Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_titno_po_alfavitu.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
650.57 Кб
Скачать

1.Қабат энергиясының көздерінің қандай түрлерін білесіңдер. Ұңғыдағы

статикалық қысым және динамикалық деңгей қалай анықталады?

4.Қабатқа әсер етудің қандай әдістері бар? Ағымдағы компенсация коэффициенті қалай анықталады?

Қабатқа әсер ету жолдарының келесі түрлері бар

1.Қабат қысымын қабатқа су айдау арқылы ұстау. Олрадың қатарына кіретіндер:

1)Контур сыртымен су айдау 2)Контур бойымен су айдау Контур ішімен су айдау. Контур ішімен су айдау келесілерге бөлінеді: 1.кенішті сызықты немесе дөңгелек қатарларға су айдау ұңғымалар арқылы бөлу 2.блокты су айдау 3.шоғырлы су айдау 4.таңдап су айдау 5.аудандап су айдау

2. Қабат қысымын газ айдау арқылы ұстау:Ауа айдау; Құрғақ газ айдау; Майлы газ айдау; Жақын және критикалық параметрлердегі газды айдау

3.Жылу арқылы әсер ету:Қабатқа ыссы су айдау; Ыссы бу айдау; Қабатқа қозғалмалы жану фронтын айдау; Қабаттың түп зоналарын жылумен өңдеу

14.Қабатты гидравликалық жолмен жару қалай іске асырылады?

Қабатты гидравликалық жару –(ҚГЖ) түп зонасындағы жаңа сынақтарды жасанды әдіспен жасу үшін қабаттқа жоғарғы қысыммен сұйық айдау арқылы жасау. Алынған ойықтардың жағалауы болмас үшін, операциядан кейін және қысымның төмендеуінен кейін, бірінші қабатқа сұйықпен бірге түйіршікті материял-кварцты құм айдалады.

ҚГЖ келесі операциялардан тұрады:

1.Қабатқа жару сұйығын онда сынықтардың болуы үшін айдау.

2.Сұйықты құм аталас айдау, ол сынықтарды толтыру үшін арналған.

3.Құмды сынықтарға толтыру үшін оны сұйықпен итеру.

Жару кезінде жасау механизімін келесі жолмен елестетуге болады. Түп тау жыныстарында табиғи микроаймақтар бар, бірақ олар тау қысымымен сығылып тұрады. Бұндай сынықтарлдың өткізгіштігі өте төмен. Сораптың қысысмымен қабатқа айдалған сұйық фильтрацияланып, бірінші өткізгіштігі жоғары қабатшалардан өтеді, сонымен бірге жаңағы табиғи ойықтарға да әсерін тигізеді. Осының салдарынан қабатшалар арасындағы бірыңғайлық болмайды.

ҚГЖ-дың аса маңызды параметрі қысым болып табылады, ол жыныс материалында ойықтар пайда болады. Идеалдық жағдайда ойықты жару қысымы Рр тау қысымы Рг-дан төмен болмауы керек. Бірақ жалпы жағдайларда әдетте жару қысымы тау қысымынан аз болатын кездер болады. Бұл ұңғыны бұрғылаған кезде тау жыныстарының қуаты диформацияланып (қабашалар, мұнайлы қабат ). Осы диформациялар салдарынан қабат зонасында бұзылу аймақтары көбейіп, нәтижесінде тау жыныс қысымы ұңғы аймағында төмен болады. Сондықтан гидрождау қысымы төмен болады.

Гидрожару сұйығы ретінде әртүрлі сұйықтар, олардың химия-физикалық құрылысы әр түрлі қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді: көмірсутек негізіндегі сұйық және су негізіндегі сұйық. Барлық атқаратын жұмыстарына байланысты сұйықтар үш категорияға бөлінеді:жару сұйығы, құмтасушы сұйық және итеру сұйығы.

Көмірсутек сұйығы мұнай ұңғыларында қолданылады, оған жоғары тұрақтылықты мұнай кіреді, мазут, дизнльді сұйық, керосин мұнай сабындарымен қоюландырылған сұйықтар т.б. Ал су айдау ұңғыларында қолданылады, олардың қатарына кіретіндер: сульфитспиртті қоспалы су, тұщы немесе тұзды су, тұзды немесе HF қышқылдар, реагенттер қосылған сулар т.б. Гидрожарушы сұйық ретінде әртүрлі эмульсиялар кең қолданылады (гидрефобты) сулы мұнай (гидрофильді) және қышқылды керосин.

Гидро жаруда барлық сұйықтар келесі талаптарда орындалуы тиіс:

1.Жұмысшы сұйық абсалютті қабаттың жынысы өткізгіштігін азайтпауы керек.

2.Жұмысшы сұйық толығымен шығаруда қабат өткізгіштігін өзгертпейтін ондағы кеуекті жыныстарынан өнімді толығымен ала-алатын қасиетке ие болуы керек.

3.Тұтқырлығы жоғары сұйықтарды қолданғанда қабатты өңдегенде тұтқырлық тұрақты болуы керек;

4.Қыс мезгілінде қолданғанда жұмысшы сұйық төмен температурада қатпауы керек;

5.Ол қымбат емес және дифицит болмауы керек;

6.Жару сұйығының анықталған тұрақты тұтқырлығы болуы керек;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]