Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optoelektronika_kaz_329.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
67.87 Mб
Скачать

Ск индикаторды қосу схемасы

8.8 –суретте айнымалы кернеу сигналының сегменттерінің қозу схемасы көрсетілген. Құрылғы екі логикалық схемадан құралады: операция орындайтын –DD2, DD3 және DD1инверторынан және VT транзисторынан. Транзистордың коллекторына берілген сұйықкристаллды индикатордың айнымалы кернеудің екі еселік амплитудасына тең кернеу беріледі.

8.8 –сурет.

Әртүрлі жиіліктегі айнымалы кернеуі бар сұйықкристаллды индикатор

сегментінің қозу схемасы

8.9 –сурет.

Кернеу арқылы басқаратын фаза ығысу әдісі бойынша сұйықкристаллды

индикатор сегментінің қозу схемасы

VT транзисторынан индикатор сегментіне 40 В амплитудасы бар тікбұрышты формалы бірполярлы айнымалы кернеуберіледі. Импульсті қорек беретін кернеудің тұрақты құраушыларын жою үшін ортақ электродқа 20 в тұрақты кернеу беріледі.

DD2 кірісіне fқ = 30…50 Гц жиілікпен қозу кернеуі, ал DD3 кірісіне fг = 10…40 кГц жиілікпен өшіру кернеуі беріледі. Сигнал басқаратын төмен логикалық деңгейде DD2 ашылады және транзистор сұйықкристаллды сегментінің қозу жиілігіне сай келетін жиілікпен импульсті режимде жұмыс істейді. Басқарушы сигнал дешифратордан басқарушы кіріске түсетін жоғары логикалық деңгеймен DD3 ашады. Нәтижесінде құрылғы сұйықкристалды сегмент әсер етпейтін жоғары жиілікті кернеуді формалайды. Басқару құрылғысы барлық логикалық схемалары орындалған сұйықкристаллды индикатормен сай келуі керек.

Айтылғандардан басқа, СК индикатордың қозу құрылғысының басқа типтері олданылады. Оның схемасы 8.9 –суретте көрсетілген.

DD2 және DD3 логикалық схемалардың кірісіне сыртқы генератордан fқ = 15…20 Гц жиілікпен және 1800 фаза ығысуымен импульсті кернеу беріледі. басқарушы сигнал деңгейіне тәуелділіктен индикатор сегментіне форалау кілті арқылы тік не фаза бойынша ығысқан тікбұрышты формадағы кернеу беріледі. индикатордың ортақ электродына басқа формалау кілті арқылы бір фазадағы сигнал тұрақты беріліп тұрады.

Электродтағы фазалардың сәйкес келуінен сегмент қозбайды, ал фазалары әртүрлі болса, сегмент қозады. Басқарудың фазалық тәсілі индикатордың кернеу көзін екі есе төмендетуге мүмкіндік береді.

Көпразрядты индикаторды қолдану кезінде сыртқы қосылулардың көп мөлшері қажет. Олар сегменттерді басқару үшін қажет. Бұл мультиплексорлы басқарудың пайда болуын болдырмайды. 8.10 –суретте әр разряд үшін ортақ электродтармен бөлінген 4-разрядты индикаторды басқару принципі көрсетілген. Ол барлық разряд бойынша сегменттердің бірігуімен сипатталады.

8.10 –сурет.

Көпразрядты цифрлық СК индикатормен мультиплексорлы басқару кезіндегі сегменттердің қосылу схемасы

4-разрядты санның бейнесінің прцесі такт бойынша жүзеге асады. Әр тактыда айнымалы басқарушы кернеу сегменттерді басқару шинасына және берілген тактыда қозатын ортақ электрод желісіне қондырылады. Сұйық кристаллдың ұзақ релаксациясы әсерінен қозу тактысы арасындағы разряд саны кернеу берілмей-ақ санай береді.

8.1.6.

Көпразрядты индикатормен басқару схемасы

Сегіз не одан да көп разрядтары болатын көпразрядты цифрлық индикатордың принципін және басқару схемасын қарастырамыз. Мұндай индикаторлар электронды калькуляторларда және көпмәнді сандармен жұмыс істейтін өлщеуіш құралдарда көп қолданылады. Индикатордың әр разряды кез келген санды таңдауға болатын жеті сегменттен тұрады. Қажет санның индикациясы үшін берілген санды құрайтын сегмент шығыстары аралығы жеткілікті. Көпразрядты индикатор жағдайындағы басқару кернеуін қалай беруге болатынын қарастырайық(мысалы 8-разрядты).

