
- •Асқазаннан қан кету, этиологиясы, клиникалық белгілері. Асқазаннан қан кеткенде жедел жәрдем көрсету.
- •Жиі себептері
- •Аз кездесетін себептер
- •Сирек себептер
- •Қан аралас құсық, мелена
- •Ауруханаға жатқызу және алғашқы көмек
- •Қан аралас нәжіс
- •Ауруханаға жатқызу көрсеткіші
- •Гипергликемиялық кома, себептері, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.
- •Негізгі әрекет ететін факторлар:
- •Өт шаншуы (өт тас ауруы)
- •4. Физикалық күштеме;
- •Алғашқы жәрдем
- •Наркотикалық емес анальгетиктер
- •Комбинирленген спазмоанальгетик
- •Спазмолитикалық және ауырсынуды басатын әсері бар әртүрлі топтың дәрілері.
- •Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, естен тану мен және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.
- •Талудың ауруханаға дейінгі сатысында келесі варианттарын ажыратамыз:
- •Вазовагальды талу (жай талу)
- •Диагностикалық маңызы:
- •Тырысумен байқалатын талу
- •Симптоматикалық талу
- •Дроп шабуыл
- •Аритмиялық талу
- •Коллапс
- •Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері, бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.
- •Ауруханаға көрсеткіш
- •Этил спритімен улану Жіктемесі
Өт шаншуы (өт тас ауруы)
Өт тас ауруы өт айдайтын жолдарының немесе өт қапшығы мойыны аймағының қабыну өзгерістерімен байқалатын жедел бұзылысты симтомакомплекс. Өт тас ауруының негізгі себебі, сирек жағдайда тассыз холецистит болып табылады. Шаншуды жиі өт шығуына кедергі болатын тастар, өт қапшығының және жолдарының жедел созылуы шақырады.
Өт шаншуына әкелетін факторлар:
1. теріс эмоциялар;
2. шамадан артық майлы, қуырылған, ашты тағамдарды қабылдау;
3. ішімдік ішу;
4. Физикалық күштеме;
5. нашар жолда жүру;
6. еңкейіп дене еңбегімен айналысқан жағдайда алып келуі мүмкін.
Кейде шаншудан бұрын оң жақ қабырға астының ауырсынуы, құсу ертерек байқалады, бұл қабынудың белгісі.
Белгілері:
Оң жақ қабырға астының бірден түнгі уақытта шаншып ауырсынуы, оң жақ иыққа, жауырынға, мойынға, кейде бүкіл іш аймағына ауырсыну беріледі. Ауырсыну сирек жағдайда жүрек тұсына (стенокардия ұстамасына ұқсас) беріледі. Үнемі шаншып ауырсыну сезімі байқалады. Ауырсыну өт қапшығы қысымының жоғарылағанда, бұлшық ет түйілуінде, созылуына байланысты пайда болады. Өт тас шаншуы кезінде жеңілдік әкелмейтін құсу анықталады. Ұстамалы ауырсыну бірнеше минуттан, сағатқа, кейбір науқастарда 2 тәулікке дейін созылады. Науқас қозулы, қалтырайды, бозарады, тершеңдік байқалады, өзіне ыңғайлы жағдай жасауға әрекеттенеді. Ұстамалы шаншып ауырсыну кезінде іш кебуі, іш астары керілуі байқалады. Оң жақ қабырға астына пальпация жасағанда ауырсыну сезімі анықталады. Ауырсыну кезінде бауыр ұлғаяды, өт қапшығы кеңейеді. Өт шаншуы кезінде дене температурасы жоғарылайды, қалтырау ұзаққа созылмайды, сарғаю пайда болады.
Алғашқы жәрдем
Спазмолитик, анальгетик тағайындалады.
Нитраттар. Өт шаншуының бастапқа сатысында нитроглицеринді тіл астына немесе изокет спрей ингаляциясынан ұстама басылуы мүмкін.
М- холинолитик түйілуді жақсы басады, құсуға қарсы, антисекреторлы әсері бар.
Жағымсыз әсерлері: ауыз құрғауы, тахикардия, қарашықтың кеңеюі, көз қысымының жоғарылауы.
Қарсы көрсеткіштері: глаукома, аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы, жүрек ауруларының ауыр түрлерінде аса сақтықпен қабылдау қажет.
Атропин сульфаты 0,1 % 0,5 – 1 мл тері астына;
Платифиллин гидротартрат 0,2 % - 1 мл тіл астына.
Миоспазмолитик. Парасимпатикалық жүйке жүйесіне әсері жоқ, сондықтан да алдыңғы топ дәрілеріндегідей жағымсыз әсерлері жоқ. М- холинолитикпен қосып берсе түйілу тез басылады.
Папаверин гидрохлорид 2 % 2-4 мл баяу к/тамырға (АД бақылаумен) немесе б/етке енгізу керек.
Дротоверин (но шпа, пле спа) 2% 2-4 мл баяу к/тамырға немесе б/етке енгізу.
Анальгетиктер. Наркотикалық немесе наркотикалық емес.
Өт тас ауруы кезінде морфин тағайындалмайды, себебі өт жолдары жүйесінің қысымын жоғарылайды. Басқа наркотикалық анальгетиктер промедол 1 % 1-2 мл б/етке, пантопон 2 % 1 мл б/етке енгізеді.
Наркотикалық емес анальгетиктер
Метамизол натрий (анальгин) 50 % 2-4 мл б/етке немесе к/тамырға, папаверин, но шпа, димедрол қосып берсе болады.
Диклофенак 2,5 % 3,0 мл б/етке;
Кеторлак (кетанов, кеторал) (мл /30 мг) б/етке, қажет жағдайда 4-6 сағаттан кейін қайталауға болады, тәуліктік дозасы 90 мг;
Кетопрофен (кетонал) 2 мл (100 мг) б/етке тәулігіне 2 рет.
Спазмоанальгетик
Баралгин (брал, спазган, спазмолгон, максиган, ревалгин).