Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_titno_po_alfavitu.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
650.57 Кб
Скачать

48.Штангалық сораптық қондырғымен жабдықталған ұңғымаларды зерттеу.

Штангалы ұңғымалы сораптық қондырғыны зерттеу – ағып кетуді зерттеу және индикаторлық қисықты тұрғызу, сонымен бірге сораптың өзінің жұмысын талдау және жіберу коэффицентінің төмен болу себептерін анықтау үшін қажет.

ШҰСҚ сұйықтың алыну режимін өзгерту – жылтылдатылған шток жүрісін S өзгерту, ол кривошиптегі шатун саусағын ауыстыру арқылы іске асады немесе тербеліс санын n өзгерту арқылы, ол электроқозғалтқыш валындағы шкивті ауыстыру арқылы іске асады.

Түптік қысымды тура өлшеу – диаметрі 22-25 мм кішкене габаритті ұңғымалық манометрімен іске асады. Манометр сағадағы СКҚ эксцентрлік алқасы бойынша, планшайба тесігі (отверстие) арқылы болат сыммен, ұңғымадағы құбыраралық кеңістікке түсіріледі. Мұндай тәсілмен өлшенген түптік қысым ең дұрыс.

Ұңғыманы зерттеудің жанама әдістеріне – құбыраралық кеңістіктегі сұйықтың динамикалық деңгейінің тереңдігін өлшеу жатады, ол арнайы аспап – эхолот көмегімен жүргізіледі.

Эхолот – қолмен тасымалданатын аспап, кішкентай жәшік-қорапта жиналған. Дыбыс импульсын жасау үшін және шағылысқан сигналдарды ұстау үшін құбыраралық кеңістіктің фланец ысырмасына жалғасқан арнайы қысқа құбырша болады, және аз қуатты оқ дәрілі зарядпен атуды шығаратын ударнигі болады.

ШҰСҚ динамометриясы

Жүріске байланысты жылтылдатылған штокқа түсетін күш диаграммасын түсіру – штангалы ұңғымалық сораптық қондырғының динамометриясы деп аталады және ол күш өлшеуіш тіркейтін аспап – динамометрмен іске асады.

Түсірілген динамограммалар теориялықпен салыстырылады, бұл жалпы қондырғының қалыпты жұмыстан ауытқуларын және ШҰС өзінің жұмыстағы ақауларын анықтауға мүмкіндік береді. Динамограмма, сонымен қатар, игеру режимін дәл анықтау және оны жақсарту мүмкіндіктерін жасауға береді.

Динамографтар механикалық, гидравликалық, электрлік, электромагниттік, тензометрлік және т.б. болып бөлінеді.

Ең тараған түрі гидравликалық динамограф, мұнда жылтылдатылған штокқа түсетін жүктеме, рычагты жүйе арқылы сұйықпен толтырылған камерадағы серпімді диафрагмаға беріледі.

41. Шұс беріліс коэффициенті және берілісі қалай анықталады?

Осы айтылған барлық факторлар, цилиндр сорабына келіп түсетін сұйықтың біршама көлемін азайтып, сораптың толу коэффиценті деп аталатын шаманы анықтайды, яғни фактылық плунжер астына келіп түсетін сұйық көлемінің, плунжердің жоғары жүрісі кезінде сызған геометриялық көлемге қатынасы.

Практикада ыңғайлы болу үшін, әдетте, шартты теориялық өнімділік сөзін қолданады, ол жер бетінде өлшенген сальникті штоктың жүріс ұзындығы бойынша есептеледі. Сонда, шартты теориялық өнімділікті анықтайтын формула (м3/ тәулігіне) келесі түрде болады:

Qтеор = 1440 · Fауд · S · n (6)

мұндағы 1440 =24*60 мин тәулігіне

Fауд - плунжер қимасының ауданы м2 ;

S - сальникті штоктың жүріс ұзындығы, м;

n – штанганың жер бетіне беретін тебеліс саны минутына

Тереңдік сораптың нақты өнімділігі, яғни игерілген сұйықтың (мұнай) фактылық мөлшері, кәсіпті практикада теориялықтан әрқашан кіші болады.

Тереңдік сораптың нақты өнімділігінің оның шартты теориялыққа қатынасы, тереңдік сораптың жіберу коэффиценті η деп аталады, яғни

η = Qфак / Qтеор (7)

Терең сораптың беру коэффиценті 0,1 ден 4,0 дейін аралықта өзгереді.Терең сорап ұңғымада жұмыс жақсы жасайды деп есептеледі, егер оның беру коэффиценті η = 0,7 0,8

Сорап дұрыс таңдалса және оның ұңғымадағы жұмысы қалыпты болса, она фактылық өнімділік теориялыққа жақындайды.

Терең сораптың беру коэффицентіне келесі факторлар әсер етеді:

1.Сорап цилиндрының толу дәрежесі;

2.Сұйықтың құбырдан ұңғымаға ағып кетумүмкіндігі;

3.Плунжердің нақты жүрісінің жер бетінде өлшенген, есепке алынған шамаға, штангалар және құбырлардың ұзаруы есебінен, сәйкес келмеу мүмкіндігі.

Сораптың нақты өнімділігі:

Q = 1440 · Fауд · S · n · η (8)

Осылайша, терең сораптың - өнімділігі тартпалы механизмнің жүріс ұзындығы және минуттағы жүріс санына, сонымен қатар сорап диаметрі мен беру коэффицентіне тәуелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]