Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
228.35 Кб
Скачать

Лекция № 11-12. Тарихи өлкетанудың негіздері.

  1. Тарихи өлкетанудың пәні.

  2. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері.

  3. Тарихи өлкетанудың негізгі салалары

Өзін-өзі бақылауға және өздік жұмыстарға арналған сұрақтар:

  1. Тарих және мәдениет ескрткіштері қандай түрлерге бөлінеді?

  2. ҚР қандай заңдары тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз етеді?

  3. Архивте жұмыс істеу әдістемесі және құжаттарды тіркеу жоспары қандай?

  4. Археологиялық қазбаларды ұйымдастыру мен өткізу ережелері қандай?

  5. Архитектура ескерткіштерін сипаттайтын құжаттар қандай?

  6. Туристік-рекреациялық жұмыстарды ұйымдастырудағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің маңызы.

Лекция №13 Туристік-өлкетану жұмысындағы өсімдік және жануар дүниесін қоргау мәселелері

  1. Табиғатты қорғау ісінің түйінді түсініктері

  2. Қазақстанның қорғалатын территорияларына сипаттама

  3. Өсімдік дүниесі

  4. Жануар дүниесі

  5. Қызыл Кітап, оған кіргізілген өсімдіктер мен жануарлар

Жануар және өсімдік әлемін қорғауын қарастырудан бұрын осы саланың түйінді терминдеріне тоқталып кеткен жөн. Ең бастасыареал деген түсінік, жануар, өсімдік әлемі. Ареал деп жануардың не болмаса өсімдіктің бір түрі таралған жерді, аймақты атайды

Өсімдік дүниесі ол өсімдік жамылғысы, жер бетінің, немесе бір регионның фитоценозының жиынтығы.Өсімдік тек қана түрлілік құрамымен ғана емес, санымен, түрлі тірі ақзалардың формаларының ұйқасымен, олардың динамикасымен және кеңістік кұрамымен сипатталады.

Жануар әлемі ө ол тарихи құрылған жануарлардың бір немесе бір неше ,

Туристік-өлкетану саласының жұмысшылары табиғатты қоргаудағы келесі екі аспектіге көңіл аудару керек:

Біріншісі – гидтерге және туристерге ұйымдастырушы мекеме мен (фирма мен)жорық немесе саяхат кезінде табиғатты қорғаудың негізгі ережелері жайлы ақпарат беру.

Екінші аспект – туристік мекемелерінің табиғатты қорғау жұмысының материалдық базасы (маршрутты белгілеу және жабдықтау,бивактар үшін, табиғатқа кедергі жасамайтын құрал жабдықтардың жаңа түрлерін пайдалану) Жорық кезінде ботаникалық бақылауларды көбінде шипалы, жабайы және декоративті шөптерді анықтауға пайдаланады.

Зоологиялық бақылаулар туристер үшін екі мәселеге бөлінеді:

  1. танымдық (номенклатура жайлы және жануарлардың ареалдары туралы ақпарат)

  2. сақтау (маршрутты қауыпсыз өту жайлы ақпарат)

Өлкетанулық ақпаратты жүйелеу үшін фенологиялық бақылаулар жәйлі ақпарат қажет.

6. Геоботаникалық зерттеулер

Геоботаника туристердің қызығушылығын тудырады. Өсімдіктердің біртектілігі географиялық ортаның біртектілігінің көрсеткіші болып табылады, бір типтің екінші типке ауысуы климаттың, тау жыныстарының және табиғи ортадағы өзге өзгерістерге әкеледі. Сондықтан да өсімдіктердің біртектілігі аумақты аудандастырудың бір белгісі болмақ.

Өсімдіктерді жазып қана қоймай, гербарий құрастыру қажет. Гербарий үшін жақсы дамыған жапырағы, гүлі және жемісі бар, бұзылмаған өсімдікті таңдаған жөн. Жаңбыры күні немесе таңертеңгісін, шық кеппей тұрмай жинауға болмайды.

Өсімдікті тамырымен қазып алып, оны қағаздың арасына ботаникалық папкаға немесе торға салады, папканы тығыз қылып байлайды, үлкен өсімдікті екіге бүктейді, жапырақ пен гүлді майыспайтындай қылып түзейді. Қылқан жапырақты ағаштардан міндетті түрде жаңғақ қоса алынады. Қылқан жапырақ кепкен кезде, шашылып қалмау үшін қылқанды ыстық құмда кептіреді. Жуан және бұлшықты жапырақ пен бұтаны кептірген қиынырақ. Оны ыстық суға пісіріп немесе спиртке аз уақытқа салып, содан кейін қағаз кулекке салып, оны ыстық құмммен көму керек.

Егер өсімдік кепкен болса, ол ұшынан ұстап тұрған бұта тік тұрып, майыспайды. Жапсырмада реттік нөмері, өсімдік атауы, толық мекен-жайы мен өскен ортасы, кім және қашан жұлып алғаны көрсетіледі. Егер өсімдіктің ғылыми атауы белгіссіз болса, уақытша жергілікті атауын қолдануға болады.

Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді жинауға рұқсат етілмейді, сондықтан да жорық немесе экспедиция алдында ҚР Қызыл кітабымен танысып алу керек.

Турист-ботаниктің құрал-жабдығы: өсімдікті кептіру үшін пресс, күрекше, үлкен бақшалық пышақ, тысы бар кішкентай күрекше, өсімдікті сақтау үшін фанералық таяқша, газет қағазы, қойын дәптер, жапсырма үшін дәптер, түрлі-түсті қарандаштар, өсімдікті анықтауыш.