Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
terapiada_1171_y_sh_1201_1171_yl_zha_1171_dayl....docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
76.72 Кб
Скачать

Гипергликемиялық кома, себептері, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.

Гипергликемиялық кома диабеттік (гипергликемиялық, гиперкетонемиялық, кетоацидоздық) кома қантты диабеттің қатерлі асқынуы, ол инсулиннің абсолюттік немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен болады. Мұндай кома қантты диабет ауруының барысындағы зат алмасуының бұзылуының соңғы кезеңі болып табылады. Гипергликемиялық кома көбіне инсулинотерапия қажетті мөлшерде енгізілмеуінің нәтижесінде, қантты диабетке жұқпалы аурулар қосылған шақтарда, сондай ақ уақытылы диагноз қойылмаған жағдайларда дамиды.

Этиологиясы мен патогенезі. Гипергликемиялық команың негізгі себебі инсулиннің жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде тіндердің глюкозаны шығаруының бұзылып, бауырда гликонеогенез шапшаңдайды, гипергликемия және глюкозурия дамиды.

Кетоацидоздық кома қант диабетінің асқынуы және инсулиннің бірден жеткіліксіздігі кезінде дамиды.

Негізгі әрекет ететін факторлар:

  1. Қант диабетімен ауыратын науқастарға инсулинді жеткіліксіз енгізу (доза дұрыс есептелмесе немесе оны бір тәулікке дұрыс бөлмесе);

  2. Жаңа инсулин дәрісіне сезімталдығын анықтамай, ауыстырған жағдайда;

  3. Инсулиннің енгізу техникасын бұзған жайдайда (жарамсыз инені пайдаланғанда және бір ине салған жерге қайта қайта енгізссе);

  4. Белгілі бір себептермен инсулинотерапияны тоқтатса;

  5. Жүктілік, қосымша инфекциялық немесе басқа аурулар, уланулар, хирургиялық араласулар немесе жарақаттар, ұзақ және бақылаусыз тағайындалған кортикостероидттар, диуретиктер және де физикалық күштемелерге байланысты инсулинді қолдануы артады;

  6. Ішімдік ішу;

  7. Диетаны бұзғанда.

Негізгі механизмі

Гоместаздағы өзгерістер контринсулярлық гормондардың (СТГ,АКТГ, катехоламиндер) деңгейі көтеріп, оларда кетоацидозды күшейтеді. Глюкокортикоидтардың артық мөлшері гипоталамус- гипофиз-адреналдық жүйені қоздырып, глюконеогенездің белсенділігін арттырады, майлы қышқылдар деполарынан шығады. Олардың толық тотықпауы кетоацидозға алып келеді. Кетон денелері ацидоздың дамуын ұлғайтады, яғни бұл кезде белоктар мен тіндердің ыдырауы күшейеді, олар бүйрек арқылы бөлінетіндіктен, калий және натрийурез пайда болады. Сутегі ионының көбеюі ацидозды ұлғайтады, полиурия мен дегидратацияның алмасу бұзылады. Кома күшейгенде организм 4-8 л сұйықтықты, калий 300-1000 ммоль, натрий 400-500 ммоль жоғалтады. Ұзаққа созылған кетоацидозжағдайы ОЖЖ жұмысын нашарлатып қана қоймай, бұдан басқа жүрек қан тамыр жүйесі, қан тамырларының тонусын төмендетеді, жүректің минуттық қан айдау көлемі баяулап, тамырлық коллапсқа алып келеді. Көмір сутегі шығарылуының азаюынан және кетонемиядан дамиды:

  1. Гипергликемия;

  1. Гиперлипидемия;

  2. Метаболикалық ацидоз;

  3. Осмотикалық диурезбен глюкозоурия;

  4. Клеткалық дегидратация және клеткаішілік ионды жоғалту;

  5. Жалпы дегидратация және электролиттерді жоғалту.

  6. Микроциркуляция бұзылысы және тіндік гипоксия.

Клиникалықкөріністері: жедел инфекциялық ауруларда, миокард инфарктында, әртүрлі ауыр диабеттік улануларда кетоацидоз бірнеше сағат аралығында жылдам дамиды. Кетоацидоздың диабеттік сатылары:

  1. Шектеулі кетоацидоз сатысы;

  2. Комаалды немесе демкомпенсация сатысы;

  3. Кома сатысы.

Шектеулі кетоацидоз сатысында науқастарды жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, құсу, іштің белгісіз ауырсынулары, шөлдеу, жиі зәрге бару. Дем алғанда ацетон иісі шығады. Декомпенсацияланған кома кезінде тәбеті толығымен жойылады, үнемі жүрек айнудан кейін құсу пайда болады, жалпы әлсіздік, делсалдық, көз көруінің нашарлауы, ентігу, жүрек және іш аймақтарында жағымсыз әсерлер, жиі зәрге бару, шөлдеу,мазалайды. АҚҚ 70 мм.сын. бағ. 40 мм.сын. бағ дейін төмендесе олигоурия пайда болады. Кома алды жағдай бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Науқастың есі сақтаулы, қоршаған ортасын және уақытты дәл айта алады, сұрақтарға кешігіп, қиындықпен, түсініксіз ақырын дауыспен жауап береді. Тері қабаты салқын, құрғақ. Еріндері құрғақ, кезерген. Тілі таңқурай түстес, тістің іздері бар, құрғақ, қоңыр лайланған жабындымен байқалады. Егерде науқасқа тез арада көмек көрсетілмесе терең комаға түсіп кетуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]