Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Монкап VS Империалист 2.0. Ойын ержесі..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
164.35 Кб
Скачать

5. Империалисттердің жалау орнатуы:

  • Қазақстандағы кен орынға, - егер Империалист кен орыннан үлес алса;

  • Қазақстандағы зауытқа, - егер Империалист зауытты толыққанды өз ақшасына сатып алса;

  • Қазақстандағы банкке, - егер Империалист банк ашса.

6. Қазақстандағы зауыттан Империалисттердің алатын табысы:

Монкаптың рұқсатын алғаннан кейін Империалист Қазақстанда өзінің зауытын орната алады және Монкаппен жүргізген келісімі бойынша тауар көлемін алады. Зауыттан алатын тауар көлемі 0,5–ке бөлінетіндей болу керек, яғни 0,5; 1; 1,5; 2; 2,5; 3.

Бұл зауыттарға субсидия қажет емес. Монкап елінде Империалисттердің салған зауыттары жалпы салу қажет 8 зауыттың көлеміне кіреді.

Бұл зауыттарға мұнайды тек Қазақстандағы кен орындардан ғана тасымалдауға болады. Бұны келіссөзге байланысты не Монкап не Империалист жасайды. Егер Империалист өз зауытын өзі мұнаймен қамтамасыз етуге келісіп, кейін бас тартса, онда ол бұл үшін ешқандай айыппұл төлемейді. Монкап Империалисттердің зауытына өзі мұнай тасымалдай алады және Империалисттердің бұл мұнайды қабылдамауға құқықтары жоқ.

7. Қазақстандағы кен орындардан Империалисттердің алатын табысы:

Монкап елінен кен орын алғаннан кейін және сол кен орында тербелме орнатылған болса, онда Империалист Монкаппен жүргізген келісімі бойынша мұнай көлемін ала бастайды. Кен орыннан алатын мұнай көлемі 0,5–ке бөлінетіндей болу керек, яғни 0,5; 1; 1,5; 2; 2,5; 3; 3,5; 4.

Егер Империалист жалауы Монкап елінде орнатылған болса, онда Империалист сол кен орынға Монкаптың рұқсатынсыз тербелме орната алады.

8. Қытай жұмысшылары. Қытай Қазақстандағы өзінің жұмыс істеп тұрған кен орынына бір кезеңде бір жұмысшы енгізе алады. Келесі кезеңде Қытай екінші жұмысшысын енгізе алады және тағысын тағы. Әр кезеңде жұмысшының жалақысы $0,5 және осы жалақы Қытайға беріледі. Қытай мен Монкапқа тиесілі кен орыннан түсетін табыстан қытай жұмысшысының жалақысы алынып тасталынады да, кейіннен Қытай өз үлесіне сәйкес табысын алады, сосын ақшаның қалған бөлігі Монкапқа беріледі. Егер осы кен орыннан түсетін кіріс қытай жұмысшылары жалақысынан төмен болса, онда кен орыннан түсетін кірістің барлығы қытай жұмысшыларының жалақысын төлеуге ғана кетеді.

  1. Қазақстандағы Империалисттің банкі.

Банктің ашылуы аукцион арқылы жүреді және ашу үшін Монкаптың рұқсаты қажет емес. Монкапқа көбірек ақша ұсынған Империалист банк ашады. Содан кейін, Империалист беретін несие соммасын «Әлемдік нарыққа» қояды да, қажет тауар көлемін алып, Монкаптың «Халық тұтынуы» алаңына қояды. Бастапқы кезеңде халыққа берілетін несие = $0,5. Ары қарай несиені әр кезең сайын $0,5–ға өсіруге болады. Несие бойынша пайыз = несие сомасы. Бұл несиені Монкап өтейді. Несиенің қайтару мерзімін Империалист анықтайды.

Егер Империалистке халыққа «Әлемдік нарықтан» тауар беруге рұқсат бермейтін «Квота» заңы болса, онда Монкап Империалистке «Әлемдік нарықтан» тауар алып бере алмайтын әр кезеңге $2 өтемақы беруі міндетті.

«Шетелдік тауарларға тұтынушылық несие беруге тыйым салу» заңы Қазақстандағы банктен Империалисттің жалауын алып тастайды және Монкап банк ашқан Ойыншыға $2 өтемақы төлеуге міндетті.