Екі жұмыс істеу режимі болуы мүмкін: үзіліссіз және мультиплексорлы. Жалпы жағдайда индикатордан шығатын информация жады құрылғыларында не регистрларда екілік код, белгі немесе сан ретінде сақталады. Мысалы қарастырылған жағдай үшін әр сан белгісі 3-разрядты кодпен (23 = 8) көрсетілген, ал барлық сегіз таңбалы сандар 24-разрядты регистрда (24 = 3*8) көрсетілген. Индикаторлардың үзіліссіз жұмыс істеу режимі 8.11-суретте көрсетілген схема бойынша жүзеге асады.

8.11 –сурет.

Үзіліссіз режимдегі таңбалы индикатормен басқару схемасы

Индикатордағы әр разрядтың коды сәйкес келетін дешифраторға келіп түседі. Дешифратордың шығыс сигналы сай келетін индикатор таңбасының басқарушы сигналы болып табылады, алайда элекрлік параметрлері бойынша олар ток пен кернеудің қажет деңгейіне сай келмей қалуы мүмкін. Сондықтан дешифратордан кейін индикаторды басқару үшін қажет дешифратордың шығыс кернеуін керек деңгеіне дейін түрлендіретін буфер құрылғысы орнатылған.

Буферлі құрылғыдан сигнал индикаторға түседі. Буферлі құрылғының функциясы егер оның шығыс сигналы индикатор басқару үшін жарамды болса, онда дешифратор рөлін атқара алады.

Сұйықкристаллды индикаторлар үшін МДШ-транзисторда жасалған лешифраторлар сай келеді.

Үзіліссіз жұмыс істеуінің кемшілігі көпразрядты индикаторға көп көлемдегі шығыстар санының қажеттілігі болып табылады (8-разрядты индикаторлар үшін 65 шығыс), сонымен қатар көп көлемдегі дешифраторлар мен буферлі құрылғылар қажет. Одан басқа индикатордың барлық разрядтары бір уақытта жұмыс істегеніне қарай үлкен қуатқажет болады.

Айтылған кемшіліктер адам көзнің инерциялылығына негізделген индикатордың мультиплексорлы жұмыс режимінде болмайды. Ол келесідей болады. Индикатордың барлық разрядтары бір уақытта емес, барынша жоғары жиілікпен кезек-кезек жұмыс жасайды. Көз 1/30...1/40 с инерциялылықты иеленгендіктен f >50 Гц жиілік кезінде адам бір уақытты жарқырайтын барлық таңбаларды қабылдай алады.

Мультиплесорлы режимді жүзеге асыратын схема 8.12 –суретте көрсетілген. Бұл схемада генератор коммутатаор мен кілтті басқаратын 3- разрядты санағышты жібереді.

Коммутатор санағыштың әр күйінде санағыш күйінің номеріне тең номері бар код таңбасы болатын сақтау регистрінің разряды мен дешифраторды байланыстырады. Осы уақытта таңбаның кілті ашылады да таңба үзіліссіз режимдегі басқарушы сигналдың әрекетіне тәуелді берілген такттың ағымында болады. Осы уақыттағы қалған режимдердің ортақ шығыстары басқарушы схемаларда болмайды, сондықтан берілген тактте тек бір таңба ғана жанады. Осындай орташа жарқырайтын жарықты алу үшін үзіліссіз режим күйіндегі тәрізді ток импульсінің амплитудасы орташа токтың туындысы мен индикатор таңбасының санына тең болу керек. Жарық диодтары үшін пик тогы орта мәнді 20 есе көтеретініне байланысты осы әдіспен 20 разрядқа дейін иеленетін жарық диодындағы индикаторлы панельдерді басқаруға болады.

8.12 –сурет.

Мультиплексорлы жұмыс режимі үшін таңбалы индикаторды басқару схемасы

Үзіліссіз режимдегі күрделі схема көп разрядты индикаторлар үшін сыртқы шығыс санының қысқартылуымен ақталады (8 –разрядты индикаторлар үшін 65-тен 16-ға дейін қысқартылған).

8.2.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]