оптрондар мен ОЭИС байланыс блогы үшін сандық құрылғыларда кеңінен қолданылады;моторлардың күш тізбектерін басқару үшін және аз қуатты логикалық схемаларда;ЭВМ периферийлі құрылғылардағылогикалық схемалардың байланысы үшін;электролюминесцентті ақпарат кескін жүйелеріндегі азқуатты реле ретінде;бақылау-өлшегіш құрылғыларында қолданылады.

Оптрондар аналогты сигналдар үшін жарамды,телефон байланыс желілерінде коммутациялайтын элементтер ретінде кеңінен қолданылады,сонымен қатар әртүрлі байланыс тізбектеріндегі ЭВМ датчиктерінде,медициналық электроникада қолданылады.

Оптоизоляторлар және оптрондар световодпен бірге жоғарывольтті электржіберу желі бақылау аппаратураларында қолданылады;өлшегіш жүйелерінде;жоғарывольтті электроваккумды бақылау приборларын басқаруда;физикалық тәжірибе техникасында қолданылады.

Оптрондардың функциялық мүмкіндіктерінің кеңдігі деталь,құрылғы,электрорадиокомпоненттердің аналогты схематехникалылығымен түсіндіріледі.9.1таблицада нақтыланған.

Қорытындылай келе оптрондардың негізгі рөлі жаңа әртүрлі сәулелер мен фотоқабылдағыштарды зерттеуі болып табылады.Уақытша деградацияны,радиациялық тұрақтылықты,термотұрақтылық,инерциялық жаңа түрлерін зерттейді.Оптрондық конструкцияларды жарықжіберулерде(светопередачи) зерттегені қолайлы.

9.5.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]