Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Монкап VS Империалист 2.0. Ойын ержесі..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
164.35 Кб
Скачать
  1. Ойыншылар арасындағы несие шарттары.

Ойыншылар арасында ақшаны тек несиеге ғана беруге болады.

  • Пайыз минимум $0,5 және максимум $2. (Теңгелік несиеге пайыз 0) Несиенің максималды мерзімі 4 кезең. (қарыз өтелуі тиіс кезеңнің соңына дейін уақыт есептелінеді), мерзімін созуға тыйым салынған. Алғашқы несие қайтарылмай тұрып, бір ойыншыдан екінші рет несие алуға болмайды.

  • Империалист өзіндегі бар теңгеге 100% сәйкес несие ала алады және Монкап осы несиені беруге міндетті. Теңгелік несиелер бағам бойынша доллармен өтеле алады.

  • Егер Ойыншы өз қарызын қайтармаса, онда оның Қазақстандағы мүлкі аукционда сатылады. Егер Империалист-борышқордың Қазақстанда мүлкі болмаса, онда ол ойыннан шығады. Бір кезеңде борышқордан бір аукционда тек бір мүлкін тартып алуға болады. Егер келесі кезеңде қарыз қайта өтелмесе, келесі аукцион болып, борышқордың тағы бір мүлкі тартып алынады.

  • Егер Капиталист қарызын қайтармаса, онда оның барлық зауыттары, сонымен қатар барлық ақшасы ойыннан шығады. Бірақ, Капиталисттің өзі ойында қалады. Келесі кезеңнен бастап, Капиталистке қарызын толыққанды өтемейінше, зауыт сатып алуға тыйым салынады. 

  • Теңгенің девалвациясы кезінде Монкап/Капиталисттен уақытысынан бұрын қарызды өтеуді талап етуге болады; ал Монкапқа Капиталистке осы және келесі кезеңде несие беруге болмайды.

  • Мүлкі мемлекеттендірілген Империалист Монкаптан қарызын мерзімінен бұрын өтеуді талап ете алады.

  • Ойыннан шыққан Ойыншыдан алынған қарыз, уақыты келгенде «Әлемдік нарыққа» беріледі.

  1. «Халықтың тұтынуы».

  • Империалисттер және Монкап әр кезең сайын өз елінің халқын тауарлармен қамтамасыз етуі міндетті. «Халық тұтынуы» бүтін сандармен саналады, яғни 1, 2, 3... Өткен кезеңнің тұтынуы күйіп кетеді, сол себепті әр кезең сайын жаңа тауар сатып алу қажет.

  • Империалисттердің «Халық тұтынуы» = кезең нөмері. Егер ол өспесе, онда Қазақстандағы Империалистке тиесілі кез келген мүлік аукцион арқылы тартып алынады.

  • Қазақстанның «Халық тұтынуы» алдыңғы кезеңмен салыстырғанда және кезең нөмірінен төмен болмауы керек. Егер Монкапта бұлай болмаса, онда оның кез келген кен орны жалауымен аукцион арқылы тартып алынады.

  • «Халық тұтынуын» жасай алмай, мүлкі аукционға шыққан ойыншы, сол кезеңде «Халық тұтынуын» жасауға міндетті емес.

  1. Aукцион.

  • Аукционда Империалисттің Қазақстандағы кен орыннан немесе зауыттан алатын үлесі немесе банкі сатылады; Монкаптың аукционда өз жалауы бар кен орны ғана сатылады. Егер Ойыншының мұндай мүлкі болмаса, онда ол ойыннан шығады.

  • Мүлкі аукционға шыққан Ойыншы аукционға қатыса алмайды.

  • Аукцион $0,5-дан басталады. Минималды қадам $0,5. Алғашқы бағаны және аукционға шығатын мүлікті Басымдылық ережесі бойыншы анықталған Ойыншы атайды. Егер Ойыншылар арасынан ешкім бастапқы бағаны ұсына алмаса, онда аукционға шыққан мүлік өз иесінде қалады.

  • Егер сатылған мүлікте басқа Ойыншының үлесі болса, онда ол сақталады.