Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KR azamatygy turaly.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
102.91 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен мiндеттерiнiң жиынтығынан көрiнедi.  Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.  Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.  Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар Жарлығымен.

  1-тарау

Жалпы ережелер

1-бап. Азамат және мемлекет

Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерiн, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттiк тiл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тiлдерiне, әдет-ғұрпына, дәстүрлерiне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдiретiн, егемендiгiн және тәуелсiздiгiн нығайтуға жәрдемдесуге мiндеттi.   Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралызаңдар

Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актiлерiмен реттеледi.

3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу

Мына адамдар:   осы Заң күшiне енгiзiлген күнге дейiн Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;   Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттiң азаматтығында тұрмайтын;   осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.   Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.   Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершiлiкке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшiн, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшiн жағдай жасайды.   Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан  Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

4-бап. Азаматтық туралы құжат

Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейiнгi баланың азаматтығы оның туу туралы куәлiгiмен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.  Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтықжағдайы

Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.   Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.   Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.   Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

6-бап. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардыңқұқықтық жағдайы

 Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттердi мойнына алады.   Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.05.17. N 322 Заңымен.

7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы

Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.  Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некенi бұзуы азаматтықтың өзгеруiне әкеп соқтырмайды.

8-бап. Қазақстан Республикасының азаматын басқамемлекетке беруге болмайтындығы

Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.  Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегiазаматтарды  қорғау

Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.  Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. N 2477 Заң күшi бар жарлығымен.

  2-тарау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]