Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optoelektronika_kaz_329.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
67.87 Mб
Скачать

Электролюминесценттік индикаторлар(эли)

8.2.1.

Эли құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі

Электролюминесценттік индикаторлар жазық конденсаторды ұсынады. Оның бір ОБКЛАДКАСЫ біртегіс мөлдір электрод, ал басқасы – 8.13 –суреттегідей электрлі бөлінген металл аумағы болып табылады.

8.13 –сурет.

ЭЛИ құрылғысы:

1-шыны; 2- мөлдір электрод; 3- изолирлеуші пленка; 4- люминофор қабат;

5- металлды электрод; 6- пластмасс корпус.

Электродтар арасына арнайы активатормен легірленген сульфид цинк негізінде дайындалған люминесцентті ұнтақтан жұқақабықты құрылым орналасады. Люминесцентті ұнтақтың қабығында айнымалы кернеу индикаторының электродына қосымшалағанда жарық сәулеленуі туындайды. Активаторға тәуелділіктен сәулелену түстері әртүрлі:жасыл, сары, көк, қызыл. Технологиялық тұрғыдан индикаторды алу үшін екі изолирлеуші қабат арасында жабылған электронды –сәулелік булау әдісі арқылы вакуумда люминесцентті ұнтақтың жұмыс қабығы қойылады(мысалы итрий оксид қабығы).

Алдыңғы электрод мөлдір етіп жасалынады, артқысы берілген конфигурациямен мөлдір емес алюминий қабығынан дайындалады.

Алюминий сегментіне шаңдату(напыление) және контакт аудандары арнайы трафарет көмегімен вакуумда металлды булау әдісімен қойылады. Күрделі суреттерді алу үшін фотолитография қолданылады. Электролюминесцентті индикаторларды қоздыру эффективті мәнінен бастап 250 в және 400 Гц жиіліктен 5 кГц жиілікке дейінгі синусоидалды не тікбұрышты формадағы айнымалы кернеумен жүзеге асады.

8.2.2.

Эли параметрлері мен типтері

Электролюминесцентті индикаторлар информациялық табло ретінде, информациялық жазба ретінде, жарық меңзегіштері және таралған жарықтың жазық көзі ретінде де қолданылады. Олардың ерекшкліктері: қуатты аз қолдануы, жарықтанудағы барлық түсті алу, бағасының төмендігі.

Электролюминесцентті теледидарлық экранды алу мүмкіндігі бар. Электронды –сәулелік трубкамен салыстырғанда электролюминесцентті экран жазық, басқаруға оңайырақ, жоғары кернеуді қажет етпейді, сонымен қатар барлық түс спектрін бейнелей алады. Қазіргі уақытта ірігабаритті көптүсті жүйелерде электролюминесцентті индикаторларды қолдану көбірек тиімді. Мысалы, З ЭЛ2 типті индикатор күрделі жүйе күйін бейнелеу үшін қолданатын көптүстііріформатты схема жиынында жеке панель түрінде қолдану үшін арналған. З ЭЛ1 индикаторы информацияны бейнелеу үшін арналған, соның ішінде 133 жарықтанушы қатардан жұмыс өрісіндегі объекттің индикациясы үшін арналған.

Электролюминесцентті индикаторды қолдану ерекшклігі 220 В айнымалы кернеуін коммутациялау қажеттілігі болып табылады.

ЭЛИ сипаттамасы 8.2 –кестеде көрсетілген.

8.2 -кесте

Электроюминесцентті индикаторлардың негізгі сипаттамалары

8.2.3.

Эли қосу схемалары

8.14 –суретте көрсетілген схемада коммутациялаушы элемент рөлін транзистор атқарады.

Сигнал болмаған кезде Т1 транзисторы жабық болады, ток транформатордың бірінші орамы арқылы ақпайды, индикатор қозбаған. Транзистор базасына 40 Гц жиілігі бар сигнал бергенде трансформатордың екінші орамында 220 В эффективті мән шамасында айнымалы кернеу пайда болады.

8.15, 8.16 –суреттерде электролминесцентті индикаторлардың трансформаторлы емес коммутация схемалары көрсетілген 8.15 –суреттегі схемада басқарушы электродқа оң сигнал келіп түскенде коммутациялық транзистор өткізуші күйге ауысады. Берілген типтегі транзистордың ерекшклігі оның екіжақты өткізгіштігі болып табылады. Транзистор ашылғаннан кейін сыртқы қорек беруші генератордың жұмыс кернеуі индикатордың сай келетін сегментіне қойылады.

8.14 –сурет. 8.15 –сурет.

Индикатордың трансформаторлы Индикатордың трансформаторлы емес

коммутациялық схемасы коммутациялық схемасы

8.16 –сурет.

Үлкен жарықтану ауданы бар сегменттің коммутация схемасы

8.16 –суретте электролюминесцентті индикатор коммутациясы үшін қуатты симметриялы КУ208Г типті тиристорды қолдану схемасы көрсетілген. VT1 транзисторының базасына келіп түсетін кіріс сигнал VT3 симметриялық транзистордың басқарушы электродына диод арқылы өтіп, коллекторда теріс импульсті формалайды және оны ашады. Осылайша сай келуші сегмент немесе индикатор таңбасы қызады. Симметриялық тиристордың кесу тогынан индикатордың түсін ескілеу үшін сегментке параллель шунттаушы резистор қосылады. Электролюминесцентті индикатор коммутациясы үшін перспективті құралы үлкен сенімділігімен, басқару қарапайымдылығымен ерекшеленетін резистивті оптрон болып табылады.

Электролюминесцентті матрицалық индикаторды басқарудың өз ерекшеліктері бар. Индикатор басқару үшін структуралық схемасы 8.17 –суретте көрсетілген. Мұнда жеті қатар бес бағанға ұйымдастырылған.

8.17 –сурет.

Электролюминесцентті матрицалық индикаторды

басқарудың структуралық схемасы

Матрицаның барлық элементтері қорек кзімен байланысқан: УЭ1...УЭ7 басқарушы элементтері арқылы қатармен, ал баған бойынша – УЭ1...УЭ7 арқылы. Схеме индикатор бағанымен байланысқан қатар коммутаторы мен екі регистрден құралған. Бірінші қатарға сай келетін екілік 5-разрядты сан түріндегі кіріс информация кіріс регистрға түседі. Содан кейін регистр мен коммутаторға біріншісі құрылғыны нөлдік жағдайға қайтаратын, ал екіншісі кірістен шығыс регистрға информация жіберу командасын беретін және бір уақытта сигнал коммутаторына команда беретін екі қондырғы импульсі беріледі.

Осы уақытта кіріс регистрдан екінші қатарды өозу күйіне сай келетін жаңа екілік код шығады, осылайша процесс қайталанады. Осындайрежимде жұмыс істей отырып, индикатор үзіліссіз өзгеріп отыратын информацияны бейнелей алады.

8.3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]