Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KR azamatygy turaly.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
102.91 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi

Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

29-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президентi болып табылады.  Қазақстан Республикасының Президентi:  Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;  Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтiру туралы;  Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы шешiмдер қабылдайды.  Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, облыстардың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың iшкi iстер басқармалары, бөлiмдерi:   Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiнде арыздар қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;   Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделгендей Қазақстан Республикасының азаматтығына алынғандығын және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығын тiркеудi жүзеге асырады;   Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тiркейдi. V022045  Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстерминистрлiгiнiң, Қазақстан Республикасыныңшетелдегi мекемелерiнiң өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:  Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiнде арыздар қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;   Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тiркейдi;   Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебiн жүргiзедi.   Белгiлi бiр елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың мiндеттерiн тиiстi шарттар негiзiнде басқа мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi атқарады.  Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

6-тарау

Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiндегi арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша iс

жүргiзу

32-бап. Азаматтық мәселелер жөнiнде арыз беру тәртiбi

Азаматтық мәселелер жөнiндегi арыздар осы Заңның 30 және 31-баптарында көрсетiлген органдар арқылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына берiледi.   Арызды немесе ұсынысты қарау мерзiмi алты айдан аспауға тиiс.

33-бап. Азаматтық мәселелер жөнiндегi арыздар түрi

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына келтiру немесе одан шығу туралы өтiнiштер арыз берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен қабiлетсiз деп танылған адамдар жөнiндегi өтiнiштер олардың заңды өкiлдерiнiң нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырған өтiнiш бойынша қаралады.   14 жастан 18 жасқа дейiнгi баланы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оның Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтiру және одан шығару туралы арыз берген кезде оның келiсiмi болуы мiндеттi, келiсiм жазбаша түрде бiлдiрiлiп, оны нотариат куәландыруға, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландыруға тиiс.   Ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып қалатын 14 жасқа дейiнгi баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы туралы өтiнiш берген кезде сол ата-атасының арызы да табыс етiлуге, онда баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына көзқарасы көрсетiлуге тиiс. Мұндай арызды - нотариат, ал басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырады.   Егер арыз берушi арызға сауатсыз болғандықтан немесе дене кемiстiгi салдарынан қол қоя алмайтын болса, арызға оның өтiнiшi бойынша басқа адам қол қояды, бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нотариусы, шетелдегi мекемесi арызға тиiстi жазба жасайды.   Азаматтыққа қабылдау туралы арызға арыз берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тiркелуге тиiс.   Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

34-бап. Азаматтық мәселелер жөнiндегi арыздар бойыншақорытындылар

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары, шетелдегi мекемелерi өздерiнiң арыздар бойынша қорытындылары немесе азаматтық мәселелер жөнiндегi ұсыныстарын азаматтыққа қабылдау туралы өтiнiш жасаушы адамның осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы жазбаша мiндеттемесiмен бiрге Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына жiбередi.   Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi және Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қон мәселелерiн жүргiзушi органы Қазақстан Республикасы территориясынан тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбiр арыз берушiнi Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтiрудiң дұрыстығы туралы, соның iшiнде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзгелерiне орналастыру мүмкiндiгi туралы Қазақстан Республикасының Президентiне дәлелдi қорытынды бередi.   Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы арыздар жөнiндегi қорытындыларда арыз берушiнiң мемлекет алдындағы мiндеттемелерiнiң немесе оның мүлiктiк мiндеттемелерiнiң орындалмағандары, олармен азаматтардың немесе кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң елеулi мүдделерiнiң байланысты екенi туралы, оның айыпкер ретiнде қылмыстық жауапқа тартылуы, не оның заң жүзiнде күшiне енген сот үкiмi бойынша жазасын өтеуi туралы, не ол адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауiпсiздiгi мүдделерiне қайшы келетiнi туралы нақты мәлiметтер хабарланады.   Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

35-бап. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағыазаматтық мәселелер жөнiндегi комиссия

Осы Заңның 29-бабында көрсетiлген азаматтық мәселелердi алдын ала қарау үшiн Қазақстан Республикасының Президентi азаматтық мәселелер жөнiнде комиссия құрады.   Азаматтық мәселелер жөнiндегi арыздар мен ұсыныстарды қараған кезде Комиссия арыз берушiнiң дәлелдерiне, ұсыныс мазмұнына, мемлекеттiк органдар қорытындыларына, өзге де құжаттарға және куәлардың тиiстi түрде ресiмделген айғақтарына жан-жақты баға бередi.   Комиссия өзi жүргiзiп отырған iс жөнiнде тиiстi мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктерден құжаттар мен материалдар талап етуге қақылы, олар қажеттi ақпаратты комиссия белгiлеген мерзiмде табыс етедi.   Комиссия әрбiр арыз немесе ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына ұсыныс енгiзедi.   Егер Комиссия мәжiлiсiне оның мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, ол заңды болады. Комиссия шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады.   Комиссия шешiмi комиссияның мәжiлiске қатысқан барлық мүшелерi қол қоятын протоколмен ресiмделедi.

36-бап. Азаматтық мәселелер жөнiндегi актiлер

Азаматтыққа қабылдау, оны өзгерту мәселелерi жөнiнде және өтiнiш қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы шығарылады.   Азаматтық мәселе жөнiнде қайталап берiлген арыз бұл мәселе жөнiндегi осының алдындағы шешiмнен кейiн бiр жыл өткен соң қаралады. Iс үшiн арыз берушiге мәлiм болмаған және мәлiм болуы мүмкiн болмаған елеулi мән-жайлар туған ретте қайталап жасалған өтiнiш ертерек те қаралуы мүмкiн.   Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

37-бап. Азаматтық алу және одан айырылу мерзiмiнiңесептелуi

Қазақстан Республикасы азаматтығына:   - азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы шыққан күнi;   - кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күнi;   - кәмелетке толмағандардың ата-анасын Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы шыққан күнi;   - мемлекетаралық шарттарында көзделгендей тәртiп бойынша тiркелген күннен бастап ие болады.   Қазақстан Республикасының азаматтығы:   - Қазақстан Республикасы Президентiнiң азаматтықтан шығару туралы Жарлығы шыққан күнi;   - осы Заңда көзделген тәртiппен мемлекеттiк органдардың одан айырылғанын тiркеген күнi;   - Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы тiркелген күнi тоқталады.   Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

38-бап. Республика территориясында тұру мерзiмiнiңесептелуi

Осы Заңның 16-бабының 1) тармақшасында көрсетiлген республика территориясында тұру мерзiмiне:   егер адам армияға дейiн Республика территориясында тұрып, армиядан босатылған күнi мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күнi арасындағы үзiлiс үш айдан аспаса, армияда қызмет еткен уақыты;   егер оқуды бiтiрген немесе оқу орнынан шығарылған күнi мен Қазақстан Республикасына келген күнi арасындағы үзiлiс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерде оқыған уақыты;   егер командировканың аяқталуы мен Қазақстан Республикасына келген күнiнiң арасындағы үзiлiс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерге командировкаға барған уақыты есептеледi.   Науқастанып қалған, дүлей апат болған ретте немесе басқа да дәлелдi себептер бойынша осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген үш айлық мерзiмдi есептеу тоқтатылады.   Басқа мемлекеттердiң сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика территориясында командировкада болған, емделген мерзiмi және басқа да уақытша тұрған реттер Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзiмiне есептелмейдi.   Қазақстан Республикасының азаматы болып саналуының күшi жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзiмiне есептелмейдi.   Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

7-тарау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]