
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің
- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •2 Дәрістер
- •1 Тақырып. «Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
- •3.Практикалық сабақтың құрылымы
- •4. Студенттердің өздік жұмысы
- •4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
- •4.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •4.4 Аралық аттестацияға (емтихан) дайындық сұрақтары
042-16-02.1.34/03-2013 |
№1 басылым 30.09.2013 |
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
||
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК |
ПОӘК 042-16-02.1.34/03-2013 |
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым 30.09.2013 |
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні бойынша
«тарих» мамандығына арналған
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Семей
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
1 Глоссарий
Тарихи үрдіс теориясы - тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе.Факт- «шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай,сөйлете алады.Тарихи үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді. Әрбір схема – теория қаншама фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады. Тарихи зерттеу пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін ,ұғымдық аппаратын анықтап, өз тарихнамасын құрады. Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды ұғыну қашан да субъективті болады.
Тарихи факт - өткеннің нақты оқиғасы. Адамзаттың бүкіл өткені тарихи фактілерден өрілген, олар өте көп. Нақты-тарихи фактіні біз тарихи деректерден аламыз. Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер бар. Алғашқылары оқиғаларды білдірсе, соңғылары өзіне түсіндіру, ұғыну сәтін де қамтиды.күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру жатады.
Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға негіз болатын айғақ. Тарихи деректердің түрлері: жазба, заттық, этнографиялық, фольклорлық, тілдік, кино фото деректер.
Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік категорияларынан тұрады.
Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады. Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады. Әрі ерекше және қайталанбайды. Т.У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті кезеңдестіруден көрінеді. ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді билеушілердің атына қарай бөлді. ХVIII ғ. француз тарихшылары жабайылық, варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды. ХІХғ. соңында материалист - тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-қауымдық. құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) бөліп қарай бастады. ХХІ ғ.басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру ,қоғам тарихын:дәстүрлі,индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге бөледі.
Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи-географиялық, экономикалық, саяси, қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы.
Тарих философиясы-жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Бұл терминді Ф.М.Вольтер, 1765ж. өзінің «Тарих философиясы» атты еңбегінде енгізді. Алайда, философиялық-тарихи идеялар көне заманда туындай бастады. Тарих философиясының бірнеше типтері бар. 1)Онтологиялық немесе субстанционалды Т.Ф. Орыс дәстүріңде оны историософия деп атайды. 2) Сыни, рефлективтік немесе аналитикалық т.ф.
Тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы. олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау. Бұл принцип тарихи құблыстардың пайда болу себептерін,түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік береді.
«Анналдар мектебі» («жаңа тарих ғылымы»)- Францияда, Марк Блок пен Люсьен Февр негізін қалаған «Анналы»(1929-1939), «Анналы социальной и экономической истории» (1939-1941) журналының төңірегінде пайда болған ғылыми бағыт. Тарих ғылымында революциялық өзгерістер енгізді.Оның мәні: тарихи баяндаудың орнына тархи мәселелілікті, яғни қоғамның барлық жақтарын суреттеуді кіргізді. Пәнаралылыққа үлкен мән берілді.
Детерминизм және индетерминизм- себептіліктің орны мен ролі туралы мәселенің қарама-қайшы философиялық концепциялары. Дет.барлық құбылыстардың жалпыға ортақ, заңдылық байланысын мен себептілік шарттылығы туралы ілім. Индет. себептіліктің жалпылық сипатын жоққа шығарады.
Каузалдық- себептілік. Құбылыстардың бір бірімен шарттылығының қажетті генетикалық байланысын анықтайтын философиялық категория.
Марксизм- К.Маркс пен Ф.Энгельс жасаған философиялық. экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастардың жиынтығы. Оған: философиялық материализм мен диалектика, қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы,қосымша құн теориясы,тап және таптар күресі теориясы т.б.жатады.
Менталитет-(лат.-ақыл,ойлау,ойлау бейнесі) үлкен әлеуметтік топтың (халық, ұлт, тап,сословие) дүние түйсігін анықтап, мәдени дәстүр бірлігін бекітетін әлеуметтік-психологилық күйі.
Парадигма- мәселенің немесе зерттеу міндетінің қойылуы мен шешімінің үлгісі және де белгілі бір ғылыми қоғамда белгілі бір тарихи кезеңнің барысында үстем жағдайда болатын зерттеу әдістерінің жиынтығы.
Пассионарлық теория- Л.Н.Гумилев тарихи үрдісті этностар өмірінің динамикасы мен өзара әрекеті деп қарастырды. Пассионарлық – бұл жекелеген тұлғалардың өз алдына қойған нақты және қияли мақсаттарына қол жеткізу жолында өз өмірін құрбан ете отырып, басқаларды өз соңынан ерте білетін жоғары мақсатшлдығы.
Позитивизм- гуманитарлық ойдың, барлық ақиқат білім жеке ғылымдардың қызметі нәтижесінде ғана алынатындығын мойындау принципіне негізделген бағыты. Оның негізін қалаушы француз ойшылы О.Конт.Поз-к парадигманың шеңберінде тарихи методология эмпирикалық мәліметтерді анықтап,суреттеу жәнереттеуге бағытталды. Яғни теориядан бас тартты.
Провиденциализм-тарихты діни тұрғыда,құдайдың еркімен болатын нәрсе деп түсіну. Ол- барлық әлемдік діндерге тән.
Революция-төңкеріс, өзгеріс. Кең мағынада – қоғамның барлық сферасындағы терең өзгерістер.Тар мағынасында- аса шиеленіскен тарихи процестер кезінде жаңа және күні өткен ескі қоғамдық қатынастар арасындағы күрестің неғұрлым өткір формасы. Маңызды белгісі- өкіметтің бір таптан екінші таптың қолына өтуі болып табылады.
Өндіріс құралдары- адамдардың материалдық игіліктерді өндіру процесінде қолданатын құралдар мен заттардың жиынтығы. Еңбек құралдарына машина, жабдықтар т.б. және өндіріс нәтижесі жатады. Жалпыға ортақ еңбек құралы жер болып табылады. Еңбек заты- адам еңбегі арқылы өңделуге жататынның барлығы кіреді. Адамдар өндіріс құралдары арқылы өндіріс заттарына әсер етеді.
Өркениет-(лат.civilis-азаматтық,мемлекеттік)-1)Мәдениеттің синонимі; маркистік әдебиетте сондай-ақ, материадық мәдениетті білдіреді. 2)Қоғамдық дамудың,материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы (антикалық өркениет, қазіргі өркениет). 3)Тарихи үрдістің жабайылық пен варварлықтан кейінгі белгілі сатысы.
Эволюция- қоғам мен табиғаттағы өзгерістер, олардың бағыты,тәртібі,заңдылықтары турал түсініктер.
Эпистемология- таным теориясы.