Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Монкап VS Империалист 2.0. Ойын ержесі..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
164.35 Кб
Скачать

«Монкап VS. Империалист» ойыны – әртүрлі мемлекеттің шынайы экономикалық қызметінің моделі. Бұл модельде түрлі экономикалық заңдардың отандық өнеркәсіп пен ұлттың жалпы әл-ауқатына қалай әсер ететіні көрсетіледі. Қатысушылар, Қазақстанның мысалында, ұлттық валютаның девальвациясы немесе ревальвациясы отандық өнеркәсіптің өсуіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар, инфляция және оның ішкі өнеркәсіпке қалай әсер ететіндігімен таныса алады. Қатысушылар, қаржы жүйесінің құралдарын қолдана отырып, қалайша кез келген мемлекеттің экономикасын ашып, оның өнеркәсібін жойып жіберуге болатынын көре алады. Бұл модельде халықтың тым жоғары тұтынуы мен тұтынушылық несиелер ел дамуын қалай және не себепті тежейтіні туралы түсінікті болады. Бұдан бөлек, ойынның қатысушылары қалайша АҚШ Қытайға және Ресей секілді мұнайға тәуелді мемлекеттерге экономикалық әсер ете алатындығын көре алады.

Бір Ойыншының жеңісі автоматты түрде қалған ойыншылардың жеңілісіне алып келеді.

Монкап немесе Монархиялық капитал – үшінші әлем елдерінің басқарушы табы, олар отандық өнеркәсіпті дамыту арқылы емес, өз Отанын сату арқылы өмір сүреді.

Монкаптың ойындағы мақсаты өндірісті дамыған ел құру.

Монкап үшін ойнайтын Ойыншы елде тауар өндіретін 8 зауыт бар болған кезде немесе барлық Империалисттер ойыннан шығып кетсе жеңіске жетеді. Монкап жеңіске жеткен сәтте ойын тоқтатылады, Қазақстан Империалисттерге тәуелді болмай, өзіне қажет зауыттар мен тербелмелерді өндіре алатын, экономикалық жағынан Швейцарияға ұқсас, дамыған капиталистік елге айналады.

Монкап үшін ойнайтын Ойыншы Қазақстанның жалауында орналасқан ешбір кен орны қалмаса, жеңіліске ұшырайды.

Империалист – басқа елдерді экономикалық, саяси немесе әскери жаулап алатын немесе өзінің ұлттық қызығушылықтарына бағындыратын мемлекет.

Империалисттің ойындағы мақсаты Қазақстанды жаулап алу және бағындыру.

Қытай, АҚШ немесе Ресей, яғни Империалисттер үшін ойнайтын Ойыншы Қазақстанның барлық кен орындарында Империалисттердің жалаулары орналасып, елде өнім шығаратын 8 зауыт болмаса, жеңіске жетеді. Жеңіс Қазақстанның алаңында жалаулар саны көп Империалистке беріледі. Қазақстан жеңген Империалист елінің отар еліне айналады.

Капиталист – халық тұтынатын (ұшақтар, автокөліктер, тракторлар, тамақ, киім, жиһаз және т.б.) тауарларды өндіретін жеке меншік зауыттары мен егістік жерлері бар адамдар табы.

Капиталист үшін ойнайтын Ойыншының мақсаты өнім шығаратын 8 зауыт салу.

Капиталист үшін ойнайтын Ойыншы Қазақстанда өнім шығаратын 8 зауыт бар болса, жеңеді және Капиталист Монкаптың орнына Қазақстанның басқарушы табына айналады.

Капиталист үшін ойнайтын Ойыншы Қазақстанның жалауында орналасқан ешбір кен орны қалмаса, жеңіліске ұшырайды.

Фишкалар.

«Мұнай» фишкасы мұнай, газ, металл, электр энергиясы, бидай, ет, мақта, көмір және т.б. өзіне біріктіріп, барлық шикізат тауарларын көрсетеді.

