Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KR azamatygy turaly.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
102.91 Кб
Скачать

Азаматтықты тоқтату

19-бап. Азаматтықты тоқтату негiздерi

Қазақстан Республикасының азаматтығы:  1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;  2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

20-бап. Азаматтықтан шығу

Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгiленген тәртiппен жасаған өтiнiшi негiзiнде рұқсат етiледi.   Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы мiндеттемелерiнiң немесе мүлiктiк мiндеттемелерiнiң орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң елеулi мүдделерi байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкiн.   Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адам айыпкер ретiнде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзiнде күшiне енген сот үкiмi бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауiпсiздiгi мүдделерiне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берiлмейдi.

21-бап. Азаматтықтан айырылу

Қазақстан Республикасы азаматтығынан:   1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттердi қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауiпсiздiк қызметiне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;   2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесiнде алынса;  3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша;  4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе;  5) егер адам басқа мемлекеттiң азаматтығын алған болса, айырылады.  Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322, 2004.10.04. N 600Заңдарымен.

  4-тарау

Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған

Жағдайдағы баланың азаматтығы

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруi

Ата-анасының азаматтығы өзгерiп, соның салдарынан екеуi де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуi де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиiсiнше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгередi.  Егер баланың ата-анасының бiреуi белгiлi болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиiсiнше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгередi.  Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

23-бап. Ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасыазаматтығын алған ретте баланың ҚазақстанРеспубликасы азаматтығын алуы

Егер ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, ал екiншiсi басқа мемлекеттiң азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейiнгi бала ата-анасының осы туралы жазбаша өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мүмкiн.  Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

24-бап. Ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасыазаматтығынан шыққан ретте баланың ҚазақстанРеспубликасы азаматтығының сақталуы

Егер ата-анасының бiреуi Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, ал екiншiсi Қазақстан Республикасының азаматы болып қала берсе, 14 жасқа дейiнгi бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының осы туралы жазбаша өтiнiшi бойынша, мұндай баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына рұқсат етiлуi мүмкiн.   Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

25-бап. Асырап алған ретте баланың ҚазақстанРеспубликасы азаматтығын алуы

Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, басқа мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейiнгi бала Қазақстан Республикасының азаматы болады.   Бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы, ал екiншiсi оның азаматы емес ерлi-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттiң азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейiнгi бала асырап алушылардың жазбаша түрде бiлдiрiлген келiсiмiмен Қазақстан Республикасының азаматы болады.   Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

26-бап. Қамқоршы белгiленген баланың ҚазақстанРеспубликасы азаматтығының сақталуы

Егер Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейiнгi баланың ата-анасының екеуi де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, бұл орайда ата-ана болу құқынан айырылса, бала қамқоршысының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады.

27-бап. Асырап алған ретте баланың ҚазақстанРеспубликасының азаматтығын сақтауы

Шетелдiктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала Қазақстан Республикасының азаматтығын өзi кәмелетке толғанға дейiн сақтайды.  Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған бала, асырап алушылардың екеуi де немесе асырап алушылардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын өзi кәмелетке толғанға дейiн сақтайды.  Осы бапта аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейiн және оның тiлегi бойынша ғана жол берiледi.  Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде оныменкелiсудiң қажеттiлiгi

14 жастан 18 жасқа дейiнгi баланың ата-анасы азаматтығын өзгерткен ретте, сондай-ақ асырап алған ретте оның азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тәртiп бойынша баланың келiсуiмен ғана өзгертуге болады.  Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

  5-тарау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]