Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
228.35 Кб
Скачать

Табиғи рекреациалық ресурстар

Табиғи ресурстар деп тікелей және жанама тұтыну үшін пайдаланатын, материалдық байлықтың ұлғаюына? Еңбек ресурстарының ұдайы өсуіне, ұндіріске үлес қосатын және өмір сапасын жақсартатын табиғи нысандар мен құбылыстар аталады. Табиғи ресурстар өз қалпына келу мүмкіншілігі бойынша (қалпына келетін және қалпына келмейтін), шығу көзі бойынша (минералдық, энергетикалық, климаттық және т.б.), бір ресурсты басқасына алмастыру мүмкіншілігі бойынша (ауыстырылатын және ауыстырылмайтын) алуан түрлі болады.

Шығу көзі мен пайдалану сипаты бойынша табиғи ресурстардың жіктелуі:

  1. Таусылмас энергетикалық ресурстары;

  2. Таусылар табиғи энергетикалық ресурстар;

  3. Минералдық рудалық емес ресурстар;

  4. Минералдық рудалық ресурстар;

  5. Құрлықтың су қоры;

  6. Дүниежүзілік мухит ресурстары;

  7. Климат ресурстары;

  8. Өсімдік ресурстары;

  9. Орман ресурстары;

  10. Жануар әлемінің ресурстары;

  11. Жер ресурстары;

  12. Азық-түлік рсурстары;

  13. Рекреациалық ресурстары;

  14. Экологиялық ресурстары;

  15. Эстетикалық ресурстары;

  16. Табиғи-эталондық рсурстары

Табиғи рекреациалық ресурстар – адамның еңбек қабылеттілігі мен денсаулығын қолдау мен қалпына келтіру әдісі болып табылатын демалысты қамтамасыз ететін табиғи ресурстардың түрі, адамның рекреация мен туризм қажеттілігін қанағаттандыратын табиғи нысандар мен құбылыстар. Табиғи рекреациалық ресурстар ұлттық мұра болып табылады. Ерекше зор мағынасы бар нысандар ЮНЕСКО тізіміне әлемдегі мағынасы бар ескерткіштер ретінде енгізіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) деп олардың шеңберінде орналасқан табиғи немесе табиғи-антропогендік нысандар мен құбылыстардың құндылығымен ерекшеленетін немесе айналысына щң әсер тигізетін кеңістіктер аталады. Антропогендік әрекеттеріне тыйым салу режиміне қарай ЕҚТА түрлері мынадай дәрежеде болады: табиғи ескерткіштер, қорықшалар, қорықтар,табиғи (ұлттық) парктер.

Табиғи ескерткіштер – жергілікті аудан үшін үлгілі немесе қайталанбас болып белгіленген шағын нысандар (табиғи мекен, жартас, қүз, шағын орман, тоғай, бөлек тұрған ағаш және т.с.с.). Табиғи ескерткіштер мемлекеттің, жергілікті билік және қоғамның қамқорлығында болады.

Қорықшалар - табиғи кешендердің, әйгілі ландшафтардың бөлек компоненттерін қорғау, қалпына келтіру және жаңарту мақсатымен ұйымдастырылады. Қорықшаның жері мүлік иесінен алынбайды, тек қана белгілі бір мезгілге әрекеттердің, кәсіптердің кейбір түрлеріне тыйым салынады (жер жырту,ағаш кесу,аңшылық, балық аулау. Туризм, т.б.). Қорықшалардың негізгі түрлері: зоологиялық және ботаникалық қорықшалар, аңшылық шаруашылықтар, орман питомниктері.

Қорықтар (резерват) – табиғи жағдайларының толық кешенін, яғни ландшафтты толығымен қорғайды. Қорық ұйымдастыру үшін геожүйелердің жаратылған түрінде жақсы сақтау денгейі, олардың осы аудан үшін үлгілілігі (репрезентативтік) және биотасында сирек кездесетін элементтері болуы керек. Қорық жерінде шаруашылық әрекетіне толық тиым салынады, аумағының айналасында кәсіптің кейбір түрлеріне тыйым салынған буфер зонасы орналасады. Қорық аумағына арнайы рұқсатсыз кіруге болмайды.

Қорғау мен ғылыми функцияларын орындаумен бірге, қорықтар табиғи-танымдық және экологиялық туризм орталықтары болып танылады. Алайда, қорық шеңберіндегі барлық туристік желілер арнайы жабдықталған жол соқпақтармен өтеді. Туристердің түнеуіне қорық аумағында тыйым салынады.

Табиғи (ұлттық) парктер – көлемі ең үлкен ЕҚТА болып табылады. Ұлттық парктерде елеулі ландшафтарды қорғаумен бірге рекреациалық іс-әрекет қарқынды жүргізіледі. Ұлттық парк шеңберінде бір неше функционалды зона орналасады:

  1. Резерват, 2) рекреациалық, 3) қоныстану, 4) шаруашылық, 5) буфер.