Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optoelektronika_kaz_329.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
67.87 Mб
Скачать

1.5.Оптоэлектронды құрылғылар индекацияларын белгілеу жүйесі

Ескі жүйе кезінде шалаөткізгіш құрылғылардың жарық сәулелендіргіш диоды екі әріппен белгіленген: біріншісі бастапқы материалды сілтесе, екіншісі индикатор құрылғысының белгісі ретінде қызмет еткен. Мысалы, АЛ102 жарықсәулелендіргіш диодының белгіленуі былайша айтылған: А - галлий арсениді немесе галлий фосфиді; Л – бірлік сәулелендіргіш диодының индикаторы; 102 – зерттеменің реттік номері. Егер, индикатор өзін диодтардың қатары немесе матрицасы ретінде ұсынса, онда белгіленуге «С» әрпі қосылады. Мысалы АЛС331 белгіленуі мынаны білдіреді: бірнеше жарықсәулелендіргіш диодтардан тұратын, берілген жағдайда екі диодтан тұрады, галлий фосфиді негізіндегі шалаөткізгішті индикатор.

Шалаөткізгішті жарықсәулелендіргіш индикаторлардың жанұясының(семейства) дамуына байланысты, оның класстары кеңейген сайын, белгілеу жүйелері де ұштаса берді.

Индикация функцияларын орындайтын ОСТ 11.339.015-18 шалаөткізгішті құрылғылары бойынша тоғыз элементпен белгіленеді: бірінші «К» әрпі кең жалпымақсаттағы құрылғы екендігін көрсетеді; екіншісі «И» - индикатор екендігін білдіреді; үшіншісі «П» - шалаөткізгішті; төртінші «Д» - бірлік жарықсәулелендіргіш диод(«М» әрпі жарықдиоды мнемоникалық табло үшін қолданылатының көрсетеді); бесіншісі – зерттеу номері(номерлер басқару схемасымен 01-ден 99-ға шейін); алтыншысы – орыс алфавитінің әрпі, ол құрылғы қай топқа жататының білдіреді; жетіншісі – индикатордағы диодтар санын көрсететін цифрлар(жарықсәулелендіргіш диодтарды белгілеу кезінде бір саны түсіп қалуы мүмкін); сегізіншісі – түсті білдіретін әріп: К-қызыл, Л-жасыл, Г-көгілдір, Ж-сары, Р-қызғылт сары, С-көкғ М-түрлітүсті; тоғызыншы – құрылғының модификациясын білдіретін сандар(5-құрылғы корпусты емес). Мысалы, ИПД04А-1К былайша болады: бірлік сәулелендіргіш диодынан тұратын шалаөткізгішті индикатор, басқару схемасы жоқ, А тобы, жарқыраудың қызыл түсі. КИПД03А-1Ж-5 құрылғысы - бірлік сәулелендіргіш диодынан тұратын шалаөткізгішті индикатор, басқару схемасы жоқ, А тобы, корпусты емес, жарқыраудың сары түсінен тұрады.

1.6. Фотоқабылдағыш құрылғылардың және оптрондардың белгілеу жүйесі

1973 жылдан бастап, фотоқабылдағыш құрылғылардың белгіленуі төрт элементтен тұрады.

Бірінші элемент – әріп немесе цифр материалды білдіреді:

Г немесе 1 – германий және оның қосылулары;

К немесе 2 – кремний және оның қосылулары;

А немесе 3 – галлий қосылулары.

Екінші элемент – құрылғының класын көрсететін әріп:

Д – диодтар;

Н – диодты тиристорлар;

У – триодты тиристорлар;

Т – биполярлы транзисторлар;

П – өрістік транзисторлар.

Үшінші элемент – құрылғының сапалық қасиетін көрсететін сан, және де зерттеудің реттік номері.

Төртінші элемент – құрылғылардың берілген тобындағы типінің әртүрлілігін көрсететін әріп(параметрлік топтарға бөлу).

Оптрондарды белгілеу кезінде бірінші әріп немесе бірінші цифр – сәулелендіргіш материалын анықтайды (А немесе 3 — GaAlAs немесе GaAs), екінші әріп - (О) құрығының оптопар класына жататындығын көрсетеді, үшіншісі – фотоқабылдағыш типін көрсетеді. Резисторлы оптопаралар тарихи ОЭП деген белгіленуін сақтап қалады (оптоэлектронды құрылғылар). Оптоэлектронды бұйымдардың кейбіреулері жоғарыда айтылған белгіленулерден де жақсырақ болып келеді. Мысалы, К249КН1 – екі диодты оптопарадан және екі биполяр транзистордан тұратын оптоэлектронды аналогты кілттен тұратын микросхема.

II БӨЛІМ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]