Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optoelektronika_kaz_329.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
67.87 Mб
Скачать

Плазмлы панельдер және олардың негізіндегі құрылғылар

Информацияны бейнелеудің перспективті құрылғысы 2005 жылы сату көлемі 90 млрд доллар болған плазмалық панельдер болып табылады.

Плазмалық панельдердің негізгі ерекшеліктері:

  • адам ағзасына зиян әсерінің болмауы;

  • көріністің үлкен бұрышы(1600-қа дейін);

  • дайындауға аз уақыт кетуі;

  • ұзақ уақыт қызмет етуі;

  • жоғары сенімділік, механикалық және климаттық тұрақтылық.

Плазмалық панельдер теледидарлы видеомодельдерде, арнайы қолданыстың мониторында, колллективтік пайдаланудың экрандарында және басқа да жүйелерде қолданылады.

Теледидарлы модульдің ең алғашқы талдаулары 40 дюйм диагональмен плазмалық панельді құраған және 300 кд/м2 жарықтылығын(яркость) қамтамасыз еткен. Теледидарлы модуль индикациясының ұяшық конструкциясы 8.18 –суретте көрсетілген, индикаторлы ұяшықтың құрылымы 8.19 –суретте көрсетілген, импульстердің уақыт диаграммасы 8.20-суретте көрсетілген.

8.18 –сурет.

Теледидарлы модуль индикациясының ұяшық конструкциясы

8.19 –сурет.

Индикаторлы ұяшықтың құрылымы

8.20 –сурет.

Импульстердің уақыт диаграммасы

Плазмалық панель негізінде 128х128-ден 1024х1024-ке дейін элемент санымен және 0,7...0,28 мм орналасу қадамымен түрлі –түсті мониторлар құралады.

Қазіргі заманғы плазмалық панельдер 1024х1024 триад элементтерді құрайды, ал олардың негізіндегі мониторлар 500 кд/м2 дейінгі жарықтылықты және 500:1 контрастты қамтамасыз етеді.

Коллективті қолдану экрандары үшін принципиалды түрде панельдің жаңа түрі айнымалы тк плазмалық панелі болып табылады. Олар компьютерлік және теледидарлық информацяны бейнелеу үшін эффективті түрде қолданыла алады. Тұрақты ток панеліндегі коллекивті қолдану экрандарын жаңа панельмен салыстырғанда, жаңа панель қуатты арттырмай-ақ жарықтылықты 5...6 есе иеленеді, әр түс бойынша 256 градацияға дейін бейнелей алады. Тұрақты ток панеліндегі коллекивті қолдану экрандары тәрізді плазмалық панельдер көп емес салмақпен (40 кг/м2) және аз қалыңдығымен (8 см-ге дейін), көріністің кең бұрышымен(1400 –қа дейін), жоғары сенімділікпен және қызмет ету қарапайымдылығымен сипатталады.

8.3 – кесте

Қызғылт –қызыл және жасыл түстерінің жарықтану мониторының параметрлері

Уақыт диаграммасында бейнеленген импульстердің тізбектілігі(8.20 -сурет) кадрдың бір субөрісін құрады, және инициализация, аресация, индикацияға дайындық және өздік индикация режимдерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Дайындалған жалпы кетіру режимі нөлдік кернеудің барлық электродтарын формалау жолымен ортақ тұтату режимінің алдында барлық индикаторлы ұяшықтың бірдей күйін қалыптастыру үшін қолданылады.

Ортақ тұтату режимі Y және S3 электродтар арысындағы разрядтардың қозуымен қорытындыланады. Ол үшін Ү электродында U2 амплитудасы бар оң импульсті формалайды, ал S3 электродында U2-ден аспайтын амплитудасы бар теріс импульсті формалайды. Y және S3 электродтарындағы келесі екі бір –бірінің артынан импульстерді формалау басқару диапазонын кеңейтуге мүмкіндік береді, бірақ индикаторлы ұяшықтардың өзіндік жарықтылығын төмендетуге алып келеді.

Ортақ кетіру режимі ортақ тұтату режимінен кейін бірден жүзеге асады. Осылайша барлық индикаторлы ұяшықтар «өшірілген» күйге, яғни разрядтардың туындауына және қандай да бір ұяшықтың жарықтануына жол бермейтін күйге ауысады. Ортақ кетіру режимі адресация режиміндегі индикаторлы ұяшықтың селективті жазбасы үшін оптималды шарт құрады.

Адресация режимі «қосылған» күйдегі таңдалған индикаторлы ұяшықтың аудармасын қамтамасыз етеді. Индикацияны дайындау режимі оң полярлықтағы импульстің Ү электродына беру жолымен Ү және S3 арасындағы разряд процесін тұрақтандырады. Қарама –қарсы импульстардың S3 және S2 электродтарына келесі беру индикация режимінің алдындағы S3 және S2 электродтар арасындағы разрядты тұрақтандыруын қамтамасыз етеді.

Индикация режимінде S3 және S2 электродтарына синфазды импульстар келіп түседі, ал S1 электродына U1 амплитудасы бар қарама –қарсы фазалы импульстар келіп түседі. Осылайша X электродтарында UX кернеу деңгейі қондырылады. Интенсивті жарықтануымен разряд сериясы индикация режимінің соңына дейін және ортақ кетіру импульсімен «өшірілген» күйге ұяшықтарды аударудың соңына дейін жалғасады. 40 –дюймдік видеомодульдер келесі негізгі параметрлерді иеленеді:

«Плазмада» жасалған панельдердің принципиалды ерекшелігі индикацияның жұқақабыршақты мөлдір электродтардың болмауы болып табылады. Индикация электродын дайындауда жұқақабыршақты технология қолданылады. Қара матрица мен қара электродтардың саны жоғары қарама - қарсылықты қамтамасыз етеді. Индикация кезінде ұяшықтағы негізгі разряд белгілі бір қашықтықта өшірілген электродтар арасында жүзеге асады. Нәтижесінде жоғары жарықтылыққа жетеді.

8.4.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]