«Тауар» фишкасы электроника, тамақ, киім, жиһаз, автокөлік, поезд және ұшақ секілді тауарларды өзіне біріктіріп, халықтың тұтынатын барлық тауарларын көрсетеді.

«Тербелме» фишкасы тау–кен өнеркәсібі, мұнай және газ өндіру, көлік, қара және түсті металлургия, энергетика, бидай, ет, мақта өндірісі және т.б. секілді барлық өндіру салаларын өзіне біріктіріп, көрсетеді.

«Зауыт» фишкасы электроника, тамақ, киім, жиһаз өнеркәсібі, автокөлік жасау, ұшақ жасау, мұнай химиясы және т.б. секілді барлық өндіру салаларын өзіне біріктіріп, көрсетеді.

«Акция».

«Акция» карточкасы Ресей азаматтары жыл сайын өз кірістерінің бір бөлігіне АҚШ пен Европаның жеке және мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алатындығын және өз ақшаларын батыс банктеріндегі депозитке аударытындығын, сол жақта жылжымайтын мүлік сатып алатындығын көрсетеді.

Осы ақшаларды ойынның соңына дейін алуға болмайтындығы, тіпті бір адам өз ақшасын Ресейге қайтару туралы шешім қабылдағанның өзінде, дәл сол кезде 10 басқа адам Ресейден ақша аударып жататындығын көрсетеді. Осы себепті, АҚШ–қа түсіп жатқан салымның жалпы сомасы әрдайым өсіп отырады.

Ойын ережелері.

Монкап.

  1. Бастапқы шарттар: Қазақстанда анықталған қуаттылығы бар 8 мұнай кен орны бар. Ойынның басында бір кезеңде қуаттылығы 4 шикізат құрайтын бір кен орын жұмыс істейді. Жұмыс істемейтін кен орындары мұнай өндіре бастауы үшін, оларға мұнай тербелмесін орнату қажет. Тербелмені тек Империалисттерден ғана сатып алуға болады. Монкап өзіне тиесілі мұнайды не Капиталисттің зауыттарына тасымалдайтындығы немесе «Әлемдік нарыққа» сататындығы туралы шешімді өзі қабылдайды.

  1. Монкап жалауының қайтарылуы. Кен орындағы Монкаптың жалауы Империалисттің рұқсатын қажет етпейтін және кез-келген уақытта жүргізілетін мемлекеттендіру арқылы қайтарылады. Империалистке мемлекеттендірілген әр кен орынға $10 өтемақы төленеді, осыдан кейін оның жалауы алынып тасталынады және кен орыннан түсетін кіріс Монкапқа жіберіледі.

  1. Айналымға теңге енгізу және алып тастау. Монкап кез-келген уақытта «Монкап теңгесі» деген шотта кез-келген теңге көлемін жаза алады және осы теңге арқылы халыққа жалақы, Ойыншыларға теңгелік несие бере алады, Ойыншылардан долларлар сатып алып, теңге бағамына және инфляцияға әсер ете алады. Монкап кез-келген уақытта «Монкап теңгесі» шотынан кез-келген теңге көлемін алып тастап, «Теңге көлемін» азайтып, теңге бағамына және инфляцияға әсер ете алады.

  1. Инфляция және Капиталист үшін «Ішкі мұнай бағасы». Инфляцияны болдыртпас үшін, елдегі бар әр зауытқа 30 теңгеден артық емес ақша келу керек. Зауытпен қамтамасыз етілмеген әр 30 теңге инфляцияға алып келіп, «Ішкі мұнай бағасын» $1-ға өсіреді.

Инфляция және «Ішкі мұнай бағасын» есептеудің формуласы #1 Қосымша парақта көрсетілген.

  1. Халық жалақысы.

