Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Срс2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
315.67 Кб
Скачать

Кіріспе

    1. Фотографияның шығу тарихы

Адамзат өмiрiн мәндi де сәндi етуге зор септiгiн тигiзген жаңалықтардың бiрi – фотография. Фотография 1839 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келдi. Яғни сол күнi Париж Ғылым академиясының ғылыми хатшысы Доминик Франсуа Араго осы ғылым академиясының сол күнi өткен кезектi мәжiлiсiнде француз өнертапқышы Луи Жак Манде Дагер ашқан «Камера обскура» («Қара қобдишаның») iшкi артқы қабырғасына салынған иодталған қалайы табақшаның бетiне «Қара қобдишаның» алдыңғы саңылауынан жарық түсiру арқылы заттың бет-бейнесiн алуға және оны сынап буына ұстаудың көмегiмен сақтауға болатындығы жөнiндегi жаңалығын жария еттi. Соған байланысты бұл күн ресми түрде фотографияның туған күнi болып тарихқа енгiзiлдi. Сондай-ақ, оның өмiрден өз орнын табуына Дагердiң жерлесi, әрi ұстазы Жозеф Нисефор Ньепс пен ағылшын ғалымы Вильям Генри Фокс Тальботтың қосқан үлесi зор болды. Олардың ашқан бұл жаңалығы Жер шарының түкпiр-түкпiрiне лезде таралып кеттi. Тіпті, сол жылы Ресейге де жетiп үлгердi. Қазан айында орыс армиясының офицерi Теремин Петербургте «Қара қобдишаның» объективiн 25 минут ашып қойып, Исаакиевский шiркеуiнiң сыртқы бейнесiн түсiрiп алды.

Негізгі бөлім

2.1 Алғашқы фотоаппараттың пайда болуы

Фотоаппарат құрылғысы Жозеф Нисефор Ньепстің атымен тікелей байланысты. Француз өнертапқышы 1765 жылдың 7 наурызында Шелон-сюр-Сон қаласында дүниеге келген. Ньепстің ата-анасы өте құрметті адамдар еді. Жозефтың әкесі Людовик XV патшаның  кеңесшісі қызметін атқарса, шешесі белгілі  құқық қорғаушының қызы болатын. Жозеф әскерге барып келгеннен кейін туған ағасы Клод екеуі бірігіп, зерттеу жұмыстарына кіріседі. Ағайындылар алдымен іштен жану қозғалтқышын құру арқылы танылады. Бірақ, бұл    жетістік оларға аздау көрінгендіктен, олар зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. Ағайындылар 1816 жылдан бастап, фото жасау  өнерін зерттей бастайды.

Жозеф Нисефор Ньепс

Зерттеу жұмыстарын жүргізуде аянбай тер төккен Жозеф пен Клод Ньепстер нәтижесінде 1822 жылы «Жайылған  дастарқан» атты көріністі суретке түсіреді. Бұл адамзат тарихындағы ең алғашқы фотосурет.

 Әкелерінен мұраға қалған ақшаның барлығын зерттеу жұмыстарына жұмсағанымен,  ағайынды Ньепстер ешқандай табыс көрмеді. 1833    жылы  ауыр сырқатқа шалдыққан Жозеф Ньепс 68 жасында қайтыс болады.

"Жайылған дастарқан" әлемдегі алғашқы фотосурет

2.2 Фотопленканың қызметі

Сандық фотоқұрылғылар пленкалы фотоаппараттардың орнын басқандықтан, қазіргі таңда пленканы магазин сөрелерінен таба алмайсыз. Фотопленканы жады құрылғылары ауыстырғанымен, фото түсіру өнерінде пленканың алатын орны ерекше. Жоғарыда айтылған дүниенің көмегімен адамзат бір ғасырға жуық фото түсіру өнерімен айналысқан.

Пленкалы фотоаппаратты ойлап тапқан өнертапқыштың есімі – Джордж Истмен. Джордж 1854 жылдың 12 шілдесінде  АҚШ-тың Уотервилль қаласында дүниеге келген. Джордж пленкалы фотоқұрылғыға патентті 1883 жылы алса, 1888 жылы толыққанды «Кодак» маркалы фотоаппаратты халық назарына ұсынады. Төртбұрышты құрылғыны сатып алу үшін қарапайым халық 25 доллар ақша төлеген. Бірақ, сатып алушы пленканың бір орамасымен 100-ге жуық сурет жасай алатын. Сатылым көрсеткіштерін жоғарлату мақсатында Джордж жарнамалық ұранды өзі жазады. Ұран мәтініде «Сізге түйме басу ғана қалды, қалғаны біздің шаруа» деген сөздер кездеседі. Осылайша, пленкалы фотоаппарат адамзатқа жүз жылдай қызмет атқарған. Ал Джордж Истмен болса, 1932 жылы 77 жас шамасында өз-өзіне қол жұмсап өмірден озған. 

Фотоаппараттың жасалуы оптика, физика мен химияның дамуымен тікелей байланысты. XVIII ғасыр басында химиктер жарық сезгіштік қасиетін анықтау мақсатымен әр түрлі препараттар мен элементтерге тәжірибе жасаған. Ғалымдардың басты мақсаты — кескін бейнесін құрылғыда ұзақ уақыт сақтап қала алатын нәрсе ойлап табу болатын. Бірақ олардың ойы іске аспады. Жарық түсіргенде кескін жоғалып кете беретін болды. 1770 жылы Карл Шееле есімді Швециялық химик жоғарыда айтылған ойды іске асырды.

1816 жылы Жозеф Нисефор Ньепс кабинетінен түсірілген бейнені қағаз бетіне түсіре алатын фотоаппарат ойлап тапты. Арада бір жыл өткеннен кейін Карл Гаусс объективтің алғашқы модельін жасады.

1889 жылы Джордж Истман суретке тез түсіретін камера ойлап тапты. Ол өзінің жасап шығарған дүниесін «Кодак» деп атады. 

Түрлі түсті фото 1935 жылы пайда болды. 

1970 жылдан бастап электрониканың арқасында фотоаппараттың мүмкіндіктері кеңейе түсті.

1988 жылы «Fujifilm» компаниясы алғаш рет цифрлық фотокамера шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]