Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Срс2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
315.67 Кб
Скачать

Канонның құрметiне...

C anon. 1937 жылы негiзi қалан­ған ұйымның фото, видео түсiретiн құралдар және ақпараттық технологиялар жасаудан әлем бойынша өзiндiк қолтаңбаға ие болды. Canon-ның бас кеңсесi Токио қаласында орналасқан. Ұйымның тарихы 1933 жылы Такикавая ғимаратының 3-қабатында орналасқан оптикалық зертхананың ашылуынан бас­тады. Бұл зертханада жапондық екi жас жiгiт Горо Ёсида мен оның күйеубаласы Сабуро Учида бiрлесiп еңбек еттi. Олардың мақсаты сол замандағы немiс фотоаппараттарынан кем түспейтiн ең мықты нұсқалар құрастыру болды. Сол уақытта белгiлi камералардың құрылысын зерттеумен айналысқан оларды Учиданың жақын досы Такэши Митарай қаржыландырды. Бұлақтың көзiн ашқан ол компания президентiне айналып шыға келдi. Ұйым атауы будданың мейiрiм­дiлiк құдайы Канонның құрметiне қойылған. 1934 жылы алғашқы 35 мм-лiк Leica аппаратының затворына негiз­делген камера дүниеге келдi. Көп уақыт өтпей-ақ “Asahi Camera” журналының маусымдық нөмiрiне дiншiл Ешида ал­ғаш атаған “Канон” фотоаппараты жөнiнде хабарлама жарияланды. Бiрақ он аппараттың бiреуi де сауда сөресiнен орын алған жоқ. 1935 жылы 26 маусымда Утида фотоаппарат атауын “Canon” деп тiркеп, айына 10 фотоаппараттан шығарып тұрды. Соғыс жылдарында аппараттар қолдан-қолға тимей сатылып жатты. 2010 жылы компания 120 ме­гапик­сельдi CMOS матрицалы APS-H өлшемiн ойлап тапқанын хабарлады. Бүгiнгi таңда Canon әлемнiң 198 мемлекетiнде қолданылады, жыл сайынғы тауар айналымы 29 млрд. АҚШ долларына жеткен.

 

Canon EOS 5D Mark III Body 2012 жылдың 2 наурызында шыққан

– әйнеккөзсiз, тек қорабы орташа бағамен 600 000 теңге

– матрица толық, 22,3 мега­пик­сельдi құрайды

– түсiрiлiм уақыты (выдержка) 30- 1/8000 cек

– бейнетүсiрiлiм

– сезiмталдығы (ISO) 12800

– секундына 6 кадр

Қорытынды

Бұрын ертегіден ғана оқитын адам айтса сенгісіз қабілетке ие кейіпкерлердің күнделікті өмірде қолданып жүрген тұрмыстық затқа айналып кеткеніне де біршама уақыт болып қалыпты. Оқу-білімнің арқасында адамзат алып жер шары мен жан-жануар атаулыны төрт бұрышты теледидарға сыйдырып, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып» қойды. Бұл жазбада адам қолынан жасалған керемет туынды — фотоаппарат туралы сөз етпекпіз. 

Сонымен, Сіздің қолыңызда фотоаппарат бар делік. Оны қалай қолдану керек екенін ішіндегі нұсқаулықтан оқып алуымызға болады. Бірақ ол нұсқаулықты арнайы уақыт бөліп оқуға еріншектік танытамыз. Кәсиби фотограф емес екендігімізді білсек те жақсы фотосуреттер түсіргіміз келеді. «Мен фотоаппарат сатып алдым. Техникалық терминдерді білмей-ақ уақытымды шығармашылық жұмысқа арнағым келеді» деген сөз өте күлкілі естіледі. Егер түсірген суреттеріңіз көрген адамның көңілінен шықсын десеңіз, тым болмағанда фотоаппарат дегеннің не екені туралы аз да болса түсінігіңіз болуы керек. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]