  • Әр кезең сайын Монкап халқына не Капиталисттен не «Әлемдік нарықтан» тауар сатып алуы үшін тек теңгеде жалақы береді. Монкап жалақыны «Монкап теңгесі» шотынан төлейді.

  • Егер теңгемен санағанда «Әлемдік нарықтың» тауары Капиталисттің тауарынан арзан болса, онда жалақының барлығы бағам бойынша долларға айырбасталып, «Әлемдік нарықтан» тауар сатып алуға жұмсалады. Бірақ, егер елде «Квота» заңы болса, онда халық «Әлемдік нарықтан» Монкаптың рұқсат еткен тауар көлемін ғана сатып алады. Тауар сатып алу үшін жұмсалмай қалған жалақы келесі кезеңге өтпей, күйіп кетеді.

  • Жалақы өткен кезеңдегі тауар көлемінен көбірек тауар сатып алуға жететіндей болу қажет. Егер жалақы өткен кезеңнен төмен болса, онда аукционда Монкаптан өз жалауы бар кез-келген кен орны тартып алынады.

  1. Монкаптың Қазақстан экономикасын қорғау үшін қолданатын Заңдары.

  • «Kвотa»: Монкап халықтың «Әлемдік нарықтан» сатып алатын тауар санын анықтайды.

  • «Субсидия»: Капиталист Монкаптан өз тауарының толық құны мен сатылым бағасының арасындағы айырмашылықты алады.

  • «Капитал шығаруға тыйым салу»: Империалисттерге Қазақстанда бар долларларын Қазақстаннан шығаруға тыйым салынады.

  • «Доллармен депозит ашуға тыйым салу». Империалисттерге Қазақстанда доллар ұстауға тыйым салынады. Алайда осы заңды қабылдауға дейін Империалисттің шотындағы бар долларлары сақталады.

  • «Резидент еместерге теңге сатуға тыйым салу». Империалисттерге теңге сатып алуға тыйым салынады.

  • «Шетелдік тауарларға тұтынушылық несие беруге тыйым салу». Империалисттерге банк ашуға және Монкап елінің халқына тұтынушылық несие беруге тыйым салынады. Ашылған банк алынып тасталынады және Монкап банк ашқан Ойыншыға $2 өтемақы төлеуге міндетті.

  • «Шетелдік жұмыс күшін енгізуге тыйым салу». Қытайлық жұмысшылар алынып тасталынады.

Бір кезеңде тек бір ғана заң қабылдауға болады. Заңды кез келген уақытта қабылдауға болады. Кез келген уақытта заңның күшін жоюға болады, бірақ қабылданған заңды дәл сол кезеңде басқа заңға ауыстыруға болмайды.

  1. Теңге бағамы.

  • Монкап шикізатты «Әлемдік нарыққа» сатқаннан кейін теңге бағамын бекітеді. Егер Империалисттер теңге сатып алмайтын болса, онда бағам кезеңнің соңына дейін өзгермейді.

  • Империалисттер теңге сатып алған сайын, Монкап бағамды қайта есептеуге міндетті. Империалист Монкапқа теңгеге ауыстырғысы келетін долларын (min $0,5) береді. Осыдан кейін, Монкап бағамды есептейді және егер Империалист жаңа бағаммен келіссе теңге сатып алады, егер келіспесе, онда Империалист өз долларын алып кетеді де бағам бұрыңғы қалпында қалады. Империалисттің теңге сатып алуы, Монкаптың басқа әрекеттеріне қарағанда Басымдылыққа ие.

  • Теңге бағамы = «Теңге көлемі» / «$ көлемі».

«Теңге көлемі» = «Капиталист теңгесі» + «Империалисттердің теңгесі» + «Монкаптың теңгесі»

«$ көлемі» = Қазақстандағы доллардың нақты көлемі.

«Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген екі заңды қабылданғаннан кейін, Монкап бағам белгілеу Формуласына мән бермей, долларға қатысты кез келген теңге бағамын бекіте алады.