- •Қазақстандағы өлкетанудың міндеті мен мақсаты. Өлкетанулық зерттеулер
- •Лекция № 3-4 Өлкетану сүйенетін деректер Лекция жоспары
- •1. Өлкетанудың деректері мен ұстанымдары
- •2. Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдері
- •3. Зерттеу әдістерінің жіктелуі
- •Лекция № 5-8 Физикалық - географиялық зерттеулер Лекция жоспары:
- •7. Зоологиялық және фенологиялық зерттеулер
- •Табиғи рекреациалық ресурстар
- •Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
- •Лекция № 9-10. Экономикалық өлкетану.
- •Лекция № 11-12. Тарихи өлкетанудың негіздері.
- •Лекция №13 Туристік-өлкетану жұмысындағы өсімдік және жануар дүниесін қоргау мәселелері
- •6. Геоботаникалық зерттеулер
- •7. Зоологиялық және фенологиялық зерттеулер
- •Лекция №14-15 Мұражайтану негіздері
- •Мұражай тусінігі
7. Зоологиялық және фенологиялық зерттеулер
Зоология мен энтомологияны сүюшілер саяхат кезінде жануарлар туралы мәліметті және коллекцияны жинай отырып, елдің зоологиялық байлығын зерттеуге көмек тигізбек. Шыбын-шіркей, құстарды және сүтқоректілерді бақылау оңайырақ.
Бақылауларды жүйелі түрде жүргізу керек: мерзімі мен жиналған орны, ауа-райы, бақыланатын объектінің атауы, оның орын тепкен жері, объектінің мінез-құлқы. Объектінің міндетті түрде жапсырмасы болуы керек. Оған күнделіктегі уақытты, объектінің жиналған орны, жинаған адамның аты-жөні жазылу керек.
Турист-зоолог пен энтомологтың құрал-жабдығы: жердегі және судағы шыбын-шіркейді аулау үшін әртүрлі ебелектер, морилкалар, эфир, спирт, формалин, қорапшалар, мақта, скальпель, буланған қайшылар, пинцет, жіптер, инелер, газет қағазы, аузы мықты жабылатын ыдыс-аяқтар.
Фенология – табиғаттың маусымдық даму заңдылықтары туралы ілімдер жиынтығы. Фенологиялық әдістің негізі көпжылдық бақылаулардың қайталануымен анықталады. Өлкетануды сүюшілер визуалды бақылайды. Бақылауларды дара экземплярға емес, популяцияға жүргізген жөн. Бақылауларды жыл мезгілдеріне байланысты, 2-3 күнде бір реттен кем емес жүргізген жөн.
Өсімдіктерді бақылау. Осы аймақта жиі кездесетін өсімдіктерді таңдаған жөн. Көктем мен жазда келесідей құбылыстар бақыланады:
- ағаштардағы сөлдің қозғалысын;
- бүршік атыуын;
- бүршіктің жарылуы – жапырақ ұштарының пайда болуын;
- алғашқы жапырақтардың ашылуын;
- гүлденудің басталуын;
- гүлденудің аяқталуын;
- бастапқы тұқымдануын;
- жаппай тұқымдануын;
- жапырақтардың түске боялуын;
- жапырақтардың түсе бастауын;
- жапырақтың толығымен түсінен айырылуын;
- қоңыр күздің аяқталуын.
Жануарларды бақылау. Тозаңдандырушы, бал тасушы, ауыл шаруашылық өсімдіктерге зиян келтіретін шыбын-шіркейді бақылаудың практикалық маңызы зор. Келесі құбылыстарды белгілеген жөн:
- ірі түрлердің (имаго) алғашқы және жаппай пайда болуын;
- жұмыртқа сала бастауын;
- дернәсілдердің пайда болуын;
- дернәсілдің көбелекке айнала басталуын.
Құстарды бақылау үшін арнайы желі таңдалады. Құстардың белсенді кезі таңертеңгі уақытта бақылаған жөн:
- құстардың келу (ұшып өту) уақытын анықтау; жаппай ұшып өту уақытын анықтау;
- құстардың ұшып кету уақытын; құстардың жаппай ұшып кету уақытын белгілеу.
Зоологиялық бақылаулар туристер үшін екі мәселеге бөлінеді:
танымдық (номенклатура жайлы және жануарлардың ареалдары туралы ақпарат)
сақтау (маршрутты қауыпсыз өту жайлы ақпарат)
Өлкетанулық ақпаратты жүйелеу үшін фенологиялық бақылаулар жәйлі ақпарат қажет.
Бақылауға және өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар
Өлкетанушылардың зерттеуі үшін қол жеткізерлік негізгі табиғи компоненттерін атаңыз?
2. Кешенді физикалық географиялық зерттеулер қандай кезеңдерден тұрады?
Геологиялық жыныстарды зерттеу тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет?
Геоморфологиялық зерттеулер тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет?
Туристік жорықтарда қандай құралдар арқылы топографиялық түсірілім жасалады?
Метеобықылау жүргізу тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет?
Гидрологиялық зерттеулер тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет?
Ботаникалық және зоологиялық зертеулерді жүргізу тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет?
